Жеке табыс салығын төлеушілер



6.1 Жеке табыс салығын төлеушілер. Жеке табыс салығы бойынша салық салу обьектілері
6.2 Төлем көзінен салық салынатын табыстар және төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
6.3 Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары
6.4 Жеке табыс салығының ставкалары. Жеке табыс салығы бойынша салық декларацияны табыс ету тәртібі
І. Төлем көзінен салық салынатын табыстар
Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстары жеке тұлғалардың ақшалай түрде алған барлық табыстарының жиыны болып табылады және оның құрамына жататындар:
1) қызметкердің табысы;
2) бiржолғы төлемдерден алынған табыс;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн зейнетақы төлемдерi;
4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;
5) стипендиялар;
6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.
Салықты есептеу және төлеу тәртібі
Салық агенттерi жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзiнен салық салынатын табыс төленетiн күннен кешiктiрмей жүргізедi. Салық агенттері, төленген кірістер бойынша салықты аударуды төлем төленетін айдан кейінгі айдың 15-іне дейін өзінің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады. Салық агенттері тиісті бюджеттерге құрылымдық бөлімшелер бойынша салық төлеуді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. Салық агенттері жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты салық органына салық төленетін жер бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей табыс етеді.
ІІ. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Жеке табыс салығының екінші салық салу обьектісі болып «төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар» табылады және оның құрамына табыстардың мынадай түрлерi жатады:
1) мүлiктiк табыс;
2) жеке кәсiпкердiң салық салынатын табысы;
3) адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы;
4) өзге де табыстар.
Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы
Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы дегеніміз заң көмегiн, нотариаттық iс-әрекеттер ақысын қоса алғанда, адвокаттық және нотариаттық қызметтi жүзеге асырудан түскен табыстардың барлық түрлерi, сондай-ақ қорғау мен өкiлдiкке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған сомалар.
Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы алынған табыс сомасынан 10 пайыздық ставканы қолдана отырып анықталады және ай сайын есептеліп отырады.
Есепті ай үшін жеке табыс салығының сомасы есепті айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірілмей төленеді.
3. Жеке табыс салығын есептегенде жеке тұлғалардың мынадай табыстарына салық салынбайды, атап айтқанда:
Жеке тұлғалар табыстарының мынадай түрлерiне салық салынуға тиiс емес:

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 6. Жеке табыс салығы

1. Жеке табыс салығын төлеушілер. Жеке табыс салығы бойынша салық салу
обьектілері
2. Төлем көзінен салық салынатын табыстар және төлем көзінен салық
салынбайтын табыстар
6.3 Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары
6.4 Жеке табыс салығының ставкалары. Жеке табыс салығы бойынша
салық декларацияны табыс ету тәртібі

1. Жеке табыс салығын төлеушілер. Жеке табыс салығы бойынша салық
салу обьектілері
Жеке табыс салығы жеке тұлғалардың ең бірінші кезекте төлейтін
салығы болып саналады. Себебі тапқан табыстарынан немесе табыс көздерінің
бір бөлігін салық ретінде аударып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Халыққа арнаған
жолдауында жеке табыс салығының ставкаларын төмендетіп, салық төлеу
тәртібін оңтайлы етіп, белгілі бір жүйеге келтірді, яғни мұны жеке
тұлғаларға халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына қосқан үлесі ретінде
қарауға болады.
Жеке табыс салығы алғашқы салықтардың бірі.
Салық кодексі қабылданғанға дейінгі кезеңде бұл салық түрі “жеке
тұлғалардың табыстарына салынатын табыс салығы” деп аталатын. Салық кодексі
қабылданып, бұл атау қысқарып, халықаралық стандартқа сәйкес, “жеке табыс
салығы” деп аталды.
Жеке табыс салығын салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар төлейді.
Резидент емес жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша салықты есептеп,
төлейдi және жеке табыс салығы бойынша салық декларациясын табыс етедi.
 Жеке табыс салығы бойынша негізінен екі салық салу объектiлерi бар:
1) төлем көзiнен салық салынатын табыстар;
2) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар.

6.2 Төлем көзінен салық салынатын табыстар және төлем көзінен салық
салынбайтын табыстар

І. Төлем көзінен салық салынатын табыстар

Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстары жеке
тұлғалардың ақшалай түрде алған барлық табыстарының жиыны болып табылады
және оның құрамына жататындар:
1) қызметкердің табысы;
2) бiржолғы төлемдерден алынған табыс;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн зейнетақы төлемдерi;
4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;
5) стипендиялар;
6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.
Салықты есептеу және төлеу тәртібі
Салық агенттерi жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем
көзiнен салық салынатын табыс төленетiн күннен кешiктiрмей жүргізедi. Салық
агенттері, төленген кірістер бойынша салықты аударуды төлем төленетін айдан
кейінгі айдың 15-іне дейін өзінің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
Салық агенттері тиісті бюджеттерге құрылымдық бөлімшелер бойынша салық
төлеуді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге
асырады. Салық агенттері жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты салық
органына салық төленетін жер бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен
кешіктірмей табыс етеді. 

ІІ. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар

Жеке табыс салығының екінші салық салу обьектісі болып төлем көзiнен
салық салынбайтын табыстар табылады және оның құрамына табыстардың
мынадай түрлерi жатады:
1) мүлiктiк табыс;
2) жеке кәсiпкердiң салық салынатын табысы;
3) адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы;
4) өзге де табыстар. 
Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы
Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы дегеніміз заң көмегiн,
нотариаттық iс-әрекеттер ақысын қоса алғанда, адвокаттық және нотариаттық
қызметтi жүзеге асырудан түскен табыстардың барлық түрлерi, сондай-ақ
қорғау мен өкiлдiкке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған
сомалар. 
Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстары бойынша жеке табыс
салығының сомасы алынған табыс сомасынан 10 пайыздық ставканы қолдана
отырып анықталады және ай сайын есептеліп отырады.
Есепті ай үшін жеке табыс салығының сомасы есепті айдан кейінгі айдың 5-
інен кешіктірілмей төленеді.
3. Жеке табыс салығын есептегенде жеке тұлғалардың мынадай табыстарына
салық салынбайды, атап айтқанда:
Жеке тұлғалар табыстарының мынадай түрлерiне салық салынуға тиiс емес:
Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды: 
1) Қазақстан Республикасының  заңнамасында  белгiленген  мөлшерлерде
бюджет қаражаты есебiнен төленетiн  атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар 
мен өтемақылар; 
2) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;
3) қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие,
қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты
болатын жағдайларда – оларға осындай жұмыстың әрбір күніне тиісті қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 0,35 айлық
есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;
4) қызметтiк iссапарлар кезiндегі:
- Қазақстан Республикасының шегінде қырық тәулікке дейін іссапарда
болған кезең үшін - тәулігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген
мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
- Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қырық тәулікке дейін
іссапарда болған кезең үшін - тәулігіне тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 8
еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
5) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы
есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік
мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде
жүргізетін қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
6) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы
есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген мөлшерлерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік
іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
7) қызметкер жұмыс берушімен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан (не
көшкен) кездегi жол жүру, мүлкiн көшiру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын
мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы; 
8) жұмыс берушiнiң табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен
байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерiмдерге
жатқызылмайтын шығыстары; 
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiл енген мөлшерде далалық
жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру
жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердiң далалық үлесі; 
10) жұмыс берушінің вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс
объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы
үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз
ету үшiн осы тармақтың 4) тармақшасында белгіленген тәуліктік өтемақы
шегiнде тұрғын үй жалдау бойынша және тамақтануға арналған шығыстары;
11) қызметкерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерiнен
жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар; 
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiл енген нормалар бойынша
берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң, басқа да жеке қорғану және
алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру
құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық
тамақтануға арналған тамақ өнiмдерiнiң құны; 
13) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң өмiрiне
және денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнің жауапкершiлiгiн
мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi; 
14) материалдық нұқсанды өтеудің сот шешiмi бойынша тағайындалған
сомасы; 
15) төлем көзiнен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған
кезде бұрын төлем көзiнен жеке табыс салығы салынған дивидендтер,
сыйақылар, ұтыстар сомалары; 
16) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру
шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшiн
өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы
жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  заңнамасында 
көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы
аннуитетінің шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары; 
17) Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгiленген мөлшерде
мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және
(немесе) аудармағаны үшiн есебіне жазылған өсiмпұл сомалары;
18) гуманитарлық көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны; 
19) мемлекеттік тіркеуге жататын және бір жыл және одан да ұзақ уақыт
меншік құқығында болатын механикалық көлік құралы мен тіркемелерді өткізу
кезіндегі құн өсімі;
20) меншік құқығын тіркеу кезінен бастап бір жыл және одан да ұзақ
уақыт меншік құқығында болатын тұрғын жайларды, саяжай құрылыстарын,
гараждарды өткізу кезіндегі құн өсімі;
21) бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында болатын, осы
Кодекстің 180-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер
орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу,
саяжай құрылысы және гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе)
жер үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі;
22) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және
иеліктен айыруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері
арасындағы кезең бір жылды немесе одан да ұзақ уақытты құраса, осы
Кодекстің 180-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер
орналаспаған, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу,
бау-бақша шаруашылығы, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген жер
учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар
үшін құнын өтеп сатып алынған мүлік құнының өсімі;
24) жалға беруші жеке тұлғаның жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға
және жөндеуге жұмсаған шығыстарын өтеу немесе жалға алушының жеке тұлғадан
жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстары;
25) опционды орындау кезінде опционның базалық активінің нарықтық
құнының опционды атқару бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге
негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі бекітілген баға
опционды орындау бағасы болып табылады;
26) жеке тұлғаға өтеусіз негізде жарнама түрінде берілген мүліктің
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген
айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде құны.

3. Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары

Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай
түрлерi алып тасталады: 
1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер; 
2) жеке тұлғалардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиясы негізінде банктер мен
банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы
салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақылар;
3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;
4) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар
бойынша сыйақылар және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпоративтік табысқа салынатын салық
Тікелей және жанама салықтар
Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
Салық түсінігі және түрлері
Арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері
Жеке табыс салығы
Салық салудың экономикалық мәні
Біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимі
Жеке тұлғаларға салынатың салық. Кәсіпкерлерден алынатың салық. Салықтың түрлері және жіктелуі
Бюджеттік есеп - айрысу есебінің түрлері
Пәндер