Импульстің сақталу заңы



КІРІСПЕ

1.Күш импульсі.
2.Дене импульсі.
3.Куш импульсы мен дене импульсі арасындағы қатыс.
4.Денелердің оқшауланған жүесі.
5.Импульстің сақталу заңы.


Пайдаланған әдебиеттер.
"Импульс" латынның impulsus деген сөзінен шыққан, оның сөзбе-сөз аудармасы "серпін" («түрткі») дегенді білдіреді. Бұл термин механикада екі күш импульсі мен дене импульсін білдіреді.
Денелердің өзара әсеріне байланысты барлық мәселені Ньютон заңдары негізінен шешіп бере алады. Алайда көп жағдайда өзара әсерлесу күшін табу оңай емес, ал күш туралы білім болмайынша, денелердің алатын үдеуін, демек, олардың жылдамдықтарын және орын ауыстыруын табуға болмайды. Мысалы, Ньютон заңдары арқылы ракетаның және одан шығатын газдардың, қайсыбір соқтығысып қалған денелердің және т.б. өзара әсерлесу күштерін қиын да болса табуға болады. Бұл сияқты мәселелерді шешу үшін механикада арнаулы ұғымдар мен шамалар енгізіліп, Ньютон зандары арқылы олардың арасындагы қатынастар белгіленген. Бұл жаңадан енгізілген шамалардың сандық мәндері денелердің өзара әсерлесу нөтижесінде өзгермейді. Оған денелер массасын мысалға алуға болады. Сондықтан өзгермейтің шамалар арасындағы маңызды қатынастарды сақталу заңдары деп атайды.
Сақталу заңдарын Ньютон заңдарының көмегімен шығарып алғанмен, олар Ньютон заңдарының салдары болып табылмайды. Сақталу заңдары, Ньютон заңдары сияқты, тәжірибелік фактілердің теориялық қорытындысы. Сақталу зандары физиканың іргелі зандары болып саналады. Тек механикада емес, физиканың басқа бөлімдеріне де қолданымды болғаңдықтан, олардың маңызы зор.
1.”Физика” Шахмаев С.Н. Шахмаев Н.М. Шодиев Д.Ш.
Алматы-2002

2.”Физика” Кикоин И.К. Кикоин А.К.
Алматы-2003

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
"Импульс" латынның impulsus деген сөзінен шыққан, оның сөзбе-сөз аудармасы
"серпін" (түрткі) дегенді білдіреді. Бұл термин механикада екі күш
импульсі мен дене импульсін білдіреді.

Денелердің өзара әсеріне байланысты барлық мәселені Ньютон заңдары
негізінен шешіп бере алады. Алайда көп жағдайда өзара әсерлесу күшін табу
оңай емес, ал күш туралы білім болмайынша, денелердің алатын үдеуін, демек,
олардың жылдамдықтарын және орын ауыстыруын табуға болмайды. Мысалы, Ньютон
заңдары арқылы ракетаның және одан шығатын газдардың, қайсыбір соқтығысып
қалған денелердің және т.б. өзара әсерлесу күштерін қиын да болса табуға
болады. Бұл сияқты мәселелерді шешу үшін механикада арнаулы ұғымдар мен
шамалар енгізіліп, Ньютон зандары арқылы олардың арасындагы қатынастар
белгіленген. Бұл жаңадан енгізілген шамалардың сандық мәндері денелердің
өзара әсерлесу нөтижесінде өзгермейді. Оған денелер массасын мысалға алуға
болады. Сондықтан өзгермейтің шамалар арасындағы маңызды қатынастарды
сақталу заңдары деп атайды.
Сақталу заңдарын Ньютон заңдарының көмегімен шығарып алғанмен, олар
Ньютон заңдарының салдары болып табылмайды. Сақталу заңдары, Ньютон заңдары
сияқты, тәжірибелік фактілердің теориялық қорытындысы. Сақталу зандары
физиканың іргелі зандары болып саналады. Тек механикада емес, физиканың
басқа бөлімдеріне де қолданымды болғаңдықтан, олардың маңызы зор.

1. Күш импульсі. Денелердің өзара әсерлесуінің нәтижесі тек күшке ғана
байланысты емес, ол өзара әсерлесу уақытына да байланысты. Оған мына
тәжірибе арқылы көз жеткізуге болады.
Горизонталь шыныға болат шар қоялық. Оның үстімен күшті магнитті жылдам
жүргізіп өтелік, сонда шардын орнынан аздап болса да қозғалғанын байқаймыз
(117,а- сурет)

Тәжірибені қайталап магнитті шардың үстімен жайлап қозғайық, сонда шар
магнитке ілесе жылжиды (117, ә-сурет).
Бұл тәжірибе өзара әсерлесудің нәтижесі өзара әсерлесу уақытына
байланысты екенін көрсетеді.
Үстелде жатқан бір парақ қағазға суы бар стакан қоялық. Егер сол
қағазды жайлап тартсақ, онда стакан қағазбен бірге қозғалады
(118, а-сурет).

Ал егер қағазды қаттырақ тартып қалсақ, онда қағаз сусып шығады да,
стакан орнында қала береді (118, ә-сурет).
Тәжірибелер денелердің өзара әсерлесуі тек күшке ғана емес, сонымен
қатар өзара әсерлесу уақытында да байланысты болатынын көрсетеді. Сондықтан
күш әсерін сипаттау үшін физикаға арнаулы шама — күш импульсі енгізілді.
Күш импулъсі деп белгілі бір уақыт ішінде күш әсерінің өлшемі болып
саналатын векторлық физикалық шаманы айтады.
Куш импульсі куштің оның әсер ету уақытына көбейтіндісімен өлшенеді.

мұндағы күшінің t уақыттағы импульсі
Күш импульсі векторының бағыты күш бағытымен сәйкес келеді. Халықаралық
бірліктер жүйесінде импульс бірлігі ретінде бір секунд ішінде әсер ететін 1
Н күш импульсі алынады (н ь ю т о н-с е к у н д);
2. Дене импульсі немесе қозғалыс мөлшері. Айталық, көлбеу эстакадамен
массасы 2 кг мақта салынған қапшық 5 мс жылдамдықпен жылжып келеді делік
(119-сурет)

Эстакаданың төменгі жағында бұл қапшықты қолмен оңай тоқтатуға болады.
Ал эстакадада осындай жылдамдықпен массасы 50 кг қүм салынған қап жылжып
келе жатса, оны қолмен тоқтата алмайсың. Массасы 9г 5 мс жылдамдықпен
ұшқан оқты жұқа шүберек немесе картон мен тоқтатуға болады, ал осы оқ
винтовкадан 800 мс жылдамдықпен үшса, оны өте қалың тақтай да тоқтата
алмайды.
Осы мысалдар қозғалған денелердің басқа денелермен өзара өсерлесуін
сипаттау үшін оның массасын немесе жылдамдығын білу жеткіліксіз екенін
көрсетеді. Сондықтан механикалык қозғалыстың бір өлшеуіші ретінде арнайы
шама — дене импульсі (немесе қозғалыс мөлшері) енгізілген.

Дене импулъсі деп механикалық қозғалыстың өлшеуіші болатын физикалық
векторлық шаманы айтады.
Дене импулъсі дене массасын оның қозғалыс жылдамдығына көбейткендегі
көбейтіндімен өлшенеді:
,

мүндағы жылдамдықпен қозғалған массасы т дененің импульсі.
Халыкаралык бірліктер жүйесінде дене импульсінің бірлігі ретінде
массасы 1 кг дененің 1 мс жылдамдықпен козғалғандағы импульсі кабылданған
(секундына килограмм-метр):
[ р ] = 1 кг • 1 мс = 1 кг • мс.

3. Күш импульсі мен дене импульсі арасындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Импульстің сақталу заңы және кеңістіктің біртектілігі
Импульс моменті
Бөлшектің тыныштық массасы мен энергиясы
Сақталу заңдары туралы
Электронды оқулықты құру методикасы
Импульс түсінігі
Инерция күштері
Физиканы оқыту әдістемесінің негізгі қызметтері
Импульстің сақталу заңы жайлы
МЕХАНИКА
Пәндер