Иондық химиялық байланыс



1 Ковалентті Химиялық байланыс
2 Металдық Химиялық байланыс
3 Химиялық байланысының негізгі сипаттамалары
Иондық Химиялық байланыс электр терістілігі бойынша айырмашылығы үлкен металл мен бейметалл атомдары арасында түзіледі. Химиялық әрекеттескенде валенттік электрондарын беріп, оң зарядты иондарға (катиондарға): К־–е–К+ бейметалл атомдары электрондар қосып алып, теріс зарядты иондарға (аниондарға) айналады: Cl+е–Cl־. Әр аттас зарядты иондар бірін-бірі тартып молекула құрайды: K+ + Cl ־= KCl. Иондық Химиялық байланыс қарама-қарсы зарядталған иондардың электрстатикалық тартылысы нәтижесінде жүзеге асады. Иондар түзілу арқылы жүзеге асатын байланыстарды иондық байланыс, қосылыстың өзін иондық қосылыс деп атайды. Иондық қосылыстардың қайнау, балқу темп-расы жоғары, қызуға тұрақты, олар полюстік еріткіштерде тез ериді, ерітінділері электр тогын жақсы өткізеді.

Ковалентті Химиялық байланыста — әрекеттесуші атомдарға ортақ электрондар жұбы пайда болып, олардың санына қарай бір немесе бірнеше еселенген байланыстар түзіледі. Мысалы, сутек молекуласы атомдары арасында бір (Н:Н), оттек молекуласында қос (:О::О:), азот молекуласында үш (:N:::N:) еселенген ковалентті Химиялық байланыс бар. Ковалентті Химиялық байланыстар электрон жұбының атомдардың арасында орналасуына қарай полюсті және полюссіз деп екіге бөлінеді.

Полюсті молекулада Химиялық байланыс түзетін ортақ электрондар электр терістілігі күшті атомға ығыса орналасады. Молекуланың полюстілігі диполь моменті арқылы көрсетіледі. Полюстік молекулалардың қайнау және балқу температурасы төмен, полюсті еріткіштерде үйектеліп иондарға ыдырайды.
1 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8
2 "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
3 3,0 3,1 Химия: Жалпы білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған оқулық. Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н. / Алматы: Атамұра, 2009. - 216 бет. ISBN 9965-34-887

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Иондық Химиялық байланыс электр терістілігі бойынша айырмашылығы үлкен
металл мен бейметалл атомдары арасында түзіледі. Химиялық әрекеттескенде
валенттік электрондарын беріп, оң зарядты иондарға (катиондарға): К־–е–К+
бейметалл атомдары электрондар қосып алып, теріс зарядты иондарға
(аниондарға) айналады: Cl+е–Cl־. Әр аттас зарядты иондар бірін-бірі тартып
молекула құрайды: K+ + Cl ־= KCl. Иондық Химиялық байланыс қарама-қарсы
зарядталған иондардың электрстатикалық тартылысы нәтижесінде жүзеге асады.
Иондар түзілу арқылы жүзеге асатын байланыстарды иондық байланыс,
қосылыстың өзін иондық қосылыс деп атайды. Иондық қосылыстардың қайнау,
балқу темп-расы жоғары, қызуға тұрақты, олар полюстік еріткіштерде тез
ериді, ерітінділері электр тогын жақсы өткізеді.

Ковалентті Химиялық байланыста — әрекеттесуші атомдарға ортақ электрондар
жұбы пайда болып, олардың санына қарай бір немесе бірнеше еселенген
байланыстар түзіледі. Мысалы, сутек молекуласы атомдары арасында бір (Н:Н),
оттек молекуласында қос (:О::О:), азот молекуласында үш (:N:::N:) еселенген
ковалентті Химиялық байланыс бар. Ковалентті Химиялық байланыстар электрон
жұбының атомдардың арасында орналасуына қарай полюсті және полюссіз деп
екіге бөлінеді.

Полюсті молекулада Химиялық байланыс түзетін ортақ электрондар электр
терістілігі күшті атомға ығыса орналасады. Молекуланың полюстілігі диполь
моменті арқылы көрсетіледі. Полюстік молекулалардың қайнау және балқу
температурасы төмен, полюсті еріткіштерде үйектеліп иондарға ыдырайды.

Полюссіз ковалентті Химиялық байланысты молекулада электрон жұбы атомға
ауыспай, симметриялы түрде ортада орналасқан. Полюссіз Химиялық
байланыстағы қосылыстардың қайнау және балқу температуралары төмен, полюсті
еріткіштерде иондар түзбейді, электр тоғын өткізбейді. Ортақтаспаған
электрон қосағынан және электронсыз бос орбитасы бар атомдардан (донар-
акцепторлы) түзілетін сутектік және металдық Химиялық байланыстар
координациялық байланыс деп аталады. Сутекті Химиялық байланыс — екі не бір
молекуладағы атомдар арасында сутек атомының оң заряды арқылы түзіледі.

Металдық Химиялық байланыс — металл атомдарының сыртқы қабатындағы бос
электрондар қатысуымен түзілетін байланыс. Химиялық байланыс валенттік
электрондар арқылы жүзеге асады.

Химиялық байланысының негізгі сипаттамалары:
байланыс энергиясы,
байланыс ұзындығы,
валенттік бұрыш.

Байланыс энергиясы — өзара байланысқан атомдарды не иондарды бір-бірінен
ажырату үшін жұмсалатын энергия. Байланыс ұзындығы — Химиялық байланыстағы
атомдар ядроларының арасындағы қашықтық, валенттік бұрыш — байланысқан
атомдар ядролары арқылы жүргізілетін жорамал сызықтар арасындағы бұрыш. Бұл
көрсеткіштер зат молекуласының құрылысын, пішінін және беріктігін
сипаттайды.
[өңдеу]
Химиялық байланыстардың түрлері

Химиялық байланыс түзілген кезде әрекеттесуші атомдардың сыртқы электрондық
қабаттарында өзгерістер жүреді. Байланыстың төрт түрі болады.
[өңдеу]
Ковалентті байланыс

Ковалентті байланыс ортақ электрон жұбы түзілу арқылы іске асады.

Химиялық байланыстың түзілуін электртерістілік ұғымын қолданып түсіндіруге
болады.

Электртерістіліктері бірдей элемент атомдарының арасында (Н2, О2, N2, С12)
байланыста болатын сутек молекуласының түзілу мысалында қарастырайык. Сутек
атомының электрондық формуласы 1s1. Сутектің электротерістілігі 2,1. S-
электрондарының электрон бұлттары сфера (шар) тәрізді, олардың өзара
әсерлесуін былай көрсетуге болады; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР. Иондық байланыс
Иондық байланыс
Химиялық байланыстың табиғаты
Химиялық байланыстардың түрлері
Металдық байланыс
Ковалентті байланыс
Химиялық байланыс теориясы
Химиялық байланыс
S,p,d-элементтерінің медициналық-биологиялық маңызы.химиялық байланыстың табиғаты
Молекуланың кеңістіктегі құрылысы
Пәндер