Әлеуметтік зерттеулер



1 Әлеуметтік зерттеулер
2 Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы
3 ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ
Әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпытеориялық және әдістемелік негіз, "өзегі" ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлем заңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыра- тып қарау керек; екінші жағынан, қоғам¬дағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы - саясаттану, экономикалық теория, мәдениеттану, әлеуметтік психология, құқықтану, этнология және т.б. - әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекеле¬ген құрылымдары, бөлігі, саласы қарас- тырылады. Ә.З.-ге сай белгілер: әлеу- меттік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас; әлеуметтік дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай Әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық; негізгі және қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік Әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің екіншісінен тәуелділігін анықтаудан тұрады.
1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
2. Д.Жамбылов, «Саясаттану» Алматы-2003.
3. Р.Тәжітаева, «Саясаттану» Шымкент-2003.
4. Жамбулов Д, «Саясаттану негіздері» Алматы:Жеті жарғы, 1997.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік зерттеулер
Әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір
түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік
зерттеулерде жалпытеориялық және әдістемелік негіз, "өзегі" ретінде
қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы,
қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлем заңдылықтарына
сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыра- тып қарау
керек; екінші жағынан, қоғам¬дағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы -
саясаттану, экономикалық теория, мәдениеттану, әлеуметтік психология,
құқықтану, этнология және т.б. - әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау
керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір
жекеле¬ген құрылымдары, бөлігі, саласы қарас- тырылады. Ә.З.-ге сай
белгілер: әлеу- меттік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас; әлеуметтік
дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына
сай Әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық; негізгі және
қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы
жағынан көпшілік Әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе
процестің екіншісінен тәуелділігін анықтаудан тұрады.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жете білу
және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), әдістеме
(методика) міндетті түрде қажет. Әлеуметтанудың методологиясын әркім
әрқалай түсінеді. Методология ұғымы гректің метедос, яғни таным тәсілі
және логос, яғни ілім деген мағына беретін сөздерінен тұрады. Бір сөзбен
айтқанда, методология ғылыми зерттеулер принциптерінің жүйесі. Эмпириктер
методология туралы айтқанда оны техниканың жиынтығы және әлеуметтікті
талдаудың жөні ретінде пайымдайды. Теоретиктер методологияны әлеуметтікке
жету үшін арнайы әдіс, әдістеме және техниканы дайындау мен таңдауды
қажетсінетін әлеуметтік шындық туралы белгілі бір пікірлер жүйесі ретінде
қарастырады. Әлеуметтанушы эмпириктердің методология жөніндегі түсіндірмесі
олардың әлеуметтану зерттеулерінде теорияның орны мен рөлін белгілі бір
деңгейде жете бағаламауынан немесе олардың қолдануға жарамайтын теориялық
тұжырымдамалардан бас тартуға тырысуынан туындағанын көрсетеді.
Теоретиктердің методология туралы түсінігі теориялық зерттеулерді эмпирик
алық ізденістермен тығыз байланыс орнатуға бағыттайды. Бірақ осы байланыс
жөнінде тіс жарып ештеңе айтпайды. Сондай-ақ методология туралы әлеуметтану
зерттеулерін теориялық және тәжірибелік деңгейлерде ұйымдастыру мен жүзеге
асырудың алғышарттары мен принциптерінің жиынтығы ретінде қарастыруға
болады.
Әлеуметтік зерттеудің теориялық және эмпириялық (эмпирия — грек
сөзі, тәжірибе деген мағына береді. Бұдан әрі тәжірибелік деп жазылады)
типтері бар. Тәжірибелік зерттеу іргелі және қолданбалы болып екіге
бөлінеді. Іргелі әлеуметтік зерттеудің басты мақсаттарының бірі зерттеліп
қаралатын пән жөніндегі ғылыми түсінікті жетілдіру мен дамыту болып
саналады. Қолданбалы зерттеу нақты бір әлеуметтік проблеманы шешуге
арналады.
Қолданбалы зерттеудің социоинженерлік сипатта болуы оның теориялық
зерттеуден айырмашылығы бар екендігін де ашып көрсетеді. Өйткені соның
нәтижесінде әрекет етудің нақты бағдарламасы жасалады.
Оны жүзеге асыру зерттелген проблеманы практикада шешуге бағытталады.
Саясаттанушылар мен саясаткерлер, заңгерлер мен басқарушылар, экономистер
мен бизнесмендер және басқа да социогуманитарлық бағдардағы мамандар
эмпириялық әлеуметтану зерттеулерінің нәтижесінде алынатын ақпараттарды
белсенді тұтынушылар болып саналады. Сол ақпараттарды қолдана отырып, олар
өздерінің практикалық және теориялық сипаттағы кәсіби мәселелерін шешеді.
Нақты әлеуметтік зерттеулер жалпы ғылымдағы зерттеулерге тән кейбір
элементтерді қамтиды. Бұл элементтерге, біріншіден, объект жатады, ол
әлеуметтік шындықты (ақиқатты) бейнелейтін құбылыстар мен процестерден
тұрады; екіншіден, субъект жатады, бұл әлеуметтанушы немесе
әлеуметтанушылар тобынан тұрады; үшіншіден, нақты міндеттерді шешуге
бағытталған зерттеудің мақсаты жатады; төртіншіден, ғылыми, техникалық,
ұйымдық құралдар саяды; бесіншіден, зерттеу қорытындылары жатады.
Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы
Зерттеудің атауы
Қазақстандық жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының үрдістері
динамикасын, азаматтық белсенділігі мен рухани-өнегелік бағдарларын,
сонымен қатар кәсіпкерлік дамуы деңгейі мен инновациялық әл-ауқатын зерттеу

Жастар – жалпы айтқанда жасаралық белгілер мен оған қатысты іс-әрекет
түрлері негізінде қалыптасқан топтық қауымдастықтың ұлғайған жиынтығы.
Нақтырақ әлеуметтану тілімен айтқанда, жастар - жас адамдардың жасы келе
қалыптасқан әлеуметтік жағдайы негізінде, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы
алатын орны және қызметімен, өзіне тән мүдделері және құндылықтарымен
ерекшелентін әлеуметтік – демографиялық топ.
Қазіргі уақытта БҰҰ-ның мәліметтері бойынша 15 тен 24 жасқа дейінгі
жастардың саны 1,3 млрд. құрайды. Қазақстанда жастарды 14 тен 29 жасқа
дейінгі аралықта есептеу негізге алынған. Қазіргі уақытта, аталған жас
топтары халықтың 30% жуығын құрап, қоғамның ең маңызды бөлшегіне айналып
отыр.
Осыған орай, мемлекет үшін жастардың пікірлерін зерттеу, олардың
қазіргі жағдайы мен жастар саясатының жағдайына мониторинг жасау өзекті
мәселелер қатарында.
Әлеуметтік зерттеу келесі тараулар бойынша ақпараттар алуға бағытталған:
- жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы;
- азаматтық белсенділік деңгейі мен рухани-өнегелік бағадарлары;
- кәсіпкерлік және инновациялық әл-ауқатын дамыту деңгейі.

Зерттеудің объектісі мен пәні
Зерттеу объектісі: 14 тен 29 жасқа дейінгі жастар
Зерттеудің пәні: жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына, азаматтық
белсенділік деңгейі мен рухани-өнегелік бағадарларына, кәсіпкерлік және
инновациялық әл-ауқатын дамыту деңгейіне қатысты әр түрлі пікірлері.
Зерттеудің мақсаты
Қазақстандық жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының үрдістері
динамикасы, азаматтық белсенділігі мен рухани-өнегелік бағдарлары, сонымен
қатар кәсіпкерлік дамуы деңгейі мен инновациялық әл-ауқаты туралы нақты
әлеуметтік ақпарат алу және оны өткен жылғы зерттеу нәтижелерімен
салыстыру.
Зерттеудің міндеттері
Алға қойған мақсаттарды орындау үшін мынандай міндеттерді атқару қажет:
жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтау.
Жастардың елдің қоғамдық өміріне, жастар ұйымдарының қызметтеріне қатысу
деңгейін анықтау.
Қазақстандық жастардың негізгі құндылық, рухани және өнегелік бағдарлары
туралы ақпараттар алу.
Қазақстандық жастардың кәсіпкерлік дамуы деңгейі мен инновациялық әл-ауқаты
деңгейін бағалау.
Қазіргі жүргізілген зерттеу қорытындыларына өткен жылғы әлеуметтік зерттеу
қорытындыларымен салыстырмалы түрде сараптама жүргізу.
Зерттеудің болжамы
Қазақстандық жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы алдыңғы жылдармен
салыстырғанда оң бағаланады. Жастардың тұрмыс деңгейі жақсарып келеді.
Жастардың азаматтық белсенділік деңгейі орташа. Жастардың біраз бөлігі
жастар ұйымдарының қызметтеріне қатысады.
Қазақстандық жастардың кәсіпкерлік даму деңгейі мен инновациялық әл-ауқат
деңгейі дамыған елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда айтарлықтай төмен.

Негізгі түсініктемелер
Теоретикалық және эмпирикалық түсінідірме
Әлеуметтік-экономикалық жағдай немесе әлеуметтік-экономикалық статус
Бірқатар әлеуметтік (мысалы, ата-ана отбасы, әлеуметтік тап, ата-аналарының
білімі, адамның өзінің алған білімі, айналысатын ісі және т.б.) және
экономикалық (отбасының кірісі, жеке басының кірісі) көрсеткіштерге
негізделген қат-қабат қоғамдағы индивидтердің жағдайын сиппаттау.
Жастардың елдің қоғамдық өміріне, жастар ұйымдарының қызметіне қатысуы
Әртүрлі деңгейдегі саяси жүйеде шешім қабылдауға ықпал ету мақсатында
жас адамдардың өз еркімен жүзеге асыратын қызметтері.
Жастар ұйымдарына мүшелік ету, қоғамдық пайдалы қызметтерге тартылуы.
Құндылық бағдарлар
Тұлғаның өмірде қол жеткізетін мақсаты мен оған жетудің негізгі құралы
ретіндегі, сонымен қатар, тұлғаның мінез-құлқын ретейтін әлеуметтік
құныдылықтары.
Тұлғаның инновациялық әл-ауқаты
Тұлғаның жаңа ақпараттарды қабылдау, өзінінің кәсіби білімін
жетілдіру, жаңа бәсекеге қабілетті идеяларын ұсыну, стандарттық емес
міндеттердің шешімін және оларды шешудің жаңа әдістерін табу қабілеті.

Кәсіпкерлік әл-ауқат
Тұлғаның кәсіпкерлік қызметтерді енгізуге даярлығы, кәсіпкерлікті жүзеге
асыру үшін ресурстарының болуы

Таңдау
Таңдау көлемі – 2000 респондент, ол таңдау жиынтығының ~0,05%.
Таңдау қателігі 3%-дан көп емес.
Көпсатылы, стратификацилық территориялық таңдау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы социологиялық зерттеулер
Қытай психологиясы тарихының архитектурасы
Социологиялық зерттеулер құрылымы, процесі, тәсілдері мен амалдары
Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылығы мен кемшіліктері
Социологиялық зерттеу
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.
Қазақстан Республикасында туризмнің дамуы
Социологиялық зерттеулердің түрлері, бағыттары мен әдістері
Зерттеудің жалпы логикалық әдістері
Теориялық танымның негізгі әдістері
Пәндер