Адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:
Адам және азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтары»
Мазмұны
Кіріспе
I тарау Адам мен азамат жағдайының Қазақстан Республикасындағы конституциялық негіздері.
1. 1 Қазақстан Республикасы заңдары бойынша азаматтық ұғымы, оны алу және жою . . . 6 - 14
1. 2 Адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі . . . 15- 37 1. 3 Халықаралық адам құқықтары мен бостандықтар . . . 38-45
II тарау Адам құқықтарын қорғаудың тетіктері.
2. 1 Құқық қорғау органдарының адам құқын қорғаудағы ролі . . . 46-57
2. 2 Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғау жөніндегі өкілетті органдар . . . 58-72
2. 3 Сот жүйесінің адам құқын қорғау жүйесіндегі орны . . . 73-81
Қорытынды . . . 82-84
Қолданылған әдебиеттер . . . 85-87
Қосымша . . . 88-90
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық ретінде мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының өктемдігінің жолында тосқауыл болуға, мемлекеттің қоғамды шексіз билеп-төстеуіне кедергі қоюға тиіс.
Құқықтар мен бостандықтар көп жағдайларда адамның қоғамдағы орнын, оның мемлекетпен өзара байланысын анықтайды. ҚР Конституциясының 1-бабында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп бекітілген. Бұл конституциялық норма - мақсатта мемлекеттің құқықтық дамуының ұзақ мерзімдік міндеті - мемлекеттің құқықтық сипатын қалыптастыру жарияланған. ҚР Конституциясының негізгі идеясы мен адам мүдделерінің жалпыға бірдей презумпциясы болып табылады. «Адам мүдделерінің презумпциясы, - дейді профессор Г. Мальцев, - заң аясында барлық қарама - қайшылықтар, барлық дау-дамайлар адам үшін не тиімді деген көзқарас тұрғысынан шешіледі, барлық шешімдер осы тұрғыдан қабылданады, ал ол адам қайдағы бір қиялдағы, қандай да болмасын демократиялық сұлбаға сәйкес әсерленген адам емес, нақтылы мақсаттары мен қажеттіліктері өмірде бар, тірі адам.
Адамның құқықтары - бүкіл адамзаттың ажырамас, бөлінбес игілігі. Бұл дүниеде қандай да оқиғалар мен әрекеттер орын алмасын, қандай да ғылыми жаңалықтар ашылмасын, олар адамның жағдайына, оның құқықтары мен бостандықтарына жағымсыз әсер етпеуге тиіс. Қоғамдық процестердің дамуында құндылық бағдар адам құқықтарын ұлағаттаған дүниежүзілік және ұлттық дамудың барлық процестерін адаммен өлшеудің мәні осында.
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап көптеген мемлекеттер жалпы адамзаттық құндылықтардың, либералдық-демократиялық идеялардың ықпалымен адам құқықтарын қорғауды көздейтін құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет принциптерінен бағдар алды. Адам құқықтарын жан-жақтылау процесіндегі мына төмендегідей аса маңызды кезеңдерді атап өту қажет. 1948 жылдың 10 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымы негізгі құқық қорғаушы құжат - Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады. Адам құқықтарын қорғауда 1975 жылы Хельсинки және 1989 жылы Вена келісімдері де маңызды құжаттар болды.
ҚР Конституциясында тек әлеуметтік мелекеттің ғана емес, сонымен бірге құқықтық мемлекеттің де қағидалары дамытылды. Тұңғыш рет мемлекет пен тұлғаның өзара қарым-қатынасы сот негізіне қойылды, барлық құқықтар мен бостандықтарды сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға мемлекеттік органдар, азаматтар және олардың бірлестіктері араларында туындайтын барлық дауларды сот жолымен шешу қағидасы енгізілді.
1997 жылы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдардың қабылдануына орай 1995 жылғы Конституцияның талаптарына сай адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдік кеңейтілді. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін басымдылықпен қорғау қағидасын бекітудегі келесі маңызды қадам - ҚР Конституциясының қабылдануы болды.
Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарының үлкен тізімі бекітілген. Бұл арада ҚР Конституциясында адамның құқықтары мен бостандықтарының адам құқықтарының халықаралық стандарттарынан бастау алып, бекітілуінің аса маңызды факт екенін атап өткен жөн. ҚР Конституциясында бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтары заңдардың, мемлекеттік билік органдарымен олардың лауазымды тұлғаларының қызметтерінің мәнін, мазмұны мен қоданылуын белгілейді. Конституция құрамындағы бұл маңызды ережелер мемелекттік органдардың қызметін реттейтін бөлімдердің алдынд келтірілген, бұл мемлекеттің адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылықтар деп санап, қоғамның оның мүдделерін мемлекеттікінен жоғары қоятынын білдіреді.
ҚР Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық және саяси құқықтары мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның дербестігін, жеке-дара мүдделердің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы және барлығына қол сұғушы ұйымның рөлін атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғам орнатудың маңызды алғы шарты болып табылады. Нақ осы тұлғаның белгіленген дербестігі оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті және қоғам мен мемлекеттің проблемаларын шешуге қатысу үшін жағдайлар жасауы егеменді Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы.
Жалпы алғанда ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуына көмектесетін адам құқықтары мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген. Бұл каталог жалпы халықаралық стандарттарға сай келеді. Оның үстіне, Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды қорғаудың және кепілдік берудің нақты механизмі бар. Аталған қағиданың Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу, әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді.
Қазіргі жағдайда адамның бостандығы біршама басқаша түсініледі. Адамның бостандығы тек белгілі бір әрекеттер жасау және оларды іске асыруда кездесетін кез келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды. Адамның бостандығы көрініс табатын маңызды тұстардың бірі - жауапты шешімдерді қабылдау еркіндігі. Бұл адамның санасы мен мәдениетінің даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет етеді.
Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы мына қағидаларға негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады; адамға оның құқықтары мен бостандықтарын құдай да, мемлекет те сыйлаған емес, сондықтан да оларды адамның табиғи құқықтары деп атайды. Адам өзінің құқықтары үшін ешқандай құдай немесе зайырлы билікке қарыздар емес. Ол еш уақытта да мені жарылқап, маған құқықтар мен бостандықтар берді деп ешкімге бас июге, ешкімнің алдында өзін мәңгілік борышкермін деп сезінбеуге тиіс. Адамның қадір-қасиеті оған, адамға, өзінің құқықтары мен бостандықтарының түйірмелерімен пайдаланғандығы үшін кімге де, неге де болса да құлшылық етіп, бас ұрумен сыйымсыз. Олар оған оның тек адам болғаны үшін ғана тиесілі.
Дипломдық жұмысымның мақсаты - Қазақстанда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамсыз ету проблемаларын тиімді шешу. Осыдан келіп туындайтын міндеттер:
1. ҚР заңдары бойынша азаматтық ұғымы, оны алу және жою жолдарын зерттеу.
2. Адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесін ашып көрсету.
3. Халықаралық адам құқықтары мен бостандықтарының мән мазмұнын сипаттау.
4. Құқық қорғау органдарының адам құқын қорғаудағы ролін салыстыру.
5. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі өкілетті органдарының қызметтеріне талдау жасау.
6. Сот жүйесінің адам құқын қорғау жүйесіндегі орнына құқықтық баға беру.
Тақырыптың зерттеу обьектісі: Адамдардың құқықтарын реттейтін ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Әкімшілік құқық, ҚР «Еңбек туралы» Заңы, ҚР-ның «Білім туралы» Заңы т. б. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған.
I тарау Адам мен азамат жағдайының Қазақстан Республикасындағы
конституциялық негіздері.
1. 1 Қазақстан Республикасы заңдары бойынша азаматтық ұғымы, оны алу және жою.
Адам құқығы саласында Қазақстан Республикасы Конституциясының толықтай халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларынан бастау алатыны баршаға белгілі. Тек Конституциядағы және халықаралық құқықтағы адам құқына деген көзқараста кездесетін ұқсастықтар мен айырмашылықтарға тоқталайық.
1. Халықаралық құқық сипаты Қазақстан Республикасының Конституциясы да қандай да болсын нәсілдік, тері түсі, жыныстық, тілдік, діндік, саяси нанымды, ұлттық және әлеуметтік және өзге де жағдайларының белгілері бойынша кемсітуді толықтай теріске шығарады.
2. Жасына: балалар, еңбекке қабілеттер, зейнеткерлер екендігіне байланысты мәртебе бірдей белгіленеді.
3. Отбасы мәртебесі мәселесі қоғамның қарапайым ұясы ретінде де, негізгі ұясы ретінде де бірыңғай шешіледі.
4. Адамның мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында құқықтары мен бостандықтары жарияланады, оларды жүзеге асыру кепілдігі қарастырылады.
5. Абырой, өмір, денсаулық және қадір-қасиет өз дәрежесінде қорғалады.
6. Адамның құқы мен бостандығын шектеуге өзгеше жағдайларда ғана жол беріледі.
7. Азаматтардың кез келген әр түрлі ассоциацияларға бірігуіне кепілдік беріледі.
Халықаралық құқық нормалары адам құқы мен бостандығын азаматтарға, шетелдіктерге, апатридтерге бөліп сипаттайды. Азаматтар мен аталған мемлекеттің азаматы болып табылмайтын адамдардың ара қатынасын дұрыс белгілеу үшін ұлттық заңдарда да осындай өзгешелік жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы да осы принципті басшылыққа алады (12-бап) .
Шетелдіктер мен апатридтердің құқы мемлекеттің мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті деңгейде шешіледі. Атап айтқанда, олар мемлекеттің өкілетті органдарын сайлауға қатыстырылмайды, әскери қызметке шақырылмайды және т. б.
Қазақстан Республикасындағы азаматтығы жоқтардың құқықтары мен бостандықтарының шеңбері кең. Тек меншік және кәсіпкерлік қызмет саласындағыларын ғана атап өтейін. Сот шешімінен басқа ретте ешкім ешкімді өз меншігінен айыра алмайды. Мұнда әңгіме барлық адамдардың азаматтыққа тәуелсіз меншігі жөнінде болып отыр. Шетелдіктердің де, азаматтығы жоқ адамдардың да кәсіпкерлік қызметі мемлекеттің қорғауында болады. Проблеманың мұндай шешімі халықаралық құқық нормаларына сәйкес келеді. Азаматтық және саяси құқық туралы пактте «әр адам, ол қай жерде тұрса да, оның құқықтық субьектілігін тануға құқы бар» делінген (16-бап) .
Осы айтылғандарды тұжырымдай келгенде, ҚР Конституциясы жалпыға мәлім халықаралық құқықтық актілердегі демократиялық, гуманды құндылықтардың бәрін барынша бойына сіңірген құжат болып табылады. Конституция - мемлекеттің Негізгі Заңы болғандықтан ол бастауларды көрсетпейді. Дегенмен, Қазақстан Республикасының Конституциясы бір-қатар жағдайларда халықаралық құқықтың нормаларына тікелей жүгінеді.
Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтың жалпыға мәлім нормаларына бағдарланған ұлттық заңдарды қалыптастырудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңдары азаматтықты азаматтардың жиынтығы арқылы емес, әр жеке адам бойынша белгілейді.
Қазақстан Республикасының азаматтығына адамның мемлекетпен арасындағы өзара құқықтар мен бостандықтар жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланыс ұғынылады. 1«Азаматтық» ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады: 1) адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта алмайды; 2) адамның мемлекетпен байланысы саяси-құқықтық сипатта болады. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын кез келген адаммен құқықтық байланысқа түсе алады. Бірақ саяси қатынас тек мемлекет пен оның азаматы арасында ғана орнай алады; 3) мемлекет пен азаматтың арасында өзара құқық пен міндеттемелер белгіленеді.
Қазақстан Республикасы өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан өз азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасы азаматтары өзінің республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, оның мүдделерін, аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-ғұрып, дәстүрлерді, мемлекеттік тілді және оның аумағында тұратын басқа да ұлт өкілдерінің тілдерін құрметтеуге, Қазақстан Республикасының қуатының, егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайтылуына үлес қосуға міндетті.
Қазақстан Республикасы азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен және Республиканың азаматтық туралы Заңымен реттеледі. Конституцияға азаматтық туралы негізгі қағидалар: барлық азаматтардың теңдігі туралы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы, құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы, азаматтықтан айыруға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіндігі туралы қағидалар енгізілген. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заң: қандай адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын, олардың құқықтық жағдайларын, азаматтықты алу және тоқтату тәртібін, ата-аналардың азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап алған кездегі олардың балаларының азаматтығын, азаматтық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтық мәселелері бойынша арыздар мен ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тәртібін, сондай-ақ азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының азаматтары азаматтықты алу негіздеріне, шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайларына, нәсілді және ұлттық сипатына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатынасына, саяси және өзге де наным-сеніміне, руы мен қатынас сипатына, тұратын орнына және басқа мән-жайларына қарамастан заң алдында тең.
а) Азаматтық туралы Заң күшіне енген күнге -1992 жылдың 1 наурызына Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
ә) азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Қазақстан аумағында тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және шетелдің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі.
Қандай да бір болсын шет мемлекетке жататындығына дәлелдемесі бар адамдар шетел азаматтары болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) тууы бойынша; 2) Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдану нәтижесінде; 3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша; 4) Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңда қаралған өзге де негіздер бойынша алынады.
Бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, қай жерде туғанына қарамастан бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Егер бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрса баланың азаматтығы ата-аналарының жазбаша нысанда білдірген келісіміне орай белгіленеді. Егер ата-аналарының бірі бала өмірге келген кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, егер бала: 1) Қазақстан аумағында туған; 2) Қазақстаннан тыс жерде туған, бір-ақ ата-аналарының немесе олардың біреуінің осы кезде Қазақстан аумағында тұрақты тұратын орны болса, бала Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан азаматы болып табылады.
Басқа мемлекеттің азаматы және азаматтығы жоқ адам олардың өтініштері бойынша азаматтық туралы заңда қаралған шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін. Кәмелеттік жасқа толмаған қабілетсіздер, Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргендер, саяси себептермен Қазақстан аумағын тастап кетуге мәжбүр болғандар және олардың ұрпақтары көрсетілген шарттарсыз Қазақстан азаматтығына қабылданады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен азаматтық туралы Заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл Жарлық бұрынғы Кеңес Одағының азаматтары арасындағы қатынастардың кейбір ерекшеліктерін бейнелейді. Бұрынғы КСРО азаматтары бір республикадан екіншісіне еркін қатынады. Туыс адамдардың әр түрлі республикаларда тұруларына мүмкіндігі болды, тұрып жатты да және бір-бірімен ешқандай қиындықсыз араласты. Алайда, КСРО-ның ыдырауының және дербес мемлекеттердің құрылуының нәтижесінде жағдай өзгерді. Шекара белгіленді және соған орай шектеулер қойылды. Бұл адамдардың қатынасына, мемлекетаралық қатынастарға әсер етті. Бұрынғы КСРО республикалары азаматтарының арасында тарихи қалыптасқан қатынастарды одан әрі нығайту және Қазақстан азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібін белгілеу мақсатында Жарлық Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңға өзгеріс енгізді. Отбасылық қатынастарды қалпына келтіру үшін бұрынғы одақтас республикалардың Қазақстан Республикасы азаматтарына жақын туыстары (балалары, жұбайы, ата-аналары, апа-сіңлілері, аға-інілері, атасы мен әжесі) барлар Қазақстан азаматтығына қабылданатын болды. Жеңілдетілген тәртіптің мәні мынада, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы тілек білдірген адамдардың өтініштері өтініш берген күннен алты айдан асырмай қаралатын болды. Сонымен бірге осы Жарлық ҚР-ның азаматтық туралы Заңмен белгіленген басқа адамдардың азаматтық алуға қажетті 10 жылдық тұрақты тұру мерзімін 5 жылға дейін кемітті.
Азаматтық туралы мәселелер Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен шешіледі. Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы осы мемлекеттердің азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібі туралы келісімге осылай қол қойылды. Мұндай келісімдер аталған мемлекеттердің өздерінің азаматтығының жалпыға бірдей нормаларын, құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, адамдардың тиісті тарихи және дәстүрлі достық байланыстарын сақтау мен нығайтуға ұмтылудан туындайды. Келісімге сәйкес әр тарап басқа елден өз аумағына тұрақты тұруға келген, бұрынғы КСРО азаматы екендігін дәлелдеген азаматтарға азаматтық алудың жеңілдетілген (тіркелген) тәртібін ұсынады. Мұндай тәртіп төмендегідей шарттардың бірі орындалса: 1) егер өтініш білдіруші азаматтығын алған тараптың аумағында туған немесе тұрған болса; 2) өтініш білдірушінің біреуі болса да азаматтығын алатын тараптың аумағында тұрақты тұратын және жақын туыстары жұбайы (зайыбы), ата-аналарының (бала етіп асырап алғандардың) біреуі, баласы ( оның ішінде асырап алған баласы), апа-сіңлісі, аға-інісі, атасы және әжесі оның азаматтары болып табылса қолданылады. Ішкі істер органдары тараптардың бірінің азаматтық алуын тіркеуді үш айдан асырылмайтын мерзімге жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асырады.
Келісімде ата-аналары азаматтығының өзгерілгеніне байланысты балалардың азаматтығы өзгеруінің ерекше тәртібі қарастырылған. Ата-аналарының азаматтығы өзгерген кезде, соған орай екеуі де басқа тараптың азаматы болады не екеуі де тараптардың бірінің азаматтығынан шығады, тиісінше олардың кәмелетке толмаған балаларының да азаматтығы өзгереді. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың дәстүрлі де жеңілдетілген тәртібі кезінде қабылдауға қарсылық білдіру негізі қолданылады. Азаматтыққа қабылдау туралы өтініш, егер адам: адамзатқа, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы қылмыс жасаса;
Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;
Мемлекеттік тәуелсіздікке, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін заңға қарсы қызметті жүзеге асырса;
Мемлекетаралық, ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтатса, мемлекеттік тілдің қызметіне қарсы әрекет етсе;
террорлық әрекеті үшін сотталған болса;
сотпен аса қауіпті қылмыскер деп танылса;
басқа мемлекеттің азаматы болса қабылданбайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша басқа мемлекеттің азаматы Республика азаматы болып танылмайды, яғни, қос азаматтық танылмайды.
Жалпы, әлемдегі көптеген елдердің заңдары қос азаматтыққа рұқсат етпейді. 2 Қос азаматтық институты мемлекеттің мазмұнынның өзіне қайшы келеді. Өйткені мемлекеттің әлеуметтік негізі, мемлекеттік биліктің қайнар көзі халық, ол мемлекетпен саяси байланыста болады. Қос азаматтық алған адамдар санының көбеюі саяси себептер бойынша халықты тек бөлшектеу мүмкін.
Егемендік, тәуелсіздік кез келген мемлекеттің бөлінбейтін қасиеті болып табылады. Егемендік пен тәуелсіздік мемлекеттің бүкіл қуатымен, оның осы мемлекеттің азаматтарына қызмет ететін Қарулы Күштерімен қорғалады. Қос азаматтығы бар адамның, егер ол сонымен бір мезгілде дауласушы мемлекеттің де азаматы болса, өзі тұратын мемлекетті жан-тәнімен қорғайды деп толық сеніммен айтуға бола ма? Әрине, жоқ. Адамның патриоттық сезімі бір елге, бір мемлекетке ғана арналады. Одан әрі, кез келген мемлекеттің өзінің мемлекеттік құпиясы, жасырын: әскери, ғылыми, техникалық, қызметтік және басқа құпиялары болады. Бір елдің азаматы ретінде елдің құпиясы білуге мүмкіндігі болған адамның, оны тап сондай азаматы болған екінші бір елге таратып жібермейтіндігіне шексіз кепілдік жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz