Кәмелет жасқа толмағандарға қолданылатын жазаның ерекшелігі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ . . . 11
1. 1 Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері . . . 11
1. 2 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері мен қолданылатын шектері . . . 14
1. 3 Жазаны жеке даралаудың негізгі қағидалары . . . 20
2 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРГЕ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының жас және психологиялық ерекшеліктері және олардың жаза тағайындаудағы орны . . . 36
2. 2 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық мотивациясының ерекшеліктері . . . 44
2. 3 Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар . . . 51
2. 4 Жауаптылықты ауырлататын жағдайлардың сипаттамасы . . . 61
2. 5 Кәмелетке жасы толмағандарға басқа да қылмыстық құқықтық ықпалды шараларын тағайындаудың ерекшеліктері . . . 70
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 77
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 81
2
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: ерте заманнан белең алып келген, әр түрлі саяси режимде түрлі идеологияда болған заманда, кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалар мен алдын алу процестері және мәжбүрлеу шаралары түрлі кезеңнің ең өзекті пролемаласы болғаны айдан анық. Алайда қазіргі заманда бұл проблема сол қалпында қалған тек, жасөспірімдер жайында жазылған ғылыми монографиялар, майда-шүйде әңгімелер мен лекциялар етек алуда.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде дамуы жоғары заң білімін беру жүйесінде оқылатын пәндер мен оларды оқытудың әдіс тәсілдері мемлекетіміздің алдында қойған талап тілектерінің аясында және соған сәйкес болуды талап етіп отыр. Бұл Қазақстан Республикасының мемлекет пен заң арасы негізіне тікелей қатысты. Себебі, Қазақстан Республикасы болашақ еліміздің ххi-ші ғасыр заңгелерін дайыдап, олардың бойына отанға деген сүйіспеншілік орнықтыруда.
Қазақ елінің тарихына үңілетін болсақ бідің ел дербес болып құрылу үшін көптеген кезеңдерден өткен және сол аралықтарда өзінің заң жүйесін қалыптастырған. Соған айғақ Қазақстан аумағында қалыптасқан басты-басты мемлекеттік құрылымдар мен құқықтық жүйелер, Қазақ хандығының саяси-құқықтық құрылымы, Ресей империясы құрамындағы Қазақстанның саяси-құқықтық дамуы, Кеңестік Қазақстанда мемлекет пен құқықтық жүйенің орнығып, дамуы және Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы туралы пегізгі мәліметтер бізді тарихтан хабардар етеді. Біз осы асқақтаған еркіндігіміз бен тәуелсіздігімізді бүгінгі таңда әлемге мақтанышпен танытып, барлық сала бойынша жоғары деңгейде орын алуға ұмтылып, жаһандану жолында арпаласудамыз. Ендеше, біз өз елімізге қадамы сәтті, іргесі мықты ұлы мемлекеттердің бірі болуын тілеп, халқымыз әр уақыт бір ауыздан қолдау мен сүйеу болуын тілейміз.
Мемлекет тірегі- халық. Ал, халық- дегеніміз адамдар және олардың ара қатынасы. Ендеше, осы қатынасты реттейтін нәрсе ол Заң. Бізде, 1991 жылы желтоқсанның 16 жұлдызында «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» маңызды Заң қабылданғаны белгілі. Бұл құжатта: «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясында, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқылары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқын растай отырып, ядролық қаруды таратпау принципі мен қарусыздану процесіне адалдығын мәлімдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялайды» [1. 71-б. ] - делінген.
Осыған сәйкес 1995 жылғы тамыздың 30 жұлдызында референдум жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және жеке адам тіршілігіндегі орын алатын негізгі қағидаларды
3
бекітіп берді. Оның 1-бабында айтылғандай: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды»[2. 17-б. ] . Осы негізгі қағидаларды іске асыра бастау арқасында біз Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болып, басқа да ертеден белгілі өркениетті халықтар қатарындағы терезесі тең ел есебінде танылдық.
Дегенмен, мемлекет тарихында әлі де болса этатизм мен құқықтық мемлекет идеялары ұзақ уақыттар бойы бір-бірімен арпалыста өтуі әбден мүмкін [3. 8-б. ] .
Тағы бір баса назар аударар жай-әсіресе соңғы кезеңде етек ала бастаған ересек қылмыскерлердің ықпалымен қылмыс жасап ұсталатын жасы кәмелетке толмағандар жиі кездеседі.
Егеменді де өркениетті елдің бүгінгі мен ертеңін өрге бастырар жас жеткіншектер екені белгілі. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың алдағы атқарар іс-әрекеттерінің түп-тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Қазіргі жағдайды ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Дағдарыстан-дамуға» атты жолдауы осы кезде болып жатқан әлемдік дағдарыстың қиындықтары мен шығу жолдары жайында айтылса, заңгерлер және педагог-психологтар үшін бұл кезең жасөспірімдердің әлеуметтік-материалдық жағынан қысымы нәтижесінде жеткізген салдары глобальды проблема болмақ. [4. 1] Жасы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықпен күрес, әсіресе олардың өзара топтасып немесе ересек адамдардың атысуымен жасалатын қылмыстық әрекеттерімен күрес жүргізу мәселесі жалпымемлекеттік деңгейде орын алған алдыңғы бағыттағы міндеттердің бірі болып табылады.
Әрине, қай қылмыстылықтың да алдын алуда әуелі жалпы тәрбие, оның ішінде құқықтық тәрбие негізгі құрал болып есептеледі. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы маусымының 24 жұлдызында шыққан «Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру туралы » қаулысының негізгі талаптарын іске асырып, жастарға өз дәрежесінде жеткілікті құқықтық тәрбие жастар мен жасөспірімдердің бойында құқықтық талаптарды құрметтеу сезімін қалыптастырып, азаматтадың санасына құқық пен міндеттің бірлігін сезіндіреді, олардың қоғамда өзін-өзі дұрыс ұстап, әсіресе кәмелетке жасы толмағандар арасындағы қылмыстық әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік туғызады.
Қылмыстың алдын алу шаралары олардың негізгі-пегізгі көрсеткіштеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Алайда, басты шара-Президентіміздің Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, «өтпелі кезеңдерді бастан кешіп жатқан қоғамда, мемлекеттік экономика әлі сақталып қалып тұрған тұста, жеке меншік институттары . . . әлі қалыптасып біте қоймаған кезде, мемлекеттің қызметінің орасан зор маңызға ие болатындығы» [4. 2. 145-б. ] . Мемлекет тарапынан қолданылатын шаралардың бәрінің мәні де күш ықпалы да қоғамындағы тәртіп бұзушылық пен қылмыстылықтың әулі алдын алуға бағытталған.
4
«Дегенмен, барлық шараладың құрамында қылмыстық жазаның да рөлі аз емес. Себебі жаза - қылмыс жасаған адамға берілетін қоғамдық, әлеуметтік әділеттіктің көрсеткіші.
Екіншіден, жаза қылмыстылықпен күрестің қажетті құралы.
Үшіншіден, жазаның тәрбиелік мәні өте зор. Жазаны пайдаланып қылмыскедің қылмысты қайталап жасауына кедергі етуге әбден болады. Қала
берді біреуге жаза беру арқылы басқа да қылмыс жасауға ниеті бар адамдарды қылмыстық әрекеттерден сақтау мүмкіндігі бар.
Міне осындай жағдайларға қарамастан бұл үлкен де мәнді мәселелер төңірегіндегі әңгімелер жеткілікті деңгейде әлі де болса көтерілмей отыр.
Әрине, біздің елімізде осы бағытта арнаулы зерттеулер осы кезге дейін мүлдем жүргізілмеген десек, ол шындыққа сыймас. Бұл саладағы аз да болса монографиялармен ғылыми еңбектерден құр алақан емеспіз
Жасы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықпен күресуде жасалған қылмысты заңға сәйкес дәрежелеу ғана емес, соған сәйкес қылмыскерге жазаны әділ түрде тағайындаудың маңызы зор. Өйткені қылмыскер өз жазасының дұрыс тағайындалғанына көзі жетіп, соны ұғынса, оны әділ деп тапса, жазаның ойдағыдай өтелуіне ғана емес, сонымен қатар қылмыскердің қайталап қылмыс жасамауына үлкен әсер етеді». [5. 98-б. ]
Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген.
Бұл дегеніміз мемлекеттің әділеттік және ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алудың көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Кәмелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір оңтайлы жолы болып табылады. Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандарға қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбірлеу шараларын кеңінен қолдануды белгілеген.
Қылмыстық кодекстің 78-бабының 1-бөлігіне сәйкес «Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар табылады». Яғни, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын ең төменгі жас 14-ке толу.
Ресейдің, Австрияның, Германияның, Жапонияның қылмыстық заңдарында да осылай көрсетілген. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы Францияның қылмыстық кодексінде-13, Нидерландия, Португалияда-12,
Жаңа Зеландияда-10, Ирландия құқығында-7 жас деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша жасы 14-ке толмаған адамдар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. 14-ке толмаған жасөспірімдер өзінің істеген іс-әрекеттерінің қоғамға қауіптілігін, мәнін жете түсінбейді және өзінің іс-әрекетін басқара алмайды. Егер кәмелетке толмаған адам Қылмыстық кодексте көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына
5
байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекеттерін (әрекетсіздігінің ) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті емес (15-бап, 3-бөлігі) .
Егер кәмелетке толмаған адамның (14, 16 жас) есінің дұрыстығын жоққа шығрмайтын психикасының бұзылуы оларды қылмыстық жауаптылықтан босатпайды, бірақ бұл мән-жайды сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай ретінде ескереді және ол Қылмыстық заңда көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз болады (ҚК-нің 17-бабы, 1, 2- бөліктері) .
Қылмыс жасаған кезде 18-ге толған кезде адам кәмлетке толмаған деген атаққа ие бола алмайды. Бірақ та Қылмыстық кодекстің 87-бабының талабына сәйкес он сегіз бен жиырма жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған әрекетінің сипатын және жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда оларға кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу, тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды қоспағанда, осы бөлімнің ережелерін қолдана алады. Мұндай ретте қоғамға қауіпті істелген іс-әрекеттің мәні 18 бен 20 жас аралығындағы жас мөлшеріне байланысты және психикалық жете дамымауынан болуы қажет. [6. 18-б. ]
Осындай заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол- заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Жаза- мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.
Қалай болған күнде де өкінішке орай қылмысқа апарып соқтыратын кейбір жағдайлар біздің өзімізде, жалпы алғанда, әсіресе жастарды тәрбиелеу жұмысында жатыр. Егер біздің тәрбие жұмысымызда ешбір кемістік болмаса, жоғарыда жазылған жағдайлар бізді аса алаңдатпар да еді.
Қылмысқа апарып соғатын бірінші жағдай отбасы тәрбиесі. Сондықтан да бұл мәселеге баса көңіл аудару қажет. Елімізде баланы тәрбиелеу, жетілдіру
үшін көпте болмаса да мемлекет өз тарапынан шамалы оңтайландыру жұмыстарын жүргізіп жатқаны һақ. Бізде жас буындар, жасөспірімдерді тәрбиелеу, білімін жетілдіру жұмысына қоғамдық міндет ретінде өзінің бос уақытын арнайтын мекемелер бар. Бірақ бұл жағдай бала тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін ешқандай азайтуы мүмкін емес, себебі, отбасы тәрбиесі адам тәрбиелеу процесінің бірден бір негізгі ұясы.
6
Біздің көңіл аударатын нәрсеміз мынада. Біраз жағдайларда баланың теріс жолға түсуіне әке-шешесінің өдері кінәлі деуге болады. Мысалы, баланы мәпелеуге тоқалсақ
Баланы материалдық жағынан жақсы жабдықтауға тырысу, оның « тамағы тоқтық, көйлегі көк » болуын көздеу және өзін ата-ананың сезімімен белгілі бір мөлшерде еркелетіп өсіру-әрбір әке-шешенің төл ісі. Олай болса, тек қана жақсылыққа емес, сонымен қатар молшылыққа ұмтылу баланың дұрыс тәрбиеленуіне ешбір қайшы келмесе керек. Керісінше, балаларды жақсы көру, оларға кішіпейілдік пен ұқыпты қарау ата-аналардың, немесе әрбір отбасының ересек мүшелерінің жеке басының беделді болуын арттырыатыны сөзсіз. «Жақсы көріп, мәпелеу арқылы, - деп жазған В. Г. Белинский, - ата-аналар өз балаларынан не жасағысы келсе, соның бәрін жасай алады». Мәпелеудің көмегімен балаларды үздіксіз еңбек етуге, үлкендерді құрметтеуге, тәртіпті мінез-құлыққа үйретуге болады. Жақсы көру, мәпелеу және оларға жеткілікті түрде назар аудыру балалар үшін аса қажетті нәрсе болыптабылады, өйткені ондай қатынас бала организмінің күш-қуатын оятады, олардың өмірін жарқын да әдемі етеді.
Қазақ халқының бір мақалы: « Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың», - дейді. Бұдан өнегенің рөлін көруге болады. Маман педагогтердің айтуынша, семьядағы өнеге жастарды дұрыс тәрбиелеудегі ең бір ескі де сенімді әдістердің бірі. « Жақсы өнеге жарты ырыс » деп те бекер айтпаған.
Сондықтан кейбір отбасында кездесетін жанжал, ата-аналардың, аға-тәтелердің абайсызда айтқан жаман сөздері, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің ала ауыз болуы олардың балалар алдындағы абыройын түсіріп қана қоймайды. Олардың жүрегіне және сана-сезіміне дақ салады, олардың мінезінің бұзылып, қаталдық пен сенбеушіліктің пайда болуына себепкер болады. Бұдан кейін бала көбінесе әке-шешесінің ықпалынан айырылып, олардың ақыл сұрамай, көмек, күтпей, оларды сыйламай өз бетімен кетіп, бұзақы, тәртәпсіз балалардың немесе тіпті үлкен қылмыскерлердің ықпалына түсуі мүмкін.
Сонымен қатар жасөспірімдер өздері теңдес құрбыларына еліктейтіні мәлім. Әсіресе, жақын жолдастары мен достарының өнегелері оларға зор әсер етеді. Бір жағынан бұл негізі дұрыс та жақыс қасиет екені белгілі. Достық пен жолдастық- ең жоғары сезім, адамгершілік қасиет екені рас. Бірақ, кейбір жағдайда жастар өз жолдастарының мінез-құлықтарын, өнегелерін бақылай отырып, тек қана жақсы жағына теңелуге тырысуды ұмытып, теріс мінез-құлықтарды « жолдастарының » арасында қалып қойып,
олардың қоғамға жат мінез-құлықтарын, әдеттерін: боғауыз айту, темекі тарту, спирттік ішімдіктер ішу, тіпті ұрлау, үлкендерді сыйламау, зорлау немесе осы сияқты басқа да әдепсіз қылықтарға, қылмыстық істерге ұмтылып, үйреніп ақыры үйір болады.
Біз жоғарыда жастардың қылмыс жасауына себепкер болатын отбасылық, қоғамдық, мектеп тәрбие жұмысындағы кемістіктердің негізгілеріне, басты-бастыларына ғана тоқтап өттік. Ал расында қылмысты алдын -ала ескерту,
7
оны жасауға қарсы дер кезінде жеткілікті түрде шаралар қолдану немесе қылмысты болдырмайтын жағдай жасау көрсетілгендерден басқа да көптеген нәрсеге байланысты. Бұл жерде мемлекеттік мекемелер, елімізде қылмыспен күрес жүргізуге бағытталған арнаулы сот, прокуратура, және полиция органдарының, қоғамдық арнаулы ұйымдардың рөлін ұмытуға болмайды.
Қорыта келгенде айтарымыз қандай жағдай болмасын бұл- Өмір. Сондықтан тағдырымызда небір ойға қонымсыз нәрселер болуы мүмкін сол кезде кінәні балаға сілтеп не бір-бірімізден көріп, біреуді айыптағанша әр нәрсені оймен уақытылы істегеніміз жөн болар.
Зерттеу жұмысының объектісі: Жазылған дипломдық жұмыс жалпы кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның ерекшеліктері жайында болғандықтан әрине бұл зерттеудің негізгі тірегі болып қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодексі болып табылады. Жасөспірімдерге қолданылатын әрекеттер жайында Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінде арнайы тараумен белгіленген.
Зерттеу жұмысының мақсаты: кәмелетке толмағандардың іс-әрекетіндегі зорлық және агрессиялық көріністерді криминологиялық санат ретінде қарастыру:
-кәмелетке толмағандардың істеген қылмысының күйі мен үрдісін зерттеу;
-қылмыс жасаушы кәмелетке толмаған жастың жеке басын зерделеу;
-құқық қорғау органдарының және басқа да субъектілердің мұндай қылмыстың алдын алуға қызметтің тиімді екеін ескеру;
Осы қойылған мақсақа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:
-кәмелетке толмаған қылмыс жасаушының жеке басын зерделеу немесе қылмыскер тұлғасының жас және психологиялық ерекшеліктері;
-кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық пен агрессия проблемасын зерделеу;
-кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалар жүйесі мен құқықтық ықпалды шаралар;
-кәмелетке толмағандардың арасында жүргізілетін сақтандыру жұмысындағы құқықтық және ұйымдық проблемаларды ашу;
Ғылыми зерттеудің дәрежесі: кәмелетке толмағандардың жасаған қылмысы және оның жеке басы, сондай-ақ қылмыстылығының алдын алатын құқық қорғау органдары мен басқа субъектілердің қызметі қарастырылған. Сондай-ақ- кәмелетке толмағандардың жасаған қылмысының жайын, құрылымын сипаттайтын мәліметтер; кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің әртүрлі аспектілерін реттейтін бұрынғы және қазіргі отандық заңнамалардың нормалары мен институттары; кәмелетке толмағандардың жасаған қылмысы жайындағы сот практикасының материалдары.
Зерттеудің дерек көздері: диплом жұмысын дайындау барысында қылмыстық-құқықтық және криминологиялық әдебиеттер, монографиялық және диссертациялық жұмыстар, баспада жарық көрген зерттеулер,
8
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қаулылары қолданылып, талдау жасалынды.
Зерттеудің әдістемелік негізіне: ғылыми әдістер, салыстырмалы-құқықтық, жүйелі-құрылымдық және логикалық әдістер жатады.
Диплом жұмысының теориялық маңызы: диплом жұмысының маңыздылығын анықтайтын келесідей теориялық-тәжірибелік қорытындыларды келтіруге болады. Ол:
- Қазақстан Республикасындағы ғалымдардың жасөспірімдерге қатысты қылмыстық зерттеулерінің салыстырмалы нәтижелері мен тұжырымдамалары.
- Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жаза тағайындаудың ерекшеліктерінің маңыздылығы.
- Кәмелет жасқа толмаған қылмыскерлердің жас және психологиялық ерекшеліктері.
Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы: осы теориялық зерттеу заманымыздың ағымына сәйкес құқық қорғау органдарының қызметінде, заң факультетінің оқу процесінде қолданылуға келеді. Зерттеуде келтірілген түрлі ұсыныстардың қажеттісін заңға сүйемелдеп келтіру. Түрлі әрекеттердің нәтижесінде құқықтық тәртіпсіздіктің алдын алуға болады.
Осыған орай, тақырыптың сипаты мен ерекшеліктерін ескере отырып, диплом жұмысының құрылымы кіріспе, екі тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен құрылады.
Зерттелу деңгейі: Өткенге шолу жасайтын болсақ, жасы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықпен күрес жүргізудің әртүрлі проблемелары бұрынғы Кеңес Одағы тұсында З. А. Астемировтің, Е. В. Болдыревтің, М. И. Блумның, К. Е. Игошевтің, А. Н. Игнатовтың, Е. Л. Каневскийдің, Н. А. Ключинскаяның, Г, М. Миньовскийдің, Н. И. Трофимовтың, А. К. Щедринаның, Е. А. Харшактың және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде баяндалған болатын. Ал қазақстандық материалдарға сәйкес Н. М. Әбдіровтің, Н. А. Әлімовтің, Т. К. Әкімжановтың, К. А. бегалиевтің, С. Х. Жадыбаевтың, Е. Ғ. Жәкішовтің, Е. І. Қайыржановтың, К. К. Кусниденовтің, Ғ. С. Мауленовтің, М. С. Нәрікбаевтың, Г. Р. Рүүстемованың, Ш. Т. Тайбакованың, И. А. Умановтың, С. Ш. Шапинованың, Ж. Б. Шаяхметованың, А. С. Чокморованың, Ж. Т. Өтеновтің және тағы басқа ғалымдардың еңбектерін айтуға болады.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде кәмелетке толмаған қылмыскерлерге тағайындалатын жазаның ерекшелігінің бүгінгі таңдағы орны туралы сөз болып, оның өзектілігі, маңызы, қылмытық құқықтағы рөлі туралы айтылады.
9
1 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
1. 1 Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
Қылмыстық жауаптылық мемлекетпен тағайындалатын заңды жауаптылықтың бірі болып табылады және қылмысы үшін кінәлі адамдарға ғана қолданылады.
Қылмыстық жауаптылық институты қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғайтын, сотталғандарға тәрбиелік сипатта әсер ететін, қылмыстардың алдын алатын қылмыстылықпен күресудегі маңызды тәсіл ретінде қарастырылады.
Қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылықтың түсінігі берілмеген. Мұндай анықтама тек қылмыстық құқық ғылымында ғана айқындалған. Әдебиеттерде қылмыстық жауаптылыққа әртүрлі анықтама, түсініктер берілген.
Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекетті кінәлі түрде жасағандық үшін ғана белгіленеді
Қылмыстық жауаптылықты мазмұнына қарай былайша түсінуге болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz