Азаматтық құқықтың түсінігі мен пәні


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Құқық өзіне тән бірнеше құқық салалары негізінде біртұтас жүйені кұрайды. Ал сол құқық салаларын бір-бірінен тиісті құқықтың реттеу пәні мен әдіcі арқылы ажыратамыз. Бұл құқықтың пәні мен әдісі олардың айырмашылығын айқындаумен қатар, ол құқық салаларының ерекшелігін де жан-жақты көрсетіп береді. Яғни қандай да бір құқық саласы болсын, ол өзінің құқықтық реттеу пәні мен әдісі арқылы жеке айқындалады.

"Азаматтық құқық" термині ежелден белгілі, яғни рим заңгерлері Рим азаматтарының құқығы ретінде түсіндірді. Римде құқық екі салаға жария және жеке болып бөлінді. Қазақстан Республикасында кұқық жүйесі мұндай болып бөлінбейді. Ал азаматтық құқық тек қана өзіне тән институттардан тұрады.

Азаматтық құқық азаматтардың, заңды ұйымдардың, сонымен бірге мемлекеттің күнделікті өмірі және қызметімен тығыз байланысты болатын жалпы құқықтың бір саласы. Біз бұл құқықтың түсінігін терең ашуымыз үшін оның пәнінің анықтамасын айқындауымыз керек. Ал азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың ауқымдылығына және сан қырлылығына байланысты азаматтық құқық пәнін анықтау күрделі.

Бізге белгілі болғандай құқықтық жүйе үлкен құқық салаларына бөлінеді. Ол құқық салаларын бір-бірінен ажырату үшін әдетте негізгі белгі ретінде /критери/ құқықтық реттеудің пәні мен әдісі негізге алынады.

Құқыктық реттеудін пәні мен әдісі арқылы құқық салаларын бөліп қана қоймай олардың ерекшелігі де анықталады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша және қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік қатынастар, сонымен бірге мүлікпен байланысты немесе мүлікпен байланысы жоқ жеке мүліктік емес қатынастар құрайды (АК-тің 1-бабы, 1-тармағы) . Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық, қатынастардың негізгі түрі мүліктік қатынастар болып табылады.

Материалдық құндылықпен байланысты қоғамдық қатынастар (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздармен, ақшамен және басқа да мүліктермен) мүліктік қатынастар деп аталады. Яғни мүліктік қатынас - мүлік иелену, пайдалану, мүліктің бір адамнан екіншісіне өту, яғни мүліктің тағдырының шешілуі тұрғысында болса, ол азаматтық заңдармен реттеледі. Демек, кез келген қоғамдық қатынастың мүліктік сипаты (мазмүны) болса, ол азаматтық заңдармен реттелсе, бұл - мүліктік құқықтық қатынас болып табылады.

Мүліктік емес құқықтық қатынастарға мүліктік сипаты жоқ (өмір сүру құқығы, есім алу кұқығы, өз кұпиясын сақтау құқығы, ар-намыс, іскерлік бедел, авторлық т. б. ) азаматтық заңдармен реттелетін қоғамдық қатынастар жатады.

Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары жеке мүліктік емес қатынастардың екі тобын реттейді

а) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар (АК-тің 1-бабы, 1-тармағы) .

б) мүлікпен байланысы жоқ және мүліктік емес қатынастар (АК-тің 1 -бабы, 2-тармағы)

Жеке мүліктік емес қатынастардың бірінші тобына мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар жатады. Яғни, бұл дегеніміз жеке қатынастардың мүлікке бағыныштылығын емес, олардың байланыстылығын, демек қоғамдық қатынастардың бір кешенге бірігуін білдіреді. Мысалы, бір ұйымның келесі ұйымның тауар белгісін заңсыз пайдалануы, алғашында оның мүліктік емес құқығына залал келтірсе, соңында ол оған мүліктік залал келтіреді. Ал мүлікпен байланысы жоқ жеке мүліктік емес қатынастар адамның жеке басынан бөліп алуға болмайтын, мазмұны мүліктік құндылық емес жағдайға байланысты туындайды. Мүліктік емес құқықтар конституцияда адам және азаматтардан бөліп алуға болмайтындығы көрсетілген. Яғни азаматтық қүқықтық реттеудің пәніне мүліктік және мүліктік емес қатынастар жатады.

Қорыта келгенде, азаматтық заңдармен реттелетін қоғамдық қатынастар (азаматтық қүқықтың пәні) басқа қүқықтық пәндерден төмендегі екі негізгі белгілер арқылы ажыратылады.

а) оның қандай да бір мүлікті иелену, пайдалану немесе билік етуге байланысты және келтірілген мүліктік зиянды өтеуге байланысты мүліктік мазмүны болады.

б) бұл қатынасқа қатысушылар заң қүжаттарында көзделген реттерді қоспағанда, бір тараптың екіншісіне әкімшілік немесе өзге де билік жағынан тәуелді бағыныштылықта болмайды.

Егер азаматтық құқықтың пәнінің түсінігі қандай қоғамдық катынастардың азаматтық күқық нормаларымен реттелетіндігіне байланысты болса, ал азаматтық кұқықтың әдісі сол қатынастар азаматтык кұқық нормаларымен қалай реттелетіндігін білдіреді. Азаматтық құқықтың пәні мен әдісі өте тығыз байланысты ұғымдар.

Әрбір құқық саласына өзіндік ерекшелігі бар реттеу әдісі тән.

Олар:

  1. Азаматтық құкықтық қатынастарға қатысушылардың заңдық теңдігі, яғни жеке заңды тұлғалар азаматтық айналымда мүліктік басқа да жағдайларға қарамастан тең құқықты. Бұл дегеніміз ешқандай бір тарап екінші тарапқа бір жақты негіздеміндеттер жүктей алмайды.
  2. Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысу барысындағы еріктілік, әрбір жеке және заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарын өз еркімен өз мүддесі үшін иемденеді және жүзеге асырады.
  3. Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы тараптар кұқықтарын қорғауда тең кұкыққа ие және қорғау мүмкіндігін иеленуде еркін болады. Азаматтық құқықтарды қорғау соттар арқылы жүзеге асады.
  4. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ерекшелігі. Оның мүліктік және өтімді болуы (компенсация), келтірілген залалды толық өтеу құқығы.

"Принцип" деген термин латын сөзінен шыққан ол негіз, бастама деген мазмұнды білдіреді. Азаматтық құқықтың принциптері яғни ол қоғамдық қатынастарды азаматтық құқықтық реттеудің нормативтик құкықтық мазмұны бар негізгі басшылыққа алынатын бастамалар.

Принцип біріншіден тікелей қолданылатын норма, екіншіден, заң актілерін (заң асты) жасау өзгерту барысында басшылыққа алынады, үшіншіден, заң үқсастығы барысында басшылық алынады, төртіншіден, заңдарды түсіндіру барысында ескерілуді болжайды және заңдар қайшылығы барысында бас шылыққа алынады.

Азаматтық құқықтың принциптеріне мыналар жатады (АК-тің 2-бабы, 1-тармағы) :

  1. Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың теңдігі;
  2. Мүліктік және басқа да мүліктік емес құқықтарға қол суғылмаушылық;
  1. Келісім-шарттың еркіндігі;
  1. Жеке іске бөгде біреудің араласуына жол бермеу;
  1. Азаматтық құқықтардың кедергісіз іске асуы;
  1. Бұзылған құқықтық қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

7. Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау;
Принциптердің кейбіреулерін жеке қарастырайық.
Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың теңдігі.

Қатысушылардың мұндай теңдігі азаматтық құқықтың пәні мен реттеу әдіеінде де айқындалған.

Демек, азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы тараптар құқықтық мәртебелеріне қарамастан, мемлекет немесе ұйым, жеке адам болсын олардың құкықтық жағдайы тең.

Егер заңда өзгеше көзделмесе шет елдің заңды тұлғалары мен жеке тұлғалар және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары сияқты азаматтық заңда көрсетілген барлық құқықтар мен міндеттерді иеленеді. Конституцияның 6-бабында меншік кұқығын қорғаудағы теңдік принципі көрсетілген. Бұл олардың құқықтарының бұзылуына қарсы қорғану құралын субъектілер бірдей қолданады дегенді білдіреді.

Сонымен азаматтық құқық принциптерінің негізгі үш ерекшелігі бар.

Біріншіден, жаңа заң актілерін жасағанда немесе оларға өзгерістер енгізгенде міндетті түрде ескеріледі.

Екіншіден, құқық нормаларының ұқсастығына немесе қандай да бір мәселенің нақты реттелуі құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілмеген жағдайда принциптер басшылыққа алынады.

Үшіншіден, құқық нормаларын немесе шарттарды түсіндіру, олардың нақты мәнін анықтау барысында басшылыққа алынады.

Құқық жүйе ретінде келесі белгілермен сипатталады. Біріншіден, құқық - кездейсоқ кұқық нормаларының жиынтығы емес, бұл органикалық бүтін бір құқықтық құбылыс, сонымен бірге ол объективтілігі мен

сипатталады. Құқык жүйесіне оны құрушы нормалардың бірлігі және олардың өзара байланысы тән.

Екіншіден, кұкық жүйесі өзінің мазмұны және қүрылымдық элементтерінің көлемі бойынша біртектес смес, көпжақты қүқықтык құбылыс. Құқық жүйесі сонымен бірге құқық нормасына, кұқық институтына және құқық саласына бөлінеді.

Құқық жүйесі - бұл құқықтың жекелеген бөліктерге бөлінуіне қатысты сонымен бірге құқық нормаларының бірлігі мен келісімділігін білдіретін оның ішкі құрылымы.

Құқық жүйесі мен заң жүйесінің байланысына, арақатынасына және айырмашылығына байланысты заңгер ғалымдар бір нақты тұжырымға келген жоқ. Бірақ жалпы алғанда олардың тұжырымы бойынша құқық жүйесі мен заң жүйесі бір феноменнің көрінісі. Бұған қосымша тағы да құқық - норма жүйесі, және заң да норма жүйесі деген көзқарастар да бар.

Көптеген ғалымдар заң жүйесі заң актілерінің жиынтығы мен нормативтік ұйғарымдардың реттеу объектісіне байланысты бөлінетін заң саласы және институттарынан тұрады деп көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талап қою арқылы іс жүргізу
Мамандықтың пәндер каталогы
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері
Азаматтық құқықтың жүйесі
Халықаралық жеке құқық туралы
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Азаматтық құқық пәні
Мемлекет пен құқық теория негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz