Қазақстан Республикасы әдiлет органдары



I. Кіріспе:
1.1. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының мәртебесi
1.2 Әдiлет органдарының мiндеттерi
1.3 Әдiлет органдары қызметiнiң принциптерi
II.Негізгі бөлім:
2.1 Әдiлет органдарының жүйесi
2.2 Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
2.3 Әдiлет органдарының мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара iс.қимылы
2.4 Әдiлет органдарының актiлерi
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының әділет органдары Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасы ірге көтеріп, қаз тұра бастаған сәттен, тәуелсіздік туын көтерген, бүгінгі күнімізге дейін өркениетті құқықтық мемлекетке жүктелетін міндетті абыроймен атқарып келеді.
Әділет органдарының 90 жылдық тарихы халық тарихының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Халық Комиссарлары Кеңесінің 1919 жылғы 10 шілдедегі Декретімен Қырғыз өлкесін басқаратын Қазақстан Кеңестерінің съезін шақырғанға дейін уақытша орган - әскери-революциялық комитет құрылып, өлкенің әскери-азаматтық жоғары басқару билігі осы комитеттің қолына берілді. 1919 жылғы 30 қыркүйекте Кирревкомның юстиция (әділет) бөлімін құру туралы қаулысы қабылданды. Әділет органдары алғаш іске кіріскен сәттен-ақ өздерінің басты міндеті юстиция сөзінің грек тілінен аударғандағы ұғымына сай әділеттілікті орнықтыру деп білді.
Сол жылдарда орталық юстиция бөлімі құрамына сот тергеу, әкімшілік-шаруашылық, заңдық болжам, жазалау және нотариат бөлімшелері кірді.
Кирревкомның 1920 жылғы 30 шілдедегі қаулысымен орталық юстиция бөлімі өлкелік юстиция халық комиссариаты болып құрылды, ол заң шығарушы, нұсқау беруші, хабардар етуші және барлық әділет органдарын біріктіруші орган болды және оған бүкіл республика аумағында сотқа қатысты істі басқару мен жетекшілік жасау міндеті жүктелді.
Қазақстан Республикасының әділет органдары өзінің құрылған күнінен бастаған он жыл ішінде ел ішіндегі ірі тарихи оқиғаларына қатысып, қоғам өмірінің саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қалыптасуына өз үлесін қосып келеді.
1. Самалдыков М.К , «Правоохранительные органы РК»
Алматы 1997 ж
2. «Президент , Парламент , үкімет және құқық қорғау органдары
туралы Республика Президентінің Заң күші бар жарлықтары» 1996 ж
3. Мами Қайрат. «Установление и развитие судебной РК» Астана:
Елорда – 2001 ж
Web сайттар:
• www.google.kz
• www.zakon.kz
• www.parlam.kz

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақстан Республикасының әділет органдары Қазақстан Кеңестік
Социалистік Республикасы ірге көтеріп, қаз тұра бастаған сәттен,
тәуелсіздік туын көтерген, бүгінгі күнімізге дейін өркениетті құқықтық
мемлекетке жүктелетін міндетті абыроймен атқарып келеді.
Әділет органдарының 90 жылдық тарихы халық тарихының ажырамас бір
бөлігі болып табылады. Халық Комиссарлары Кеңесінің 1919 жылғы 10 шілдедегі
Декретімен Қырғыз өлкесін басқаратын Қазақстан Кеңестерінің съезін
шақырғанға дейін уақытша орган - әскери-революциялық комитет құрылып,
өлкенің әскери-азаматтық жоғары басқару билігі осы комитеттің қолына
берілді. 1919 жылғы 30 қыркүйекте Кирревкомның юстиция (әділет) бөлімін
құру туралы қаулысы қабылданды. Әділет органдары алғаш іске кіріскен сәттен-
ақ өздерінің басты міндеті юстиция сөзінің грек тілінен аударғандағы
ұғымына сай әділеттілікті орнықтыру деп білді.
Сол жылдарда орталық юстиция бөлімі құрамына сот тергеу, әкімшілік-
шаруашылық, заңдық болжам, жазалау және нотариат бөлімшелері кірді.
Кирревкомның 1920 жылғы 30 шілдедегі қаулысымен орталық юстиция бөлімі
өлкелік юстиция халық комиссариаты болып құрылды, ол заң шығарушы, нұсқау
беруші, хабардар етуші және барлық әділет органдарын біріктіруші орган
болды және оған бүкіл республика аумағында сотқа қатысты істі басқару мен
жетекшілік жасау міндеті жүктелді.
Қазақстан Республикасының әділет органдары өзінің құрылған күнінен
бастаған он жыл ішінде ел ішіндегі ірі тарихи оқиғаларына қатысып, қоғам
өмірінің саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қалыптасуына өз
үлесін қосып келеді.

І. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының мәртебесi
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет
органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз
етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды
адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын,
азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды
қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.
Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының
Конституциясы, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.

Әдiлет органдарының мiндеттерi
Әдiлет органдарының мiндеттерi:
1) жалпымемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу,
заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу,
нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан
Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және
қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға
қатысу;
2) Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау және Республиканың
дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайту мақсатында, соның iшiнде
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен
оның халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық жағынан қамтамасыз ету;
3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен
жасалатын мәмiлелердi, жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлдерiн,
орталық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы
органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн, азаматтық хал актiлерiн
мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк есебiн жүргiзудi және оларға
бақылау жасауды жүзеге асыру;
4) құқықтық көмектi және заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру және
құқықтық насихатты қамтамасыз ету;
5) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру;
6) қылмыстық жазаларды атқару, қылмыстық жаза атқару органдары мен
мекемелерiнде құқықтық тәртiп пен заңдылықты қамтамасыз ету;
6-1) сотталғандардың түзелуiн ұйымдастыру;
6-2) сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың, сондай-ақ
қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiндегi азаматтардың құқықтары мен заңды
мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
7) санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк
саясатты жүзеге асыру;
8) әдiлет органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар туралы iстер
бойынша анықтауды жүзеге асыру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер
бойынша заңға сәйкес iс жүргiзу;
8-1) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен
паспорттар құжаттамалауды және берудi жүзеге асыру;
8-2) азаматтарды есепке алуды және тiркеудi Қазақстан Республикасының
Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асыру;
9) өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де
мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.

Әдiлет органдары қызметiнiң принциптерi
1. Әдiлет органдарының қызметi:
1) заңдылық
2) қорғалу құқығын қамтамасыз ету, баршаның заң алдындағы теңдiгi,
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау;
3) жариялылық, құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттiк
органдармен, өзге де ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл
жасау;
4) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне
тәуелсiз болу;
5) гуманизм, демократия, қылмыстық жаза атқарудың жiктелуi мен
дербестендiрiлуi, қылмыстық жазаны түзету ықпалымен ұштастыру;
6) әдiлет органдары жүйесiнiң бiртұтастығы принциптерiне негiзделедi.

ІІ. Әдiлет органдарының жүйесi
1. Әдiлет органдарының бiртұтас жүйесi:
1) мыналарды:
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiн;
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң комитеттерiн;
аумақтық әдiлет органдарын;
қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарын қамтитын әдiлет органдарынан;
2) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнен (ұйымдарынан) және өзге де
бағынысты ұйымдардан құралады.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн
құруды, қайта ұйымдастыруды және таратуды Әдiлет министрлiгi, ал заңдарда
көзделген жағдайларда - Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.
3. Әдiлет органдарының құрылымын, штат санын, материалдық-техникалық
қамтамасыз етiлу жағдайларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен
штат санының лимиттерi және республикалық бюджетте әдiлет органдарын
ұстауға көзделген қаражат шегiнде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi
белгiлейдi.

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң құрылымына кiретiн, Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен
Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын орталық
атқарушы орган болып табылады.
2. Әдiлет министрлiгiн Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен
Республиканың Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын
Министр басқарады.
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң өкiлеттiктерi
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi (бұдан әрi - Министр)
әдiлет органдарының жұмысына басшылық етудi жүзеге асырады және әдiлет
органдарына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады.
2. Министр:
1) Әдiлет министрлiгiнiң қызметкерлерiн, ведомство басшыларының
орынбасарларын, облыстық, Астана және Алматы қалаларының әдiлет бөлiмшелерi
мен Министрлiкке бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың
орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк тiркелуге тиiс, бiрақ одан
өтпеген нормативтiк құқықтық актiлерiн жарамсыз деп тану туралы талап-
арызбен сотқа жүгiнедi;
3) әдiлет органдары орындауға мiндеттi актiлер, сондай-ақ өз құзыретi
шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен
азаматтар орындауға мiндеттi актiлер шығарады;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдар мен
ұйымдарда Министрлiктен өкiлдiк етедi;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнаулы атақтар бередi;
6) өзiне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк
құқықтық актiлерiмен жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Аумақтық әдiлет органдары
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың,
аудандар мен қалалардың әдiлет бөлiмшелерi аумақтық әдiлет органдары болып
табылады.
2. Аумақтық әдiлет органдарында әдiлет органдарына жүктелген
функциялардың орындалуын қамтамасыз ететiн тиiстi құрылымдық бөлiмшелер
құрылады.
Әдiлет жүйесiнiң ұйымдары
Әдiлет министрлiгiне жүктелген мiндеттердi шешу және функцияларды
қамтамасыз ету үшiн Министрлiк жанында мекемелер, оқу орындары және басқа
да ұйымдар жұмыс iстейдi.
Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi. Қазақстан Республикасы
әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi - қылмыстық-атқару
жүйесi) - соттар тағайындаған қылмыстық жазаның атқарылуын қамтамасыз ету
жөнiндегi атқарушы және өкiмшi функцияларды жүзеге асыратын органдар мен
мекемелердiң, сондай-ақ қылмыстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әділет органдарының актілері
ҚР әділет органы
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
Әділет органдары туралы
ҚР әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Құқықты қорғау органдары
Прокуратурадағы қызметті ашу
Құқық қорғау органдары туралы
Пәндер