Исламның пайда болуы және сол төңіректегі нанымдар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Исламның пайда болуы және сол төңіректегі нанымдар
2. Исламның ерекшеліктері және басқа діндерден айырмашылығы
а) Ислам және басқа діндер
ә) Исламның басқа діндерден айырмашылықтары
3. Иман және Ислам
а) Иман
ә) Ислам
б) Иман мен Исламның арасындағы байланыс
4. Иман негіздері
а) Аллаһқа иман
ә) Періштелерге иман
б) Кітаптарға иман
в) Пайғамбарларға иман
г) Ақыретке сенім
ғ) Қаза мен тағдырға иман
5. Исламның шарттары
1) Намаз
2) Ораза
3) Қажылық
4) Зекет
Пайдаланылған әдебиеттер

Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде. Сол себепті алғашқы адамнан бүгінгі күнге дейін түрлі діни түсініктерімен қатар, алуан түрлі Тәңір бейнелері ортаға шықты. Уақыт өте келе үкімі жойылған діндердің бар болғаны секілді, діндер арасында құлшылық түрлері де өзгеріп отырды. Діндер мен адамзаттың иесі Ұлы Аллаһтың жіберген ең соңғы діні Ислам бойынша адамзаттың алғашқы діні – таухид діні. Діннің құрушысы – Ұлы Аллаһ. Аллаһ он сегіз мың ғаламды, адамды жаратты, кітаптар мен пайғамбарларды жіберді. Адамзат – бір ата-анадан тарады. Хз. Адамға (а.с.) әрбір нәрсенің есімі үйретілді және алғашқы пайғамбарлық міндеті жүктелді. Хз. Адам (а.с.) Аллаһтан алған уахимен өз дәуіріндегілерді тура жолға шақырды. Біршама уақыт өткен соң адамдар таухид негізін ұмытып, Аллаһтан басқа нәрселерге, табиғат күштеріне, өз қолдарымен жасап алған пұттарға табынып, бұларды Аллаһқа ортақ (серік) қоса бастағанда, Аллаһ Тағала елшілер жіберіп оларды хақ дінге тура жолға шақырып отырды. Хақ дін Аллаһтың елшілері арқылы ақыл – есі бүтін адамдарға жеткізілді. Сондықтан да адасушылықтар осылардан кейін, көп тәңірлік (политеизм) Тәңір сенімінен кейін пайда болды.
1. Мәдениеттану. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет.
2. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. – Алматы. Дәнекер, 2000.
3. Қазақстан тарихы./ Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев,
т.б. — Алматы. 2006. — 232 бет
4. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және
саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д.,
профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б.
5. Баки Адам. Яхуди кайнакларына гөре Теврат. Анкара, 1997 жыл.
6. Ахмет Челеби. Яхудилик аударма Ө. Ф. Харман – А. М.
7. Бүйікчынар. Истанбул, 1978 жыл.
8. Мұстафа Ердем. Хз. Адем (алғашқы адам). Анкара, 1993 жыл.
9. Ахмет Хикмет Ероғлу. Османлы Девлетинде Яхудилер. Анкара,
1997 жыл.
10. Шабан Кузгун. Хазар ве Карай Түрклері. Анкара, 1985, 147-;
210.
11. Абдуррахман Күчүк. «Арз-ы Мевуд». ТДВИА. Истанбул, 1991.
12. Мехмет Айдын. Муслуманларын Христианлыға каршы яздығы
реддиелер ве тартышма конулары. Кония, 1989.

Кіріспе
Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне
жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде.
Сол себепті алғашқы адамнан бүгінгі күнге дейін түрлі діни түсініктерімен
қатар, алуан түрлі Тәңір бейнелері ортаға шықты. Уақыт өте келе үкімі
жойылған діндердің бар болғаны секілді, діндер арасында құлшылық түрлері де
өзгеріп отырды. Діндер мен адамзаттың иесі Ұлы Аллаһтың жіберген ең соңғы
діні Ислам бойынша адамзаттың алғашқы діні – таухид діні. Діннің құрушысы –
Ұлы Аллаһ. Аллаһ он сегіз мың ғаламды, адамды жаратты, кітаптар мен
пайғамбарларды жіберді. Адамзат – бір ата-анадан тарады. Хз. Адамға (а.с.)
әрбір нәрсенің есімі үйретілді және алғашқы пайғамбарлық міндеті жүктелді.
Хз. Адам (а.с.) Аллаһтан алған уахимен өз дәуіріндегілерді тура жолға
шақырды. Біршама уақыт өткен соң адамдар таухид негізін ұмытып, Аллаһтан
басқа нәрселерге, табиғат күштеріне, өз қолдарымен жасап алған пұттарға
табынып, бұларды Аллаһқа ортақ (серік) қоса бастағанда, Аллаһ Тағала
елшілер жіберіп оларды хақ дінге тура жолға шақырып отырды. Хақ дін
Аллаһтың елшілері арқылы ақыл – есі бүтін адамдарға жеткізілді. Сондықтан
да адасушылықтар осылардан кейін, көп тәңірлік (политеизм) Тәңір сенімінен
кейін пайда болды.
Ұлы Аллаһ, адамзатқа жаратушысын табу, ақиқатты түсіну үшін ақыл,
үйреткен жолында жүру үшін ерік, қателескен кезде, тура жолын табу үшін
мүмкіндік беріп, адамзатты жер бетінің халифасы қылды. Аллаһ Тағала
мұнымен ғана шектеп қоймай адамзатқа ақиқат пен міндеттерін үйрету үшін
әрдайым елшілер мен кітаптар жіберіп отырды. Кітап берілген пайғамбарлар
дүниенің төрт бұрышындағы адамдарды ескерту мен тура жолға шақыру
міндеттерін атқарды.
Аты аталған пайғамбарлардың кейбіреулерінің аттары Құран Кәрімде
аталса да, негізгі саны мұнымен шектелмейді.
Исламның пайда болуы және сол төңіректегі нанымдар
Дүниедегі адамдардың 23 пайызының (шамамен 1. 350. 000. 000) діні
болған Ислам VIІ ғасырдың басында Арабстанда пайда болды. Ол уақыттарда
дүниеде үрей бар еді. Соғыс, әділетсіздік, зұлымдық, биліктің қайта-қайта
ауысуы, материализм жайлаған еді. Рухани өмірдің дәмін алғандар бұл өмір
ағысынан ұзақ тұрып, өздерінің азаптан азат болуларын ойлады. Сол уақыттағы
діндердің ешбірі бағыт-бағдар бере алмады. Уақыт өте келе бұл діндегі
алғашқы адамдар өмірден озған соң артта талас-тартыстар, қанағатсыздықтар
мен қарама-қайшылықтар ғана қалды. Бір ескертушіге, адамзатты бақытқа
жетелейтін жаңа жолға қажеттілік туды.
Бұл өмір ағысына қарсы ескертуші дауыс Арабстаннан келді. Ол кезеңде
Арабстан құрлықаралық сауда жолдары өтетін маңызды айлақтары бар өлке еді.
Хз. Ибраһим (шамамен б.э.б. 2000) салған Қағба діни орталық ретінде
Құдыстағы ғибадатханадан ертеректе салынған. Қағбаға байланысты Мекке
жылдар бойы әрі діни әрі сауда жағынан Араб түбегінде маңызды орынға ие
болатын. Арабтар тұрған жерлерінің климатына байланысты көшпелі халық еді.
Алайда отырықшыл жерлер де бар болатын (Мекке, Мәдина, Иемен т.с.с.).
Тайпалар арасында үнемі келіспеушіліктер туындап, соғыстар болатын. Бірақ
жылда төрт ай (харам айлар) бойы соғыспау әдетке айналған. Осы уақыттарда
Меккенің төңірегінде жәрмеңкелер ұйымдастырылатын. Жәрмеңкелерде өлеңдер
оқылып, жиналғандарға арнап сөз сөйленетін. Арабтарда жазба әдебиет
айтарлықтай дамымаған еді. Оқу-жазу білетіндер аз болатын. Алайда қара
өлеңдерге деген қызығушылық басым болатын. Указ жәрмеңкесінде жарыстар
өткізіліп, жарыста жүлде алған өлеңдер алтын әріптермен жазылып Қағбаның
қабырғасына ілінетін. Осылайша жеті қасида (мадақтау өлең) танымал болған
(муаллақат-у сәба). Араб тілінің ауызша қара өлеңде алар орны ерекше.
Міне, Хз. Мұхаммед (с.а.у.) (571-632) осындай бір ортадан шықты.
Меккенің алдыңғы қатарлы он жанұясының бірі Хашим әулетінен шыққан. Әкесі
Абдуллаһ, анасы Әмина.
Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ның өмірі жайында мағлұматтар жеткілікті.
Пайғабарлар арасында өмірі жайлы ең көп мәлімет бар болғаны Хз. Мұхаммед
(с.а.у). Оның балалық шағындағы салмақтылығы, ер жеткендегі сенімділігі,
орта жасындағы парасаттылығы баршаға аян. Қырық жасына жеткенде Нұр тауында
Хира үңгірінде 610 жылдың Рамазан айында 27-күні Ұлы Аллаһтың періштесі
Жәбірейіл (а.с.) оған үн қатты. Өзінің Жәбірейіл (а.с.) екендігін, Ұлы
Аллаһтың өзін яғни Мұхаммед (с.а.у.) – ды пайғамбар етіп таңдағандығын
хабарлау үшін міндеттелгендігін айтып, оған дәрет алып тазалануды үйретті.
Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ға үш рет оқы деді. Ол әр сөз айтылғанда Хз.
Мұхаммед (с.а.у.) оқи алмайтындығын айтты. Періште оны құшағына қысып,
кейін босатқан соң былай деді:
Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы,
Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан.
Оқы! Ол Раббың аса ардақты.
Сондай қаламмен үйреткен.
Ол, адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен (Ғалақ сүресі 1-5 аят)
Міне Ислам осылай басталды. Бұл уақыттарда араб қоғамы этикалық
тұрғыдан құлдырау кезеңін бастан өткізіп жатқан болатын. Халық пұттарға
табынып, бұзылған діндер, адасқан сенімдермен қараңғылық құшағында өмір
сүріп жатты. Хз. Исмайыл (а.с.) – нан кейін ол қоғамға ешқандай ескертуші
(елші) келмеген еді. Сонымен қатар Хз. Ибраһим (а.с.) – нан қалған Ұлы,
жалғыз, әрбір нәрсеге құдіреті жететін бір тәңір түсінігі де бар болатын.
Яғни аз да болса Ханиф дінін ұстанатындар бар еді. Бұлар пұттарға
табынбайтын.
Арабстанның солтүстігіндегі византиялықтар христиандықты, сасаниттер
зороастризмді, батыстағы эфиопиялықтар болса христиандықты ұстанатын.
Алайда бұл діндердің арабтарға айтарлықтай ықпалы болған жоқ. Сондай-ақ
Араб түбегінде Иемен, Тайф және Мәдина сияқты қалаларда еврейлер, Иеменде
(Нежран) христиандар бар еді. Бұдан басқа зороастризм мен сабийлік діні де
бар болатын.
Арабтарда пұтқа табынушылық кең таралған еді. Пұттар тастан, тақтай
мен металдан жасалатын. Металдан адам бейнесінде жасалған пұт санам
(көпше түрі әснам), тастан немесе ағаштан жасалған пұтқа уәсән (көпше
түрі әусән) және белгілі бейнесі жоқ табыну үшін жасалған тастарға
нусуб (көпше түрі әнсаб) деп аталатын. Қағбада араб тайпаларының есебі
бойынша 360 пұт бар еді. Бұл пұттардың арасындағы ең үлкені Хүбәл еді.
Арабтардың бұлардан басқа тағут атты табынатын пұттары да бар
болатын (саны 100 шақты еді). Қағба секілді бұл пұттарға құрмет көрсететін
арабтар оларға атап құрбан шалып, жеребе тастап оны тауаф ететін. Басты
пұттар Ұзза (Батны Нахләда), Лат (Тайфта) және Мәнәт (Қудайфта).
Арабтар Аллаһты білгенімен алайда пұттарды Аллаһпен өз араларына
дәнекер ететін. Пұттарды Аллаһ пен араларында дәнекер санағандықтан
арабтардың бұл ұстанымы мүшріктік (серік қосушылық) деп аталды. Бірі
тайпасынан шықпағанша пұтты ауыстыра алмайтын. Егер ауыстырған жағдайда
оған оң көзбен қарамайтын. Үйлеріне де пұттарды қойып, оған тағзым ететін.
Арабстанда пұтқа табынушылықтан басқа жұлдыздарға, ата-бабаларына табыну
әдеті де бар болатын.
Қыздарын тірідей жерге көміп, оларға жаны ашымайтын. Қолдарымен
жасаған пұтқа табынып, кейде ұн немесе сол секілді нәрселерден жасалған
пұттарын қарны ашқан сәтте жеп қоятын. Материяның, байлықтың, дүниенің,
ойын-сауықтың жетегінде кеткен бұл араб қоғамынан бір пайғамбар шықты. Хз.
Мұхаммед (с.а.у.) адамгершілігі, биязы мінезі, турашылдығы, зеректігі,
қысқаша айтқанда барлық қасиеттерімен балалық шағында да, ер жеткенде де
адамдардың назарын өзіне аударды. Оған Мухаммәдул әмин деген ат берілді.
Өйткені ол өтірік айтпайтын, қауымының жеңілтектігіне қосылмай, туралықтан
айнымайтын. Қағбаны жөндеген кезде Хажару-л Әсуәдты орнына қою
мәселесінде тайпалардың арасында шыққан дау-дамайды бір жапқышты ортаға
жайып, әр жерінен әр тайпаның рубасыларына ұстатып, оны өз орнына қойды.
Осылайша дау-дамай шешімін тапты. Алайда кезек қауымын дінге шақыруға
келгенде жағдай осылай болды ма?
Алғашқы уахидан кейін 40 күннен 3 жылға дейін жалғасатын қиын кезең
оны күтіп тұрды. Бұл кезеңге тоқталмай тұрып уахи жайлы сөз қозғаймыз.
Уахи, тек қана пайғамбарларға ғана келетін қалыптан тыс мағлұмат алу
жолы. Илхам соны түсінуге жәрдемші болады. Бірақ бұл тәжірибе немесе
бақылау арқылы болмайды. Тек пайғамбарларға ғана тән. Алайда пайғамбардың
жанында болғандардың мұны байқауға мүмкіндіктері бар. Әлемнің
жаратушысының, адамға, өзі секілді адамдармен оны не үшін жаратқандығын,
міндеттерін, өмірдің және әлемнің соңын ақылмен шешімін таба алмайтын
мәселелерден хабар беруі үшін уахидан артық басқа қандай жол болуы мүмкін?
Сондықтан да, пайғамбарлар тек адам ғана, уахиды беруші Ұлы Аллаһ. Бір
аятта Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ның өзі жайында бұл ақиқат былай баяндалады:
Шынында мен де сендер сияқты адаммын. Маған Тәңірлерің бір-ақ Тәңір
екендігі уахи етілуде... де (Кәһф сүресі 110-аят). Бұл жайында ақынның
Мұхаммед бір адам, алайда басқалар секілді емес. Ол тастар арасындағы
жақұт секілді деуі тегін емес.
Жоғарыда уахиды пайғамбарлардың жанындағылардың байқауы мүмкін деген
едік. Расында Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ға келген алғашқы уахиға куәгер
болмағанымен кейінгілерінде куәгер бар. Сахабалар жиырма жыл бойы бұған куә
болды. Олардан келген мәліметтерге қарағанда Хз. Мұхаммед (с.а.у.) мұндай
жағдайларда айбатты дауыс арқылы уахиға дайындайтын. Кейін тебіреніп,
толқыған сәтінде, баяғы салмақты әрі байсалды адам, суық күннің өзінде
борша-борша болып терлейтін. Бұл уақытта оны ауыр салмақ басқаны соншалықты
егер түйе үстінде отырса түйе оны көтере алмай жерге шөгуіне тура келетін.
Шөкпеген жағдайдың өзінде аяқтары садақтай иіліп, сынатындай болып
көрінетін. Жанында отырған адам егер тізесі оның тізесіне тиіп отырса
сүйегі шытырлағандай болатын еді. Бұдан басқа араның дауысы секілді дыбыс
шыққандығы жайында да мәліметтер бар.
Міне осылай басталған құбылыстың соңы көк аспанның күркіреуінен кейін
жаңбыр жауғаны секілді аяттар түсе бастайды және осы секілді келген
аяттарда адамдардан тіпті жындардан да осыған ұқсас аяттар алып келуін
сұраған. (Құран аяттарының поэзия және прозадан көш ілгері ерекше тәсілі
бар. Аяттардың тілдік құрылымы мен оқылу мәнері, сонымен қатар мағынасы өте
тартымды). Ол әдебиет пен қара өлеңнің дәуірінде де умми (сауатсыз) кісінің
қасында атақты ақын да дәрменсіз қалды. Тілмен төтеп бере алмаған соң
қылышқа жүгінді.
Бұдан әрі өрбіген оқиғалардан бұрын уахиға тоқталар болсақ, уахи Хз.
Мұхаммед (с.а.у.) – ға да, қауымына да біршама қиындықтар туғызғандығын
көре аламыз. Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ның өзі ұнатпайтын сиқыршылар мен
сәуегейлер секілді жағдайға түстім бе деген сенімсіздік пайда бола бастады,
кей уақыттарда өзін таудан лақтыруды да ойлады. Мұндай жағдайларда Хз.
Жәбірейіл оған көрініп, оның шындығында Аллаһтың елшісі екендігін есіне
түсіретін. Осындай жан-дүниесінде сенімсіздіктер пайда болып, шынымен бұл
Аллаһ тарапынан міндеттің жүктелуі ме әлде шайтанның алдап-арбауы ма деп
абыржыған уақытында оған әрдайым демеу болған жан-жары Хз. Хадиша былай
деді: Сен ешқашан өз пайдаңды ойламайсың, әрдайым жақсылық үшін қол ұшыңды
бересің, Аллаһ саған шайтанды араластырмайды.
Хз. Мұса (а.с.) – ға Синай тауында 80 жасында уахи келген болатын.
Буддаға 35 жасында інжір ағашының түбінде илхам келді. Осы себепті Құранның
Тин сүресіндегі Інжір сөзімен Будданы байланыстырғысы келетіндер бар.
Уахи Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ға келе бастады және біршама уақытқа
дейін ол елдің алдына шықпады. Хз. Иса (а.с.) – ға отыз жасында алғашқы
уахи келді. Киелі Рух (мұсылмандар бойынша Жәбірейіл) бір көгершін
бейнесінде келіп басына қонып, қырық күн шөлде сынақтан өтті. Хз. Исаға
байланысты аша дар ағашы оқиғасы кезінде, ол отыз үш жасында еді
(Мұсылмандардың сенімі бойынша аша дар ағашына керілген Хз. Исаның
опасыздық жасаған шәкірті Яһуда; Інжілдердегі Уа Аллаһым мені неге жалғыз
тастадың сөйлемі соған қатысты). Яғни Хз. Исаның қызметі үш жылға
жалғасты. Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ға уахи қырық жасында келе бастады және
43 жасында елші болғандығы оған айтылды. Бұл үш жылға созылған уақытта
уахидың тоқтағанын көрген мүшріктердің Аллаһың сені жалғыз қалдырды
дегендеріне байланысты Хз. Жәбірейіл Духа сүресін алып келді. Бұл сүренің
бір аятында Раббың сені тастамады да, кейімеді дей келе пайғамбарының
көңілін жайландырды. Бірақ маңызды мәселе Раббыңның нығметіне келер
болсақ (басқаларына) тоқтатпай айт түрінде дінді уағыздай бастауын бұйыруы
еді.
Бұл мәселеде Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ға алғашқы иман келтірген адамның
Хз. Хадиша екендігін нақты айта аламыз. Ол Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ның
жағдайын оның туысы Нәуфәлдың ұлы Уарақаға жеткізді. Уарақа христиан дінін
ұстанатын. Болған жайды тыңдаған соң Хз. Мұсаға келген үлкен періштенің Хз.
Мұхаммед (с.а.у.) – ға да келгенін айтты. Кейін Хз. Мұхаммед (с.а.у)-ға
жолыққанда оған Сен бұл үмметтің пайғамбары боласың. Саған келген Хз.
Мұсаға да келген үлкен періште. Саған өтірікші дейді, қысым көрсетеді,
еліңнен көшіреді, сенімен соғысады. Егер мен сол күндерге жете алсам саған
Аллаһ үшін жәрдем етемін деді. Уарақаның мұсылман болып, болмағандығы
жайлы нақты мәлімет жоқ.
Хз. Мұхаммед (с.а.у.) атасы Абдулмүттәлібтің өлімінен соң немере ағасы
Әбу Тәлібтің қамқорлығында болған еді. Құрғақшылыққа әрі отбасының
мүшелерінің көп болуына байланысты, оларға жәрдем ретінде оның ұлы Алиды
өзінің қолына алған болатын. Бес жасынан бастап Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ның
қасында өскен Хз. Али Хз. Мұхаммед пен жұбайы Хз. Хадишаның Құран оқып,
Аллаһқа жасаған құлшылықтарын көріп не істеп жатқандарын сұрады. Хз.
Мұхаммед (с.а.у.) оған Біз, әлемді жаратқан Аллаһқа сәжде қылып жатырмыз.
Ол маған пайғамбарлық міндетін жүктеді. Пұттарға табынуға тыйым салды.
Аллаһ жалғыз, серігі және ұқсасы жоқ деді де Құран оқыды. Хз. Али аятты
естігенде таңданысын жасыра алмады. Мұсылман болғысы келді. Бірақ алдымен
әкесімен ақылдассам деді де кейін бұл райынан қайтты. Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-
ның жанына келді. Аллаһ мені жарататын кезде Әбу Тәлібтен сұрамады. Мен
Аллаһқа құлшылық ету үшін неліктен одан сұрауым керек деді де мұсылман
болды.
Хз. Али секілді алғашқы мұсылман болғандардың қатарында Харистың ұлы
Зәйд те бар болатын. Ол Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ның азат еткен қызметшісі
еді. Пайғамбардың жанында қалуды таңдап, үшінші мұсылман болу атағына қол
жеткізді.
Хз. Әбу Бәкір сыйлы әрі бай саудагер еді. Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ның
жақын досы болатын. Меккеліктер арасында абыройлы еді. Хз. Мұхаммед
(с.а.у.) жанұясынан бұрын оны Исламға шақырды. Ол еш қарсылықсыз Исламды
қабыл етті. Өйткені ол пайғамбардың адамгершілігіне нақты сенетін. Хз. Әбу
Бәкірдің себепкер болуымен бірнеше адам Исламды қабылдады.
Алғашқы мұсылмандар жасырын түрде құлшылық етті. Өйткені олар зұлымдық
пен қысым көрді. Үш жыл ішінде Хз. Омары да қосқанда мұсылмандардың саны
қырыққа жетті. Бұдан кейін мұсылмандар сенімін жасырған жоқ. Құлшылықтарын
ашық жасап, діндерін жая бастады. Міне Исламның таралуы осылай басталды.
Есімін өзінің қасиетті кітабынан алған, қасиетті кітабы (Құран Кәрім)
алғашқы қалпын қазіргі таңға дейін сақтап, өзгертілмеген жалғыз ғана дін –
Ислам. Қазіргі таңда бір миллиардтан астам сенушісі бар Ислам, бір ұлттың,
бір топтың, бір аймақтың діні емес жалпыға ортақ дін. Ислам адамзаттың
ортақ рухани шырағы.
Негізінде барлық пайғамбарлардың жеткізген діні Ислам деп те айта
аламыз. Ислам рухани ағаш секілді. Бұл ағаш ең кемеліне жетті, есімін алды,
мақсатына жетті. Ислам иләһи діндердің жалпы аты болып, Хз. Мұхаммед
(с.а.у.)-ға 23 жыл ішінде келген уахи арқылы кемеліне жеткен және қияметке
дейін адамдардың мұқтаждықтарына жауап беретін, толықтырылған діннің арнайы
аты. Расында бұл жайлы Мәида сүресінің үшінші аятында былай баяндалады:
Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-
ақ, сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым.
Құран Кәрім, барлық пайғамбарлар алып келген таухид сенімінің негізі
бірдей екенін баяндайды. Бұл сенім негіздері Исламның мәнін құрайды.
Негізінде Ислам Хз. Адам (а.с.)-ға барып тіреледі. Пайғамбарлардың тарихына
көз жүгіртер болсақ ол жерде өзгеріп отырған тек қана үкімдер ғана.
Осылайша Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ға дейін жалғасқан Ислам дәстүрі
толықтырылып соңғы нүктесіне Ислам діні арқылы жетті.
Исламның үндеуі барлық адамзат баласына арналған. Хз. Мұхаммед
(с.а.у.)-ның барша адамзатқа жіберілгендігі жайлы Құран Кәрімде анық
көрсетілген. Құран Кәрімде Ия Әйуһәннәс (Уа адамдар) сөзінен осы нәрсені
көре аламыз.
Ислам сенім, ибадат және ахлақи үкімдерінде жеке тұлғаға үндеумен
қатар қоғамды да қамтиды. Жеке тұлғалардың дұрысталуымен қоғамның да онымен
байланысы болғандықтан түзеледі және үлгілі қоғам пайда болады. Ислам дүние
мен ахиретті тең ұстап, орта жолды ұстануды, адамзаттың бірлікпен тату-
тәтті өмір сүруін мақсат етеді.
Ислам алуан Ислами білімдердің ең бастысы болғандықтан егжей-тегжейлі
тоқталмаймыз. Бірақ басқа діндермен салыстырылуы үшін негізгілеріне
тоқталып біршама ерекшеліктерін баяндаймыз.
Исламды иман, ибадат және ахлақ түрінде үшке бөліп қарастыру дәстүрге
айналған. Біз де осы жолмен бірінші иман және ислам терминдеріне кейін
иманның шарттарын, Исламның шарттарын (бейнелі құлшылықтар) және Исламдағы
ахлақ мәселелерін, қорытынды ретінде Исламның басқа діндерден
айырмашылықтарын, сонымен қатар сол ерекшеліктерінің өзіндік қасиеттерін
қолға аламыз.
Исламның ерекшеліктері және басқа діндерден айырмашылығы
Алдымен Ислам мен басқа діндерді салыстырып, одан кейін Исламның
ерекшеліктерін және басқа діндерден айырмашылығына тоқталамыз.
а) Ислам және басқа діндер
Құран Кәрім бойынша Ислам хақ дін (32) және тұп-тура дін (33).
Аллаһтың құзырында шынайы әрі қабыл болатын дін Ислам екендігі (198) бұл
дінді Оның разы болып, таңдағандығы баяндалады (34). Хз. Мұхаммед (с.а.у.)
Аллаһтың елшісі және пайғамбарлар тізбегінің соңғысы (35). Хз. Мұхаммед
(с.а.у.)-ның менен кейін пайғамбар келмейді дегендігі риуаят етіледі.
Келтірілген аят пен хадисте Хз. Мұхамммед (с.а.у.)-ның соңғы пайғамбар
екендігі анық баяндалады. Айрықша тағы бір аятта Ұлы Аллаһ Құранды Өзінің
түсіргендігін және Оны қорғайтындығына уәде етуде (Хижр-9). Бұдан бұрынғы
ешқандай кітапқа мұндай кепілдік бермеген. Оның үстіне Хз. Мұхаммед
(с.а.у.) Құранды 23 жылдық бір уақытта жаздырған, жаттатқан әрі тексерткен.
Осылайша негізгі түпнұсқа мәтіні сақталып, қазіргі таңға дейін жеткен және
Қасиетті кітап ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек.
Айтылып өткен нәрселер Исламның басқа діндерден ерекшелігінің белгісі.
Бұл бөлімде Құранның ақыл мен білімнің алдында өз өміршеңдігін сақтай алған
жалғыз ғана кітап екендігін айта кету керек.
Ислам әлемдік дін. Үндеуі бүкіл адамзатқа арналған. Бір аятта бұл
мәселе былай баяндалады: Сені біртұтас адам баласына қуандырушы, қорқытушы
етіп қана жібердік (Сәбә-28). Және христиандық пен буддизм Ислам сияқты
әлемдік діндер қатарына жатады. Басқа діндер белгілі бір ұлтқа келген.
Бұлардан иудаизм діні негізінде әлемдік дін болатын, уақыт өте келе ұлттық
дінге айналды.
Ислам бір тәңірлік дін. Бұл дінде үштік, екілік, ортақ қосу жоқ. Ұлы
Аллаһтың сипаттары жанды-жансыз жаратылғандарға берілмейді. Табиғатты
құрайтын элементтер, табиғат күштері қасиетті болып саналмайды. Аллаһтан
басқасына құлшылық жасалмайды. Ұлы Аллаһтың өзіне тән сипаттары, көркем
есімдері (Әсма-ул Хуснәә) бар. Дегенмен христиандық пен индуизмде үштік
сенімі бар. Бұдан басқа Индуизм көптәңірлік дін (екеуінде де бір тәңірлік
сенімі бола тұра). Буддизмде тәңірлік түсінік кейіннен пайда болды (бұл
дінде дұға жоқ). Даоизм болса кейіннен басқа діндердің тәңірлер сенімін
алған. Иудей дінінде қаншалықты бір тәңірлік сенімі сақталғанымен Тәңірге
демалу, күресу сынды қисынсыз сипаттар таққан.
Хз. Иса, Будда, Конфуцийлерге тәңірлік сипат берген. Расында индуизмде
тәңірлердің адам бейнесіне енетіндігі (аватара) қабыл етіледі. Иудаизмде
кейбір пайғамбарлар қисынсыз оқиғалармен байланыстырылады. (Хз. Яқубтың
Аллаһпен күресуі, Хз. Дәуіт (а.с.)-ның бір әскербасының әйеліне көзі тігуі)
Ислам дінінде Хз. Мұхаммед (с.а.у.) да адам. Оған уахи келеді. Ол Аллаһтың
құлы әрі елшісі. Оның міндеттеріне сай ерекшеліктері бар.
Ислам Аллаһ пен пайғамбар арасындағы өлшемді сақтай білген. Бұл
өлшемді пайғамбар аттап өте алмайды (Мәселен: Исламда қиямет күнінің иесі
тек қана Аллаһ болса, христиандықта бұл билік Хз. Исаға берілген). Сонымен
қатар христиандықтағы шіркеу және буддизмдегі сангха сияқты монахтық топ,
монахтық өмір, иерархия, дәнекерлік, миссионерлік жоқ. Ұлы Аллаһ пен құлдың
арасына кумир, пұт, пайғамбар, монах, періште сияқты ешқайсысы түсе
алмайды. Адам ерікті, азат. Тікелей Аллаһқа дұға етіледі, тек қана Одан
сұралады. Оның үстіне Фатиха сүресінде (Уа Аллаһ) Саған ғана құлшылық
қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз! сөзі осы нәрсені меңзейді.
Исламда күнә жасаған жағдайда тәубе етіп, кешірілуі үшін тек қана
Аллаһқа жалбарынады. Аллаһтан басқа ешкімге күнәны жариялау деген нәрсе
жоқ. Алайда христиандық пен буддизмде бұлай емес. Бұл діндерде монахтардың
белгілі орны сакраменттер олар болмаса жасалмайды.
Тарихи даму барысында Ислам өзінің негізгі болмысын сақтай білді.
Алайда басқа діндер үшін бұлай айта алмаймыз. Индуизм түрлі діндердің
мүшелерін алып, осылардың жиынтығына айналды. Белгілі құрушысы, сенім
жүйесі, ғибадаты болмаған. Даоизм де дәл сол секілді. Христиандық бастапқы
уақыттарда Павелдің жорамалдарымен өзгеше құрылымға еніп, тараған
жерлеріндегі діни салт-дәстүрлер оған ықпал етті. Бұл мәселеде Ислам
құндылықтарының өзгермеуі қасиетті кітабының түп негізін сақтап қалуына
байланысты. (Басқа діндерде қасиетті кітаптары кейіннен жазылғандықтан түп
негізін толық сақтай алмаған).
Исламдағы сенім негіздері, діни ұғымдар, қарапайым, қуатты, анық,
нақты, түсінілуі, түсіндірілуі, қабыл етілуі оңай, ақыл-ойды тығырыққа
тіремейді. Алайда мәселен инкарнация (сол денеге кіру), негізгі күнә,
ренкарнация сияқты ұғымдар адамды тығырыққа тірейді. Исламның тарихи
дамуында қасиетті кітап пен діни ұғымдардың нақтылығынан консилдерді
(Рухани басшылар мен діндарлардың) кездестіре алмайсыз. Бірақ әлемдік
деңгейдегі Исламмен қатар екі үлкен дінде (христиандық пен иудаизм)
жиындарға қажеттілік туындады.
Маңызды нәрселердің бірі Исламда адам дүниеге күнәсыз келетіндігіне
сенеді. Исламда христиандықтағы негізгі күнә, үнді діндеріндегі ренкарнация
түсінігі жоқ. Әрбір дүниеге келген сәби Ислам жаратылысымен пәк, күнәсіз
болып туылады. Зүмәр сүресінің 7, Фатыр сүресінің 18 аяттарында айтып
өткеніндей ешкімге басқа біреудің күнәсы жүктелмейді. Жауапкершілік, күнә
мен тән әрбір тұлғаға қатысты. (Туылғаннан бастап күнәһәр болу жоқ, бір
дене бір рух үшін, өзінен бұрынғы біреулердің немесе өмірлердің күнәсы
туылғаннан бастап болады деген христиан мен үнді діндерінің ұқсас
доктриналарын Ислам қабыл етпейді).
Исламда шамадан тыс, қиын келетін тақуалық бұйрықтар жоқ, жеңілдік
бар. Хз. Мұхаммед (с.а.у.) Дін жеңілдік, жеңілдетіңіздер,
қиындатпаңыздар, сүйіншілеңіздер, жиіркендірмеңіздер дей келе Исламның осы
ерекшелігін атап көрсеткен. Жайнизмде жүріп бара жатқанда кішкентай
жәндіктерді басып кетпеу үшін алдымен жер сыпырылады. Жайнизмнің бір
тармағында дүние-мүлік деп киім киілмейді, Исламда мұндай шектен шығу жоқ.
Үйленбеу немесе ажыраспау (Кейбір христиан тармағында болғаны секілді)
сияқты қатаң шарттар кездеспейді.
Исламда дүние мен ақырет тепе-теңдігі сақталған. Мәселен иудаизмде
ақырет жағдайы нақты берілмеген. Түсінік дүниеге ауған. Христиандықта
керісінше ақыретке баса назар аударылады. Исламда дүние ақыреттің егістігі.
Бір аятта айтылғанындай адам дүниедегі несібесін де ұмытпауы тиіс. Исламда
еңбек етілмейтін күн жоқ. Еңбек ету, табыс табу, маңдай терімен ризық табу
керек. Зекет пен қажылық құлшылықтарын жасау дүние-мүлікке байланысты.
Исламда ғибадат пен мінез-құлыққа қатысты мәселелер жақсы қолға
алынған. Исламда әрдайым талап ететін құлшылық та (иман), өмірінде бір рет
атқаруы тиіс болған құлшылық та (қажылық) бар. Сонымен қатар жылына (бір
рет зекет, бір ай ораза), аптада (жұма намазы), күніне (бес уақыт намаз)
талап етілітіндері бар. Алайда буддизмде дұға, индуизмде жамағатпен
құлшылық болмағаны сияқты, христиандықта діни рәсімдер поптардың
бақылауымен шіркеулерде атқарылады. Иудаизмде құрбан шалу Құдыстағы құлап-
қалған құлшылық қылатын жерге қатысты болғандықтан, орындалмайды. Исламда
құлшылық жамағатпен де, жалғыз басына да, мешітте де басқа жерлерде де
жасала береді.
Ислам тек қана тақуалыққа, сопылыққа, этикаға, философияға, салт-
дәстүрге сүйеніп барлығын жинақтаймын деп асыл мақсатын жоғалтып алған
діндердің қатарына кірмейді. Бұл дін тепе-теңдік, ақыл, білім, ой, үйрену,
еңбек ету, тұлға және қоғамға қажетті деңгейде орын берген.
Исламның жоғарыда атап көрсеткеніміздей өз құндылықтарына тоқталдық,
сонымен бірге басқа діндермен ортақ тұстары да бар. Бұл мәселеде
біртәңірлік ұғымы. Ислам бұл Ұлы Тәңір түсінігінің еш мінсіз жолын
ұстанған. Ислам басқа иләһи діндердің кітабы мен пайғамбарларын
мойындайды. Құран Кәрімде тек қана 25 пайғамбардың аты аталған (белгісіз
болған үшеуімен 28). Алайда өмірде көптеген пайғамбарлар пайғамбарлық
міндетті атқарған. Әрбір қоғамда Ұлы Жаратушы сенімінің болуы осының бір
дәлелі.
Ислам уахи, ақырет, тағдыр, періште, шайтан, халал, харам, нәпсіні
тәрбиелеу, жақсылық, адамгершілік сияқты біршама ұқсас жерлері бар. Бірақ
Исламда бұл бұйрықтар белгілі өлшеммен, шектен шықпай орта жолды ұстанған.
Мысал ретінде тазалыққа тоқталайық.
Тазалық ішкі және сыртқы тазалық болып екіге бөлінеді
Сыртқы тазалық: 1) Дене (Исламда лас болып саналатын нәрселерден
денені тазарту, жуыну, тіс тазалығы, денеден тазартылуы тиіс болған тырнақ
және сол секілді нәрселердің тазалануы, сүннетке отырғызу, дәрет, ғұсыл
т.с.с.); 2) Киім (лас болған нәрселердің тазартылуы немесе кірден тазарту);
3) Қоршаған ортаның және азық-түліктің тазалығы (өзімізді қауіп-қатерге
тастамауымызды бұйырған аятқа назар аударсақ судың, ауаның, үйдің, қаланың,
иманның ең төменгі дәрежесінің жолда жатқан тасты бір шетке шығару
екендігін айтқан хадистен жол тазалығын) сияқты материалдық тазалықты
қамтиды.
Ішкі тазалық кең ауқымды: 1) Жүрек тазалығы (жүрекпен қабыл еткен соң
шынайы иманмен күмәндардан арылу, жаман ойлардан жүректі тазалау, тәубе ету
арқылы күнәлардан тазару); 2) Жақсы мінез-құлық (жаман мінезден арылып,
жақсы мінез-құлыққа бет бұру); 3) Ой, ниет, қарым-қатынасты реттеу (жақсы
қарым-қатынас, ықыластылық); 4) Ар-ождан тазалығы (әрдайым өзін кінәлы
сезінбеу, біреудің ақысын жемеу); 5) Үкім жағынан тазалық (дәрет, ғұсыл,
Исламның бес шартын орындау арқылы күнәлардан ұзақ болу) секілді біршама
өзіндік ерекшелігі бар.
ә. Исламның басқа діндерден айырмашылықтары
1) Ислам хақ иләһи дін, қайнар көзі уахи болып табылады, әлемдік дін,
барлық адамзат баласына жіберілген. Қияметке дейін жалғасады.
2) Ислам, атын өзінің қасиетті кітабынан алған. Қасиетті кітабы пайғамбары
тарапынан жаздырылып, жаттатылып және тексерілген. Осылайша қазіргі таңға
дейін ешқандай өзгеріске ұшырамаған, ақыл мен білім алдында өз құндылығын
сақтап келген қасиетті кітабы бар дін.
3) Исламда таухидтың ең көркем бейнесі бар. Таза әрі кәміл Аллаһ сенімін
орнықтырған. Исламда Аллаһтың сипаттары басқа жаратылғандарға, жанды-
жансыздарға телінбейді, адамға ұқсатылмайды. Ол ешнәрсеге ұқсамайды.
Аллаһқа адамға ұқсатуға, адамды Аллаһқа ұқсатуға болмайды. Исламда Аллаһтың
көркем есімдері (әсма-ул хуснәә) бар. Исламда Аллаһтан басқасына
жалбарынбайды, дұға етілмейді, Аллаһтан басқадан сұрамайды, сәжде мен рукуғ
жасалмайды, құрбан шалынбайды, ант етілмейді. Одан басқаға өз күнәсы үшін
тәубе етпейді.
4) Исламның белгілі сенім жүйесі, пайғамбары, қасиетті кітабы бар.
5) Исламда Аллаһ тарапынан жіберілген барлық пайғамбарлар қабылданады,
оларды бөліп-жармайды. Пайғамбарлар Ұлы Аллаһтың құлы әрі елшісі. Исламда
пайғамбарлар - Тәңір деген түсінік жоқ. Оларға жараспайтын жағдайлар мен
қисынсыз оқиғаларды телмейді. Олардың бес ерекшелігі қабыл етіледі.
6) Хз. Мұхаммед (с.а.у.) соңғы пайғамбар. Одан басқа ешқандай пайғамбар
көзінің тірісінде өзі алып келген діннің мемлекеттік деңгейде іске
асқандығын көрмеген.
7) Исламда ең жоғары баға Құранға беріледі. Төрткүл дүниеде Құранның бір
ғана нұсқасы бар.
8) Исламда дүние мен ақыреттің тепе-теңдігі бар. Дүние ақыреттің егістігі.
9) Исламда сенім негіздері мен діни ұғымдар, қарапайым, қуатты, анық,
нақты, түсінілуі, түсіндірілуі, қабыл етілуі жеңіл, ақыл-ойды тығырыққа
тіремейді.
10) Ислам жеңілдік діні. Бір адамды мәжбүрлеп мұсылман қылу қабыл
етілмейді. Жүректерден орын алу арқылы жайылады. Тілі, ұлты, діні қандай
болса да кәлима-и шәһәдатты айтса мұсылман болады. Адамдарды бай-
кедейлігіне, ұлтына қарай бөліп-жармайды, жартылай жеңілдік деген нәрсе
жоқ. Теңдік пен әділеттілік басшылыққа алынады.
11) Ислам адамдарды ақылдарын қолдануға шақырады. Ақыл-есі бар адам жауапты
болады, ақыл мен білімге мән береді. Ислами өлшем; ақыл, білім, ой, үйрену,
жұмыс істеу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz