Кіші жүз ханы - Әбілхайыр
Кіріспе
І. Кіші жүз ханы . Әбілхайыр
Негізгі бөлім
ІІ. Әбілқайырдың әсербасы қызметіне ұсынылуы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

ӘБІЛҚАЙЫР, Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды (1710— 12.08.1748). 1715ж. Тәукен хан өлгеннен кейін үш жүздің бас хандығы тағына үміткерлердің бірі болды. Бірақ мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы Болат бас хан сайланды. Әбілқайыр қазақ қалмақ қарым-қатынасы мейлінше шиеленісіп тұрған 1716 — 18 ж. Ресей империясынан көмек алу мақсатымен Сібір губернаторы князь М.П. Гагаринге, Уфа воеводасына хат жазып, қазақтардың ахуалын біршама реттеуге ат салысты. 1723 жылға дейін Түркістанда тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып шыққаннан кейін Бұхар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі тайпаларға қоныс аударды. Әбілқайыр 1726 ж. Ордабасыдағы халық жиналысында казақ жасақтарының қолбасшысы болып сайлаңды. Бүланты өз-нің жағасындағы (1728), Аңырақайдағы (1729 -30) жоңгарларды талқандаған соғыстарда қолбасшылық қабілеті ерекше көрінді. Аңырақай шайқасында бас қолбасшышылықты өз еркімен Болат ханға бергенімен үш жүздің қолын үйлестіруде көп жұмыс атқарды. Әбілқайыр қазақ хандары мен сұлтандарының алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақта, Ресей империясына арқа сүйеуді ойлады. Әбілқайырдың Құндағүлов Сейітқүл мен Көштаев Құтлымбет бастаған елшілігі Петербургке барып (1730), Ресей Сыртқы істер министрлігі коллегиясының М. Тевкелев бастаған елшілігі оған келді (1731). (қ.Құндағұлұлы елшіліг, Құтлымбет елшілігі) Елшілік қазақ ұлысын Ресейдің қарамағына алу туралы келіссөз жүргізді.
1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
2. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
3. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN: 978-601-01-0268-2
4. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011. ISBN 978-601-282-175-8
5. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
6. «Маңғыстау»энциклопедиясы, Алматы, 1997;
7. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005

Мазмұны
Кіріспе
І. Кіші жүз ханы - Әбілхайыр
Негізгі бөлім
ІІ. Әбілқайырдың әсербасы қызметіне ұсынылуы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіші жүз ханы - Әбілхайыр
ӘБІЛҚАЙЫР, Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан (1693 — 12.08.1748) —
хан, қолбасшы. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны — Өсеке ұрпағы, Қажы
сұлтанның баласы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды
ұйымдастыра білуімен аты шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен
Кіші жүздің ханы болды (1710— 12.08.1748). 1715ж. Тәукен хан өлгеннен
кейін үш жүздің бас хандығы тағына үміткерлердің бірі болды. Бірақ
мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы Болат бас хан сайланды. Әбілқайыр қазақ
қалмақ қарым-қатынасы мейлінше шиеленісіп тұрған 1716 — 18 ж. Ресей
империясынан көмек алу мақсатымен Сібір губернаторы князь М.П. Гагаринге,
Уфа воеводасына хат жазып, қазақтардың ахуалын біршама реттеуге ат салысты.
1723 жылға дейін Түркістанда тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып шыққаннан
кейін Бұхар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі
тайпаларға қоныс аударды. Әбілқайыр 1726 ж. Ордабасыдағы халық жиналысында
казақ жасақтарының қолбасшысы болып сайлаңды. Бүланты өз-нің жағасындағы
(1728), Аңырақайдағы (1729 -30) жоңгарларды талқандаған соғыстарда
қолбасшылық қабілеті ерекше көрінді. Аңырақай шайқасында бас
қолбасшышылықты өз еркімен Болат ханға бергенімен үш жүздің қолын
үйлестіруде көп жұмыс атқарды. Әбілқайыр қазақ хандары мен сұлтандарының
алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақта, Ресей империясына арқа
сүйеуді ойлады. Әбілқайырдың Құндағүлов Сейітқүл мен Көштаев Құтлымбет
бастаған елшілігі Петербургке барып (1730), Ресей Сыртқы істер министрлігі
коллегиясының М. Тевкелев бастаған елшілігі оған келді (1731).
(қ.Құндағұлұлы елшіліг, Құтлымбет елшілігі) Елшілік қазақ ұлысын Ресейдің
қарамағына алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр 1731 ж. қзанда Ресей
империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді (Бұл антгы
1738,1740,1742 ж. қайталады). Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, оның
қарамағына өткен башқүрт пен Еділ қалмақтарының қазақ қоныстарына
шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғар қалмақтарының қол
астында қалған қазақ жері мен қалаларын қайтарып алуды, империя
әкімшілігіне сүйеніп, қазақ арасындағы беделін арттырып, үш жүздің басын
біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес,
мұрагерлік жолымен қалдыруды көздеді. Сөйтіп ол жеке мүддесімен бірге
халықты апаттан сақтауды да ойлады. Алайда Ресей саясаты да теренде жатты.
Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербург сарайы
мен оның Орынбор әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсіңді. Ханның өз ұлы
Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей өкімдерімен тартысы,
императрицалар Анна Иоанавнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына
мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел
тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық
көріністеріне карсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әр түрлі қатынастарды
үзбей, Әбілқайыр сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы Қалдан Серенмен
(Цэренмен) астартын байланыста болды. Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын
Ресейден бойын аулақ салуға тырысты. 1740 ж. Хиуаны басып алып, аз уакыт
осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шаһынан ығысып, тастап шығуға мөжбүр
болды. Әбілқайыр үш жүздің билеуші, қадірлі билерімен, белгілі
батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. Өзінен
жас, беделі өсіп келе жатқан Абылаймен әр кезде түсінісе білді. Абылайдың
бір әйелі Қарашаш — Әбілқайырдың қызы. Кіші жүз ханы ретінде оның
саясатында қайшылықтар да бар. Қазақ даласын отарлаудың тірегі болған Ор
бекінісін салуды өзі ұсынды (1735). 1737 - 38 жылғы башқұрт халқының
отаршылдық езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-
қатынасын шиеленістірді. Әбілқайырдың дербестігі мен қазақ даласына жайылып
кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі — Орта жүздің
сүлтаны Барақ Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайыр мен ен далада
кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан.
Бірақ Барақ Әбілқайырды "орысшылдығы" үшін емес, өзінің жеке басының
мүдделерін көздеп "қарақшылық" іске барған еді. Әбілқайырдың моласы Қабырға
өзенінің Ұлқүяққа құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 шақырым жерде. Кейін
бұл ара Хан моласы аталды. Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған.
Қазақ тарихындағы күрделі тұлғалардың бірі — Кіші жүз ханы Әбілқайыр.
Бүгінге дейін оның қоғамдық-саяси қызметі, тарихи портреті сан мәрте
талқыланып, сан қырынан зерттеліп, ой елегінен өткізілгенімен нақты бағасын
ала алмай келеді.
Кеше ғана қазақты жоңғар жұтуға шақ қалғанда үш жүздің ығайы мен сығайын,
хандары мен сұлтандарын, батырлары мен билерін мойындатып бас қолбасшы
сайланып, жауын талқандап, кейін қашырған, еліміздің батысы мен
солтүстігіндегі қалмақ пен казак орыстан, оңтүстігіндегі Бұхара, Хиуа,
түркімен, қарақалпақтан еш тайсалмаған, көршілес башқұрт елінің хан тағына
шақырылған жалғыз қазақ – Әбілқайыр тарихы осыншама неге 300 жылға жуық
мерзім бойы пікірталас нысанына ұласып келеді?
XVІІІ ғасырдағы зерттеушілер П.И.Рычков, ХІХ ғасырдағы ғалымдар А.И.Левшин,
Л.Мейер, В.Н.Витевский, А.И.Добросмыслов, ХХ ғасырдағы кеңестік тарихшылар
А.Ф.Рязанов, М.П.Вяткин, Н.Г.Аполлова, П.Е.Матвиевский, Е.Бекмаханов,
В.Я.Басин, А.Сабырханов, қазақстандық И.В.Ерофеева, К.Л.Есмағамбетов,
Ж.Жақсығалиев, Ж.Қасымбаев, С.М.Мәшімбаев... Міне, осылай Әбілқайырды
зерттеушілер тізімі жалғаса береді.
Қазақ тарихында бір тарихи тұлғаға осынша қалам тартқандар болған емес.
Соған қарамастан соңғы жылдары Әбілқайырмен тұстас, тағдырлас ағалы-інілі
буындар — Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Бөкенбай, Бөгенбай, Қабанбай,
Наурызбай, Райымбек батырлар, Жәнібек тархан, Абылай хан аттары жиі-жиі
аталып, тәуелсіз еліміздің тарихына қосқан үлестері айшықталып, ұрпаққа
үлгі ретінде насихатталып жатқан тұста олардың қатарынан оның көрінбей,
шетқақпай қалуы неліктен?
Қарама-қайшылыққа толы Әбілқайыр заманын біржақты бағалау сонау XVІІІ
ғасырдың өзінде-ақ басталған. Оның негізін ресми орыс әкімшілігінің
шенеунігі И.И.Неплюев қалаған болатын. Оның пікірі барлық орыс
зерттеушілері мен тарихшылары еңбектерінде еш талдаусыз-ақ пайдаланылып,
Әбілқайырдың орыс отарлауына қарсылығы “оның бас хандыққа таласуы” және
қазақтар арасындағы араздықты басты ұйымдастырушы ретінде қарастырылды.
Мәселен, Әбілқайырмен замандас, 1734 жылдан Орынбор экспедициясында қызмет
еткен П.И.Рычков өзінің “Топография Оренбургской губернии” еңбегінде
қазақтарға жоңғарлар мен башқұрттардың қысымы күшейіп тұрған кездің өзінде-
ақ қазақ билеушілері арасындағы “ақылдысы, әрі тез шешім қабылдайтын адам –
Әбілқайыр”, екендігі мойындалғанымен, Ресейге қарсы түрлі әрекеттерге
барып, халықты оған қарсы қоя білді және оның жоспарлары мен жауыздық
әрекеттері “Орта жүз билеушілерін де ренжітті” деп түйінделген. Ал, Орынбор
губернаторы И.И.Неплюев болса, ашықтан-ашық өзінің осы өлкедегі қазақтар
бағытындағы саясатына қарсы шыққан Әбілқайырды 1742 жылы 27 қыркүйекте
Ресейдің Сыртқы істер коллегиясына жолдаған хабарламасында “Әбілқайыр
ханның адалдығына келер болсақ, бізде баласының (Қожахмет.– Ә.М.) аманатта
болғанына қарамастан, оған еш сенуге болмайды, ол алдаушы және тәкаппар
адам” деп жеткізсе, келесі бір құжатта қазақ ханын Ресейге “ұлы қастық
ойластырушы” дейді. (Казахско-русские отношения в XVІ-XVІІІ веках. Сборник
документов и материалов. А, 196. С. 254, 393).
Осыдан бастап Әбілқайыр қазақтарды Ресейге, оған бас июге бастаушы ғана
емес, сонымен бірге орыс патшасының Кіші жүздегі отарлау саясатына қарулы
жасақпен қарсы тұрушы, кей жағдайда Еділ бойына, Башқұрт еліне дейін барып
орыс империясының бодандары қалмақ, казак орыстар мен башқұрттарға
шапқыншылықтар жасаушы деген екіұшты пікірлер зерттеулерге енеді. Сонымен
бірге орыс әкімшілігі қазақтар арасына от жағып, біріне сый-сыяпатты үйіп-
төгіп, екіншілеріне қырғи қабақ танытады. Мұндай жымысқы саясат орыс
әкімшілігі өкілдерінің Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Барақ сияқты билеушілер
жөнінде жазған хаттарынан айқын көрінеді. 1748 жылғы тамыздағы Әбілқайыр
өліміне дейін И.И.Неплюев оған қарсы Барақты, ол арқылы Батыр сұлтандарды
шебер пайдаланды. Губернатордың: “Әбілқайыр, Барақ тектері Кіші, Орта
жүздер халықтарын тепе-теңдікте ұстау үшін ғана емес, сонымен бірге
“жабайы” халықтарды жуасыту үшін де аса қажет”, деген ойлары іс жүзіне
асырылып, өз нәтижелерін беріп жатты. Осы сарындас хаттардағы пікірлер
бүгінге дейін сан ұрпақтың санасына сіңіріліп келеді.
Ондағы тұжырымдарды өзге деректермен жоққа шығару – қиынның-қиыны. Ал, енді
қазақ хандары, сұлтандары, батыр-билері жазды делінген, астына мөрлері
соғылған келесі бір хаттардың тобын талдасақ, оларда қазақтардың Ресей
патшасынан “көмек”, “ақыл-кеңес” сұрап өтініш білдіргені мөлдірете
көрсетіледі. Үнемі “аса мәртебелі” деп орыс кеңсесі талабымен жазылған
хаттардың басым бөлігін дайындаған татар молдалары мен оны аударған орыс
тілмәштары екенін көпшілік оқырман біле білмейді. Бірақ бізге жеткен мұндай
хаттардың мәтіндері сол кезде-ақ орыс әкімшілігі ыңғайына орай өзгертілгені
құпия емес.
Мәселен, Әбілқайырдың 1746 жылы Орынбордан келген аудармашы А.Бекметевті
тұтқынға алып, өз әрекетін “ішкі құпияны хабарламас үшін” деп түсіндіргені
тілмәштардың барлық мәліметін қатаң сыни көзқарастан өткізуге жетелейді.
Екінші бір мысал – Сырым батырдың 1792 жылғы 25 мамырдағы А.А.Пеутлингке
жазған хаты. Оны оқып, танысқан генерал-губернатор “ешқандай түсініксіз”,
“дөрекі”, “Ресей басшыларына қалыптасқан құрмет жоқ”, “патшаға
бағынбайтындар жазған”, “хатқа жауап бермей, кері қайтару қажет” деген
шешімге келіп, хаттың түпнұсқасын Сырымның өзіне жіберген (ОрОММ 5 қ., 1т.,
44 іс, 111-116 пп.). Мұнан шығатын түйін біреу-ақ: орыс мұрағаттарына қазақ
халқының мүддесін білдіретін құжаттар жолатылмады.
Шындығын айтуға тиіспіз, кешегі кеңестік тарих ғылымы қазақ тарихын
негізінен орыс деректеріне арқа сүйеп жазды. Деректердегі Ресейге қарсы
әрекеттер, мәліметтер үнемі біржақты қарастырылып, отарлыққа қарсы күрестің
түп тамыры хан-сұлтандардың әрекеттерінен, қазақтардың өзара күресінен,
әлеуметтік-экономикалық артта қалушылығынан іздестірілді. Ұлт-азаттық
күрестердің аясы әдейі тарылды.
Осындай жағдайда Әбілқайырдың қоғамдық-саяси қызметі толыққанды жазылуы да
мүмкін емес еді. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі Ресей мұрағаты
деректерін қазақ шежірелері, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz