Бату, Батый, Сайын хан
1 Алтын Орданың негізін қалаған хан
2 Монғол.татар шапқыншылары
3 Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
4 Бату ханның Киевті алуы
5 Алтын Орда өзін билеген хандары
2 Монғол.татар шапқыншылары
3 Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
4 Бату ханның Киевті алуы
5 Алтын Орда өзін билеген хандары
Бату, Батый, Сайын хан (моңғ. Бат Хаан, қыт. 拔都可汗) (1208 — 1255) — Алтын Орданың негізін қалаған хан (1227—1255), қолбасшы. Шыңғыс ханның немересі, Жошының екінші ұлы. Шешесі — қоңырат Елші ноянның қызы Кочу хатун. Бату 1227 жылы Жошы өлгеннен кейін Шыңғыс ханның ұйғарымымен әкесінің ұлысына хан болды. 1229 жылы Үгедейді моңғол империясының ұлы ханы сайлаған Қарақорымдағы Құрылтай жиналысына қатысты. 1236—1242 жылдары біріккен ұлы хандық әскерінің Русь пен Шығыс Еуропаға жорығына қолбасшылық етті (қосымша Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға жорығы). Жошы ұлысын Ертістен Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан Алтын Орда мемлекетіне айналдырды. 1251 жылы Онон өзені бойында өткен Құрылтай жиналысында Батудың қолдауымен Мөңке ұлы хан болып сайланды. Батудың 26 әйелі, Сартақ, Тоқан, Әбуқан, Улақшы есімді 4 ұлы болған. Бату Еділдің сағасындағы (Ахтуба алқабы) аралдарының бірінде орналасқан Сарай қаласында жерленген.
1. "Қазақ Энциклопедиясы"
2. Греков Б.Д., Якубовский А.Ю., Золотая Орда и ее падение, М.—Л., 1950;
3. Рашид ад-Дин, Сб. летописей, т. 1 — 3, М.—Л., 1952 — 56;
4. Әбілғазы, Түрік шежіресі, А., 1992;
5. Утемиш-хаджи, Чингиз-наме, А.-А., 1992.
6. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-625-9

Бату, Батый, Сайын хан (моңғ. Бат Хаан, қыт. 拔都可汗) (1208 — 1255) —
Алтын Орданың негізін қалаған хан (1227—1255), қолбасшы. Шыңғыс ханның
немересі, Жошының екінші ұлы. Шешесі — қоңырат Елші ноянның қызы Кочу
хатун. Бату 1227 жылы Жошы өлгеннен кейін Шыңғыс ханның ұйғарымымен
әкесінің ұлысына хан болды. 1229 жылы Үгедейді моңғол империясының ұлы ханы
сайлаған Қарақорымдағы Құрылтай жиналысына қатысты. 1236—1242 жылдары
біріккен ұлы хандық әскерінің Русь пен Шығыс Еуропаға жорығына қолбасшылық
етті (қосымша Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға жорығы). Жошы ұлысын Ертістен
Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан Алтын Орда мемлекетіне
айналдырды. 1251 жылы Онон өзені бойында өткен Құрылтай жиналысында Батудың
қолдауымен Мөңке ұлы хан болып сайланды. Батудың 26 әйелі, Сартақ, Тоқан,
Әбуқан, Улақшы есімді 4 ұлы болған. Бату Еділдің сағасындағы (Ахтуба
алқабы) аралдарының бірінде орналасқан Сарай қаласында жерленген.
1236 жылдың соңында Бату әскерлері Еділ өзенінің жағасына келіп,
Бұлғар елін жаулап алды. 1237 жылы Еділ мен Дон өзендерінің аралығындағы
қыпшақтарды тізе бүктіріп, 120-140 мың әскермен орыс жеріне шабуылға
дайындалады. Монғол-татар шапқыншылығы қарсаңында Орыс жері жеке
кінәздіктерге бөлініп жатты. Бытыраңқы кінәздіктердің Бату әскерлеріне
қарсы тұруы оңай емес еді. Әскери күш жағынан да монғол-татарлар артық
болатын. Әсіресе монғол-татарлардың атты әскері өте қуатты еді. Батудың
соғыс өнерінде бұрыннан пайдаланып келе жатқан, қала бекіністерін бұзатын
жеңіл құралдары болды. Бұл құралмен орыс қалаларының ағаштан салынған
бекінісін бұзу қиынға түспейтін. Бүған қосымша Бату әскерлері соғыс
жүргізудің неше түрлі әдістерін меңгерді. Сөйтіп жолындағының бәрін
жайпаған Бату 1237 жылдың қысында қалың қолын Еділ өзенінен өткізіп, Рязань
қаласына келіп жетті. Қыста шабуыл жасауды күтпеген рязаньдықтар
айтарлықтай қарсылық жасай алмады. Бес күн бойы монғол-татар әскерінің
шабуылына тойтарыс бергенімен, басқа жақтан көмек келмегендіктен, Рязань
қаласы құлап, жау қолына көшті. Келесі кезек орыстың ірі Владимир-Суздаль
кінәздігіне жетті. Алғашқы шайқас Ұлы Владимир кінәзі Юрий Всеволодович
әскерлерімен болды. Монғол-татар әскерлері Коломно каласы түбінде кінәз
Юрийдің әскерін талқандады, Мәскеу және Клязьма өзендерінен өтіп, бес күн
қарсылықтан кейін Мәскеу қаласын алды.
1238 жылы 4 ақпанда Бату Владимир қаласын қоршайды. Қала халқы
айтарлықтай ерлік көрсетеді. Бірақ үш күннен арыға шамасы келмеген қаланы
қорғаушылар жеңіліс табады. Монғол-татар әскері осылайша Ростов, Суздаль,
Ярославль, Кострома, Углич, Тверь сияқты 14 қаланы бағындырып, Владимир
кінәздігінен Новогородқа қарай бағыт алады. Бірақ көктемнің ерте шығуы,
орманды және бат- пақты Новогород жері алға қарай жүруге қиындық тудырады
және монғол-татар әскерлерінің де ұзақ соғыстан қажығаны сезіледі.
Сондықтан Бату әскерлерін оңтүстікке қарай бұрады. Жолында кездескен
қалалар мен ауылдарды жаулап алып, 1240 жылы Киев қаласына келіп жетеді.
Киев қаласын қорғауды Даниил мен Дмитрий кінәздер өз қолдарына алады. Қала
халқы өз қаласын айтарлықтай ерлікпен қорғайды. Қала бекінісін бұзып кіру
монғол-татар әскерлеріне оңайға түспейді. Киев қаласы сегіз күн қарсылық
көрсетеді. Күштің тең болмауы, кінәздіктердің дер кезінде күш біріктіре
алмауы Киев кінәздігінің жеңілуіне әкеп соқтырады. Монғол-татар
шапқыншылары Киев қаласын талқандап, ежелгі ескерткіштердің көбін жойып
жібереді. Киев қаласын алғаннан кейін Бату әскерлері Галич-Волынь
кінәздігіне аттанады. Батыс орыс жерін жаулап алғаннан соң Польшаға, Чехия
мен Венгрия жеріне баса-көктеп кіреді. Алайда бірнеше жылға созылған
жорықтардан әбден қажыған Бату әскерлері Еуропа елдеріне одан әрі ендеп
кіре алмайды. Бату әскерлері Еділ өзенінің төменгі сағасына оралып, осында
1243 жылы Сарай-Бату қаласын салғызады. Алтын Орда мемлекетін құрады. 1240-
1480 жылдар аралығында Орыс жеріне монғол-татар үстемдігі орнайды.
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
Алтын Орда Бату (1227-1255) кезінде жерін кеңейтіп, Ертіс өзенінен
Дунай өзеніне дейінгі ұлан-байтақ өңірді қол астына каратты. Сарай-Бату
қаласының алтынмен аптап, күміспен күптеген сән-салтанатты хан сарайында
төңіректің төрт бұрышынан келген саудагерлер жиналатын сауда алаңы болды.
Бату өзіне арнап астана кұрып, сарай салдырғанымен, уақыттың көбін ұлан-
байтақ қазақ сахарасындағы жайлауларда өткізіп отырды. Алтын Орданың
астанасы алғашқы кезде Сарай-Бату қаласында (қазіргі Астрахан каласы
маңында) болды. Кейінірек Сарай-Беркеге көшірілді. Бату хан Шығыс Еуропаға
жасаған жеті жылдық (1236-1242) жорығынан кейін, Сырдария алабынан Балқаш
көліне дейінгі байтақ жерді ағасы Орда-Еженге берді. Бұл Ақ Орда деп
аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбаниға берді. Ол
Көк Орда деп аталды. Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орданың неге бұлай аталуы
туралы XVI ғасырда жазылған Өтеміс қажының Шыңғыснама кітабында былай деп
жазылған: Жошы өлгеннен кейін Орда-Ежен мен Бату монғол ұлысын басқару
билігіне таласып, шеше алмағаннан кейін атасы Шыңғысханға келеді. Шыңғысхан
немерелерінің ойың тыңдап болғаннан кейін үш киіз үй тігуге бұйрық береді.
Біріншісі - ак киізден, алтын босағалы ақ үй - Саинханға (Батуға), екіншісі
- күміс босағалы ақ орда - Орда-Еженге, үшіншісі - боз киізден, болат
босағалы көк орда - Шайбаниға арналады. Осылайша Шыңғысхан үш немересіне
билікті бөліп береді. Алтын Орда - Батуға, Ақ Орда - Орда-Еженге, Көк Орда
Жошының бесінші баласы Шайбаниға тиеді. Алтын Орда хандығы феодалдық
мемлекет еді. Алтын Орда мемлекетінде өмір сүрген халықтардың даму дәрежесі
өркелкі болды. Орыс жерінің халықтары Еділ алқабындағы отырықшы-егінші
шаруашылықпен айналысты. Алтын Орданың қол астындағы түрік тектес халықтар
көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданды. Түрік тектес тайпалар құрамында
қыпшақ, каңлы, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ болды. Алтын Орданың
мемлекеттік құрылымы әскери негізде құрылды. Хан барлық қарулы күштердің
қолбасшысы саналды. Бектердің құрылтайы мемлекет билігінің бір сатысы
саналды. Шешуші кезеңдерде құрылтай шақырылып, мемлекет тағдырына қатысты,
маңызды саяси, әскери мәселелер шешілді. Алтын Ордаға бағынышты аймақтарды
басқару үшін өкіл әкімдер - дарғы бектері мен тамғаш және басқақтар
тағайындалды. Олардың басты міндеті жергілікті халықтарды билеп-төстеу,
олардан хан қазынасына алым-салық жинау еді. Алтын Орда езгісіне тап болған
Орыс жері талан-таражға түсіп, шаруашылығы күйзеліске ұшырады. Алтын Орда
мемлекетінде егіншілер мен малшылардан алынатын алым-салықтың екі түрі
қалан және қапшуыр деп аталды. Қалан салығы бойынша егіншілер жыл
сайын өнімнің оннан бірін салық ретінде қазынаға тапсырды. Қапшуыр салығы
тәртібі бойынша малшылар жыл сайын мал басына салық төледі. Орыс кінәздері
өз дербестігінен айырылып, ханға бағынышты күй кешті. Олар Алтын Ордаға көп
сый-сыяпат апарып, ханға сәлем беріп, тәжім етуге тиіс болды. Оларды кінәз
ету-етпеу ханның еркінде еді. Хан кінәз қойған адамына ерекше құжат -
жарлык берді. Осындай жарлық алған адам ғана кінәз болып есептелді.
Бату ханның Киевті алуы
Орыс жылнамасы бойынша 1240 жылы Бату хан қыруар әскерімен Киев
каласына келіп, оны қоршап алды. Барлык жерде татарлар каптап кетті...
Қорған бұзғыш қондырғы-қарулар күні-түні (қабырғаны) дамылсыз соққылаумен
болды, ал қала халқы қатты карсыласты. Өлген адам көп болды, қан судай
ақты. Қорған бұзғыш қару арқылы қала қабырғасын бұзып, жау қалаға кірді.
Садақ оғынан күн көрінбей қалды. Түн болды. Қала халқы осы түні ескі қамал
қабырғаларының керегесінен жаңадан қоршау салып үлгерді. Таңертең
кескілескен ұрыс болды. Сөйтіп қала халқы жеңілді. Жаралы кінәз Дмитрийді
Батуға алып келді, Бату оның ерлігіне риза болып, өлтіртпеді...
1227 ж. Шыңғысхан қаза болды. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда
өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық
жасауға шешім қабылдады. Оны Жошының ұлы Батый (Бату) басқаратын болды.
Батый әскері еріксіз тайпалар өкілдерінен құралды. Басқару қызметтерін
монғол феодалдары иеленді. Батый әскері 1236 жылы Камадағы Булғарияны,
Мордваларды талқандап, 1237-1240 жж. орыс жерлеріне келді. Рязань, Мәскеу,
Владимир түбінде күшті шайқастар болды.
1239 ж. басында Бату хан Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші
жорыққа аттанды. 1240 ж. күзде Киев алынды. Монғолдар Польша, Венгрия,
Чехияны талады. Енді көшпенді империяның жері батыста -Днестрге, шығыста
Ертіске, оңтүстікте Солтүстік Кавказға дейін жетті. Батый иеліктері
құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік хорезм мен Сырдың төмен жағындағы
жерлер енді. Орыс кінәздықтары да Батыйға тәуелді бодан болды. Осындай аса
зор мемлекет орыс жылнамаларында Алтын Орда деп атанды. Алғашында Алтын
Орда Шыңғысхан империясына оның бір ұлысы ретінде енген еді, ал 18 ғ. 60-
жылдарынан кейін ол дербес ел болып бөлінді. Алтын Орда халқыэтникалық
жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала
қыпшақтары, орыстар, армяндар, ежелгі хазарлар, хорезмдіктер тұрды.
Ал далалық аймағында қыпшақ, найман, қоңырат, арғын, алшын, керей,
дулат, үйсін тайпалары т.б. мекендеді. Дешті Қыпшақ пен Еділ бойына қоныс
аударған кейбір монғол тайпалары жергілікті халықпен сіңісіп кетті. Алтын
Орданың орталық аймағы - Еділ бойы (қазіргі Саратовтан Астраханьға дейін)
астанасы Берке сарайы немесе Сарай-әл-Жадид), негізгі әскери күші -
қыпшақтар. Астана Сарай Бату дан Сарай Беркеге көшірілді де, кейін Сарайшық
қаласы Кіші Астана болды.
Алтын Орда өзін билеген хандары
- Батый 1241-1256;
- Берке -1257-1266;
- Мөңке-Темір-1266-1280;
- Төде-Мөңке-1280-1287;
- Төле-Бұқа -1287-1291 жж,
- Тоқа-1291-1312 жж;
- Өзбек-1312-1342;
-Жәнібек-1343-1357жж. күшейе түсті.
Егер Жошы мен Батый Монғолиядағы ұлы ханға бағынышты болса, Беркеден
бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс
Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда жүргізді.
Ислам діні Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Мемлекет құрылысы әскери
негізде болды, шет аймақтарда әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер оң
қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада - оғландар, түмен басы, мың басы,
жүз басы, он басы басқарды. Қала мен бағынышты аймақты ұстау үшін
даруғабектер, басқақтар тағайындалды.
Алтын Орда ішінде азаттық күрестер де, феодалдардың өзара күресі де
күшейді. 1238 ж. Бұқарада қолөнерші Махмұд Тараби бастапан көтеріліс болды.
10 мың монғол жауынгері өлтірілді. Бірақ осы ұрыста Махмұд Тараби де қаза
тапты. Алтын Орда көтерілісті басып тастады. 1240-1241 жж, 1270 жылы Кама
булғарлары көтерілді. 1377 ж. Мәскеудің ұлы кнәзы Дмитрий мен Суздаль-
Нижегород кнәзының әскерлері Қазанға жорық жасады. Рязань кнәздығына шабуыл
жасаған татарларды 1378 ж. орыстар Вожа өзені бойында (Оканың оң саласы)
талқандады.
Бұл кезеңде Жошы ұлысы бір-біріне тәуелсіз өзара жауласқан төрт
аймаққа бөлініп кетті: Алтын Орда (Мамай ұлысы) – Еуропа мен Ресей, Украина
мен Қырым жерінде, Ноғай Ордасы (Ноғай ұлысы) – Батыс Қазастан мен
Башқұртстан, Татарстан жерінде, Еділ бойынша, Көк Орда (Шайбани ұлысы) –
Орал бойынша және Сібір жерінде, Ақ Орда (Орысхан ұлысы) Ертіс пен Сарыарқа
даласында. Осылардың ішінде Қазақ халқының тарихына тікелей қатысы бар
мемлекет Ақ Орда, сосын Ноғай ордасы. Ал Шайбани ұрпақтары кейін Өзбекстан
жеріне кетті.
1380 ж. Алтын Орда ханы Мамай үлкен әскер күшімен орыстарға қарсы
шабуылға шықты. Орыс кнәздықтарының біріккен күштері Ноғай Ордасына арқа
сүйеп, Непрядва (Донның оң сапасы) өзені жағасында, Куликово даласы деп
аталатын жерде Қырым ханы 1380 ж. 8 қыркүйекте
Мамай әскері жеңіліске ұшырады. Оның үстіне 14 ң. Соңында, яғни 1391 және
1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпей екі рет соққы берді.
Осыдан кейін ел ыдырай бастады. 15 ғ. басында Тоқтамыс ханмен Едіге бидің
өзара таласы Алтын Орданы өзара қажытты. 15 ғ. 1 жартысында онан Бұлғарлар,
Қазан мен Қырым бөлініп шықты. 1480 жылы орыс кнәздықтары империядан толық
тәуелсіздігін алды.
Сол шамада бірінен соң бірі Қазан, Қырым, Астрахань, Ноғай, Көшпелі
Өзбек, Қазақ, Сібір хандықтары құрылды. Ал Шағатай ұлысының орнына
Моғолстан мемлекепті құрылған болатын. Ол да Ақсақ Темір шабуылдарынан
әліреп, одан соң солтүстігіндегі ойрат-жоңғарлардың шабуылынан тыным
көрмей, ыдырап тынды. Осылардың ішінде Жошы ұлысының орнына келген және
далалық дәстүрлерді сақтап қалған ең ірі мемлекет соның ішінде Қазақ
хандығы болды. Кейін 16 ғасырда Қазақ хандығы Алтайдан Еділге дейінгі
жерлерді иемденіп, бұрынғы Жошы ұлысының жеріне иелік етіп қалды.
Шапқыншылығы кезінде монғолия далаларынан келген тайпалардың жаңа
жерлерге қоныс аударғандары да болды. Батыс, солтүстік Қазақстанға олар
келді: маңғыттар, төлеңгіттер, төрелер, қияттар. Біраз уақыттан кейін
монғолдар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz