Д.Риккардоның экономикалық ойлары



1 Методологиясы мен зерттеу пәні
2 Құн теориясы
3 Еңбекақы туралы ілімі
4 Пайда туралы ілімі.
5 Ақша теориясы
Рикардо буржуазияның мүддесін қорғады. Бірақ ол қоғамның өндіргіш күштерінің прогрессивті даму мүддесін қорғауды өзінің міндетіне көбірек алды. К.Маркс "Рикардоның бірбеткейлігі оның ғылыми адалдығында ғана емес, өз позициясы үшін ғылыми міндеттілігінде",-деп жазды. Ол буржуазия мүддесін қоғамның өндіргіш күштерінің (жұмысшы табы) мүддесімен сәйкес тұстарында ғана қорғай білді. Ал олардың арасында қарама-қайшылық туындаған жағдайда ол буржуазияға қарсы шешуші түрде қарсы шықты. Оның бұл позициясына К.Маркс баса назар аударды. Оның бұл әлеуметтік позициясы оның енбегінің обьективті құндылыгын білдіреді. Тұрпайы буржуазиялық саяси экономия өкілдерінің классикалық мектептен айырмашылығы, олар өндірістік қатынастардағы үстем тап өкілдерінің, олар кейде өндіргіш күштердін дамуының тежегішіне айналса да, мүддесін қорғайды. Рикардоның теориялық-танымдық ілімі мен таптық бағдардың арасында тікелей байланыс бар. Міне осы байланыстын аркасында классикалық буржуазиялық саяси экономия Рикардо теорияларында биік шыңға көтерілді. Сондықтан да Рикардо классикалық мектептің шенберінде капитализмнің ғылыми талдануының мүмкіндігін толық тауысты.
Методологиясы мен зерттеу пәні. Рикардо позициясының ерекшелігіне және оның саяси экономияны зерттеу пәніне бөліну саласын зерттеуі жатады. Саяси экономияның пәнін Рикардо қоғамдағы негізгі үш таптың, жер иелері, капитал мен ақша иелері және жұмысшы таптарының арасындагы ұлттық табыстық бөлінуі деп есептеді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Д.Риккардоның экономикалық ойлары
Рикардо буржуазияның мүддесін қорғады. Бірақ ол қоғамның өндіргіш
күштерінің прогрессивті даму мүддесін қорғауды өзінің міндетіне көбірек
алды. К.Маркс "Рикардоның бірбеткейлігі оның ғылыми адалдығында ғана емес,
өз позициясы үшін ғылыми міндеттілігінде",-деп жазды. Ол буржуазия мүддесін
қоғамның өндіргіш күштерінің (жұмысшы табы) мүддесімен сәйкес тұстарында
ғана қорғай білді. Ал олардың арасында қарама-қайшылық туындаған жағдайда
ол буржуазияға қарсы шешуші түрде қарсы шықты. Оның бұл позициясына К.Маркс
баса назар аударды. Оның бұл әлеуметтік позициясы оның енбегінің обьективті
құндылыгын білдіреді. Тұрпайы буржуазиялық саяси экономия өкілдерінің
классикалық мектептен айырмашылығы, олар өндірістік қатынастардағы үстем
тап өкілдерінің, олар кейде өндіргіш күштердін дамуының тежегішіне айналса
да, мүддесін қорғайды. Рикардоның теориялық-танымдық ілімі мен таптық
бағдардың арасында тікелей байланыс бар. Міне осы байланыстын аркасында
классикалық буржуазиялық саяси экономия Рикардо теорияларында биік шыңға
көтерілді. Сондықтан да Рикардо классикалық мектептің шенберінде
капитализмнің ғылыми талдануының мүмкіндігін толық тауысты.
Методологиясы мен зерттеу пәні. Рикардо позициясының ерекшелігіне және
оның саяси экономияны зерттеу пәніне бөліну саласын зерттеуі жатады. Саяси
экономияның пәнін Рикардо қоғамдағы негізгі үш таптың, жер иелері, капитал
мен ақша иелері және жұмысшы таптарының арасындагы ұлттық табыстық бөлінуі
деп есептеді.
Өзінің "Саяси экономия бастаулары және салық салу" еңбегінде қоғамдық
өнімнің бөлінуі туралы "осы бөлінуді басқарудың заңдылықтарын анықтау-
саяси экономияның басты мәселесі",-деп жазды. Дегенмен Рикардо талдау
объектісі ретінде өндіріс саласын да назардан тыс қалдырмайды.
Рикардо методологиясының тағы бір ерекшелігі, оның экономикалық
көзқарастарының жүйесі құн теориясы негізінде құрылды. Алғашқылардың бірі
болып ол саяси экономия тарихында капитализмнің экономикалық теориясының
негізіне саналы түрде капиталиста өндірістік қатынастарды, соның ішінде
тауарлы катынастарды жан жақты ашып көрсететін құнның еңбектік теориясын
салды. Бұл теория Рикардо іліміндегі капитализмнің экономикалық
құбылыстарын зерттеудің бастамасы болды. Осы теория арқылы ол экономикалық
құбылыстарды зерттеудің ғылыми тәсілін даярлауда ілгері қадам жасады.
К.Маркс бұл туралы: Рикардоның тәсілі әуелі тауардың құн мөлшерін
жұмыс уақытымен анықтаудан, содан кейін экономикалық қатынастардың құнның
бұл анықтамасына Қарама-қайшы келмейтіндігін немесе оны қалай
түрлендіретіндігін зерттеуден басталады деп жазды.
Рикардоның капитализмді талдауда алғашқылардың бірі болып саналы түрде
құн теориясына сүйенуі жағдайды түбірімен өзгертті. Капиталистік
экономиканың жекелеген бөлек жақтарын емес, ішкі байланысты негіздерін
жиынтық түрде ғылыми талдауға мүмкіндік туды. Маркс айтқандай Рикардоның
ғылым үшін ұлы тарихи маңыздылығы да осында.
Рикардо өндіріс серпінің рыноктық механизм мен табыстардың калыптасуы
шартында көрсетуге тырысты, осы тұрғыда ол абстрактылы тәсілді пайдаланды.
Бұл тәсіл оған экономикалық құбылыстардың нақты көрінісін көруге, жер
құнарлылығының мөлшерлік сипаттамасын, тұрғындар санының өсуін құн рента,
баға, жалақы, пайда өзгерістерін анықтаудағы сандық талдаулар жасауына
көмектесті.
Рикардо да Смит секілді экономикалық либерализмді жақтады. Мемлекеттің
экономикаға араласуын қаламады. Қоғам байлығының басты шарттарына еркін
бәсекелестікті, еркін сауда мен еркін кәсіпкерлікті жатқызды. Рыноктық
механизм ол үшін мәңгі әрі жалғыз, онтайлы экономикалық жүйе болып
есептелді. Өндіріс, оның пікірінше тауарларға деген төлем кабілетті
сұранысты өздігінен тудырып, тауарлардың өткізілімін камтамасыз етеді.
Құн теориясы. Смит секілді Рикардо тауардың айырбас және тұтыну құнын
ажырата білді. Ол Смиттің кұнның еңбектік теориясын қолдай отырып "кез-
келген құнның негізі еңбек" екендігі туралы тұжырым жасады. Ол капиталистік
пайданың қанаушылық табиғатын түсінді, пайданың жұмысшы еңбегінің нәтижесі
оны капиталистік қайтарымсыз түрде иеленетінін қосымша құұұн теориясын
ашпаса да білді. Бірақ Смиттен айырмашылығы, ол тауардың тұтыну құнына,
оның пайдалылығына назар аударды.
Рикардо тауардың пайдалылық қасиетінің қайнар көзін ашып көрсетті,
олар: тауардың сиректігі және еңбек мөлшері. Ол кейбір тауарларды бөліп
көрсетгі: сирек кездесетін картиналар мен статуялар, кітаптар мен
монсталар, ерекше дәмге ие винолар т.б., бұлардың құны тек кана өздерінің
сиректігімен бағаланады, ешкандай еңбек олардың саның өсіре алмайды,
сондыктан да олардың құнын сұраныстың өсуі төмендете алмайды. Сонымен катар
тауардың құнына оны өндіруге жұмсалған еңбекпен катар, еңбек құралдарының,
ғимараттың, құрал-саймандардың да құнының кіретінін белгіледі. Сөйтіп
тұрақты капиталдың өндіріс процесіндегі алатын орнын, оның тауардың құнына
кіретінін көрсетті.
Рикардо Смитке қарағанда құн заңының капитализм жағдайында өмір
сүретінің білді. Бірақ оның калай іс-әрекет жасайтынын көрсете алмады. Бұл
мәселені Маркс өзінің өндіріс құны туралы ілімінде шешті. Маркстін
пікірінше капитализм шартында өндірілген тауарлар капиталистікі болып
есептеледі, капиталист еңбек шығынын емес, капитал жұмсайды. Капиталистік
өндіріс шығындары мен орташа пайда өндіріс құнын құрайды.
Рикардо өндіріс құнының - құнның өзгерген түрі екенін түсінбеді.
Сондықтан ол құнның анықтамасын жұмыс уақытымен орташа пайда занымен
байланыстырды.
Рикардоның капитализм тұсындағы құн заңының іе-әрекетін түсіндіре
алмауы оның методологиясындағы кемшіліктерге байланысты. Себебі ол
капиталистік өндірістін тауарлы өндірістің дамыған түрі екенін түсіне
алмады. Жекелеген тауар өндірушілердін өндірген тауары мен өндіріске
салынған капиталдың нәтижесінде өндірілген тауарды тенестіруге болмайтынын
түсінген жок.
Еңбекақы туралы ілімі. Рикардо жалақыны - еңбектін табиғи бағасы деп
есептеді. Оның пікірінше, бұл жалдамалы жұмысшының күн көрісіне қажетті
табысы. Рикардо жұмысшыны өз енбегін сатушы, ал жалақыны оның енбегі үшін
төленетін төлем ақы түрінде қарастырды. Табиғи еңбек бағасының мөлшері
күнделікті кажетгі тамак пен емірге кажетті заттардың бағасына тура
пропорционалды. Бұдан басқа еңбектін нарықтық бағасы болады, ол сұраныс пен
ұсыныстың ара қатынасымен анықталады.
Рикардо отнымен қатар мөлшері жұмысшының тұрмыс жағдайын анықтайтын
наұты жалақыны да ажырата білді.
Рикардо сол сияқты жалақыға әсер етуші факторларды да анықтады,
олардың қатарына азық-түлік, тамақ, өмірге қажетті заттардың бағасының
өзгерісі, еңбек сұранысы кей ұсыныстар ара қатынастары, жұмысшылардың ұдайы
өндірісі шығындары.
Жалақы туралы Рикардоның келтірген аргументтерінің ішіндегі басты
орынды, жалақыны тұрғындардың қозғалысымен байланыстыруы алады. Кез-келтен
тауардың бағасы сияқты еңбек бағасы да жұмысшы санына деген сұраныс пен
ұсынысқа байланысты өзгеретінін дәлелдеді. Тұрғындар саны жылдам өскенде,
жұмысшыға деген сұраныс ұсыныстан қалып қояды, бұл жағдайда жалақы деңгейі
төмендейді. Әрі керісінше. Ол жалақының әркашан өзгермелілігіне қарамастан
тұрғындар қозғалысының әсерінен өзінің "табиғи" қалыпты жағдайына, яғни күн
көрісіне қажетті құн түріне оралатыны туралы тұжырым жасайды. Бұл
Рикардоның Т.Мельтустін тұрғындар заңына сүйеніп жасаған пайымдамасы.
Сонымен қатар Рикардо жұмысшылардың өмір суру деңгейін аз болса да
ұзақ уақытқа жоғарылату мүмкін емес, бұл тұрғындар санының тез өсуіне, ал
ол жалақының төмендеуіне әкеліп соқтыратындығы туралы өз ойын бекітті.
Жұмысшылардың жағдайын жақсартуға жұмсалған шараларды нәтижесіз деп
есептеді. Әзірге жұмысшы күшіне деген ұсыныс сұраныстан артып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аллама Мұхаммад Икбал (1877-1938)
Адамның ішкі дүниесінің бірегейі
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсеке қәбілеттілігін арттыр
Көне грек ойшылдарының тәлім –тәрбиелік ой- пікірлері жайлы
Бар ғұмырын халқына арнаған адал тұлға
Ұлы ойдың адамы ( Шоқан Уәлиханов )
Алғашқы социологиялық ойлардың қалыптасуы мен даму тарихы
Ауыл шаруашылық саласына инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесі
Конфуцийдің саяси жəне құқықтық ілімдер
Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Пәндер