Қылмыстық іс жүргізудегі сот бақылау институтының қалыптасуы мен дамуы



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қорытынды
Бұл магистрлік жұмыста сот жүйесінің тарихи және құқықтық аспектілері, сот жүйесінің құрылуы және даму кезеңдері, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы сот әділдігін атқарудың негізгі қағидаттары мен кепілдіктері, шет ел мемлекеттеріндегі сот бақылауы мен сот билігінің қалыптасуы, сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының жүзеге асырылуы, сот бақылауының түрлері мен сот билігін демократияландырудың алғышарттары, сот билігінің негіздерін күшейту жолдары, даму тенденциясының өзекті мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар, сот әділдігі туралы ұғымдар, сот органдардың жүйесі мен құрылымы, оның демократиялық қағидалары кеңінен баяндалған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 – бабында республиканы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Қалыптастыру мақсаттарының бекітілуі – ең алғашқы кезеңдердің бірі деп, күшті тәуелсіз сот билігін құру міндетін қояды.
Құқықтық нигилизм әлі де орын алып отырған қоғамда, сот билігінің болуы заң үстемдігін, оны орағытып өтудің қандай да болса әрекеттерін болдырмауды қамтамасыз етудің шешуші факторына айналуы тиіс. Сот билігінің нағыз дербестігіне қол жеткізбейінше және соттар мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтірудің органы болмайынша, елдегі әлеуметтік және экономикалық проблемаларды ойдағыдай шешуге, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыстылықпен күресуде табысқа жетуге, қолданудағы заңдардың тиімділігіне үміт артуға болмайды.
Республика стратегиясын 2030 жылға дейін белгіленген Қазақстан халқына арналған жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті былай деп атап айтты: «Біз нені құрғымыз келеді, таңдаған мақсатымызға жеткізетін дамуымыздың траекториясы, магистралі қандай болуы тиіс, соны біз анық білуіміз және айқын түсінуіміз керек. Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс анықтау, тиісті стратегияларды таңдау, осы жолмен жүру кезінде күш – жігеріміз бен төзімділігімізді көрсету арқылы біз өзімізді құр сенделуден, қуатымызды, уақытымызды және ресурстарымызды бекер жұмсаудан сақтап қаламыз».

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қолжазба құқығында

Кожабеков Ильяс Танирбергенович

Қылмыстық іс жүргізудегі сот бақылау институтының қалыптасуы мен дамуы

Магистрлік диссертация бойынша
Автореферат

6M030100 - Юриспруденция

мамандығы бойынша

Қазақстан Республикасы
Астана, 2011 ж.

Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің
Қылмыстық іс жүргізу, криминалистика және сот экспертизасы кафедрасында осы
магистрлік жұмыс орындалды

Ғылыми жетекші:
з.ғ.к., доцент

Турашев Е.Н.

Ресми оппонент:
з.ғ.к., доцент

Ережепов А.Н.

Қорғау Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінде мемлекеттік аттестациялық
комиссия отырысында ___ 2011 жылы сағат _____ болады.
Мекен жайы: Астана қ. Қорғалжын тас жолы, 8 (ауд. ___)

Автореферат жіберілді ___ ___________ 2011 ж.

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл магистрлік жұмыста сот жүйесінің
тарихи және құқықтық аспектілері, сот жүйесінің құрылуы және даму
кезеңдері, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы сот әділдігін
атқарудың негізгі қағидаттары мен кепілдіктері, шет ел мемлекеттеріндегі
сот бақылауы мен сот билігінің қалыптасуы, сотқа дейінгі сатыдағы сот
бақылауының жүзеге асырылуы, сот бақылауының түрлері мен сот билігін
демократияландырудың алғышарттары, сот билігінің негіздерін күшейту
жолдары, даму тенденциясының өзекті мәселелері қарастырылған. Сонымен
қатар, сот әділдігі туралы ұғымдар, сот органдардың жүйесі мен құрылымы,
оның демократиялық қағидалары кеңінен баяндалған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 – бабында республиканы
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады. Қалыптастыру мақсаттарының бекітілуі – ең алғашқы кезеңдердің
бірі деп, күшті тәуелсіз сот билігін құру міндетін қояды.
Құқықтық нигилизм әлі де орын алып отырған қоғамда, сот билігінің болуы
заң үстемдігін, оны орағытып өтудің қандай да болса әрекеттерін болдырмауды
қамтамасыз етудің шешуші факторына айналуы тиіс. Сот билігінің нағыз
дербестігіне қол жеткізбейінше және соттар мен заңды мүдделерін қорғау және
қалпына келтірудің органы болмайынша, елдегі әлеуметтік және экономикалық
проблемаларды ойдағыдай шешуге, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыстылықпен
күресуде табысқа жетуге, қолданудағы заңдардың тиімділігіне үміт артуға
болмайды.
Республика стратегиясын 2030 жылға дейін белгіленген Қазақстан халқына
арналған жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті былай деп атап
айтты: Біз нені құрғымыз келеді, таңдаған мақсатымызға жеткізетін
дамуымыздың траекториясы, магистралі қандай болуы тиіс, соны біз анық
білуіміз және айқын түсінуіміз керек. Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс
анықтау, тиісті стратегияларды таңдау, осы жолмен жүру кезінде күш –
жігеріміз бен төзімділігімізді көрсету арқылы біз өзімізді құр сенделуден,
қуатымызды, уақытымызды және ресурстарымызды бекер жұмсаудан сақтап
қаламыз.
Біздің қоғамымыздың алдына қойылған басым мақсаттарға жету жолында сот
жүйесінің тәуелсіздігін нығайту – қазіргі міндет және бүгінгі күннің басты
қажеттілігі. Сот билігінің теориялық негіздерін әзірлеу және оларды заңнама
мен сот органдарының қызметінде тәжірибе жүзінде іске асыру, тек соңғы
кездері ғана заңгерлердің, мамандардың, ғалымдардың назарларын аудара
бастады. Билікті бөлісудің конституциялық қағидаты мен Конституцияда
көрсетілген өзге де идеялар тұрғысынан сот билігі институтына тұтас,
кешенді талдауын жүргізу біздің республикамызда әлі де жеткілікті және
жүйелі алынған жоқ. Тіпті мемлекет және құқық мәселелерінде де сот
органдарында тиісті көңіл бөлудің жеткіліксіздігі байқалады, бұл көзқарас
мемлекеттік тәжірибеде ондаған жылдар бойы үстемдік құрып келді.
Қазақстанда тәуелсіздік жариялауға байланысты осы проблемаға қызу ықылас
білдіре бастады. Соның нәтижесі 1994 жылы қабылданған сот – құқықтық
реформаның мемлекеттік бағдарламасын орындау болды. Бағдарламаға сәйкес
қалыптастырудың мүлде жаңа тәртібі бойынша бірыңғай сот жүйесі құрылды, сот
билігі тармағының тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық
жаңа актілер қабылданды. Өздерінің құқықтары бұзылған жағдайда әр адам сот
қорғауына жүгіне алатынын және оның тиімділігіне сенім арта алатынын ұғынуы
және білуі тиіс. Олай болмаса, біз ешқандай құқықтық мемлекет құра да
алмаймыз және шынайы демократия жөнінде сөз қозғаудың өзі де бекер. Осы
орайда Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге
арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында сот төрелiгiн iске асыру кезiнде
соттардың тәуелсiздiгiн нығайтуға бағытталған сот-құқықтық реформаның жаңа
кезеңiне конституциялық деңгейде қарқын берiлгені туралы айтылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстанның сот жүйесi және сот
бақылау институты тұтас алғанда азаматтардың құқықтары мен бостандығының,
ұйымдар мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiнiң сотта тиiмдi
қорғалуын қамтамасыз етудiң қажеттiлiктерiне сай келуі тиіс, ал ол өз
кезегінде сот жүйесін жетілдіру мен демократияландыру мәселесі үнемі сот
төрелігін жүзеге асыруда әлемдік стандарттарға сай болуы тиіс.
Сот билігінің проблемалары күні бүгінге дейін заң ғылымындағы дербес
зерттеудің объектісі ретінде қарастырылғанымен, 2007 жылы ҚР
Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезден бастап кейбір
мәселелерді қайта қарастыру мүмкіндіктері туындады. Осы саладағы
еңбектердің көпшілігі оқулық немесе оқу-әдістемелік сипат алады. Әрі
бірқатар авторлардың зерттелеулері салыстырмалы – құқықтық тұрғыда, немесе
құқықтың бірнеше саласының тоғысуына жазылған. Бірқатар еңбектерде сот
билігінің тек жекелеген мәселелері ғана қозғалған. Соңғы жылдары Қазақстан
Республикамызда сот билігінің және сот бақылау институтының қалыптасуы
туралы ғалымдар тарапынан біраз еңбектер жазылып жүр.
Республикамызда жүріп жатқан сот-құқықтық реформасы еліміздегі
экономикалық және саяси жүйесін жүзеге асыра отырып, оған сай келетін
өзгерістерді құқықтық инфрақұрылымдарды құру және саналы заңдардың
қабылдануын жоғары деңгейге көтеру, құқық қорғау органдарының кінәрәтсіз
әрі үйлесімді жұмыс істеуі болып табылады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикамызда сот билігінің қалыптасуы туралы
ғалымдар тарапынан біраз еңбектер жазылып жүр. Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік алғаннан бері елімізде жалпы құқықтық реформа жүйесі қарқынды
түрде даму үстінде. Кеңестік тоталитарлық жүйеден, демократиялық даму
жолына түскен Қазақстан үшін алдымен елімізге әділдікті орнататын орган –
сот жүйесін реформалау, сот бақылау институтын жетілдіру ең өзекті
мәселелердің бірі болды.
Зерттеу жұмысының объектісі ретінде Қазақстан Республикасында сот
бақылау институтын жетілдірумен байланысты пайда болатын және
конституциялық-құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар
табылады.
Зерттеу жұмысының пәнін сот бақылау институтын жетілдірудің
конституциялық-құқықтық негіздері және адам мен азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғаудағы сот әділдігін қамтамасыз етуін регламенттейтін
нормативтік құқықтық актілер құрайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты болып Қазақстан Республикасының сот бақылау
институтын жетілдірумен байланысты оның қылмыстық іс жүргізудегі рөлін
кешенді қарастыру.
Аталған мақсатқа жету үшін қойылған міндеттері болып:
- Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу құқығындағы сот билігінің
және сот бақылау институтының қалыптасуының конституциялық-құқықтық
негіздерін анықтау;
- Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы сот билігінің рөлі мен
маңызын айқындау ;
- Қазақстан Республикасындағы сот әділдігінің тиімділігін арттыруы және
сот қорғауын күшейту жолдары мен соттық – құқықтық реформалаудың
конституциялық дамуының мәселелерін ашу қарастырылады;
- Қазақстан Республикасындағы сот бақылау институтын жетілдірудің
басым бағыттары мен өзекті мәселелері жөнінде ұсыныстар қарастырылады.
Зерттеу жұмысы бойынша ұсынылатын тұжырымдар:
- елімізде билер және ақсақалдар соттарын енгізу себебі, билер мен
ақсақалдар соттарын енгізу аудандық және қалалық соттардың қызметін біраз
жеңілдетеді, жергілікті өзін-өзі басқаруын күшейтеді, билер институтын
енгізу дау-дамайлары неғұрлым тиімді де жедел шешуге мүмкіндік беріп,
азаматтардың өзін-өзі басқаруы мен олардың құқықтық санасының артуына жол
ашар еді, ол сондай-ақ аудандық соттардың ұсақ-түйек істерден мойнын
босатып, неғұрлым ірі мәселелерді шешуіне жинақталуға жәрдемдесіп, қазіргі
сот жүйесі шеңберінде дәстүрлі сот әділдігінің өріс алуының жолы ретінде
ұсынылмақ.
- соттарға кандидаттарды іріктеу ерекшеліктері туралы: 25 жас судьяның
жеке тұлғасына қажетті жауапкершілікті сезінуге жеткіліксіз және де
кәсіптік, өмірлік тәжірибесі өте аз 25 жасқа жаңа толған жас заңгердің
мемлекет атынан сот әділдігін қалай жүзеге асыратыны ойланарлық жағдай. бұл
жастық цензін 35 жасқа дейін көтеру қажет. Қазіргі уақытта судьялар
корпусының жартысын судьялық тәжірибесі екі жылдан аспайтын жас судьялар
құрайды. Жас судьялардың бейімделу мерзімінен өткізу мәселесі қолға алынуы
керек. Жаңадан тағайындалған судьяларға тәжірибелі судьялардан жетекшілер
белгілеп, оларды ұдайы оқытып-үйрету барысында, семинарлар өткізіп тұру
керек. Бұл жайлар жас мамандардың қызметті одан әрі игеріп кетуіне кепілдік
болар еді.
- Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы
конституциялық заңда судья болудың ең жоғарғы шегі, яғни жас мөлшері
көрсетілген. Оған сәйкес бұл жас 65-ті құрайды. Біздің ойымызша, еліміздегі
заң бойынша белгіленген зейнеткерлік жастың ер және әйел адамдарға қатысты,
болуы керек. Себебі, заң негізінде рұқсат етілген ер адамдар үшін 63, ал
әйел адамдарға 58 жас болып табылады. Бұл жерде судья лауазымын нақты ер
және әйел адамдарға бөлмей, оларға ортақ 63 жасты бекіту қажет.
- Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінде сотқа дейінгі
сатыдағы сот бақылауына қатысты нақты нормаларды бекіту керек, бұл сот
бақылау институтын жетілдірудің бір сатысы болып табылады. Себебі сотқа
дейінгі сатыдағы сот бақылауының жүргізілуі, оның ары қарай басты сот
талқылауы кезінде әділ, объективті, уақытылы шешім шығуына кепіл болады.
Сондай-ақ алдын ала тергеуді жүргізушілердің, жедел іздестіру қызметінің,
прокурордың іс бойынша жіберген қателіктерін түзеуге, адамдар мен
азаматтардың құқықтарын қорғауға зор кепіл болып саналады. Ал сот процесі
кезінде сот тек жиналған дәлелдемелерді бағалауға, зерттеуге аса көңіл
бөліп, іс бойынша әділ шешім шығаруына еш күмән тудырмайды.
Зерттеу жұмысының жаңалығы еліміздегі сот төрелiгiн iске асыру кезiнде
сот жүйесі мен соттардың тәуелсiздiгiн нығайтуға бағытталған сот – құқықтық
реформаның жаңа кезеңiне қылмыстық іс жүргізу құқығындағы сот бақылау
институтына конституциялық деңгейде қарқын берiлуі.
Зерттеу жұмысының нормативтік-құқықтық және ғылыми негіздері болып сот
жүйесіне қатысты барлық конституциялық заңдар, заңдар мен қаулылар және
т.б. заңи күші бар құқықтық актілер тізімі келтірілді.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында қылмыстық іс жүргізу
құқығындағы сот бақылау институтының қалыптасуы туралы ғалымдар тарапынан
біраз еңбектер жазылып жүр. Соған қарамай, бұл салада шын мәнінде
мемлекеттік тілдегі ғылыми-теориялық мақсат – мүддедегі зерттеулер
айтарлықтай көп емес десек қателеспейміз. Аз да болса мемлекеттік тілде
жазылған оқулықтар да кездесіп қалады. Осы жұмыста М. Нәрікбаевтің Ұлы
билерімізден Жоғарғы Сотқа дейін атты монографиясы, Е. Қаржаубаевтың.
Қазақстан Республикасы сот билігінің құқықтық мәртебесі, Қ. Мамидің
Қазақстандағы сот реформасының даму кезеңдері сынды оқу құралдарын
пайдаландық. Бұл ғылыми еңбектерде сот-құқықтық реформасына қатысты
көптеген мәселелер зеттелген. Ұлтымыздың билік, үкім айтып, бітім жасаған
ұлы билерінен бүгінгі сот жүйесіне дейінгі келелі мәселелер кеңінен
қаралған. Сондай-ақ, қазіргі азаматтық туын тіккен тұстағы сот пен билік
жүйесіндегі шешілуге тиіс жағдайлар да жан-жақты қаралған. Ал, орыс тілінде
тарихи тұрғыдан ғылыми-теориялық түрде зерттелген ең алғаш рет 1941 жылы
М.Шаламовтың Судебное устройство Казахстана деген еңбегі, С.З. Зиманов
пен М.А. Биндердің История гсударства и права Советского Казахстана 1-том
(1917-1925), 2-том (1926-1937), 3-том (1938-1958) жарық көрген
монографиялық еңбектерін; 1954, 1971 жылдары шыққан М.С. Сапаргалиевтың
Организация Советского суда в Казахстане (октябрь 1917 – июль 1918),
Возникновение и развитие судебной системы Советского Казахстана (1917-
1967) монографияларын; 1984 ж. шыққан (I, II бөлім) монографиясын көруге
болады.
Қазіргі уақытта тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы Кеңес Одағы
мемлекеттердің ғалым-заңгерлерінің ішінен сот – құқықтық реформасын
зерттеуде: М.В. Савицкий, А.Д. Бойков, Черниловский З.М., Тейман С.,
Стецовский Ю.И., Гуценко К.Ф., М.А. Коволев, ал Қазақстан ғалымдарының
ішінен: Зиманов С.З., Баймаханов М.Т., Сартаев С.С., Сапарғалиев Ғ.,
Халиков К., Сәбікенов С.Н., Кенжалиев З.К., Көбеев Е.Қ., Рогов И.И., Ким
Ю.А., Нәрікбаев М.С., Қоғамов М., Мәми Қ., Сулейменова Г.Ж., Аюпова З.К.,
Ибраева А.С. және тағы басқалардың аталған тақырыпқа байланысты жазылған
монографиялары мен ғылыми мақалалары пайдаланылды.
Бітірушілік жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тарау және алты
тармақшадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде диссертацияның өзектілігі, зерттелу деңгейі, мақсаты мен
міндеттері, зерттеудің нысаны, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар,
зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы, оның теориялық және тәжірибелік
құндылығы, зерттеу жұмысының сыннан өтуі, диссертациялық жұмыстың көлемі
мен құрылымы туралы деректер көрсетілген.
Бірінші тарау Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қалыптасуының
құқықтық негіздері, сандаған ғасырлар бойы сот билігі көптеген
өзгерістерді басынан өткізді. Бұл биліктің адам мен қоғам өміріне
маңыздылығын қазақстандық ғалымдардың бірі Қ.Халықов өзінің теориялық
тұжырымдарында дәлелдеп берген. Заңгер ғалым өз еңбегінде сот билігін
мемлекеттік биліктің ең маңызды тармақтарының бірі деп көрсетті. Оның
қоғамның саяси және әлеуметтік жүйесіндегі мәртебесі, орны мен рөлі бүгінгі
таңда ең қымбат қазынасы адам, оның құқықтары мен бостандықтары және
заңдылық болып табылатын өркениетті азаматтық қоғам мен демократиялық
құқықтық мемлекет орнату міндеттерімен айқындалады. Сот билігі адамдар
тағдырындағы ең жоғары әділдік таразы екені күмән туғызбайды. Осы қасиет
мемлекеттік биліктің басқа тармақтарына тән емес. Осылардың барлығы сот
билігі мәселесінің жалпы теориялық бағыттарын анықтайтын факторлар болып
табылады. Ал әкімшіл-әміршіл кеңестік тәртіппен демократияға өтудің күрделі
де қиын кезеңдерін бастан кешіп отырған бүгінгі Қазақстанның нақты өмірінде
сот билігі қалай атқарылуда және ол қандай қиындықтарға кезігіп отыр –
осының барлығы ғылыми тұрғыдан және тәжірибелік тұрғыдан өзекті мәселелер
болып отырғанын атап өткен.
Жалпы алғанда, Қазақстанның қоғамдық өмірін құқықтық реттеудің пайда
болуы мен қалыптасуы тарихына дейінгі сот билігінің жекелеген кезеңдері сол
дәуірдегі қоғамдық қатынасқа түскендердің құқықтық санасы деңгейінің
көрінісі болып табылады. Осы орайда, заңгер ғалым С.Жұмабаевтың Құқықтық
мемлекетті қалыптастыру жағдайында атқарушы органдардың және соттардың
құқық қолдану қызметі (Правоприменительная деятельность исполнительных
органов и судов в условиях формирования правового государства) атты
кітабында былай делінген: Қазақстанда 1917 жылғы төңкеріске дейінгі
құқықтық жүйе мен құқықтық мәдениет, демократия, өкілді билік, билік
бөлінісі, демократиялық сот, жұртшылықтың билікке бақылау жасау дәстүрі,
азаматтық заңдарға сәйкес өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғам дәстүрі мен
т.б. аса жоғары деңгейде болғаны белгілі. Сонымен қатар, автор Қасым мен
Есім хандардың, Тәуке ханның ел басқару саласындағы қызметіне талдау жасай
отырып, қазақтарда дәстүрлі парламенттік басқару жүйесі болғанын және ол
екі сатыдан, қазіргі тілмен айтқанда, екі палатадан: Хан кеңесінен және
Билер кеңесінен тұратынын, ондағы біріншісі - өзіндік мемлекеттік кеңес
болса, екіншісін – палатааралық құрылтай деп атай отырып, хан билігі көп
жағынан қазіргі президент билігі ұқсас келетінін, хан тағайындалмайтынын,
оны сұлтандар, билер, ру басшылары сайлайтынын көрсеткен. Осылайша, өкілді
билік пен атқарушы биліктің аражігі ашылған. Ал үшінші билікке келетін
болсақ, онда сот билігі қазақ қоғамында: билер соты, қазылар соты мен
аралық соттардан тұрған. Автор бұл сот жүйелеріне Орынборда, Омбыда,
Ақмолада, Жетісуда және басқа да аймақтарда қызмет еткен ресейлік
шенеуніктерінің жоғары баға бергенін атап өткен.
Қалай дегенмен де, атақты құқықтанушы ғалым, академик С.Зиманов
айтқандай: Қазақ тарихында билер сотының, билердің қоғам өміріндегі орны
мен маңызы ерекше зор болады. Олардың болмысы мен іс-әрекеттері еркіндік,
халықтық сипатқа толы. Көшпенділердің салты бұзылмай тұрғанда билер, билер
соты ел басқаруда күрделі де тиімді міндеттерді атқарған.
Билер мен қазылар сотына қатысты басқа да пікірлерді айтатын болсақ,
Кеңестік Қазақстанның сот жүйесінің қалыптасуы және дамуы (Возникновение
и развитие судебной системы советского Казахстана) атты кітапта оның
авторы М.Сапарғалиев былай деп жатты: Сібір қырғыздары туралы 1822 жылғы
Жарлықта көшпенді және бұратана жат жұрттықтар... өздерінің дала заңдары
мен салт-дәстүрі арқылы басқарылады деп көрсетілді. Алайда әр тайпаның
заңдары, салт-дәстүрі әр алуан, олардың бір-бірінен елеулі өзгешеліктері
бар, оның үстіне қазірге дейін ауызекі айтылып қана сақталып келген мұрағат
құжаттары шатыс және түсініксіз дүниелер болуы мүмкін, осындай себептерге
байланысты жергілікті басшыларға аса зиялы адамдардан олардың заңдары
туралы толық егжей-тегжейлі деректер жинау тапсырылды.
Осыған байланысты Б.Мақұлбеков өз еңбегінде былай деген: Осындай
нұсқаулардың негізінде ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде патша үкіметі билер
сотын, әдет және шариат қағидаларын біршама кеңінен зерттеді. Бұл тиісті
реформаларға даярлық ретінде жүргізіледі. Патша әкімшілігінің шенеуніктері
мен зерттеушілері тапсырманы орындау барысында Қазақстанның әр түрлі
аймақтарынан көптеген материалдар жинады, бұлар осы салада бізге жеткен
бірден-бір жазбаша негіздемелер болып табылады.
Сол дәуірдегі қазақ даласындағы сот билігінің даму тұстары көптеген
зерттеушілердің еңбектерінің негізінде зерделенген. Зерттеушілердің бір
бөлігі оның империялық заңдылыққа негізделген патша сотымен ауыстырылғанын
мақұлдаса, екіншілері билер сотын сақтап қалуға ұмтылыс жасаған.
Судья Т.Әлімхановтың Ұлы Дала өміріндегі билердің рөлі атты
мақаласында ХІХ ғасырдың ұлы ғалымдарының бірі Ш.Уәлихановтың билердің
қазақ даласындағы рөлін айрықша ашқанын көрскен. Автордың айтуынша,
қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушысы өмір сүрген кезең, яғни ХІХ ғасырдың
ортасы қазақ даласындағы қоғамдық-саяси өмірді қайта қалыптастыруды бастан
кешіріп жатқан қиын кезеңдердің бірі болған. Сот реформалары туралы
жазбалар атты соңғы еңбектерінің бірінде Ш.Уәлиханов сол дәуірде патша
үкіметінің қазақ даласында жүргізген сот реформаларына талдау жасап, сот
реформалар дайындалып жатқан Омбы қаласына да келеді. Бұл реформа тек сот
билігіне ғана емес, сонымен қатар бүкіл ел басқару ісіне өз әсерін
тигізетінін оның дұрыс түсінгенін автор ерекше атап өткен. Ш.Уәлиханов
қазақ елінің саяси-қоғамдық, экономикалық жағдайы мен өзіндік дәстүрінде
орыстардан айырмашылығы көп екенін біле тұрып, алдағы реформалардың неге
алып келетінін реформаны жүргізіп отырған адамдарға айтып отырған. Оның
ойынша, жүргізіліп жатқан реформалар ең алдымен, халықтың мүддесіне сай
келуі тиіс. Өйткені, мемлекеттің ең басты қазынасы әрқашанда халық болғанын
ол жете түсінген. Оның осы көзқарасын мына сөздерінен білуге болады: Қоғам
игілігіне бағытталған кез келген реформа сол қоғамның мұқтажын толық
қамтыған жағдайда ғана өзінің мақсатына жетеді. Мақала авторының айтуынша,
Ш.Уәлиханов өзі бай отбасыдан шықса да, қарапайым халықтың мұқтажын жақсы
білген. Ол жүргізілуге тиіс реформаларды қаншалықты мөлшерде және нақты қай
мәселеге қатысты екенін жетік түсінген. Сонымен қатар, Ш.Уәлиханов өз
еңбегінде реформалар негізінен сұлтандар мен билер пікіріне негізделгенін
айтады. Билер өз өкілеттіктерін кеңейтуді көздесе, мұны сұлтандар өздерінің
билігіне кедергі болады деп қарсылық білдірген. Ұлы ғалым, сондай-ақ патша
үкіметі орнықтырмақшы болған бітімгершілік соты мен билер сотының сот
құрылысы мен сот өндірісіне қатысты өзгешеліктерін айқын белгілеген.
Осылайша, сот билігінің қызметі әр кезде де конституциялық реттеудің
аса маңызды саласы және құқықтық мемлекетті қалыптастыруға белсенді
қатысушысы болып табылады. Ол мемлекеттік биліктің үш тармаққа бөліну
қағидасын жүзеге асыруға негізделе отырып, өзін солардың бірі ретінде
ізгілік әділеттілік заңдылық сияқты адам үшін ең басты болып табылатын сот
төрелігі қағидаларын жүзеге асыруды әрқашан да өзіне мақсат етіп қоюы
қажет.
Екінші тарау қылмыстық іс жүргізудегі сот бақылау институты.
қалыптасуы, тәжірибелігі, жүзеге асырылуы, қазақстандық қылмыстық процесте
сот бақылауының категориясын талқылаушы авторлар бүгінгі таңда сот
бақылауының ұғымы мен табиғатын туралы ортақ пікірлерге келген жоқ.
Заңнама сөздіктері де сот бақылауына нақты және айқын түсініктеме бере
алмайды.
Сотқа дейінгі өндіріс барысында сот бақылауы деп нені түсінуіміз
қажет екенін айқындау үшін бақылау түсінігін барынша ашу қажет. Сонымен,
философиялық тұрғыда бақылау дегеніміз — бұл тексеру, қадағалау болып
табылады. Этимологиялық жағынан бақылау тексеру ретінде, сондай-ақ
тексеру немесе қадағалау мақсатында тұрақты бақылау ретінде түсіндіріледі.
Әкімшілік құқық тұрғысында бақылау — бұл бекітілген параметрлерді жою
мақсатында объектінің қызмет ету процесін қадағалау және тексеру жүйесі.
Бұл анықтамалар өзара ұқсас және бақылаудың бағынуға міндетін,
тексерілетін (бақыланатын) және заңды билік құзыретіне ие тексеруші
(бақылаушы) арасындағы қалыптасатын қатынас екенін көрсетеді. Яғни, аталмыш
жағдайда билеуші — бағынушы қатынастары орын алады. Бақылау бақыланатын
органдардың әрекеттерінің заңдылығын, саналылығын және негізделуін
қамтамасыз етудің әдісі болып табылатыны белгілі. Осылайша, бақылауды заңды
параметрлерден алшақтауды жою мақсатында және тәртіп пен құқықтық тәртіптің
заңдылығын қамтамасыз ету үшін заңды билік құзыретіне ие органдармен іске
қосылатын, объектінің қызмет ету процесін тексеру және бақылау жүйесі
ретінде анықтауға болады. Жалпы, бақылау туралы заңдылықты қамтамасыз ету
әдісі ретінде және құқықтық институт ретінде айта отырып, оны сипаттаушы
бірқатар белгілерді бөліп қарауға болады.
Біріншіден, бақылаушы орган (лауазымды тұлға) мен бақыланушы арасында
негізінен бағыныштылық немесе ведомстволық бағыну қатынастары орын алады.
Екіншіден, бақылау объектісі бақылаушы бақыланушының ағымдағы әкімшілік
шаруашылық қызметіне араласуға құқылы болғанда, оның қызметінің саналы,
сондай-ақ заңды болуы қажет.
Үшіншіден, бақылаушы бақыланатын тұлғаның шешімдерінің күшін жою
құқығына ие болады.
Төртіншіден, тиісті жағдайларда бақылаушы жіберілген заң бұзушылықтары
үшін бақыланатын тұлға тәртіптік жазалау шараларын қолдануға құқылы.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қызмет ететін мұндай
бақылау қызметі әртүрлі органдар мен инстанциялар бойынша қандайда бір
көлемде бақылау функцияларын — заңнамалық, атқарушы, сот органдары арқылы
орындайды. Демек, осы функциялар артылған органдардың ерекшеліктері мен
рөлдерін ескере отырып, бақылау бірнеше түрлерге бөлінеді. Бақыланатын
объектінің қызметі тексеру жүргізу кезеңіне байланысты алдын ала, ағымдағы
және кезекті бақылау болып бөлінеді. Басқа органдар (заң шығару, сот
билігі, қоғамдық ұйымдар) тарапынан атқару органдары жүзеге асыратын
бақылау — сыртқы, ал органдардың өз жүйесі ішінде жүзеге асырылатыны ішкі
деп аталады. Салалық органдар, сондай-ақ бағынышты объектілерге қатысты,
олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша салааралық үйлестіру арқылы
жүзеге асырылатын ведомстволық бақылау болады.
Бақылаудан басқа, заңдылықты қамтамасыз етудің тағы бір әдісі —
қадағалау. Бақылау мен қадағалаудың қалай байланысатынына қатысты әртүрлі
пікірлер айтылады. Кейбір авторлар бұл ұғымды теңестіреді. Атап айтсақ, М.
Студенткина қадағалау бақылаудың бір түрі деп айтады, себебі бақылау
міндетті ережелерді — заңдар мен басқа да міндетті нормативтік актілерді
сақтауға байланысты мәселелермен шектелмей, басқарудың әртүрлі салалары мен
аймақтарын қамтиды. Бақылау болса, әртүрлі салалар мен аймақтарда
қолданылатын арнайы нормалар мен жалпыға міндетті ережелерді нақты
орындауды қадағалаудан тұрады.
Басқа авторлар бұл екі ұғымды еш жағдайда теңестіруге болмайды деген
пікір айтады, олардың пайымдауынша бақылау мен қадағалау мүлдем сәйкес
келмейтін әртүрлі категориялар. Мысалы, Ю. Козловтың айтуынша, қадағалау
заңдылықты қамтамасыз етудің әдісі ретінде бақылаудан ерекшеленеді.
Қадағалау дегеніміз, заң бұзушылықты анықтау мақсатында арнайы мемлекеттік
органдардың оларға бағынышты тұлғалардың немесе органдардың қызметіне
тұрақты, жүйелі түрде тексеру жүргізу болып табылады. Бұл ретте заң
бұзушылықты анықтау мақсатында тұлғалардың бақылауды жүзеге асырады. Осы
орайда қадағаланатын объектінің қызметін бақылау саналық тұрғыда, заңдылық
тұрғысында жасалады. Сондықтан бақылаудан ерекше, қадағалау кезінде
бақыланатын органның ағымдағы әкімшілік-шаруашылық қызметіне араласу
жүргізілмейді. Бұл көзқарас бізге орынды көрінеді. Себебі, егер заңдылықты
қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдар қызметінің бір формасы ретінде
анықтауға болатын, қадағалау түсінігіне жүгінсек, қадағалау түсінігі
бақылауға қарағанда анағұрлым тар әрі тек заңдылыққа ғана тұжырымдалған.
Кеңестік сот ісін жүргізу кезінде В. Савицкий өз пікірін ұсынған
болатын, оған сүйенсек, қадағалау заң бұзушылықтарды анықтау үшін қызмет
етеді, ал бақылау мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін қызмет етеді.
Қазіргі кезде рұқсат ету (алдын ала) сипатындағы кең бақылау құзыретіне ие,
оларды жүзеге асыру арқылы тұтқындауға (тұтқындау мерзімін ұзартуға), үй
тұтқынына алуға немесе азаматтарыдң конституциялық құқықтары мен
бостандығына әсер етуі мүмкін, тергеу әрекеттерін (тінту, алу ҚР ҚІЖК 59-
бабында көрсетілген басқа да тергеу әрекеттері) жүзеге асыруға рұқсат
береді.
Қылмыстық процес шеңберінде бақылау қадағалау функциялары прокурор
қадағалауы, сот бақылауы және ведомстволық бақылау нысанында іске
асырылады. Сотқа дейінгі жағдайларда олардың барлығына ортақ жай сот,
прокурор, тергеу органының басшысы, анықтау органының бастығы сияқты
субъектілердің қатысуы болып табылады, қалған жағдайда әрқайсысының өз
ерекшеліктері бар.
Қазақстан Рсепубликасы Конституциясы және қылмыстық іс жүргізу
заңнамасы сот юрисдикциясының шеңберін біршама кеңейтіп отыр, яғни
қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы тергеу әрекеттері де сот
бақылауында болады. Осыған байланысты судья өз қызметін жүзеге асыра отырып
әділеттілік нысанында, сондай-ақ алдағы қылмыстық процестің сатыларында
(басты сот талқылауында), өзінің бақылаушылық қызметін атқара отырып, сотқа
дейінгі сатыдағы кезеңде іспен жақынырақ таныс болған және өз бақылауында
болған істерге өз тарапынан объективті, толық, негізді шешім шығару
мүмкіншілігі мол.
Осы жоғарыда көрсетіп отырғандай, қылмыстық іс жүргізудегі сот бақылауы
прокурорлық қадағалаумен қатар алдын ала тергеудегі тергеу әрекеттерінің
заңдылығына қадағалауды да жүзеге асырады және істің сотқа келіп түскенге
дейінгі заң бұзушылықты жояды, ерекшелеп айтатын болсақ адамдар мен
азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы заң
бұзушылықты анықтап, жойып, оны қайтадан қалпына келтіреді, және бұл өз
алдына істің сотқа келіп түскен кезінде сол іске қатысты әділ, сондай-ақ аз
уақыт ішінде Үкім шығауына жәрдемдеседі. Себебі, ол істің алдын ала тергеу
жүргізу кезінен бастап-ақ өзінің бақылауында болуы. Осыған сәйкес қылмыстық
іс жүргізу заңнамасындағы сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылау институты
өзекті мәсселе болып отыр және ол өз алдына толық танысып, тиісті түрде
зерттеу жүргізілуін талап етіп отыр.
Судьялардың жоғары дәрежедегі мәртебесі өздерінен бұрын сот төрелігін
керекті деңгейде атқаруда қажет. Шынайы сот төрелігі ешкім мен ешнәрсеге
тәуелсіз, тек Конституция мен заңды ғана басшылыққа алатын судья бар жерде
орын алады. Сондықтан болар, мемлекет әрқашан да өздерінің билік өкілдеріне
олардың тәуелсіздігін барлық заңға қайшы келмейтін жолдармен қамтамасыз
етіп, оларға кепіл болуы тиіс.
Үшінші тарау Қазақстан Республикасының сот билігіне және сот бақылау
институтына бағытталған сот-құқықтық реформалаудың даму тенденциясы және
өзекті мәселелері, Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік
органдар жүйесінің рөлін кеңейтіп көрсете отырып, оның сот құрылысындағы
және сот әділдігіндегі негізгі қағидаларын анықтайды және сот әділдігін
жүзеге асырудағы судья тәуелсіздігінің кепілі болып табылады деп айта
аламыз.
Жалпы белгіленген қағидаларға сүйене отырып, демократиялық және
құқықтық мемлекет құру импульсі арқылы елімізде демократиялық құрылым
бекітілді. Демек, ол үшін алдымен біз мемлекетіміздің барлық құқықтық
жүйесін реформалау арқылы республикамыздың сот жүйесінің беделін көтеруіміз
керек.
Республикадағы судьялардың жауапкершілігі неғұрлым өскен сайын,
қарапайым халықтың да сот әділгіне деген сенімдері молая түсері анық. Мұның
өзі қазіргі уақытта сот жұмысында ауыз толтырып айтарлықтай өзгеріс
болғанын айғақтайды. Сот жүйесіндегі осындай іргелі өзгерістер мен қол
жеткен межелі істерге арқау болған, негізінен құқықтық реформаға қатысты
шыққан заңнамалар:мәселен, Жоғарғы сот жанынан республикадағы соттардың
жұмысын материалдық-техникалық жағынан қаматамасыз ететін Сот әкімшісі
жөніндегі арнайы комитет құрылды. Жергілікті жердегі сот әкімшілігі
жұмыстары да берік қалыптасты.
2000 жылы 25 желтоқсанда, сот билігі мен оның жүйесін нығайтудағы зор
әсерін тигізген Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың
мәртебесі туралы Конституциялық заңның нәтижесінде судьялық лауазымға
тағайындау рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мәселесі
түбегейлі шешімін тапты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы
Президентінің елімізде жүріп жатқан сот-құқықтық реформасына ерекше назар
аударып отырғанын көруге болады. Бұл сот беделінің биіктей түсуіне кепілдік
береді деген сөз.
Мұнымен қоса сот корпусының сапалы құрамын жақсарту үшін судья
лауазымына кандидаттарына қойылатын жаңа қосымша талаптар – біліктілік
емтиханын табысты тапсырған тұлғалардың міндетті түрде тағылымдамадан өтуі
белгіленген. Бұл дұрыс әдіс, өйткені болашақ судья жұмысын көріп, араласып,
үлкен кәсіби мектептен өтеді, әрі өзінің сол жұмысқа лайық немесе лайық
еместігін уақытылы пайымдап, өз болашағы туралы дер кезінде белгілі белгілі
бір қорытынды жасай алады. Судьяларға қойылатын талап қатайды. Заңда
тіртіптік-біліктілік алқаларынын өкілдігі едәуір кеңейтілді, енді ол тек
тәртіптік істерге ғана емес, судьяларға қойылатын талаптар орындалмаған
жағдайда, сонын ішінде судья этикасы нормаларын бұзғаны үшін, судьялар
өкілеттіктерін тоқтату мәселесін де қарастырады.
Қазақстан Республикасы сот жүйесінің жағымды жақтарына мыналарды
жатқызуға болады:
- қызмет көрсетудің (функция) тұрақтылығы;
- сот билігінің белгілі бір мөлшердегі тәуелсіздігі;
- мамандандырылған соттардың болуы;
- сот өндірісінің альтернативтік формасы;
- қоғамның сот төрелігіне жүгінуі;
- сот процесінің транспаренттілігі;
- сот үкімдерінің дұрыс шығарылуын қадағалайтын ішкі өзін-өзі
бақылау механизмінің (қадағалаушы, апелляциялық комиссия);
- халықаралық салалық ұйымдардың жұмысына қатысу (1997 жылдан бері –
Халықаралық заңгерлер қауымдастығында, 2004 жылдан – Халықаралық судьялар
қауымдастығында).
Сонымен қатар сот жүйесінің бірқатар кемшіліктері де жоқ емес, олардың
ішінен мыналарды атауға болады:
- сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі;
- сот органдарын бақылаудың әлсіздігі;
- соттардың кәсіби деңгейінің төмендігі;
- сот лауазымына лайықты жоғарғы деңгейдегі жауапкершіліктің
жетіспеуі;
- сот шешімдерінің орындаудың тиімділігінің төмендігі;
- сот жұмыстарындағы жетіспеушіліктер мен олқылықтарды толықтыруға
жауапкершіліктің жетіспеуі;
- соттардың дербестігіне берілетін кепілдіктің жетіспеуі
(жоғарыдан, жоғарыдағы инстанциялар тарапынан қысым көрсету сақталып
отыр);
- мемлекеттік билік органдарының пайдасына айтарлықтай
жеңілдіктердің болуы;
- бәсекелестіктің жетіспеушілігі, соттағы айыптауының тараптардың
тең құқықтығына тигізетін зиянның басымдығы;
- сот шешімінің орындаудың тиімділігінің төмендігі (барлық сот
шешімдерінің үштен бірі орындалмай қалады).
Осы кемшіліктердің негізінен мынадай факторлармен байланыстылығын атап
өтуге болады: сот билігін бақылаудың айтарлықтай әлсіздігі (соттардың
атышулы тәуелсіздігі мен заңдық имунитетінің жағымсыз кері әсері);
корпаративтік ынтымақтастық (кері мағынада); судьялар қауымдастығының
жабықтығы; судьялардың басқалардан өзара қызмет көрсетуді талап етуге
(коммерциялық, мансапқорлық және басқа) мүдделі болуы; туыстық-жекжаттық
байланыстардың тамыр жаюы; сотты бұзушылыққа жауапкершіліктің төмендігі;
судьяларға халықаралық стандарттарға қойылатын талаптардың сәйкес келмеуі;
сот өндірісдегі регламент пен процедуралық нормалардың ретсіздігі. Жалпы
алғанда, аталған кемшіліктер сот жүйесінің тиімділігіне үлкен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық процесте кепіл бұлтартпау шарасын қолданудың теориялық және практикалық мәселелері
ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ
СОТТЫҢ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Адвокатураның құрылу сатылары
Сот сараптамасының жалпы ұғымы
Қылмыстық сот ісін жүргізудегі куәлік иммунитет қағидасы
Қылмыстық іс жүргізудегі тергеушінің құқықтық мәртебесі
Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар
Қазақстандағы мамандандырылған соттар жүйесін құру
Қылмыстық іс жүргізу заңы, ізгілік және тергеу тактикасы
Пәндер