Алдын ала тергеуді аяқтау


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Алдын ала тергеуді аяқтау

1 Айып тағып сотқа жолдау

2 Қылмыстық істі өндірістен тоқтата тұру

3 Тоқтамға алынған істі қайта жалғастыру

4 Қылмыстық істі өндірістен қысқарту

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Алдын ала тергеудің аяқталуы - жұмыстың қорытындысын, тергеуші қызметінің аяқталған сатысын - оның барлық іс жүргізу және айыпталушының жасаған қылмысы туралы заңды және негізді айыптау қорытындысына негізделген өзге де тергеу әрекеттерінің аяқталуын айтады.

Алдын ала тергеудің аяқталуы дегеніміз - алдын ала тергеу сатысының қорытынды бөлімі (кезеңі) .

Әдебиетте төмендегі шешімдердің біреуін қабылдауға тән алдын ала тергеуді аяқтаудың үш түрі қабыдданған:

- айыптау қорытындысын шығару және оны сотқа тапсыру үшін іспен бірге прокурорға жіберу;

- медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін істі сотқа жіберу жайында қаулы шығару;

- қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны енгізу. Айыптау қорытындысы егер де қылмыстың барлық белгілері анықталып, айыпталушының қылмысты жасаған кінәсі дәленденген кезде және қылмыстық істі тоқтатуға ешбір мән-жай жоқ болса ғана шығарылады.

Тергеуші алдын ала тергеу жүргізуді аяқтай отырып, айыптау қорытындысын жасауға жинақталған дәлелдердің жеткілікті екендігіне көз жеткізгеннен кейін тергеудің аяқталғанын хабарлайды, айыпталушы және оның қорғаушысын, жәбірленуші мен оның өкілін, азаматтық талап етуші мен азаматтық жауап берушіні немесе олардың өкілдерін қылмыстық істің материалдарымен таныстырады, бір мезгілде олардың құқықтарын түсіндіреді (ҚР КІЖК 273, 274-баптардың, 2-бөлігі) .

Аты аталған адамдардың жазбаша немесе ауызша өтініштері түскен жағдайда тергеуші қылмыстық істің материалдарымен таныстырады және азаматтық жауап беруші және оның өкілі шағымданған талапқа қатысты материалдармен ғана танысады.

Алдын ала тергеудің материалдарымен таныса отырып, қылмыстық процестің қатысушылары егер де іске маңызы бар болатын болса, тергеуге қанағаттандыруға жататын толықтырулар енгізу туралы өтінім жасай алады. Өтінімді қанағаттандыруға қарсылық білдірген жағдайда тергеуші шағымданушыға хабарланатын дәлелді қаулы шығарады.

Осы адамдардың қылмыстық іс материалдарымен танысқаны туралы хаттама толтырылады, онда олардың қандай материалдармен танысқандары және олардың қандай өтінім жасағандары жазылады (жазбаша өтінім іске тіркеледі) .

1 Айып тағып сотқа жолдау

Іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша айыпты тергеуші (ҚІЖК-нің 64-бабының 2-бөлігі) және прокурор (ҚІЖК-нің 62-бабының 2-бөлігі), ал қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген жағдайда - анықтаушы да (ҚІЖК-нің 285-бабының 3-бөлігі) таға алады.

Алдын ала тергеуді прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздіқ қызметі органдарының ішкі істер органдарының және қаржы полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді (ҚІЖК-нің 192-бабы) .

Қылмыстық істердің прокуратураның немесе көрсетілген атқарушы билік органдары тергеушілерінің қайсысының тергеуіне жататындығы қылмыстық іс жүргізу заңында анықталған. Айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту тек сол жүргізілетін тергеу шегінде ғана жүзеге асырылады. Ішкі істер органдарының тергеушісі өзінің тергеуіне жатпайтын қылмыстық іс бойынша айып таға алмайды.

Алдын ала тергеу барысында прокурор қылмыстық іс қозғауға және оны жүргізуді өзіне алуға, тергеу жүргізуге қатысуға және қажетті жағдайларда кейбір тергеу әрекеттерін, оның ішінде айып тағуды жеке өзі жүзеге асыруға уәкілеттік алған (ҚІЖК-нің 62-бабы 2- бөлігінің 2, 3-тармақтары) .

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту үшін адамды қылмыс жасады деп айыптауға негіздеме беретін дәлелдемелер жеткілікті болу тиіс (ҚІЖК-нің 206-бабының 1- бөлігі) . Бұдан тергелудегі қылмысты айып тағылатын осы адам жасады деп қорытынды жасау үшін қажетті дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығы қылмыстық ізге түсудің негізі болып табылады деген тұжырым жасауға болады.

Айып дәлелді ғана емес, сонымен қатар дер кезінде тағылуы тиіс. Айыпты уақытынан бұрын тағу да, кеш тағу да айыпталушы ретінде тартылатын адамның құқықтарының бұзылуына әкеп соғады, ол іс бойынша тергеудің нәтижелеріне теріс әсерін тигізеді. Айып уақытынан бұрын тағылғанда адамды айыпталушы ретінде дәлелсіз тарту, оның конституциялық құқықтарының бұзылуы орын алса, айыпталушы ретінде уақытынан кеш тарту айыпталушының іс - жүргізулік құқықтырының бұзылуына әкеп соғады. Сонымен қатар, тек айыпты уақытылы таққанда ғана тергеуші айыпталушыны ақтайтын немесе оның кінәсін жеңілдететін дәлелдердің бәрін уақтылы тексере алады.

2 Қылмыстық істі өндірістен тоқтата тұру

Алдын ала тергеуді тоқтату ұғымы мен іс жүргізу тәртібі. Алдын ала тергеудің мерзімдері заңмен қатаң реттелген. Қылмыстық іс тәртіп бойынша қозғалған күннен бастап ол аяқталғанға дейін екі ай ішінде бітуі тиіс. Жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын ашудың, кінәлінің айыпталушы ретінде жауапқа тартудың, оған айып тағудың және істі сотқа жіберудің өзінің мақсаты бар.

Алайда тәжірибеде анықтау органдарына, тергеушілерге қылмыстық іс бойынша өндірісті жиі тоқтатуға тура келеді (ҚР ҚІЖК 265-бап) .

Алдын ала тексеру мен анықтауды тоқтату.

Алдын ала тергеуді тоқтату - бұл қылмыс іс жүргізу заңымен көзделген, айыпталушының болмауынан немесе оның қатысуынсыз тергеу әрекеті өндірісін жүргізу мүмкіндігі болмайтындығына байланысты уақытша үзілуі.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 50-бабына байланысты алдын ала тергеу толық не оның анықтаушының, тергеушінің соттың қаулысымен сәйкесті бөлігі тоқтатылуы мүмкін. Ол мынадай жағдайларда іске асырылады:

1) айыпталушы ретінде жауапқа тартуға жататын адамның анықталмауы;

2) айыпталушы тергеуден немесе соттан жасырынып қалған не оның тұратын жері басқа себептермен анықталмаған;

3) айыпталушыны қылмыстық ізге түсу иммунитетінен айыру не оны шетелдік мемлекеттердің беруі туралы мәселелердің шешілуіне байланысты айыпталушының іске қатысуының нақты мүмкіндіктері болмаған;

4) айыпталушы жүйкесінің занда көзделген тәртіпте куәландырылған уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқастануы.

5) айыпталушыныың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болуы;

6) соттың аталған істе қолданылуға тиіс заңның немесе өзге де нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкес еместігін тану не адамның және азаматтың Конституциямен берілген құқықтары мен бостандықтарын шектейтіндігі туралы ұсыныс пен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасауы ;

7) қылмыстық іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін тежеусіз күштің іс-әрекеті;

8) тиісті сараптама жүргізілген;

9) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 55-тарауында көзделген тәртіппен құқықтық көмек алуға байланысты іс жүргізу әрекеттері орын алған жағдайда.

Бұл тізім алдын ала тергеудің жеткілікті негізі болып табылады және кеңейту үшін талқылауға жатпайды.

Айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адам анықталмаған немесе оның келіп түскен орны белгісіз болуына байланысты алдын ала тексеруді тоқтату, тек аддын ала мерзімі асып кеткенде және барлық тергеу әрекеттері аяқталғанда айыпталушы жоқ болуы мүмкін болған да ғана жол беріледі.

Айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адам белгілі болып, бірақ алдын ала тергеу тоқтатылған болса, онда оған іздеу жарияланады. Және оған айып тағудың барлық шаралары қолданылады (ҚР ҚІЖК 267-бап) .

Тергеуден Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жасырынып жүрген адамды іздеуден тергеуші халықаралық іздеу туралы қаулы шығарады. Оған бас прокурор және оның орынбасарлары, облыс прокурорлары санкция береді (ҚР ҚІЖК 267-1-бап) . Іс бойынша алдын ала тергеу тоқтатылған мерзімде жауаптылыққа жататын адамды анықтауға бағытталған жедел іздестіру не басқа да іс жүргізуден тыс немесе оны ұстау әрекеттері орындалады. Іс бойынша алдын ала тергеуді тоқтату туралды дәлелді қаулы қабылданады. Іздеу салу осы қаулымен немесе жеке қаулы қабылдау арқылы жариялануы мүмкін.

Іздеу салуды жүргізу туралы қаулы орындалу үшін тергеу жүргізілген аймақтық әкімшілік құрылымның (аудан, облыс) ішкі істер органының бастығына жіберіледі. Оған қосып тігілетіндер:

- айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы көшірмесі;

- прокурордың санкциясы алынған, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесі;

- айыпталушының түр түсі, келбеті, т. б. тізімі;

- ізделінудегі айыпталушы туралы мәліметтер;

- мүмкіндігі болғанша айыпталушының фото суреті немесе фото роботы.

Іс бойынша өндірісті тоқтату туралы қаулы қабылданады және бұл жөнінде процеске катысушыларға хабарланады.

3 Тоқтамға алынған істі қайта жалғастыру

Тоқтатылған алдын ала тергеу және анықтауды қайта жаңғырту (ҚР ҚІЖК 268-бап) . Тоқтатылған алдын ала тергеуді қайта жаңғыртуға іс материалдарында төмендегілерді растайтын фактілердің жеткілікті болуы негіз болып табылады:

- Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 50-бабында көрсетілген алдын ала тергеуді тоқтату негіздері жоққа шығарылғанда;

- айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асуы мүмкін болатын тергеу әрекетін жүргізудің қажеттілігі пайда болғанда;

- іс бойынша өндірісті тоқтату туралы қаулы прокурор немесе судья арқылы алынып тасталғанда.

Жоғарыдағы көрсетілгендерге мына фактілер мен мәліметтер негіз болуы мүмкін:

- ізделінудегі айыпталушының мекен-жайы белгілі болғанда;

- айыпталушы өз кінәсін мойындап өзі келген жағдайда,

- айыпталушының толық айыққандығы туралы медициналық мекемелердің анықтамасы бар болғанда;

- іс бойынша айыпталуға қатысты бекіту қажет жаңа дәлелдеме пайда болғанда;

- тергеу үзілісі және тоқтату мерзімінің өтуі ережелерін ескере отырып, айыпталушыны қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің өтуі туралы мәселені шешудің қажеттігі болғаңда.

Тоқтатылған алдын ала тергеу анықтау, тергеу органдарының және соттың қаулысымен қайта жаңғыртылады. Алдын ала тергеудің қайта жаңғыртылуы туралы айыпталушыға және қорғаушыға сол тәрізді жәбірленушіге оның өкіліне, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге оның өкілдеріне хабарланады. Іздеу салуды тоқтату туралы да қаулы шығарылатындығы және ол іздеу салуды жүргізіп отырған ішкі істер органынан жолданатынын ескеріп атап өту қажет. Іс бойынша өндірісті қайта жаңғырту туралы қаулының көшірмесі 24 сағат ішінде прокурорға жодданады.

4 Қылмыстық істі өндірістен қысқарту

Алдын ала тергеу барысында істі қысқартудың негіздері мен тәртібі. Қылмыстық істі тоқтатудың бір түрі болып тергеуші ол істі сотқа жібермей тоқтатады. Қылмыстық істі тоқтату барысы тергеу жұмыстарын жүргізу кезіңде оның қалай аяқталатыны, тергелген істе орнаған жағдайлар, істің әрі қарай жүруі немесе тоқтатуға, қылмыстық жауапкершіліктен арылуға негіз болады.

Тергеуші, прокурор ҚР ҚІЖК-нің 37-бабының 1 және 2-бөліктері бойынша қылмыстық істі қысқартуға құқылы, сезіктіні немесе айыпталушының қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеген жағдайда, егер қосымша дәлелдемелер жинау үшін барлық мүмкіндік таусылса, қылмыстық іс осы Кодекстің 37-бабының бірінші бөлігінің 1 немесе 2-тармақтарының негізінде қысқартылады. Бұл жағдайда тергеуші, прокурор адамды ақтау және оған заңсыз ұстау немесе қамау нәтижесінде келтірілген материалдық зиянды өтеу жөнінде заңдарда көзделген барлық шараны қолануға тиіс (КР ҚІЖК 269-бап) .

Қылмыстық істі қысқарту, қылмыстық істі қысқартудың түрлері.

Тізбесі заңда көрсетілген негіздер бар болғандықтан қылмыстық іс кыскарса алдын ала тергеу тоқталады. Ол негіздерді алты топқа бөлуге болады:

а) істің жүргізілуін болдырмайтын мән-жайлар (ҚІЖК-нің 37-бабы) ;

ә) жасалған кылмыс немесе оны жасаған адам қоғамға қауіптілігін толықтай жоғалтатындай жағдайдың өзгеруі;

б) тергеушіге кылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босататындай кұкық беретін мән-жайлар (КІЖК-нің 7-9 баптары) ;

в) айыпталушының қылмыс жасауға катысқанының дәлелденбеуі (КІЖК-нің 269-бабының 2-тармағы) ;

г) қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адам тарапынан коғам, өзі немесе баска адамдар үшін қауіптің болмағандығын сол іс-әрекеттің сипатына және адамның психикалық жағдайына карай дәлелдеу (КІЖК-нің 514-бабының 1-тармағы) ;

д) қылмыстық жауапқа тартуға заңда көрсетілген органның (лауазымды адамның) келісімінің болмауы.

"б" және "в" тармақтарда көрсетілген негіздерді алдын ала тергеу оргаңдары тек прокурордың келісімімен ғана қолданады. [22, 28 б]

Егер іс бойынша бірнеше сезікті, айыпталушы жауапқа тартылса, ал істі қысқартуға негіз сезіктілердің, айыпталушылардың бәріне бірдей істі қатысты болмаса, онда қылмыстық ізге түсу жекелеген сезіктілерге, айыпталушыларға қатысты қысқартылады.

Әдебиеттерде қылмыстық іс қозғауға болмайтын, ал қозғалған істі тоқтатылуға тиіс жағдайлар реабилитациялық және реабилитациялық емес негіздерде қылмыстық іс жүргізу заңында қаралады (ҚР КіЖК-нің 37-бабы) .

Реабилитациялық негіздерге мыналар жатады:

- қылмыс оқиғасының болмауы (ҚР КІЖК 37-бап 1 және 2-бөліктері) ;

-әрекетте қылмыс құрамының болмауы; Реабилитациялық емес қылмыстық істі тоқтатуға мыналар жатады:

- мерзімнің ескіруіне байланысты;

- егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісіңің салдары;

- қылмыстық іске тартылған адам қайтыс болған жағдайда;

- кәмелеттік жасқа толмағандарға тәрбиелік мәндегі және т. б. мәжбүрлік әрекеттерді қолдану;

Заң бойынша айыпталушы немесе жәбірленушінің келісімі бойынша істі тоқтатуға болады. Істі тоқтатуға тергеушіге жазбаша түрде жазылған арыз негіз бола алады, онда ол өз келісімін көрсетеді. Келіскен жағдайды хаттамада толтырылып, айыпталушы, тергеуші, жәбірленушінің қолдары қойылуы тиіс. Бұндай жағдайда тергеушінің істі тоқтатқаны жазылады (ҚР

КІЖК 269-баптың 8-тармағы) .

Егер жеке айыптаушы белгіленген ҚР ҚІЖК-нің 37-баптың 6-тармағы, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қьілмыстар туралы істер бойынша айыптаудан бас тартса іс тоқтатылады. ҚР КІЖК-нің 37 және 38-бабыңда қарастырылғандай анықтаушы, тергеуші, прокурор қылмыстық істі мынадай жағдайларда тоқтата алады:

- алғаш және жеңіл қылмыс түрі, денсаулыкқа зиян келтірмеген жағдайда, жәбірленушімен келіскен жағдайда;

- адам оны қамаудан босатқан, не оған қатысты тандалған бұлтартпау шарасының күші жойылған сәттен бастап не оған қатысты қылмыстық ізге түсу тоқтатылған, не қылмыстық ізге түсу органы оны айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы шығарған сәттен бастап сезікті жағдайында болуын тоқтатады (ҚР ҚІЖК 68-баптың 6-бөлігі) .

ҚР ҚІЖК-нің 37-бабының негізінде қарастырылғандай жәбірленуші қылмыстық істі жүргізіп отырған мекемеге қайта шағымдануға құкылы. Қылмыстық істі кысқарту туралы дәлелді қаулы шығарылады. Қаулы кіріспе, сипаттама-далелді, қарар бөлімдерінен турады.

Қаулының кіріспе бөлімінде оның жасалған уақыты мен орны, тергеушінің аты-жөні мен лауазымы көрсетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі
Қылмыстық процесте қылмыстық істерді алдын ала тергеу
Алдын ала тергеудің аяқталуы туралы ақпарат
Қылмыс туралы мәлімет бойынша процесуалдық шешім қабылдау және алдын-ала тергеуді жоспарлау
Қылмыстық процессуалдық мерзім түсінігі және басқа мерзімдерден айырмашылығы
Алтын ала тергеудің аяқтаулы. Алдын ала тергеу ұғымы, оның нысандары мен кезеңдері
Сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізудің жалпы шарттары
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу
Алдын ала тергеудің мәні мен мазмұны
Криминалистикалық болжау және тергеуді жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz