Мақта саласындағы агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіру) және типтік шаруашылық моделінің экономикалық негіздері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Мақта саласы және агроқұрылымдардың қазіргі жағдайын талдау ... ... .4
1.1. Қазақстанның оңтүстігінде мақта саласына мамандандырылған агроқұрылымдардың қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. «Мырзакент» корпорациясы ЖШС әріптестік қатынастағы шаруа (фермер) қожалықтарының параметрды зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

2. Агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіруді) ұйымдастырудың .экономикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.1. Оңтайландырудың (ірілендірудің) ғылыми . теориялық негіздеріне шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2. Суармалы жердегі агроқұрылымдарды ірілендірудің қағидаттары мен тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.3. Ірі агроқұрылымдардың артықшылықтары: «Кетебай» ӨК және «Хает» қауымдастығының жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

3. Оңтайландырылған (ірілендірілген) мақта өсіретін агроқұрылымдардың типтік моделі параметрлерінің жобасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3.1. Оңтайландырылған агроқұрылымдардың параметрлері мен егістік құрылым жобасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3.2. Оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрлымдарда мал шаруашылығын дамыту жобасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Кіріспе

Елімізде ауылшаруашылық саласын реформалау мен оны нарықтық қатынастарға ендіру «Қазақстан-2030» стратегиясына және бірқатар заңнамалар негізінде Үкімет бекіткен стратегиялық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылып келеді. [1]
Қазіргі кезде көпукладты агроқұрылымдарға жеке меншіктегі еркін кәсіпкерлік негізінде өндірісті ұйымдастыру үшін бірқатар заңнамалық және нормативтік базалар жасалған. Бірақ қалыптасқан агроқұрылымдар бәсекеге қабілетті және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына толыққанды мүше болуы мен еліміздің дамуының жаңа кезеңінде әлем рыногындағы жаһандану құбылыстарына сәйкес ұйымдастыру- экономикалық тұрғыдан бірқатар қайта құруларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» айдарымен жарияланған Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңіндегі ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды отыз бағыты айқындалған. Осы бағыттардың төртіншісінде: «ҚазАгроның» негізгі міндеті – ауыл шаруашылығының өнімділік деңгейін көтеру, жердің тозуының алдын алу, еліміздің су және басқа табиғи ресурстарының пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ескірген аграрлық технологиялардың қолдануына, аграрлық ғылымның кенжелеп дамуына тосқауыл қою, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мәселелерін жүйелі түрде шешу екендігін атап айтқан. [2] Президент атап өткен проблемалардың мақта саласында тікелей қатысы бар.
Аумақта экономикалық реформаларды жүзеге асыруда кейбір объективті және субъективті себептерге байланысты мақта шаруашылығы-мен айналысатын өңірдің табиғи –климаттық жағдайы суармалы жердің ерекшеліктеріне мамандандырылуы, тағы басқалар ескерілмеген. Осындай себептердің нәтижесінде мақта кешенінде шаруашылықты ұйымдастырудың біртұтас экономикалық механизмін қалыптастыру баяу жүзеге асырылуда.
Қазақстанның Оңтүстігінде негізінен техникалық дақыл –мақта өсіріледі. Оның жер көлемі 200 мың гектардан артық суармалы жерді алып жатыр, жалпы ауылшаруашылық өнімі құрылымындағы құны бойынша оның үлес салмағы 40% тең. Ілгергі колхоз, совхоздарға тиісті жер және мүлік жекешелендіруден соң бөлінген пай үлестері өлшемлерінің негізінде құрылған шаруа (фермер) қожалықтары ұсақ тауарлы болып қалыптасты.
Егістік жер көлемінің ұсақтығы (2-3-5га) оның контурларының шектеулі болуы, негізгі құралдардың және қаржының , жалпы өнімнің одан алынатын табыс мөлшерінің аздығы қазіргі замандағы бәсекелестікті арттырудың негізгі болып тұрған инновациялық жаңалықтарды, техникалық жетістіктерді, жоғары өнімділікпен жұмыс атқаратын техниканы агроөндіріске кең түрде ендіру әлеуеті арасында қарама-қайшылықтар туындатып отыр. Сондай-ақ ұсақ тауарлы шаруа (фермер) қожалықтары қаржы тапшылығынан жаңа техниканы сатып алуға немесе лизингке алуға, озық технологияны қолдану мүмкіндіктерінеде ие емес. Ұсақ агроқұрылымдарға қымбат бағалы техниканы сатып алу мен оны пайдалану экономикалық жағынан тиімсіз. Себебі техниканы жылдық нормативтік жүктемемен қамтамасыз ету, тиімді пайдалану проблемалары туындайды. Бірқатар агротехникалық операциялар ескі қарапайым әдістермен көбінесе тозығы жеткен техника күшімен немесе қол еңбегімен орындалады. Осыған орай олар дер кезінде, толық көлемде және сапалы орындалмайды. Артық өндірістік шығындар жұмсалады, еңбек өнімділігі және өндірістің соңғы нәтижелері төмен көрсеткіштермен аяқталады.
Ұсақ тауар өндірушілер өзін-өзі қаржыландыру арқылы ұдайы дамыған өндірісті ұйымдастыруға және бәсекеге қабілетті болуға дәрменсіз болып қалыптасады.
Осындай өндірістік –экономикалық қарама-қайшылықты оңтайлы шешудің жолы: шаруа (фермер) қожалықтарын өз еріктерімен біріктіру арқылы ірілендіру, яғни орта және ірі параметрлі шаруашылық бірліктеріне айналдыра отырып жаңа техниканы, технологияны қолданудың өндірістік –экономикалық әлеуетін нығайту проблемаларын қарастыру.
Біздің зерттеулеріміз бен ізденістеріміздің мақсаты- суармалы жерге мамандандырылған мақта шаруашылығындағы ұсақ агроқұрылымдарды біріктіру арқылы оңтайландырудың (ірілендірудің) экономикалық негіздері мен мақта саласындағы типтік шаруашылықтар моделінің жобасын ұсыну.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.Ә. Назарбаев.Қазақстан халқына Жолдауы: Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы, «Егемен Қазақстан», ақпан 2006жыл
2. Н.Ә. Назарбаев.Қазақстан халқына Жолдауы: Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. «Егемен Қазақстан», 1 наурыз, 2007ж
3. Агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша Республикалық Кеңесте мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген сөзі. «Егемен Қазақстан», 5 наурыз, 2007ж
4. А.В. Чаянов «Шаруа қожалығы», Москва., Экономика., 1989г
5. Л. Милов., Үдерістің ерекшеліктері және ұлы орыс жер жыртушысы., Москва., 2006ж
6. Молдашев А.Б. және басқалар МҚМ АӨК ЭҒЗИ., Ауылшаруашылық кәсіпорындарының орта және ірі тауарлы құрылымдардың ұйымдық- экономикалық негіздері (ұсыныстар)., Алматы., 2004
7. Ли Тен Хан және басқалар., «Пахтаарал»., «Қайнар» Алматы., 1979ж
8. И. Үмбетаев., Ж. Батькаев., Қазақстанның Оңтүстігінде қоза баптау жүйесі., «Құс жолы», Алматы, 2000ж
9. Ш.Көпешов., Мақта өндірудің экономикасы., Қайнар., Алматы., 1975ж
10. Б.Серіков., Мақташыға көмек., “Талант”., Алматы, 2002ж
11. Б.Серіков. Мақта өндірісінде кәсіпкерлікті ұйымдастыру және жоспарлау., Fzints., Шымкент., 2004ж
12. ҚР статистика агенттігі., Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамалығы., Алматы., 2006ж.
13. ОҚО статистика агенттігі, ОҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы, Шымкент., 2000-2005 ж.ж
14. Ауылшаруашылық жерлерін ағылшын әдісімен сату туралы хабарлама., «Мақтаарал» № 32-33, 11 тамыз, 2006 ж
15. «Кетебай» ӨК және «Хает» шаруа (фермер) қожалықтарының Жарғылары, бухгалтерлік балансы және салық деклорациялары 2001-2005 ж.ж.
16. Ливерпуль тауар биржасындағы А.Котлук индексі 1993-2005ж.ж. Жаршы., № 10., Алматы 2006ж

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Мақта саласындағы агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіру) және типтік
шаруашылық моделінің экономикалық негіздері

Мазмұны

Кіріспе ----------------------------------- ----------------------------
---------3
1. Мақта саласы және агроқұрылымдардың қазіргі жағдайын талдау---------4
1.1. Қазақстанның оңтүстігінде мақта саласына мамандандырылған
агроқұрылымдардың қалыптасуы------------------------- -----------------------
-------4
1.2. Мырзакент корпорациясы ЖШС әріптестік қатынастағы шаруа (фермер)
қожалықтарының параметрды зерттеу---------------------------- ---------9
2. Агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіруді) ұйымдастырудың
–экономикалық негіздері.------------------------- ---------------------------
-------------11
2.1. Оңтайландырудың (ірілендірудің) ғылыми - теориялық негіздеріне шолу--
----------------------------------- -----------------------------------------
------------11
2.2. Суармалы жердегі агроқұрылымдарды ірілендірудің қағидаттары мен
тәжірибесі.----------------------------------- ------------------------------
-----------------13
2.3. Ірі агроқұрылымдардың артықшылықтары: Кетебай ӨК және Хает
қауымдастығының жетістіктері----------------------- -------------------------
--------15
3. Оңтайландырылған (ірілендірілген) мақта өсіретін агроқұрылымдардың
типтік моделі параметрлерінің жобасы----------------------------- ----------
-------24
3.1. Оңтайландырылған агроқұрылымдардың параметрлері мен егістік құрылым
жобасы----------------------------------- -----------------------------------
----24
3.2. Оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрлымдарда мал шаруашылығын
дамыту жобасы----------------------------- --------------------------30

Қорытынды ----------------------------------- -------------------------------
---------------33

Пайдаланылған әдебиеттер------------------------- ---------------------------
----------37

Кіріспе

Елімізде ауылшаруашылық саласын реформалау мен оны нарықтық
қатынастарға ендіру Қазақстан-2030 стратегиясына және бірқатар заңнамалар
негізінде Үкімет бекіткен стратегиялық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылып
келеді. [1]
Қазіргі кезде көпукладты агроқұрылымдарға жеке меншіктегі еркін
кәсіпкерлік негізінде өндірісті ұйымдастыру үшін бірқатар заңнамалық және
нормативтік базалар жасалған. Бірақ қалыптасқан агроқұрылымдар бәсекеге
қабілетті және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына толыққанды мүше
болуы мен еліміздің дамуының жаңа кезеңінде әлем рыногындағы жаһандану
құбылыстарына сәйкес ұйымдастыру- экономикалық тұрғыдан бірқатар қайта
құруларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә.
Назарбаевтың Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан айдарымен жарияланған Қазақстан
халқына арналған Жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңіндегі ішкі және
сыртқы саясатындағы аса маңызды отыз бағыты айқындалған. Осы бағыттардың
төртіншісінде: ҚазАгроның негізгі міндеті – ауыл шаруашылығының өнімділік
деңгейін көтеру, жердің тозуының алдын алу, еліміздің су және басқа табиғи
ресурстарының пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ескірген
аграрлық технологиялардың қолдануына, аграрлық ғылымның кенжелеп дамуына
тосқауыл қою, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру
мәселелерін жүйелі түрде шешу екендігін атап айтқан. [2] Президент атап
өткен проблемалардың мақта саласында тікелей қатысы бар.
Аумақта экономикалық реформаларды жүзеге асыруда кейбір объективті
және субъективті себептерге байланысты мақта шаруашылығы-мен айналысатын
өңірдің табиғи –климаттық жағдайы суармалы жердің ерекшеліктеріне
мамандандырылуы, тағы басқалар ескерілмеген. Осындай себептердің
нәтижесінде мақта кешенінде шаруашылықты ұйымдастырудың біртұтас
экономикалық механизмін қалыптастыру баяу жүзеге асырылуда.
Қазақстанның Оңтүстігінде негізінен техникалық дақыл –мақта өсіріледі.
Оның жер көлемі 200 мың гектардан артық суармалы жерді алып жатыр, жалпы
ауылшаруашылық өнімі құрылымындағы құны бойынша оның үлес салмағы 40% тең.
Ілгергі колхоз, совхоздарға тиісті жер және мүлік жекешелендіруден соң
бөлінген пай үлестері өлшемлерінің негізінде құрылған шаруа (фермер)
қожалықтары ұсақ тауарлы болып қалыптасты.
Егістік жер көлемінің ұсақтығы (2-3-5га) оның контурларының шектеулі
болуы, негізгі құралдардың және қаржының , жалпы өнімнің одан алынатын
табыс мөлшерінің аздығы қазіргі замандағы бәсекелестікті арттырудың негізгі
болып тұрған инновациялық жаңалықтарды, техникалық жетістіктерді, жоғары
өнімділікпен жұмыс атқаратын техниканы агроөндіріске кең түрде ендіру
әлеуеті арасында қарама-қайшылықтар туындатып отыр. Сондай-ақ ұсақ тауарлы
шаруа (фермер) қожалықтары қаржы тапшылығынан жаңа техниканы сатып алуға
немесе лизингке алуға, озық технологияны қолдану мүмкіндіктерінеде ие емес.
Ұсақ агроқұрылымдарға қымбат бағалы техниканы сатып алу мен оны пайдалану
экономикалық жағынан тиімсіз. Себебі техниканы жылдық нормативтік
жүктемемен қамтамасыз ету, тиімді пайдалану проблемалары туындайды.
Бірқатар агротехникалық операциялар ескі қарапайым әдістермен көбінесе
тозығы жеткен техника күшімен немесе қол еңбегімен орындалады. Осыған орай
олар дер кезінде, толық көлемде және сапалы орындалмайды. Артық өндірістік
шығындар жұмсалады, еңбек өнімділігі және өндірістің соңғы нәтижелері төмен
көрсеткіштермен аяқталады.
Ұсақ тауар өндірушілер өзін-өзі қаржыландыру арқылы ұдайы дамыған
өндірісті ұйымдастыруға және бәсекеге қабілетті болуға дәрменсіз болып
қалыптасады.
Осындай өндірістік –экономикалық қарама-қайшылықты оңтайлы шешудің
жолы: шаруа (фермер) қожалықтарын өз еріктерімен біріктіру арқылы
ірілендіру, яғни орта және ірі параметрлі шаруашылық бірліктеріне айналдыра
отырып жаңа техниканы, технологияны қолданудың өндірістік –экономикалық
әлеуетін нығайту проблемаларын қарастыру.
Біздің зерттеулеріміз бен ізденістеріміздің мақсаты- суармалы жерге
мамандандырылған мақта шаруашылығындағы ұсақ агроқұрылымдарды біріктіру
арқылы оңтайландырудың (ірілендірудің) экономикалық негіздері мен мақта
саласындағы типтік шаруашылықтар моделінің жобасын ұсыну.

1. Мақта саласы және агроқұрылымдардың қазіргі жағдайын талдау

1.1. Қазақстанның Оңтүстігіндегі мақта саласына мамандандырылған
агроқұрылымдардың қалыптасуы.

Қазақстан Республикасының экономикасын диверсификациялаудың яғни
әртараптандырудың маңызды саласы - агроөнеркәсіптік кешенді жаңа
инновациялық технологиялар негізінде дамыту. Түрлі кластерлер ұйымдастыру
арқылы ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдей отырып бәсекеге қабілетті,
сапалы да, арзан бағалы дайын азық-түлік, мата, киім-кешек тауарлар
өндірісін жүйелі мамандандырудың және қалыптастырудың қажеттілігі артып
барады.
Біз қарастырып отырған мәселе - жеңіл өнеркәсіп өндірісінің және сол
саланың шикізат базасын құрайтын мақта кешенінің проблемалары мен оларды
шешудің жолдары.
Республикалық статистика агенттігінің мәліметтері бойынша жеңіл
өнеркәсіп саласы тұрақты тоқырау жағдайынан шыға алған жоқ. Өнеркәсіп
өнімнің жалпы көлеміндегі сала өнімнің үлесі 1-2% құрайды, персонал саны
азайған, негізгі қызметтен алынған пайдалылық теріс мәнге ие, мата өндіріс-
інің қуатын пайдаланудың деңгейі 22,6% құрайды. 2000-2005 жылдары жеңіл
және тігін өнеркәсіптерінде өндіріс көлемі 37,8 млрд –тан 30,7 млрд.
теңгеге дейін төмендеген. [12]
Бүгінде жеңіл және тігін өнеркәсібі салалары ішкі рынок сұранысының 7-
8% ғана қаматамасыз етеді. Мұның басым бөлігі мемлекеттік бұйыртпа есебінен
қорғаныс, ішкі істер тағы басқа құқық қорғау органдарының арнайы үлгідегі
киімдері құрайды. Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мақта- мата
тауарларымен рыноктың ең кемінде 30% қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар
мамандардың әртүрлі болжамдары бойынша мемлекетімізде азық-түліктен басқа
тауарлар тобы рыногының бір жылдық сыйымдылығы 1,5-3,0 млрд АҚШ долларына
тең. Бұл көрсеткіштің жылдан-жылға жоғарылау тенденциясы байқалады. Осы
көрсеткіштің жартысы киім –кешек рыногын құрайды.
Ағымдағы уақытта кәсіпкерлердің шеттен алып келінетін жеңіл өнеркәсіп
тауарларына жұмсайтын қаржысының мөлшері 1 млрд АҚШ долларынан артық.
Жоғарыда келтірілген сандар елімізде мата, киім-кешекке сұраныстың, рынок
сыйымдылығының едәуір екендігінің айқындайды. Осы рынокты игеру үшін
мақсатты бағдарламаны жүзеге асыру қажет.
Тарихтан белгілі болғанындай, ХVІІІ ғасырда Ресей мемлекеті
өнеркәсібінің дамуы манафактурадан - жіп иіру және мата тоқудан басталған.
Тарихшы Л.Миловтың жазулары бойынша Ресейдің капиталистік қорын жинаудың
болашағын қалау жеңіл өнеркәсіптен басталған, бұл сала капиталдың бастапқы
қорын жинауға айрықша кезеңге мұқтаж болмастан жедел түрде ішкі рынокты
иеленген. [5]
Қытай, Туркия, сондай-ақ Пәкістанда соңғы он жылдағы экономиканың
табысты өрлеуіне және халықтың экономикалық реформаларға әлеуметтік
тұрғыдан тез икемделуіне жеңіл өнеркәсіптің даму әлеуеті негіз болған,
әсіресе өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашудың маңызды рөлі бар.
Қазақстанның Оңтүстік өңірінде осы проблемаларды шешу мақсатында
Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өндірісіне мамандандырылған
агроқұрылымдардың өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне талдау
жасалды.Төмендегі мәліметтер мен ақпараттар аймақтағы қазіргі қалыптасқан
жағдайды сараптауға мүмкіндік береді. [13]

Оңтүстік Қазақстан облысындағы жалпы шаруа (фермер) қожалықтары, соның
ішінде мақта шаруашылығындағылар саны туралы мәліметтер.

1 қаңтар 2005 жыл

кесте - 1
№ Қала, Ауылшаруа-Соның ішінде
аудандар шылық
құрылымдар
ы-ның саны
Белсенді шаруаЖұмыспен Мақташы-лықтаМақта
қожалықтарыныңқамтылғанғы шаруа шаруашы-лығы
саны адам санықожалықтарынында
ң саны қамтылған
адам саны
Шымкент 60 32 87 - -
Арыс 576 529 1627 529 1580
Кентау 123 110 351 110 351
Түркістан 5563 5535 11903 3568 10740
Бәйдібек 1435 1321 2688 350 1040
Қазығұрт 3150 3150 4500 105 312
Мақтаарал 22547 21527 79406 21527 79406
Ордабасы 3806 3650 7041 2107 6321
Отырар 1928 1827 7474 1604 4346
Сайрам 3886 3650 8219 - -
Сарыағаш 7644 7573 11844 3548 10644
Созақ 446 449 611 - -
Төлеби 2609 2552 5470 - -
Түлкібас 3465 3340 6492 - -
Шардара 4775 4742 14924 4475 13425
Облыс 60916 60157 159837 37923 128161
бойынша

Негіз: ОҚО статистика басқармасының мәліметтері негізінде автор
құрастырған.

Облыстық статистика басқармасының шаруа (фермер) қожалықтар-ының
қызметі туралы мәліметтерінде, облыс бойынша 2005 жыл қаңтар айының 1
жұлдызына 67,1 мың шаруа (фермер) қожалығы тіркелген, оның 60,1 (мыңды),
яғни 89,6% белсенді шаруашылықтар қатарына жатады. [13]
Шаруа (фермер) қожалықтарының басым бөлігі Мақтаарал (барлық
шаруашылықтың 33,0%), Сарыағаш (11,4%) аудандарында және Түркістан
қаласында (10,6%) тіркелген.
2005 жылдың 1 қаңтарында белсенді шаруа (фермер) қожалықтарында 159,8
мың адам жұмыс істеді, оның 49,7% Мақтаарал, 9,3% Шардара аудандарының
шаруашылықтарына тиесілі. Облыс бойынша орта есеппен бір шаруа (фермер)
қожалығында үш адам жұмыс істейді.
Төмендегі мәліметтер мен ақпараттар мақта шаруашылығында қалыптасқан
қазіргі өндірістік жағдайды сипаттайды.
Агроқұрылымдар санаты бойынша егістік көлемі, жалпы өнім және өнім
шығымы туралы мәліметтер.

кесте -2
№ Барлығы: 2001 2002 2003 2004 2005 % өсімі
1. Мақта алқабы 183,9 167,8 196,4 219,3 201,2 109,4
мың, га
2. Жалпы өнім, 417,4 360,7 402,7 467,1 465,0 111,4
мың тонна
3. Өнім шығымы, 22,7 21,5 20,5 21,3 23,1 101,3
1 га-дан
центнер
Соның ішінде:
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
1. Мақта алқабы 28,8 22,8 24,0 20,5 16,6 57,6
мың, га
2. Жалпы өнім, 44,3 31,7 29,6 27,1 22,4 50,6
мың тонна
3. Өнім шығымы, 15,4 13,9 12,3 13,2 13,5 87,7
1 га-дан
центнер
Шаруа (фермер) қожалықтары
1. Мақта алқабы 127,3 116,7 162,3 198 182 143,3
мың, га
2. Жалпы өнім, 315,9 261,5 338,0 428,0 440,2 139,3
мың тонна
3. Өнім шығымы, 24,1 22,5 20,9 21,6 24,2 100,4
1 га-дан
центнер
Жұртшылық шаруашылығы
1. Мақта алқабы 27,8 28,3 13,1 4,4 2,1 7,6
мың, га
2. Жалпы өнім, 57,1 67,4 35,1 11,6 2,4 4,2
мың тонна
3. Өнім шығымы, 20,4 23,8 26,8 26,4 11,4 55,9
1 га-дан
центнер

Негізі: ҚР статистика агентінің және ОҚО басқармасының Қазақстанның
қысқаша статистикалық жылнамалығы, ауыл (село) дамуының мониторингінің
негізінде автор құрастырған.
Жоғарыдағы 2- кестеде келтірілгендей, мақта шаруашылығымен
айналысатын ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының егістік жер көлемінің
кемею тенденциясы байқалады.
2001 жылы 19,6 мың га болса, 2006 жылы 16,6га –ға азайған, сөйтіп
тиісінше 84,7% құраған. Яғни, ірі кәсіпорындардан шаруа (фермер)
қожалықтарының бөлініп шығу үрдісі аяқталмаған. Ірі ауылшаруашылық
кәсіпорындарында тұрақты шаруашылық экономикалық жағдайы қалыптаспаған.
Сондықтан олардың экономикалық- қаржылық жағдайы айнымалы, жалпы өнімнің
төмендеуі орын алған.
Жоғарыдағы үдеріске керісінше шаруа (фермер) қожалықтарының мақта
алқабы 127,0 мың гектардан 182,0 мыңға дейін артқан яғни 143,3% га. Бірақ
егістік көлемі ұсақталып қалыптасуда, 1 гектардан алынған өнім тұрлаулы
және өсу тенденциясы байқалмайды, жылдар бойынша ауытқулар бар 2000 жылы
орташа көрсеткіш гектарынан 24,1ц болса, 2003 жылы 20,9 центнерді құраған.
Жұртшылық шаруашылығында мақта алқабының егістік көлемі қысқарған,
2001 жылы 27,8 мың га болса, 2005 жылы 2,1 мың га –ны құраған, яғни 10
еседен астам қысқарған. Мұның себебі үй іргесіне басқа дақылдар (көкөніс,
жеміс-жидек) егілген және шаруа (фермер) қожалықтарының құрамына қосылып
біріккен.

Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өсіретін агроқұрылымдардың егістік
жерлерінің орташа көлемі туралы мәліметтер.

кесте -3
Жылдар
2001 2002 2003 2004 2005 2005 жыл,
2001 га, %
Барлық мақта алқабы, 183,9 167,8 196,4 219,3 201,2 109,4
мың га
Агроқұрылымдар саны 23524 28327 34142 37210 37923 167,1
Орташа егістік көлемі, 7,8 5,9 5,8 5,6 5,1 65,4
га
Соның ішінде:
1. Ауылшаруашылық 19,6 22,8 24,0 20,5 16,6 84,7
кәсіпорындарының мақта
алқабы, мың га
Кәсіпорындар саны 181 167 197 198 205 113,3
Орташа егістік көлемі, 108,2 136,5 121,8 103,5 81,0 74,9
га
2. Шаруа (фермер) 139,1 116,3 162,3 198,0 182,0 130,8
қожалықтарының
мақта алқабы, мың га
Шаруа (фермер) 23343 28160 33945 36928 37923 167,1
қожалықтарының саны
Орташа егістік көлемі, 6,0 4,1 4,8 5,4 4,8 78,3
га
3. Жұртшылық 25,2 28,3 13,1 4,4 2,1 8,3
шаруашылығы мақта
алқабы, мың га
Үй іргесі 60600 62308 31180 9709 6260 10,3
қожалықтарының саны
Орташа егістік көлемі, 0,42 0,45 0,42 0,45 0,34 81,0
га

Негізі: ҚР және ОҚО статистика агенттігі, басқармасы мониторингі
негізінде автор құрастырған.

Жоғарыдағы 3- кестеде келтірілген мәліметтер бойынша мақта өсіретін
агроқұрылымдар егістік көлемі бойынша ұсақ тауарлы шаруашылықтар болып
қалыптасқан. 2001-2005 жылдары барлық санаттағы агроқұрылым-дардың жалпы
мақта алқабы 183,9 мыңнан 201,2 мың га-ға артқан яғни 109,4 %, ал орташа
мақта алқабы 7,8 га-дан 5,1 га-ға дейін азайған, яғни 34,6%. Соның ішінде
ауылшаруашылық кәсіпорындардағы мақта алқабының жалпы көлемі 19,6 мың га
–дан 16,6 мың ға қысқарған, яғни 15,3%, сонымен қатар орташа егістік көлемі
108,2 га –дан 81,0 га-ға, яғни 25,1%. Осы кезеңде шаруа (фермер)
қожалықтарының саны 23343 -тен 37923- ке дейін артқан, яғни 167%, мұндай
үдеріс негізінен шаруа (фермер) қожалықтарының ірі кәсіпорындардан дербес
жер және мүлік үлестерімен бөлініп шығуынан қалыптасқан.
Шаруа (фермер) қожалықтарының мақта алқабы 139,1 мың га-дан 182,0 мың
га-ға артқан, яғни 130,8%, орташа егістік көлемі 6,0 га-дан 4,8 га –ға
кемейген немесе 21,7%, жұртшылық шаруашылығындағы жалпы мақта алқабы 2001
жылғы 25,2 га-дан 2005 жылы 2,1 га –ға яғни 12 есеге қысқарған, үй
іргесінде мақта өсіретін қожалықтар саны 60600 ден 6260-қа яғни 10 есеге
жуық, орташа егістік көлемі 81% қысқарған.
Жұртшылық шаруашылығындағы мақта алқабының қысқаруы негізінен басқа
дақылдар (жүгері, көкөніс, т.б) егу және шаруа (фермер) қожалықтарының
бірігуінің нәтижесінде қалыптасқан.
Оңтүстік Қазақстан облысының мақта саласына мамандандырылған
аудандарының суармалы жерлерінде мақта монодақыл болып қалыптасқан.
Мақтаарал ауданында басқа дақылдардың құрылымдық үлес салмағы 2004-2006
жылдары 11,8-14,4 % аралығында, Шардарада 14,0-15,6%, Түркістанда 18,0-
19,2 % құрады. Мұндай жағдайға мақта өндірісінің жалпы өнімі және оның құны
сәйкес келеді.
Жоғарыда келтірілген агроқұрылымдардың кейбір параметрлері бойынша
көрсеткіштері олардың шаруашылық- өндірістік деңгейін толық сипаттай
алмайды. Өндірістің шоғырлану деңгейі агроқұрылымдарды жалпылама
сипаттайтын көрсеткіш болып табылады. Бұл көрсеткіш ресурстарды пайдалану
нәтижелерін, өндірістік құрылымдар мен ұйымдастырудың тиімділік деңгейін
көрсетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мақта саласындағы бір агро-
құрылымның орташа жалпы өнімі төмендегі № 4 кестеде келтірілген.

Агроқұрылымдар санына шаққанда жалпы өнімнің көлемі мен пайдалылық
деңгейі.

кесте -4
Жылдар
2001 2002 2003 2004 2005 2005 жыл,
2001 га, %
Жалпы өнім, млн. тенге 12570 23740,5 27052,523822,1 17670 140,6
(Нақты қолданыстағы
бағаларда)
Агроқұрылымдар саны 23524 28327 34142 39210 39314 109,4
1 агроқұрылымға келетін534,9 838,9 793,3 607,7 441,8 82,6
жалпы өнім, мың тенге
өнім өткізудің пайдалық11,6 28,7 40,5 5,4 - 46,6
деңгейі, %

Негізі: ҚР және ОҚО статистика агенттігі, басқармасы мониторингі
негізінде автор құрастырған. [12]

Облыс бойынша орташа 1 агроқұрылымға жалпы өнімнің көлемі және
пайдалық деңгейінің төмендеу тенденциясы байқалады.
Бұл көрсеткіш 2001-2005 жылдары 838,9 мыңнан 441,8 мыңға дейін, яғни екі
есе аралығында ауытқыған. Ең төменгі көрсеткіштер 2001, 2005 жылдары
байқалған яғни тиісінше 534,8 млн, 441,8 млн.тенге болған. 2004 жылы 2001
жылмен салыстырғанда пайдалық деңгейі 2,2 есеге төмендеген.
Агроқұрылымдар жер көлемінің ұсақтылығы, жалпы өнім шығымының
төмендегі агротехнология бойынша орындалуға тиісті агротехникалық шараларды
үздіксіз, дер кезінде орындалуын қамтамасыз ете алмайды. Осының салдарынан
өндірістің тиімділігі төмен, бәсекеге қабілетсіз болып қалыптасқан.
Мақта өсірудің экономикасынан белгілі болғандай, ірілендірілген
шаруашылықтардың ұсақ агроқұрылымдардан артықшылығы сол, барлық өндіріс
факторларын -жерді, капиталды және еңбекті пайдалануда озық және тиімді
экономикалық, басқа да тәсілдерді қолдануға кең мүмкіндік береді.
Мақта саласының соңғы жылдардағы тиімділігі негізінен рынокта
қалыптасқан шитті мақтаның орташа конъюктуралық сату бағасына тікелей
байланысты: 2001 жылы- 43750 тенгетонна, 2002-50400, 2003 -72600, 2005
жылы- 43300 және 2006 - 48000 тенгетонна.
Осы көрсеткішке байланысты шитті мақтаның пайдалылық деңгейі 2003
жылы 40,5% тең болған болса, 2004 жылы 5,4% төмендеген.

1.2. Мырзакент корпорациясы ЖШС әріптестік қатынастағы шаруа
(фермер) қожалықтарының параметрлерін зерттеу.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында орналасқан Мырзакент
корпорациясы ЖШС – мен 345 шаруа (фермер) қожалықтары арасында фъючерстік
келісім-шарт жасалып мүліктік кепілдікке ауылшаруашылық жер пайдалану
құқығы қойылған. Жалпы егістік көлемі 1980,8га, шаруа (фермер)
қожалықтарының мақта алқаптарына статистикалық топтау әдісімен зерттеулер
мен сараптаулар жүргізгенімізде төмендегідей нәтижелер алдық. [14]

Шаруа (фермер) қожалықтары мақта алқаптарының орташа өлшемдері және үлесі
туралы мәліметтер.

кесте-5
Топтардағы Шаруа (фермер) Жалпы мақта алқабының Орташа
мақта қожалықтары көлемі; мақта
алқабының алқабының
мөлшері; га мөлшері, га
Саны Үлесі, % Га Үлесі, %
0-3,0 87 25,4 186,2 9,4 2,14
3,1-5,0 95 27,7 428,3 21,6 4,50
5,1-7,0 83 23,6 511,6 25,8 6,31
7,1-10,0 53 15,5 444,4 22,5 8,23
10,1-15,0 20 5,8 272,7 13,8 13,64
15,1-20,0 5 1,4 89,7 4,5 17,94
21 және 2 0,6 47,7 2,4 23,83
артық
Барлық 345 100,0 1980,8 100,0 5,74

Негіздеу: Статистикалық топтастыруды автор орындаған.

Жоғарыдағы 5- кестеде келтірілгендей, зерттелген 345 шаруа (фермер)
қожалықтарының 3 гектарға дейін мақта егістігі бар шаруа (фермер)
қожалықтарының саны 87 немесе олардың үлесі төрттен бірін құрайды, 5 га
дейін -182 немесе 53,1 % (өсіммен жинақ қорытынды), 7 га дейін 263 немесе
-76,4%, 10га дейін 316 немесе 91,9%. Жалпы шаруа (фермер) қожалықтарының
жер көлемі 1980,8 га, орташа мақта алқабының мөлшері 5,74 га құрайды.
Төменде шаруа(фермер) қожалықтарының мақта алқабы және орташа мөлшері
бойынша топтаудың нәтижесін келтірілген. 0-3 га-ға дейін мақта алқабы бар
шаруа (фермер) қожалықтарының жалпы егістік алқабы 186,2 немесе үлесі
-9,4%, орташа мөлшері -2,14 га құрайды.
0-5 га дейін -614,5 га, үлесі -31,0 %, орташа мөлшері - 3,37 га;
0-7 га дейін -1125,8 га, үлесі 56,8 %, орташа мөлшері - 4,28га;
0-10 га дейін дейін -1570,2 га, үлесі -79,3%, орташа мөлшері -4,97га;
Мақта алқабы жер көлемінің ұсақтығы (2,14; 3,37; 4,28; 4,97га) оның
контурының шектеулі болуы, негізгі құралдар мен қаржының, жалпы өнімнің
одан түсетін табыс мөлшерінің аздығы қазіргі заманғы бәсекелестік
қабілетінің негізі болып тұрған инновациялық, техникалық жетістіктерді,
жоғары өнімділікпен жұмыс істейтін техниканы агроөндіріске жүйелі, кең
түрде ендіру әлеуеті арасында қарама-қайшылықтар туындатып фъючерстік
келісім- шарт міндеттемелерін орындай алмаған.

2. Агроқұрылымдарды оңтайландыруды (ірілендіруді) ұйымдастырудың
экономикалық негіздері.

2.1. Оңтайландырудың (ірілендірудің) ғылыми –теориялық негіздеріне шолу.
Мақта өсіретін агроқұрылымдардың шаруашылықты интенсивті жолмен
және тиімді ұйымдастырудың маңызды шарты- өндірістік факторлардың
шоғырлануы, ресурстарды тиімді пайдалану.
Капиталды шоғырландырудың мен өндірісті ірілендіру үдерісі,
объективті экономикалық сипатқа ие болып, өндірістік күштерді дамыту және
ғылыми-техникалық өркендеудің, шаруашылықтың тиімділігін арттырудың
заңдылықтарына негізделеді.
Өндірісті ірілендіру (оңтайландыру) арқылы оның тиімділігін арттыру
агроқұрылымдарға төмендегідей артықшылықтар береді:
• Ғылыми негізделіп мақта саласына мамандандырылған шаруашылықты
ұйымдастыру және ауыспалы егіс жүйелерін ендіру арқылы топырақтың
құнарын арттырады.
• Озық инновациялық технологияны және жоғарғы өнімді ауылшаруашылық
техникасын қолдану мүмкіндігін береді.
• Өндіріске капитал үшін инвестиция салуға, қомақты несие алуға және
ғылыми-техникалық өркендеудің озық жетістіктерін тиімді пайдалануға
жол ашады.
• Өндірістің экономикалық және қаржылық тиімділігін арттыруға,
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкіндік береді;
• Агролизинг жолымен мақта саласын жаңа техника және технологиямен
жабдықтау мүмкіндігіне негіз қалайды.
• Еңбек өнімділігімен өндірістің пайдалылық деңгейін арттыру арқылы
салада бәсекеге қабілетті мақта кешенін қалыптастыру мүмкіндігі туады.
• Ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жалпы қоғамдық пайдалану
нысандарын - тұрғын үй, ауыз су, мектеп, бала-бақша, емхана, жол, тағы
басқалардың тұрақты қызмет көрсету әлеуеті артады.
• Өндірісті шоғырландыру және мамандандыру үшін агроқұрылым-дардың
оңтайлы көлемдері мен өлшемдерін, яғни ірілендірілген тауарлы
өндіріске өтуді жан-жақты негіздеудің қажеттілігі осылардан туындайды.
Мақта саласында ірілендірілген агроқұрылымдардың өлшемдері барлық өңірде
бірдей болмайды. Олар қалыптасқан шаруашылық құрылымы, су жүйлеріне,
топырақ-табиғат жағдайына қарай алуан түрлі экономикалық -өндірістік
көлемдерде, өлшемдерде құрылуы мүмкін.
Агроқұрылымдарды оңтайландыруда (ірілендіруде) шаруашылық –экономикалық
негіздеулердің төмендегі шешуші қағидалары басшылыққа алынса тиімді болады:
• су және мелиоративтік бір жүйенің бойында орналасуы;
• жерді және басқа да ресурстарды пайдаланудың ең жоғарғы экономикалық
тиімділігін арттыру үшін олардың оңтайландырылған параметр
мөлшерлерінің арақатынасын сақтау;
• оңтайландырылған агроқұрылымдардың типтік моделі: жер-су, капитал және
еңбек ресурстарының параметрлеріне байланысты есептеліп анықталады.
Бірінші кезеңде, мақта алқаптарын ірілендіру, оларды кешенді
механизацияға бейімдеу мақсатында ұйымдастыру және экономикалық
тетіктерді анықтап қолдану қажет.
Мақсат-техника қуатымен орындалатын агротехникалық шараларды бірлесіп,
қолда бар техниканы және капиталды шоғырландыру, агротехнологиялық
операцияларды дер кезінде жоғары сапада орындап, өнімді арттыру және
шығындарды азайту.
Біздің пікірімізше шаруа қожалықтары ерікті түрде бірлесіп немесе
өзара келісім-шарт негізінде қауымдасып, мақта өсіру мен жинаудың
технология-лық картасына сәйкес мына төмендегіше операцияларды орындағаны
жөн: [12]
• сүдігер жырту, тегістеу, алқапты сор шаюға дайындау;
• топырақты шит себуге дайындап өңдеу; ылғал жабу, қопсыту, тырмалау,
тегістеу;
• жүйек арасындағы баптау жұмыстары: культивация, жүйек алу,
тыңайтқыштармен қоректендіру;
• зиянкестермен биологиялық және химиялық жолмен күресу
• механикалық шырпу
• алқапты машина теріміне дайындау: айналма алаңдарды, оқ-арықтарды
тегістеу, дефоляция (жапырақты түсіру) жасау
• машинамен мақта жинау;
• шитті мақтаны арту, тасымалдау және сатуға немесе сақтап өңдеуге
жеткізіп беру.
Бірлескен агроқұрылымның жер, капитал және еңбек мөлшерлерінің
параметрлері, олардың арақатынасы оптимальды, тиімді болулары қажет.
Негізгі мақсат- шаруашылықты ұдайы ұлғайту, аз шығындармен және рынок
конъюктурасындағы жағдайды есепке ала отырып дамыту.
Мақта өсіруде және жинау технологиясында 1 га егістіктің еңбек
сиымдылығын анықтаудың, қолда бар техника мен технологияның мүмкіндіктерін
есепке алудың маңызы ерекше. Көп жылдық зерттеулер мен озық тәжірибеге
сүйенетін болсақ мақта өсіруде жүктеменің оптимальды мөлшері әрбір адамға 4-
5 гектардан артық болмауы керек. [10]
Бұл өлшем шаруашылықтың техника және технологиялармен қарулану
деңгейіне қарай өзгеруі мүмкін.
Ресейдің белгілі экономист – ғалымы А.В. Чаянов осы мәселеде мынадай
тұжырымдама айтқан: Егер шаруашылықты оңтайлы мөлшерде ұйымдастырмақшы
болса, оның бастамашыларына қажет болатын жер, капитал және еңбек қолы
жетіспеуі мүмкін. Мұндай жағдайда шаруашылық ең төменгі көрсеткішке ие
факторға сәйкес ұйымдастырылуы керек [4]
Біз қарастырып жатқан жағдайда агроқұрылымдарды ірілендіруді техника,
яғни капитал мөлшерін есептеуді реттеу арқылы өзге параметрлерді - жер
көлемін, адам санын анықтауға болады. Сондықтан шаруа қожалықтары
ірілендіріліп қауымдасқан жағдайда мысалы, жалпы егістігі 80-га болып,
мұның 60 га мақта немесе 1 баптау тракторының (МТЗ-80х) бір жылдық
жүктемесіне тең болуы керек.

2.2. Суармалы жердегі агроқұрылымдарды ірілендірудің қағидалары мен
тәжірибесі

Агроөнеркәсіп кешенінің және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу
экономика институтының зерттеулері мен ұсыныстары бойынша өндірісті
шоғырландырудың бірнеше деңгейлері белгіленген. Олар - ең төменгі,
рациональды және оңтайлы. Ең төменгі деңгейі- кешенді мәшинелер жүйесімен
озық технологияны пайдаланудың мүмкін болмауы. Ал, рациональды және оңтайлы
деңгейлерде орта, сондай-ақ ірілендірілген шаруашылықтардың барлық
артықшылықтарын толық пайдаланудың мүмкіндіктері болады. [6]
Келешекте мақта саласына пайдаланылатын суармалы жерлерге иелік ететін
орта және ірілендірілген агроқұрылымдарға төмендегі жағдайларды ескерту
қажет:
• табиғи –экономикалық жағдайларды және нақты өңірдегі болжамдалған
даму бағдарламасына орай егістікті ғылыми-негізделген құрылымда
қалыптастыру;
• жер пайдалану көлемін оңтайландыру арқылы ауыспалы егіс жүйесін
ендіруді қолға алу;
• су және мелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайын жақсарта отырып
су пайдаланумен жер асты минералды суының деңгейін төмендетудің
тиімділіктерін арттыру.
Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіретін аумақтары табиғи климат
жағдайларына орай төрт аймаққа бөлінеді: [9]

Мырзашөл аймағына –Мақтаарал

Орталық аймаққа –Бөген, Арыс, Шардара
Түркістан аймағына –Түркістан, Ордабасы
Келес аймағына- Сарыағаш ауданы
Олардың ішінде ең үлкені Мырзашөл аймағы. Мақта егістігінің -23
бөлегіне жуығы осы аймақта орналастырылған. Мырзашөл аймағының жері сұр
топырақты, әртүрлі деңгейде сорланған. Жер асты минералданған су деңгейі
жер бетіне 1,5-2 м жақын орналасқан. Ыстықтың режімі басқа аймақтарға
қарағанда мақта үшін қолайлы.
Орталық аймақтың жері сұр топырақты сазды, жердің сорлану деңгейі төмен,
кейбір өңірлерде жер асты суы тереңде жатыр, желді күндері көп.
Түркістан аймағының жері құмшауытты және сұрғұлт топырақты аралас.
Жылына 180-200 мм жаңбыр жауады, сортаңдану деңгейі төмен.
Келес аймағының жері адырлы, насоспен суғарылатын алқаптар басым.
Сұртопырақты, сортаңдану мөлшері аз, жер асты сулары тереңде жатыр.
Осы аймақтардың барлығындағы суармалы жерлер мақта саласына
мамандандырылған. Сонымен қатар басқа да дақылдар өсіріп мал шаруашылығын
(ірі қара, сүт өндіру бағытында) дамытуға қолайлы.
Агроқұрылымдардың өлшем параметрлері осы мақта саласына мамандандыруға
бейімделген жағадайда анықталуы керек. Өндірістегі қолда бар техника мен
және технологияны пайдаланудың деңгейін есепке алып, еңбек ресурстарын
тиімді пайдаланумен бірге өндірістік факторлардың тиімділігін арттыруда
негізгі бағыт болуы керек. Әсіресе, жер, материалды-техникалық құралдар мен
еңбек ресурстары, тағы басқалар.
Агроқұрылымдардың оңтайлы (оптималды) өлшемдерінің критериі - ең жоғарғы
өндірістік нәтижелерге жету, өндірістің жоғарғы еңбек өнімділігі мен
пайдалылық деңгейін арттыру.
Өндірістік факторлардың ішінде агроқұрылымдардың жер көлемінің маңызы
ерекше. Бізге белгілі, жер ауыл шаруашылығындағы негізгі құрал. Жердің
мөлшеріне қарай өнім, техника және еңбек ресурстары анықталады.
Мақта саласындағы агроқұрылымдар жер көлемінің 65-70% мақта,
қалғанына басқа дақылдар (жоңышқа, жүгері, бақша және көкөністер) егілсе
оңтайлы егістік құрылым қалыптасады. Мақта саласына мамандандырылу мақта-
жоңышқа ауыспалы егіс жүйесіне негізделеді, бұл жүйе жердің құнары мен қоса
өнімдіділіктіде 3-4 центнерге арттырады. [8] Сонымен қатар мал шаруашылығын
кепілді жем-шөппен қамтамасыз етуге де мүмкіндік жасалады. Бұл саланы
дамыту еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырады.
Агроқұрылымдарды ірілендіру үдерісінде ең төменгі және жоғарғы өлшем
параметрлерінің критерилерін белгілеу керек, яғни бұл критерилерден кем
немесе, артық болса да өндірістік –экономикалық көрсеткіштер төмендеп,
тиімсіз болады. Агроқұрылымдардың өлшем параметрлері критерилерінің
деңгейін анықтауда өндірістің интенсивтік деңгейі мен басқарудың
оңтайлылығын есепке алған жөн.
РМК АӨК кешенін және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми –зерттеу
экономика институтының зерттеулері бойынша ауылшаруашылық кәсіпорындарының
рациональды өлшемдерін анықтаудың бірнеше әдістері тұжырымдалған. [6]
1. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының көптеген тәжірибесін зерттеу және жалпы
тұжырымдау әдісі. Бұл әдіс жылдық есептерді статистикалық өңдеу негізінде
жүзеге асырылады. Зерттеулер табиғи- шаруашылық өңірлер бойынша
мамандандыру мақсатында жүргізіледі.
Көптеген есептік мәліметтерді зерттеп - өңдеу шаруашылық іс-әрекетінің
нәтижелері қаншалықты жер, жалпы өнім көлемдеріне және тауарлы өнімге, мал
басына, жұмысшылар санына тікелей байланысты екендігін анықтау мүмкіндігін
береді.
Кәсіпорындардың жылдық есептерін статистикалық өңдеу, зерттеулердің
негізінде межелер бірнеше жылдар бойы орындалса тұрақты көрсеткіштер
шығаруға болады. Сонымен қатар статистикалық әдіс белгілі бір шектеулерге
ие. Бұл әдіс бойынша болжаудағы мерзімде кәсіпорынның дамуымен өндірістік
технологияны жетілдіруде техникалық прогрестің оптимальды өлшемдерін
анықтауға тікелей жауап бере алмайды. Сондықтан статистикалық әдіспен қатар
монографиялық зерттеулер әдісін пайдалану ұсынылады. Бұл әдістің
артықшылығы- шаруашылықты жүргізуде жоғарғы нәтижелерге жеткен жеке
шаруашылықта өткізілген тәжірибенің нақтылығында.
2. Есептік –конструктивтік әдіс. Бұл әдістің мәні сол, біріншіден
өндірісті рационалды ұйымдастыруға мүмкіндік береді, яғни жер өңдеу және
малшаруашылығы жүйелерін, егістік алаңдарының құрылымын, технологияны,
механизация деңгейін, басқаруды есепке ала отырып мамандандырады.
Белгілі бір анықталған мамандандыруға бейімделген жағдайға қарай жер
өңдеу және мал шаруашылық жүйесі таңдалады. Соған сәйкес егістік және түлік
құрылымы, ең тиімді ауыспалы егіс жүйесі және жем-шөппен қамтамасыз ету,
прогрессивтік агротехника және малды бағу тәсілі, технологиялық жұмыстарды
механизациялаудың деңгейі белгіленді. Осы жағдайларға қарай жалпы
өндірістің өлшемдері анықталады. Сонымен қатар өзге де варианттар
есептеулер және экономика- математикалық әдістер қолданылуы мүмкін.
Біздің зерттеулерімізбен тұжырымдамамыз бойынша мақта саласының
ерекшеліктерін айқындауда: табиғатты, ауаның температуралық режімін, еңбек
сыйымдылығының жоғарылығын және ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейін,
оның сезімталдығын ескере отырып статистикалық- монографиялық, сондай-ақ
есептік – құрылымдық әдістерді бірдей қолдану объективті дәл нәтижелер
береді.
Осы мақсатта Мақтаарал ауданындағы Мақтаарал кеңшарының мақта
өсіретін бригадаларды ірілендірудің тиімділігі бойынша тәжірибесі мысал
ретінде келтіріледі. Кетебай өндірістік кооперативінің және Хает шаруа
қожалықтар өзге де қауымдастығының оптималды параметрлерін негізге ала
отырып орта, ірілендірілген агроқұрылымдардың өлшемдеріне жоба жасалды.

2.3. Ірі агроқұрылымдардың артықшылықтары: “Мақтаарал” кеңшарының
ірілендірілген бригадаларының, Кетебай ӨК және Хает қауымдастығының
жетістіктері

Көп жылдық ізденістерімізбен зерттеулеріміздің нәтижесіне және мақта
өсіретін ірілендірілген (оңтайландырылған) шаруашылықтардың тәжірибесіне
сүйенетін болсақ, төмендегідей мысалдарды келтіруге болады.
“Мақтарал” кеңшарында бригадаларды ірілендіру бірнеше кезеңдерде
жүзеге асырылған. Мұның ең соңғысы 1973 жылы “Кешенді механизациялау
бригадалары” деп аталған. [7]
1973 жылы әрбір бригадаға 200-250 гектар мақта алқабы бекітілген. 2 жер
жырту тракторы, 3 баптау, 2 тасымалдау тракторлары, 2 жаңбырландыру
қондырғысы, 5 мақта теретін мәшинелер, 16 тіркеме және басқа техникалары
болды.
Қажетті мөлшердегі техникамен қамтамасыз етіліп, механизатор мамандарының
кәсіби деңгейінің жоғарылығы әрбір жұмысшыға жүктемені 6-8 гектарға
жеткізуге, сонымен қатар гектарынан 35-42 центнер өнім алуға қол
жеткізілді. Ірілендірілген бригадалардың артықшылығы сол техниканы, жұмысшы
күшін қажет кезінде ең жауапты учаскелерге шоғырландырып еркін түрде
бағыттауға, пайдалануға мүмкіндік болады. Ірілендірілген бригадалар
мөлшерінің негіз жалпылама көрсеткіші –шитті мақтаның жалпы өнімі. Бұл
көрсеткіш егістік көлемі, өндірістің интенсивтік деңгейі туралы тұжырымдама
жасауға негіз болады. Жалпы өнімі көп және егістік мақта алқабы үлкен
кешенді механизацияландырылған бригадаларда еңбек өнімділігі жоғары, ал
шитті –мақтаның өзіндік құны төмен болады. Ірілендірілген бригадалардың
артықшылығы әсіресе, мақта жинаумен мұнан соңғы кезеңдерде, яғни шитті
мақтаның қалдығын жинау, келесі жылдың өнімі үшін күзгі-қысқы жұмыстарды
жүзеге асыруда байқалады. Мұндай ұжымдарда жиын-терімді конвейерлік әдіспен
жүзеге асырып, өз күшімен қысқа мерзімде аяқтауға болады.
Қазіргі кезде Мақтаарал ауданында ірілендірілген 75 агроқұрылым жұмыс
істейді, мұның 23-і өндірістік кооперативтер, 10 серіктестіктер бір- бірден
акционерлік қоғам және мемлекеттік кәсіпорын. Біздің зерттеу-леріміз
бойынша Кетебай, АШМ-сервис Орталығы, Жаңа жол және Арай өндірістік
кооперативтері жоғары өндірістік –экономикалық көрсеткіштерге қол
жеткізген. Еңбек шығыны аз технологиялық операциялардың басым бөлігін
механизация күшімен орындап, өнімділігін арттырған.
Ауданның Қарақай ауыл әкімшілігіне қарайтын Кетебай өндірістік
кооперативі бұрынғы кеңшардың бөлімшесі негізінде Қазақстан Республикасы
кооперативтер туралы заңына сәйкес құрылған өндірістік кооператив өзінің
жарғысы бойынша анықталған мақсаттарға жету үшін төмендегідей қызметтерді
атқарады: [15]
• ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, тұқымдық шитпен
қамтамасыз ету;
• халық тұтынатын тауарлар өндіру;
• сауда –саттық қызметі;
• сыртқы экономикалық қызмет;
• коммерциялық және халыққа қызмет көрсету.
Кооперативтің 437 мүшесі пайға берілген жер және мүлік үлестері
біріктірілген. Өдірістік кооперативтің барлық жер көлемі 1125га, мұның 1006
гектары суармалы егістік. Ағын су К-25-1, К-25-2 шаруашылықаралық каналдары
арқылы беріледі. Сонымен қатар 4 км ішкі ирригациялық жүйесі, 3 км қашыртқы
- дренаж жүйесі бар.
Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша ӨК-тің
төмендегідей құрылымдық схемасы қабылданған.

Кетебай өндірістік кооперативінің құрылымдық схемасы

Негіздеу: зерттеулердің нәтижесінде автор құрастырған.

Кетебай ӨК ауылшаруашылық дақылдарын тиімді орналастыру құрылымында
бірқатар ауытқулар бар. Дегенмен мақтаны монодақыл етпеген.

Кетебай ӨК ауылшаруашылық дақылдарын орналастыру құрылымы

кесте – 6

Дақыл 2001 2002 2003 2004 2005 Орташа
түрлері 5 жылда
Жер Үлесі, %Жер көлемі, гаҮлесі, %
көлемі,
га
2001 2005
Шынжыр табанды Т—4А, Дана 8 12 150,0
трактор Д -75,
ВТЗ-90
Орташа егістік - Га 130 86,7 66,7
жүктеме
Доңғалақты Т28х4, Дана 15 19 126,6
тракторлар соның МТЗ-80х
ішінде баптау
тракторы
Орташа егістік - Дана 63,3 46,3 73,14
жүктеме
Мақта теретін 17ХНП-1,8Дана 21 25 119,0
мәшинелер Джон-Дир

Орташа егістік - Га 45,2 35,2 77,9
жүктеме
Тасымалдаушы МТЗ-80 2 Дана 23 25 108-7
трактор, тіркеме ПТС-793-2Дана 26 32 123,1
Механикалық ПЭ-0,8 Дана 4 5 125,0
жүктеушілер ПУ-0,5
Жем-шөп дайындау Е-303 Дана 2 3 150,0
техникалары Кир-1,5

Жоғарыдағы 7- кестеде көрсетілгендей, ӨК-те соңғы 5 жылда негізгі
ауылшаруашылығы техникалары саны 119,0 -150,1% өскен, ал орташа жылдық
егістік жүктемесі 22,1-32,3% дейін төмендеген. Техникамен қамтылу
деңгейінің өсуі, орташа егістік жүктемесінің төмендеуі агротехникалық
операцияларды дер кезінде және сапалы орындап, тұрақты өнім алуға мүмкіндік
берген.

ӨК-те жұмысшы және механизатор кадрларымен қамтамасыз етілуі
туралы мәлімет.

кесте -8
Көрсеткіштер Өлшем Жылдар 2003 - 2001
бірлігі жыл өсімі,
%
2001 2002 2003
Барлық егістік Га 1040 1040 1040 100,0
жер
Жұмысшылар саны Адам 320 310 299 93,4
Орташа егістік Га 3,3 3,4 3,5 104,2
жүктемесі
Барлық трактор Бірлік 54 54 58 106,1
саны
Механизаторлар Адам 69 65 60 87,0
саны
Қамтамасыз етілуБірлік 1,27 1,2 1,0 78,7
коэффиценті

Негіздеу: “Кетебай” ӨК бухгалтерлік балансы және кадрлар бөлімінің
мәліметтері бойынша құрастырылған.

ӨК кооперативтік жұмысшылар саны 2001 жылы 320 адам болған да сол жылы
299 адамға төмендеген яғни 6,6 %. Сол мерзімде әрбір жұмысшыға орташа
егістік жүктеме 3,3 га-дан 3,5 га –ға артқан немесе 6,1%.
Техникалық прогресті өндіріске енгізуде кәсіби деңгейі жоғары жаңа
техника және технологияны меңгерген механизатор кадрлары шешуші роль
атқарады. Бірақ олардың санының қысқару тенденциясы байқалады, 2001-2003
жылдар арасында 13,0% азайған. Нақты бар тракторлар мен комбайндарды
механизаторлармен қамтамасыз етудің деңгейі төмендеген.

Кетебай өндірістік кооперативінің мақта саласындағы өндірістік-
экономикалық көрсеткіштері.
кесте -9

Жылдар Орташа
Көрсеткіштер
2001 2002 2003 2004 2005 5 жылда
2001- 2005
ж.ж
Егістік жер көлемі, га950 889 916 900 880 910
Жалпы өнім, тонна 2500 2061 1724 2010 2160 2091
1 га алынған өнім цга 26,2 23,3 21,8 22,3 24,5 23,0
1 тонна өнімнің сату 36 54 75 40 42 49,4
бағасы, мың тенге
Сатып өткізуден түскен 79,3 106,9 129,3 80,4 90,7 97,6
табыс, млн тенге
Таза пайда, млн тенге 31,0 36,0 40,1 34,0 35,0 103,2
Пайдалылық деңгейі, % 30,4 36,6 42,9 31,0 33,6 34,9

Негіздеу: “Кетебай” ӨК бухгалтерлік балансы негізінде құрастырылған.

Кетебай ӨК өндірістік –экономикалық көрсеткіштерін сараптау
барысында оның мақта өсірілетін егістік жер көлемі мен жалпы өнімде жылдар
бойынша ауытқулар. Оның мөлшері 13,6-31,2 % дейін, 2001-2005 ж.ж егістік
көлемі орташа -910 га-ны, жалпы өнім 2091тонна, 1га –дан алынатын орташа
өнім -23,0 центнерді құраған. Бұл көрсеткіш Мақтаарал ауданының
көрсеткішінен 3,3 центнерге, облыстық көрсеткіштен 2,7 центнерге артық.
1 тонна шитті мақтаны сатудың бағасы 2 есеге дейін ауытқыған, 2001 жылы 1
тоннасы орташа 36,0 мың тенге болса, 2003 жылы 70-75 мың теңгеге дейін
көтерілген. Мұндай ауытқу мақтаның әлемдік рыноктағы бағасына сәйкес
қалыптасқан. Жоғарыдағы өндірістік және экономикалық көрсеткіштердің
ауытқулары түпкі нәтижелерінің жалпы табыс, таза табыс және пайдалылық
деңгейінің ауытқуларына алып келген.
Пайдалылық деңгейі 2003 жылы 42,9%, 2001 жылы 30,4% құраған, яғни
ұсақ шаруа (фермер) қожалықтарының көрсеткіштерінен 2 есеге артық. [15]

Кетебай ӨК мақта өсіру мен жинауда ғылыми – техникалық прогресті ендіру
және оның тиімділігі.
Техникалық прогресті құрайтын технологиялық операциялар және оның көлемдері
туралы мәліметтер.

кесте-10
№ Жаңа технологиялар Жылдар Орташа 3 жылда
негізінде атқарылатын (2003-2005
операциялар ж.ж)
2003 2004 2005
Екі ярусты соқамен 916,0 900,0 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақта кешенінің бәсекелестікке қабілеттігін арттыру проблемалары
Экономикалық тиімділіктің теориялық негіздері
Өнім сапасын басқаруды ұйымдастыру
Жергілікті бюджет жайлы
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциясы
Оңтүстік Қазақстан облысының мақта кластері
Суармалы ауыспалы егіс территориясын реттестіру
Экономикада бәсекеге қабілеттілікті артырудың және бағаны ырықтандырудың бағыттарын талдау
Соғыстан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығы
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық шарттық қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері
Пәндер