Тәрбие басы тал бесік


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тәрбие басы тал бесік

Мектептегі ұстаздарының бақылауынан босаған оқушылар, әсіресе өтпелі кезеңдегі жеткіншектер әр нәрсеге еліктеп, ертерек есеюді армандайды. Өздерінен үлкен топтарға қосылып, өмірлерінде алғаш рет сырадан, арақтан ауыз тиіп, темекіні қолдарына ұстайды. Ағзаларының уланғанын есеюдің белгісіне санап, өз топтарына тартыла қоймаған қатарластарына немесе өздерінен кішілерге әлімжеттік жасап, арнайы ереже бекітеді. Бұлардың киім киісі де өзгереді. Жетіліп келе жатқан жас қатарынан қалғысы келмей, ата-ананың қалтасына салмақ салады. Бағасы жоғары ұялы телефон, достарымен үздіксіз сөйлесіп отыру үшін байланыс бірліктері, ұсақ-түйегіне жұмсайтын ақшасы бәрі-бәрі қамтылуы тиіс деп ойлайды. Айтқаны орындала қоймаған жағдайда мінез көрсетіп, әке-шешесінің «кемшілігін» бетіне басады. Әсіресе, бұл ата-ананың ажырасқан жағдайда немесе екінші некеде көп кездеседі. Әкесінің немесе шешесінің қасынан бөтен адамды көру бала үшін қызғаныш туғызып, жек көрушілік сезімі өрши түседі. Баласына ақыл айтып тоқтатуды жөн деп санамаған жауапты адам мұндайда көбіне үндемей қалуды дұрыс көреді. Осы үндемей қалу балаға үлкен сенімділік тудырып, меніңкі оң екен деген пікір қалыптастырады. Бала тәрбиесінің ауытқып, басқа арнаға түсуіне негізгі себепші ата-ананың өзі. Перзентінің алғашқы қате түсінігіне тоқтау салып үлгере алмаған үлкендер, ендігі тәрбиеге де тым кеш қалғанын уақыт өте келе түсініп, бармағын шайнайды.

Жазғытұрым басталған үш айлық демалыста ойы мен санасы есейе түкен жеткіншек от басылық дұрыс тәрбиеге кемістеу болып өскеннен кейін қылмысқа ұрынуға бейім тұрады. Оларда еліктеу күші басым. Жұмыстағы ата-ана баласының үйде қалғанын ғана біледі, іші пысқан өскіннің немен шұғылданып жүргенінен бейхабар болып шығады.

Қазақстан Республикасының ІІМ-нің арнайы нұсқауына сәйкес демалыс барысында кәмілетке томағандар тарапынан орын алатын құқықбұзушылық пен оның алдын алу, ІІО-да есепте тұратын қолайсыз отбасыларында тәрбиеленетін жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастырылған нысандармен қамту барысында Көліктегі Оңтүстік-Шығыс ІІД-нің қызмет көрсету аймақтарында арнайы «Жұмыспен қамту» жедел кешендік іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл өткізілген іс -шараға Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының инспекторларымен бірге есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалдық полиция қызметкерлері қатыстырылды. Сондай-ақ, аталмыш іс-шараға тәртіп сақшыларымен бірге білім беру орындарының қызметкерлері мен дәрігерлер, прокуратура және «Нұр Отан» ХДП өкілдері мен басқа де мүдделі орындардың қызметкерлері қатар жүрді.

Бір апта жүргізілген іс-шара барысында сақшылар құрығына 88 құқық бұзушы мектеп оқушылары түсті. Олардың 72-сі түрлі орындарда әкімшілік құқық бұзушылар, оның ішінде бесеуінен арақтың иісі мүңкіп, шала мас күйлерінде жеткізілген. Ата-ананың қарауынсыз қалған немесе өз үйінен қашып кеткен 16 жеткіншек тізімге ілікті.

Психологтардың пайымдауынша балалардың туған үйінен қашу себебі де тәрбиеде жатыр. Он төрт, он бес жасар қыздардың «ерте есейіп» кеткендігі соншалық, жақында жезөкшелікпен айналысып жүрген жерлерінен ұсталған. Баспасөз беттерінен жиырма сегіз жасында әже атанған әйел жайлы оқып күлгеніміз бар еді, ойланып отырсақ бұл күлер жағдай емес екен. Сол жиырма сегіз жасар әженің өзі де он төрт жасында құрсақ көтеріп, қызды болған. Осыған қарап отырып, анасын қарап қызын ал, аяғын қарап асын іш деген мақал еріксіз ойға оралады.

Ауылды жер мен қалалы жердің қыздарының тәрбиесі, физиологиялық жетілуі мүлде бөлек. Он бес жасар ауыл қызының ерінінен ана сүті әлі кеппеген, ұяң болса, қала қызының басым көпшілігі бұл уақытта боянуды шемішкеше шағып, еркектің де қойнына кіріп, әйел атанып үлгереді. Онысын өздері мақтан тұтады да. Ал, үй тірлігіне келгенде қатал әке мен сыншы ананың қабағын бағып өскен ауыл қызы алдына жан салмайды. Өйткені тіршілікке епті болудың өмірде қаншалықты қажет екенін қыз шешесі мен жеңгелері құлағына құйып, шаруаға жетектеп өсіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әжелер өнегесі
БЕСІКТІҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ МЕН МӘНІ
Бесік тәрбиесінің бала тәрбиесіне тигізер әсері
Қазақ жаңылтпаштарының зерттелу тарихы
Халық-педагогикасындағы-имандылық-пен-адамгершілік-тәрбиесі
Өнеге от басынан басталады
Қазақ халқының имамдылыққа бала тәрбиелеудегі тағылым сөздері мен өнегелерінің маңызы
Тәрбие түрлері және бесік тәрбиесі
Оқушы тәрбиесі
Ұлттық ою – өрнектердіқолдануарқылы бесік жасау технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz