Адам эволюциясы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Адам эволюциясы

Рамапитек Австралопитек Питекантроп

Адам эволюциясын антропология ғылымы зерттейді. Антропология Х1Х ғасырдың екінші жартысында Дарвиннің эволюциялық теориясы ашылғаннан соң күрт дами бастады. Археологиялық қаба кезінде табылған Ramapіthecus миоцен - плиоценде тіршілік еткен адам тәрізді маймылдың қалдықтары, гоминидтер тармағының бастапқы түрі, яғни олар адам мен оған туыстастардың арғы тегі деп саналды. Бұл маймылдың қалдықтары Үндістан мен Пәкістаннан, Таяу Шығыс пен Балканнан, тіпті Африкаға дейінгі континенттерден табылды (“рамапитектер” алғаш рет Үндістаннан табылып, Рама құдайының құрметіне соның атымен аталған) .

Неандерталдық Кроманьондық Homo sapіens

1960 жылы ағылшын археологы Л. Лики Шығыс Африкадан миының көлемі 670 см3, болып табылатын 18 - 2. 5 млн жылдар арасында тіршілік еткен “шебер адамның” қалдықтарын тапты. Осы қабаттардан олардың өзен тастарынан жасап шығарған, ұштары үшкір еңбек құралдары да табылды. Осыған байланысты қазіргі ғылымда бұдан 2. 5 млн жыл бұрын Шығыс Африкада адам мен адам тәрізді маймылдар тармақтары бөлінген, яғни адам мен шимпанзенің эволюциялық линиялары екіге бөлінген деген көзқарас бар. Бұл тұжырымдар “молекулалық сағаттар” деп аталатын өлшемдер арқылы дәлелденді. Нүктелік мутациялар әсерінен гендердің өзгеру жылдамдығы (ДНК негіздерінің кейбір жұптарының өзгеруі) ұзақ уақыт бойына тұрақты болып, оны осы эволюциялық тармақтың негізгі түбірінен бөліну мерзімін анықтау үшін қолдануға болады.

Ғалымдар дәл осы Шығыс Африкада адамдардың пайда болу себебі ретінде, осы аймақта уран кен орындарынан бөлініп шығатын радиацияның жоғарғы дозаларының әсерінен болған мутациялық үрдістерді көрсетеді. “Шебер Адамды” австралопитектерге (“оңтүстік маймыл”) жатқызады, олардың қалдықтары 1924 жылы Африкадан табылған. Австралопитектердің миының көлемі адам тәрізді маймылдардың миының көлемінен үлкен емес, бірақ олар еңбек құралдарын жасай білген. Ява аралынан 1891 жылы табылған қалдықтар питекантроп деп аталды. 0. 5 млн жыл бұрын өмір сүрген питекантроптардың бойы 150 см, ми көлемі 900 см3 болып, олар пышақ, бұрғы, т. б. қолдан жасалған кескіш құралдарды пайдаланған.

ХХ ғасырдың 20 жылдарында Қытайдан “синантроп” (“қытайлық адам”) табылды, оның миының көлемі питекантропқа жақын болып және олар от жағып, ыдыстарды пайдалана білген, бірақ түсінікті сөз сөйлей алмаған.

1856 жылы Германиядағы Неандерталь жазығында 150-40 млн жыл бұрын өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтары табылды, олар неандерталдықтар деген атқа ие болды. Неандертальдықтардың миының көлемі қазіргі заманғы адамдардың миына жақын, бірақ маңдайы шығыңқы, қас үстіндегі доғасы, бас сүйегі төмен болып, мамонттарды аулап, үңгірлерде тіршілік еткен.

Ең соңында, 1868 жылы Францияның Кро-Маньон үңгірінен бас сүйегінің формасы мен көлемі (1600 см3) қазіргі заманғы адамдарға жақын, бойы 180 см, 40-15 мың жыл бұрын өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтары табылды. Бұлар нағыз “саналы адамдар” болып саналды. Осы дәуірде нәсілдерге бөлінушілік пайда болғандығы белгілі. Жекелеген бөлек топтарда ерекше белгілер (ақ нәсілділерде -ашық түсті тері, т. б. ) қалыптаса бастаған.

Біздің заманымыздың жаратылыстану ғылымы тұрғысынан алғанда, қазіргі адамдардың арғы тегінің тізбегі төмендегідей көрсетіледі: адам мен жоғары сатыдағы маймылдардың ғылымға белгілі ең ертедегі тегі - рамапитек - шамамен 14 млн жыл бұрын ндістаннан Африкаға дейінгі аумақта өмір сүрген. Олардан 10 млн жыл бұрын орангутангтің арғы тегі, Азияда тіршілік еткен - сивапитек бөлінген. Ғылымдағы мәліметтер бойынша, адам тәрізді тіршілік иелері басқа приматтардан 4 млн жыл бұрын бөлінген. Горилла, шимпанзе және адамның ортақ тегі - австралопитек - Африкада 2-4 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Австралопитектер зинджантроптың арғы тегі болуы мүмкін. Африкада қабілетті адамның қалдықтары - зинджантроп табылды, ол 2-2. 5 млн жыл бұрын өмір сүрген, осы жерлерде 2. 5 млн жыл бұрын пайдаланылған ертедегі еңбек құралдары және тұрмыстық заттардың қалдықтары табылды. Зинджантроптар адамдар сияқты тік жүріп, олардың қол сүйектері жақсы дамыған. “Шебер” деп аталуының себебі, олар алғашқы рет тастан жасалған еңбек құралдарын пайдаланған. Осыдан кейін, қазіргі заманғы адамдардың дамуы төмендегідей жүрді: 1. 9-0. 65 млн жыл бұрын питекантроп; 400 млн жыл бұрын синантроп және түрлі мәліметтер бойынша 150-40 млн жыл бұрын өмір сүрген (Homo sapіens - тің ертедегі түрі) неандерталдықтар. Homo sapіens 100 млн жыл бұрын ғана пайда болып, оның қазбалары кроманьондықтар деп аталды.

Бұл жерде, антропогенездің - түп түзу сызық бойынша жүретін үрдіс еместігін көрсету керек. Адам эволюциясының жануарлардан адамға дейінгі өту сатылары түзу сызық бойынша жүрген жоқ. Табиғатта гоминидтердің бір ғана емес, бірнеше тармақтары болған және олардың көпшілігі конкуренцияға шыдай алмай жойылып кетуі әбден мүмкін.

Кейбір ғалымдар адам эволюциясының белгілі бір тармағында пайда болған неандерталдықтар гибридтену процесінің немесе олардан гөрі күштірек жетілген тіршілік ортасына жақсырақ бейімделген қарсыластарымен тіршілік үшін күрес нәтижесінде жойылып кеткен деп жорамалдайды.

Ғалымдардың екінші бір тобы түрлі генетикалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген пікірді жақтап, үстін жүн басқан неандерталдықтардың арасында мутацияның әсерінен аналық адам - алғашқы Ева пайда болған, неандерталдық осы алғашқы Евадан және бірнеше аталық адамдардан қазіргі адам баласы пайда болды да, қалған неандерталдықтар эволюция процесінің барысында жойылып кетті деп түсіндіреді.

Сонымен адам эволюция процесінің нәтижесінде адам тәрізді приматтардан пайда болған. Адам организмінің клеткалық құрамы жануарлардағы сияқты нуклеин қышқылдары мен белоктардан тұрады. Адам организмінің көптеген құрылымдары мен функциялары да жануарлардағыдай.

Эволюциялық шкалада жануарлар неғұрлым жоғары сатыда болса, олардың адаммен ұқсастықтары да соғұрлым жақын. Барлық жануарлардың ішінде генетикалық аппараты жөнінен адамға ең жақыны шимпанзе. Адамның ұрықтық даму стадиялары басқа организмдердің эволюциясындағы даму стадияларымен бірдей. Адамдардың жануарларда өте маңызды функциялар атқаратын кейбір органдары рудимент түрінде сақталып қалған (мысалы, соқыр ішек, шаш, жүн) . Дегенмен, адамның жануарлардан айырмашылығы ерекше.

Олардың ішіндегі ең маңыздысы - ақыл-ой. Жануарларда да қуану, ренжу, қайғыру сияқты сезімдер мен қызығушылық, көңіл аудару, есте сақтау сияқты қасиеттер бар. Бірақ, ең жоғарғы сатыдағы жануарлардың түсінікті ойлау қабілеті жоқ, яғни олардың белгілі бір заттар мен олардың негізгі қасиеттері туралы түсініктері жоқ. Адамның түсінікті ойлау қабілеті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның санасы да жоғары болып саналады.

Адамның екінші ерекшелігі - оның сөйлеу қабілеті. Жануарларда өз кезегінде басқалармен қарым-қатынасты белгілердің көмегімен жүзеге асырады. Бірақ адамдарда, И. П. Павлов “белгілердің екінші жүйесі” деп атаған (жануарларда бірінші белгілік жүйе) сөз арқылы қарым-қатынас жүзеге асырылады. Адамзат қоғамы жануарлардан осы арқылы ерекшеленеді.

Үшінші ерекшелік - еңбек ету қабілетілігі. Әрине, барлық жануарлар белгілі бір жұмыс атқарады, ал жоғары сатыдағы жануарлар болса, оладра тіпті біршама күрделі жұмыс түрлеріне де қабілетті болады. Мысалы маймылдар ағашта өсіп тұрған жемісті таяқтың көмегімен түсіреді. Жалпы еңбек құралдарын жасай білетіндер тек қана адамдар. Жануарлар қоршаған ортаға бейімделе алады, ал адам оны өзгертеді, яғни адамдаы адам еткен еңбек деген тұжырымдарға осы негіз болады деуге болады. Адамның еңбек ету қабілетіне байланысты қалыптасқан тағы да басқа ерекшеліктері бар. Олар - тік жүру, соның нәтижесінде қолдың босанып дамуы, әсіресе бас саусақтың жақсы жетілуі және отты пайдалану.

Адамның жануарлардан ең басты ерекшектері: еңбек, түсінік бойынша ойлау мен сөйлеу - адамның жануарлардан бөліну жолдарында қалыптасқан ең маңызды белгілер болды.

Адамның шығу тегі.

Жоспар:

1. Адамның шығу тегі туралы түсінік.

2. Адам мен жануарларда болатын ұқсас мүшелер.

3. Адам мен адамтектес маймылдардың ұқсастығы.

4. Осы заманғы алғашқы адамдар.

Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін, материалдық және рухани қазыналарын зерттейтін кешенді ғылым - антропология деп аталады. Антропология сөзі гректің «anthropos» - «адам», «logos» - «ілім» деген сөздерден алынып, адам туралы ғылым деген ұғымды береді. Антропология терминін ғылымға алғаш рет Аристотель енгізді. Антропология ғылымының негізгі бір саласы - антропогенез. Ол адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін және нәсілдік ерекшеліктерін зерттейді.

Жалпы тірі организмдердің тарихи даму кезеңінің ең соңында пайда болған әрі ең жоғары сатыдағы тұрған тіршілік иесі - адам. Қазіргі кезде жер бетіндегі адамдардың бәрі де бір ғана түрге саналы адам ( Homo sapiens) түріне жатады.

Жаратылыстану ғылымдарының пайда болуы және олардың даму кезеңдеріне байланысты адамның пайда болуы туралы басқа да көзқарастар қалыптасты. Әсіресе анатомия, эмбриология, палеонтология т. б. ғылымдарының деректеріне байланысты адамның шығу тегі туралы ғылыми көзқарастар қалыптаса бастады. Тірі организмдерді алғаш рет ғылыми жүйеге бөліп, жіктеген швед ғылымы Карл Линней (1735ж) . Ол өз еңбегінде адамды сүтқоректілер класының, приматтар( маймылдар) отрядына жатқызып, түрін саналы адам деп атады.

Француздың жаратылыс зерттеуші ғылымы Жан Батист Ламарк те адамның адамтектес маймылдардан шықққанындығын қуаттады.

Адам мен жануарларда болатын ұқсас мүшелер. Адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі мүшелерінің құрылысында бір-біріне ұқсас белгілер көптеп кездеседі. Ондай белгілердің бірінші тобына - адам денесінде кездесетін рудимент (латынша «rudimentum» - арғы тегінен қалған қалдық белгілер) белгілерді жатқызуға болады.

Қазіргі кездегі адам денесіндегі мұндай рудиментті мүшелер 90-ға жуық. Ондай мүшелерге теріасты, құлақ

маңындағы бұлшық еттерді, терідегі түктерді, омыртқа жотасындағы құйымшақ бөлімін, соқырішекті, т. б. мүшелерді атауға болады. Адамда мұндай мүшелердің кейбір атқаратын қызметіде өзгерген. Мысалы, жануарларда болатын соқырішек, негізінен, ас қорытуға қатысатын болса, адамда қорғаныштық қызмет атқарады.

Адам денесінде кейде кездесетін жануарларға ұқсас мүшелердің екінші тобына атавизмді ( латынша « atavus » - арғы тегін қайталау) белгілер жатады. Ондай мүшелерге кейде құйрықты баланың дүниеге келуі, денесіне қалың түк өсуі, көп емшекті адамдардың тууы, т. б. жатқызуға болады. Адам денесінде кездесетін мұндай рұдиментты және атавизмді мүшелердің болуы адамның арғы тегінің жануарлардан шыққандығына нақтылы ғылыми дәлел бола алады.

Адам жануарлар ұрықтарының дамуындағы ұқсас белгілер.

Адам мен омыртқалы жануарлардың ұрықтарының дамуында да көптеген ұқсас белгілер бар. Адам ұрпағының ең алғашқы кезеңі ұрықтанған жұмыртқа жазушасы - зиготадан басталады. Ұрықтың бұл кезеңі бір жасушалы қарапайым жануарларға ұқсайды, келесі кезеңде ұрық бөлшектену арқылы бір қабатты көп жасушалы бластулаға айналады. Бластула (шоқырлы) қарапайым жанауар - вольвокске ұқсайды. Ұрықтың әрі қарай дамуы кезінде екі қабатты көп жасушалы гаструла пайда боладыү. Гаструла көп жасушалы денесі екі қабаттан тұратын ішекқуыстыралға ұқсайды. Ұрықтың даму барысында бірте - бірте балықтарға ұқсас жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары пайда болады. Ұрықтың жүрегі алғашында қабырғасы оқтын -оқтын жиырылып - босаңсып тұратын, қандауыршаның құрсақ қолқа қонтамырына ұқсайды.

Адам мен адамтектес маймылдардың ұқсастығы. Адам мен адамтектес сыртқы құрылысында және мінез-қылығында да көптеген ұқсас белгілер бар. Мысалы, оны сыртқы орта жағдайларындағы тітіркендіргіштерге байланысты көңіл күйінің өзгеруінен, ұрпақтарына қамқорлық жасауынан, т. б. айқын аңғаруға болады. Сонымен қатар маймылдарда да орталық жүйке жүйесі және есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Осыған байланысты адам мен маймылда шартсыз, шарттты рефлекстер ұқсас қалыптасады. Маймылдар да ұзын ағаш бұтағын құрал ретінде пайдалана алады. Адамтектес маймылдардың да құйрығы болмайды, саусақтарының ұшы жалпақ әрі онда жалпақ тырнақтары орналасады. Олардың сезім мүшелері, тиерісінің құрылысы, қан топтары, жалпы аурулары және олардың денесінде тіршілік ететін паразиттері де ұқсас болады. Адамтектес маймылдардың қабырғаларының саны да 12-13 жұп. Хромосомаларының құрылысы да ұқсас келеді. Адамда 46, ал адамтектес маймылдарда 48 хромосома бар. Міне, осы айтылған белгілердің бәрі де адам мен адамтектес маймылдардың арғы тегінің бір-біріне жақын екенін дәлелдей түседі.

Адам мен адамтектес маймылдардың бір-бірінен айырмашылығы. Адамтектес маймылдардың көп белгілері адаммен ұқсас болғанмен, олар адам сияқты еңбек құралдарын жасай алмайды. Адамның тікелей тік жүруіне байланысты өзіне ғана тән белгілері қалыптасқан. Ондай белгілерге - омыртқа жотасының алға-артқа иілуін, кеуде қуысының жазық пішінділігін, жамбас қуысының кеңдігін атауға болады. Аяқ сүйектерінің ұзын болуы, бас сүйегіндегі ми сауыты бөлімінің үлкен болуы да адамға тән белгілер. Р есей ғалымы Е. Тетушкин 2001 жылы адам мен адамтектес маймылдардың қан құрамын салыстыра отырып зерттеген. Ол адамдардан гиббондар - 17, 9, орангутандар - 13, 9, гориллалар - 7, 2, ал шимпазелер 5, 9 млн жыл бұрын бөлінген деген қорытынды жасады. Ол шимпазенің қан құрамы мен ондағы нәруыздардың 99, 6 %-ы адамға ұқсас екендігін де анықтаған.

Дриопитектер - бұдан 25-14 млн жыл бұрын тіршілік еткен адамтектес маймылдардың бір тобы. Олар көбінесе ағаш басында, кейде жерге түсіп те тіршілік еткен. Кеіннен дриопитектерден қазіргі адамтектес маймылдар мен адамдардың ежелгі арғы тегі бөлінген. Дриопитектерден адамның өз алдына жеке тұқымдас ретінде бөлінуі антропогенездің жаңа кезеңі болып саналады. Адамдар тұқымдасының ежелгі өкілдерін кей ғалымдар адамтектес маймылдар мен адамдардың арасындағы аралық түр деп санайды. Адамдар тұқымдасының ежелгі түрлерінің дене құрылысында адамтектес маймылдарға да, адамға да тән белгілер кездеседі.

Дриопитектер тіршілік еткен кезеңдегі тау түзілудің әсерінен жер бетіндегі ауа-райы суыта бастады. Тропиктік және субтропиктік орман алқаптары оңтүстікке қарай ауысып, кең көлемді ашық алаңқай жерлер пайда болды. Төрттік кезеңдегі мұздану оңтүстікке қарай жылжып ауа-райының суына түсуіне де ықпал жасады. Ағаш басына алаңқай жерлерде тіршілік етуге көшкен маймылдар ауа-райының қатал жағдайына бейімделіп, тіршілік үшін күресулеріне тура келді. Жылдам жүгіре алмайтын әрі жыртқыштардан қорғану нашар және денесіндегі түгі сирек адамтектес маймылдар топтасып тіршілік ете бастады. Адамтектес маймылдардың бір тобы бірте-бірте екі аяқпен тік жүріп, қолымен қарапайым құралдарды пайдалануға бейімделе түсті.

Дриопитектрге туыстық жақын түрлерге ромапитектер мен сивапитектер жатады. Олардың қаңқа қалдықтары үнді жерінен, оңтүстік африкадан, еуропадан табылған. Ромапитектер бұдан 14-8 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Кейбір ғалымдар оларды адамтектес маймылдар мен адамдар арасын байланыстыратын тіршілік иелері деп санайды. Олар көбіне ашық жерлерде, екі аяғымен тік жүріп өмір сүрген. Ромапитектерден алдымен проконсулдар, одан кейін горилла мен шимпанзе, ал ең соңында аустролопитектер бөлінген. Сондықтан антрополог ғалымдардың көпшілігі ромапитектерді аустролопитектдің тікелей арғы тегі деп есептейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салыстырмалы психологияның даму тарихы
Ноосфераның пайда болуы
Жаратылыстану концепциялары
Жасушаның құрылысы мен қызметі
Адамның шығу тегі туралы тұжырымдар
Еңбек тұжырымдамасы
Саясат тарихы туралы ақпарат
ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ ОБРАЗЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Биосфера және тірі зат туралы түсінік
Француз романтикалық стилінің сән белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz