Алдын ала тергеу кезеңіңдегі прокурордың қадағалауы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Алдын ала тергеу кезеңіңдегі прокурордың қадағалауы.

Прркурор алдын ала тергеудің заңдылығын қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап аяқталғанға дейін қадағалауға тиісті. Тергеуші істі аяқтаған соң прокурорға хабарлауға міндетті, содан кейін айыптау қорытындысы іспен бірге айыптау қорытындысын бекіту туралы шешімді қабылдау үшін және істі сотқа жіберу үшін осы істі қадағалайтын прокурорға жіберіледі.

Қылмыстық іске міндетгі түрде айыпталушының жеке басын куәландыратын құжаттар тіркелуі тиіс, оған айыпталушының Республикадан тысқары жерде алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарып жүрген айыпталушылар кірмейді.

Қылмыстық іс бойынша куәландыратын құжатқа мыналар жатуы мүмкін: азаматтың төлқұжаты, жеке басының куәлігі, Қазақстан Республикасына шетелден келген адамның қоныстану түрі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, жүргізуші куәлігі, әскери билеті, туу туралы куәлігі (он алты жасқа толмаған адамдар үшін), азаматтың туылғаны туралы жазылған акт.

Тергеушіден түскен қылмыстық іс бойынша айыптау қортындысымен прокурор қылмыстық істі толық әрі мұқият қарап шығуы және тексеруі тиіс (ҚР КІЖК 281-бап) :

- айыпталушыға таңылып отырған әрекеттің жасалғанын және бұл әрекетте қылмыс құрамынының бар -жоғын;

- істе оны тоқтатуға әкелетін мән-жайлардың бар-жоғын;

-тағылған айыптың негізді-негізсіз екенін, оның істе бар дәлелдемелермен расталатынын;

-айыпталушыға іс бойынша барлық анықталған және дәлелденген қылмыстық әрекеттері бойынша айып тағылғанын-тағылмағанын;

- қылмыс жасалғаны туралы іс бойынша дәлелдер табылған барлық адамның айыпталушылар ретінде жауапқа тартылғанын -тартылмағанын;

- айыпталушының әрекеті дұрыс сараланғанын саралан-бағанын;

- бұлтартпау шарасының дұрыс тандалғанын-тандалмағанының және істе оны өзгертуге не алып тастауға негіздердің бар-жоғын;

- азаматтық талапты қамтамасыз ету және мүлікті ықтимал тәркілеу шараларының қабылданған-қабылданбағанын;

-айыптау қорытындысының осы Кодекстің тараптарына сәйкес жасалған-жасалмағанын;

-алдын ала тергеу жүргізуде қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі бұзушылыққа жол берілгені-берілмегенін тексеру міндетті;

Прокурордың айыптау қорытындысымен келіп түскен іс бойынша әрекеті ҚР ҚІЖК-нің 282-бабына сәйкес, прокурор айыптау қорытындысымен тергеушіден келіп түскен істі қарайды және он тәуліктен аспайтын мерзімде ол бойынша мынадай іс-әрекеттердің бірін жүргізеді:

- өзінің қарарымен айыптау қорытындысымен келісетінін білдіреді және айыпталушыны сотқа береді;

- өзінің қаулысымен айыптаудың жекелеген тармақтарын жоққа шығарады не айыпталушының әрекетін жеңілірек қылмыс туралы занды колдана отырып, қайта саралайды;

- қылмыстық істі толық немесе жекелеген айыпталушыларға қатысты тоқтатады;

- қосымша тергеу жүргізу немесе айыптау қорытындысын қайта жасау үшін өзінің жазбаша нұсқауларымен бірге істі тергеушіге қайтарады;

- жаңа айыптау қорытындысын жасайды;

-қорғау куәларының тізімін қоспағанда, сотқа шақырылуға тиісті адамдардың тізімін толықтырады немесе қысқартады;

ҚР КІЖК-нің 282-бабына сәйкес прокурордың келіп түскен

айыптау ісі бойынша құқығы:

- қабылданған қаулыны өзгертуге, тұтқында ұстауға;

- бұрын қабылданған қаулыны өзгерту, мысалға үйде ұстау, ешқайда кетпеу туралы қолхат алуға;

-айыптау қорытындысымен келіп түскен іс бойынша дәлелді қаулысымен айыпталушыға таңдалып алынған бұлтартпау шарасының күшін жоюға немесе өзгертуге не, егер ондай бұлтартпау шарасы қолданылмаған болса, оны тандауға құкылы. Бұл жағдайда айыпталушының іс-әрекеті мен жеке ісі қаулы қабылдаудың негізі болып, прокурордың оған дәлелденген қаулы шығаруына негіз болады.

Қылмысты жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ыкпал еткен жағдайларды жою жөніндегі ұйғарым. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде қылмыс жасауға ыкпал еткен мән-жайларды анықтаған тергеуші тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға немесе оларда басқару қызметін атқаратын адамдарға осы мән-жайларды немесе заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұйғарым ұсынуға құқылы.

Жағдайды мойындап, қылмысқа негіз болған, мейлінше орныққан және басқа қылмыстық істің болуы мүмкін жағдайларды тергеуші мен анықтаушы мекемеге немесе бекітілген адамдарға жеткізу тиіс (ҚР ҚІЖК 204-бап) .

Қылмыс жасауға негіз болған жағдайлардың әрқайсысы қылмыстық іске жатады. Тергеу жұмысының шешуші кезеңінде тергеуші белгіленген жағдайларға қатысты өз қорытынды шешімдерін шығарады. Бұл ұйғарымда кылмыстың қалай және қандай жағдайда орындалғаны көрсетіледі. Тергеушінің құқығы бойынша келесі қылмыстың орындалуына жол берілмеуіне қандай іс-шаралар қолдану керектігін көрсетуге құқылы.

ұйгарым қабылданған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде міндетті түрде хабарлай отырып қаралуға тиіс.

Заң алдын ала тергеу кезеңіндегі прокурордың міндетіне қылмыстық істі тергеу барысындағы зандылықтың сақталуын қадағалауды жатқызады. Осыган сәйкес (ҚР ҚІЖК 197-бап) ол төмендегілерге құқығы бар:

1) арыздарды және жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы хабарларды қабылдаудың, тіркеудің шешудің зандылығы сақталуын тексеруге;

2) қылмыстық іс қозғауға немесе оны қозғаудан бас тартуға, қылмыстық әрекет өндірісіне жазбаша нұсқау беруге, сонымен қатар оны қылмыстық істің жедел іздестіру қызметінің материалдарына қосуға;

3) анықтау органдарынан қылмыстық істі қайтарып алып, оны алдын ала тергеу органдарына беруге; ерекше жағдайларда тергеудің толықтылығын қамтамасыз ету мақсатымен алдын ала тергеу органының жазбаша өтініші бойынша не өзінің жеке ұсынысы бойынша белгіленген тергелу заңына қарамастан істі алдын ала тергеудің бір органынан екіншісіне беруге;

4) қылмыстық ізге түсу органдарынан тексеру мақсатымен жедел іздестіру, анықтау және тергеу барысында жасалған қылмыс жөніндегі қылмыстық істі құжаттарды, материаддарды және басқа да мәліметтерді алдыруға;

5) тергеу мен анықтау толық болмаған, сол тәрізді тергеу және анықтау барысында заң бұзылғандығы анықталған жағдайда қылмыстық істі қайтадан қосымша тергеу үшін қайтаруға немесе оны толық көлемінде не бір нақты адамдарға қатысты тоқтатуға;

6) алдын ала тергеу жүргізу барысында заңдылықтың бұзылуы байқалған жағдайда тергеушіні не анықтаушыны қылмыстық істі тергеу ісінен шеттетуге;

7) анықтаушы мен тергеушінің сол тәрізді анықтау органы мен тергеу бөлімінің бастықтарының заңсыз қаулыларының күшін жоюға;

8) оқиға болған орынды қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сол тәрізді қылмыстық іс қозғау мәселесін шешу үшін қажетті басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға, сонымен катар жеке тергеу әрекеггерін жүргізу барысында оған қатысып отыруға;

9) заңмен белгіленген тәртіпке және занды жағдайға сәйкес алдын ала тергеу мерзімін ұзартуға және қылмыс жасау үстінде ұсталған адамды қамауға алуға;

10) қылмыс үстінде қамауға алынған адамға қатысты оның қамаудағы ұсталу жағдайлары мен тәртібінің белгіленген заңға сәйкестігінің сақталуын тексеруге;

11) алдын ала тергеу органына келіп түскен қылмыстық істі өз мәнінде қарау үшін сотқа жолдай отырып, айыпталушыны сотқа беруге;

12) анықтаушы мен тергеушінің анықтау және тергеу органдары басшыларының үстінен түскен арыз-шағымдарды қарауға.

Тергеушіге тергеу органы бастығына анықтау органына анықтау органының бастығына және анықтаушыға берілген прокурордың нұсқауларын орындау заңда көзделген тәртіп бойынша міндетті болып табылады. Ол жоғары тұрған прокурорға шағымдануы мүмкін. Жоғары тұрған прокурорға жолданған шағым бастапқы нұсқауды орындауды тоқтата алмайды.

Teprey мен анықтама заңдылығына прокурорлық қадағалаудың объектісі, маңызы мен мақсаты - прокурор анықтама мен тергеу органдарының қылмыстық істер жүргізу және басқа заңдарды қолданудағы заңсыздықтың алдын-алу заңсыздықты анықтау және жоюға бағытталған заң шеңберіндегі қызметін жүзеге асырады.

Тергеу мен анықтама заңдылығына кадағалау жасау ҚР "Прокуратура туралы" Заңының 4-бабына сай, прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттарының бір бөлігі болып табылады.

Тергеу мен анықтама заңдылығына қадағалау жасау прокурорлар қыметінде ерекше орын алатын көлемді де жауапты міндеті. Ол прокурорлық қадағалаудың екі объектісіне, яғни тергеу және анықтама органдарының қыметінің заңдылығын қадагалауды жүзеге асырады.

Анықтама және тергеу органдарының кызметі қылмыстық істерге катысушы жақтардың көптеген конституциялык, құқықтарына тиюі мүмкін. Қылмыстық істер жүргізу туралы заңдарда көрсетілген тәртіппен анықтау мен тергеу жүргізу кезінде адамдар мен азаматтарды кылмыс жасауға сезікті ретінде ұстап, қамауға алуға, мүлкіне арест салуға, хаттар мен хабарламаларын ұстап, телефондарын тындауға, үй-жәйін, жеке басын, жұмыс орнын тінтуге, сараптама жүргізу үшін қанын, қол таңбаларын алуға, еріксіз түрде сараптама өткізуі тағы басқа тергеу амалдарын жүргізуі мүмкін.

Прокурор алдын-ала тергеу мен анықтау жүргізуге катысушы сезікті, айыпкер және жәбірленушілердің ҚР ҚІЖК-ң 68, 69, 75-баптарының талаптарына сай олардың кұқықтары мен міндеттерінің уақтысында түсіндіріліп, іске асырылуын қадағалауы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анықтама мен тергеудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың міндеттері, маңызы
Еліміздегі прокурорлық қызметті ұйымдастыруды тиiмділеуде прокурордың құқықтық жағдайын анықтау
Қамауға алу – бұлтартпау шарасының бір түрі ретінде
Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру
Қылмыстық істі қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау
Қылмыстық процесте қылмыстық істерді алдын ала тергеу
Алдын ала тергеу жүргізу заңдылығына прокурорлық қадағалау
ПРОКУРОРДЫҢ АЙЫПТАУДЫ ҚОЛДАУЫ
Прокуратура органдарының құрылымы
Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz