Адам өміріне қарсы қылмыстардың түсінігі



1. Адам өміріне қарсы қылмыстардың түсінігі ... ...2
2.Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты ... ... ... ... .4
3. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы ... ... ...6
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ...9
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»,-деп жарияланған. Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық обьектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
1. ҚР Қылмыстық кодексі Алматы 2010 ж
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсіндірме. Алматы. Жеті Жарғы 2010 ж

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1. Адам өміріне қарсы қылмыстардың
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
2.Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық
алғышарты ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
3. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы ... ... ...6
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

1. Адам өміріне қарсы қылмыстардың түсінігі

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы
қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы
мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында ең қымбат қазына-адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары,-деп жарияланған. Осыған
орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде
Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың
құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет
ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке
адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта
артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға
арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық обьектісі жеке
адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып
табылады. Тікелей обьектілерінің ерекшеліктеріне қарай жеке адамға қарсы
қылмыстар мынандай түрлерге бөлінеді: өмірге қарсы қылмыстар; адам өлтіру
(96-б); жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (97-б); жан күйзелісі жағдайында
болған адам өлтіру (98-б); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған
кісі өлтіру (99-б); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың
шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (100-б); абайсызда кісі өлтіру
(101-б); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (102-б)
Денсаулыққа қарсы қылмыстар: денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
(103-б); денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-б);
денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-б); денсаулыққа жан күйзелісі
жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-б); қажетті қорғаныс шегінен
шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-б); қылмыс жасаған адамды
ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-б); денсаулыққа абайсызда
зиян келтіру (111-б); азаптау (107-б); қорқыту (112-б); ауыстырып салу не
өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету
(113-б); соз ауруларын жұқтыру (115-б); адамның иммун тапшылығы вирусын
жұқтыру (116-б) медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше
орындамауы (114-б); заңсыз аборт жасау (117-б); науқасқа көмек көрсетпеу
(118-б) қауіпті жағдайда қалдыру (119-б).
Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар: адамды ұрлау (125-б); бас
бостандығынан заңсыз айыру (126-б); психиатриялық стационарға заңсыз
орналастыру (127-б); адамды саудаға салу (128-б).
Жеке адамның ар-намысына және адамгершіліген қарсы қылмыстар: жала
жабу (129-б); қорлау (130-б).
Жыныстық қылмыстар: зорлау (120-б); нәпсіқұмарлық сипатындағы күш
қолдану (121-б); он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу
және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер (122-б); жыныстық қатынас
жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің
жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-
әрекеттерге мәжбүр ету (123-б); жас балаларды азғындыру (124-б)
2. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
Адам өміріне қылмыстық қол сұғушылықпен күрес жүргізудің маңызы,
қылмысты дер уақытында ашу мен оны жан-жақты тергеуде ерекше орын алады.
Адам өлтіру бойынша істің ашылмай қалуы, көбінде қылмыскерлердің қылмыстық
әрекет жасау немесе оның ізін жасыру кезінде өте айлалы әдіс-тәсілдер
қолдануларына байланысты, әсіресе тергеу барысында тергеушінің жібеген
кемшіліктерінің нақты айтқанда: оқиға болған жерге дер уақытында шықпауының
(келмеуінің) немесе сол жерді қарау жұмыстарын толық немесе мұқият
жүргізбеуінің, ғылыми-техникалық құралдармен тактикалық тәсілдерді дұрыс
қолданбауының салдарынан. Адам өлтіру қылмысын нәтижелі тергеудің міндетті
шарттарына: жедел-тергеу жұмыстарын тез, әрі дер дер уақытында жүргізу;
заттай дәлелдемелерді, сондай-ақ қылмыскерлердің оқиға болған жерлерде
қалдырған іздерін-іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу үшін ғылыми-
техникалық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану; іс бойынша құрылған
болжауларды толық әрі жан-жақты тексеру: жұмыс жасау кезектілігін сақтай
отырып, қолданылатын тәсілдерді дұрыс таңдап алу; оларды тергеу әрекеті
барысында пайдалану шеберлігі жатады.
Адам өлтіру қылмыстарын тергеу мен ашу, тәртіп бойынша күнделікті
әрекет ететін топ құрамының қызметкерлерінің топтық тәсілдерімен немесе
арнайы құрылған жедел тергеу топтарының үздіксіз жұмыс жасауларына
байланысты жүзеге асырылады. Үздіксіз әрекет ететін жедел-тергеу топ
құрамына барынша тәжірибелі тергеушілер, маман-криминалистер, дәрігерлер,
жедел-іздестірушілер кіреді. Қасақана кісі өлтіру бойынша жасалған қылмысты
ашуға байланысты топ құрғанда міндетті түрде әрбір қызметкерлерінің
мамандандырылу деңгейі, біліктілігі оның тәжірибелік стажы мен есептілігі
ескеріледі. Жедел-тергеу топтарының жұмыстарындағы әдетте кетіп жатқан
(кездесетін) кемшіліктер, олардың құрамының әлсіздігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
Кісі өлтіру қылмыстарының жалпы сипаттамасы
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың нақты түрлері
Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар
Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
Адам өміріне қарсы қылмыстар түсінігі
Экологиялық қылмыстарға түсінік
ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТЫ
Мемлекеттің конституциалық құрылыс негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Адам өміріне, денсаулығына, бостандығына, қадір-қасиетіне қарсы қылмыстардың мазмұнын, қауіптілігін, зиянды салдарын, қоғамға әсерін кеңірек ашып талқылау
Пәндер