Әлемдегі несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары


Әлемдегі несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары.
Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орны.
Халықаралық ақша-несие саясаты - бұл қайтарымдылық, жеделдік және процент төлеу шарты бойынша өзге елге валюталық және тауар ресурстарының несиеге берілуін қадағалайтын саясат.
Халықаралық несиелік қарым қатынастардың негізгі формалары әр түрлі. Олар заемдық қаражаттарды пайдалануда дүниежүзілік шаруашылықтың қажеттіліктерінің өсуін керек етеді. Халықаралық ақша - несие саясаты олардың тағайындалуына, экономикалық мазмұнына, несиені беру көздерін қамтамассыз етеді. Халықаралық ақша-несие саясаты көбінесе сыртқы сауда ағымдарына әсер етумен, инвестициялық обьектілердің құрылысын қаржыландырумен, көрсетілген қызметтерге ақы төлеумен, ғылыми-техникалық білімдерді экспорттаумен тікелей байланысты келеді. Сонымен қатар, оның маңызды бір бөлігі тек қана сыртқы экономикалық несиелерді қаржыландыру үшін ғана емес, сол сияқты барлық несиелер беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу саясатына пайдаланылады. Қазіргі жағдайда халықаралық несиелер бір жағынан, экспорттық және қаржы несие зайымдары ретінде, екінші жағынан, жеке және халықаралық несие түрінде
қарастырылған .
Несиенің бағасына несиеге сатылатын тауарлар бағасына жасырын түрде болатын пайыз мөлшерлемесі, комиссиондық және басқа да мезгілдік ақылар, сыйақылар береді. Бағаның негізгі компоненті бұл пайыз мөлшерлемесі. Пайыз мөлшерлемесінің құрылысы мен қозғалысы халықаралық қарыздық капиталдар нарығының дамуының негізгі заңдылықтарын көрсетеді. Дүниежүзілік шаруашылық нарық конъюктураларының өзгерісін шұғыл түрде ескере отырып, несие үшін пайыз ішкі және сыртқы нарық ағымындағы жағдайларды тез арада бағалауға және оның алдағы уақыттағы дамуына қорытынды беруге мүмкіндік жасайды. Халықаралық ақша несие нарығының жекелеген сфераларындағы қарыздық капитал қозғалысының заңдылықтары саудаға ықпал етеді.
Халықаралық несие нарығындағы пайыз мөлшерлемелерінің қазіргі құрылымы да несиенің қолданылу аясына және пайдалану бағыттарына сәйкес анықталады. Сондықтан да мынадай халықаралық несие категориялары: экспорттық және қаржы несиелерінің пайыз мөлшерлемелерінің қозғалыс ерекшеліктерін қарастыру қызығушылық тудырады.
Орташа пайда нормасына қарағанда дүниежүзілік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы өзгеріп отырады. Дегенмен өндіріс пен айырбастан және несиелік жүйелермен жинақталған несие капиталының өсуі, халықаралық сауда және батыс елдері арасындағы төлем есеп айырысу қатынастарының нығаюына әкеліп отыр. Мұндай несиелік нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынас дүниежүзілік дағдарыстың тұсында болған .
Экспорттық несиелер бойынша пайыз нормасының қозғалысына ортақ заңдылықтар белгілеу өте қиын. Жоғарыда аталған факторларға қоса, бұл несие бағасының қалыптасуына дүниежұзілік нарықтағы тауарлар қозғалысынан сондай-ақ жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы несиелік қатынастардың ерекшелігінен туындайтын факторлар жиі ықпал етеді. Мұнымен экспортты несиелеу жүйесінің негізгі аспектілері: атап айтсақ, несиелеу мерзімі, формасы және түрлері, қамтамасыз ету сипаты, нарықтың шарттары мен тәртібі т. б. тығыз байланысты. Сыртқы сауда несиелері бойынша пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне, кейде саяси қажеттіліктен туындайтын несие нарығындағы бәсеке де үлкен әсер етеді. Мұның бәрі сыртқы сауда несиелері бойынша пайыз мөлшерлемелерінің құрылымының күрделенуіне әкеліп соғады. Несиенің кейбір формалары мен түрлері бойынша қандайда бір тенденцияны айқындау мүмкін емес.
Тікелей мемлекеттік несиелер бойынша халықаралық несие саласындағы пайыздар төмен болып келеді, мұндағы мөлшерлемелер мемлекеттік бюджет немесе арнайы қордағы қаражаттар есебінен жабылады. Мұндай несие бойынша пайыз мөлшері экономикалық емес, саяси формаларға байланысты анықталады. Батыс елдері бюджет есебінен арзан несие беруді және инвестициялар мен тауар экспортын ынталандыру үшін пайдаланады және нәтижесінде сыртқы экономикалық экспансияға тиімділік жасайды [8] .
Евровалюта нарығындағы қаржы несиелері бойынша пайыз мөлшерлемелерін қалыптастырудың бірқатар ерекшеліктері бар. Оның басты элементі - «либор» мөлшерлемесі. Ол нарық конъюктурасына байланысты ауытқи отырып, банктің жалпы ағындағы өтімділік жағдайын көрсетеді.
Сыртқы сауда мәмілелерін қаржыландырудағы несие мерзімі несиеленетін тауарлар немесе объектілердің сипатына және контрактінің мөлшеріне байланысты. Контракт қаншалықты ірі сомаға жасалса, несие соғұрлым ұзақ мерзімді болуы мүмкін.
Инфляциялық процестердің ұлғаюы барысында ақша-несие саясатының маңызы арта түсуеді. Сондықтан валюта бағамының динамикасы, қарыз алушылардың несие мерзімін таңдауы нарықты тауарда маңызды роль ойнайды.
Халықаралық несие қатынастарын реттеу - халықаралық несие алу мен берудің неғұрлым тиімді шарттары үшін монополизм мен бәсекелі күрес жағдайында халықаралық несие қатынастарын нарық заңдары - құн заңы, сұраныс пен ұсыныс заңы - негізінде жүзеге асырылатын нарықтык реттеу; елдер арасындағы несие капиталдарының қозғалысына ықпал ету мақсатымен халықаралық несие қатынастарын мемлекеттік реттеу.
Мұндай мемлекеттік реттеудің материалдық негізі - оған мемлекеттің несиегер, донор, кепілгер және қарызгер ретінде тікелей қатысуы.
Мемлекеттік реттеуші органдар тіркеу, лицензия беру қадағалау атқарымдары мен рәсімдерін орындайды. Заңнама Халықаралық несие қатынастарын реттеудің заңи негізі болып табылады.
Әлемдік іс-тәжірибе Халықаралық несие қатынастарын реттеудің нақты жағдай мен мақсатты ескеретін бірегейлендірілген үлгісін әзірледі. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын ынталандыру үшін кеден және салық жеңілдіктері пайдаланылады.
Қысқа мерзімді экспорттық несие бойынша берілетін мемлекеттік кепілдіктердің арқасында экспортшының траттасы бірінші сыныпты халықаралық төлем құралына айналады. Сыртқы экономикалық қызметті несиелендіру және экспорттық несиеге кепілдіктер беру үшін көптеген елдерде экспорт-импорт банкілер - мемлекеттік және жартылай мемлекеттік банкілер құрылған.
Мемлекет сондай-ақ банкілердің халықаралық несие операцияларын тәртіптейді. Шаруашылық байланыстардың ұлт аралық сипат алуына қарай мемлекет аралық Халықаралық несие қатынастарын реттеу дәстүрге айналып отыр, олар: экспорттық несие шарттарын үйлестіру, дамуды ресми көмек мөлшерін келісу, әлем қаржы институттарының қызметін тәртіптеу, мұнай долларын кері циклдеу, т. б.
Несие - ақшамен сауда-саттық негізінде несиелік операцияларды орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы дегенді білдіреді. Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады. Шаруашылық айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі банктер болып табылады.
Нарықтық экономикада несие жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Несиенің негізі екі формасы қарастыралады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т. б. жатқызады.
Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты - тауарларды өткізуді жылдамдату. Тұтыну несиесі - бұл тұрғандарға тұтын тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсаттарына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиенің негізгі міндеті - тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан - тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан - тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілеттіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелдік, әсіресе, қазіргі уақытта нарықтың тауарлармен жағдайына көрінеді.
Ипотекалық несие - жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
Мемлекеттік несие - азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемелекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы - мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер (вексельдер және де басқа несиелік міндеттемелер) ресми түрде бюджеттегі уақытша кассалық үлесті жабу үшін шығарылады, бірақ іс жүзінде - бюджет тапшылығына байланысты шығарылады. Қазақсатнда 1994 жылдың сәуір айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіліп тұрады.
Халықаралық несие - валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарылымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиатының қозғалыс форомасы. кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.
Менің ойымша, Қазақстан Республикасындағы банктердің барлығында осы аталған несие жүйесінің барлық түрлерін қолданатын болса, халықтың, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарар еді.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде парабанктік жүйенің ішіндегі несиелік мекемелерге ломбардтарды, несиелік серіктестіктерді, несиелік қоғамдарды және одақтарды жатқызады.
Ломбардтар - бұл жылжымайтын мүліктерді кепілге ала отырып, қысқа мерзімге ссудалар беретін несиелік мекеме.
Тарихта ломбардтар өсімқорлық несие беретін жеке меншік кәсіпорын ретінде пайда болған. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлік, оның ішінде бағалы металдар мен асыл тастарды (бағалы қағаздардан басқа)
кепілге алып, тұтыну несиесін беру болып табылады. Олардың ссудалары негізінен қысқа мерзімге (30 күнге дейінгі мерзімге) кепілге салатын мүлік құнының 50 - 80 % мөлшерінде беріледі. Кепілге алып ссуда берумен қатар, олар клиенттердің құндылықтарын сақтау, сондай-ақ комиссиондық негізде кепілге салынған мүліктерді сатумен айналысады.
Несиелік серіктестік - өз мүшелеріне несие - есеп айырысу қызметін көрсету мақсатында құрылған несиелік мекеме.
Несиелік серіктестіктердің жарғылық капиталы пай қосу және міндетті кіру жарнасын төлеу жолымен қалыптасады. Мұндағы қосқан үлестер меншіктен шығып қалған жағдайда қайтарылмайды. Несиелік серіктестіктің мүшелеріне кооперативтер, жалгерлік кәсіпорындар, банктер, шағын және орта бизнес, жеке тұлғалар кіреді. Несиелік серіктестіктің басты пассив операцияларына - салымдарды тарту және займдарды орналастыру; актив операцияларына - ссудалық, комиссиондық, сауда-делдалдық операциялары жатады.
Несиелік серіктестіктің бір түріне ауыл шаруашылығы несиелік қоғамдары жатады. Оның құрылтайшысы: Орталық банк, коммерциялық және мамандандырылған банктер, үкімет құрылымдары, жеке және заңды тұлғалар бола алады. Олардың басты қызметі - ауыл шаруашылығына несие - есеп айырысу қызметін көрсету; шаруашылық заттарын, мал, тұқым, тыңайтқыш сатып алу шығындарын және өзге де жұмыстарды несиелеу. Ауыл шаруашылығы несиелік серіктестіктерінің клиенттеріне шаруа қожалықтары, фермерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылық кәсіпорындары жатады. Негізгі операциялары: қысқа және орта мерзімге ссудалар беру және салымдар қабылдау, делдалдық қызмет. Ауыл шаруашылық несиелік серіктестіктерді ұйымдастырудың басты ерекшелігі - олардың қызметінің бірқатар салық жеңілдіктеріне ие болуы, атап айтсақ, табыс салығынан босауы, сондай-ақ оған үлес қосушыларға да салықтық жеңілділіктер болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz