Балалардың танымдық белсенділігін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Балалардың танымдық белсенділігін дамыту

Бұл тұжырымдамадағы негізгі мақсат - мектепке дейінгі білім беруді ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапкы мүмкіндіктерді бірдей камтамасыз ету болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында оқу қызметін меңгерту олардың танымдық белсенділігін дамытудың басты бағыты болып саналады.

Танымдық белсенділікті психологилық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиелеу және оқыту үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Психологиялық - педагогикалық әдебиеттердегі талдауда(Т. И. Шамова, С. Л. Рубинштейн, К. К. Платонов, Э. Г. Юдин, Л. П. Буева, А. Н. Леонтьев, В. П. Зинченко, Л. А. Венгер, А. М. Леушина, А. А. Люблинская, Л. Ф. Обухова, А. В. Запарожец, Н. Н. Подьяков, А. П. Усова, М. И. Лисина, Г. И. Щукина және т. б. ) тұлғалық сапа ретіндегі танымдық белсенділіктің ерекшелігінің психологилық, педагогикалық жөне биологиялық сипатта айқындалатындығын көрсетті.

Биологиялық жағы танымдық белсенділіктің қалыптасуының мәселелері мектепке дейінгі балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін талдаумен байланысты болып келеді.

Мектепке дейінгі кезеңге қарқынды морфологиялық - қызметтік даму тән. Ересек адам мектепке дейінгі балаға күшті педагогикалық әсер етеді, ол өзара әрекет үрдісінде кешенді әдістер мен тәсілдер көмегімен танымдық белсенділікті қалыптастырады, балалардың психикалық: ойлау, қабылдау, ес, зейін, сөйлеуді, өзіне сенімділікті және ынталылықты дамыта отырып, олардың белсенді танымдық іс - әрекет пен шығармашылыққа бой алуына көмектеседі. Балалардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесі ұстаздардан теория және практикада жаңалықты іздеуді талап етеді, бүгінгі жағдайдағы анықтаушы мағынаға ие, оқытудағы белсенділік принципін жүзеге асыруға бағытталған оқудың мазмұнын, формасын, әдістері мен тәсілдерін, жағдайлары мен құралдарын әлі де жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктерді іздестіруді керек етеді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар мектепалды даярлық балаларының өзіндік танымдық іс - әрекеттеріне қатынасының қалыптасуымен тәуелді болып келеді.

Танымдық белсенділіктің ерекше белгілері мыналар:

- бірнеше заттар мен құбылыстарға деген белсенді танымдық қатынас ретіндегі жан-жақтылығы;

- құбылыстың тек қана фактісі, қасиеттері мен сапаларына ғана емес сонымен бірге мәні, себебі жөне өзара байланысына деген белсенділігімен сипатталатын тереңдігі;

- динамикалығы, яғни бұл баланың меңгерген білімі қозғалмалы жүйе түрінде құрылуы және іс-әрекетке қолданылуы, баланың ойлау әрекетінде қызмет атқаратындығы;

- әрекеттілігі, яғни заттар мен құбылыстармен танысуға қиыншылықтарға төзуге, мақсатқа жетуде ерік-жігерінің болуына бағытталған баланың белсенді әрекетінде байқалады.

Психологиялық жақтағы мәселелері мына түсінікке негізделеді: танымдық белсенділік баланың психологиялық-денелік дамуының алғышарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты мектепалды дайындық балаларының жоғары психикалық үрдістерінің қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктерін зерттеу кажет болып табылады.

Қабылдау оқуды қамтитын белсенді үрдіс. Оның негізін сезім мүшелерінің жұмысы құрайды. Қабылдау түсіну синтезінің нәтижесінде елестету мен бұрынғы тәжірибе кемегімен пайда болады. Қабылдаудың мәселесі шетелде және кеңестік психологияда да кең түрде зерттелді. Шетелде оны зерттегендер ассоциативтік психология (Д. Селли), гештальт психология (К. Кофка, Т. Фолькельт) жөне функционалды психология (К. Бюлер, Ж. Пиаже) өкілдері болды. Кеңестік психологтар (Е. Н. Соколов, М. Д, Дворяшин, Н. А. Кудрявцев, П. А. Шеварев, Р. И. Говорова және т. б. ) кабылдау мәселесіне табандылықпен өзгеше ғылыми қортынды жасады. Олардың зерттеулері шындықты бейнелеудің негізгі заңдылықтарын ашу, мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың қабылдауының, дамуының ерекшеліктерін талдау бағытында жүргізілген. Мектеп жасына дейінгі баланың есінің даму проблемасы кептеген кеңестік психологтарды (А. А. Смирнова, П. И. Зинченко, С. Р. Жуйков, Н. И. Мурачков, А. Н. Цынбалюк т. б. ) қызықтырды. Л. С. Выготский баланың есін күрделі іс-әрекет ретінде қарастырып, ол тек баланың үлкендермен қарым-қатынасы кезінде және белсенді ойлау әрекетінде қалыптасады деген. Бұл ойды А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия, Л. В. Занков, т. б. өз зерттеулерінде дамыта түсті. Барлық психикалық танымдық үрдістерін ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Ол басқа танымдық үрдістердің қасиеттері мен сипатын анықтай отырып, олармен бірге жүреді және тығыз байланыста болады. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру - бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады. Бейнелі ойлау - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі ойлау түрі. Мектепке дейінгі жастың бастапқы кезеңінде балалар әрекеті тек тікелей тәжірибелік нәтижеге жетуіне бағытталған есептерді шығарады. Бірақ та бала күрделенген іс-әрекетінде қимыл нәтижесі жанама түрде болатын жөне оған жету үшін бірнеше құбылыстардың арасындағы байланысты ескеруді қажет ететін ұмтылыс жасайды. Сөйтіп ойлаудың көрнекі формасының негізінде сөз-логикалық ойлау формасы қалыптасады. Балалардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру олардың ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туғызады. Ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойын-сабақтарды ұйымдастыру қажет, Танымдық үрдістерде бір интеллектуальды іс-әрекетке біріктірілген сыртқы және ішкі әрекеттердің синтезі пайда болады. Қабылдауда бұл синтез перцептивті әрекеттермен көрінеді, зейінде - сыртқы және ішкі жұмыс жоспарын басқару және бақылау іскерлігі, ал материалды есте сақтауға және қайта жаңғыртуда оның және ішкі құрылымдарының бірігуі байқалып, бұл тенденция ойлауда ерекше айқын көрінеді. Бұл практикалық тапсырмалар мен есеп амалдарын орындап шешуде көрнекі-әрекеттік, көрнекі бейнелік, сөз-логикалық әдістердің бір үрдісте бірігуі ретінде көрінеді. Бұл жерде психиканың дамуы жеке үрдістердің арасындағы байланыстылық пен касиеттердің артуы ретінде қаралмай, сонымен катар баланың танымдық белсенділігінің сипаттамасын анықтайтын тұрақты ішкі және сыртқы құрылымдарының пайда болуы ретінде қарастырылады.

Танымдық белсенділіктің құрылуы мәселесінің педагогикалық қыры Л. С. Выготский, А. В. Запорожец, А. П. Усова, т. б. зерттеулерімен байланысты. Олардың жұмыстарында баланың айналасындағы адамдармен, сыртқы ортамен кеп аспектілі өзара әрекеттестігі кезінде баланың танымдық белсенділігін ете ерте жастан дамыту керектігі дәлелденген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытудың мәні
Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
6-7-жасар балалардың таным белсенділігін дамыту динамикасы, ерекшеліктері
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Танымдық белсенділіктің теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz