Негізгі құралдар


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Негізгі құралдар

Алматы 2008ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ . . .

1. 1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы . . .

1. 2 Негізгі құралдың бухгалтерлік есебі мен аудиттың мақсаты

мен міндеттері . . .

2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІНІҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТӘРТІБІ . . .

2. 1 Негізгі құралдардың келіп түсуінің есебі . . .

2. 2 Негізгі құралдардың тозуының есебі . . .

2. 3 Негізгі қүралдарды жөндеуінің есебі . . .

2. 4. Негізгі құралдардың шығуының синтетикалық немесе аналитикалық есебі . . .

3. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ АУДИТОРЛЫҚ ТЕКСЕРІСТЕН ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ . . .

3. 1 Негізгі құралдарды аудиттау кезеңдері . . .

3. 2 Негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қорларды талдау . . .

4. ЛИЗИНГІГЕ АЛЫНҒАН НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ . . .

4. 1 Лизинг . . .

4. 2 Мүлікті салық жайында . . .

4. 3 Лизингіге алынған негізгі құрал есебі . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Негізгі құралдарды пайдаланудың бухгалтерлік есебі мен аудиті

Ел Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында былай делінген: «Біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән, әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймыз. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы - өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өнерлі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжыуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің із ашарымыз болып қалуға тиіс».

Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру және ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, қолданыстағы негізгі құралдарды тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салынған әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық салаларының тиімділігін жақсарту қажет.

Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманғы экономикалық стратегиясының басты міндеті болып табылады.

Мұнда ерекше ролді кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құралы ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды мезгейді. Осыдан қолда бар негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдалануына қатаң есеп пен бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.

Сондықтан бұл тақырыптың бүгінгі күннің өзекті мәселесін қарастыратыны сөзсіз.

Жоғарыда айтылған проблемаларды іс жүзінде шешу негізгі құралдардың бухгалтерлік есеп жүйесін байсалды қайта құруды талап етеді. Қазіргі уақытта, бухгалтерлік есептің стандарттары 6 «Негізгі құралдар есебі», 17 «Жалгерлік есеп» және субъектілердің қаржы шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебінің шоттарының Бас жоспарының енгізілуіне байланысты негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі проблемаларының көптеген әдістемелік аспектілері түбегейлі өзгерістерге ұшырап, өзінің практикалық маңызынан айырылады.

Сондықтан диплом жазудың негізгі мақсаты болып негізгі құралдардың есебі мен аудитінің негізін теориялық тұрғыда ашып, оның пайдалануының тиімділігінің бухгалтерлік есебі және аудитінің қолдану жағдайын зерттеу болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  • негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызын ашып, олардың жіктелуін қарастыру;
  • негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі мен аудитінің міндеттерін айқындай отырып, тәжірибеде қолданысын зерттеу;
  • негізгі қорлардың пайдалануын аудиттау әдіснамасын қарастыру;
  • негізгі қорларды пайдалануының тиімділігін жоғарылату жолдарын көрсету;

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ААҚ «Автоматика» табылады. Ол металлургия, көмір, энергетика және басқа да салаларының кәсіпорындары үшін тексеру-өлшеу приборлары мен құрал-жабдықтарды құрастырумен, өндіруімен, ойлап табумен шұғылданатын кәсіпорын. Сонымен бірге бұл кәсіпорын өндірістік мақсаттағы өнімдерді және халық тұтынатын тауарлар өндіреді.

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ

1. 1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы

Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы үкіметінің бағдарламасымен негізгі қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін дайындау мен іске асыру көзделген. Бұл қорлардың кеңейтілген ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы ролі мен экономикалық мәнімен алғышартталған.

Негізгі қорлардың әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен, еңбек құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады. Еңбек құралдары, олардың материалдық құрамы көп жағдайда кез-келген қоғамның материалды-техникалық сипатын анықтайды. "Экономикалық дәуірлер не өндіретіндігін емес, қалай, қандай еңбек құралдарымен өндірілетіндігін өзгешелейді. К. Маркс - "Еңбек құралдары тек қана адамдық жұмыс күнінің дамуының өлшеуіші емес, сондай-ақ ол - еңбек жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың көрсеткіші", - деп жазған.

Кәсіпорын іскерлігіне авансталған барлық құралдарды капитал деп атауға болады.

Кәсіпорынның бухгалтерлік балансын құру кезінде оның шаруашылық құралдары актив, ал олардың қаржыландыру көздері - меншікті капитал және кәсіпорынның міндеттемелері деп аталады.

Шаруашылық субъектілері өзінің қызметін жүзеге асыру үшін материалдық-техникалық қор құру керек. МТҚ-дың негізін негізгі қорлар құрайды.

Кәсіпорынның шаруашылық өндірістік іскерлігінің аса маңызды құраушысы болып негізгі қорлар болып табылады.

Негізгі қорлар өзінің натуралдық түрін сақтай отырып, көптеген өндірістік кезеңдерге қатысып, ал құндары дайындалатын өнімге бөліктермен ауыстырылатын еңбек құралы.

Өндіріс процессінде қатысатын барлық еңбек қорлары (машина, жабдық, т. б. ) анық жүзеге асырылуына жағдай жасайды (өндірістік ғимараттар, гидротехникалық құралдар, плотиналар, арналар, эстакадалар, көлік құралдары, жолдар, тунельдер, электр жүйелері, құбырлар), еңбек заттары мен өнімдерін сақтау мен қозғалту үшін қызмет ететін өндірістік негізгі қорлар болып табылады. Негізгі өндірістік қорлар құрамына тек өнімнің тұтыну құнын құруға ғана емес, сондай-ақ, оның құнын құруда қатысатын өндіріс құралдары да кіреді.

«Негізгі құралдар» және «негізгі қорлар» терминдарі белгілі бір жақындық шамасында синонимдер ретінде пайдаланады.

№6 «Негізгі құралдар есебі» Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес, негізгі құралдар - бұл ұзақ уақыт кезеңі бойы (1 жылдан астам) материалдық өндірісте де, өндірістік емес салада да әрекет ететін материалдық активтер.

Негізгі қорлардың ерекше өзгешеліктері мыналар:

а) олардың шаруашылық қызметте көп дүркінді қатысуы;

б) натуралды - заттық үлгісін сақтауы;

в) өзінің құнын дайын өнімге (жұмысқа, қызметке) қызмет кезеңі барысында біртіндеп аударады.

Соңғы тармақ негізгі құрал-жабдыққа амортизациялық төлемді есептеу арқылы асырылады, ал оларға төмендегілер: жер, аяқталмаған күрделі құрылыс, резервте, қорда және консервацияда тұрған объектілер енбейді.

Сонымен қатар кітапханалық қорларға, өнім малына, енеге (буйвол), бұғыларға және өгіздерге амортизациялық есептеулер жүргізілмейді.

Амортизация - негізгі қорлардың (ғимараттардың, машиналардың, жабдықтың) тозуы есепті оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар құнының өндірілетін өнімге бірте-бірте көшуі.

Амортизациялық өтелім - негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін, яғни оны ұдайы өндіру үшін осы қорлар құнының бір бөлігін аударып отыру.

Тозу - негізгі құралдар объектілерінің физикалық және моральдік қасиеттерінің жоғалуы.

Салық салу мақсатында негізгі құралдарға құны 40 айлық есептік көрсеткіштен асатын және Жарлықтың 20 бабына сәйкес амортизацияға жататын қызмет мерзімі 1 жылдан асатын активтер жатады. Осыған сәйкес негізгі құралдар, олардың қалдық құнынан 7-ден 30%-ке дейінгі амортизация нормасымен топтарға топтастырылады.

Негізгі қорлар, тек ең алдымен олардың экономикалық зерттеуі мен жалпылауы үшін негізгі қорлар жіктелуі деп аталатын натуралды заттай құрамы бойынша топталуы аса маңызды. Негізгі қорлардың бухгалтерлік есебінің дұрыс ұйымдастырылуының негізі болып қорлар бекітілген типтік жіктелуі мен оларды есепте бағалаудың ортақ принципі табылады.

Бухгалтерияда негізгі құралдар есебі инвентарлық объектілер арасында жіктелу топтары бойынша жүргізіледі. Осылайша, инвентарлық объект негізгі құралдар есебінің бірлігі болып табылады. Әрбір объектіге сериялық - кезектік кодтау жүйесі бойынша инвентарлық нөмір беріледі, ол нөмір оның ұйымда, бірлестікте, пайда болған барлық уақыт бойы сақталады. Инвентарлы нөмір қабылдау-беру актілерінде, жою туралы актілерде және т. б. инвентарлық нөмірді әрбір объектіде белгіленеді.

Қазіргі уақытта негізгі қорларға келесі типтік жіктелуі қабылданған:

  1. Жер - субъект меншік құқығында алған жердің мөлшері мен құны. Жерге меншік құқығы "Жер учаскесіне меншік құқығына актісімен" расталуы тиіс. Инвентарлық объект болып жер учаскесіне меншік құқына акт берілген әрбір жер учаскесі табылады.
  2. Ғимараттар - тағайындау - тұрғындар еңбегі, тұрғындар жайы, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету үшін және материалдық құндылықтардың сақталуы үшін жағдайлар жасауда айқындалатын архитектуралық- құрылыстық объектілер. Инвентарлық объект болып әрбір жеке тұрған ғимарат саналады.
  3. Құрылғылар - еңбек құралдарының өзгеруіне байланысты емес қандай-да болсын қызметтерді орындау жолымен өндіріс процессін жүзеге асыруға тағайындалған инженерлік-құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай мен газ скважинасы, эстакада, көмірлер) . Инвентарлық объект болып барлық мүлік-жайымен бірге бір тұтасты құрайтын әр жеке құрылғы.
  4. Беріліс қондырғылары - электрлік, жылу жән механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу жүйелері, жылу жүйелері, құбырлар) .
  5. Машиналар мен жабдықтар, инвентарлы объект болып басқа бір инвентарлық объектісінің бөлігі болып табылмайтын құрама құралдар, фундамент, қоршауларды, қажет заттарды қоспағандағы әрбір машина табылады. Негізгі құралдар, бұл 5 топшадан тұрады:
  • күш машиналары мен жабдықтары: энергияны өндіру мен таратуға арналған объектілер (генераторлар, электр двигателдері; ішкі жылу двигателдері, т. б. ) ;
  • жұмыс машиналары мен жабдықтары: еңбек заттарына әсер ете отырып, технологиялық процеске тікелей қатысады (метал кесуші станоктар, термикалық пештер) ;
  • өлшегіштер және реттеуші құралдар мен қондырғылар, лабораториялық жабдық; технологиялық процестерді реттеу, өлшеу және бақылау үшін, лабораториялық тәжірибелер мен зерттеулер жүргізу үшін тағайындалған;
  • есептегіш техника: процестерді жеделдету мен автоматтандыруға арналған машина, қондырғы құралдар (электр, есептегіш, басқарушы және т. б. есептегіш машиналар) ;
  • өзге де машиналар мен жабдықтар: машина, аппарат және басқа жабдықтар (телефон станцияларының жабдықтары, өрт сөндіргіш машиналар) .
  1. Көлік құралдары - адамдар мен жүктердің орнын ауыстыру үшін тағайындалған қозғалыс құралдары (автомобиль, теміржол және су көліктерінің қозғалмалы құралы) . Инвентарлы объектісі болып оған жататын бүкіл керектер;
  2. Құрал - қол еңбегінің механикаландырылған және механикаландырылмаған құралдары немесе машиналарға тіркелінген металл, ағаш және т. б. өңдеу құралдары ғана табылады;
  3. Өндірістік инвентарь - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдетуге арналған өндірістік тағайындаудағы құралдар - жұмыс үстелдері, верстактар, шкафтар;
  4. Шаруашылық инвентарь - кеңселік және шаруашылық инвентарь (үстел, шкаф, кілем) ;
  5. Еңбек және өнім малы, еңбек малы - жылқы, түйе және т. б. жұмыс малдары. өнім малы - ірі қара мал жылқы, түйе және т. б инвентарлық объект - әрбір ересек жануар.
  6. Көп жылдық екпе ағаштар.
  7. Жерді жаңарту бойынша күрделі шығындар (құрылғыларсыз) - ауыл шаруашылықта қолдану үшін жерді жақсарту бойынша шараларға инвентарлық сипаттағы шығындар (алаңдарды тастардан тазарту, жер учаскесінің планировкасы) .
  8. Басқа да негізгі қорлар - кітапхана сөрелері, спорттық инвентарь, мұражайлық құндылықтар.

Иеленуі бойынша негізгі құралдар жеке меншік және жалға алынған болып бөлінеді. Алғашқылары кәсіпорынның иелігінде болады және оның балансында тіркеледі; екіншілері басқа кәсіпорын мен ұйымдардан уақытша пайдалануға ақыға алынған.

Өндірістік процеске қатысу сипаты бойынша істегі және тұрған (запаста немесе консервацияда тұрған негізгі құралдар) .

Негізгі құралдарды пайдалану сипаты бойынша былай жіктеледі:

1) істегі (пайдаланудағы) ;

2) істемей тұрған (консервациядағы) ;

3) запастағы.

Негізгі қызметке қатысу сипаты мен құнының өндіріс және айналым шығындарына ауыстыру тәсілі бойынша негізгі құралдар былай бөлінеді:

1) Белсенді (олардың қатысу жұмыс сағаттарының мөлшерімен, жұмыстар көлемімен өлшене алады) ;

2) Бәсең (ғимарат, құрылыс) . Олардың негізгі қызметке қатысуын қандай-да бір көрсеткіштерде өлшеу мүмкін емес. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің басты міндеттері:

  • алынуынан бастап шығуы сәтіне дейін олардың бар болуы және сақтығын бақылау;
  • амортизацияны дұрыс және уақытылы есептеу;
  • бюджетке аударылатын мүлік салығын дұрыс есептеу үшін мәліметтер алу;
  • реконструкцияға, модернизацияға және жөндеуге қаражаттардың дұрыс және тиімді пайдалануын бақылау;
  • негізгі қүралдардың уақыт және қуаттылығы бойынша пайдалану тиімділігін бақылау;
  • негізгі құралдардың бар болуы және қозғалысы жөнінде есеп беруді құру үшін мәліметтер алу.

Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің негізгі құралдар -Қазақстанның ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. 2004ж. 1 қаңтарына негізгі өндірістік қорларға инвестиция нақты бағаларда 114969 млн. теңгені құрады. Аз мөлшердегі кәсіпорын мен ұйымдарды есептемегенде негізгі капиталға бүкіл инвестициялар нақты бағаларда 2004ж. 114969 млн. теңгені құрады (1994ж. 80945 млн. теңге) .

Негізгі қорлар және негізгі құралдарға ұзақ мерзімді инвестициялар кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қызметі нәтижесіне жан-жақты әсер тигізеді.

Негізгі құралдар қоғамның материалдық қорын жоспарлы қалыптасуына және оларды өнім өндірісі мен тұрғындардың мәдени тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру үшін біздің экономикамыздың салаларында қолданылуы бойынша өзіндік экономикалық категорияны анықтайды.

Негізгі қүралдардың мөлшерінен, сапасынан және тиімді пайдалануынан табыстың өсу қарқыны, өндірістің дамуы және кәсіпорынның тұтынушыларының еңбек және тұрмыс жағдайларының жақсаруы тәуелді. Себебі негізгі құралдар кәсіпорынның экономикалық потенциалын айқындайды.

Ғылыми-техникалық прогресс негізінде өнеркәсіпте өндірістік негізгі қорлардың жаңаруы мен сапалық жетілуінің интенсивті процессі орын алды. Бұл 2 жолмен орындалады:

1) жаңа кәсіпорын құрылысы, сондай-ақ кәсіпорын реконструкциясымен кеңейтілуі кезінде аса жоғары техникалық деңгейдегі негізгі құралдар құрумен;

2) негізгі құралдарды модернизациялау, сапалық жетілдіру мен және оларды жаңа техника түрлерімен ауыстыруменен.

Негізгі құралдар құрамында абсолютті және салыстырмалы түрде техникалық алдыңғы қатарлы, жаңа еңбек құралдары артуда. Жаңа негізгі қорлардың, әсіресе өндіріс құралдарының өсуі еңбекті қарулануды арттырады, ал бұл еңбек өнімділігінің өсуінің басты факторы болып табылады.

1. 2 Негізгі құралдың бухгалтерлік есебі мен аудиттың мақсаты

мен міндеттері

Өзінің қызметін дұрыс жүргізу үшін кәсіпорындар негізгі құрал түріндегі бухгалтерлік есепте жеке объекті ретінде еңбек құралдарды иеленуі қажет.

01. 01. 2005 жылы қолданысқа енгізілген №6 "Негізгі құралды есепке алу" бухгалтерлік есеп стандартына, сәйкес, негізгі құралдар - бұл материалдық өндіріс және сол сияқты өндірістік емес салада ұзақ мерзім бойында (бір жылдам астам уақыт мерзімінде) қолданылатын материалдық активтер.

Негізгі құралдың өзіндік ерекшелігі болып олардың ұзақ мерзімі ішінде өзінің алғашқы түрін сақтап (табиғи-заттық пішінін), өндіріс процесінде көп жақты қолданылуы табылады.

Ұзақ пайдалану процесіңде негізгі құралдар өзгереді: олар кәсіпорынға түсіп, пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі. Кәсіпорын ішінде орын ауыстырады, сондай-ақ басқа кәсіпорынға беру салдарынан шығарылады. Барлық аталған өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады.

Кәсіпорында негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеттері:

  • негізгі құралдарды пайдаланылған жері бойынша дұрыс есепке алу және оның сақталуын бақылау;
  • негізгі құралдардың түсу есебін, олардың ішкі қозғалысын, шығысын және жойылуын құжаттармен рәсімдеу және дер кезінде көрсету;
  • негізгі құралдардың амортизациясын дер кезінде есептеу мен есепте көрсету және амортизацияны өндіріс пен кезең шығыны құрамына енгізу;
  • негізгі құралдарды жөндеу, реконструкциялау және жаңартуға шығындардың дұрыс жұмсалуын бақылау;
  • жоюдың нәтижесін дәл анықтау, сондай-ақ негізгі құралдардың толық емес амортазацияланбаған объектіні есептен шығару;
  • мүлікке салынатын салық, қосымша құнға салынатын салық салаларын негізгі өндірістік құралдардың (көліктен басқа) баланстық құнынан белгіленген мөлшерде дұрыс анықтау.
  • Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі мыналарды қамтамасыз етуі керек:
  • құжаттардың дұрыс толтырылуы мен олардың түсу есебінде өз уақытында бейнеленуі,
  • негізгі құралдардың шығуы мен орын ауыстыруын, олардың материалды жауапты тұлғаларға бекітілуі мен сақталуы мен пайдалануына бақылау;
  • сомма есебінде есейтілген амортизация мен негізгі құралдың тозуының аударымдары және есеп немесе калькуляция объектісі бойынша амортизация есебінің дұрыс бейнеленуін;
  • негізгі құралдардың қорлық берілісін, жаңа техника мен оны пайдаланудың жаңа тәсілдерінің тиімділігін анықтау;
  • негізгі құралдарды жөндеу бойынша жұмсалған шығындардың нақты есебін; негізгі құралды өз уақытында және толық түгендеуді және қайта бағалауды өткізу және олардың нәтижелерін есепте бейнелеу;
  • есепте негізгі құралдарды таратудың нәтижелері мен басқа да шығулардың дәл бейнелеуін.

Нарықтық жағдайда кәсіпорын, несие мекемелері және басқа шаруашылық объектілері мүлікті, ақша-қаражатгарын коммерциалық операцияалар мен инвестицияларды жүргізу үшін келісімдік қарым-қатынасқа түседі.

Бұл қарым-қатынастардың сенімділігі барлық келісім-шартқа қатысушыларға қаржылық ақпаратты қолдану мен оны алу мүмкіндігімен бекітеді. Ақпараттардың дәлдігі тәуелсіз аудитормен бекітіледі.

Меншік иелері, әсіресе ұжымдық меншік иелері - акционерлер, үлескерлер, сонымен қатар кредиторлар кәсіпорынның көптеген операцяларының, оның ішінде ең күрделі операцияларының есеп беруде заңды және дұрыс көрсетілгендігінің дұрыстығын тексеруге жеке мүмкіндігі болмайды, себебі есеп жазылымдарының оларға рүқсат етілмеген және тәжірибесіне сай еместіктен аудитордың қызметін қажет етеді.

Өндірістің іскерлігінің нәтижесі туралы және олармен зандылықтарды қадағалау туралы ақпараттардың тәуелсіз бекітілуі мемлекетке салық және экономика аймағында шешім қабылдау үшін қажет.

Аудиторлық тексеріс мемлекеттік органдарға, прокурорлар мен тергеушілерге олардың көңілі бөлінетін қаржылық есеп берудің дұрыстығын растау үшін керек.

Аудит қызметіне сұраным келесі жағдайдан кейін пайда болады:

1) ақпаратты қолданушы мен әкімшілік жағынан екі арада қақтығыс болған жағдайда әкімшіліктің объективті емес ақпарат беруінің мүмкіндігі (меншік иелерімен, инвесторлармен, кредиторлармен) ;

2) нәтижесінің қабылданған ақпарат сапасынан шешімдерінің тәуелдігі;

3) ақпаратты тексеру үшін арнайы білімдердің қажеттігі;

4) 1қолданушыларда ақпаратпен танысуға рұқсаттың жоқтығынан оның сапасын бағалай алмауы.

Осы барлық қажеттіліктер арнайы дайындығы бар, білікті, және бұндай қызметтерді көрсетуге құқығы бар тәуелсіз эксперементтердің қызметтеріне деген қоғамдық сұранымның пайда болуына әкеледі. Аудиторлық қызметтер - бұл қаржы ақпараттарының дұрыстығын бекітетін делдал қызметтер.

Ақпараттардың дұрыстығы капитал нарығының қызмет етуінің тиімділігін жоғалтуға және оны бағалау мен әр түрлі экономикалық шешімдердің нәтижелерін жорамалдауға мүмкіндік береді.

Тәуелсіз аудиторлар бақылауды ұйымдастыруға қаржылық сенімділікті қамтамасыз етуде делдалдық жәрдемсіз ғана емес, қолданатын бухгалтерлік есеп жүйесінің сенімділігіне де тиімді көмек көрсете алады. Олар сонымен қатар банк қызметінің қажетті бағыттарының қатары бойынша тәуелсіз эксперементтік консультациялық көмек бере алады. Нарықтық қатынастары дамыған елдер аудиторлық фирма бірінші, кезекте инспектор ретінде емес, қаржылық тексерісте жұмыстың жағдайына кәсіпқойлық баға беретін тәуелсіз консультант ретінде қарастырылады.

Аудиторлық қызмет (аудит) - бухгалтерлік (қаржылық) есеп беруде тәуелсіз ведомостан тыс тексеретін, төлем-есептеу құжаттарын, салық декларациясын және басқа қаржылық міндеттер мен экономикалық субьектінің талаптарымен қоса басқа да аудиторлық қызметтерді көрсетуді (төменде көрсетілген) жүзеге асыру бойынша аудиторлық (аудиторлық фирманың) кәсіпкерлік қызметі:

  • бухгалтерлік есептің ұйымдастыруы орнына келтірілуі және жүргізілуі;
  • табыстық және бухгалтерлік (қаржылық) есеп берулер туралы декларация жасау;
  • қаржы-шаруашылық қызметін талдау;
  • шаруашылық субъектінің активтерін, меншікті капиталын және міндеттемелерін бағалау;
  • қаржылық, салықтық, банктік және басқада шаруашылық заңдылықтар сұрақтары жөнінде кеңес беру;
  • оқыту (үйрету, баулу) және тағы басқа.

Аудит - Қазақстан Реепубликасының зандылықтарына сәйкес шаруашылық және қаржылық операциялардың, кәсіпорын қызметінің қаржылық есеп кіруінде толықтығы мен дәлдігі және бухгалтерлік есеп жүргізудің тәртібін сақтауды тексеру негізінде кәсіпорынның қаржылық есеп берудің тәуелсіз сараптамасы.

Аудиттың мақсаты - заңдылықтармен, аудиторлық қызметті нормативті реттеу жүйесімен немесе аудитормен клиенттің келісім міндеттемелерімен анықталатын нақты міндеті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдарды есепке алу
Негізгі құралдар есебін ұйымдастыру және есеп міндеттері
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
Аудит
Негізгі құралдарды есептеу мен талдау ерекшеліктері
Негізгі құралдар қозғалысының аудиті
Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасының жазбасы
Қазіргі кезде Қайнар құс
Негізгі құралдар туралы түсінік
Негізгі құралдарды есептен шығару және түгендеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz