Қазақ әдет – ғұрып құқығындағы келісім-шарт институты


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 115 бет
Таңдаулыға:
БЕРДІБАЕВА ӘЛИЯ ҚАРТБАЙҚЫЗЫ
Қазақ әдет - ғұрып құқығындағы келісім-шарт институты
Алматы 2008
ҚАЗАҚ ӘДЕТ ҚҰҚЫҒЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КЕЛІСІМ-ШАРТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ОРНЫ МЕН РОЛІ
1. 1 Келісім - шарт институты: табиғаты, генезисі және дамуы
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы құқықтық жүйенің дамуы өзіндік ерекшеліктерге негізделе отыра, өрбіген болатын. Қазақ әдет құқығы қазіргі кезеңдегі құқық теориясында қалыптасқан ұғым-түсініктерде нормалар жүйесінен кейде, асып та жататын кездері болған. Былайша айтқанда, қазақ әдет құқығы өзінің аясы, көлемі бойынша ауқымды қатынастардан, элементтерден тұрды. Қазақ әдет құқығы жүйесіндегі нормалар мен институттарды зерттеу ісінде біз мәселенің осы қырына көңіл бөліп отыруымыз қажет. Дәстүрлі қазақ құқығында келісім-шарт қатынастары аясы кең, көлемді мәселелерді қамтитын, масштабтық құбылыс болып табылады. Келісім -шарт қатынастары, өзінің дамуы мен қалыптасуы жағынан ерекшеленеді. Оның басты ерекшеліктерінің қатарына, дәстүрлі қазақ құқығындағы келісім-шарт қатынастарының қазіргі азаматтық құқық саласында қалыптасқан ұғым-түсініктерге негізделмейтіндігінде. Келісім - шарт қатынастарының қазіргі негізде қалыптасқан сатып-алу, сату, айырбас, жалға беру т. б. барлығы қазақ даласына Ресей империясының келуімен қарқынды дами бастады.
Қазіргі кезеңдегі азаматтық құқық теориясында келісім-шарт қатынастары көп жағдайда азаматтық айналысқа негізделген мәселелерге бағытталған болып табылады. Ал қазақ әдет құқығында бұл мәселе өзгеше. Енді біз сөз кезегін қазақтың құқықтық ой тарихында және түсінігінде келісім-шарт қатынастарының негізделу бастаулары қандай болды, соған тоқталып өтейік.
Евразияның Батыс Сібір және Орталық Азия бөлімінде ХІ - ХІІ ғасырларда тайпалармен тайпалық бірлестіктердің интеграциялану нәтижесінде қазақ халқы қалыптасып, 15 ғасырда Қазақ Хандығының құрылуымен аяқталды. Сол жайлаулы кеңістікте руханилық пен әдептілік қағидалары негізінде түрік этносының тілдік мәдениеті қалыптасып өз бекінісін тапты, олардың ішінде қазақтың әдет ғұрып құқығы ерекше орын алды. Ұзақ даму жолынан өткен қазақ әдет ғұрып құқығы көптеген факторлардың әсерімен қалыптасты, олардың ішінде руханият пен әдептілік қағидалары ерекше орын алды. Қазақ қоғамының көшпелі өмір салты кең даланы игеруге септігін тигізді. Бұның өзі аса төзімділкті және қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік экономикалық өмірінің қалыптасуының негізі болған жоғары руханилық қағидасын талап етті. Осылардың негізінде құралған көшпенділік өмір әрбір мүшесінен әділеттілікті, қонақжайлылықты, еріктілік пен жасы үлкенді сыйлау, сондай ақ бейбіт сүйгіштік пен бір біріне қол ұшын беруге талпыну сияқты қасиеттерді қалыптастырды. Мұның бәрі басқа құқықтық жүйелерден ерекшелене түскен қазақ әдет ғұрып құқығында көрініс тапты. Қазақ халқымен өмірлік тұрмыс жағдайларының әсерімен өңделген әдет ғұрып құқығы халықтың жалпы құқықтық көзқарастарын қамтып, көптеген ғасырлар бойы оны бірауыздан сақтау арқылы жүзеге асырылды. Қазақтардың әдет ғұрып құқығында дәстүрлі сипатпен қатар өмір ағымына қарай өзгеру қабілеттіліктері де көрініс табады. Бұл орайда академик С. З. Зиманов былай деп жазады: “қазақ құқығының Қазақстанның кең байтақ даласында болып өткен барлық өзгерістер мен революцияларға қарамастан алғашқы кейпінде өмір сүргіштігі оның негізінде, оның құқықтық жүйесінде адамның ерікті, шынайы бостандығының яғни адам мен адамзаттың ұдайы талпынысына үндес рухани идеалдар және қағидалар жатырғандығымен түсіндіріледі. Бұл қазақ құқығының узурпаторлар қанжалдарымен олардың режимдерінен бекем болуының ең бірінші себептерінің бірі” [5, 38 б. ]
Осындай пікірлерді атай келе, қазақ қоғамы өмірінің реттеушісі болған қазақтардың әдет-ғұрып құқығының ғасырлар бойы өмірдің талай ағымына төзіп келуін мынадай себептермен сипаттауға болады:
- руханият пен әдептілік қағидаларын дәріптейтін тайпалық және қауымдық өркениеттің құқықтық әдет-ғұрпын ұзақ уақыт бойы қолданылды;
- адамның рухани болымысы мен әділдік және бостандыққа талпынды;
- халықтың өзіне анағұрлым жақын шаруашылық - тұрмыстық көзқарасын қалыптастыруға әсер ететін көшпенді өмір сүру ерекшеліктері бар.
Өндіріс пен товар айырбастаудың тұрмыстық және шаруашылық мұқтаждықты қанағаттандыру қажеттілігімен анықталатын шынайы -патриархалдық сипаты қазақтың әдет - ғұрып құқығының шарттық нормаларының қалыптасуына септігін тигізді. Ешбір қоғам, оның экономикалық даму деңгейіне қарамастан товар айырбастау, материалдық өнімді иемдену аясындағы қатынастарсыз және оларды реттеу әдістерінсіз өмір сүре алмайды. Қауым мүшелері арасында жасалып жатқан келісімдер оның тұрмысының әртүрлі тараптарына қатысты болып, жоғары руханият қағидасына негізделді. Билердің міндеттемені бұзуға байланысты даулар бойынша шығарған шешімдері әдет - ғұрып құқықтық нормалар негізінде жасалып, аса даналықпен, әділеттілікпен ерекшеленді.
Сонымен қатар, қалыпты қазақ қоғамындағы шaрттық қатынастарды реттеген әдет - ғұрып құқықтық нормалар ғажап еді, себебі олар бір жағынан өзінің ішкі байланысы бойынша біртекті болса, екінші жағынан, басқа нормалармен сыртқы байланыста болып, қоғамдық қатынастардың басқа да аяларында қолданылуы әбден мүмкін еді (мыс. Қылмыстық не отбасылық) . Осыған орай қазақ қоғамында шарттық қатынастарды реттеген құқықтық нормалардың ерекшеліктерін - олардың әмбебаптылығын бөліп қараған жөн болар.
Қазақ хандары әлсін - әлсін әдет - ғұрып құқығын кодификациялауға тырысып отырды. Мәселен, қоғамдық санада шынайыланған әдет ғұрып құқығы нормалары қазақ қоғамындағы шарттық қатынастарды реттеген құқықтық нормалардың болғандығына жарық түсірген Қасым ханның қасқа жолы және Жеті жарғы сияқты жазбаша әдет ғұрып құқығында өз көрінісін тапты.
XVІ ғасырда пайда болған Қасым ханның қасқа жолы біздің уақытқа дейін толық көлемде сақталмаған, дегенмен бұл тарихи құжаттың сақталып қалған үзінділері өткен жүз жылдықтың қазақ ағартушылары мен орыс зерттеушілеріне белгілі бір көлемде оны қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Бұл құжаттар ғалымдардың оның мазмұнын анықтап, қазақ қоғамындағы шарттық қатынастарды реттеуге байланысты белгілі бір мәліметтерді алуға мүмкіндік берді. Еркін Әбіл Қасым ханның қасқа жолы бес бөлімнен тұрды және құқықтық дәстүр салттарының қолданылу біртектілігіне қарай кодификацияланған деп көрсетеді. Олардың бірі, сатып алу-сату, айырбас, қарыз, сыйлау шарттары сияқты шарттардың жекелеген түрлерін жасау мен орындауға байланысты нормаларды шолып өтетін міндеттемелік қатынастарды реттеуге бағытталған бөлім болып табылады. Бұл міндеттемелік қатынастардың ерекшелігі сол, патриархалдық-шынайы қатынастар жағдайында қатынастар жекелеген әлеуметтік қоғам ішінде пайда болатындықтан, қауымаралық не олардың ішіндегі қатынастар реттеліп отырды [7, с. 100. ] .
XVІІ ғасырдың аяғы мен XVІІІ ғасырдың басындағы әдет ғұрып құқығының кодификациялануының мысалы ретінде Тәуке ханмен жасалған "Жеті жарғы" деп аталған әдет ғұрып құқықтық жинақты атап көрсетуге болады. Ол өткен жүзжылдықтардағы қазақтың әдет - ғұрып құқығының негізгі ресми жинақтарының бірі болып табылады.
Бұл жөнінде Н. Усеров Тауке хан үш жүзді біріктіруге, қазақ қоғамындағы мемлекеттік бастаманы күшейтуге тырысты, сондықтан да болар, бұл жинақта айырбас қатынастарын реттейтін нормалар жоқ. Бұл жинақта Тауке хан қазақ қоғамының дамуының ерте кезеңіндегі құқықтық салт дәстүрді кодификациялап ғана қоймай, көшпелі қоғамның жаңа жағдайларын да көздегендігін көрсетеді [8, с. 17. ] .
С. Өзбекұлы өз еңбектерінде Тәуке хан қазақ халқының көрнекті мемлекеттік қайраткері болды деп көрсетеді. Қазақ даласына жоңғар қалмақтарының қысым көрсету алдында қазақ қауымының бірігуінің тарихи мәнін ұғынған ол, біртұтас жинақ жасауға талпынды. Оның мақсаты бір ресми құжатта әдет - ғұрып құқықтық нормаларын біріктіру болды, әрине басым күш қылмыстық құқық нормаларына салынды. "Жеті жарғы" жеті бөлімнен тұрды, ол жесір мен жетімнің жеке құқықтары мен туыстары мен қауымның оларға қатысты міндеттемелерін реттеуге арналған міндеттемелік мүліктік қатынастарды бекітті деп көрсетеді. Бұл ескі ескерткішті зерттеген зерттеушілер оның үш бөлімнен тұратындығын атайды: 1- қазақтардың ескі әдет ғұрып құқығы (Қасым ханның қасқа жолы) ; 2- Есім хан заңы, және 3- Тәуке хан тұсында қабылданған заңдар. С. Өзбекұлы: Жеті жарғыны4 әрбір тармағы қазақтың тәжірибелік қоғамдық өмірінің көрінісі ретінде және ұлтты қорғау үшін, көшпенді өмірдегі қоғамдық қатынастарды реттеу үшін пайда болды, - деп жазады [9, 17-30 бб. ] .
Жеті жарғының мәні сол, Тауке хан барымта, қауымнан қудалау, қандық кек алу сияқты дәстүрді шектеу, әдет ғұрып құқығы нормаларын реформалауға тырысты. Бұл жинақ шарттық қатынастарды Қасым хан заңына қарағанда аз қамтиды, себебі ол негізінен мемлекеттік билікті күшейту мақсатында құрылды. Мысалы Қасым хан жинағында айырбас қатынастары туралы, олардың қатысушылары кім болатындығы туралы жеткілікті айтылған.
Қазақ қоғамында шарттардың болғандығы туралы анағұрлым ауқымды мәліметтер Ш. Уалиханов, Н. Гордекова, А. И. Левшин сияқты қазақ және орыс ғалымдарының еңбектерінде көрініс табады. Олар қазақ қауымында жасалып отырған шарттар жүйесінің нақты әрі реттелген күйде, оның мән мағынасы, түрлері мен нысандары туралы, сондай ақ бұл қатынастардың объектісі мүлік болғандықтан бұл қатынастар тек мүліктік сипатта көрінетіндігін куәландырады. 1886 ж. Семей статистикалық комитетімен жинақталған қазақтың әдет ғұрып құқығының материалдары Рим және Ресей империясындағыда мүлік жылжитын және жылжымайтын болып бөлінген жоқ. Көшпенділік өмірдің негізгі құндылығын мал құрады. Сондықтан да мал және басқа да мүлік деп бөлінді. Қырғызша мал - байлық, ал қалғандары жылжитын және жылжымайтын мүлік. Бұл құжаттарда қырғыздардың мүліктік қатынастары тауып алу, мұраға қалу, сыйлау шарттары құқықтық фактілер мен мәмілелерге негізделетіндігі көрсетіледі. Осылардың ішінде анағұрлым жиі кездесетіндері: 1) мұраға алу жолымен, яғни ата мұрасы; 2) өз-табысы, яғни игілікке ие болу; 3) бұрышты мал, яғни азаматтық мәмілелер (сауда саттық, құда түсу, жалдау) [10, 464 б. ] . Бұдан қазақтың әдет ғұрып құқығында мүліктік құқықтықтарға ие болу негізі ретінде келісім шарт қаралғандығы анық екeндігін көреміз. Және олар еркіндік қағидасы негізінде жасалып, ол шынайы және тиісті негізде бұлжытпай орындалатын.
Бұдан басқа, шарттар қалыңмал мен құда түсуге байланысты отбасы - жанұялық қатынастарда қолданылды. Жетісу облыстық баспаханасында жарық көрген қырғыздың әдет ғұрып құқығы жинағында: “Неке бұл, әйелді некелік бірге тұру үшін алу мақсатында жасалатын шарт” деп тікелей айтылған [10, 393 б] . Некенің негізгі нысаны ретінде қалыңмал төлеумен болатын неке болса, келісім шарттың негізгі шарттарының бірі, қалыңмалдың, той шығындарының және төсек орын көлемі туралы болатын.
Некеге тұру келісім шарттың негізінде жүзеге асырылғандығын Өскемен халық соттары мен Семей уездерінің 1896 ж. Ережесінде: “Қырғыздарда құдалар бір бірімен киіт деп аталатын сыйлықтармен алмасуы тиіс, олардың құндылығы болашақ ерлі - зайыптылардың ата аналарының жағдайына және қалыңмал көлеміне байланысты. Киіт алу оны алғанды қалыңмал төлеуге міндеттейді” - деп тікелей жазылған. Бұл некеге тұрған кезде міндеттемелік шарттың қолданылғандығын куаландырады [10, 208 б. ] .
Ал 1884 ж. Қабылданған Ереже некеге тұру шарттарын анықтады. Ол «Неке шарты құдалар бірге құйрық бауыр жеген кезде жасалды деп есептеледі, дегенді білдірді [10, 78 б. ] . Сонымен қатар, нақ осы Ереже неке қатынастарын реттеген әдет ғұрыптық нормаларға елеулі өзгеріс енгізді. Бұл ең алдымен әменгерлік институтының мәнін жойды. Енді бұдан былай жесір әйел күйеуінің бауыры не бір туысына шығу шықпауды өзі шешетін болды.
Қазақстанның Ресейге қосылғанға дейін қазақ қоғамындағы шарттар қауым мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық сипатта көрінді және олардың түрлері де шектеулі болды. Ал Ресейге қосылғаннан кейін товар айырбас аясы кеңейгеннен, құқықтың жаңа қайнар көздері пайда бола бастағаннан кейін шарттық қатынастарды реттеу қарқыны құқықтық шарттардың жаңа түрлері пайда болу түрінде арта түсті. Азықты алу және айырбастауға байланысты қатынастардың реттеушісі ретінде сатып алу - сату шарты қалыптасты. Егер бұрын бұл шарт түрі қазақ қауымының тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталса, ендігі ретте оның, негізгі мақсаты пайда табуды көздеген коммерциялық сипатқа ие болды. Шарттың пәнін мал құрады. XІX ғасырдың аяғында жасалған «қырғыздардың әдет ғұрып құқығы жинағынан шартық қатынастарды реттеген салт дәстүрлер сатып алу сату шартын жасау нысанын ғана емес, Шарттың пәні, құны, шарт тараптарының құқықтары мен міндеттері сондай-ақ шарт талаптарын бұзған жағдайда жауапкершілік те көзделгендігін көруге болады. Мәселен, Сатушы сатып алушыға сатылып жатырған заттың өзіне белгілі кемшіліктерін айтуға тиіс немесе оны мұқият қарап алуды ұсынады сол арқылы мәміле жасалғаннан кейін өзінен алатындығын ескерте отырып түсіндіреді. Сатушы бұл талаптарды сақтамаған жағдайда сатып алушы заттың кемшіліктерін байқаған жағдайда мәмілені бұзуды талап ете алады, делінген [10, 415 б. ] .
Қазақтың әдет ғұрып құқығында қарыз, жалдау және сақтау шарттарының қолданылғандығы да анық. Бұл жөнінде С. З. Зиманов - өз еңбегінде былай деп жазады: қарыз қатынастарының дамуы салымдардың тарауымен тығыз байланысты болды. Ақшалай алымдарды төлеу немесе өзге де қажеттіліктері үшін қатардағы қазақтар байлардан сый ақысын төлеуді келісе отырып ақша алатын. Жылдық сыйақы көлемі ссуда көлемінен асып түсетін. Саудагерлер көп жағдайда мұқтаж қазақтарға қарызға нан беретін, есесіне ол сол қарызын өтеу үшін белгілі бір уақытта оның шаруашылығында жұмыс істеуге міндеттенетін. Мұндай байланыс қарыз берушіге ауылшаруашылығы жұмыстары кезеңінде жұмыс күшін пайдалану үшін тиімді болдың [11, 54 б. ]
Қарыз шартының қолданылғаны жөнінде Культелеев Т. М. да растайды. Ол: XІX ғасырдың екінші жартысында жарық көрген әдет ғұрып құқығы жинақтарынан біз Қазақстанда товар-ақша қатынастарының дамуымен байланысты нормаларды байқаймыз. Шарттардың жаңа түрлерін реттейтін нормалар пайда болды. Соның ішінде осы ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ссуда шарты ерекше даму алды [12, 301 б. ] .
Қазақ әдет ғұрып құқығында сол сақтау шартын білдірген аманат деген ұғым пайда болды. Бұл жөнінде 1824 ж. Омбы уақытша комитетімен дайындалған қырғыз заңдар жинағында аманат шартының мазмұны анықталған: Егерде бір адамға сақтауға бір нәрсе беріліп, ал ол болса оны тығып не жасыратын болса, ол үшін сол ел ішінде сыйлы адамның бірі ант су ішіп, ал басқа бір туысы антын қабылдайды, ал егер ант кері шақырылса кінәлі сақтауға берілгеннің бәрін өтеп беруге тиісті болады. Ал егерде ол үшін берілген ант ақталып, артынан оның шынымен затты жасырып қалғандығы анықталса ол ұрлыққа теңеліп ол үшін қосымша 9 түйір мал түрінде айыппұл төлейді, деп анықталады [10, 74-75 бб. ] Міне, осы тұжырымдар мен жинақтар нормаларынан қазақ қоғамында келісім шарттар кеңінен қолданылғандығын көреміз.
Мазмұнын өзара құқықтар мен міндеттер құраған міндеттемелік қатынастар шарттардың пайда болуының негізін құрады. Шарттардың көпшілігі ауызша нысанда жасалатын. Тек экономикалық қатынастардың дамып, халық арасында товар айырбастаудың кеңейуімен шарттар бірте-бірте жазбаша нысанға көше бастады. Шарттарды жасап орындау рухани қағидаларға тараптардың әдептілігіне негізделіп тіптен күмән тудырмайтын. Шарттар ауызша түрде жасалатын болғандықтан, олардың жүзеге асатындығының кепілі ретінде куә қатысатын. Шарттың ауызша нысаны әдет ғұрып құқығында береке деп аталатын [13, c. 280. ]
Қазақ қоғамында шарттардың орындалуын қамтамасыз еткен нормалар да болды. Олар шарттың талаптарын орындамағандығы үшін шараларды қамтиды.
Енді біз келісім-шарт қатынастарының дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасу және дамуына тоқталып өтейік. Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі аралықта бірнеше мемлекеттер өмір сүрген болатын. Сол мемлекеттердің саяси-құқықтық қатынастарында келісім - шарт элементтерінің, оның дамуының үрдістерін кездестірміз. Қазақ жеріндегі ең ежелгі мемлекеттердің бірі, ғұн мемлекетінде келісім-шарт қатынастары, сауда-саттық мәселесі кеңнен дамыған болатын. Сонымен қатар, бұл мемлекетте халықаралық деңгейдегі келісім-шарт қатынастары да өрбіп жатты. Оның мысалына ғұн мемлекетіндегі бейбітшілік пен іліктілік келісімін жатқызуға болады. Сондықтан да, ғұн мемлекетіндегі кейбір тарихи оқиғаларға тоқталып өткенді жөн санап отырмыз:
Мөде Тәңірқұт солтүстік шекарада соғыс жүргізіп: ғұндармен туыс - ханьюй тайпасының, көше-қыпшақтардың (Алтайдың теріскей жағын мекендейтін динлиндік тайпа), олардың шығыс көршілері, Саянның жоғарғы Енисейден Аңғараға дейінгі теріскей жоталарында тұратын динлиндердің, Батыс Моңғолия аумағын, Қырғызнор көлінің төңірегін жайлаған қырғыздардың және цайли деген беймәлім халықтың иеліктерін бағындырады. Арт жағы-тылын қамтамасыз еткен Мөде Қытайға назар аударады. 202 жылы Қытайдағы азамат соғысы Хань әулетінің негізін салушы, қытай тарихында Гаоцзу лауазымымен белгілі болған Лю Банның жеңісімен аяқталады. Бірақ ел әлі қирап бүлінуден арыла алмай жатқан, тап сол кездері солтүстіктен ғұндар тасқыны қаптайды. Олар Маи бекінісін қамауға кіріседі, ақырында оның коменданты, князь Хань Синь амалсыздан беріледі. Қытай дәстүрі бойынша, жауға берілу опасыздықпен бірдей, жеңімпаздың бодандығына өту деп саналатын. Ешбір жағдай- себеп берілгенге арашашы бола алмайтын, өйткені ол өзін-өзі өлтіре алатын еді- деп күні бұрын болжанып қойылатын, ал ол мұны жасай алмаса - парызын өтемегені. Сондықтан князь Хань Синь үшін шегінетін жол қалмады, сосын ол жаңа қожасына адал қызмет етуге кіріседі [14, 50-51 бб. ] . Ғұндар оңтүстікке қарай сәтімен жылжып, Гуэчжу қыратынан асып, 200 жылдың қысында терістік Шаньсидің астанасы-Цзиньян қаласына келіп жетеді. Гаоцзу оларға қарсы әскерді өзі бастап шығады, бірақ қатты суық болып, сарбаздарының үштен бірінің қолдарын үсітіп алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz