Ерте сәбилік шақтың сипаттамалары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ерте сәбилік шақтың сипаттамасы.

Ерте сәбилік шақтың аса маңызды жетістіктері. (бір жастан үш жасқа дейін) . Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі «қашықтықтан» өтеді. Бала психикасында алғашқы үш жылда болатын сапалық қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады . Сондықтан адамның туған сәтінен бастап есейгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы қайсы деп ойланған көптеген психологтар оған үш жасар кезді жатқызды.

Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым- қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым - қатынастың сөздік формаларын да игереді . Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелсіз болады.

Бір жастан үш жасқа дейінгі баланың психикасының дамуы бірнеше факторлаға байланысты.

Баланың психикалық дамуына тік жүруді үйрену едәуір ықпал жасайды. Нәрестелік шақтың соңында сәби алғашқы қадамдар жасай бастайды. Тік тұру қалпына ауысу -ол үшін қиын іс. Кішкентай аяқтарымен аттап басу үлкен күшке түседі .

Қозғалып жүруге қабілеттілігінің (дене қимылының табысы бола отырып ) психологиялық салдары. Қозғалып жүруге қабілеттілік арқасында бала сыртқы дүниемен неғұрлым еркін де дербес қарым-қатынас жасау дәуіріне енеді. Жүруді игеру кеңістікте бағдарлану қабілетін дамытады. Бұлшық ет сезімі қашықтық пен заттың кеңістікте орналасуын есептеу өлшемі болады. Бұл көру, қимылдау мен сезінудің бірлескен қызметтері арқылы жүзеге асады . Өзі қарап тұрған затқа жақындай отырып бала оның кеңістікте орналасу қалпын практикалық түрде игереді. Жүру арқылы бала өзінің таным обьектісі болатын нәрселер шеңберін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік алады.

Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәржеде әсер етеді Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс- әректпен алмасады . Затттық іс -әрекеттің дамуы затттармен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін ззаттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар. Адам жануарлармен салыстырғанда тұрақты нәрселер дүниесінде өмір сүреді. Бірақ жануарлар үшін заттардың ситуациялық маңызы бар: егер су шелкте болса, шлектен, ал егер еденде төгіліп жатса, еденнен ішеді. Бала үлкендерден заттардың адам іәрекеті арқылы бекітілген тұрақты маңызын бағдарлауға үйренеді.

Заттың бекітілген мазмұны балаға өзінен -өзі берілмейді. Заттық іс-әрекеттан алынып, жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан-ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады. Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда пафда болады. Егер үлкен баланың әрбір тілегін қағып алып отырса онда оның тілінінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал(сензитивті) кезең болып табылады:нақ осы кезде сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді. Егр бала қайсыбір себптермен осы жылдарда тілді дамыту қажетті жағдайдан айырылып қалса, онда кейін жіберілген қателіктердің орнын толтыру қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет.

Тілді дамыту ана тілінің дыбыстық жағы мен граматикалық құрылысын игеруді көздейді. Егер алғашында бала сөйлеуді сөздің жалпы ырғақты-мелодиялық құрылымын қағып алу жолымен қабылдайтын болса, екінші жылдың соңына қарай онда ана тілінің барлық дыбыстарын фонетикалық қабылдау қалыптасады. Осының негізінде белсенді сөздікті және сөзді дұрыс жүзеге асады.

Грамматикалық құрылысты игерудің өз даму кезеңдері болады. Бірінші кезең бір мен екі жасқа дейін -түбірлі сөздерден құралатын сөйлемдер кезеңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады. Баланың сөйлеуі ересек адам сөйлеуіне аз ұқсайды, ол көбінесе үлкендер пайдаланбайтын сөздерді қолданады. Мұндай сөйлеу автономиялы сойлеу деп аталады. Сөйлеудің дұрыс дамуы жағдайында автономиялы сөйлеу тез өтеді. Тілдің грамматикалық құрылысын дамытудың екінші кезңі үш жасқа созылады. Баланың сөйлеуі бір шама сипатқа и болып, заттық дүниедегі көптеген қарым-қатынастарды оның түсінгендігін білдіруге мүкіндік береді. Үш жасқа қарай бала бір сыпыра септік жалғауларды игереді. Заттық қатынастарды білдіретін сөйлеу формаларын игру баланың заттардың қолданылу тәсілдерін игерудіжүзеге асыратын іс-әрекеттердің сипатымен түсіндіріледі. Бала нақты заттық қатынастарды бейнелейтін грамматикалық мәндердің байланысына ерте бағдар ала бастайды. Белсенді сойлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикалық дамуының нгізі болады.

Ерте сәбилік шақтағы баланың ақыл-ойының дамуы. Ерте сәбилік шақтың басында бала айналасындағы заттардың қасиеттерін қабылдап, олардың арасындағы қарапайым байланыстарды аңғарып және оларды пайдалана бастайды. Бұл заттық іс-әрекетті, ойынның қарапайым формаларына, сурет салу мен сөйлеуді игеруге байланысты бұдан арғы арғы - ой дамуының негізін балада қалыптасып жатқан қабылдау мен ойлау әрекеттерінің жаңа түрлері құрастырады. .

Баланың ойлауының дамуы, біріншіден, баланың өз іс-әрекетіне (ойлау нөгізіне, оның сезімдік тәжірибесіне) жататын, екіншіден, іс-әрекет тәсілдеріне үйрететін және заттардың жалпылама аттарын беріп отыратын үлкендердің ықпалына байланысты. Затпен практикалық әрекет жасау сәбиді көбіне нақтылы ситуацияда пайда болған міндеттерді шешуге алып келеді. Әрекет үстінде табиғи үйрену болып өтеді: заттарға әсер ете отырып, бала бір әрекеттердің жемісті, екіншілерінің нәтижесіз екнін байқайды. Алғашқы іс- әрекет тәжірибесі кейінгіде көрініп отырады. Ойлау заттық міндетті шешу процесінде жүзеге асады және ықпал ету сипатында болады.

Ойлауды дамытуда жеке бастың практикалық тәжірибесі қанша маңызды болғанымен, баланың ойлауын дамытуда әлеумттік орта ерекше әсер етеді. Л. С Выготский бала өмірінің алғашқы күнінен бастап оның мінез-құлқының сипатына әлеуметтік ситуация терң ықпал ететінін атап көрсеткен еді. Өзінің ақыл-ой шешімденріне бала әрқашан үлкендерге қарап бағдар алады. Үлкендердің заттармен жасаған іс-әрекеттерін бақылай отырып бала практикалық заттық іс-әректтің адамзаттық формаларын иемденеді. Заттармен әрекет жасау практикасында бала әр түрлі заттардың ұқсас қолданыла алатынын ашады.

Ойлауды дамыту үшін әсіресе құралдық әрекеттер маңызды. Құрал баланың заттық дүниеге жасайтын ықпалын дәнекерлейді. Әр түрлі ситуацияларда және әр затқа қатысты қолданыла отырып құрал жалпылаудың алғашқы таратушысы болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелік ойлауды дамыту
Сәбилік шақтың ерекшеліктері мен оның маңызы
Ерте балалық шақтың жалпы сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың сәбилік шақтағы ерекшеліктері
Баланың жеке басын қалыптастыру
Даму психологиясының пәнінен дәрістер
Ерте сәбилік шақтың сипаттамасы
Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні
Ерте сәбилік балалық шақ
Ерте сәбилік шақта ісәрекеттің жаңа түрлерінің пайда болуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz