Дін және ғылым пәнінен дәрістер


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

1 - Лекция тақырыбы: Дін және ғылым түсінігі.

2 - Лекция жоспары:

  1. Пәннің мақсаты міндеті.
  2. Дін мен ғылымның сипаты
  3. Дін мен ғылымның рационалдық типтері.
  4. Дін мен ғылым қоғамдық сананың болмысы

3. Лекция мақсаты: Дін мен ғылым арасындағы байланысты философиялық және діні түсініктер негізінде баяандау және бүгінгі таңдағы ролін анықтау.

4 - Лекция мазмұны:

Дінсіз ғылым соқыр

Ғылымсыз дін ақсақ (Эйнштейн)

Дін әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құблыстарға тән тарихи саяси, әлеуметтік, дүние танымдық, және психологиялық құблыс. Ол бұрынғы замандардан бері адамзатпен бірге жасалып келеді. Оның негізгі тұжырымы құдай мен адамның ара қатынасы, адамның танымының құдаймен байланысы сиптталады. Ғылым дінді табиғи инстинкт өмір үшін күрестің құралы деп санайды және діндарлық генінің болуы ықтимал деген тұжырым жасайды. Ғылымның тақырыбы: әлем және адам арасындағы қатынасты зерттейді. Ал дін тақырыбы: алла мен адам арсындағы қатнасты зерттейді. Діни таным нагіздері.

  1. Құран
  2. Хадис
  3. Ижиа
  4. Қйяс
  5. Әдеп
  6. Ғұрып
  7. Мәдениет

Дін турасындағы барлық ғылымдарға ортақ нәрсе эмпирикалық мәліметке сүйену принципі болып табылады. Бұл діннің феноменологиялық, философиялық, және теологиялық бағыттан ерекшелеп тұратын тұсы. Дін социологиясының тақырыбы құдайдың өзі емес, құдайға сенетін адамдардың жүріс-тұрысы, әлеуметтік себептері, сол сенімнің мәні мен оның салдарыболып табылады. Ал құдай бар ма, қандай дін шынайы болмақ, бұлар теологияның үлесінде. Ал оны ақылмен дәлелдеу немесе терістеу сияқты мәселелер дін философиясы айналысады. Социологты әртүрлі елдерде түрліше болғанымен, адамдар құдайға сенеді және теориялық тұрғыда негіздеуге және түсіндіруге болатын әлеуметтік факт ретінде діннің мәні мен мағынасын айқындайды деген факт қызықтырады. Дін социологы үшін индивидтер мен топтардың жүріс-тұрыс акттарыжиындығы, әрекеттерінің өнімдері мен нәтижелеріқызықтырады.

Әлеуметтік факт ретінде дін. Дюркгейм дінді қасиетті нәрселерге бағытталған сенімдер мен практикалар системасы ретінде анықтама жасаған. Бұл анықтама шешілуі тиіс проблеманы айқындағандықтан социологиялық мәнге ие: адамар нені қасиетті деп таниды және оған деген қатынасына қарай адамдар өздерін қалай ұстайды ? Осы сұрақтарға жауап беру арқылы дінді әлеуметтік факт ретінде түсінуге болады.

Социологтардың дінді теориялық және эмпирикалық зерттеулерінде қолданылатын дін ақытамасы екі типке бөлінеді: субстанционалдық (осы типпен дінде бар мәндер қарастырылады, философиялық тұрғыда субстанция - оның негізінде жатқан мәні деген мағынаны білдіреді) және функционалдық (осы тип бойынша діннің атқаратын функциясы айқындалады) .

Діннің субстанционалдық анықтамасы. Діннің субстанционалдық анықтамасына, мәселен, «табиғаттан тыс күшке сенім» тәрізді көптеген дін анықтамаларын келтіруге болады. Тайлор дінді анимизм теориясынан туындаған «рухани тіршілікке» сенім деп анықтама жасағн. Діннің орындайтын функцияларын түсіндіру үшін алдымен оның негізінде не жатқандығын түсіну, белгілі бір дәрежете қызмет атқаратын органын айқындап алу қажет. Дюркгеймнің жасаған дін анықтамасы субстанционалдық элементті қамтиды: дін дегеніміз қасиетті нәрелерге қатысы бар, топтарға бөлшектенетін сенімдер практикалар жиындығы. Субстанционалдық анықтаманың негізгі ерекшелігі ретінде діннің өзі сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ, діннің нағыз өзі бола алмайтын діни феномендердің функционалдық баламасынан сақтайды деп айтуға болады.

Діннің субстанцоналдық анықтамасы саяси партиялар мен түрлі идеологиялық т. б. жүйелердің жетегінде кеткен жалған діни феноменнің типтерін електен өткізуге мүмкіндік жасайды.

Әрине, діннің субстанционалдық анықтамасы оңай айқындалмайды, оның өзіне тән қиыншылықтары баршылық. Дінді анықтауға тырысқандар одан адамның ерекше субстанциямен, қасиеттілікпен байланысын байқаған. Ал қасиеттілікке келер болсақ, ол адамдарға үкім жүргізу қабілетіне ие, құрметтеу, қастерлеу, сүю, бас ию сияқты өзімен ерекше қатынаста болуды талап етеді. Ал мұндағы қиыншылық «қасиеттіліктің» табиғатын түсінумен байланысты. Профандық заттарды қасиеттіден ажырата отырып, Дюркгейм заттарға онда болмаса да, адамдар тарапынан қасиеттілік сипат беріледі деп қуаттаған. Кезкелген зат, кезкелген объект (тіршілік, әлеуметтік құбылыс, құндылық) «қасиеттілік» функциясын орындауы мүмкін. Осыған мысал ретінде ойда тұрған идеяларымызды (қасиеттілік) белгілеп алу үшін, - деп жазды Дюркгейм, - осы идеяларды символмен көрсететін белгілі бір заттарға көңіл аударамыз: өз туын қорғап, құрбан болған жауынгер бір жапырақ матаға бол жанын қияды. Коллективтік ой индивидуалдық ойға оған лайықты түрде қарауын міндеттейтін қабілетке ие. Енді қасиеттілік дегеніміз «әлеуметтік ортаға» тән құбылыс. Дюркгеймнің пікірі бойынша, дін дегеніміз табиғаттан тыс күшке емес, әлеуметтік мәнділікке сену. Дін анықтамасының негізі ретінде ұсынылған «қасиеттілік-профандық» дихотомиясы «табиғат-табиғаттан тыс», имманенттік-трансценденттік дихотомиямен сәйкес келмейді. Алайда, бұл құдай, махаббат өсиеті немесе христиан үшін шоқыну құпиясы сияқты қасиетті нәрселер ата-бабадан қалған отан, дәстүр, патриоттық үшін қызмет жасау болып табылатынын білдірсе керек. Егер дінде табиғаттан тыс құбылыс болмаса еді, оның ұлттық-патриоттық идеядан айырмашылығы неде ? Ұлтшылдық мәселен, діннің формасы болмас па еді ? Өз отанын дәріптейтін оны басқадан артық көретін, оның ән ұраны мен байрағын құрметтейтін, оның өркендеуі үшін өз жанын да құрбан ететін іс-әрекеттер діни жүріс-тұрыс болмас па еді ?

Бақлау сұрақтары: 1. Дін мен ғылым арасындағы байланыс.

2. Философия мен соцология саласындағы дін мен ғылым орны.

3. Дін мен қоғам түсінігі.

2 - Лекция тақырыбы: Ғылыми таным түсінігі және оны негізгі ерекшеліктері.

2 - Лекция жоспары:

1. Ғылыми көз қарас

2. Ғылыми танымның жалпы әдістері.

3. Материялдық және рухани мәдениет сисемасындығы ғылыми таным ролі.

3 - Лекция мақсаты: Бүгінгі таңдағы таным мәселесін дін және ғылым тұрғысында түсіндіру.

4 - Лекция мазмұны:

Таным өте күрделі, қайшылыққа толы, үзаққа созылатын процесс болғандықтан, оны іске асыру барысында түрлі әдестер мен тәсілдер қолданылатыны өзінен-өзі түсінікті. Кең мағынада әдіс дегеніміз белгілі бір мәселені шешу үшін таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен эрекеттер жиынтығы. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты - шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу. Тағы бір көңіл бөлетін жэйт, зерттеуші ғылыми танысының әдістерін өз қалауы бойынша, қалай болса солай белгілей салмайды. Әдістер зерттелмек болып отырған объектіге тэн ерекшеліктер мен заңдылықтар негізде таңдап алынады. Бүл тұрғыдан алғанда әдістер объективті сипатта болады, сөйте түра олар адамның рухани қызметінің нәтижесі болып табылады және де ол тек адам санасында өмір сүреді. Сондықтан да әдіс объективтілік пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігін құрайды.

Ғылыми танымның әдістері ете көп, әрі сан салалы, себебі танып білудің объектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістерін шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады;

2) жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласында
пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді;

3) жекеше әдістер. Олар нақты қүбылыстарды бір ғылымның шеңберінде
зерттеуге қолданылады. Мәселен, математикалық индукция әдісі - математикада, қоспалардың ыстыққа төзімділігін анықтау әдісі - металлургияда, радиоактивті бөліну әдісі - ғарышты зерттеулерде пайдаланылады.

Материалистік диалектика бүкіл элемді, дүниені біртұтас қарастырып, табиғаттың, қоғамның, адам ақыл-ойының дамуындағы ең жалпылама зандылыктарды зерттейтін бірден-бір ғылым болғандықтан, ғылыми танымның ең жалпылама әдісі рөлін атқарады; оның методологиялық мән-мағынасы жөнінде жоғарыда кысқаша айтылып өткен болатын.

Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириялық және теориялық дэңгейлерін ажыратқан элбетте дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Эмпирикалық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет түрғысынан кабылданады. Әрине, ғылым мен тахниканың дамуына байланысты адамның сезімдік танымның көкжиегін элдеқайда кеңейтетін аспаптар, қүралдар, компьютерлер іске қосылып жатқанын айта кеткен артық емес.

Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.

Ғылыми танымның эмпириялык, деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс - бақылау деп аталады. Оның мэні - зерттеу объектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы үйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді жіті қадағалау. Мәселен, бидайдың бір сортының өсіп-өну ерекшелігін зерттеу мақсатында көктемгі егістен бастап күздегі жиын-терімге дейінгі аралықта дэн топырақтан көктеп есіп шыкқаннан бастап, астықты орып алғанға дейінгі өзгерістері есепке алынып отырады. Сол негізде тиісті ғылыми қорытындылар жасалады. Келесі әдіс - эксперимент - ғылыми

тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі - зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы. Зертгеуші объектіні эр түрлі кездейсоқ жағдайлардан оқшаулап алып, бөліп қарауы мүмкін. Қажет болған жағдайда эскпериментті элденеше рет қайталауға да болады.

Осы заманғы кең пайдаланылатын әдістердің бірі - модельдеу. Модельдеу дегеніміз эксперименттің бір түрі, бірақ мұнда объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зертгеледі. Модель (латын тілінен аударғанда үлгі деген ұғымды білдіреді) - зерттелетін объектімен ұқсастық қатынаста болатын, таным процесінде оның орнына пайдаланылатын, нақты өмір сүретін немесе ойша алынатын жүйе, яки құбылыс. Жүртшылыққа ежелден белгілі көз таныс модельдерден географиялық картаны, глобусты, химиядағы қүрылыстық формулаларды т. б. атауға болады.

Ғылыми таным процесінде анализ (талдау, саралау) және синтез (қиыстыру, біріктіру) әдістері үлкен рөл атқарады. Зерттелуге тиіс объектіні ойша түрлі қүрамдас бөліктер мен жақтарға бөліп қарастыруды, сол негізде оның түрлі қасиеттерін, ішкі байланыстарын анықтау әдісін анализ деп атайды. Мәселен, адам ағашты зерттеп білу үшін оның тамырын, діңін, бүл^ақтары мен жапырақтарын, түрін сыртқы сипатын т. б. ойша жіктеп қарайды. Байқап отырғанымыздай таным процесі анализбен шектелмейді. Объектінің эр қүрамдас бөлігін жіктеп қарап, зерттеп алғаннан кейін бастапқы тұтастыққа қайта көшу керек. Бүл синтез әдісі арқылы іске асырылады. Анализ және синтез - адамның күнделікті практикалық іс-әрекеті негізінде өмірге келген әдістер.

Фактілерді анализ жасап талдағаннан соң теориялық синтезге көшу индукциялық әдіс арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген тұжырымдар негізінде жалпы қорытынды жасауды индукция әдісі деп атайды. Бүған кереғар әдісті, яғни нэтижеден кері қарай жүріп жеке-жеке түжырымға келуін дедукция дейді.

Бақлау сұрақтары: 1. Ғылыми таным ерекшеліктері.

2. Обьекті және субьекті

3. Анализ жіне синтез

3 - Лекция тақырыбы: Діни таным және оның маңызы мен мақсаты

2 - Лекция жоспары:

1. Дінге көз қарас

2. Діни сенім және таным ерекшеліктері

3. Қоғамдық дамудағы діни түсініктер

3 - Лекция мақсаты: Дін жөніндегі көз қарстарды талдай отырып бүгінгі таңдағы діни сенім құндылығын арттыру

4 - Лекция мазмұны:

Дінді ақылдық идеологиялық дәйектемелерімен түсіндіруден өзге ол жайлы өзге ғылымдармен бірге социология адам өміріндегі діннің рөлін ашуға тырысып, олардың діни жүріс-тұрысын зерттеу фактілеріне сүйенген кездейсоқ дәйектемелерге мән береді. Осы бағыттағы алғашқы қадамды О. Конт (1798-1857) жасады. Ол әлеуметтік өмірде табиғи ғылымдарды қолданумен, танымның индуктивтік (жалқыдан жалпыға өту) әдістері арқылы зерттеуге болады деп, осы арқылы қоғам жайлы ғылым - социологияны жасауға болады деп санады. Француз революциясы салдарынан Еуропа қоғамында болған тоқыраудан шығудың жолы деп, Конт социология арқылы қоғамның тұрақтылығы мен даму жолын іздеуге әрекеттенді. Осының нәтижесінде мынандай сұрақтар туындады: әлеуметтік тәртіптің негізін не құрайды ? ондағы діннің әлеуметтік рөлі қандай ?

Әлеуметтік динамика жайындағы Конт ілімі діндер тарихынан алынған түсінікке негізделген «қоғамның эволюциялық модельі» құрайды. Қоғам прогресі жайлы осы ілім адамның өмірлік кезеңдері - балалық, жастық және ер жетуге сәйкес келетін үш сатыдан өткен. Бірінші саты - теология. Аталған сатыда адам құбылыстарының ішкі мәнін тануға және олардың пайда болу себептерін білуге ұмтылады. Бұл сатыда діни сана үш типпен байқалады: фетиштік, политеистік және монотеистік. Екінші саты деп аталатын метафизикалықта абстрактілік түсінік басым болады. Құдай өзінің мәнділігін жоғалта бастайды. Ал үшінші саты - «позитивтікте» адам құбылыстардың нақты мәнін ашуға тырысады, адамға ғылым жетекшілік етеді.

Конт ілімінде дін жайлы ілім үшін екі сәт маңызды:

  1. Дін қоғамның ажырамас бөлігін және маңызды элементін құрайды.

Алайда қоғамның дамуы барысында дін өзінің орнын ғылымға береді. Осының нәтижесінде бұл адам қоғамының дамуы жолында дінге мұқтаж болмайтын секуляризация теориясы дамуын қамтамасыз етеді, қоғамдық өмір рационалдық негізде қалыптаса бастайды, оның айқындаушы күші ғылым болады.

  1. Әрбір тарихи қабат белгілі бір әлеуметтік құрылыммен, билікпен байланысты.

Басталуынан ХІІІ ғасырға дейін адамзат тарихын қамтитын теологиялық идеялардың үкім жүргізуі қоғамдағы руханилық пен әскери қолбасшылардың үстемдігіне, метафизикалық сатыда бюрократия мен заңгерлер үстемдігіне сәйкес келеді.

Нәрселердің теологиялық тәртібінің соңғы тарихи формасы, Конттың пікірі бойынша, христиан монотеизміне сәйкес келетін католиктік және феодалдық режим болған. Егер бүкіл тарих бойында діни сенімдер әлеуметтік тәртіпті байланыстырып тұратын күш қызметін атқарса, соңғы кезеңдегі діннің құлдырауы әлеуметтік байланысты бұзады. Енді әлеуметтік құрылысқа жаңа тірек қажет. ХІХ ғасырда қуатталған қоғамдағы позитивтік қабатқа жетекші рөлді инженерлер мен оқымыстылар ойнай бастады. Қоғамдағы діннің ықпалы жоғалған кезде, қоғамды біріктіруші күшке ғылыми білімнің позитивтік синтезі айналған. Ақылдың көмегімен қоғамды саналы түрде ұйымдастырудан үмітін үзген Конт соңында әлеуметтік байланыстың рухани тірегі ретінде «екінші теологиялық синтездің» қажеттігі турасындағы қорытындыға келді. Ол позитивтік діннің орнына «ұлы тіршілік бірлестігі», алып әлеуметтік организм ретінде адамзат культін ұсынды. Осы діннің жоғарғы абызы қоғамға жетекшілік ету қабілетіне ие, әлеуметтік өмірдің қыр-сырын меңгерген социолог болуы тиіс.

Конт тек ғылыми дисциплина ретінде дін социологиясын дүниеге әкеліп қана қоймай, дін, тым болмағанда, дәстүрлі қоғамда оның әлеуметтік құрылымының бір бөлігі болып табылады және қоғамда белгілі, оның ішінде позитивтік функцияларын орындауға қабілетті деген ой тудырып, оның қалыптасуына негіз жасады.

Әлеуметтік системалардың табиғи бірлігі идеясы және оның эволюциялық процесі ХІХ ғасырдың ІІ ші жартысында Еуропа қоғамы ойының иегері Г Спенсер (1820-1903) социологиясында орталықтандырылған. Спенсер эволюция қоғам құрылысының өнеркәсіптік типін қуаттауға, индивидуализм мен утилитаризм принциптері жеңісіне алып барады деп ойлаған. Толығымен осы принциптер бойынша Англиядағы әлеуметтік пікір дінді әлеуметтік тәртіп негізі деп те, әлеуметтік прогресс жолына кедергі деп те қарамаған. Утилитарлық индивидуализм көзқарасы бойынша қоғам өмірінің едәуір мағызды реттеушісі дін емес, рынок (базар), саяси әрекет болып табылады. Ал дін турасында сөз қозғар болсақ, ол оншалықты мәнге ие емес.

4 - Лекция тақырыбы: Ғылым мен дін арасындағы байланыс және қарама - қарсылық

2 - Лекция жоспары: 1. Ғылым мен дін мақсаты

2. Ғылым методология

3. Діни методология

3 - Лекция мақсаты:

4 - Лекция мазмұны:

Дін адамның ойы мен жүріс-тұрысын жануарлардың жүріс тұрысынан ерекшелейтін символдандырылған қабілетімен сипатталады. Адам тіл мен өзге де символдық құрылғылар арқылы символдық системаларды дүниеге әкелген және оны пайдаланған. Дін мифтер мен ритуалдар тілінде сөйлейді. Сонымен қатар ол мәдени системалардың бір бөлігі, мәдени үлгілер осы діннің сақтау, жаңарту функциялары арқылы кейінгі ұрпақтарға бекемделіп, жеткізіліп отырады және бұл процесс әлеуметтік системада жүзеге асатыны айқын. Мәдени системалар символдық мәні бар - кодтар кешенінен құралады, олардың негізінде іштей үйлескен символдар сақталған.

Дінде символдарды өзге тәсілмен түсіндіру мүмкін емес. әлгі символ оның киелілігін білдіретін жалғыз жол. Дюркгеймнің пікірі бойынша қасиетті заттар символдық мәнін білдіредіоның мағынасын өзге терминдермен түсіндіру мүмкін емес.

Символ дегеніміз - қандай да бір затты білдіретін немесе қандай да бір идеяны нұсқайтын белгілер мен образдар. Символ объект, әрекет, мифтер, адамдар түрінде кездесуі мүмкін.

Қасиетті деген сөз латынша құдайға арналған sacer мағынасын білдіретін профандыққа қарама-қайшы сөз. Бұл түсініктер римдік культтен туындаған. Қасиеттілік - адамға қорқыныш ұялататын, сонымен қатар, оны бақытты да қылатын құпия күш.

Ғылыми танымның логикасы мен методологиясы.

Ғылыми танымның логикасы, методологиясы мен әдістері туралы сөз еткенде міндетті түрде логика, методология және әдіс деген үғымдардың мазмұнын ашып көрсету қажет. Ғылым логикасы деп материалистік диалектиканы түсінеміз. Өйткені, ғылыми таньшдағы негізгі мақсат - толық емес, дэл емес білімнің толығырақ, дэлірек білімге айналуы, жаңа теорияны жасау мен дамыту, ескі теориядан жаңа теорияға көтерілу, яғни ғылыми таным - қайшылықты, күрделі элеуметтік процесс.

Абстрактіліктен нақтылыққа қарай өрлеу - ғылыми теорияны жасаудың, зерттеліп отырған объектінің мэнін ашудың жалпы әдісі. Абстрактілік деп зерттеліп отырған объекті туралы біржақты білімді, түсінікті айтады. Ал ойлаудағы нақтылық - объект туралы кептеген абстрактілі анықтамалардың, түсініктердің жиынтығы, эр түрліліктің бірлігі. Абстрактіліктен нақтылыққа қарай өрлеу әдісі - ол К. Маркстің "Капиталды" жазуымен қатар басқа да ғылыми теорияларды жасауының шынайы дэлелі болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Электронды оқулықтың тиімділігі
Әзиз хан медресесі
«Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электронды-әдістемелік құралды құрастыру
Интерактивті тақтаның құралдары
Оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі
Дін мамандарынан ұлттық бағытты ұстануға қатысты сұхбат алсам
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz