Ескі Түркістан қаласының археологиялық зерттеулері: Иасы-Күлтөбе, Шауғар және көне діни орталықтардың ашылуы мен сақталу мәселелері


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ескі Түркістан қаласы

(XV - XX ғ. ғ. бірінші ширегі)

Ахмет Иасауи кесснесінің салынуына байланысты (XIV) Иасы қаласының көлемі тез арада батысқа және оңтүстікке қарай ұлғайып, аймақтың саяси орталығына айналды. Жазба деректерде қала жаңа атаумен - "Хазірети Түркістан" деп атала бастады. XVI ғасырдан бастап "Түркістан" атауы қалаға мықтап бекиді. Қазіргі күні қаланың орталық бөлігі - цитаделі және оны қоршаған шахарістаны сақталған. Цитаделінің көлемі - 2, 6 гектар, шахарістаны -23, 5 гектар. Рабадының оңтүстік бөлігі ғана сақталған, көлемі - 50 гектарға жуық. Қаланың цитаделінде археологиялық зерттеулер 1930 жылдардаи (М. Е. Массон) бсрі жүргізіліп келеді. Сонғы жылдардағы зерттеулерді 1981 жылдан бастап Түркістан археологиялық экспедициясы жүргізіп келеді. 1997-1999ж. ж. жүргізіліп зерттеулер нәтижесінде қаланың цитаделі мен шахірстаны XV ғасырдың басында қалыптасқандығы анықталды. Екеуі де бекініс қорғанымен қоршалған, цитаделінің екі, шаһарістанының төрт қақпасы болғандығы тарихи деректерден белгілі.

Иасы - Күлтөбе қаласы (IV- V ғ. ғ. - ХІVғ. аралығында)

Ахмет Иасауи кесенесінен оңтүстікке қарай 350 метрдей жерде орналасқан ортағасырлық қала орны Иасы - Күлтөбе Түркістан қаласы тарихының орта кезінде деп есептеледі. Ахмет Иасауи кесенесі осы Иасы - Күлтөбе қаласының көне қорымының үстіне салынғандығы бүгінде анықталып отыр. Қазіргі күнге дейін - қаланың орталық негізгі бөлігі - цитаделі ғана сақталған, оның көлемі - 150 х 120м., биіктігі - 9м. Қаланы 1981 - 1984 ж. ж. Түркістан археологиялық экспедициясы (Е. Ә. Смағұлов) зерттеп, өмір сүру кезеңін анықтаған Зерттеу нәтижесіндо қала IV - V ғасырларда қалыптасып XIV ғасырға дейін өмір сүргендігі анықталды. XV ғасырлардан бастап Иасы - Күлтөбе жаңадан қалыптасқап Түркістан (Ескі Түркістан) қаласының территориясына енді. Оның Шахарістанының бір бөлігі ретінде XX ғасырдың басына дейін өмір сүрген.

Шауғар - Шойтөбе қаласы

(I мыңжылдықтың І-ші жартысы - ХШ - XIV ғ. ғ. )

Түркістан қаласынан-оңтүстікке қарай 6 шақырым жерде орналасқан ортағасырлық үлкен қаланың орны. Шауғар - Шойтөбе Түркістан қаласы тарихының алғашқы (бірінші) кезеңі деп есептеледі. Қаланың орталық бөлігі итаделінің көлемі 200 х 180м, биіктігі -12м, шахарістаны - 360 х 300м, биіктігі Зм, оны қоршай қала рабады орналасқан - көлемі 25 гектардан асады. Қалапы 1989-1992ж. ж. және 1996-1999 ж. ж. Түркістан археологиялық экспедициясы (Л. Б. Ерзакович, Е. Ә. Смағұлов) зерттеген. Зерттеу жұмыстары толық аяқталғпн жоқ, әзірге қолда бар заттай тарихи деректер қаланың қалыптасу кезеңі І-ші мыңжылдыктың бірінші жартысы екендігін ғана көрсетеді, келесі - 2000 жылғы зерттеу жұмыстары қала өмірінің бастапқы кезеңін дәлірек анықтайлы деп күтілуде. Қаланы, ХІІІғ. басында Хорезм шахы Мұхаммед ибн-Текени жау қолына түспесін деп қиратқан деген ғылыми болжам бар. Қала халқы дәл қасында орналасқан Иасы шахаріне қоныс аударған, алайда, тұрғындардың бір бөлігі қирай Шауғардың, оңтүстік - шығысы мен солтүстік-шығыс беттерінен жаңадан екі қоныс салғандығын 1996-1999 ж. ж. археологиялық зерттеулер анықтап берді.

Бұл қоныстар XIV ғасырдың аяғына дейін ғана өмір сүрген.

Түркістанда үшінші, төртінші ғасырдың белгісіз діни орталығы табылды. Ислам дініне тән емес, крест белгісіндегі Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңында орналасқан ғимараттың анықталуы, тарихта жана көзқарас тудырады дейді мамандар. Ғалымдар Түркістан экспедициясы барысында үш ай бойы жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған ірі діни орталықты Яссымен байланыстырады. Олардың болжамынша, табылған ірі діни орталық ислам дініне жатпайды. Мамандар Түркістанның орнында болған Яссы қаласының тұрғындары Исламға дейін басқа дінде болған деп жорамалдайды. Яғни, Яссауи бұл қалаға Ислам дінін тарату үшін келді деген болжам бар. Ғалымдар қазір тарихты өзгертуі мүмкін жаңа ғибадатхананы сақтап қалу үшін бар күшімізді салуымыз керек дейді

Түркістан экспедициясына мемлекеттік қазынадан сегіз миллион теңге жұмсалған. Ғалымдар ендігі кезекте табылған қазынаны сақтап қалуды ойластыруда. Олар жер бетіне шығарылған көне құрылыс жауын-шашынның кесірінен жермен жексен болуы мумкін деп қауіптенеді. Сондай -ақ мемлекеттік мұражай жергілікті мамандарға табылған дүниенің құрылымын зерттеп, сақтап қалуды аманат етуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістанның тарихи-археологиялық эволюциясы: Иасы, Шауғар және Әзірет Сұлтан кешені
Түркістан қаласының тарихи-археологиялық кезеңдері мен мәдени-рухани маңызы
Түркістан қаласының тарихы және Қазақ хандығындағы орны (XV-XVIII ғасырлар): археологиялық және жазбаша деректер негізінде
Шу өңірінің тарихы және Баласағұн қаласының ашылуы: Уахит Шәлекенов пен Айман Досымбаеваның археологиялық зерттеулері
Түркістан алқабының ортағасырлық қалалары мен археологиялық зерттеулері (IX-XVIII ғғ.)
Қазақ хандығы дәуіріндегі Түркістан қаласының саяси-экономикалық және рухани орны
Археология ұнатушылардың Түркістан үйірмесінің құрылуы және Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы археологиялық зерттеулері
Ортағасырлық Түркістан қаласының тарихы мен рухани-саяси орны (VI-XIX ғғ.)
Түркістан (Шауғар-Иассы) тарихы және оның Қазақ хандығының саяси-рухани астанасына айналуы (VIII-XVII ғғ.)
Талас (Тараз) қаласының ортағасырлық тарихы, атауы және археологиялық зерттеулері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz