Әлеуметтік қорғау жүйесі және оның дамуы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Әлеуметгік институттар - бұлар адамдардың бірлескен кызыметін ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Отбасы институты, білім беру институты, дін институты, мемлекет, денсаулық сақтау, т. б, институттар туралы айтады. Бәрінен "әлеуметтік институт" терминінің қолданылуы әр түрлі формализациялау, стандартазациялау және. қоғамдық. байланыстар мен қатынастардың тәртібіне келтірілуінің сипатымен байланысты. Институтар белгілі бір әлеуметгік қажетгіліктерді қанагатгандыру мақсатында адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастыру үшін бейімделген. Институттар - бұлар тұрақты құрылымды, әлеуметгік мәнді қызметі бар ұйымдасқан әлеуметтік жүйе болып табылады.

Қоғамның детерминистік және функционалистік концепциялары. /"Концепция деген түсінік латын тілінен аударғанда "негізгі пікір" дегенді білдіреді/. Детрминистер қоғамда өмір сүру себеп-салдарлық қатынастар арқылы анықталады деп таниды. Марксизмге сәйкес, бүкіл қоғамдық өзгерістердің тұтас себебі экономиканың жагдайында. Функционалистердің айтуынша, қоғам дегеніміз - бүтін организм. Онда әрбір бөлік белгілі бір қызмет атқарады. Т. Парсонс структуралық функционализмді дамытқан. Оның айтуы бойынша, қоғамдық құбылыстар құрылымдық жағынан ыдыраған тұтастық ретінде қарастырылады. Мұнда құрылымның әрбір элементі белгілі бір кызмет атқарады.

Әлеуметгік өзгерістер дегеніміз - бұл әлеуметгік жүйенің, жалпылықтың, институтар мен ұйымдардың бір күйден екінші күйге ауысуы, өтуі. "Әлеуметгік өзгеріс» ұғамы даму ұғымымен нақтыланады. Даму - кері айналмайтын, бағытгалған өзгеріс. Социологгар өзгерістер мен дамудың әр алуан түрлерін бөліп көрсетеді: эюлюциялнқ /бірте-бірте/ және төңкерістік /тез, жедел/, прогресті /латын тілілен ілгері қарай қозғалыс"/ және регресті /латын тілінен "кейін, кері қарай қозғалыс"/ имитациялық /өзгерістің тек көрінісін жасау/ және инновациялық /жаңаның пайда болуы/.

"Эволюция*' деген сөз латын тілінен аударғанда даму дегеңді білдіреді Бірақ, "реюлюция, төңкеріс'* сөзімен тіркескеңде, бірте-бірте, сатылап, жай, баяу, даму деп ұғынылады. Бұл ілімді Герберт Спенсер мен Эмиль Дюркгейм жетілдірді. Дюркзпейм еңбек бөлінісін қоғамның өсіп келе жаткан күрделілігінің себебі мен салдары деп сендірді. Бұл жай және жоғары күрделі /өте күрделі/ қоғамы болып көрсетеді бірінен екіншісше өту ұзақ саталы /эволюциялкқ/ жолмен жүзеге асады дейді.

/Эволюция және революция. Латын тілілен аударғанда екі ұғымда "даму дегеңді біддіреді, бірақ саталап және жедел - екі түрлі даму. Төңкерістер /революциялар/ - саяси жарылыстар. Төңкерістің себебі - үстемдік етуші тапгың халыққа карсы саясаты. Қоғамда сатылап даму да, төңкерістер де қажет. Қазіргі кезде кеңес одағы терригориясында қоғамның өмірінің негізгі күші төңкеріс емес президентгік билікке талас, күрес. Қоғамдағы өзгріс президентің адамшылық қасиеттеріне байланысты болады.

Прогресті /ілгерілемелі/ және регресті /кері/ ; өзгерісітер. Қоғамда тек ілгерілемелі гана емес, сол сияқты кері және керітәртпа /редакциялы, прогреске жау/ күштер де әрекет етеу Қоғамдық күштерді ілгерілемелі және керітартпа өзгерістер дей белудің өлшемдері қаңдай? Қоғамда проіресс бар. 18-ғасырдағы ұлы француз төңкерісі, 1917 ж. Ұлы Қазан төңкерісі ілгерілемелі болды, себебі олар бір ғана жауыз патшапың бүкіл қоғамға деген билігін жойды, дінін жәбірленуінен арылуға жәрдемдесті; халықка сайлау компанияларында еркіндік пен теңдік алып берді. 1917 жылы қазан төңксрісі халыкты отарлык езгіден құтқарды. /Үңдістан 1950ж. ағылшындардың езгісінен, отары болудан азат етідді; Қытай 1949ж. Америка, Англия , Франция тәуелділіктен құрыады/, Америка, Латан Америкясы азат етті, мысалы, Куба 1959ж. АҚШ-тың жартылай отар елі болудаи азат етідді.

Нәсіддік және ұлттық қанау жоқ, заң алдында барлық адамдар тең, . еңбекке барлығы тең құқылы, уакытысында жалакысын алатын, жайлы, жақсы өмір сүруге ақша таба алу мүмкіндігі бар, білім алуға, емделуге, қартайған және ауырған жағдайда көмек ала алатын қоғам ілгерілемелі деп сипатғалады. Қазіргі кезде Кеңес Одагы территориясывда жалақыны уақытында алмау, білім беру, медицина саласывда дагдарысқа үшырау, еңбек ету қүқыгын қысқарту түрінде кері өзгерістер басталды. Ресейде азиатгарга бағытгалган нәсілшідцік орын алып отыр. Бүл туралы "Известия" газетінен оқуга болады /қараңыз: 14. 05. 1998ж. ; 09. 06. 98ж. -Дмитрий Филимонов. Коричневая Россия/.

. Әлеуметтік мобильдік /"мобильдік" деген сөз латын тілінен аударганда "ауысу, "жылжу 4 ' дегенді білдіреді/ - бүл қогамдагы қозгалыс, өрекет, көшу, бір орыннан екінші орынга ауысу; жеке тұлғаның емес топтың қоғамның әлеуметтіх қүрылымында орын алатан әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі. "Әлеуметтік мобильдік терминін 1927ж. П. Сорокин үсынды.

Бұл жүйе өзара байланысқан элементтер жиынтығын, рынокқа өтудің өтпелі кезең қиыншылықтарын жеңілдетуге/ сонымен қатар барлық халық топтарының іскерлік белсенділігін ынталандыруға бағытталғанПЕң ал-дымен әлеуметтік қорғау жүйесі қоғамның ең қорғансыз бөлігі - қарттар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, жетімдер, ауруларды қорғауды көздейді. Бүл зейнетақыны индексациялау, жәрдемақьшы, әр түрлі талондарды тара-тып беру, түскі астар беру, тағы басқадай көмек түрлері жолымен жүзеге асырыладыі Аталған қоғамдық топтарды қолдау үшін мейірбандық қорлар мен ұйымдардың, мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорьщдардың, жеке азаматтардың көмегі маңызды рөл атқарады.

Екіншіден, мемлекеттік сектордан босаған жұмысшыларды қабылдай алатындай ұсақ және орта кәсіпорындардың дамуына мемлекет қажетті шараларды жасауға мүдделі және міндетті.

Үшіншіден, мемлекет, одан кейін кәсіпкерлік құрылымдар, мамандықты жоғарылату, мамандықты ауыстыру немесе жұмыстан босатудың өндірістік немесе экономикалық себептеріне байланысты белгілі мөлшерде материалдық ресурстар шығындарын көтеру қажет.

Төртіншіден, мемлекет жалпы адамдық мораль қалыптарына, салт-дәстүрге, мәдениетке және т. б. қайшы келмейтін заңдар жүйесін жасап, олар өз кезегінде әр азаматқа тіршілік түрін таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.

Рыноктық экономикаға өтпелі кезең әр адам, әр отбасы үшін қиын сынақ. Біреулер бұл кезеңнен жеңіл өтеді, біреулеріне қиындау, ал кейбіреулер үшін бұл апатпен тең. Бұл рыноктық экономиканы қалыптастыру кезеңі. Осы кезеңнің қиындықтарын күн ілгері көре білу, халықты әлеуметтік жағынан қолдау мен қорғау шараларын тереңінен ойластыру өркениетті мемлекеттік төл ісі.

Мұнда рыноктық экономикасы қалыптасқан мемлекеттердің әлеуметтік саясатымен қатар рынокқа көшіп жатқан біздің еліміздің әлеуметтік саясатының ерек-шеліктерін қарастырамыз.

Табыс құрылуының рыноктық механизмі және әлеуметтік саясат.

Табысты рыноктық бөлудің бір ғана әділетті жолы бар, ол өндіріс факторлары иелерінің табыстары сұраныс пен ұсыныс заңының шекті пайдалылық негізівде анықталады. Осы түрғыдан алып қарағанда, мысалы, жоғары маманданған еңбек иелерінің егер оған сұранысы болмаса, та-быстары төмен болуы әбден мүмкін. Ал астық бағасының динамикасын дәл болжап көрсете білген брокердің табысының жоғары болуы да әділетті. Рыноктық механизм әл-ауқаттың дәрежесіне кепілдеме бере алмайды. Дегенмен, XX ғасырда Батыстың өнеркәсібі дамыған елдерінде мемлекеттен адамдар үшін әлауқат стандартын талап ететін тұжырымдамалар мен доктриналар кеңінен тарай бастады. Әсіресе теория мен тәжірибеде "берекелі мемлекет" деген ұғым, яғни ауқымды әлеуметтік шараларды, ең алдымен, әлеуметтік қамсыздандыру шараларын жүзеге асыратын мемлекет деген ұғым қалыптасты. Рыноктық экономикасы қалыптасқан елдерде табысты бөлу тек рыноктық күштердің еркін ойынының нәтижесінде ғана емес, түрлі табыстар ағындарын мемлекеттік реттеу, қайта бөлу негізінде де бөлінетінін байқадық.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты - оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік -таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің қоғамдық өндірісті реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың құрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады.

Әлеуметтік қорғау жүйесі және оның дамуы.

Үкімет бағдарламасы бойынша берілетін және "жұмыспен тапқан табыстар" құрылуының жалпы принциптеріне қарамастан табыстар теңсіздігін тудыратын жағдайлар сақталады, демек халықтың әр түрлі топтарының өмір сүру деңгейлері де түрліше болады. Табыстарды бөлудегі теңсіздікті өлшеуге бола ма? Экономикалық теорияда Лоренцтің сынық сызығы (сурет) халықтың әр түрлі то-бының қоғамдағк жиынтық табысты бөлудегі теңсіздіктің көрсеткіші ретіндё қолданылып жүр. Көлбеу сызықта проценттік топтар, тік сызықта осы топтардың алатын проценттік табыстары жатыр. Егер табысты бөлуде абсолюттік теңдік сақталса, халықтың 20 проценті қоғамның жиынтық табысының 20 процентін, халықтың 40% тиісінше табыс-тың 40, халықтың 80%-і табыстың 80%-тін және т. б. алар еді. Демек, ОЕ сызығы табыс бөлудегі абсолюттік теңдікті көрсетеді.

Абсолюттік теңсіздік халықтың 20%, 40%, 60%-і және т. б. ешқандай табыс алмайтындығын, тек бір ғана ОҒ сызығындағы адамның барлық 100 процент табысты алатындығын білдіреді. ОҒЕ сынық сызығы - абсолюттік теңсіздік сызығы.

Күнделікті нақты табыстың бөлінуі - ОАВСДЕ сызығымен көрсетілген. Бұл сызық көп ауытқыса немесе

Лоренцтің қисығы ОЕ сызығымен үлғайса, овда табыс бөлудегі теңсіздіктің көбейгені. Егер біз торланған аумақты ОҒЕ үшбұрышының аумағына бөлсек, табыс бөлудегі теңсіздік деңгейін білдіретін көрсеткішті аламыз. Табысты бөлудегі теңсіздік рыноктық экономика қалыптасқан елдерде де, біздің елімізде де бар. Ресей экономикалық әдебиетівде бүл қайшылықты шешудің алғашқы шаралары ретівде әр түрлі жұмысшылар мен ұжымдардың жалақы деңгейін, олардың еңбек шығындарына сәйкестендіру керектігін көп жазуда. Сонымен қатар еңбек ақы төлеуде теңгермешілікті жоюдың маңызы зор. Еліміздің түтыну рыногының бірыңғайлылығын қамтамасыз ету керек, яғни қорлардың бүл бөлігін тұтынушылар барлық еңбекшілер емес, тек осыны тұтынуға тиістілер.

Мысалы, дәрігерлік көмекті жұрттың барлығы емес, тек ауыратын адамдар ғана сүрайды, мектеп мекемелерінің қызметі тек мектеп жасындағы балалары барларға ғана керек. Басқаша айтқанда, қоғамдық тұтыну қорлары еңбекке байланысты емес табыстар айырмашылығын жұмсартуға тиіс. Сонымен қатар олар еңбек қабілетін қалыптастыру, жоғары білім алу мен мәдениетті қолдау, денсаулықты сақтау, зейнеткерлерді қамсыздандыру сияқты маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырулары тиіс. Бірақ бөлудің бүл түрі бүкіл қоғам және оның жеке мүшелерінің мүддесін қамтығандықтан, денсаулық, білім, түрғын үй және т. б. саладағы саясат мемлекеттің назарында болуға тиіс.

Елдің экономикшшқ даму деңгейі түтынудың көлемі мен дәрежесін анықтайды. Әлеуметтік қорғау жүйесі тек

халықтың табыссыз топтары мен өндіріске қатыспағаңдарды (оқушылар, зейнеткерлер, мүгедектер) ғана қамтымайды, ол сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысушыларды да, ең алдымен жалданып істейтіңдерді де қорғайды. Мұны еңбекті заңдастырудан (жұмыс аптасынаың ұзақтығы, демалыстың мерзімі, еңбекті қорғау және т. б. ) және оған ақы төлеуден (жалақьшың төменгі ставкасын тағайыңдау) жұмысшыларды жұмысқа алу мен босату жөніндегі ереже-ерден көреміз.

Кедейшілік сияқты өткір әлеуметтік проблемаларды шешу - мемлекет жұмысының басты бір бағыты. Бұл әл-ауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік деңгейін жасап, тұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі. Кедейленген топты азайту - рыноктық экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міңдеті. Тұтынудың әр түрлі деңгейінің еңбек пен жұмысшы күші факторларымен байланыстылығын атап өту керек. Ондай факторлар: отбасының көлемі, ондағы жұмыс істейтіндер мен масылдардың арақатынасы, денсаулық жайы, географиялық, табиғат жағдайлары және т. б. Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негізгі мақсаты - осы айырмашылықтарды азайтып, қоғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қолайлы материалдық негіз жасау. Мұңдай мақсатты жүзеге асырудың түрлеріне қызмет пен өнімдерді трансферттік төлемдер арқылы бөлу немесе та-бысты түрақтандырудың мемлекеттік бағдарламасы жата-ды. .

Біздің елімізде қоғамдық тұтыну қорлары экономикалық категория ретінде бүкіл қоғам мен еңбек ұжымдарының, оның мүшелерінің арасьшдағы өмір сүру қорының бөлінуі жөніндегі қатынасты білдіреді. Олар белгілі дәрежеде бұрынғы немесе қазіргі еңбекті есепке ала отырып бөлінеді.

Қоғамдық тұтыну қорларының бір бөлігі мемлекеттік бюджет арқылы құралып, орталықтан бөлінеді. Оның басқа бөлігі кәсіпорындардың, кооперативтердің пайдасынан және қоғамдық ұйымдардың есебінен жиналады. (Бұрынғы мемлекеттік социализм елдерінде 70 процентке дейін мемлекеттік бюджеттен, тек 25-30%-і ғана кәсіпорындар пайдасынан құралатын) . Мемлекеттік көмек бағдарламасы бойынша қоғамның жаңа мүшелерін тәрбиелеу, қарттарды және еңбекке жарамсыздарды қолдау, білім алу, денсаулық сақтау қажеттіліктері өтеледі.

Қоғамдық тұтыну қорларын бөлу үш бағытта жүреді.

Бірінші бағыт халыққа берілетін төлемдер. Олардың көлемі еңбекшілердің бұрынғы және қазіргі жалақысына байланысты. Бұлар алдымен әлеуметтік қамсыздандыруға, ауырған кездегі төлемдерге, ақылы демалысқа, мүгедектігі мен қартайғандығына байланысты зейнетақы, жүмыссыздыққа байланысты көмек және т. б. қатысты. Стипендияға да осы тұрғыдан қараған жөн. Өйткені стипенидия ынталандыру сипатында болғандықтан жұмсалған еңбекпен өлшенеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
ҚР-ғы әлеуметтік саясат
ХІХ ғасырдағы мұқтаждарға көмек көрсету мен қолдаудың негізгі мәселелері
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жайлы
Ұзақ мерзімді басым мақсаттары мен оларды іске асыру стратегиялары
Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік және әлеуметтік қамтамасыз ету қызметін талдау
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау ата - аналар үшін ақысыз
Мемлекеттің әлеуметтік қызметтері
Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz