Еліміздегі прокурорлық қызметті ұйымдастыруды тиiмділеуде прокурордың құқықтық жағдайын анықтау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І. Прокуратура құқық қорғау органы ретінде

1. 1. Прокуратура органдарының дамуының қазіргі кезеңі . . . 6

1. 2. Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру . . . 11

1. 3. ҚР-сы прокуратура органдарының жүйесін құқықтық реттеу . . . 16

ІІ. Азаматтық іс бойынша прокурордың құқықтық жағдайы

2. 1. Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысу негіздері . . . 28

2. 2. Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары мен міндеттері. . 31

2. 3. Азаматтық іс бойынша прокурордың қадағалаудың бағыттары . . . 37

2. 4. Прокурорлық қадағалаудың актілері . . . 59

Қорытынды . . . 65

Қолданылған әдебиеттердің тізімі . . . 67

КІРІСПЕ

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңы елдің жоғары қадағалау органы туралы алдағы заңдардың көптеген ережелерін дамытып қана коймайды, сондай-ақ прокуратураның міндеттері мен ролдерін бағалауға жаңа концептуалды жолдардың қатарын, оларды ұйымдастыру және қалыптастыру тәртібін анықтайды. «Прокуратура туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының прокуратурасы - республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган. Осы орган кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнінде шаралар қолданады, республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ занда белгіленген жағдайларда тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды мына бағыттарда жүзеге асырады:

- Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалардың және мемлекеттің мүдделерінің сақталуына қадағалау

- Сотта мемлекеттің мүддесін білдіру

- Жедел-іздестіру, тергеу мен анықтама, әкімшілік, атқарушылық іс жүргізу қызметтерінің зандылығын қадағалау

- Қылмыстық қудалау

- Қылмыстарды тіркеу және есепке қою.

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа мамандандырылған прокуратуралар құрайды.

Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі өз қызметін жүзеге асыра отырып, прокуратура басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасайды. Сондықтан олардың құзыреттерінің ара қатынасын зерделеу прокуратураның мемлекеттік механизмінің жүйесіндегі орнын нақтылауды ғана емес, осындай ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шараларды ұсынуға мүмкіндік береді.

Прокуратура органдары Қазақстан Республикасы Президентімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Прокуратура Президентпен қатынасу көзінде барлық заңнама мен Президент актілерінің дұрыс және біркелкі орындалуының қадағалауын жүзеге асырады.

Прокуратура органдары жергілікті органдардан тәуелді және тек ҚР Бас прокурорына бағынып, мемлекет атынан Президент бақылауы бойынша жүзеге асуы - Прокурорлық қадағалаудың мәні болып табылады. Президенттің бақылауында болуды прокуратура Президенттен тәуелді деп тануға болмайды. Осы институттардың міндеттері бөлек, олар Елбасы тапсырыстарын орындау және нормалаушы қызметте қатысу, Президент тарапынан прокуратура құрылымы мен тағы басқаларды қалыптастыру арқылы өз міндеттерін шешеді.

Заңнамамен өзара қарым-қатынасында Парламент және прокуратура өте тығыз байланысты. Ерекшелеп келсек, прокуратура заңдарды дәл және біркелкі қолданудың жоғарғы қадағалауын жүзеге асырады, заң бұзушылықтың көз келгенін жояды, Конституцияға және республиканың заңдарына қайшы келетін Президент пен Үкіметтің заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілеріне наразылық білдіреді. Заң шығару құқығы бар органдардың арасында Парламент - маңызды заң шығарушы орган болғандықтан Парламенттің тікелей міндеті - заң шығару.

Парламент және Прокуратура өзара тығыз байланыста әрекет ететін екі орган, Прокуратура парламенттің заң шығарушылық негізін осы актілердің дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету функциясымен жүзеге асырады.

Сот билігі мен прокуратура органдарының барлық жұмысы заңдарды өзгертусіз және мүлтіксіз сақтау, құқықтық қарым-қатынаста қатысушылардың бұзылған құқығын қалпына келтіру. Прокуратура мемлекеттік орган ретінде үкіметтің барлық үш тармағын, оның ішінде соттық, яғни, заң нормаларын бұзушылыққа орай төз әрекет етумен өзара толықтырады.

Прокурорлық қадағалау актілері - белгілі фактілерге (заң бұзушылық) байланысты өзге органдарға және лауазымды адамдарға арналған жеке актілер. Прокурорлық қадағалау актісі басқа органның, лауазымды адамның белгіленген заң түрінде ол арқылы реттелуін: оны қарауға, тиісті шаралар қолдануға және оны енгізген прокурорға хабарлауды міндеттейді. Прокурорлық қадағалау актілерін дұрыс жасау, заңда бекітілген прокурорлардың өкілеттіліктерін және олардың негізгі талаптарын дәл әрі толық көрсету - заңдардың орындалуына қадағалаудын әрекет етуінің бөлінбес шарттары.

Реттеу құралдарын таңдау заң бұзушылықтың, олардың себептерінің сипатталуынан, заңдардың таратылуынан, зиянды салдардан, заң бұзушылықты тудырудан, құқық бұзушылардың кінәсі дәрежесінен байланысты. Әдетте, мынадай аса үлкен тиімділіккеқ жеткізетін (жазбаша, ауызша) және сонымен бірге, заң бұзушылықтың жою және алдын алу жоспарында олардың тез іске асыратын прокурорлық қадағалау актілерінің реттеу құралдары қолданады, нысандары таңдалады.

Прокурорлық реттеуге нақты талаптар қойылады. Ол уақытылы орындалатын немесе мүмкіндігіне қарай жедел, негізделген, жеткілікті қатаң кешенделген, маневрлі, адекватты және аяқталған болуға тиіс. Ол алдын алу-профилактикалық сипатта болуға тиіс. Сонда ғана прокурорлық қадағалаудың әсері нәтижелі болады.

Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесі:

1) прокурорлық қадағалау актілері: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтініш, нұсқау, ұсыным, заңға түсіндірме;

2) прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерін реттейтін актілер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, ережелер, нұсқаулықтарды құрайды;

3) прокуратураның ережелері мен нұсқаулықтары тиісті прокурорлардың бұйрықтарымен бекітіледі.

Мемлекетімізде ҚР Прокуратурасының кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнінде шаралар қолданада, республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар өзге де құқықтық актілерге наразылық жасауды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіру, сондай-ақ занда белгіленген жағдайларда тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды тиісті дәрежеде жүзеге асыруына санкция сынды Прокуратураның құқықтық актісінің көмегі зор мүмкіндік береді, сондай-ақ қадағалаудың әсері нәтижелі болады.

Прокурорлық қадағалау мемлекеттегі заңдылықты қамтамасыз етудің негізгі жолы болып табылады. Мемлекеттік басқару теориясы да, конституциялық заңдылық теориясы да ҚР Конституциясының 3 б. 4-тармағында анықталған «Республика мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы . . . » деген заңдылық ұғымын растайды. Сонымен, Конституция мен заңдарды және барлық өзге де шығарылған нормативтік-құқықтық актілердің қолданыстағы заңға сәйкес келуін сақтау заңдылықтың маңыздылығын құрайды. Мұндай контексте заң бұзушылықты анықтау және алдын-алу мақсатында сол мемлекеттік органның оған бағынышты емес арнаулы уәкілетті органдар мен адамдардың қызметтеріне үнемі, жүйелі бақылау жасаудан тұратын прокурорлық қадағалаудың рөлі айқын. 1

І. Прокуратура құқық қорғау органы ретінде

1. 1. Прокуратура органдарының дамуының қазіргі кезеңі

Прокуратура алдында тұрған мақсат ҚР-нда заң үстемдігін, заңдылықтың дәл және бірыңғай қолданылуын қадалағау мен құқық тәртіпті күшейту мен қамтамасыз ету. Ол өзінің барлық қызметтік мүмкіндігімен азматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, ҚР-ның егемендік құқығын, оның саяси және экономикалық жүйесін, өндіріс, мекеме, ұйымның құқығын бағыныштылығына, тәуелдігіне және меншік нысанына қарамастан кез келген кемсітушіліктен қорғауға, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын көтеруге міндеттенді. 2

ҚР-ның прокуратурасы өз тарихында, бәрінен бұрын үш маңызды кезеңді атап өткен жөн. Қазақ АССР прокуратурасы 1922 жылы 13 шілдеде, Қазақ Атқару комитетінің 2-ші шақырылған 3-сессиясының «Прокурорлық қадағалау туралы» Ережесі деген қаулысымен бекітіліп, құрылды. Әділет халық комиссары бір мезгілде республика прокурорының міндеттерін онымен сәйкестікте атқарды. 3

Тарихи маңызы бар бұл құжатпен, Әділет халық комиссариатының құрамына кіретін прокуратураға барлық билік тармақтарының, шаруашылық мекемелерінің, қоғамдық және жеке ұйымдардың, жеке тұлғалардың кінәлігіне қарсы қылмыстық қудалауға іс қозғау жолдарымен және заңға қайшы қаулыларға наразылық білдіру; анықтама мен тергеу органдары қызметіне тікелей қадағалау және қылмысты ашу саласында тергеуге бақылау жасау; сотта айыптауды қолдауды; күзетпен қамауға алынғандардың жағдайының дұрыстығын бақылау әрекеттерінің заңдылығын мемлекет атынан қадағалауды жүзеге асыру жүктелген болатын. 4

Автономды республика прокуратурасы Республиканың ОАК-мен тағайындалды және таратылды, осы республика аумағында шекте барлық жоғары құқықтарды иемденді. Жалпы федералдық заң шығару мәселелері бойынша Қазақ Автономды республика прокуратурасы РСФСР прокуратурасына бағындырылды және оған есеп берді. Республиканың тұңғыш прокуроры болып әділет халық комиссары Бекмұхамедов Шафқат Мұхамеджанұлы тағайындалды. «Прокурорлық қадағалау туралы» ережені қабылдаған соң, Ш. Бекмұхамедов 1922 жылы 2-тамызда әділет халық комиссары мен республика прокуроры міндеттерін бір мезгілді атқару туралы бұйрыққа қол қойды. Архивтік деректерге сәйкес, ол республика прокуратурасының негізін қалаушы болып табылады. 5

Қаз ОАК-ке жасалған прокуратураның 1-ші есебінде «Орынбор, Ақмола губернияларының прокурорларын бекіту туралы» қаулы қабылдаған еді. Ш. М. Бекмұхамедовтің ұсынысы бойынша РСФСР Қылмыстық кодексіне қалым, құн және барымта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

1922 жылы 15 қырқүйекте ғана ҚазОАК-тің алқалар шешімімен көптеген авторлар Қаз АКСР-дің алғаш прокуроры деген деп есептейтін, Әділет халық комиссары мен республика прокуроры болып Мырзақұл Атаниязов тағайындалды. Ережеге сәйкес, әрбір губерния ме облысқа республика прокуроры орталық қызметкерелері санынан, сондай-ақ жерлікті органдар кандидаттарынан прокурорларды тағайындады. Прокурор лауызымынан босату, ауыстыру және шеттету мүмкіндігі тек республика прокурорымен ғана жүзеге асырылатын. Губерниялық прокуратура жанында сол губернияның не облыстың республика прокурорымен тағайындалды және қайта шақырылатын көмекші прокурорлары өткізілетін. Олардың арасында губерния мен облыс шегінде міндеттері бөлінетін. Республика прокурорына жүктелген болатын:

барлық халық комиссарларының, мекемелер мен ұйымдардың қызметтерінің заңдылығын бақылау және олар шығарған заңға сәйкес, келмейтін өкімдер мен қаулыларға өзгерістер мен алынулар туралы ұсыныстар енгізу;

Халық комиссарлар Кеңесіне және Қаз ОАК-нің Төралқасына көрсетілген өкімдер мен қаулыларды алып тастау мақсатында наразылық білдіру (прокурормен наразылық білдіру наразылық білдірілген қаулыны жүзеге асыруды тоқтатпады) 6

Республика прокуроры көмекшілерінің қызметіне басшылық пен бақылау, сондай-ақ жерлікті прокурорлар мен олардың көмекшілері және олардың қызметінде туындаған барлық мәселелер бойынша түсінік беру;

Республика прокуроры қажет деп тапқан жағдайда прокурорлар қызметін тікелей жүзеге асыру.

Жерлікті прокурорлардың біршама міндеттері ережеде келесі жағдайда белгіленген болатын;

А) атқомға не оларға бағынышты органдарға заңға сәйкессіз өкімдер мен қаулыларды өзгерту не алып тастау туралы ұсыныспен кіруге;

Ә) жоғарыда аталған өкімдер мен қаулыларға Республика прокуроры арқылы Қазаткомға не ОАК-нің Төралқасына наразылық білдіру. Прокурормен наразылық енгізу тең жағдайда наразылық білдірілген қаулыны жүзеге асыруды өткізу тоқтатылмайды. Прокурорға жерлікті аткомдардың барлық отырысына кеңесушілік дауыспен қатысу құқығы берілген болатын.

Прокурор өкілеттігі шегінде Ережеде іс жүзінде губерния мен облыстағы барлығынан, әкімішілік мекеме мен лауазымды тұлғалардан қажетті деректер мен материалдарды талап ету құқығы қарастырылды. Прокурорға өз өкілеттігін өзі жеке не өзінің көмекшілері арқылы жүзеге асырады. Мемлекет саясат басқармасы органдары алдын ала ерекше ескерту жағдайында, аса құпия сипаттағы сол не басқа істі мойындай отырып, істі таныстыру тікелей прокурордың өзі жүзеге асыруын талап етуге құқылы болды.

«Прокуратура туралы» ережеде губерниялық прокурорлардың республика прокуроры мен губаткомның алдында әр кварталдық есебі қарастырылды. Қаз ОАК қаулымен прокурорлық қадағалау туралы қабылданған ережеге байланысты, осы уақытқа дейін губерниялық халық соттарына жүктелген барлық міндеттер, 1922 жылдың 1-тамызынан прокуратураның ерекше жүргізілуіне берілді. 7

1923 жылдың соңына таман Қаз КСР әділет халық комиссариатының прокуратура бөлімінде 4-бөлімше ұйымдастырылған еді.

жалпы басқару (ұйымдастырушылық-инструкторлық) ;

жалпы қадағалау;

анықтама мен тергеудің заңдылығын қадағалау;

мемлекеттік айыптауды мен соттық қадағалау (Жоғарғы сот жанындағы прокурорлар) .

Прокуратура бөлім құрылымының жетілмегеніне қарамастан, әлдеқашан сол уақытта оның бөлімшелерінің бөліну негіздеріне прокурорлық қадағалаудың басты бағыттары, жалпы алғанда дұрыс белгіленіп, жатқызылған болатын. Прокуратура қызметінің жетілдірілуі оның құрылымдық дамуынсыз мүмкін емес еді. 1934 жылға дейін прокуратура органдарының құрылымы прокурорлық қадағалаудың басты қызметтерін кеңейту бағытында өзгертілді. 1934 жылы 25 наурызда «КСРО прокуратурасы бойынша Орталық және жерлікті прокуратура аппаратын қайта құру туралы» бұйрық шығарылған еді. Бұл бұйрықпен ҚСРО прокуратурасындағы іс жүзіндегі бөлімдердің орнына (жалпы қадағалау, соттық қадағалау және т. б. ) өндірістік іс бойынша, ауыл шаруашылығы, сауда, кооперациялық, қаржылық, су көлігі істері бойынша, сондай-ақ әкімшілік-сот істері бойынша секторлар және мәдени-құрылыстағы және сот-тұрмыстық істері бойынша секторлар құрылған болатын. Осындай ұйымдастыру өндірістік салалық қағидалар бойынша кеңестік және автономды республикалық, аймақтық және облыстық прокуратураларда шығарылған еді. 8

Прокуратура алдына қойылған жаңа мәселелерді орындау оның құрылымын қайта құруды талап етті. Ұйымдасқан кемшіліктерді жою мақсатында 1936 жылы 5-қарашадағы ҚСРО халық комиссарлар Кеңесінің қаулымен бұрынғы іс жүргізудегі ҚСРО прокуратурасы Орталық аппаратындағы бөлімдер жойылып, оның жаңа құрылымы бекітілді. ҚСРО прокурорына кеңестік және автономды республикалық, аймақтық және облыстық прокуратуралардың жаңа құрылымын бекіту ұсынылған еді; олардың секторлар мен бөлімдерге бөлінуі жойылды; өндірістік-салалық қағидалар бойынша жаңа бөлімдер құрылды; жалпы қадағалау, қылмыстық-соттық, азаматтық-соттық, арнайы істер бойынша тергеу, қамауға алынған жерлердегі қадағалау бойынша, арыздар мен кадр бөлімі бойынша.

Іс жүзіндегі бұл құрылым біршама өзгертілген түрде осы уақытқа дейін сақталды. Прокуратура органдарының қызметі көрсеткендей, прокуратураға жүктелген қадағалау өкілеттігінің жетістікпен орындалуы үшін, оның бөлімшелері бұл қадағалаудың негізгі функциялары бойынша құрылуы қажет.

Прокуратура өміріндегі белгілі бір кезең, жоғары мемлекеттік билік органдарымен мойындалып, 1-ші кезекке жазалау мекемелерінің беделі қойылған, сөйтіп құқық қорғау органдары қызметін қалыптастырмаған дәуірімен байланысты. Тек 50-ші жылдардың ортасында ғана заңдылықты бекіту бойынша, яғни мемлекеттегі дамытудың құқықтық базасын құру бойынша талпыныс жасалды. Прокуратураны дамытуда кезекті маңызды кезең 1955 жылы 24 мамырда «ҚСРО-да прокурорлық қадағалау туралы» ережені қабылдау болып табылады. Онда мемлекеттегі заңдылықтың тағайындалуы және оны бұлжытпай қамтамасыз етудегі прокурорлық қадағалау органдарының ролін дамыту және заңдастыру туралы идеяларды бекітті. Ережеде прокурорлық қадағалаудың мақсаттарын, прокурорлардың өкілеттіктері, қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуде кездесетін заң бұзушылыққа прокурорлық құралдардың реакциясы белгіленген болатын. Ережедегі көптеген нормалар нәтижесінде қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуі, еңбекпен түзеу заңдардың негізіне кіргізілді. 9

Әскери прокуратура органдарының да алғашқы құрылуы болды. Оның жүйесі мен құрылымы, әскери прокурорлардың өкілеттіктері, олардың функцияларының аймақтық прокурорлардың қызметтерінен өзара байланысты- осының барлығы 1966 жылы 14-желтоқсанда бекітілген «әскери прокуратура туралы» ережеде көрінісін тапты. Мазмұнынан күтілгендей, әскери прокуратура кеңестік прокуратура органдарының жүйесіне кіргізілді және КСРО Бас прокурорына есеп берді.

Заңдылықты қамтамасыз етуге жүктелген қадағалаудың келесі бір адымдары 1977 жылы қабылдаған КСРО Конституциясына байланысты. Оның ішінен, КСРО прокуратурасы туралы заңды жетілдіру туралы шешімі болды. Мұндай заң 1979 жылы 30 қарашада 10-ші шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-ші сессиясында қабылданды. Онда кеңестік прокуратура органдырының қызметі мен ұйымдастырылуы қағидаларының негізгі болжамды құқықтық регламентациясы, оның қызметінің негізгі бағыттары бекітілді. 10

70-ші және 80-ші жылдары прокуратура органдарына, оның негізгі заңдылықты қадағалау функциясын елеулі түрде 2-ші кезекке ығыстырған, прокурорлық қадағалауға тән емес көптеген міндеттер (егін егу, егін жинау, аңшылық кампаниясы және т. б. ) жүктелген еді. Прокурорларға қосымша өкілеттіктер берілген еді, бірақ нәтижесінде олар прокуратура алдында тұрған барлық мәселелерді шеше алмады, әсіресе құқық қорғау және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау саласында.

Прокурорлық қадағалау теориясы мен практикасына «ҚР-ның прокуратурасы туралы» Жарлығы, 1992 жылы 17-қаңтарда қабылданған, көптеген жаңалықтар енгізді. Прокуратура заңдардың орындалуына, Республиканың Жоғарғы Кеңесіне есеп беретін жоғары қадағалау органы деп танылды. Қазақстанның прокуратура органдарының жүйесіне енді әскери прокуратура енгізілді. 11

Прокуратура алдында тұрған мақсат ҚР-нда заң үстемдігін, заңдылықтың дәл және бірыңғай қолданылуын қадалағау мен құқық тәртіпті күшейту мен қамтамасыз ету. Ол өзінің барлық қызметтік мүмкіндігімен азматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, ҚР-ның егемендік құқығын, оның саяси және экономикалық жүйесін, өндіріс, мекеме, ұйымның құқығын бағыныштылығына, тәуелдігіне және меншік нысанына қарамастан кез келген кемсітушіліктен қорғауға, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын көтеруге міндеттенді. 12 Бұл заң прокуратураның құқық қорғау қызметін жақсартуды өзінің қанағаттанарлық ролін ойнады. Алайда, еліміздің нарықтық экономикалық жолмен қозғалысы, демократияның кеңейтілуі құқықтық жүйені қалыптастыруда жаңа әдісті талап етті. Осыған байланысты ҚР-сы Президентінің қаулысымен 1994 жылы 12 ақпанда прокурорлық қадағалаудың мақсаттары мен прокуратураны реформалаудың негізгі қағидалары белгіленген, ҚР-нда құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасы бекітіліп, өзінің жаңғырығын ҚР-ның жаңа Конституциясында және ҚР-сы Президентінің 1995-жылы 21 желтоқсандағы ҚР «Прокуратура туралы» Заңында тапқан. Прокуратураның құқық қорғау ролін арттыру мақсатында оған 1-ші рет конституциялық қадағалау фукнциясы жүктелді- Конституция мен республика заңдарына қайшы заңдарға наразылық білдіру құқығы берілді.

1. 2. Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру

Қадағалау функциясын жүзеге асыратын бөлімдер мен лауазымды тұлғалар прокурорлық қадағалау органдарының жүйесін біріктірілген. Сондықтан, прокуратура органдары жүйесі мен прокурорлық қадағалау органдар жүйесінің әртүрлі түсінігі қалыптасқан. Соңғысы-прокуратура органдары жүйесінің бөлімі. Прокуратура жалпы алғанда, тек қадағалау функциясын ғана емес, қылмыстық қудалауды, сотта мемлекет мүддесін білдіреді, қылмыспен күрес бойынша құқық қорғау органдары қызметін үйлестіреді және т. б. функцияларын орындайды.

Прокуратура органдарының жүйесі туралы мәселені қарастырғанда, еске ұстар нәрсе, жүйе ретінде бір бірімен өзара байланысқан көптеген элементтерді және олардың ұсынылатын тұтас бірілігін ұғынамыз. Бұл байланыста прокуратура органдары жүйесін құрайтын оның органдар жиынтығын ғана емес, олардың құрылымдағы өзара қарым қатынас орнын, олардың ұйымдасқан байланысын және басқару қатынасын түсіну қажет. Органдардың тәртіптелуі мен бірлігі және прокуратура бөлімдерінің ұйымдасқан бірлігі функцияны, өкілеттікті бөлу, құрылым элементтерінің өзара қарым қатынасын орнату арқылы жүргізіледі. Сондықтан, өкілеттік, өзара қарым қатынас функциялары өзімен құрылым элементтерінің өзара байланысын ұсынады, яғни негізгі мазмұны олардың өзара әрекеті болып табылады. Прокуратура ішкі жүйесі секілді, басқа әлеуметтік жүйелерімен байланыстыра отырып, олар тігінен прокуратуралардың ішкі жүйесімен және басқа әлеуметтік жүйелерімен бір тәртіппен реттелетін байланысты үзбей көлденең орналастырылуы мүмкін. Құрылымның элементтерінің тігінен және көлденеңінен байланысын пайдалану субординация және үйлестіру қарым қатынастарына негізделген, яғни қарым қатынас субъектілерінің бағыну мен келісу тәртібіне өзара байланыстың аталған сипаты ұйымдасқан құрылым құрылыстың түзу-қызметтік типін анықтайды. Әрі қарай көретініміздей, ҚР-нда прокуратура органдарының құрылымы дәл осы тип бойынша құрылған. 13

Түзулік құрылым өзара бағынысты органдар, бөлімдер мен бірліктердің басқару аппаратының құрылысы нәтижесінде қалыптасады. Әрбір төменгі деңғейдегі буыны жоғары деңғейлі басшыға қатысы бойынша тікелей бағыныста болады. Мұндай жағдайда прокуратураның әрбір қызметкері тек бір басшыға ғана бағынышты және есеп береді, нәтижесінде жоғары тұрған жүйемен тек сол арқылы байланысады. Түзулік басшы оған сеніп тапсырылған органдар мен бөлімдердің барлық қызмет көлеміне бір басшылық қағидасымен сәйкес жауап береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокурорлық қадағалау туралы жалпы түсінік. Азаматтық іс бойынша прокурордың қадағалаудың бағыттары
Прокурорлық қадағалау туралы ақпарат
Прокуратура құқық қорғау органы ретінде
Прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
ПРОКУРОРДЫҢ АЙЫПТАУДЫ ҚОЛДАУЫ
Қазақстан Республикасы прокуратурасының Конституциялық – құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының қылмыстық-процесуалдық қызметінің теориялық проблемалары
Прокурорлық қадағалау жайлы
Прокуратура органдары қызметі жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz