Гигиена туралы жалпы ұғым



І. Кіріспе
1.1 Гигиена туралы жалпы түсінік

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Дене тазалығы
2.2 Шаш күтімі.
2.3 Тырнақтың күтімі.
2.4 Тіс және ауыз гигиенасы.
2.5 Киім . кешек және аяқ киім тазалығы.
2.6 Тұрғын үй гигиенасы

ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Гигиена – (грек. hygіeіnos – дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми талаптар, санитарлық шаралар жүйесін жасайды. Біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. Мысырда, Хорезмде тазалық сақтау шаралары қолданылған. Адам денсаулығын жақсартып, нығайтатын – таза ауа мен су екенін сол кездің өзінде ежелгі грек дәрігері Гиппократ атап көрсеткен. Гиппократтың сол көзқарасын ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина жалғастырды. Оның әлемге әйгілі «Дәрігерлік ғылымның каноны» деген энциклопедиялық еңбегінде денсаулықты күні бұрын сақтап, дұрыс тамақтана білудің теориялық негіздері баяндалған. Қазақ жерінде тазалық сақтау туралы мағлұматтар да ертеден белгілі. Атап айтқанда 15 ғасырда жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық-анықтамалық қолжазбасында халық медицинасы, адамның он екі мүшесін күту (мысалы, тері, көз, т.б.), тазалық сақтау туралы мол мәліметтер келтірілген. Осындай мәліметтер, сондай-ақ Халел Досмұхамедұлының «Оқушылардың саулығын сақтау» (1925), «Адамның тән тіршілігі» (1927) атты еңбектерінде айтылған.
1. Балалар энциклопедиясы, III-том
2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев,
Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-
қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
3. Қазақ Энциклопедиясы
4. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл. Бас ред., 1990

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. Кіріспе
1.1 Гигиена туралы жалпы түсінік

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Дене тазалығы
2.2 Шаш күтімі.
2.3 Тырнақтың күтімі.
2.4 Тіс және ауыз гигиенасы.
2.5 Киім – кешек және аяқ киім тазалығы.
2.6 Тұрғын үй гигиенасы

ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Гигиена – (грек. hygіeіnos – дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан
алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше
hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам
организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына)
тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді таза ұстау, мұндағы адамдардың
тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми
талаптар, санитарлық шаралар жүйесін жасайды. Біздің заманымыздан бұрынғы
 1500 ж.  Мысырда,  Хорезмде  тазалық сақтау шаралары қолданылған. Адам
денсаулығын жақсартып, нығайтатын – таза ауа мен су екенін сол кездің
өзінде ежелгі грек дәрігері Гиппократ атап көрсеткен. Гиппократтың сол
көзқарасын ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина жалғастырды. Оның
әлемге әйгілі Дәрігерлік ғылымның каноны деген энциклопедиялық еңбегінде
денсаулықты күні бұрын сақтап, дұрыс тамақтана білудің теориялық негіздері
баяндалған. Қазақ жерінде тазалық сақтау туралы мағлұматтар да ертеден
белгілі. Атап айтқанда 15 ғасырда жазылған  Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының
Шипагерлік баян атты энциклопедиялық-анықтамалық қолжазбасында халық
медицинасы, адамның он екі мүшесін күту (мысалы, тері, көз, т.б.), тазалық
сақтау туралы мол мәліметтер келтірілген. Осындай мәліметтер, сондай-ақ
Халел Досмұхамедұлының Оқушылардың саулығын сақтау (1925), Адамның тән
тіршілігі (1927) атты еңбектерінде айтылған.
Гигиена ғылымы эксперименталдық және клиникалық медицина, оның ішінде
кәсіби аурулар мен жұқпалы ауруларды зерттейтін ғылыми бағыттарды,
биология, химия, физика, климатология, т.б. ғылым салаларының жаңалықтары
мен жетістіктерін пайдаланады. Гигиена саласындағы зерттеулерді Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау агенттігі, Профилактикалық медицина
академиясы үйлестіріп отырады.

Гигиена туралы жалпы түсінік

Гигиена грек сөзі - Gugieinos – емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына
береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы
орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін
медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі.
Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен
кафедралар бар. Арнаулы түрде маман дәрігерлер – гигиенистер дайындалады.
Гигиена - аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды.
Денсаулыққа зиян келтіретін азық түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат
салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы
қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның
факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен
еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға,
дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға,
еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды
жақсартуға бағытталған ғылым. Практикада қолданатын нақтылы тәсілдері
болады. Осының бәрі адамның денсаулығын арттыруға қолданылады.
Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты - адамдардың
айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші
денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат
баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы
гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер
гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әркімнің өздерінің алдына қойған
мақсаттары бар.

Дене тазалығы
Дене тазалығы дегеніміз – алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі
ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық
- биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі.
Жұмыс жасап, күнделікті тұрмысты шаруамен айналысқан шақта адам
терісін кір шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс
алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде
өтетін физиологиялық - биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады.
Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі
фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық
заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы –
дерматит дерті дамиды. Басқадай іріңді тері аурулары пайда болады.
Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданады. Олардың ішінде
теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек.
Оны дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа
шайыну керек. Ал, жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды
қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру
тарататын микробтар көбейеді. Ішек – қарын инфекциясы күрт инвазиясы,
гепатит вирустары жиналады. Жұқпалы дерттердің таралуына қол кірінің
қаншалықты рөл атқаратыны көптеген адамдарға белгілі.
Қолдағы барлық бактериялардың 90 % тырнақ астында жиналады және
оларды тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын жерде
кішкентай щетка тұруы пайдалы. Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар
алдында тазартып жуып отырған үлкен нәтиже беретінін айтпай кетуге
болмайды. Адамның терісі құрғақ немесе майлы, ылғалды болып келеді. Ал,
егер тері құрғақ болса, онда балалар сабыны деп аталатын сабынды, ланолині
бар сабындарды да пайдаланған да тері онша құрғамай қалыпты жағдайда
тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында күнде жуып
тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу
үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5%
формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және
дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану керек. Орыс
буламысы, фин саунасы, жапон офуросы, сэнтосы ағзаға өте пайдалы. Моншаға
түскеннен кейін адам өте жақсы дем алып сергіп қалады, жақсы ұйықтайды.
Жұмысқа деген ынта жігері арта түседі. Монша гигиенаны жақсы өткізеді.
Денені сауықтырады. Сібірде тұратын орыс халқы моншаға түсіп, ал буда
отырғанда қайың, емен жапырақтарынан жасалған сыпыртқылармен сабаланып,
содан кейін моншадан жүгіріп шығып қалың қарға аунайды. Сонда дене жақсы
шынығып, денсаулық артады.

Шаш күтімі.
Адамның шашы ерекше жаралған табиғат көрінісі. Адамның сұлулығы шашқа
байланысты. Әсіресе әйел адамдардың байлығы мен сұлулығы, олардың шашы.
Ешқандай зергерлік заттар адам шашын айырбастай алмайды. Сондықтан да шаш
өте ұқыпты түрде күтуді қажет етеді. Шаш қорғаныс рөлін атқарады.
Адам шашы бірнеше жыл бойы өсуін тоқтатпайды. Әйел адамдардың күніне
50 тал шашы түсіп, 50 тал шашы өсіп шығып отырады. Адам басындағы шаштың
саны әр адамда әр қилы болады. Орта есеппен алғанда адам басында 140 000
тал шаш болады. Қара түсті шаш баста 100 000-дай. Шаштың жақсы өсуі үшін
оны үнемі жақсы күтіп, май жағып отыру қажет. Крем жағып қойғанда дұрыс. Ол
шашты қоректік затпен қамтамасыз етеді. Шашты жиі-жиі жуып отырудың қажеті
жоқ. Шашқа ауру пайда болады. Ұзын құрғақ шашты 3 апта сайын жуған дұрыс.
Ұзын майлы шашты 7-14 күн өткеннен кейін жуған жөн. Қысқа шашты 7-14 күн
өткеннен кейін жуып отырған дұрыс. Шашты жылы суға жуып, белгілі бір
шампуньді пайдаланыңдар. Шашты сабынмен жуудың қажеті жоқ. Шаштың түсі
өзгеріп, жарқырап жайнамайды. Сондықтан да шампуньмен жуған дұрыс. Ұзын
шашты өте ұқыптылықпен жуып, шашты тарап отыру керек. Майлы шашты сабынды
спиртпен немесе калийі көп көк сабынды спиртпен жуған дұрыс. Ол көк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техника қауіпсіздігі
Адам генетикасын зерттеу
Денсаулық және жеке бас тазалығы
Жүйке жүйеге және денсаулыққа зиян келтіретін факторлары
Өмір салты және денсаулық
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие жұмыстарын жүргізу
Гигиена туралы жалпы түсінік
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие беру
Денсаулық және жеке бас тазалығы туралы
Денсаулық сақтайтын факторлар
Пәндер