Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедрада оқитын студенттердің тұлғасын қалыптастыруда халықтық педагогика элементтерін пайдалану



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қорытынды
«Қазақстан – 2030» Жолдауында Республика Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемендігін танытатын ұзақ уақытта даму бағдарламасын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндетінің бірі өз елінің азаматы, патриот тұлғаны тәрбиелеу болса, осыған сәйкес әскери тұлға студенттердің тәрбиелік деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып қарастырылады.
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, қоғамның саяси және рухани өмірі саласындағы міндеттерді қайта жаңартуға бағытталған идеялық-тәрбие жұмыстары мемлекеттің стратегиялық бағдарымен анықталды. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі, оны сақтап қастерлеуі қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады.
Еліміздің жоғары оқу орындарында студенттерге қазақ халқының этностық ерекшеліктерін, тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін дәріптеу, жастарды ұлттық сезімі бар тұлға ретінде тәрбиелеу және осы мәселені қазіргі жағдайда зерттеу қажеттілігі арта түсуде.
Білім туралы заңда қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу мәселелері көрсетілген. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, оларды тұлғалық тәрбиелеу ісіне нұсқау беріп әрі оның қажеттілігін айқындайды.
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы тәрбие беру мәселесіне жаңаша көзқарас тұрғысынан қарау және студенттердің ұлттық сана-сезімін, сапаларын, тұлғаның мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің түрлері мен әдістерін жетілдіру талап етіледі. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды болып табылады.
Жоғары оқу орындарында болашақ бакалаврларды кәсіби даярлаумен қоса офицер кадрларын дайындау жұмыстары бірге жүргізіледі. Сондықтан да зерттеу жұмысында арнайы әскери кафедралардағы студенттер тұлғасын қалыптастыру мәселесі ерекше талқыланып отыр. Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардағы оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бойынша бірнеше Ресейлік ғалымдардың А.В.Барабаншиков, Ю.А.Ветрова, В.В.Евстафьева, Ю.А.Кудрявиева, Ю.И.Тарский және т.б. еңбектерін атап өтуге болады.

ӘОЖ 378:341.357.6 Қолжазба құқығында

ЕРЕЖЕПОВ МҰХАММЕДـАЛИ МАТЕНҰЛЫ

Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедрада оқитын студенттердің тұлғасын
қалыптастыруда халықтық педагогика элементтерін пайдалану

13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы
этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Шымкент, 2010
Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде
орындалған

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Б.А.Тойлыбаев

Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының
докторы,
профессор Ыбыраймжанов К.Т.

педагогика
ғылымдарының
кандидаты
Арзымбетова Ш.Ж.

Жетекші ұйым: М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік

университеті

Қорғау 2010 жылы 29 қазанда сағат 11.00 М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.20.01 диссертациялық кеңесінде
өтеді (160000, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, № 5).

Диссертациямен М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университетінің кітапханасында танысуға болады. (160000, Шымкент қаласы,
Тауке-хан даңғылы, № 5, 2-қабат).

Автореферат 2010 жылы 28 қыркүйекте таратылды.

Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы С.А.Жолдасбекова

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан – 2030 Жолдауында Республика
Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемендігін
танытатын ұзақ уақытта даму бағдарламасын анықтады. Білім беру мен
тәрбиенің негізгі міндетінің бірі өз елінің азаматы, патриот тұлғаны
тәрбиелеу болса, осыған сәйкес әскери тұлға студенттердің тәрбиелік
деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып қарастырылады.
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, қоғамның саяси
және рухани өмірі саласындағы міндеттерді қайта жаңартуға бағытталған
идеялық-тәрбие жұмыстары мемлекеттің стратегиялық бағдарымен анықталды.
Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі, оны сақтап қастерлеуі қазақ
халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүние
танымының өсуіне жағдай жасады.
Еліміздің жоғары оқу орындарында студенттерге қазақ халқының этностық
ерекшеліктерін, тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-
қыздарының ерлік істерін дәріптеу, жастарды ұлттық сезімі бар тұлға ретінде
тәрбиелеу және осы мәселені қазіргі жағдайда зерттеу қажеттілігі арта
түсуде.
Білім туралы заңда қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік
мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу
мәселелері көрсетілген. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп,
оларды тұлғалық тәрбиелеу ісіне нұсқау беріп әрі оның қажеттілігін
айқындайды.
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы тәрбие беру мәселесіне жаңаша
көзқарас тұрғысынан қарау және студенттердің ұлттық сана-сезімін,
сапаларын, тұлғаның мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің түрлері
мен әдістерін жетілдіру талап етіледі. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық,
батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік көрсету
қажет болып отырған уақытта аса маңызды болып табылады.
Жоғары оқу орындарында болашақ бакалаврларды кәсіби даярлаумен қоса
офицер кадрларын дайындау жұмыстары бірге жүргізіледі. Сондықтан да зерттеу
жұмысында арнайы әскери кафедралардағы студенттер тұлғасын қалыптастыру
мәселесі ерекше талқыланып отыр. Жоғары оқу орындарындағы әскери
кафедралардағы оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бойынша бірнеше Ресейлік
ғалымдардың А.В.Барабаншиков, Ю.А.Ветрова, В.В.Евстафьева, Ю.А.Кудрявиева,
Ю.И.Тарский және т.б. еңбектерін атап өтуге болады.
Ал, бұл жүйеде халықтық педагогика элементтері негізінде студент
жастарды тұлғалық қалыптастыру мәселесі әлі де толық қалыптаспай келеді.
Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында халықтық педагогиканың жалпы
педагогика, психология ғылымдарындағы орнын анықтап, әдіснамалық және
теориялық негізін айқындауда елеулі үлес қосып жүрген ғалым-педагогтар
Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, С.А.Ұзақбаева, Қ.Б.Бөлеев,
Қ.Ж.Қожақметова т.б. еңбектерінің маңызы зор.
Өткен ғасырлар ойшылдарының, ағартушы-педагогтардың халықтық
педагогикасына көзқарасын, құнды педагогикалық идеяларын Т.М.Әлсатов,
А.Айтбаева, И.Халикова, Қ.Қалиева және т.б. зерттесе, енді бірі
С.Ұзақбаева, Р.К.Төлеубекова, Қ.Шалғымбаева, Ұ.Әбдіғапбарова,
А.А.Қалыбекова, Р.Жаманбаевалар халық педагогикасы мен этнопедагогика
тәрбиесінің мүмкіндіктеріне, тәрбие бағыттарына қарай зерделеген. Ал,
Р.К.Дүйсенбінова, Ж.Асанов, Қ.Т.Ыбырайымжанов, С.Т.Иманбаева,
Б.А.Тойлыбаев, Қ.Ж.Қарақұлов, Ш.Құлмановалар халық тәрбиесінде озық
дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдарын қарастырады.
Қазіргі кезде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеу жүргізуші
ғалымдар халқымыздың сан ғасырлардағы рухани мұрасын, әсіресе оқу, тәлім-
тәрбие мәселесін философия, психология, педагогика ғылымдарының зор
жетістіктерін пайдаланып, асыл қазыналарын жоғары теориялық биіктен талдап,
ғылыми көзін ашуда.
Қазіргі педагогиканың міндеті экономикалық өрлеу кезеңінде, қоғамды
рухани жаңартып демократияландыруда, плюрализм пікірін бекітуде және
әлеуметтік орта мен идеологиядағы сол бір тоқырау кезеңдерінің әсерінен
туған жікшілдік пен бұрмалаушылықты жоюдағы күреске бар күшті ынталандыру
болып табылады. Мұның бәрі келешек жас ұрпақты тұлғалық тәрбиелеудің
қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасында білім беру саласы
бойынша қоғамның бүгінгі күнгі талабы әрбір адамды Отанын сүюге, туған
жерін құрметтеуге, ата-бабаның озық салт-дәстүрлерінің құндылығын мақтаныш
тұтуға, әлемде халықтар арасындағы бейбітшілік үшін достықты нығайтуға
бағыт беруде талмай еңбек етуді қажет санайды. Сондықтан болашақ
мамандардың тұлғалық қалыптасуын халықтық педагогика элементтерін пайдалану
арқылы жүзеге асыру жоғары оқу орындарында, әсіресе әскери кафедрада да
ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.
Мәселенің тәжірибедегі және ғылыми-педагогикалық әдебиеттердегі жағдайын
зерттеу кезінде бірқатар қарама-қайшылықтар анықталды: студент тұлғасын
қалыптастыруда әскери кафедралардағы халықтық педагогика материалдарын
пайдалануды бүгінгі өмір талабына сай ұйымдастыру қажеттілігі мен оның
ғылыми-теориялық негіздерінің болмауы арасында; халықтық педагогика
материалдарының әлеуеті мен оның студенттермен әскери кафедралардағы тәрбие
жұмыстарында жүйелі пайдаланылмауы арасында; әскери кафедраларда студенттер
тұлғасын қалыптастыруда халықтық педагогика материалдарын пайдалану
қажеттілігі мен оны жүзеге асыруға керекті әдістемелердің жоқтығы
арасындағы қайшылықтардың шешімін табу бізге зерттеу тақырыбын Жоғары оқу
орындарындағы әскери кафедрада оқитын студенттердің тұлғасын қалыптастыруда
халықтық педагогика элементтерін пайдалану деп таңдауымызға себепші болды.
Зерттеудің мақсаты: халықтық педагогика элементтері негізінде жоғары оқу
орнының әскери кафедрасы студенттеріне ұлттық тәрбие беруді теориялық
тұрғыдан негіздеп және оның әдістемесін жасау.
Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орындарындағы әскери кафедрадағы оқу
тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні: жоғары оқу орындарындағы әскери кафедрада халықтық
педагогика элементтерін пайдалану арқылы студенттер тұлғасын қалыптастыру
жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, жоғары оқу орындарындағы әскери кафедра
студенттеріне халықтық педагогика элементтері негізінде тәрбие берудің
теориялық негіздерін анықтап, тәрбие берудің үлгісін жасап, оқу-тәрбие
процесіне ендірудің әдістемесі ұсынылса, онда студенттерге ұлттық тәрбие
берудің тиімділігі артады, өйткені халықтық педагогиканың өмірлік
тәжірибесі – тәрбие өзегі.
Зерттеудің міндеттері:
– халықтық педагогика элементтерін әскери кафедра студенттерінің тұлғасын
қалыптастыруда пайдаланудың теориялық негіздерін анықтау;
– әскери кафедрадағы студенттер тұлғасын қалыптастыруда халықтық
педагогика элементтерін пайдалану мүмкіндіктерін анықтау;
– әскери кафедрадағы студенттер тұлғасын халықтық педагогика элементтері
негізінде қалыптастырудың мазмұндық-құрылымдық моделін жасау;
– халық педагогикасы элементтері негізінде әскери кафедра студенттеріне
тәрбие берудің әдістемесін жасап, оның тиімділігін эксперимент жүзінде
тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: қазақ халық педагогикасындағы тәрбие идеялары
жоғары оқу орындарының әскери кафедра студенттеріне тәрбие берудің қайнар
көзі болып табылады, себебі әскери кафедрадағы студенттерден елжанды,
ұлттық сипаттағы, жаңа тұрпатты тұлға болу талап етіледі.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша психологиялық және
педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау; жоғары оқу орындарындағы әскери
кафедра студенттерінің оқу-тәрбие процесін бақылау; студенттермен әңгіме
жүргізу; сауалнама алу; модельдеу; әдістемелік жүйенің мақсатқа
сәйкестілігін, тиімділігін тәжрибелік-педагогикалық зерттеу жұмысы арқылы
тексеру; алынған нәтижелерді сұрыптау әдістері.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: тұлға тәрбиесі боиынша
ой-пікірлерге байланысты философтардың, тарихшылардың, психологтардың,
педагогтардың еңбектері мен тұжырымдары, этнопедагогиканың теориялық
қағидалары, тәрбие теориясы, біртұтас педагогикалық процесс теориясы және
кәсіби білім берудің теориясы.
Зерттеу көздері: әр түрлі дәуірде өмір сүрген ойшыл-ғұламалардың тәлім-
тәрбиелік мұралары; Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы; Қазақстан Республикасы орта және
жоғары білім беру тұжырымдамалары; Қазақстан Республикасының білім беру
ұйымдарында тәрбие берудің кешенді бағдарламасы; оқу және тәрбие
процеісінің бағдарламалары; педагог ғалымдардың, жазушылардың, соғыс
ардагерлерінің оқу және тәрбиеге арналған еңбектері.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2006-2008жж) зерттеу проблемасына сәйкес философиялық,
психологиялық, педогогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдаулар
жасалынды және жүйеге келтірілді; зерттеудің ғылыми аппараты, басты
қағидалары анықталды, әскери кафедра студенттер тұлғасын халықтық
педагогика элементтері негізінде қалыптастырудың мазмұндық-құрылымдық
моделі жасалып, анықтау экспериментінің нәтижелері өңделді.
Екінші кезеңде (2008-2009жж) жоғары оқу орындарының әскери
кафедраларында халықтық педагогика элементтерін қолдану мазмұны анықталып,
студент тұлғасын қалыптастыру бойынша жүргізілетін тәрбие жұмыстарының
әдістері негізделді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар бағдарламалар
бойынша жүргізілді.
Үшінші кезеңде (2009-2010жж) жүргізілген зерттеу жұмыстарының
қорытындылары шығарылып, соның негізінде ғылыми әдістемелік ұсыныстар
жасалынды. Бұл кезеңде алынған тәжірибелік-эксперименттік нәтижелерге
математикалық сараптамалар жүргізілді.
Зерттеудің базасы: Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс М.О.Әуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік университетінің, Оңтүстік Қазақстан
мемелекеттік медицина академиясының әскери кафедраларында және Қ.А.Яссауий
атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Бастапқы әскери дайындық
кафедрасында өткізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
– Халықтық педагогика элементтерін әскери кафедра студенттерінің тұлғалық
қасиетін тәрбиелеуде пайдаланудың теориялық негіздері анықталды.
– Әскери кафедра студенттерінің тұлғалық қасиеттін қалыптастырудағы
халық педагогика элементтерін пайдалану мүмкіндіктері анықталды;
– Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедра студенттеріне халықтық
педагогика элементтері негізінде тәрбие берудің құрылымдық-мазмұндық моделі
құрылды;
– Халықтық педагогика негізінде әскери кафедра студенттеріне тәрбие
берудің әдістемесі жасалды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі:
Жоғары оқу орнының әскери кафедра студенттерінің тұлғасын қалыптастыруда
жинақталған тарихи-педагогикалық материалдарды жоғары оқу орындарының оқу-
тәрбие процесінде, қоғамдық мекемелердің тәрбие беру тәжірибесінде
пайдалануға болады.
Әскери кафедра студенттеріне тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық үлгісі
жасалды. Олар мына бағытта пайдаланылады:
– Әскери кафедрадағы ұлттық тәрбие негіздері атты тәрбие жұмысының
бағдарламасы жасалып, оқу-тәрбие процесінде пайдаланылды;
– Отан үшін отқа түс жанбайсың атты элективті курс бағдарламасы
жасалып, оқу процесіне енгізілді;
– Студенттерге халықтық педагогика элементтері негізінде ұлттық тәрбие
беру атты семинардың бағдарламасы жасалды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
– жоғары оқу орынының әскери кафедра студенттерінің тұлғасын
қалыптастыруда халықтық педагогика элементерін пайдаланудың мәні мен
мазмұны;
– студент тұлғасын қалыптастырудағы халықтық педагогика элементтерінің
мүмкіндіктері зерттеу проблемасын аша түседі;
– жоғары оқу орнының әскери кафедрасында оқитын студент тұлғасын
халықтық педагогика элементтері негізінде қалыптастырудың құрлымдық-
мазмұндық моделі компоненттерді, өлшемдер мен көрсеткіштерді және
деңгейлерді қарастырады;
– әскери кафедра студенттерін халықтық педагогикалық элементері
негізінде тұлғалық қалыптастыру әдісі зерттеу міндетінің тиімділігімен
жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Зерттеу жұмысының дәлділігі мен негізділігі: алғашқы әдіснамалық және
теориялық көзқарастармен; практикалық жұмыс мазмұнының ғылыми аппаратқа
сәйкестілігімен; зерттеу проблемасын зерделеуде зерттеу міндеттеріне
барабар әдістер кешенін пайдаланумен; зерттеу деректерінің дәлелділігімен;
ұсынылған әдістеменің тиімділігімен; бастапқы және соңғы көрсеткіштердің
нәтижелерін қортындылауымен; олардың тиімділігін оқу-тәрбие процесіне
кешенді ендірілуімен дәлелденді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру: эксперимент барысында:
Оқыту үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану мәселелері
атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Шымкент қ.),
Отансүйгіштік және азаматтық тәрбие беру: жағдайы, мәселелері және шешу
жолдары атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы қ.)
Жастар патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыруда тәрбие жүйесін іске
асыру: тәжірибе, проблемалар, перспективалар атты халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференцияда (Тараз қ.) баяндалды; Республикалық баспа
беттерінде жарияланды және кафедра мәжілістерінде, семинарларда талқылап,
жоғары оқу орындары оқу-тәрбие үдерісіне енгізілді.
Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде мәселенің көкейкестілігі негізделіп нысаны, пәні, ғылыми
болжамы, міндеттері анықталды, әдіснамалық негізі, ғылыми жаңалығы мен
қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеудің тәжірибелік мәнділігі көрсетілді.
Жоғары оқу орнының әскери кафедра студенттерінің тұлғасын
қалыптастыруда халықтық педагогика элементтерін пайдаланудың теориялық
негіздері атты бірінші тарауында әскери кафедра студенттерінің тұлғасын
қалыптастыруда халықтық педагогика элементтерін қолдануды педагогика
тұрғысында зерттелу деңгейі сараланып, бұл мәселедегі этнопсихология және
халықтық педагогика мүмкіндіктері ашып көрсетілді. Соның негізінде әскери
кафедра студенттерінің тұлғасын қалыптастырудың мазмұндық-құрылымдық моделі
мен деңгейлері берілді.
Жоғары оқу орнының әскери кафедра студенттерінің тұлғасын
қалыптастыруда халықтық педагогика элементтерін пайдаланудың әдістемесі
атты екінші тарауда студенттердің тұлғасын қалыптастыруда халықтық
педагогика элементтерін қолданудың мазмұны, осы бағытта жүргізілген тәрбие
жұмыстарының әдістері ұсынылды. Соның негізінде педагогикалық-
эксперименттік мақсат, міндеттеріне сай ұйымдастырылған тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстардың нәтижелері берілді.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижелері жүйеленіп, нақтыланып, негізгі
тұжырымдар мен әдістемелік ұсыныстар берілді, осы саладағы болашақты
зерттеулерді қажет ететін мәселелер айқындалды.
Қосымшада тәжрибелік-эксперименттік жұмыстың кейбір материалдары
ұсынылған.

Негізгі бөлім
Әлем тарихында ұлттық тәрбие және адам тұлғасын қалыптастыру туралы
білім ғасырларға тамырымен терең жайылған. Әлемдегі өркениеттің дамуындағы
ерекшеліктер дінмен, салт-дәстүрлермен, әртүрлі этникалық факторлармен
өлшенген.
Ұлттық тәрбие беруді халықтық педагогиканың негізінде қарастыру тиімді,
өйткені қоғамда жалпы тәрбиелеу процесі тек қана батыс еуропалық және
американдық үлгіні қабылдап бара жатқаны белгілі жайт. Сондықтан, халықтық
педагогика негізінде студенттердің бойына тұлғалық сезімді, отан
сүйгіштікті қалыптастыру Қазақстанның даму жолында келешектегі көптеген
мәселелердің шешімі болып табылады.
Шығыс елдерінде тәрбиеге, әсіресе әскери-патриоттық тәрбиеге аса көңіл
бөлген. Бұл тұрғыда жапондықтар үлгі боларлықтай. Орыс тарихшысы А.А.Строев
жапондыққа балалық шағынан мемлекеттің идеологиясы үшін әр уақытта өзін
құрбандыққа шалуға дайын болуын құлағына құяды – деп жазған. Ал қытайда
әскери-патриоттық білім беру мемлекеттік идеологиямен бір қатарда.
Азаматтарды әскери қызметке дайындап қалыптастыру қазіргі кезде батыс
еуропаның барлық елдерінде дерлік қолға алынған. Мысалы, Германия,
Ұлыбритания, Франция мектептерінде және жоғары оқу орындарында офицерлерді
дайындауда арнайы пән ретінде әскери кәсіптік бағытын қалыптастыру
оқытылады.
Зерттеу жұмысымызда қазіргі кезеңдегі жастардың өз отанының әскері
қатарында көрінуіне деген талпынысының артуын ұлттық тәрбиенің
маңыздылығымен көреміз.
Жоғарғы оқу орындарында 17-18 жастағы бозбалалардың келетіні белгілі,
әрі олар 21-22 жас шамасында оқуды аяқтайды. Бұл аралық жастық шақтан
зерделі шаққа өту кезеңі, сондықтан бұл уақытта студенттердің жастық шақта
да есейген шақтағы да бойынан көрініс алып жататын мінез-құлықтарын
бақылауға болады. Жоғары оқу орнын аяқтағалы отырған кейбір студенттер
отбасын құрап, балалы болып жатады. Мұндай жағдайлар жаңа міндеттер
жүктейді әрі өмір сүру салтына, өмірлік ұстанымына орасан ықпал жасайды.
Әскери кафедрада оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда студенттердің
психологиялық ерекшеліктерін ескеру өте маңызды.
Мұндай жастық кезең өзін және өзіне жақын адамдардың тағдыры үшін
жауапкершілік алуға, әрі оны мойындау сезімдерін көрсетумен сипатталады.
Сондықтан бұл кезең шынайы ересек әрі күрделі өмірге іштей және сырттай
бейімделуге бастау алу кезеңі, мұнда адамның күнделікті өмір сүру салтында
оның іштей қалыптасқан мінез-құлқына үнемі сәйкес келе бермейтін әлеуметтік
қағидалар мен маңыздылықтарды олардың түрлерін және көптеген шарттылықтарды
қабылдау міндеті жүктеледі. Біріншіден, бұл жастағы студенттерде ерік-
жігері толық қуат алмаған және көзқарастары тұрақсыз, әрі орны толмас
мәселелерге әкелуі мүмкіндігі жоғары келеңсіз жағдайларға қарсы тұру
шамасының әлсіздігі сипат алады, ал екінші жағынан олардың бойынан ерекше
қабылдағыш қасиеттерге толы, турашылдық, шынайлық, шындыққа көз жеткізу әрі
әділдік қасиеттері өте көп. Ол өзінің рухани тұлғалық қалыптасу кезеңін осы
жаста айрықша танытады. Бұл кезеңде оның бойында адамгершілік қасиеттері
дамиды, дүниеге көзқарасы қалыптасады, құқықтанушылық және саяси
белсенділігі артады. Көптеген психологтардың пікірінше бұл кезеңнің негізгі
қалыптасу бағыты мен тұжырым жасауы өзінің даралық тұлғасын түсіну, өзіне
сын көзбен қарай білу қасиеті қалыптасады, өмірін жоспарлайды. Өз өмірін
саналы құрастыруға өзін бағыттайды, қоршаған тіршіліктегі алуан түрлі
салада уақытпен бірге өсіп-жетіледі. Бұл үдеріс мен тұжырымын жасау
арқылы өмірдегі алуан түрлі қызметке іс жүзінде араласумен өз жалғасын
табады.
Қоғамның әлеуметтік құрылымында студенттік кезең сол қоғамдағы зиялы
қауымға ең жақын тұлға әрі оның қосалқы күші. Бұл ерекше әлеуметтік топ, ол
қоғамың алуан түрлі жігінен қалыптасқан және көптеген жағдайларда кәсіби
дайындықтан өтуге, білім алуға мақсатты бағытталған өнегелі-психологиялық
қасиеттері бар және белгілі бір әлеуметтік мәртебеге ие өзінің өмірде,
еңбекте және тұрмыста ерекше шарттармен сипатталатын топ болып табылады.
Студенттік шақ өзіндік ерекшеліктерге толы әрі жас ерекшелігіне
байланысты өзінің әлеуметтік және ұлттық құрамы бойынша өзгешеліктерге ие
өзіндік жинақы әлеуметтік топты құрайды. Бұл аталған ерекшеліктер бірлесіп
білім алу үдерісінде және студенттік мәртебеде ерекше қарым-қатынас жасауда
жастардың бойында қалыптасады, әрі бұл сипат уақыт өте өзгереді. Әлеуметтік
қалыптың ерекшелігіне белгілі бір қасиеттері де енгізуге болады, айталық
студент ата-анасы тарапынан бақыланбайды, бірақ жұмыс жасаушы адамға тән
қатал қызмет ету жүйесіне де толық қосылмаған. Бұл жағдай оның жеке тұлға
еркіндігінің жоғары деңгейін салыстырмалы түрде көрсетеді, осы тұста
студент өзінің студенттік кезеңде өмір сүріп жүргенін түсінеді, оның
бойында өзіндік ерекшеліктермен қажеттіліктерінің шыңдалуына жағдай
жасалады. Жастық шақтың өзгешелігі жас шамасына тән мәдени ортада айқын
бейнеленеді. Мұнда аталып отырған жас шамасына тән жалпы мәдениеттің бір
бөлігі ретінде құрама келесі айрықша белгілер байқалады: арнайы сөйлесу
тілі пайда болады (немесе жаргон), белгілі бір сән үлгісіне еліктеу, әуен,
би, саласына ерекше құмарту, жастарға тән өзіндік мінез-құлық әдептері
қалыптасады. Осыған байланысты үлкендер жастардың құқығын мойындай
бермейді, олардың мінез-құлқының ерікті болып, ұрпақтарының бір-бірінен
алшақтауына, ата-аналарының орнын басу қасиеттері өзгеретініне кейде
наразылықтар туып жатады.
Студенттік шақ әлеуметтік топ санатында қоғамдағы әлеуметтік құрылымда
өзіндік аралықтандырылған қалыпқа ие тұлға. Айталық, жастар ата-анасынан
шамалы ғана қаржылық тәуелсіздік алады, өз отбасыларын құрауды бастайды,
болашақ өмірді ойлайды,толық кәсіби маман болмаса да олар әрі еңбек етеді.
Жастық шақтың бұл мерзімдегі қарапайым сипаты, олар уақытша атқарушы
кейіпкер, олардың орындайтын қызметінің аясы кеңейіп, бірақ бұл
қызметтерді олар барлық уақытта дұрыс әрі біржола қабылдай бермейді, оны
сынақ ретінде қабылдайды. Студенттік еңбек пен тұрмыстық ерекшелігі олардың
тұлғалық дамуының жылдам болуына белсенді қарым-қатынас үшін қолайлы
шарттар болып табылады.
Студенттік шақтың әлеуметтік бағдарларын қалыптастыруда бірінші кезекте
құндылықтарға бағдарын қалыптастыру мәселесін алға тартамыз. Әлеуметтік
санадағы құндылықтар бағдарындағы кез келген өзгеріс әлеуметтік сананың да
және әрбір жеке тұлғаның да түбегейлі өзгеруіне алып келеді. Бұл жағдайда
студент тұлғасы жаңа бағыттағы құндылықтар бағдарын, мінез-құлық, іс-
әрекеттерін өмір мәніне жаңа таңдау жасауды және ауысуды жедел талап етеді.
Халық педагогикасындағы жауынгерлік дәстүрлерді кешенді түрде зерттей
келе бұл еңбегімізде студенттердің тұлғасын қалыптастырып, ұлттық тәрбие
беруді қарастырамыз. Әскери кафедра студенттерінің тұлғасын қалыптастыруда,
ұлттық тәрбие берудің тарихи-педагогикалық көздері қазақ халқы батырларының
ерлік істерінің тарихи деректеріне талдау жасай келе, қазақ халқының
басынан өткен тарихи жағдайларға байланысты тұлғаның дамып қалыптасуының
тарихи алғы шарттарын қарастырамыз, әсіресе студенттерге халықтық
педагогика негізінде әскери кафедрада тәрбие берудің орны ерекше. Біз
ғалымдардың жұмысындағы идеялық әдістемелерін негізге ала отырып
тәрбиелеуде этнопедагогика құндылықтарына ерекше көңіл бөлдік.
Ғылыми зерттеулерді талдауда, педагогикалық тәлім-тәрбиеде, студенттің
тұлғасын қалыптастырып тәрбие беру ғылымының теориясын өз алдына дербес
проблема ретінде анықталғанын және ол үнемі зерттеп отыруды қажет
ететіндігін көруге мүмкіндік берді.
Осындай тұлғаны қалыптастыруға негізделген ұлттық тәрбие жұмысын
жүргізуде жоғары оқу орындарының әскери кафедра студенттері проблемасы
ерекше мәнге ие болады. Себебі студенттер болашақ маман ретінде қалыптасып,
өмірлік ұстанымын айқындап, өркениетті елдер қатарына қосылуда өздерінің
үлкен септігін тигізеді.
Отан дегеніміз – халық. Халық дегеніміз – адам. Адамды сүю оған жақсылық
жасау, жанашыр болу – адамгершіліктің белгісі. Ендеше отаншылдық – сонау
ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім.
Жоғары оқу орындары студенттерінің тұлғалық қалыптасуы барысында тәрбие
беру теориясының жай-күйін талдай отырып, қазіргі кезде халықтық педагогика
элементтерін пайдалану проблемаларын айқындауға талпыныс жасадық. Сондай
мәселелердің бірі бүгінгі қоғамдық сұраныстың өсуіне байланысты жоғары оқу
орындарында студенттерге ұлттық тәрбие беру болып табылады, ал оны шешудің
бір жолы халықтық педагогика негізінде студенттерге ұлттық тәрбие беру
екендігін анықтай түстік.
Психология ғылымы мен педагогика ғылымының өзара байланысында өмірдің
тәрбиелік сұранысынан туындаған ауқымды бөлімі ол – педагогикалық,
психологиялық ерекшелік. Ұлттық тәрбие проблемасын қарастыруда,
педагогикалық, психологиялық ерекшеліктерді пайдалану студенттердің
әлеуметтік мінез-құлықтарын жобалауға және ұлттық тәрбие беруді жетілдіруге
бағытталып отыр. Біздің пікірімізше психологиялық, педагогикалық
ерекшеліктер арқылы студенттерді халықтық сезімге тәрбиелеуде әрбір
студенттің өзіне тән дербестік, психологиялық ерекшеліктерінің мәнін
айқындау және қазіргі кездегі жағдайына баға беру, алдағы уақытта даму
мүмкіншіліктерін жобалау, нақтылы ұсыныстар жасау.
Ұлттық тәрбиенің танымдық, адамгершілік өлшемдері, оның бірлігі, әскери
кафедра студенттерінің алған білімдеріне терең, жан-жақты қорытынды жасай
білулеріне дағдыландырып, өмірдің күрделі жағдайларына байланысты өзіндік
өмірлік бағыттарын өздерінің таңдауына әсер етеді.
Талдау жұмыстарымызға қарағанда қазақ халық педагогикасы негізінде
әскери кафедра студенттеріне ұлттық тәрбие беруге себебші болатын
этнопедагогикалық білімдері мен ерекшеліктерін айқындағанымен оны
қалыптастырудың бүгінгі уақыт талаптарына сай жүзеге асыру қажеттілік болып
саналады.
Сонымен біз теориялық талдауларға сүйене отырып, әскери кафедра
студенттерінің тұлғасын халықтық педагогика элементтерімен тәрбиелеудің бір
бағыты өзін-өзі Отанының патриоты болуға бейімдеу деп ұйғардық.
Студенттерді халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу мемлекетік
идеялардың бірі дей келе студенттерді халықтық педагогика негіздерінде
тәрбиелеп және тұлғасын қалыптастырудың теориялық үлгісін жасаудың қажет
екеніне көз жеткіздік.
Қазақ халық педагогикасының негізінде әскери кафедра студенттерінің
бойында қалыптасқан тұлғалық мінез бен іс-әрекеттің құрылымдық үлгісін,
оның компоненттерін, өлшемдері мен көрсеткіштерін, құрылымдық жүйе ретінде
қарастырып әзірледік (1-кесте).
Әскери кафедра студенттерінің бойында ұлттық тәрбиені қалыптастырып
дамытуда оқу-тәрбие факторларын анықтауда сыртқы факторлардың ерекшелігін
ескере отырып, жеке тұлғаның қалыптасуының айқындаушы негізгі фактор
ретінде оқу-тәрбие саласының әсер етуіне назар аударамыз. Жеке тұлғаның
қалыптасу процесінде бірден-бір әсерін тигізетін күш қоршаған ортасы, яғни
қоғам. Кез келген адам баласы дүниеге келгеннен бастап қоғамдағы болып
жатқан құбылыстарды қабылдау арқылы өзінің ойлау қабілеті, санасы, мінез-
құлқының және басқа да қасиеттерінің реттеліуне жол береді. Сондықтан да
тұлғаның қалыптасуына және дамуына бірден-бір ықпал етуші – ол қоғам.
Кесте 1 – Қазақ халық педагогикасы негізінде әскери кафедра студенттерінің
бойында тұлғалық қасиеттердің қалыптасуының компоненттері, өлшемдері мен
көрсеткіштері

Компоненттер Өлшемдер Көрсеткіштер
Мотивациялық Халық - қазақ халық педагогикасына ерекше
педагогикасына құрметпен қарау;
деген саналы - қазақ халық педагогикасын оқып-үйренуге
көзқарас, оның қызығушылықтың болуы;
қоғамдық мәнін - қазақ этнопедагогикасындағы құнды
түсіну, идеяларды дұрыс қабылдай алуы;
қажеттілігін - қазақ халық педагогикасының жеке тұлғаны
сезіну қалыптастыруға дұрыс ықпалының бар екенін
жете түсінуі;
- қазақ халық педагогикасының ұлттық
мәдениетті игерудегі маңыздылығын түсінуі.
Когнитивтік Халықтық - қазақ халық педагогикасының қалыптасу,
педагогикасы даму тарихы туралы білімі;
туралы білімнің - қазақ халық шығармашылығының мазмұндық
және ұлттық ерекшеліктері туралы білімі;
патриоттық - қазақ халық педагогикасының
сана-сезімнің тәлім-тәрбиелік идеялары туралы білімі;
болуы - патриотизм, ұлттық патриотизм туралы
түсінігінің болуы;
- ұлттық патриоттылыққа, елжандылыққа
баулудың қазақ халық педагогикасындағы
халықтық дәстүрлерін игеруі;
- қазақ халық педагогикасындағы ұлтаралық
қарым-қатынас мәдениетін игеруі.
Мінез-құлықтықҚазақ халық - ұлттық мәдени шараларға, үйірмелерге,
педагогикасын спорт секцияларына, этномәдениет
ұлтжандылық орталықтарына қатысуы;
іс-әрекетте - қазақ халық педагогикасының негіздерін
қолдана білуі күнделікті іс-әрекетінде қолдану;
- қазақ халқының мүддесін қорғай білуі;
- іс-әрекетінде қазақ халқының ұлтжандылық
құндылықтарын белсенді және саналы түрде
қолдануы.

Тұлға өзінің көздеген міндетін шешу арқылы қоғамдық мүддені де шешеді.
Сол себепті тұлға мен қоғам бір-бірімен тығыз байланысты. Қоғамда болып
жатқан құбылыстардың барлығы адамдардың қатысуы салдарынан пайда болады.
Адамның қалыптасуына қоғам әсері қандай болса, қоғамдағы болатын және болып
жатқан құбылыстарға адамның да әсері сондай.
Модель құрамын анықтауда, біз студенттердің патриоттық деңгейін бағалап,
сараптау туралы мәселені шешу және оны қалыптастырудың эксперимент жүйесін
жасауды қарастырдық. Әскери кафедра студенттерінің тұлғасын ұлттық
патриотизм тұрғысында қалыптастыру тетіктері күрделі, қайшылығы мол және ол
патриотизмнің барлық құрамды бөліктерін қамтиды: мативациялық, когнитивтік
және мінез-құлықтық болды. Біз өзіміздің зерттеуімізде жоғардағы
компоненттер, өлшемдер мен көрсеткіштерді негізге ала отырып, қазақ
халықтық педагогикасы негізінде әскери кафедра студенттеріне әскери
патриоттық тәрбие берудің моделін жасадық (1-сурет).
Мотивациялық компонент педагогикалық қызметке жауапкершілік қарым-
қатынас жасаумен және Отанды қорғауға деген құлшынысымен, Отан алдындағы
әскери қызметтің маңызын түсінумен, өздігімен білімін жетілдіруге
ұмтылуымен анықталады.
Мотиавциялық компонентіне сонымен қатар өздігімен білім алу,
қызығушылық, қажеттілік, түсіну қабілеті жатады.
Когнитивтік компонент – немесе танып білу компонентіне әскери кафедра
студенттерінің патриоттық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін қажетті теориялық
білімінің көлемін танып білу.
Мінез-құлықтың компоненті патриоттық тәрбиедегі іс-шаралардың мәнін
түсініп, бағалай білуі. Әскери кафедра студенттерінің ұлттық ойындардың
ерекшелігін бағалай біліп, өзіндік мінез қалыптастыруы.
Сөйтіп, біздің зерттеуіміздің тұрғысынан алғанда, әскери кафедра
студенттерін қазақ халықтық педагогикасы негізінде ұлттық патриоттық тәрбие
беру сапасын анықтайтын өлшемдердің жиынтығы, біріншіден тәрбиелеудің
мотивациялық компонентімен байланысты болып, патриоттық тәрбие қызметін
жүзеге асыруға ұмтылысы мен және оның тиімділігіне талпынумен,
студенттердің патриоттылығының жалпы деңгейін көтеруге және жоғары
нәтижелерге қол жеткізуге құштарлығымен сипатталады.
Екіншіден, зерттеліп отырған тәрбиенің когнитивтік компоненті үлттық
тәрбиені танып білу туралы теориялық, әдістемелік, білімдерінің кешенді
жиынтығы, қаралып отырған процестің мүмкіндігі ретінде қарастырылады.
Үшіншіден мінез-құлық компоненті әскери кафедра студенттерінің тәлім-
тәрбиелік қызыметі барысында жүзеге асырылатын халықтық мінез-құлық,
менталитет арқылы ұлттық тәрбие беру процесінің практикалық іскерлігі мен
дағдыларын меңгеруде көрініс табады.
Дегенмен, жоғары оқу орны әскери кафедра студенттерін қазақ халық
педагогикасы негізінде ұлттық тәрбие беру үшін ұсынып отырған ұлттық
патриот студент тұлғасын қалыптастыру моделі соңғы нүкте болып табылмайды,
сондықтан, басқа негіздерде басқа модельдердің жасалуы мүмкіндігін жоққа
шығара алмаймыз. Қазақ халықтық педагогикасында әскери кафедра
студенттеріне ұлттық патриоттық тәрбие беру моделі қандай да бір нәтижеге
қол жеткізуді көздейді. Осыған байланысты ұлттық тәрбие берудің деңгейін
анықтаймыз.

Сурет 1 – Қазақ халық педагогикасы негізінде студент тұлғасын қалыптастыру
моделі
Бұл сүйеніп отырған моделіміз қазақ халықтық педагогикасында ұлттық
тәрбие беру. Біз елестету формасына қарай ұлттық патриот студент идеалын
көреміз. Дәлірек айтатын болсақ, моделдеу бір нысанада келесі нысанның
сипатын елестететін ғылыми зерттеу әдісі.
Әскери кафедра студенттеріне қазақ халықтық педагогикасында ұлттық
тәрбие беру негізінен, тәрбиенің кез-келген түрін, теориялық білімінің
жоғары деңгейі ұлттық құндылықтар арқылы ұлттық тәрбиенің құрылымдық
бөліктерін қарастырып әдістемесін жүзеге асырып, меңгеру, нақты
педагогикалық міндеттерді шеше білу, студенттердің педагогикалық
міндеттерді іскерлікпен жүзеге асыру және жетілдіруі құрайды.
Зерттеуді одан әрі жалғастыру үшін Қазақ халықтық педагогикасында
ұлттық тәрбие берудің негіздері деген түсініктің мәнін анықтап алуымыз
керек. Бұл түсінікті бір мағынада пайдалануды мазмұнды белгілі бір шеңберде
нақтылауды қамтамасыз етеді. Сөйтіп, одан арғы жұмысқа теориялық негіз
қалауға мүмкіндік жасайды. Сонымен, біздің көзқарасымызша, жоғары оқу
орындарында қазақ халықтық педагогикасында ұлттық тәрбие беру дегеніміз
әскери кафедра студенттерінің аталған мәселеге тұрақты қызығушылығының
болуы, тұлғалық және кәсіби қабілеттерінің жетілуі, ұлттық тәрбие мен қазақ
халық педагогикасы туралы теориялық білімдерінің болуы және оларды жүзеге
асыру іскерлігі мен дағдыларының қалыптасуы, педагогикалық принциптерді
басшылықққа ала отырып, оқу-құралдарын, әр алуан әдістер мен формаларды
пайдалануы. Бұны өзіміз зерттеу нысаны етіп алған,ұлттық патриот студент
моделі негізінде жасадық.
Модельді жасау алдында ұлттық тәрбие көрсеткіштерінің құрылымдық үлгісін
жасап, жалпы жағдайды бағдарлауды қажет еттік.
Осыдан шығатын қорытынды педагогикалық процестің бастапқы шағында әскери
кафедра студенттері игерген білімдерін іс-жүзінде пайдалана алмауы, жинаған
мәліметтерін дербес сана сүзгісінен өткізіп, сараптай білмеуі көпшілік
жағдайда олардың үлгі негізінде жұмыс істеуге машықтандырып, тәрбие
жұмыстарын дайын конспект бойынша жүргізетіндіктерін көрсетеді. Осының бәрі
педагогикалық процестің мүмкіндіктерін төмендетеді және қазақ халықтық
педагогикасындағы нұсқаулар арқылы ғана әскери кафедра студенттерін
тұлғалық тәрбиелеу ісінің нәтижесін азайтады.
Осы айтылғандарды түйіндей келе, жоғары оқу орындары әскери кафедра
қабырғасында ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, тәрбиені ұлттық
құндылықтарға негіздеп, ұлтжандылық, отансүйгіштік,патриоттық сезімдерін
қалыптастыру мақсатында қазақ халықтық педагогикасында өн бойында
қалыптасатын ұлттық тәрбие назардан тыс қалмауы қажет.
Қазақ халықтық педагогикасында патриоттық тәрбие беру, әскери кафедра
студенттеріне ұлттық тәрбие беруге дайындаудың негізі екенін көрсету үшін
қажетті екенін айқындадық. Қазақ халықтық педагогикасының негізінде әскери
кафедра студенттеріне ұлттық тәрбие беруге болатынын біздің көп жылғы іс-
тәжірибеміз дәлел бола алады. Сонымен қатар біз қазақ халықтық педагогикасы
мәселесімен айналысып жүрген ғалымдардың теориялық-әдіснамалық еңбектеріне
сүйеніп, әскери кафедра студенттеріне ұлттық тәрбие берудің теориялық
негіздерін анықтадық.
Студенттерді әскери оқыту мен тәрбиелеуді жоғары оқу орындарында әскери
дайындықтан өткізу Ережесіне сәйкес запастағы офицерлер бағдарламасы
бойынша, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан
Республикасы ғылым және білім министрлігінің бұйрықтарына, дерективаларына,
жалпы әскери Жарғыларға, нұсқауларға сәйкес және де осы бағдарламаға, атыс
және жүргізу курстарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Әскери дайындықты жоспарлау оқу орындарының әскери кафедралар туралы
Ережесінің талаптарына, жоғарғы оқу орнының оқу жоспары мен әскери
кафедрадағы оқу процесін ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығына сәйкес
орындалады.
Халқымыз ұрпақ тәрбиесінде дене күштері мен рухани күштері сай жетіліп,
шынығып өсетіндей етіп тәрбиелеу ісін қамтамасыз етуді тәрбие саласының аса
маңызды міндеттерінің бірі деп санады. Жан-жақты үйлесімді дамыған, өзін-
өзі саналы игеретін офицер тәрбиелеуде дене тәрбиесінің яғни, ұлттық
ойындардың, жауынгерлік жекпе-жек, қоян-қолтық ұрысының алатын орны ерекше
болған.
Әскери кафедрадағы дайындық пәндері және дене тәрбиесі пәндері бірін -
бірі толықтырып тұрады. Әскери дайындық пәндері жастарды болашақ Отан
қорғауға дайын болуға, ұлтжандылықа тәрбиелейді десек, ол мақсатқа дене
тәрбиесінің орны ерекше.
Жоғарғы оқу орындарында пәндерді оқыту жайлы бұйрық жүйелі түрде
беріледі. Осы бұйрықта Дене шынықтыру сабақтарындағы саптық пәрмендер
Қазақстан Респбликасы әскери жарғыларының талаптарына сай берілсін – деген
сөздер осының айғағы, яғни саптық пәрмендерді, әскери терминологияны жүйелі
түрде студенттер санасына енгізу болып табылады. Бұдан шығатын қорытынды:
бұл екі пән егіз және олар қатар жүргізіледі.
Ал, егеменді ел тірегі – Қарулы күштер болса, сол Қарулы күштерге
жастарды әскери кафедра табалдырығынан даярлайтын әскери дайындық пәндері
болып табылады. Қысқа мерзім ішінде заманауи қаруды меңгеру, тәуелсіз
демократиялық Отанымызға лайықты қорғаушы болу – күрделі іс, сондықтан
әрбір азамат әскери кафедра табалдырығынан бастап өзін әскери қызметке
дайындауға, өз Отаны – Қазақстан Республикасы мен халқы алдындағы азаматтық
жауапкершілікті кәміл ұғынуы тиіс.
Тәрбие жұмыстарының жүргізілуі өздерінің өз алдына педагогикалық
қызыметке дайындығының деңгейін тексеруге, өзін, өзінің қабілетін, өзінің
жеке басының кәсіби сапасын этнопедагогикалық білімінің қалыптасқандығы
тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан тәлім-тәрбиелік білім беру
кезінде болашақ мамандардың отаншылдық өзіндік білім алуы мен тәрбиеленуі
аса жоғары дәрежеде серпінді үйлесімге ие болады.
Әскери кафедра студенттерінің ұлтжандылығын дамыту процесінің күрделігі
мен өзіне тән ерекшеліктері бар екендігіне байланысты, оларды педагогикалық
процестің алғашқы күндерінен бастап өзіндік жұмыстарына қатыстыру қажеттігі
туындайды. Бұл тұрғыда әртүрлі кездесулер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білікті маман дайарлау
Кәсіптік мамандарын даярлаудағы педагогикалық технологиялар
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
Болашақ дене мәдениеті мамандарының дене мәдениетін кәсіби қалыптастырудағы мәні
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН. Бизнесті бағалау
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Оқу - тәрбие жұмыстары және педагогикалық жүктеме
Пәндер