Баланың тілін дамытуда көркем әдеби шығарманың алатын орны



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... 3
І. БАЛАНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА КӨРКЕМ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1. Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Баланы тіл мәдениетіне баулу ... ... ... ... ... .11
ІІ. БАЛА ТІЛІН ДАМЫТДА КӨРКЕМ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Бала тілін дамытуда ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың жолдары...14
2.2. Балалардың ақыл.ойын дамытуда көркем әдебиеттің рөлі ... ... ... ... ... ...22
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... .28
ІV. ҚОСЫМШАЛАР
Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда көркем әдебиеттің орны ерекше. Көркем әдебиет арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Көркем туынды бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын әдебиетпен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек сонымен ғана байланысты Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
1. Интернет желісі.
2. Ш.Хамидуллина «Отбасы және балабақша» // № 6 (136) қараша-желтоқсан 2009
3. Г.Худайбергенова «Тіл дамыту әдістемесі кешені».
4. www.google.kz
5. С.М.Кәрімова «Отбасы және балабақша»// № 3 (139) мамыр-маусым 2010
6. Р.Қ.Бесмағамбетова «Отбасы және балабақша»// № 2 (144) наурыз-сәуір 2011
7. Г.М.Сопыбекова «Отбасы және балабақша»// № 5 (141) қыркүйек-қазан 2010

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. БАЛАНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА КӨРКЕМ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

1.1. Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..6

1.2. Баланы тіл мәдениетіне
баулу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
11

ІІ. БАЛА ТІЛІН ДАМЫТДА КӨРКЕМ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1. Бала тілін дамытуда ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың жолдары...14

2.2. Балалардың ақыл-ойын дамытуда көркем әдебиеттің
рөлі ... ... ... ... ... ...22

ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

ІV. ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту,
сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін
күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі
тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән
берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі-
тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы
заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін
және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар
жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-
қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде
тәрбиешінің:
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет
саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа
алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда көркем әдебиеттің орны
ерекше. Көркем әдебиет арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне
қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті
сөйлеуден еш жалықпайды. Көркем туынды бала тілінің дамуына ықпалын
тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын
әдебиетпен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек сонымен ғана байланысты
Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы,
бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген
құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Халық даналығында Ойнай білмеген, ойлай да білмейді, Ойында озган,
өмірде де озады деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі
жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық
көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала
өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен
кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.
Көркем әдебиетті қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға,
шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың оқу кезіндегі қимыл-
қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары
өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала
ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі
ақпараттар алады, дүние сырын ашады.
Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында
баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды
мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар
баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз
пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі.
Психологиялық - жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің
үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік
деңгейін анықтау үшін қолданылады.
Олардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын,
байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға,
өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің
дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой
жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер
туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн
бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да көркем әдебиет бала
бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда көркем әдебиет үлкен
нәтиже береді. Ол арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу
машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп
жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.[1]

І. БАЛАНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА КӨРКЕМ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

1.1. Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің маңызы.
Тіл - халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады.
Аллаға шүкір, бір кездері осындай өтпелі кезеңнің өтіндетұрған қазақ тілі
қайта құлпырып, қанатын кеңге жайды. Туған тіліміздің теңдессіз
Тәуелсіздікпен тұғырланғаны баршаға мәлім.Бостандық туын биікке қондырғалы
бері ана тіліміздің айбыны артып, мәртебесі өсті. Қазақ тілін меңгеруге
ниет білдірген өзге ұлтөкілдерінің қатары жыл санап көбейіп келеді. Бұл
ретте ерекше атап өтерлігі, біздің өңірде мемлекеттік тілді үйренуге ден
қойғанөзге ұлт өкілдері көп.
Данахалқымызда Тәрбие басы — тал бесік дегенқанаттысөз бар.
Кішкентайбүлдіршіндергеанатілінқұрм еттеудібесіктен, бала жастанүйретукерек.
Шарағақатысушылардыңойы осы бірпікіргетоғысты.
Облыстықтілдердідамытубасқармасыбас тығыныңорынбасарыЕржанРахымжановтың айтуын
ша, 2010 жылы облыс бойынша қазақ балабақшаларында өзгеұлттың 1147 сәбиі
тәрбиеленген. Биылғы жылы аталмыш көрсеткіш 1311-ге артқан.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында
мемлекеттік тілді меңгеруге байланысты нақты тапсырмалар жүктеді. Менің
ойымша, алдымен тілді тәрбиенің қайнар көзі ретінде таныту керек. Мұның мән-
маңызын қазақ тілінен нәр алып, сусындаған әр азамат жақсы біледі. Еліміз
үшін мемлекеттік рәміздер қаншалықты қастерлі болса, мемлекеттік тіл де
сондай қасиетті екенін еліміздің әр азаматы жете түсінгені абзал. Қазақ
пен қазақ қазақ тілінде сөйлесуі керек деген қанатты сөзді ұран етіп,
санаға түйген жөн. Болашақта Алпамыс пен Қобыланды батыр жырын жатқа
айтатын, оларды мақтан тұтатын білімді ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Қазақ
тілін жан-жақты өркендету тіл жанашырларының, жоғары оқу орындарының ғана
мәселесі емес. Бұл — барша қазақ еліне ортақ мәселе.[2]

Мектепке дейінгі балаларды өз ана тілінде сөйлесуге үйретуде, тәрбие
мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу тілін дамытуға, сөз
құрастырып сөйлеуіне, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн.
Сәбилердің дүние танымын кеңейтіп, ойын өрістетіп тіл байлығын жетілдіруде
көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада тіл дамыту жұмыстарын
айнала қоршағаи ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен таныстыру арқылы
жүзеге асыруға болады. Балаға әңгімелепайтуға, оқып тындауға, жаттауға
арналған материал оның даму деңгейіне, жас шамасына лайыкты болғаны жөн.
Әдеби шығармалардың тілі жеңіл де, көркем, балаға түсінікті, олардың сөз
қорын жаңа сөздерменбайытатындай болуы керек.
Баланың тілін дамытудың негізі - көркем шығарманың мәтіні екеніне
ерекше тоқталып өтетінболсақ, 3-4 жасқа дейінгі балалардың суретті
кітаптарды қызыға қарайтыны мәлім. Сондықтан оларға суреті айқын
кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге
оқиғасы сәтті аяқталатын, қорқьныш сезімін тудырмайтын халық ауыз әдебиеті
нұсқауларын жатқа айтып беріп, ойната тындату тиімді. Мысалы Бесік жыры,
Бауырсақ, Торғай, Бақа, Мақта қыз бен мысық щығармаларын ұсынуға,
сондай-ақ Бауырсақ ертегісін қуыршақ театры арқылы өткізуге болады. Ол
үшін алдып-ала дайындықкезеңінде рөльдерді бөліп беру, әр кейіпкердің
дауыстарын келтіріп еркін ойнауға машықтандыру керек. Рольдерге бөлініп
ойнау арқылы бұл ертегі балалардың есінде жатталып қалады.
5-6 жастағыларға кітаптан көлемдірек ертегі, әңгіме оқып беріп,
оқылған шығарманы 15-20 минут тыныш тыңдай білуге, әңгімелепберугеүйрету
қажет. Сондай-ақ окылған әңгіме, ертегі мазмұнына сай бір оқиғатөңірегінде
(демалыста, саяхатта) суреті бойынша әңгіме құрап айтуға мүмкіндік жасау
керек. Мысалы, Шалқан ертегісіндегі кейіпкерлерді рет-ретімсн қою арқылы
бала ертегіні толықтай айтып шығуға талпынады.
6-7 жастағы балаларға Жыл басына таласқан хайуанаттар, Алма мен
капуста, Мақтаншақ қоян, Ақ бидай т.б. әдеби шығармаларды оқып беруге
болады. Шығармаларды оқытқан кездс қоғамдық өмірге, іс-әрекеттерге
байланысты жаңа сөздердіңмән-мағынасынтүсініріпотыр ған жөн. Көркем әдебиет
арқылы бала тілін дамытуда тек қана ертегі, өлең, әңгімемен шектелмей
жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтел түрлерін де сабақжоспарына
енгізгенжөн. Мысалы: Тілі шыға басгаған жас бөбекпсн, тілі шыққан
балдырғандардың, көбінесе Р дыбысы меи И дыбысын Ш-С дыбыстарын
шатастыру жиі байқалады. Көбінесе сол Р дыбысы мен И дыбысын дұрыс
үйретуде жаңылтпашты қолданудыңнәтижесін көріп жүрміз. Жаңылтпаш жаттығулар
арқылы Р дыбысына тілі келіп сөзді мүдірмей айтуға үйренген баланың
қуанышы қойнына сыймай, өмірдіңөткелінен өткендей әсер алады. Балабақшада
тагы бір жүргізілетін жұмыстың түрі - санамақтар. Санамақтарды халық
негізінен балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі сан
үйретеді, әрі дүниетанытады, баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау
қабілетін дамытады.
Халықтық шығармалар ішінде балалар фольклорынан үлкен орын алатыны –
жұмбақтар. Жұмбақ – баланыңойлау қабілетін дамытады. Жұмбақтың шешуінтабу
арқылы заттарды, жан-жануарлардың, киім-кешек, т.б. аттарынесте сақтау
қабілетін күшейтеді. Дүниетанымын кеңейтіп, ойын ұштайды, тапқырлықка
баулиды. Жұмбақтардың жауабын табу арқылы бала ойы бірте-бірте толыға
береді. Акаемик Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазақтың әдет-ғұрып салтында,
өнерінде жұмбақтың да ерекше орын алғанын айта келіп: Кейде бүкіл бір
ертек жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының
жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін
жұмбақпен сынау машық болған... Біздің уақытымызда жұмбақ өз бағасын жойған
жоқ. Жұмбақты мектеп балалары тілге ұста болу мақсатымен оқиды, жаттайды.
Жастар ойын-сауық кештерінде әлі де ермек етеді. Ата-ананың жас балаға
беретін тәрбиесінде де баланың ойын тапқырлыққа баулу үшін де жұмбақтың көп
пайдасы бар,-дейді.
Көркем әдебиеттің бала тіліне пайдасын көптеген ғұламалар жан-жақты
зеттеді. Атап айтсақ, Б.Баймұратова, Д.Ушинский, Е.Тихеева т.б. [2]
Бала тілін дамытуда мақал-мәтелдердің де алатын орны ерекше.Балаға
айтатын ақыл-насихат, өнеге, өсиет әсерлі, әрі ойда калатындай мәнді, болуы
керек. Қазақтың мақал-мәтелдерініңкөбі елдікті, ынтымақты, бірлікті,
адамгершілікті, инабаттылыққа баулып жақсы мен жаманды, ерлік пен ездікті
салыстыра сөз етіп, адам өмірінде неден үйрену, неден жирену керектігін
аңғартады.
Мақалдар –нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой үйіндері, сөз
мәйегі. Мақалдар, көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен
айтылады, қара сөзбен, яғни шешендікпен айтылатын мақалдар да бар. Мақал
негізінен екі бөлімнен құралады: бірінші бөлімде пайымдау, екінші бөлімде
ой қорытындысы айтылады.
Мәтеледер, негізінен, тұжырымы тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара
сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады.
Қазақ халқы – сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан
тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлнң өрнектерімен өрнектеп, терең
мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Сөз зергерлерінінң аузынан
шыққан мақалдар мен мәтелдерді үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ
тәрбиесіне парықтап пайдалану – дәстүрге айналаған. Сондықтанда, әсіресе,
қариялар мақалдап, маңызды сөйлеуді – борышым деп санайды. Мақалсыз,
мағынасыз сөйлеген қарт адамның сөзінің қадірі болмайды.
Баланың өмір тәжірибесі аз, сондықтан оған айтатын ақыл-насихат, өнеге-
өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болуы керек. Сол мәнді сөздер –
мақалдар мен мәтелдерді орынды пайдаланған ата-ана ой қозғап, ақылға
қонымды сөздер айту арқылы баланы тәрбиелейді және санасын арттырады. Ұяда
не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дегендей, баланы ана тілін ардақтауға
үйретіп, ой қысындарын сөз жүйесіне келтіре ал қабілетін дамыт үшін, ата-
ананың мақалдап сөйлеуінің мәні зор.
Балалар бақшасында тіл ұстарту, тіл ширату сабақтарында балдырғанларға
мақал, мәтел тралы түсінік беріліп, лоарды қолдандың қажеттілігі туралы
айтылады. Мысалы: Әек –тірегің, ана – жүрегің деген мақалдың мәні,
мазмұны ондағы жеке сөздердің мағынасы туралы сұрақ-жауап тәсілін қолданып,
тәрбиеші балдырғандардың түсінігін байқап ұғымын байытады. Сол мақалдың мән-
мағынасын терең ұғындыры түседі, балдырғандарға ана, әке туралы таппақтарды
жаттатқызып айтқызады.
Алғашқы қауымнан, бастап бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін
ертегілерді ойлап швғарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні
зор. Қазақ ертегілері (4000 мыңға жуық) сан алуан. Оларды хайуанаттар тралы
ертегілер, қиял ғажайып ертегілер, тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер,
күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Халық ертегілерінің таңдалы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық
шығармашылығы болғандықтан, оның ішінен көркем тілде, терең ойда, тамаша
үздік кейіпкерлерде табылады. Ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді,
адамдарды кеңірек танып, ұстамдылыққа үйренеді, адамгершілік қасиеттерге ие
болады, әлсемдікті түсінуге мүмкіндік алады. Балалардың әсемдікті сезініп,
түсініп, оған қызыға білуі олардың өмірді ерте тануына көмектеседі. Әрине,
ертегілердегі суреттелген туған жер байлығы, табиғат сұлулығы, жер бетінің
көріністері,ертедегі балалардың оларға деген көз қарасы, оларды халық
бақыты үшін күресі, киген киімі, пайдаланған қару-жарағы, сауыт-сайманы,
мінген аты балаларға өмірді танып білудің маңызды құралы болады. Демек, жас
ұрпақты жан-жақты тәрбиелі, қабілетті азамат етіп өсірде халық
ертегілерінің танымдық-тағылымдық рөлі орасан зор. Ертегілер арқылы
балаларды адамгершілік және эстетикалық тәлім-тәрбиесінің дамына ықпал
жасалады. Баланы мұратқа, жеңіске, жетістікке жету жолында
белсенділікке.әділеттілікке, әрекеттілікке үйретеді.
Халық баланың тілін ширатып тілін шығару үшін жаңылтпаштарды ойлап
тапқан. Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая
бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін
мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар
сөйлерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса,
сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды
жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу
сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, сөздік қоры молаяды, тәлім алады.
Бала тіліндамытуға көркем әдебиет түрлерін орынды пайдалана білген
әрбір тәрбиеші баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтіп, ұғымын
байытады.[3]

1.2. Баланы тіл мәдениетіне баулу.

Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзек алатын жері -
ол ата- бабадан қалған асыл мұра. Біз, яғни болашақ ұрпақ тәрбиесімен
айналысатын қазақ тілі мұғалімдері халқымыздың таусылмас бай асыл мұрасына
жүгінсек, ұрпағымыз біздің іс- тәжірибемізге, ой- санамызға, парасатымызға
жүгінуі тиіс. Біздің балабақшамыздағы жүргізіліп жатқан жұмыс бағыты
балаларды ата – бабаданқалған салт - дәстүрлерге, адамгершілікке баули
отырып, жаңа дәуір технологиясын табысты игеру. Алға қойған мақсатымыз
ойдағыдай жүзеге асу үшін біз ең алдымен өзіміздің ана тілімізді толық
меңгеруіміз қажет. Бүгінгі таңда тіл туралы көп айтылады. Ана тілін
қастерлеген адам өз халқының тарихын, тұрмыс жағдайын, тыныс- тіршілігін
жақсы біледі. Тіл білген адам - мәдени, рухани жан азығы мол адам. Адамның
ойыоның тіліненкөрінеді,ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын құрал.
Сондықтан балабақшадан бастап өз ана тілімізде сөйлеп, өз халқымыздың қадір
- қасиеті, рухани құндылығымызды біліп өссек, болашақ ұрпақта өз тілінқадір
тұтады. Тіпті өмірде болып жатқан жаңалықта, басқа да өзгерістер біздің
сана- сезімімізге өз деңгейіндекеліп жетіп, жалғасын табады. Бала бойына
Отанына деген сүйіспеншілік қасиет сәби шағынан бастапсіңеді. Тіліміздің
құндылығы бала жүрегінде сақталады.
Тіл - ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Әр халақтың ұлттық дәстүрінің,
сана сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез - құлқының, мәдениеті мен
әдебиетінің айрықша белгілері тіл арқылы. бейнеленеді. Сондықтан баланы
дұрыс сөйлей білуге үйретудің маңызы зор.
Тіл дамытудың негізгі міндеттерінің бірі – балалармен сөздік жұмысын
жүргізу ісі. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды
айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын,
түр - түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі
құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде
тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Балалардың сөздік қорын
дамытуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын
–баланың шынтірішілігі. Ойын - балалар үшін айналадағыны танып, білу
тәсілі. Келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдыменойыннан басталады.
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшіліктеріне қарайсюжетті-рөлді,
драматизациялық, дидактикалық құрылысойындары, қимылды ойындар, ұлттық
ойындар болып бөлінеді. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне
қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын
тигізіп , таным белсенділігінің дамуына жол ашады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл мәдениетінетәрбиелеу, сөздік қорды
дамыту жұмыстарды бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және
құрастыру, саяхат, ойын барысында дамытылады. Мысалы: ортаңғы топ
балаларымен Құстар әлеміне саяхат сабағы бойынша орманға саяхат жасадық.
Ойыншықтар әлеміне саяхат, Хайуанаттарәлемі, Қазақстанқалалары
т. б. сияқты сабақтар өткізілді.

Тіл мәдениетін дамыту жұмыстарынқазақ халқының ғасырлар бойыжинағанауып
әдебиеті негізіндеұйымдастыру тиімді тәсіл. Өйткені, ұрпақтанұрпаққа мұра
болып келе жатқан халық шығармашылығы - ғажайып ертегілер, мақал-
мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар тәрбие әліппесі, өнер көзі. Тіл
мәдениетіне тәрбиелеуде жұмбақтар үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы
байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой қиялынұштастыруға көп әсер етеді.
Ойыншықтар, жануарлар, тағамдар, тұрмыстық заттар т.б. туралы
жұмбақтарды қоржынға жасырып отырса, балалардың сөздік қорлары молаяды.
Баланың тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны-сөздің жалпы ұғым беретін
жағын меңгеруге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін
жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынасқа
түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске
аспайды. Сондықтан да әрбір тәрбие сағатында негізінен көрнекілікті
басшылыққа ала отырып еңбек етеміз.[4]

ІІ. БАЛА ТІЛІН ДАМЫТДА КӨРКЕМ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1. Бала тілін дамытуда ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың жолдары.

Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша
шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ
халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу-сызу
өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық
өмірі, шаруашылығы мен кәсіюі, қуанышы мен күйініші. Дүниетанудағы
көзқарасы жайында неше түрлі өлең-жырлар, ертегі-әңгімелер, мақал-мәтелдер,
аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі күйінде тудырған. Қазақ халқының
мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым
мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша
сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық
қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және
сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-
мазмұнымен ерекшеленеді.

Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас
бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі
заманымыздың ұлылығын танимыз.Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-
жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге,
ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен
таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып
саналады.

Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір
тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр
сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәрі де
балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер.
Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын
ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте
ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды
халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының
еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған.
Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен
болатынын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен,
өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған.
Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүниетанымын
кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге
сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.
Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына туған
тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып,
қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен
Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ 
халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше.  Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе
жатқан халқымыздың ауыз әдебиеті – мектепке дейінгі жастағы балалардың ой
өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға тигізетін
пайдасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің маңызы
Балаларға арналған көркем мәтіндердегі бейнелі сөздерді үйрету жолдары
Аңыз ертегілері
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
Монолог кітап стилінің тілі
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тіл дамытуы
Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту
ОҚУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі
Пәндер