Жазаның ұғымы


Жоспар

Кіріспе 3

I бөлім. Жазаның ұғымы 7

1. 1. Жазаны бұрынғы заң бойынша жаңа заңға сәйкес

салыстыру 11

  1. Жаза түрлері 13
  2. Жазаның мақсаты 51

II Бөлім. Жазаны тағайындау.

  1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері 55
  2. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар 59
  3. Қылмыстық жиынтығы бойынша жаза тағайындау 61
  4. Бірнеше үкімдер бойынша жаза тағайындау 64

Қорытынды 67

Пайдаланылған әдебиеттер 69

І. Кіріспе

Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкімге сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және қоғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс. Заңның бұзылуын ештеңе де ақтай алмайды. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-тің 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтауы, сондай-ақ сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын; рецидивтің болуын және оның түрін; сотталушының қылмыстық әрекеті қай сатыда тоқтатылғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық мақсатқа жету үшін оның әрекетінің мағынасын және келтірілген немесе келтіруі мүмкін зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын; қылмыстар жиынтығы; жазаның жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды сол қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда не ғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты соттау негіздерін ескерту тиіс. Сондай-ақ, қылмыстық заңда қылмыс жасаған адамдардың жасы кәмелетке томағандарына, жасы 65-тен асқан ер адамдарға, сондай-ақ әйелдерге қылмыстық жаза тағайындаудың ерекшеліктері көзделгенін ескере отырып, соттар сотталушылардың жынысы жынек жасын ескерту қажет.

Жаза-мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конситутциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттық бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады. 1

Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайд, бұл құбылысқа қарсы шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырады. Сонықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылды. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртібтік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады. Біздің елімізде жаңа Қылмыстық Кодекстің қабылдануына байланысты осы маңызды заңның баптарына түсініктеме беру қажеттігі туындап отыр. Ол осы заңның кейбір баптарын дұрыс түсініп, оны іс жүзінде қолдану үші қажет

Қылмыстық Кодексте жазаның жаңа түрлері қарастырылған, олар: қоғамдық жұмысқа тарту, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, қамдауға алу. Бұл жазаларды қолдану бас бостандығынан айыру сияқты жазалардың азаюына, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру-өлім жазасын қолдауды азайтуға сеп болады. Бас бостандығынан айыру жазасының онша тиімді жаза емес екендігін ескерсек, бұл біздің мемлекетіміздің қылмыстық жазаға қатысты саясатындағы дұрыс бағыт. Әртүрлі жазаны дұрыс қолдану үшін Қылмыстық Кодекстің 39-бабында көрсетілген жазалардың әрбір түрінің мазмұнын, негіздемесін және қолдану ретін түсіну қажет.

Жаза тағайындау мемлекеттік органның маңызы да жауапты міндеті, себебі жаза тағайындау арқылы ғана қылмыс жасаға адамның әрекетіне қорытынды баға беріледі. Жаза тағайындау барысында заң нормалары бұзылса, ол ауыр зардапқа әкеп соғады. Мысалы; шектен тыс қатаң жаза берілсе, сотталған адамда ыза кек туады. Ал, өте жеңіл жазалаға адам жазаға онша мән бермейді. Бұл екі жағдайда да қылмыс қайта жасалынуы мүмкін, себебі әділқазылық принципі сақталмағандықтан, жаза өз мақсатына жетпейді. [2]

Жаза тағайындағанда сот Қылмыстық Кодекстің 52-62, 80-баптарында қарастырылған жаза тағайындау тәртібін, сондай-ақ қылмыстық заң принциптерін /заңдылықты, қылмыстық қадағалау шараларын үнемдеу, жазаны жеке адамға сәйкес даралау т. б. / басшылыққа алуға тиіс. Бұл жағдайда сот Қылмыстық Кодекстің 38-бабында белгіленге жазалардың мақсатын негізге алады.

II. Негізгі бөлім

а/. Жазаның ұғымы.

Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.

Біріншіден, қылмыстық шара - мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық Кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай, жаза тағайындалады. Тек жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза тағайындауға құқылы.

Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық Кодекстің 38-бабында "жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы" делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар мен лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адам салықтан бұлтартпаушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзірет шеңберінде әкімшілік құқық бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-біреуі қылмыстық жаза қолдануға құылы емес. Қылмыстық жазаны қолдану тек қана соттың құзіреті.

Үшіншіден, заңда көрсетілге тәртіппен сотталған адамды жазада босату, сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазада босату емесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттық міндеті болып табылады. Бұлда қылмыстық жазаның шараларынан мәнді өзгешелігін көрсетеді.

Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан ашық тағайындалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан -ашық түрде белгіленеді. Қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазада ешкімді де босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады. [3]

Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде кылмыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілге нақты кылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылуы мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда '"адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті", -делінген. Сондай-ақ әрбір істелген қылмысқа жаза тағайындау міндетті емес. Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізген немесе істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруімен байланысты кінәлінің істеген кылмысының қоғамға қауіпті мәні жайылса немесе оның өзі қоғамға енді қауіпті емес деп танылса, қылмыс нышандары бар іс-әрекет жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға /68-бап/ болады.

Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі
азаматтық, әкімшілік немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін.

Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады 2. Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмыстық ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс әрекетті істеудегі мінез құлқына тікелей байланысты болады.

Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тиым салуы, мүмкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр кылмыс жасаған жағдайда кінәлігет заңда көрсетілген негізде ерекше жаза өлім жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады. [4]

Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі құқылық зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянда көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады. Немесе сотталғандық атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін, сондай-ақ жазаны өтейтін калонияның түрін белгілеу үшін маңызды жаза дегеніміз сот арқылы мемлекет қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік шараы қолдану болып табылады. Қылмыстық жазаның әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын жазадан айырмашылығы мынадай:

біріншіден, қылмыстық жаза бұл істелген қылмыстың зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға жат теріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады.

Екіншіден, қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалады. Әкімшілік шараларды әкімшілік органдары, лауазым адамдары немесе судья тағайындайды.

Үшіншіден, қылмыстық жазаның әкімшілік жазадан ерекшелігі сол сот үкімі бойынша тағайындаған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атақ береді, ол әкімшілік жазаға тартылғандар үшін мұндай да құқылық зардап болмайды.

Жазаға тән ерекшелік міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау - дегеіміз жазаның мәжбүрлеу, зорлау силаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: бас бостандығынан айырғанда, қамауға алғанда сотталған адамның көптеген құқықтарына шек қойылады, ол бостандығынан айырылады, оның отбасымен, дос туыстарымен байланысы үзіледі.

II. а/ Жазаны бұрынғы заң бойынша жаңа заңға сәйкес салыстыру

Қазақ ССР-нің ҚылмыстықКодексі.20-бап- жазаның мақсаттары.21-бап. Жазаның түрлері.22-бап. Ерекше Жазалаушарасы - өлім жазасы.23-1бап Аса қауіптірецидивист.24-бап. Жер аудару және елденшығарып жібеу.25-бап. Бас бостандығынанайырмайтын түзету жұмыстары.27-бап. Қызметтен босату.29-бап. Қоғам алдыда бетінебасу.30-1бап. Еңбекпен тәрбиелеупрофилакториясына жіберу.33-бап Ата-аналық құқығынанайыру.35-бап. Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән жайлар.36-бап. Қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар.38-бап. Бірінеше үкім бойынша жаза тағайындау.41-бап. Әскери мерзімдеәскерге жазаны өтеуін кейінгеқалдыру.41-1бап. Үкімнің орындалуынкейінге қалдыру.:

Қазақ ССР-нің Қылмыстық

Кодексі.

20-бап- жазаның мақсаттары.

21-бап. Жазаның түрлері.

22-бап. Ерекше Жазалау

шарасы - өлім жазасы.

23-1бап Аса қауіпті

рецидивист.

24-бап. Жер аудару және елден

шығарып жібеу.

25-бап. Бас бостандығынан

айырмайтын түзету жұмыстары.

27-бап. Қызметтен босату.

29-бап. Қоғам алдыда бетіне

басу.

30-1бап. Еңбекпен тәрбиелеу

профилакториясына жіберу.

33-бап Ата-аналық құқығынан

айыру.

35-бап. Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән жайлар.

36-бап. Қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар.

38-бап. Бірінеше үкім бойынша жаза тағайындау.

41-бап. Әскери мерзімде

әскерге жазаны өтеуін кейінге

қалдыру.

41-1бап. Үкімнің орындалуын

кейінге қалдыру.

Қазақстан РеспубликасныңҚылмыстық Кодексі.38-бап. Жаза ұғымы мен оныңмақсаттары.39-бап. Жазаың түрлері.79-бап: Кәмілетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.49-бап. Өлім жазасы.13-бап. 3-бөлім. Қылмыстардың қайталануы.- Сәйкес бап жоқ43-бап. Түзету Жұмыстары.53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететінмән-жайлар.54-бап. Қылмыстық жауаптылықпен жазаны ауырлататынмән-жайлар.60-бап. Үкімдердің жиынтығыбойынша жаза тағайындау.72-бап. Жүкті әйелдердің жәнебалалары бар әйелдердің жазаныөтеуін кейінге қалдыру.74-бап. Төтенше мән жайлардыңсалдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру.:

Қазақстан Республикасның

Қылмыстық Кодексі.

38-бап. Жаза ұғымы мен оның

мақсаттары.

39-бап. Жазаың түрлері.

79-бап: Кәмілетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.

49-бап. Өлім жазасы.

13-бап. 3-бөлім. Қылмыстардың қайталануы.

- Сәйкес бап жоқ

43-бап. Түзету Жұмыстары.

53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін

мән-жайлар.

54-бап. Қылмыстық жауаптылық

пен жазаны ауырлататын

мән-жайлар.

60-бап. Үкімдердің жиынтығы

бойынша жаза тағайындау.

72-бап. Жүкті әйелдердің және

балалары бар әйелдердің жазаны

өтеуін кейінге қалдыру.

74-бап. Төтенше мән жайлардың

салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру.

II. б/. Жазаның түрлері.

Жазалар жүйесінің ұғымы және маңызы. Жазалар жүйесі дегеніміз ауырлығы ескеріліп белгілі-бір ретпен орналасқан, толық берілген және сот үшін міндетті болып табылатын, қылмыстық заңда бекітілген жазалар түрінің тізімі. Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодекстінде жазалар жүйесі 39 баптың 1 бөлігінде орналасқан.

Әділқазылық мәселелерін шешуде жазалар жүйесін белгілеудің методологиялық және практикалық елеулі маңызы бар. Оның методологиялық маңызы сол әрбір жазаның қолдану жағдайын, дәл шегін және тәртібін көрсетіп, олардың толық тізімін беру арқылы қылмыспен күресте жазалау саясатының бірлігіне, сот қызметінде заңдылық принципін сақтауға қол жеткізе аламыз. Ал оның практикалық маңызы сол онда жазаның түрлері бір жүйемен /ең жеңілінен бастап ауырына қарай/ берілген, соның нәтижесінде сот заңға сүйене отырып, сот практикасының тәжірбиесін, қоғамдық көзқарасты және ғылыми ұсыныстарды ескеріп, сотталғанға ықпал жасаудың әртүрлі шараларын тиімді де ұтымды пайдалана алады.

Заңмен белгіленген жазалар жүйесінің маңыздылығы сонда ол арқылы қай жазаның аса қатаң, ал қай жазаның онша қатаң емес екендігін анықтай аламыз. Бұл тек жаза тағайындалғада ғана емес, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның жұмсақтау түріне ауыстырғанда да керек /ҚК-тің 71-бабы/. [5]

Жалпы жаза түрлерінің жүйесі және жазаның әрбір жеке түрі көптеген тәсіл арқылы сотталғанға ықпал жасау мүмкіндігін береді, сол тәсілдер арасынан сот ең орынды шараны таңдап ала алады. Осы жүйеге сәйкес соттар ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға қатысты да, онша кауіпті емес қылмыс жасаған адамдарга қатысты да ауырлығы әртүрлі жаза қолдануға құқылы.

Сонымен, жаза түрлерінің біршама көптігі қылмыстың да, оның жасаған қылмыскердің де қоғамға қауіптілігін ескеріп әділ жаза тағайындауға мүмкіндік береді, алдында тұрған мақсатқа жетуге көмектеседі.

Жазаның түрлері мен жүйесі, сонымен қатар, қылмыскерлікпен күресу тәсілдеріне және қылмыстың өзіне деген қоғамда қалыптасқан пікірдің көрінісі. Адамның өмірі, денесі, бостандығы, ар-ожданы жазаның обьектісі, ал өлім, жарақат, күш көрсетіп қинау, қамау, қудалау, мүлкінен айыру, масқаралау жаза қолданудың салдары болып табылады. Жаза қолданғанда қылмыскер әруақытта мемлекет атынан айыпталады. Қылмыстық жаза қоғамдағы үстем көзқарасқа және оның өмір сүруінің негізгі шарттарына сәйкес келетін көзқарастарға жауап беріп келді, жауап береді де. Заңдарға бұрынғы ескірген жазаларды енгізсек, оны қоғам тарихи анахроним деп санар еді, ол жазалар жүрмес еді. Керісінше, егер заңдарға қоғам саяси да, саа жағынан да әлі дайын емес жазаларды енгізсек, олар да жұмыс істемес еді. Қылмыстық заң мен жаза адамдардың қалыптасқан өміріне, қоғамдық қатынасқа, сол қоғамның идеология мен таптық құрылымына, мемлекет экономикасының ахуалына және осы негізде қалыптасып отырған этикалық және құқықтық көзқарастарға сәйкес келуі тиіс. Егер жаза түрлерінің қоғамның және қоғамдық қатынастардың даму деңгейімен байланысына көз жүгіртсек, мынадай заңдылықты байқауға болады: өндіргіш күштердің даму деңгейі төмен кезде қоғамдық тұрмыс та нашар, мәдениет те төмен деңгейде болды, оған сәйкес идеология болды; жазалаудың аса қатаң түрлері қолданылды ашықтан ашық үрей тудыру, өлтірудің, жарақаттаудың жетік түрлері болды жазаны қатайтуды қажет етті, аса қатаң жазалау кейінгі федолизмге тән әрекет еді.

1532-жылы қабылданған Карл У-нің қылмыстық жинағы "Каролина" сол кезеңді дәлірек сипаттайтын заң актісі.

Басқа елдердің заңдары да, одан кейінгі кездері де бұл заңнан алыс кеткен жоқ . Ф. Энгельс былай деп жазды: "Ағылшындардың қылмыстық заңының Европадағы ең қатаң заң екендігін білеміз. 1810 жылдың өзінде ол өзінің қатыгездігі жағынан Каролинадан кем түспеді: отқа жағу, доңғалаққа байлап, кескілеп өлтіру, тірі адамның шек-қарнын ақтару, т. б. жазалаудың көп тараған түрі болды"ЗІб]

Қылмыскерлікпен күрестің барлық формалары мен әдістері тек қатаң жазалаумен ғана шектелді. Ондағы басты мақсат "зиянкес" адамның көзін жою емесе оны адам сияқты өмір сүру қабілетінен айыру. Ол кездің ұраны -үрейлендіру мен қатыгездік. Бірақ, қатаң жаза қолданудың өзі қатыгездікті тудыратынын өмір көрсетті. Нәтижесінде қылмыс азайған жоқ, қайта көбейіп кетті. Сондықтан да алдыңғы қатарлы ойшылдар бір жағынан жазаның сипатын өзгерту керек, екіншіден қылмыстың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру керек дегенді айтты. Қазіргі тарихи кезең жағдайды жаза мен түзетуге болмайтындығын көрсетіп отыр, сондықтан да оқымыстылар бұл тығырықтан шығудың жолын іздестіруде. Осыған байланысты мәжбүрлеу және зорлық принципіне емес, сенімді мәжбүрлеумен ұштастырған принципке негізделген жаза теориясы ерекше маңыз алады. Бұл теория жаза қылмыскерлікпен күрестегі маңызды да және әзірше қажетті құрал болғанмен, ол жалғыз әрі басты құрал емес, тек қосымша ғана деген түсініктен туындайды.

Қоғамның әлеуметтік өміріндегі жазаның орны, бәрінен бұрын адамгершілікпен, адамға деген қамқорлықтан барып анықтамауға тиіс. Мәжбүрлеудің қылмыспен күрес тәсілдерінің бірі екендігін ескере отырып, бірақ ақтық соңында тек мақсатты тәрбие мен сенім арқылы ғана адамға ықпал жасауға болатындығын, солар арқылы ғана адамның сезімі мен ойы, көзқарасын, идеясын, дағдысы мен мінез құлқын өзгертуге болатындығын мойындау керек.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде бұл принциптер ескерілген және жаза түрлерінің тізімі бұрынғы заңмен салыстырғанда едәуір өзгерген. Жазаның кейбір түрлері сақталған, ал кейбіреулерін заң шығарушы алып тастаған. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстар, бостандықты шектеу, тағы басқадай жазаның жаңа түрлерінің жүйеге енгізілуі өте дәлелді. Жазаның кейбір түрлерінің атаулары да, оған сәйкес мазмұны да өзгерген. Әскери және арнайы атақтан айырудың орына арнайы әскери және құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру; бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстарына жіберудің орнына түзеу жұмыстары. Тәртіптік батальонға жіберу түріндегі жаза тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен ауыстырылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмыстық құқық бойынша жазаның жүйелері
Қылмыстық жазаның ұғымы
Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыстық жауапкершіліктің түсінігі, негізі және жүзеге асыру нысандары
Әкімшілік жазалардың түрлері
Жазаның жүйелері мен түрлері
Жазаны тағайындаудың жалпы негіздері
Қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz