Жаттығу саяхаттарын және туризмнің барлық белсенді түрлерін дұрыс ұйымдастыра білу


Жоспар
Кіріспе . . . 3
І. Белсенді туризмнің теориялық негіздері . . . 5
1. Белсенді туризмнің түрлері . . . 6
2. Белсенді туризмнің әдісі мен тәсілдерінің негізі . . . 9
3. Белсенді туризмде тамақтануды және қауіпсіздікті дұрыс
ұйымдастыру . . . 11
ІІ. Белсенді туризмде жорықтарды ұйымдастыру . . . 16
1. Маршрут жібі . . . 16
2. Маршрут картасы . . . 21
3. Құрал-жабдықтардың тізімі . . . 23
4. Ас мәзірі және азық-түліктің тізімі . . . 24
5. Медикоменттер тізімі . . . 27
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 31
Қосымша . . . 32
Кіріспе
Туризм өзінің масштабтарымен, көпшілігімен, әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларына әсер етеді. Туристік демалыстарды қайда және қалай ұйымдастыру, саяхаттарға көңілді қалай аударту, туризмде қызықты және пайдалы не бар, ол құбылыс қай экономикалық, әлеуметтік және табиғи себептерген байланысты, адам мінез - құлқының қай мотивтері адамдарға бос уақытын өткізудің осы формасын таңдатады, ол құбылыстардың ел шаруашылығы мен оның бөлек аймақтарының шаруашылығына әсері қандай - осы мәселелерді зерттеп қарастыру бүгінгі таңның маңызды міндетінің бірі. [1]
Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап көретін көрікті жерлер мейлінше көп. Содан да болса керек жорықтарға қатысып, танғажайып орындармен танысуға, тамаша адамдармен жолығып, әңгімелесуге, халықтардың салт - санасын, дәстүрін танып - білуге, еліміздің көне қалалары мен ескерткіштерін көріп, тамашалауға тілек білдірушілер саны жыл сайын көбейе түсіп отыр. Бірақ саяхатқа шығушыларды тек осы айтылған жайлар ғана қызықтырады ма? Әрине, олай емес. Саяхаттың танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық қызметі де бар. Ол басқа спорт түріне қарағанда жұрттын көбіне түсінікті. Ол адамдар бойда көпшілдік, достық, бір - біріне мейірімділік, сенімділік пен төзімділік, сабырлық секілді ен маңызды қасиеттерді қалыптастырады.
Қазіргі кезде белсенді тынығудың кең тараған түрлерінің арасында саяхаттың келешегі өте зор екенін сеніммен айта аламыз.
Қазақстан Республикасынды түзу сызық, шеңбер және жан - жаққа тарамдана тартылған желілер бойынша жазықта, тауда жаяу жүрумен, шаңғымен, сумен, велосипедпен, атпен, тағы басқа түрлі қозғалыс тәсілдерімен орындалатын саяхат түрлері көп. Жоспарланған, сондай- ақ әуесқойлық жолмен таңдап алынған саяхат желілері еліміздің көптеген географиялық аймақтар мен аудандарды қамтиды.
Қазақстанның ұлан байтақ кең даласында саяхаттың сан алуан түрін дамытуға мүмкіндік мол. Шөлейт кеңістік пен ормандар, ұшы - қиырсыз далалар мен қарлы таулар, тұнық көлдер мен сарқырап аққан өзендер - бәрі Қазақстанның аумағында табылады. .
Қазақстан жері Еділден сонау Қытай Синь - Цзянына дейін созылып жатыр. Республикада жаңа да ескі қалалар, тарихтың ғажайып ескерткіштері, тың жер кеңістігі мен алып құрылыстар көп. Бәрінен әуесқой саяхатшыларды таулы аймақтарымыз, дәлірек айтсақ, Тянь - Шань тау сілемдері, Алтай, Алатау жотарлары, Тарбағатай ерекше қызықтырады. Ормандармен көмкеріліп, жалтыр мұз бен қардан берік киген ол таулар Қазақстан жорық жолдарының барлық торабынан да саяхатшыларды көптеп кездестіруге болады. Олардың арасында мектеп оқушылары да, зейнеткер қарттар да бар.
Саяхат жорықтары адамның денсаулығын жақсартуға игі әсерін тигізеді, оның жұмысқа деген қабілетін жақсартады, көптеген қиындықтарды жеңуге, созылмалы ескі аурулардан арылуға көмектеседі. Әртүрлі қозғалысқа ену, үнемі таза ауада болу, күн радиациясының әсері үлкен шынықтыру жолы - организмді сауықтыру құралдарының бірсыпырасы осылар. Саяхат - жас ерекшелігіне қарамай барлық адамның шұғылдана алатын дене тәрбиесі мәдениетінің бір саласы. [3]
Көп күнге созылған, әсіресе таулы аймақтарға арналған жорыққа аттанар алдында өзіңізді дене жағынан шыңдап, шынықтырыңыз, саяхат әліппесін іс жүзінде меңгеруіңіз керек. Ол үшін демалыс күндері үзбей жорыққа шығып жаттыққаныңыз, саяхатшы болу үшін қауіпсіздік шараларын жан - жақты ескеріп, дұрыс бағдар ұстап, кіммен және қалай жол жүру керек екенін, қандай қиындықтардың кездесетінін және оларды қалай жеңуге болатынын білу керек.
Дұрыс ұйымдастырылған және мәнді өткізілген саяхат адамның денсаулығын нығайтады, адамның мынадай мысалы, ынта - ықыластылық, батылдылық, қайсарлылық сияқты қасиеттерін тудырады, жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Саяхат кезінде адамның ұжыммен жұмыс істей білу сезімі нығаяды, туристердің ой - өрісі кеңейеді, табиғатты қорғауға үйренеді.
Қазіргі адамдарға демалысты қоғамдық пайдалы жұмыспен қоршаған ортаны белсенді танып - білумен қиыстыру тән болып келеді. Сондықтан да туристер өздерінің бағыттарын пайдалы қазбаларды іздестіруді, өздері барған ауданның табиғи ресурстарын зерттеуді, географиялық бақылауды енгізеді. Олар халықтар арасында үгіттеу және насихаттау жұмыстарын жүргізеді, апатты жағдайлармен күреске қатысады. [2]
Бұл курстық жұмыстың мақсаты: оқу - жаттығу саяхаттарын және туризмнің барлық белсенді түрлерін дұрыс ұйымдастыра білу үшін студенттерді туризмнің белсенді түрлерінің әдіс - тәсілдері негіздері оқу бағдарламасымен толық таныстыру, туризмнің белсенді түрлері және оның әдіс - тәсілдері ұғымдарын кең түрде қарастыру, және берілген екі - үш күндік саяхатпен таныстыру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- туризм инструкторы мен туризмнің белсенді түрлері бойынша гидтер дайындаудың толық оқу курсымен таныстыру; - туризмнің негізгі белсенді түрлерін қарастыру; - 1-2 дәрежелі күрделіліктегі (велосипед, тау, шаңғы, су және жаяу) саяхаттарын ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктерін қарастыру; - белсенді турды өткізу кезінде қажетті құралдар мен қауіпсіздік шараларымен таныстыру;
- Қазақстан территориясындағы белсенді туристік маршруттармен таныстыру;
- Маршрутты дұрыс ұймдастыра білуге дайындау.
- Алматы маңындағы 2-3 күндік жоыртың жоспары және барысымен таныстыру.
1. Белсенді туризмнің теориялық негіздері:
1. 1. Белсенді туризмнің түрлері.
Белсенді туризм - ол адамның физикалық ресурстарын және күшін қолдануды қажет ететін туризмнің түрі, яғни демалыс немесе саяхат екені белгілі.
Белсенді туризм
- демалудың аса бір таралған түрі. .
Бұл туризмнің түрі қарапайым туристердің арасында қызығушылық тудырып, көңілдерін баурап алған. Себебі, белсенді туризм шаршағанды басатын, әрі таудың тамаша көрінісімен, сарқырамаларды, тау өзендері арқылы саяхаттау мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар тау шаңғыларымен, атпен серуендеу де адамның физикалық жағдайына әсерін тигізетін саяхат түрлері де сол белсенді туризмнің түрі болып табылады. Әрқашан белсенді жорықтар табиғатпен ететене байланыста болады. [4]
Белсенді туризмнің негізігі мынадай түрлері белгілі:
- жаяу туризм,
- тау туризмі,
- шаңғы туризмі,
- велосипед туризмі,
- автомототуризм,
- спелеотуризм,
- ат туризмі
- су туризмі .
Жаяу туризм - күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін туристік жорықтар. Халықтық топтар арасында ең көп таралған туризм түрі болып табылады. Арнайы көлікті қажет етпейді. Кез - келген аумақ бойынша жорықтар ұйымдастыруға болада. Жаяу туризмінің жорығы кезінде магниттік жіктеуді есепке алып, алдын ала азимуттарды есептеу қажет. Және де басқа белсенді саяхаттар жүргізудегі сияқты, арнайы қауіпсіздік щаралары бар. Жаяу туризмнің жорық түрлері мен жалпы сипаты шамамен осындай:
Кесте-1-жаяу туризм.
Кг
км
3
12
4-5
15
5/6
20
6/8
24
Кг
км
3
20
6
24
6/10
30-35
8/12
40
Кг
км
6
30
8-12
45-50
10/14-16
50-60
Кг
км
6
12-15
8/14
17-18
8-10/14-16
20-ға дейін
Ал тау туризмі - биік, күрделі таулы жерлерде өткізілетін жорықтар болып бөлінеді. Маршрут бойында кедергілер, категориялық асулар болуы керек. Жаяу туризм сияқты адамдар арасында кең таралған туризм түрлерінің бірі, өйткені арнасы көлік керек етпейді. [2-1]
Тау туризмі саяхатының топ құрамы және ұзақтығы мынандай:
2-кесте-тау туризмі.
Кг
Км/күн
Км/сағ
5
10
3
6/7
12
4
7/8
15
5
8/10
18
6
Кг
Екі күнге км
6
15
7
18
7/9
21-24
8/10
30
Кг
Км/ күн
Үш күнге км
8
9
27
8/10
12
36
10/12
15
45
Көп күндік категориялы емес ұзақтылық
( жүріс күні)
Кг
км
8/10
4-6
10-12
8-12
12/16
15 дейін
Көп күндік категориялы ұзақтылық
(жүріс күні)
Кг
-
12/16
6-8
16/25
10
Шаңғы туризмі - қыс кезінде, белгілі - бір қар жамылғысы қалыңдығына байланысты өткізілетін, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құрал - жабдықтары бар жорықтарға байланысты жұмыстар. Тау шаңғылары және сноуборд - белсенді туризмнің өте ертеден келе жатқан түрінің бірі. Әдетте тау шаңғысы биік қарлы таулы өлкеде өткізіледі. [5] .
Біздің елде бұл туризмнің немесе демалудығ түрін Шымбұлақта өткізу дамыған. Жалпы шаңғы туризмі қыстық спорт түрі де болып табылады, сондықтан оның өзіндік күрделі тактикасы мен техникасы бар. Және шаңғы туризмімен айналысу денсаулыққа өте пайдалы, әрі экстремалды туристік саяхат.
Авто жаяу труизм - автокөліктің жаныңда жүріп отыратын танымды және қызықты белсенді туризм түрі. Бұл туризмнің түрі жартылай көлікпен, жартылай жаяу жүріспен өтеді. Ол аз уақытта көп нәрсені, кейде көлік өте алмайтын жерлерге жаяу барып көруге мүмкінкіндік туғызады. Және де жаяу туризмнен ерекшелігі - ол ауыр рюкзактар мен құрал - жабдықтарды көтеріп әуре қылмайсыз!
Аэротуризм - тік ұшақпен және ұшақпен экскурсиялар. Адам аяғы баспаған жерлерге, немесе алыс нүктелерге авиасаяхат. Әскери ұшақтармен әртүрлі қиын фигуралы ұшу әдістерін қолдана отырып ұшу, парапланда, метропланда, дельтапланда саяхаттау, тіпті ауа шарымен де ұшуды көздейтін белсенді саяхат түрі. Бұл туризмнің түріне парашютпен секіруді де жатқызуға болады. [4]
Ат туризмі - арнайы дайындық, құрал - жабдықтар мен аттарға деген күтімнің жоғарылығын қажет етеді. Бұл туризмнің түрі - ол саяхаттау, атпен шабу, романтика және экстремалды туризм болып табылады. [5-1] .
Саяхаттау барысында жазық жерлермен немесе тау шатқалдарымен жүру, үңгірлерден өті кездеседі. Ат туризмі көлік бара алмайтын, ал адам үшін қиын және ұзақ болатын жерлерге саяхаттауға мүмкіндік береді. [4-1]
Велосипед туризмі - ұзақ қашықтықтағы, көптеген километрге созылатын, арнайы дайындықты талап ететін транспорттық құрал велосипед болып табылатын, жорық кезенінде өзіндік кедергілері бар туристік топ құрамының шағын болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастыру жұмыстарының жиынтығы. Велосипед туризмі, өзіндік туризмнің түрі - велосипедпен болатын жорықтар менсаяхаттар жиынтығы. [5-2] .
Велосипедпен кез -келген жолды өтуге болады, соқпақ жолдарды және қарапайым тегіс жерлерді өтеді, онымен терең орлар арқылы да, құмды жерлерді де, тасты тау жолдарын да, өзенді де кесіп өтуге болады. Күнініе қозғалыс қарқынына, ауа райына, жол жағдайы мен оны жеңіп өтуіне байланысты велотуристер 40- тан 120 км дейін жолды жүрі өтеді. Экологиялық жағынан велосипед ең таза көлік түрі. [4-2]
Автомототуризм - арнайы дайындықты қажет ететін, маршрут өтетін жерлердің жағдайына байланысты өтетін, үлкен қашықтықтарға созылатын, топтық құтқару құралдарының болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастыруды өткізу. Автомобильмен және мотоциклмен саяхатта кең қанат жайып отыр. Ол демалыс күндері жергілікті жерлерге жорыққа шығумен ерекшеленеді, мыңдаған шақырым алыс қашықтықтарға сапар шегу қызықты. Автомототуризм жолдан тыс шығу мүмкін болмағандықтан, оған туристердің дүниетанымын біршама шектеп, тұйықтайды, бірақ қысқа мерзім ішінде еліміздің көптеген аудандарының кең аумағымен таныстырады және жолдан шығып, жан-жаққа қысқа мерзімге жорық жасауға мүмкіндік береді.
Спелеотуризм - үңгірлерде, әр түрлі жер бедерінің күрделі лабиринттер жағдайында өтетін, үңгірлердегі төменгі температура мен жоғары салыстырмалы ылғалдылық жағдайындағы, табиғи жорықтың болуымен сипатталатын жұмыстарды ұйымдастыру. Үңгірлерде, әр түрлі жер бедерінің күрделі лабиринттер жағдайында өтетін, үңгірлердегі төменгі температура мен жоғары салыстырмалы ылғалдылық жағдайындағы, табиғи жорықтың болуымен сипатталатын жұмыстарды ұйымдастыру.
Кейбір үңгірлер түбінде жер асты көлдері мен жер асты өзендері болады. Үңгірлер вертикальды және горизонтальды болуы мүмкін. Өз бойында тау және су туризмі техникасы элементтері мен құрал-жабдықтарын біріктіреді. Сондықтан, арнайы дайындықты талап етеді. Алынып жүретін құралдар да ерекше (фонарь, примус, рация, барометр т. б. ) . спелеотуризм бойынша маршруттар 2 бөлімнен: жер үсті маршруты, яғни үңгірге дейінгі жүру маршруты және жер асты маршрутынан тұрады. Көп жағдайда үңгір аймағында базалық лагерлер құрылады. [5-3]
Ал су туризмі - спорттық туризмнің алғашқы түрлерінің бірі. Бұл туризмнің түрі су бетіндегі ұйымдастырылған маршрутты жүзіп өтуге бағытталған. Су туризмнің келесідей түрлері белгілі: өзенмен ағу, рафтинг, парустік туризм, теңіздік каякинг.
Су туризмі - белгілі - бір су объектілері ( өзендер, көл жағалаулары) бойынша , арнайы ( қайықтар, салдар, т. б. ) жүзу құралдары бар жорықтарды ұйымдастыруға байланысты іс- әрекеттер. Су туризімінде қолданатын құралдар да әр - түрлі, жорықта кездесетін кедергілер де ерекше болып келеді. [5-4]
Қазіргі заманда су туризмі - бұл парус астындағы саяхат, немесе желікті қайықпен өзен, көл, теңізде жүзу. Өсе келе сіз өзіңіздің балалық арманыңызды өмірде істей аласыз. Туроператорлар көмегімен сіз плот, рафтыларда, катамарандарда, байдаркаларда ашық су әлеміне, толқынды өзендермен танысу мақсатында маршрут таңдай аласыз.
Су туризмі - ол экстремалды туризм болып табылады. Сондықтанда саяхаттау барысында әртүрлі жағдайларға тап болуыңыз әбден мүмкін! Маршрут көлде жүзумен қатар өзеннің әр -түрлі салаларымен және ойпатты жерлерімен, немесе жасанды су каналдары арқылы да жүзуді қамтиды. [4-3]
Сонымен қатар белсенді туризмнің щытырман маршрутты, сафари, белгісіз маршруттар, трекинг: серуендеу және жорықтау, әр түрлі жануарлар түрлерімен серуендеу, теміржол маршруттары, жалға алынған көліктермен саяхаттар, автобус саяхаты, космостық саяхат, апат болған жерлерге әрі танымдық мақсаттағы белсенді саяхат сияқты түрлері көп. Барлық белсенді туризм саяхаттары мен жорықтарының мақсаты - туристің физикалық қабілеттілігін арттыру және қызықты әрі жылдам, романтикалы әрі экстремалды маршруттар бағытын әзірлеу. [4-4]
1. 2. Белсенді туризмнің әдісі мен тәсілдерінің негіздері.
Жорыққа шығар алдында топ мүшелері көптеген жағдайларды білуі қажет. Осылардың ең қарапайымы: тауға шығу дегеніміз не ? Жорыққа шыққанда қалай тамақтану керек, кездейсоқ жағдайларда алғашқы көмекті қалай көрсету керек ? - деген сұрақтарға жауап іздеуден басталады .
Белсенді туризм жорығы кезінде туризм тактикасы және туризм техникасы деген ұғымдармен кездесеміз.
Туризм техникасы дегеніміз - ол туристік маршрутта кездесетін кдергілерден өту әдістерінің жиынтығы және осыларға сәйкес құрал - жабдықтарды қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пайдалана білу. Туризм түріне байланысты әртүрлі кедергілерден өту үшін келесідей ережелерді білу қажет:
- Сол бара жатқан маршруттың ерекшелігін білу .
- Кедергілерді өту кезіндегі әдістерді жатқа білу .
- Сол маршруттағы қажет болатын құрал - жабдықтарды толықтыру және дұрыс таңдап, оларды қолдана білу.
Туризм тактикасы дегеніміз - қойған мақсатқа адам күшін, қаржысын, жабдықтарын, уақытын мүмкіндігінше аз мөлшерде жұмсап, және қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп, шаралар мен әрекеттер жиынтығын қолдану. Сонымен қатар тактикм маршруттың жолымен өту үшін қажетті құралдар мен әректер жиынтығы. Тактика екі кезеңнен тұрады:
1) Жорық алдындағы тактикалық іс - әрекеттер :
- Маршрутты таңдау .
- Жорыққа қажетті жоспарлы кестені құру
- Жорыққа қажетті құрал - жабдықтар мен азық - түлікпен қамтамассыз ету .
- Жорыққа бара жатқан топтың деңгейін білу .
2) Жорық барысындағы тактикалық өрекеттер :
- Жорықтың жалпы жүріп өту жоспарын, кестесін құру.
- Рельефке қатысты жүру жолдарын таңдау .
- Маршруттағы кездесетін кедергілердің техникалық жолдары .
Тактика қателерінің нәтижесінде жарақаттану, мақсатқа жетпеу, қаржыны, адам күшін, құрал - жабдықтарының артық жұмсалуы сияқты теріс салдарлар болуы мүмкін.
Тактикалық мәселелерді шешудің оларды қиындататын әр түрлі факторлар болады:
- ауа райының шұғыл өзгеруі;
- табиғи апаттарп;
- жарақаттар және сырқаттар;
- топтың нашар хал - күші, т. б.
Сонымен қатар туристік саяхат барысындағы жүрі тәсілі белсенді туризм жорықтарының алты түрлі жүру жолдарына, яғни маршрут түріне де байланысты. Олар:
- Сызықтық
- Шеңберлік
3. Радиалдық
- Сызықтық радиалдық
- Сызықтық шеңберлік
- Комбинациялық
Жалпы туристік саяхаттың техникасы мен тактикасы, яғни әдісі мен тәсілі - туристік жорықтың қиындығы бойынша 6 дәрежеге бөлінуіне байланысты болады. Бұл жорықтың күрделілілігі дәрежесі 3 классификацикациялық көрсеткіштер жиынтығымен анықталады. Олар.
А) Маршрут ұзақтыгы,
Б) Маршрут қашықтығы,
С) Маршруттың техниалық күрделігі.
Кесте - 3- Белсенді туризмдегі жорық қиындық дәрежесі
1. Ұзақтығы
(1 күннен кем
емес)
2. Жорық
жолының
ұзындығы
(км кем емес)
Жаяу
Шаңғы
Тау
Су
Велосипед
Мотоцикл
Автомобиль
Белсенді туризмнің тактикалық зерттемесі :
Белсенді туризмнің тактикалық зерттелуі - жорық кезіндегі мақсаттағы қолданылатын қаражат одан басқа туристердің қауіпсіздігін қамтамассыз ететін құрал - жабдықтар жазған құжат .
І - бөлімінде Маршрутты таңдап алу себептері, маршрутқа қойылатын критериялар :
- қауіпсіздік
- маршруттың танымдылығы
- маршруттың қиындылығы
- ұзақтылығы
ІІ - бөлімінде Маршруттың жібі қарастырылады . Жүріс графигінің 2 түрі болады :
- жоспарланған жүріс графигі
- түрі тындырымды жүріс графигінде маршруттың ара қашықтығы, уақыты, жолдың мінездемесі және қауіпті жерлердің сипаттамасы беріледі.
ІІІ - бөлімінде Маршруттың ара қашықтығы мен уақытына толық сипаттама беріледі .
ІV - бөлімінде - Маршруттың қосымша нұсқасы . Қосымша нұсқа негігі бөлімнен жеңіл болуы керек .
V - бөлімінде Маршрутта бара жатқан туристердің саны .
VІ - бөлімінде Туристерге қызмет көрсететін топтың мінездемесі . Туристік топтың санды және сапалық құрамы келесі шарттарға байланысты болады :
- туризмнің түрі
- маршрут қиындығы
- аумақтың ерекшеліктері
- туристердің саны
- туристерге қызмет көрсететін топқа кіретін адамдар:гид инструктор, сирдар, аспазшы, медбике .
VІІ - бөлімінде Азық - түлік
VІІІ - бөлімінде Топтық құрал - жабдықтың сипаттамасы қарастырылады. [6]
2. 3. Саяхат кезіндегі тамақтандыруды ұйымдастыру
Туристік саяхатты табысты өткізудің маңызды мәселесі - ол туристердің дұрыс әрі қауіпсіз тамақтануы. Тамақ дене ауыртпалығымен болған күшінінің орнын толтыру үшін қажет. Тамақтануды ұйымдастыру оны есептеуден, сатып алудан, салудан және дұрыс бөлуден тұрады.
Азық-түлікке қойылатын ең басты талаптар: жоғары калориялық, салмағының жеңілдігі, ұзақ сақталу мен суланбауға шыдамдылығы.
Азық-түлікке қажеттілікті анықтау туристік топтың тәжірибесіне, материалдық және көліктік мүмкіндіктеріне қарай есептелінеді. Тағамдар құндылығы оның калориялығымен таңдалады.
Тамақ калориялықпен қатар, тамақ құрамындағы негізгі компоненттерінің дұрыс қатынасымен сипатталады. Саяхатқа алынған тағамдар ішінде құрамында көміртегі бар азық-түліктер болуы тиіс. Адамға орташа бұндай өнімдерден 500-800 г қажет етіледі.
Тамақтандыру формасы адамның физикалық қажеттіліктеріне сәйкес ұйымдастырылады. Адамның дұрыс жұмыс жасауы үшін тамақтанудың негізгі ингридиенттері қажет. Мысалы: дәрумендер. Егер ингридиенттер жетіспеген жағдайда адам алиментарлық ауруға шалығады. Адам ағзхасына қажетті энергетикалық шығындар азық-түлік жылу түріне бөлінген энергиямен айқындалады. Бұл бөлінетін энергияның өлшем бірлігі - килокаллория.
Килокаллория - дегеніміз 1литр суды +1С дейін жылыта алатын шама. 8 сағаттық жорық кезінде кило-каллория өлшемі 1 киллограм - 50-70 килокаллория. Мысалы. 70 килограмдық адамға 4000-4500 кило-каллория, 80-100 грамм белок, 80-100 гарм майлар, 400-500 грам көмірсу, 400-450 грам крахмал, 50-100 грам қант қажет.
Күн сайын амино-кислодтың 8 түрі қажет. Оның ең маңыздылары триптофон, лизин, метеонин.
Көмірсулар адамның күніне жұмсалатын калориясының 50-70% құрайды. Минералды заттар адам ағзасындағы зат алмасуды қамтамасыз етеді. Микроэлементтер: калий, кальций, магний, фосфор және хлор.
Тамақ рационы - адамға 1 күнге қажетті заттармен қамтамасыз ететін азық-түлік мөлшері. Жорық кезінде алдын-ала дайындалған тамақтарды өзімен бірге алуға ұсынылады. Алдын-ала дайындалған тамақтар 2 түрмен дайындалады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz