ГОБЕЛЕН ТОҚУДА ЕСКЕРТКІШТЕР МҰРАСЫ КОМПОЗИЦИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ (Абылай хан)


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Диплом жұмысы

ГОБЕЛЕН ТОҚУДА ЕСКЕРТКІШТЕР МҰРАСЫ КОМПОЗИЦИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ (Абылай хан)

Мамандығы 5В040700 - «Сәндік өнер»

Студент Битұрсынова Әсия

Ғылыми жетекшісі,

п. ғ. д., профессор Ералин Қ. Е.

Қазақстан Республикасы

Түркістан-2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді:

Бейнелеу өнері кафедрасының

меңгерушісі, п. ғ. к., доцент м. а.

Әуелбеков Е.

«___»2015 ж.

Диплом жұмысы

ГОБЕЛЕН ТОҚУДА ЕСКЕРТКІШТЕР МҰРАСЫ КОМПОЗИЦИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ (Абылай хан)

Мамандығы 5В040700 - «Сәндік өнер»

Студент Битұрсынова Әсия

Ғылыми жетекшісі,

п. ғ. д., профессор Ералин Қ. Е.

Қазақстан Республикасы

Түркістан-2015

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ГОБЕЛЕН ТОҚУДА ЕСКЕРТКІШТЕР МҰРАСЫ КОМПОЗИЦИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ . . . 7

1. 1 Гобелен өнерінің дамуы . . . 7

1. 2 Гобелен шығармашылығындағы композиция . . . 27

1. 3 Абылай хан композициясын орындау . . . 48

2. ЕСКЕРТКІШТЕР МҰРАСЫ КОМПОЗИЦИЯСЫН ТОҚУ . . . 55

2. 1 Ескерткіштер мұрасы композициясының шешімі . . . 55

2. 2 Ескерткіштер мұрасы гобелен композициясын тоқу әдістері . . . 62

2. 2 Гобелен үйірмесі . . . 66

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 72

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 73

ҚОСЫМШАЛАР . . . 79

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 12қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауында: Қазақстан 2050 бағдарламасындағы ұсынынған стратегиялық бағыттарының бірі білім беруге арналған, онда сапалы мамандар даярлауға баса назар аударылған. Оның жүзеге асырылуы оқытушылардың сапалы даярлығында және олардың өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауын баса көрсеткен. Осындай жаңа талаптар негізіндегі дайындық ұстаздардың жоғары шығармашылық шеберлігі мен адамдық ресурстарды тиімді пайдалануы нәтижесінде ғана жүзеге асатындығы айқындалған [1] .

Қазақстан Республикасының жоғары білім беру саласында білімді терең меңгерген мамандарға деген сұраныстың артуы мен оларды даярлаудағы әдістемелік білімділігі мен қабілеттілігі, біліктілігінің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және мамандардың даярлығын білім стандарттарының мазмұнына ылайық жетілдіру өзекті мәселе болып табылады. [2]

Көркемдік білім берудегі қазіргі заманғы тәжірибелерді саралау барысы бағдарлы оқытудың басты бағытын анықтауға ықпал етеді, жоғары сынып студенттерінің жеке қызығушылықтары мен танымдық қажеттіліктерін, өмірдің өзекті тұстарын пайымдауына, келешекте олардың өнер түрлерінен жоғары оқу орындарда білім алуға бағытталуына әсер ету.

Болашақ мұғалім тұлғасын дайындаудың сапалық жақтары М. Ж. Қозыбаков[3], Қ. Е. Ералин[4], Қ. Ж. Әмірғазин[5] және т. б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.

Көркемдік-эстетикалық тәрбие беруді барынша дамытуға, cтуденттердің өнерге деген қызығушылығын қалыптастырудың мәселесіне назар аударған ғалымдар Қ. К. Болатбаев[6], Б. И. Ижанов[7], Д. А. Кемешов[8], Қ. Е. Ералин[9], еңбектерінде ұлттық өнер негізінде суретшілердің көркемдік білім беру эстетикалық тәрбие беруге суретшіні даярлаудың теориясы мен практикасы зерттеліп, маңызы ашылып көрсетілген.

Ғылыми педагогикалық еңбектерді талдау нәтижелері бүгінгі күнге дейін көркемдік білім беру үдерісінде картина композициясын түстік үйлесімділік тәсілдері арқылы орындау мәселесі бейнелеу өнерін оқыту теориясы мен практикасында жеткілікті көрініс таппағандығын айқындайды. Картина композициясын түстік үйлесімділік тәсілдері арқылы орындау мәселелеріне қатысты қарама-қайшылықтар кездесетіндігі көрінді. Олар, картина композициясын түстік үйлесімділік тәсілдері арқылы құрастыру оқыту тәжірибесінде кеңінен қолдану қажеттігі мен оның тәжірибеде қолданылмауы арасындағы қайшылықтар болып табылады. Осы аталған қайшылықтарды шешу бағыты зерттеу тақырыбын «Гобелен тоқуда ескерткіштер мұрасы композициясын тиімді пайдалану» -деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу мақсаты: Гобелен тоқуда ескерткіштер мұрасы композициясын тиімді пайдалану өнертанымдық әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оның нұсқауларын жасау.

Зерттеу нысаны: Гобелен тоқуда ескерткіштер мұрасы композициясын тиімді пайдалану үдерісі.

Зерттеу пәні: Гобелен тоқуда ескерткіштер мұрасы композициясын тиімді пайдалану тәсілдері .

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, гобелен тоқуда ескерткіштер мұрасы композициясын тиімді пайдалану тәсілдері анықталса, онда композицияны колориттік үйлесімділікте орындау ұтымдылығы артады; ал бұл болса, композицияны орындауды жаңа шығармашылық сапалық көрсеткіштерге көтерілетін болады.

Зерттеу міндеттері:

- Гобелен тоқуда ескерткіштер мұрасы композициясын тиімді пайдалану тәсілдерін айқындау;

- Гобелен тоқуда ескерткіштер мұрасы композициясын тиімді пайдалану әдістерін табу;

- Гобелен тоқуда ескерткіштер мұрасы композициясын тиімді пайдалану әдістемесін дайындау;

Зерттеудің жетекші идеясы: Гобелен тоқуда ескерткіштер мұрасы композициясын тиімді пайдалану тәсілдері жүзеге асыру нәтижесінде композиция құрылымы мазмұнды болады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне: жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға қатысты тұжырымдар, көркем-эстетикалық талғам қалыптастыруға, көркемдік білім мен дағдыларды игеруге жүйелі қатынасты және оның жүйеге келтірілген мәдениеттану, өнертану, көркемдік-эстетикалық педагогикалық, психологиялық тұжырымдамалары алынды.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының заңдары, Конституциясы, Ғылым мен білім министрлігінің тұжырымдамалары, кешендері, бағдарламалары, философтардың, психологтардың, педагогтардың тарихшылардың, этнографтардың, өнертанушылардың еңбектері, өнер шеберлерінің этнодизайн бұйымдары, суретшілер шығармалары, ұлттық мәдени мұралар, автордың жеке өзінің педагогикалық тәжірибесі болып табылады.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-этнографиялық мұражайларындағы қазақ гобелен мұраларына, шет ел бейнелеу өнеріне, көрмелер мен суретшілер шығармаларына, археологиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге, әдістемелік инновациялық құралдарға теориялық сараптау жасау, педагогикалық тәжірибе нәтижесіне математикалық, статистикалық талдаулар жасап, баға беру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

- Гобелен тоқуда ескерткіштер мұрасы композициясын тиімді пайдалану тәсілдері айқындалды;

Зерттеудің практикалық мәні: Гобелен тоқуда ескерткіштер мұрасы композициясын тиімді пайдалану тәсілдері көрсетілген картина жасалды.

Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарындағы сәндік өнер мамандығы студенттеріне білім беру жүйелерінде, мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру мекемелерінде, қосымша көркемдік білім беретін оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

1. Гобелен тоқуда ескерткіштер мұрасы композициясын тиімді пайдалану тәсілдері білімділік, іскерлік мазмұнға негізделуі.

2. Гобелен тоқуда ескерткіштер мұрасы композициясын тиімді пайдалану тәсілдері үйрету оқу үдерісін мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, материалдық қамтамасыз етуге негізделуі.

3. Гобелен тоқуда ескерткіштер мұрасы композициясын тиімді пайдалану тәсілдерінің сипаттамасы.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру. Зерттеудің негізгі нәтижелері композиция пәні мен өндірістік тәжірибе кезінде сынақтан өткізілді.

Зерттеу базасы. Тәжірибелік жұмыс А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ -түрік университетінде жүргізілді.

Диплом жұмысының құрылымы, кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу әдістері, негізгі кезеңдері мен базасы, теориялық және практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары баяндалады. «Гобелен тоқуда ескерткіштер мұрасы композициясын тиімді пайдалану» атты бірінші тарауда гобелен өнерінің даму ерекшеліктері, Қазақстан және Орта Азиядағы гобеленшілер шығармашылықтарындағы гобелен композициясын үйлесімділікте орындау шарттары негізделді. «Гобелен тоқуда ескерткіштер мұрасы композициясын тиімді пайдалану жолдары» атты екінші тарауда тәжірибелік шығармашылық жұмысты ұйымдастыру жан-жақты мазмұндалды. Композициясының түстік үйлесімділіктерін табудың әдіс тәсілдері, гобелен тоқу технологиясы берілді.

Қорытындыда зерттеудің нақты тұжырымдары мен ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінен туындаған ұсыныстар берілді.

Қосымшада зерттеу жұмысына қатысты оқу әдістемелік материалдар ұсынылды.

1. ГОБЕЛЕН ТОҚУДА ЕСКЕРТКІШТЕР МҰРАСЫ КОМПОЗИЦИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

1. 1 Гобелен өнерінің дамуы.

Бейнелеу өнерін оқыту үдерісінде әлі де болса шешімін таппай келе жатқан проблемалардың бірі - композиция заңдылықтарын оқыту болып табылады. Бұл мәселенің қарама-қайшылықтары композиция ұғымына кіретін ұғымдардың жүйеге келтірілмеуі, терминдерінің тұрақсыздығы мен ретсіздігінің болуы, олардың оқу материалы ретінде жинақталған жүйеге жүйесінің болмауы, композиция негіздерін оқыту бағдарламасын жасау қажеттілігі және оның болуымен сипатталады.

Ғылыми, өнертанымдық, педагогикалық және анықтамалық әдебиеттердегі композицияға қатысты материалдарды сараптау бізге композицины оқытуға байланысты материалдарды екі бағытқа бөліп қарау қажеттігін көрсетті. бірінші мәселе - композицияның негізін құрайтын ұғымдарды, терминдер мен түсініктерді анықтап, оларды жүйеге келтіру, ретсіздігін жою; екінші мәселе - композицияны оқыту бағдарламасын жасап, оның құрамына кіретін жаттығуларды анықтау болып табылады.

Композиция ұғымын кең көлемде анықтау үшін суретшілердің, өнертанушылардың, суретші педагогтардың еңбектеріне талдау жасау қажеттігі туындайды. Бұл еңбектердегі жазылған ой-пікірлер композиция ұғымының ауқымын анықтап, оларды мазмұнына қарап жіктеме жасауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар композиция жасау үдерісінде атқарылатын шығармашылық қызмет сипатын анықтауға жәрдемдесті.

Сурет өнерін оқытудың негізін салушы ғалым - педагог Н. Н. Ростовцев сурет композициясына байланысты бағалы пікірлер айтса, суретші-пчихолог табиғат сұлулығы мен өнердегі сұлулықты танудағы композицияның орнының ерекше екендігін көрсеткен. Суретші - педагог дизайнер Б. П. Нешумов көлемді заттардың формасын жобалаудағы негізгі тірек рөлін композиция атқаратынын айтқан.

Педагог ғалым Е. В. Шороховтың «Композиция» атты еңбегінде композицияның негізгі ұғымдарры ретінде натюрморт, портрет, пейзаж, композицияларынынң түрлері атап өтіледі. Сонымен қатар онда тақырыптың шығарма композициясы, графика, кескіндемеғ мүсін, сәндік гобелен композициясы атты композицияның негізгі ұғымдары мен түсініктері беріледі. Станоктың композиция мен монументтік шығарма композицмясына талдаулар жасап көрсетеді. Суреттгі педагог М. Мусаевтың зерттеулерінде композициясын оқыту мәселелері ретінде симметрия, ритм, тұтастық заңдылықтары алынады. Суретші педагог Р. Мизанбаевтың еңбегінде тұтастық заңдылығы кескіндеме шығармаларының композициясын құраудағы басты тірек ереже ретінде танылады. Суретші - педагог ғалым Ж. Балкеновтың еңбегінде симметрия, ассиметрия, ритм, динамикалық композиция, статикалық композиция ұғымдарының мәнін ашып, оларды оқыту мәселелеріне ерекше мән береді. Мектеп оқушыларына осы ұғымдарды меңгерту назар аударылады.

Суретші педагог М. Тәңірбергеновтың еңбектерінде графика композициясына қатысты графикалық композиция, ксилография, линогравюра, офорт, эстамп, эксливрись шығармаларының композициясы терминдеріне сипаттамалар беріледі. А. Ералина еңбектерінде сәндік гобелен шеберлері шығармашылығына байланысты атаулар мен терминдерге аннықтамалар беріледі.

Белгілі ғалым Г. Б. Беданың еңбектерінде кескіндеме композициясының ерекшеліктері ашылып көрсетілсе, Д. Кемешовтың еңбектерінде қыш бұйымдарын жасаумен оның технологиясына байланысты мәселелер ашылып көрсетеді. Белгілі гобелен зерттеушісі, ою-өрнек шебері белгілі Ғ. Иляевтің өмірі мен шығармашылығына арналған еңбекте өнертанушы Ғ. Мақажанова өсімдік тектес ою-өрнектер композициясы, геометриялық өрнектер композициясы, аспан әлемі денелеріне ұқсас ою-өрнектер композицияларына талдау жасап, композиция туралы мәліметтердің шеңберін көбейте түседі.

Суретші педагог Қ. Тастемиров гуашь техникасы бойынша кескіндеме жазу туралы еңбегінде «гуашь шығармасының композициясы» ұғымына талдау жасай отырып, осы техника мен композицияның байланысын ашып көрсетеді. Суретші В. Козловтың еңбектерінде текстиль бұйымдарының композициясы ұғымдарын қарастырса, М. Өмірбекованың еңбектерінде қазақ ою-өрнектерінің композициясын талдауға көңіл бөлген. Ұ. Әбдіғаппарованың еңбектерінде қазақ ою-өрнектерінің композицияларының қолданысына талдаулар жасаған. Туркиялық ғалым Ө. Займоглу гобелен өнерінің композициясын зерттеу нысаны ретінде алған.

Мәдениеттанушы ғалым Ә. Тәжімұратовтың еңбегінде қазақтың гобелен, бау, басқұр, тұскиіз, сырмақ бұйымдарының көркемдік ерекшелігінің бірі оның дәстүрлі композицияға негізделетінін жазған.

Өнертанушылар Г. Сарықұлова, К. Ли еңбектерінде гобелен өнерінің шығармаларының композициясын талдау барысында «гобелен композициясының» ерекшелігі мен гобелен композициясымен айырмашылығына тоқталып олардың мәнін ашып көрсеткен.

Педагог ғалым С. Аманжоловтың еңбектерінде жасөспірімдердің шығармашылығының композициясының ерекшелігіне тоқталып, оларда композиция ұғымын Гобеленптастырудағы бейнелеу қызметінің ерекшеліктерін ашып көрсетеді.

С. Қасимановтың еңбегінде қазақ халқының гобеленіне ағаш өңдеу бұйымдарының, металл өңдеу бұйымдарының, қыш өңдеу мен тері өңдеу бұйымдарының дәстүрлі композициясы туралы айтылады.

Суретші педагог Қ. Ералиннің еңбектерінде композицияны бірнеше бағыттарға бөліп былай жіктеме жасаған: графика композициясы, кескіндеме композициясы, мүсін композициясы, гобелен бұйымдарының композициясы, станоктық шығарма композициясы, монументтік шығарма композициясы, тақырыптық шығарма композициясы, гобелен композициясы, гобелен композициясы, гобелен композициясы, ши тоқу композициясы, тұскиіз композициясы, сырмақ композициясы, кесте композициясы, құрақ композициясы, зергерлік өнер композициясы, киім композициясы, көлік композициясы, жиһаз композициясы, жарнама композициясы, ою-өрнек композициясы, ландшафт композициясы, интерьер композициясы, сәулет композициясы атаулары мен терминдерінің мәні ашылып көрсетіледі.

Ғылыми өнертанымдық әдебиеттерде композицияның түрлерін графика, кескіндеме, мүсін, гобелен өнері, дизайн композицияларына бөліп қарастырылады. Графика мен кескіндеме композициялары жазықтық бетіне орындалуымен ерекшеленетін болса, мүсін мен гобелен өнерідің көлемді бұйымдаррының композициясы кеңістіктк сипатымен, жан-жағынан көрінетін көлемді болуымен сипатталады. Гобелен өнерідің гобелен, гобелен, ши, гобелен, кесте, т. б. сол сияқты бұйымдардың жазықтық бетіндегі көріністер бейнелерінің өзіндік композициялық заңдылықтарға сәйкес үйлесімі табылады. Дизайн шығармаларының бірқаттары жазықтық бетінде орналасатын болса, (жарнама дизайны, графикалық дизайн т. б. ), бірқатар шығармалар жобасы, (жиһаз, киім, сәулет, көлік т. б. ) көлемді-кеңістікті болуымен сипатталады. Мұнан шығаратын қортынды композицияның кейбірі жазықтық бетіне орналасса, кейбірі көлемді кеңістікті, (үш өлшемді) болып жіктеледі. Сондықтан композицияның екі типі орын алады. Бірі - көлемді композиция, екінші жазықтықта - бейнелі композиция.

Композиция жасау барысында өнер шебері белгілі заңдылықтарға сүйенуі тиіс. Бұларды композиция заңдылықтары деп атайды. Бұл заңдылықтар сақталмаған жағдайда шығарма тартымсыз, қарадүрсін, қызғылықсыз болып шығуы мүмкін. Бұл заңдылықтарды былай сипаттауға болады.

Тұтастық заңдылығы. Бұл заңдылық бойынша композициядағы бейнелер мен формалар бір-бірімен байланыста болуы тиіс. Композициядағы әрбір бейненің жоғалмайтындай, орны болады, оны алып тастаса композицияның мәні толық ашылмай қалады.

Композициядағы әрбір нүкте, сызық, бейне белгілі-бір мәндік жүктемені көтеріп тұруы тиіс. Композицияда сонымен қатар артық нүкте, сызық, бейне, форма болмауы қажет. Егер олардың бірі арты болса, онда композиция негізгі шығармашылық ойды ашуға кедергі келтіруі мүмкін.

Композиция элементтері. Композицияда негізгі ойды білдіретін негізгі элемент (нүкте, сызық, бейне, форма) және қосалқы ойды білдіретін қосымша элементтері болады. Композициядағы барлығы негізгі элемент немесе барлығы бейнелер қосалқы элемент бола алмайды. бұлардың екеуі де композицияда болуы тиіс.

Симметрия заңдылығы. Жазықтық бетіндегі бейне немесе кеңістіктегі форма бөлшектері симметрия заңдылығына сәйкес орналастырылады. Картина жазықтығын шартты түрде ортасынан ойша бөлгенде олардың екі жазығының да көріністер салмағы тек шамалас болады. Бірақ бірінің саомағы артықтау, бірі кемдеу болуы мүмкін. Көлемді композиция жайында да осыны айтуға болады. Бұл заңдылықпен жұмыс жасауға үйрену үшін ең қолайлы мүмкіндік, геометриялық формалардың көрінісін қағаз бетіне орналастыруға үйрену, симметрияға қарама-қарсы құбылыс ассиметрия деп аталады. Ассиметрия құбылысын абстрактылық картиналардан байқауға болады. Бұндай картиналарда бейнеленуші көріністердің тепе-теңдігін сақтау қатаң талап етіле бермейді.

Негізгі композициялық элемент. Негізгі ойды білдіретін бейнені немесе форманы айқындап көрсету. Негізгі ойды көбінесе негізгі бейне көрсетеді. Ол композициялық негізгі элемент болып табылады. Бұл композициялық негізгі элемент негізінен картина жазықтығының ортаңғы бөлігінде орналасады. Бұл элементтің картна жазықтығының ортасына қатал түрде орналасуы шарт емес. Ол басқа бейнелердің орналасуы сипатына қарай орталықтық оң немесе сол жағына, төмен немесе жоғарғы бөлігіне орналасуы мүмкін. Біз оның бір шетін ғана орталыққа жанасатындай орналастыруымыз да мүмкін.

Қосалқы ойды білдіретін элемент. Композицияның қандай түрі болмасын негізгі композициялық элементінің болатыны сияқты, ол қосалқы элементсіз болмайды. Суретші Ә. Қастеевтің «Түрксиб» картинасындағы негізгі элемент келе жатқан поездің бейнесі болса, қосалқы элементтер ретінде аттылы адамдар мен жаяу адамдар болып табылады. Егер осылардың біреуін ойша алып тастасақ композицияның тұтастығы бұзылады. Ой түсініксіз болып қалуы мүмкін. Сондықтан негізгі композициялық элемент пен қосалқы композициялық элементтер бірінсіз бірі болмайды. Оларды белгілі бір байланысқа құрылатын заңды нәрсе. Бұл заңдылық гобелен, гобелен, ши, гобелен, тұскиіз бұйымдарының композициясында айқын көрініс табады. Мысалы гобеленнің композициялық ортасында бірнеше шатыргүл өрнектері берілген болса, қосалқы элементтері ретінде, гобеленнің жиектеме өрнектері мен шатыргүлдің сыртындағы, жиектеме өрнектерінің ішінде орналасқан ою-өрнектер жиынтығы қосалқы композициялық элементтерді құрайды.

Қозғалыс және қайталанбау заңдылығы. Жазықтық бетіндегі нүктелер, сызықтар немесе бейнелер қозғалыстарында қайталаулар болмауы тиіс. Бұлардың сол күйінде қайталануы, композицияның сапасын төмендетеді. Қызығушылық пен тартымдылық азая түседі. Дақтар, сызықтар бағыттары бейнелер қозғалысы түрленіп тұруы тиіс. Мысалы бірінші дақ пен екінші дақтық, бірінші сызық пен екінші сызық бағыты, көлемі, ара қашықтығы, формасы мен түсі жағынан бір-біріне ұқсамауы тиіс. Егер мұндай формадағы қайталану гобелен өнері композициясында ғана болуы мүмкін. Графика, кескіндеме, мүсін, дизайн шығармаларындағы мұндай қайталанулар шығарманың көркемдік сапасын түсіріп, қызығушылық пен тартымдылықты төмендетеді. Қабылдау белсенділігін бәсеңдеуіне алып келеді.

Кеңістік сипаты және картина форматын таңдау. Картина форматының тігінен, көлденеңінен немес көлденеңінен созылыңқы болып алынуы бейнеленген көрініс нысандарының кеңістіктегі орналасуы мен шығармашылық оймен байланысты болады. Егер суретші қара ағаштың басындағы құстың ұясы мен ұшып жүрген құстарды көрсеткісі келсе картина форматын тігінен орналастырады, жерді бейнелеуге аз орын бөлініп, аспанды бейнелеуге көп орын беріледі. Ал шығармада жер мен тауды көрсету қажет болса, аспанды бейнелеуге картина жазықтығының тек жартысынан көбірек мөлшерде орын беріледі. Бұл әртүрлі жағдайларға байланысты әртүрлі композициялық шешімін табады.

Горизонт сызығы. Реалистік тұрғыда жазылған картналарда міндетті түрде горизонт сызығы беріледі. Горизонт сызығы әр уақытта суретшінің көз деңгейімен сәйкес келеді. Горизонт сызығы екінші жағынан аспан мен жердің шекарасын білдіреді. Суретшінің көз деңгейі мен аспан мен жердің шекарасының деңгейлес келуі заңды құбылыс. Абстрактылық бағытта салынған картинада горизонт сызығы болмауы да мүмкін. Реалистік тұрғыда салынған картинада әсіресе табиғат көріністерін бейнелеуде біреулерінде аспанды бейнелеуге, кейбіреулерінде жерді бейнелеуге көбірек беріліп отырады. Бірақ екеуіне бірдей орын берілуге болмайды. Мұндай жағдай картинаның тұтастығын бұзады. Картинаны қабылдау кезінде оны екіге бөліп алуға болатындай болып, байланыс жоғалады. Сондықтан осылардың біріне басымдық беріледі.

Түстердің бірлігі ен тұтастығы. Картинадағы түстер жылы немес суық түстердің бірлігіне құрылады. Бұл табиғат құбылыстарымен тығыз байланысты анықталады. Мысалы таң алдындағы мезгілдегі көріністе көкшіл түстер суық түстер басым болса, кешкі мезгілдегі түстер қызыл, қызыл қоңыр, сары, яғни жылы түстер басым болады. Жылы түстердің арасындағы азғана суық түстер қабылдау кезінде басым түстердің ықпалына қалады. Осы жағдайлар ескеріле келе картина колориті (түстер үндестігі) жылы колорит болып жіктеледі. Композиция жасау барысында шығармашылық тұлға бұл құбылыс ерекшелігін ескеруі тиіс.

Перспектива құбылысы. Композиция перспектива құбылысымен байланысты. Композиция жасау барысында суретші перспектива заңдылықтарына сәйкес әрекет атқарады. Перспектива заңдылығы бойынша көрушіден алыстаған сайын заттар мен құбылыстардың өлшемдері біртіндеп кішірейіп көрінеді, жақындаған сайын үлкейіп көрінеді. Заттардың түстері көрушіден алыстаған сайын өзгеріп, бұлынғыр бола түседі, түстердің қанықтығы азая бастайды. Алыстағы заттардың түстері өзгеріп көгілдір бояулар басым болып көрінеді. Композиция жасау барысында суретші осы құбылыстарды көрсетуі тиіс болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ХХ ғасырдағы өнердің жаңа бағыттары
Бейнелеу өнеріндегі көркемдік дәстүр жалғастығы мен жаңа бағыттар
«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері
Көшпенділер сән үлгілеріндегі ерекшеліктері
Гобелен тоқу технологиясы
Гобелен өнерінің даму ерекшеліктері
Ши тоқуда «гүлдер әлемі» композициясын түстік үйлесімділікте орындау тәсілдері
Қазақ халқының киіз басу өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz