17 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

17 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

Жалдау

Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері енгізілген жаңа IFRS-нан туындайтын түзетулерді қамтиды.

17 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

Жалдау

МАҚСАТЫ

1. Осы Стандарттың мақсаты жалдау шарттарына қатысты жалгерлер және жалға берушілердің қолдануы үшін тиісті есеп саясаты мен ақпаратты ашу ережелерін анықтау болып табылады.

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

2. Осы Стандарт мыналарды қоспағанда:

(а) пайдалы қазбаларды, мұнайды, табиғи газ және өзге де қалпына келтірілмейтін табиғат ресурстарына жасалған барлауға немесе пайдалануға жалдау шарттары;

және

(b) кинофильмдер, бейнежазбалар, пьесалар, қолжазбалар, патенттер мен авторлық құқық сияқты объектілер бойынша лицензиялық келісімдер барлық жалдау түрлерінің есебі үшін қолданылуға тиіс.

Алайда осы Стандарт мыналарды:

(а) жалгерлердің қарамағындағы және есепке алуда инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде көрсетілген жылжымайтын мүлікті (қараңыз: 40-«Инвестициялық жылжымайтын мүлік» IAS) ;

(b) жалға берушілердің операциялық жалға беру шарты бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлкін (қараңыз: 40 IAS) ;

(с) жалгерлердің қаржылық жалдау шарты бойынша пайдаланылатын активтердің биологиялық объектілерін (қараңыз: 41 «Ауыл шаруашылығы» IAS) ;

немесе

(d) жалға берушілер операциялық жалдау шарттары бойынша жалға берген биологиялық активтерді (қараңыз: 41-«Ауыл шаруашылығы» IAS) қоспағанда, бағалау үшін негіз ретінде қолдануға тиым салынады.

3. Осы Стандарт осындай активтерді пайдалану мен қызмет көрсетуге байланысты жалға берушінің маңызды қызметі талап етілуіне қалуына қарамастан активтерді пайдалануына құқық беретін шарттарға қолданылады. Осы Стандарт қызмет көрсетуге келісім-шарттар болып табылатын, шарт бойынша активтерді пайдалануға бір жақтан екінші жаққа пайдалануына бермейтін шарттарға қолданылмайды.

АНЫҚТАМАЛАР

4. Осы Стандартта мынадай терминдер көрсетілген мәндерде пайдаланылады:

Жалдау - жалға беруші жалгерге жалдау ақысына немесе төлемдер тобының орнына келісілген уақыт ішінде активтерді пайдалану құқығын беретін шарт.

Қаржылық жалдау - актив иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайдаларды елеулі түрде көтеретін шарттар бойынша жалға беру. Қорытындысында құқықтық мәртебе берілуі де, сондай-ақ берілмеуі де мүмкін.

Операциялық жалдау - қаржылық жалдан өзгеше жал.

Мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз жалдау - бұл жалдау шарты бойынша тек мынадай: жағдайларда ғана:

(а) қандай да бір ықтималдығы шамалы оқиғаның басталуы жағдайында;

(b) жалға берушінің рұқсатымен;

(с) егер жалгер сол немесе оған барабар активті сол жалға берушімен жалдау туралы жаңа шарт жасайтын болса;

немесе

(d) жалдауды қабылдаған күні жалгердің төлеген қосымша сомасы оның бұдан әрі жалғасуына кепіл болған жағдайда, тоқтатылуы мүмкін.

Жалды қабылдау күні - бұл мынадай күндерден: жалдау шартын жасасу күні немесе жалдаудың негізгі талаптарына қатысты тараптардың міндеттемелерді қабылдау күнінен неғұрлым ертерек жасалатын жалдау. Атап айтқанда мына күнге:

(а) жалдау операциялық немесе қаржылық ретінде жіктелген;

және

(b) қаржылық жалдау жағдайында жалдау мерзімінің басында танылуға жататын сомалар анықталады.

Жалдау мерзімінің басталу күні жалға алынған активтерді пайдалану мүмкіндігін іске асыру құқығын алған күн болып есептеледі. Бұл - жалдауды бастапқы тану күні (яғни жалдаумен байланысты туындайтын тиісті активтердің, міндеттемелердің, табыстың немесе шығыстың танылуы) .

Жалдау мерзімі - жалгер шартқа сәйкес активті жалдауға алған, қысқартылуға жатпайтын кезең, сондай-ақ, бұл кезеңдер ішінде, егер жалдау мерзімінің басында жалгердің осы құқығын іске асыруға негізді сенімі болса, жалгердің қосымша мынадай ақы төлеумен немесе онсыз активті одан әрі жалдауға құқығы бар кез келген өзге де кезеңдер.

Жалдаудың ең төменгі төлемдері - жалдау мерзімі бойындағы төлемдер, жалға беруші төлейтін және оған өтелетін шартты түрдегі жалдау ақысын, қызмет көрсетулері мен салық төлемдері бойынша сомаларды қоспағанда, олар мына сомалармен бірге жалгерден талап етілуі немесе сұратып алынуы мүмкін:

(а) жалгер үшін: жалгер немесе жалгермен байланысты тараптың кепілдік берген кез келген сомаларымен;

не

(b) жалға беруші үшін: жалға берушіге кепілдік берген кез келген тарату құнымен:

(і) жалгер;

(іі) жалгермен байланысты тарап;

не

(ііі) осындай кепілдік бойынша қаржыға байланысты міндеттерді орындауға қабілетті, жалгерден тәуелсіз үшінші тараппен.

Алайда, егер жалгердің осы құқықты іске асыру мүмкін болған кездегі күні, күткендегідей, активті әділ құнынан мейлінше төмен баға бойынша сатып алу құқығы болса, бұл орайда жалдау мерзімі басталғанда бұл құқықты іске асыруға, ал ең төменгі жалдау төлемдері мерзім ішіндегі төленуге тиісті ең төменгі төлемдерден және осы активті сатып алу құқығын іске асыру үшін қажетті төлемнен тұратынына негізді сенімі болады.

Әділ құн - келісім жасасу барысында жақсы хабардар, осындай келісімді жасасуға ниет білдірген, бір-бірінен тәуелсіз екі жақтың активті немесе реттелген міндеттемені ауыстыруға болатын сома.

Экономикалық қызметінің мерзімі - бұл:

(а) бір немесе одан да көп пайдаланушылардың активті экономикалық пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі;

не

(b) ұйымның активті пайдалануынан күтетін өндіріс бірліктерінің көлемі немесе осыған ұқсас бірліктер.

Пайдалы қызмет мерзімі - ұйымның активте болатын экономикалық пайда алуды көздейтін жалдау мерзімімен шектелмейтін жалдау мерзімінің басынан қалған, есеп кезеңі.

Кепілдік берілген жою құны - бұл:

(а) жалгер үшін: жалгер немесе онымен байланысты тараптың кепілдік берілетін жою құнының бір бөлігі (бұл орайда кепілдік сомасы кез келген жағдайда төленуге тиіс болатын ең көп сомаға тең) ;

және

(b) жалға беруші үшін: кепілдік бойынша қаржы қатынасындағы міндеттемелерді орындауға қабілетті жалгер немесе жалға берушімен байланысы жоқ үшінші тараптың кепілдік беретін жою құнының бір бөлігі.

Кепілдік берілмеген жою құны - жалға алынған активтің жою құнының алуына жалға беруші кепілдік бермеген немесе тек жалдауға берушімен байланысты тарап қана кепілдік берілген бір бөлігі.

Бастапқы тікелей шығындар жалдау шартын дайындауға және жасауға байланысты, мұндай шығынды өндірушілердің немесе дилерлердің атынан жалға берушілер көтерген жағдайды қоспағанда, қосымша шығындарды білдіреді.

Жалдауға салынатын жалпы инвестициялар:

(а) жалға беруші қаржылық жалдау кезінде алынатын ең аз жалдау төлемдерінің,

және

(b) жалға берушіге тиесілі кез келген кепілдік берілмеген жою құнының жиынтығы.

Жалдауға салынған таза инвестиция жалдау шартында қарастырылған пайыз ставкасы бойынша дисконтталған жалдауға салынған жалпы инвестицияны білдіреді. Алынбаған қаржылай кіріс - бұл мыналардың:

(а) жалдауға салынған жалпы инвестиция,

және

(b) жалдауға салынған таза инвестиция арасындағы айырманы білдіреді.

Жалдау туралы шартта түсінілетін пайыз ставкасы - қолданылуы жалдауды қабылдау күнінде (а) ең төмен жалдау төлемдері және (b) кепілдік берілмеген жою құнының жалпы дисконтталған құны (і) жалданған активтің әділ құнына және (іі) жалға берушінің бастапқы тікелей шығындарының сомасына тең болатын жағдайды қамтамасыз ететін дисконт ставкасы.

Заемдық капиталға пайыздың өсу ставкасы - жалгердің бірдей жалдауы бойынша төлеуге міндетті болған пайыз ставкасы, немесе осындайды анықтау мүмкін болмаса, онда жалдауды қабылдау күніне активті сатып алу үшін керекті мөлшерде осындай мерзімге немесе осындай қамтамасыз етілуге алынған заем бойынша жалгер төлеуге міндетті болған ставка.

Шартты жалдау ақысы - белгілі бір сома түрінде белгіленбейтін, бірақ өзгеруі уақыттың өтуімен байланысты емес фактордың болашақ шамасына негізделген жалдау төлемдерінің бір бөлігі (мысалы, сатудың болашақ пайызы, пайдаланудың болашақ деңгейі, бағалардың болашақ индексі, пайыздың болашақ нарықтық ставкасы) .

5. Жалдау туралы шартқа немесе жалдаудың негізгі талабына қатысты міндеттемеге ғимарат немесе меншікті жалға алу құнының өзгеруіне, немесе шығын және құнның басқа кейбір бағаларының өзгеруіне, мысалы, жалдауды қабылдау күні және жалдау мерзімінің басталуы арасындағы кезең ішінде жалдауды қаржыландырудағы бағалардың жалпы деңгейі, немесе жалға берушінің шығындары, жалдау төлемдерінің түзетуін қарастыратын ережені қамтуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы Стандарттың мақсаты үшін кез келген осындай өзгертулердің салдары жалдауды қабылдау күнінен басталды деп есептеледі.

6. Жалдауды анықтауға келісілген талаптарды орындағаннан кейін жалдаушыға активті меншігіне алу құқығын беретін ережесі бар активті жалға өткізу шарты кіреді. Бұл шарттар кейде сатып алу құқығы бар жалдау шарты деп аталады.

ЖАЛДАУДЫ ЖІКТЕУ

7. Осы Стандартта қабылданған жалдауды жіктеу жалдауға алған активке меншік құқығына тән тәуекел мен пайданы жалгер мен жалға берушінің қандай дәрежеде мойнына алуына негізделеді. Тәуекелге активтің іркілісі немесе технологиялық жағынан ескіруінен, сондай-ақ өзгеріп тұратын экономикалық жағдайлармен байланысты пайданың ауытқуынан болатын залалдар жатады. Пайда активтің экономикалық қызметінің мерзімі ішіндегі пайдалы жұмыстың және оның құнының артуынан немесе тарату құнынан алынатын пайданың күтілуімен берілуі мүмкін.

8. Жалдау, егер ол иеленумен қатар жүретін айтарлықтай деңгейдегі барлық тәуекелдер мен пайданы көтеретін болса, қаржылық жалдау ретінде жіктеледі. Егер жалдау иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайданы айтарлықтай көтеруге әкеліп соқтырмаса, операциялық ретінде жіктеледі.

9. Жалға беруші мен жалгер арасындағы мәміле жалдау шартына негізделетіндіктен, олардың арасында келісілген анықтаманы пайдаланған дұрыс болады. Осындай анықтамаларды жалға беруші және жалдаушының бірдей емес жағдайларға қарай қолдану жалдаудың бір түрін әр түрлі жіктеуге әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, егер жалға беруші жалдаушымен байланысты емес тарап ұсынған тарату құнының кепілдігінен пайда алған жағдайда орын алуы мүмкін.

10. Жалдауды қаржылық ретінде немесе операциялық ретінде жіктеу керек пе деген сұраққа шарттың нысанына емес, мәміленің мазмұнына байланысты болады деп жауап беріледі ( 1 ) . Төменде жеке немесе бірге алынған жағдайлардың әдетте жалдауды қаржылық ретінде жіктеуге себепші болатын мысалдар келтірілген:

(а) жалдау мерзімінің соңында активті иелену құқығы жалдаушыға көшеді;

  1. жалдаушының жалдау мерзімінің басында осы құқықты іске асыру күні әділ құннан айтарлықтай төмен бағаға осы активті сатып алуға құқығы бар, ал жалдауды қабылдаған күні бұл құқықтың жүзеге асырылатыны туралы негізделген сенім бар;
  2. егер меншік құқығы мүлдем берілмейтін болса да, жалдау мерзімі активтің экономикалық қызмет көрсету мерзімінің елеулі бөлігін құрайды;
  3. жалдау қабылданған күнгі жалдау төлемдерінің ең төменгі дисконттық құны ең кем дегенде жалға алынған активтің барлық әділ құнының елеулі үлесін құрайды;

және

  1. жалға алынған активтердің тек жалгер ғана оларды елеулі түрдегі түрлендірусіз пайдалана алатын арнаулы сипаты бар.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
34 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
1 ІAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
14 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
8 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
10 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Шетелдік валютамен жүргізілетін операциялардың салдары
Қарыздар бойынша шығындар
21 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Активтерге жататын субсидиялар туралы ақпарат беру
18 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz