Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудегі мемлекеттік емес ұйымдардың ролі


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудегі мемлекеттік емес ұйымдардың ролі.

Жоспар:

1. Қазақстандық патриотизм - рухани құндылық.

2. Патриотизм - ел бірлігінің негізі.

3. Бүгінгі патриот жастардың бейнесі.

4. Б. Саттарханов атындағы «Намыс» ЖҚБ-нің жастарды

патриоттық рухта тәрбиелеудегі ролі.

5. Қорытынды.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің аясында рухани - психологиялық қасиеттерді жаңғырту, нарықтық мінез - құлықты қалыптастыру бағытында күрделі тәрбиелік бағдарлама ұсынды. Оның бір саласы көп ұлтты елімізде ортақ дәстүр, отанға деген сүйіспеншілік арқылы әлеуметтік рухани құндылық - қазақстандық патриотизм қажеттерін қалыптастыру мен жетілдіру болып табылды. Аталған проблемалардың әлеуметтік табиғаты мен негіздері жайлы «Қазақстан -2030» стратегиясында «Отансүйгіштік», «ұлттық біртұтастық», «еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау», «Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамыту», «Ұлттық ынтымағымызды нығайту », «бірлік пен топтасу», «ортақтық және отаншылдық сезімді бекіту» қағидалары анық топтастырылып, анықталды. Бұлардың барлығы елге, ұлтқа оның мүдесіне арналған азаматтық қасиеттер.

Педагогикалық жұмыста патриоттық сенім мен сананы ұғындыру процесінде мұндай құндылықтарды негіз ету қажет: әрбір жеке адам, халық, олардың өмірі мен қызметі; экономикалық игіліктер, әлеуметтік саяси құндылықтар, рухани игілікте. Бұл көрсетілген мәселелер көтеріп отырған проблемамызды толық қамтымайды. Себебі патриоттық тәрбиенің философиялық, саяси - әлеуметтік, идеологиялық, психологиялық, құқықтық, педагогикалық негіздегі әлі толық талданып бітпеген проблема.

Патриотизм - тарихи және әлеуметтегі мазмұндағы табиғаты бар ұғым. Ол әрбір азаматтың бойындағы туа біткен сезім емес. Патриотизм - ол Отанына деген сүіспеншілік, өз халқына берілгендік оның мүддесі үшін кез - келген құрбандық пен ерлік жасауға дайын тұрушылық.

Патриотизім - қасиетті ұғым. Отаншылдық идеясы өмірге ұзақ тарихи - әлеуметтік дамудың нәтижесінде келген. Адам қауымдасып өмір сүгеннен бастап, өз қоғамын, өлкесін, табиғатын сүйген. Соларға деген ерекше сезім, ұнатымды қалыптасқан. Қоғам дамуының кезеңдері мен түрлі әлеуметтік арнасы отаншылдық сезімді саяси мазмұнға айналдырған.

Патпиотизмнің діттеген - Отан үшін біріктіру, оны қастерлеу мен ардақтауға тәрбиелеу. Өз халхының мүдде - мақсатын қорғау болып табылады.

Патриотизм - тәрбиенің жемісі. Ол тарихи ұлттық дәстүрлерге тығыз байланысты. Ұлттық сезімдері патриотизм арнасына, ортақ отанға оған сүйіспеншілік рухына дұрыс бағыттау үшін бұл ерекшеліктерді жақсы білу және олармен міндетті түрде санау керек.

Ұлттық тәрбиенің маңызды бөлігі - өз халқының тарихы мен мәдени ерекшеліктері болып табылады. Руың мен отбасыңның да өткенін есте ұстау пайдалы.

Тарих салт - сана, ұттық зерде - мәдиниетті азаматтың иек артар рухани қазынасы. Өзінің тегін білу ұлттық ерекшелік негізіне арқа сүйеуі тиіс. Оның адамгершілік пен тәрбиелік байлауы қазіргі дәуірдің - жалпықазақстандық шаңырақтың мұраттардың сәкестенуі қажет. Осы тұрғыдан Н. Назарбаев былай деп ерекше көрсеткен: «Тарихи тек - танымның тереңнен бастау алғанын танып түсіну, ата - бабаның шапағаты мол шабытты істерін заңды мақтаныш ету, тоталитарлы кезеңнің зардаптарынан арылу, сөйтіп тарихи сананы уақыт талабына сай қапына келтіру ұлттық тұтастануға тереуінді серпіп беруге тиіс».

Сонымен патриотизм әртекті күрделі қасиеттерді жинақтаған қоғамдық, әлеуметтік құбылыс екен. Ең алдымен, ол Отанды сүю, оған берілгендік, тарихы, тілі, мәдениеті және т. б. ортақ халық немесе халықтар тұратын мекен - аймаққа қатысты беріледі. Патриотизмнің ерекшелігі адамның рухани әлемінен орын алатындығында. Әрбір азаматтың ішкі рухында орналасып соның беріктігіне орнықтылығына қарай өмірге көрініс береді. Осылайша рухани қажеттілікке айналады. Соған орай патриотизмнің қалыптасуына педагогикалық ірге мықты болуы керек. Сана мен тәжрибенің ажырамас түйіні қажет. Бұл бағытта оқу мен тәрбие прцесінде ұлтымыздың қорғану мен еңбек жолындағы тарихи дәстүрлері сонымен қатар бүгінгі Егемен Қазақстанның жастары үшін мемелекеттік емес ұйымдардың, «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің жұмысын жандандыру арқылы үлгі бола алады. Бұл тарихи дерек, сондықтан жаңаша зерделенген жастардың ұйымы үлкен қажеттіліктен туындаған, бірлескен жастардың бірлігі. Осындай ұймдардың барлығында тәрбие жұмыстары орынды үйлестіріп отырса жастардың сана сезімі мен күнделікті дағдылығына ( тіптен қоршаған ортаға аяушылық қамқорлық болсада) дұрыс мазмұндағы бағыт сілтеп отырады.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстандықтарды патриоттын тәрбиелеу жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасында «Мемлекеттік емес ұйымдардың» рөлін Қазак халқының сан ғасырлардан аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен соң, ел тізгінін ұстаған азаматтардың жауапкершілігі бірнеше есеге өсті деуге әбден болады. Себебі еркін елдің бүгінгі жастарын егемендіктің асқақ патриоттық рухында тәрбиелеу, біздердің міндетіміз.

Сондықтан да жастардың басын бір арнаға тоғыстыруда қоғамдық бірлестіктердің де рөлін ерекше екендігін нақты айта аламыз.

Егер өткен шақ - осы шақ баспалдақ, осы шақ - келер шаққа табалдырық десек, жастарға патриоттық тәрбие берудің негізгі бағыты - жас буынды кешегі тарихымыздың құндылықтары мен бүгінгі игіліктеріміздің шын мұрагерлері ретінде баулудың озық үлгілері Республикамыздың барлық аймақтарында бар екендігіне күмән жоқ, ал сол толымды тәжрибелердің бір орталыққа топтасып, барынша пайдаға асуына Азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі Республикалық кеңестің мүмкіндік тудырарына сеніміміз мол.

Жастар қоғамдық бірлестіктерінің жастарға патриоттық тәрбие берудегі рөлін нақтылы баяндауды Түркістанда 2005жылы дүниеге келген Б. Саттарханов атындағы «НАМЫС» жастар қоғамдық бірлестігінің бірнеше атқарған жұмыстарын тілге тиек етумен сабақтастырсам, қозғап отырған тақырыбым сіздерге кеңінен түсінікті болады деп ойлаймын.

Сонда да, «НАМЫС» жастар қоғамдық, бірлестігі жөнінде сөз қозғамастан алдын, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ - нің Шымкент институтындағы студент жастардың негізінде 2003 жылы «Бәйтерек» жастар қоғамдық бірлестігінің құрылғанын атап өту орынды шығар. Себебі бүгінгі қоғамның жастары мен олардың тілінде сөйлесу кезеңінің алғашқы баспалдағы осы «Бәйтерек» бастаған екен.

«Жастардың тілдік, діндік, әлеуметтік ала - құлалығы мемлекеттің қауіп сіздігіне қатер төндіруі мүмкін» - деген Б. Тілеуханның пікірін келтіре кету маңызды шығар.

Міне осындай тілге деген ала - құлалықтың әсері жастардың намысына ерекше сепіліс берсе керек, жастардың рухани қуаттылығының арқасында Б. Саттарханов атындағы «НАМЫС» жастар қоғамдық бірлестігі 2005 жылы 23 шілде айында Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ қабырғасында дүниаге келді . . .

Бірлестіктің Б. Саттархановтың есімімен аталуы да заңдылық, себебі Түркістанның түлегі жиырма жастағы жалынды жас ер Бекзатқа еліктеуші мыңдаған тілегіне сай Бекзат атын сақтату, сол ардақты есім арқылы жастарды патриоттық отаншылджық сезімге баулу мәселесі де адымызда тұрды.

«Өлі разы болмай, тірі байымайды » - деген халқымыз. Ең алғашқы іс - шарамызды 3 - қазан күні Бекзаттың қабірі аумағында тазалық акциясын өткізіп, құран бағыштап, университеттің Мәдениет орталығында еске алумен бастады.

17 қазан күні бірлестігіміздің тұңғыш құрлытайын өткізді. Ол күн жастардың көкейінде әлі күге жаңғырып тұр. Өздеріңіз слайдтан көріп отырғандарыңыздай, жастар қолдарына лозунгтер ұстап, Шәмші ағамыздың Менің Қазақстаным әнін айбарлана шырқап, құрлытай өтетін

Мәдениет орталығының үлкен залына кіргенде сарай ішін кернеп жібергендей әсер берді. Тіптен, ерекше патриоттық қуаттанған кейбір жастарымыздың, 800 кісілік залдан орын жетпестен баспалдақтарға газет төсеп отырғандығын көргенімде мен өз басым жастардың қоғамдық бірлестігінің бұл құрлытайына университеттің басшылық құрылымы мен факултет декандары тек қонақ ретінде шақырылды, бірақ осының өзінде де олардың санаулысы ғана уақыт таба алғандығы дәстүрлі өмір заңдылығы, яғни ұстаз бен студент арасындағы қалыптасқан дәстүрлі арақашықтықтың әсері боландығы, бұл іс - шара жоғарының тапсымасы мен емес төменнен қалыптасқандығы болса керек және де мұндай париоттық рухтың шынайы қуатталатынына сенімсіздік басым болғандығы да аян.

Құрлытайдың күн тәртібінде бірлестіктің жарғысын, таңбасын, туын, әнұранын бекіту мен қатар, Ант қабылдау рәсімдері негізгі мәселе ретінде қаралды. Сонымен қатар, 4 - желтоқсандағы ҚР Президентін сайлауына байланысты біздің өз позициямызды нақтылауда күн тәртібінде болды.

Ал енді сайлау алды үгіт - насихат жұмыстарын ұйымдастыру үшін Республикалық штабтың келісімін алу да оңайға түспеді . . .

Кешікпей, 25 - қазан Республика күніне және ел президеттігіне кандидаттардың үлгі - насихат жұмыстарының басталуының құрметіне жастар 5 шақырым қашықтықты шеру мен жүріп өтті. «Есім хан» алаңындағы уақытта бірлестік мүшелері түтастай президенттікке үміткер Н. Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға халықты жұмылдыру мақсатында пикеттер мен кездесулерге арнады.

Осы кезеңдегі жастар ерекше патриоттық қарқында откізді. Сайлау күні 65 - сайлау учаскелерінде бақылау жасалды.

Н. Әбішұлының жеңісіне шын жанкүер болған жастардың мақсаттары шынайы жүзеге асқан кездегі жүздеріндегі қуанышты құбылыстарды сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Бүгінгі таңда бірлестігіміздің Қрметті мүшелерінің саны 71 кісіге жетті. Жас буынға аға буынның ақыл, өнгесі қашанда ауадай қажеттілігін ескерсек, бірлестігіміздің Құрметті мүшелерінің болуы және де Сенаторлар мен мәжіліс депутаттары, ҚРХ артистері мен аудан деңгейдегі басшылар, белгілі спортшылар мен өнер қайраткерлерінің болуы заңдылық деп білеміз.

Ендігі кезекте бірлестік атқарған тағы бір ауқымды шараның жастарға патиоттық әсерін баяндасам деймін . Бұл ауқымдв іс 2006 жылдың 3-9 шілде аралығында «Елу елдің бірі болу - мүддеміз, елін сүйген Елбасмен біргеміз » тақырыбын ту етіп, Түркістан - Астана - Көкшетау бағытында жүріп өтілген керуен сапары.

70кісіден тұратын «Бәйтерек» және «НАМЫС» қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері Елбасымыздың елулікке ену стратегиясын қолдау мақсатын ұстанған керуен сапары 3- шілдеде Түкістаннан жолға шығып, Шмкентте, Таразда, Балқашта, Қарағандыда, Астанада, Бурабайда халықпен кездесулер болды.

Елбасымыз бен Елордамыздың туылған күнін бірінші рет бірлікте тойлауының куәсі болған жастардың еліміздің жасампаздығын паш ете, Ақорданың көгіне шаншыла жарқыраған отшашулар тамашалау сәтінлегі тебіреністері тілмен сипаттап жеткізгісіз.

Шілденің жетінші таңын Бурабайда аттырған жастар, «Оқжетпес» шипа жайында демалып жатқан халқымыздың екі ардақты перзенттері Ф. Оңғарсынова мен М. Шахановпен кездескенде, онсыз да үлкен сапардың өн бойында ерекше толқыныста болса, бұл жолы шаттықтың шыңына шықты.

«Мың рет естігенше, бір рет көзбен көр», - деген сөз бар. Мемлекетіміздің Н. Назарбаевтың басшылығымен аз жылда ұлы жеңістерге жетіп, зор игіліктерге кенелгенін БАҚ құралдары арқылы білетін жастар, керуен құрамында жүріп өткенде, байтақ республикамызда атқарылған өміршең, шапағаты ғұмырлық істерді тікелей көзбен көріп, көкейлеріне тоқи отырып, Отанына деген, Президентіне деген патриоттық сезімі ұмытылмас әсерлерге кенелді.

Бірлестікте обылыс және қала деңгейде тиісті қолдаулар да беріліп отырды, соның бірі тендер арқылы 300 мың теңге қаржы бөлінуі, біз үшін игілік іске демеу болды.

Атап айтқанда, сол қаржыға 1 - қазан мен 18 - қараша аралығында «Құтты білік» интеллектуалдық сайысынан мектеп, студенттер арасында Түкістан қалалық біріншілігі өткізіліді. Аталғн сайыстың студент жастарға берген тағлымы өте зор болды. Жеңімпаз қоғамда мүшелері сыйлықтар мен марапатталды.

Тәрбиенің саналы ісі - ол қайырылымдылық екендігі сіздерге аян. Атап айтқанда өткен 2006 жылдың қыркүегінде ОҚО сәбилердің ғасыр індеті СПИД - ке шалдығып, аурған балаларға бірлестік мүшелері 80 мың 303 тенге аударған. Қала әкімдігінің үйлестірімен өткен «имандылығы ұйыған» 100 күн балалар үшін атты акциясын 70 мың тенге аударды. Қорыта айтқанда «Бәйтерек және Намыс ЖҚОБ» бүгінгі күннің сүранысынан дүниеге келген жастарды біріктіретін олардың бойындағы үлкен күшті жүйеге келтіретін орта.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың мемлекеттік символдарға когнитивтік қатынасын тәрбиелеу
Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін қалыптасыру
Басатуыш мектепте әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері
Жас ұрпақты әскери патриотизмге тәрбиелеу
Оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғышарттар
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері туралы ақпарат
Мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің ролі
Патриотизмге тәрбиелеу мәселесі
Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық сезімін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz