Адам генетикасын зерттеу


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Адам генетикасын зерттеу әдістері

Адам генетикасы-адамның тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігін, қалыпты белгілердің және түрлі аурулардың тұқым қуалау ерекшеліктерін, ол аурулардың қалыптасуындағы генетикалық факторлар мен орта факторларының рөлін зерттейді. Соңғы жылдардағы есеп бойынша, жер шарын мекендейтін 6-млрд-тан астам адамның әр ұрпақтағы 10 млн адамы түрлі тұқым қуалайтын ауруларға ұшырайды екен. Жиі кездесетін тұқым қуалайтын ауруларға қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйесінің және зат алмасу аурулары, т. б жатады. Адам генетикасының негізгі міндеті-тұқым қуалайтын ауруларды дер кезінде анықтап, олардың алдын алу және болашақ ұрпақта болдырмау шараларын жүзеге асыру. Адам-тірі табиғаттың бір бөлігі, сондықтан барлық тірі организмдерге тән жалпы заңдылақтар адамға да қатысты. Адамның көптеген белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдылықтарына сәйкес жүреді. Бірақ адамның жеке және тарихи дамуы барысында қалыптасқан биологиялық және әлеуметтік ерекшеліктеріне сай оның өзіндік генетикалық заңдылықтары да бар. Осыған байланысты басқа организмдермен салыстырғанда адам генетикасын зерттеу біршама қиын. Атап айтқанда, жасанды мутациялық өзгерістер алуға болмайды; әр отбасындағы ұрпақ саны аз; жыныстық жетілу өте ұзақ, баяу жүреді; храмасомалар саны көп, тұқым қуалайтын белгілері мен қасиеттері алуан түрлі, өте көп. Дегенмен қазіргі кезде адамның тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігін зерттеу жұмыстары қарқынды жүріп, жақсы нәтижелер көрсетуде. Адам генетикасын зерттеуде генеаологиялық, цитогенетикалық, егіздерді салыстыру, биохимиялық, модельдеу т. б әдістер қолданылады.

Даун ауруы. Бұл аурудың пайда болу себебі: аутосомалық хромосомалардың 21-жұбында артық бір хромосома болады. Сау адамның хромосомалар жиынтығы 46 екені белгілі (57-сурет) . Даун аурумен ауыратын адамның дене клеткаларындағы хромосомалар саны 47-ге тең. Даун ауруы әйел және ер адамдарда бірдей жиілікте кездеседі. Ауру адамның жүйке және қан тамырлары жүйесінде, жалпы дене құрылысында көптеген төмен болғандықтан, жұқпалы және қатерлі ісік ауруларына жиі ұшырайды.

Клайнфельтер ауруы. Ер адамдарда кездесетін бұл аурудың себебі: хромосомалардың соңғы 23-жұбында артық бір жыныстық Х-хромосома болады (ХХУ) (58-сурет) . Сондықтан ол адамның дене клеткаларында хромосомалардың жалпы саны 47-ні құрайды. Әдетте, мұндай ауру балалардың бойы биік, аяқ-қолдары ұзын, көсе және әйел жынысына тән бірқатар белгілер байқалады.

Шерешевский-Тернер ауруы қыз балаларда кездеседі. Өйткені аутосомалық хросомаларды толық болғанымен, әйел жынысына тән екі Х-хросоманың біреуі болмайды. (ХО), ал хромосомаларының жалпы саны-45 (59-сурет) . Ауру әйелдің бойы аласа, мойынының екі жағында ерекше қатпарлары көрініп тұрады, жыныстық жетілу толық емес, бедеу келеді. Сонымен қатар көптеген мүшелердің құрылысы мен қызметі бұзылғаны байқалады.

Жеке басының гигиенасы.

І. Гигиена туралы жалпы түсінік.

Гигиена грек сөзінен «Gugieinos» емдеу, Денсаулық әкеледі деген мағына береді. Профилактика деген ұғым береді. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ұғым. Медициналық оқу орындарында санитарлық гигиеналық факультеттері мен кафедралары бар. Арнаулы түрде маман дәрігерлер гигиенистер дайындалады. Адамдардың айналаны қоршаған сыртқы орта факторларын (эколгиялық факторларын санитарлық, медициналық, биологиялық тұрғыдан бағалау. )

ІІ. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларының (экологиялық) Денсаулыққа әсерін ғылыми тұрғыдан зерттеу.

ІІІ. Гигиена ғылымының пайдаланатын әдістері бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам генетикасын зерттеу әдістері. Медициналық-генетикалық кеңес беру
Адам генетикасын зерттеу әдістері жайлы
Адам генетикасына жалпы сипаттама
Адам генетикасы
Адам генетикасының ерекшеліктері туралы
Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері. ДНҚ
Адам геномы
Адам генетикасының ерекшеліктері
Иммунологиялық кезең
Темекінің адам ағзасына зияны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz