Азаматтық құқықтағы меншік құқықтарын құқықтық реттеу жүйесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТI
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТI
АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Азаматтық құқықтағы меншік құқықтарын құқықтық реттеу
Орындаған 4 курс студенті
Ғылыми жетекші
аға оқытушы
Норма бақылаушы
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді
з. ғ. к., доцент
АЛМАТЫ, 2009
Реферат
Диплом жұмысының мақсаты - меншік құқығына, оның ішінде меншік түрлеріне анықтама беру, олардың түрлерін саралау, оларды қорғау тәсілдерінің ережесін ашып көрсету
Диплом жұмысының міндеті -меншік құқығына қатысты жалпы ережелерді қарастыру, бүгінгі қоладанылып жүрген заңдарымыз бойынша ерекшеліктерін көрсету, сонымен қатар жаңа заман талабына сай меншіктің ерекшеліктерін қарастыра отырып түйіндеу, анализ беру.
Диплом жұмысының өзектілігі - Меншік институты әлі де толығымен қарастырылатын және болашақта да көптеген елдердің зеттеушілерінің назарын аударатын мәселе. Бұл ең алдымен басқа әлеуметтік байланыстар мен процестер меншікке қатысты жүзеге асуымен байланыстырылады. Әсіресе, мемлекет пен мемлекет қатыстары маңызды, өйткені олар мемлекеттің экономикалық функцияларын жүзеге асыруға бастапқы бағыттарын құрайды, мемлекет пен қоғамның дамуын белгілейді.
Диплом жұмысында көрнекті отандық ғалымдар М. К. Сүлейменов, Ю. Г. Басин, Ғ. И. Төлеуғалиев, А. Г. Диденко, О. Қ. Ихсанов, Ә. Е. Бектұрғанов, Н. Б. Мұхитдинов және тағы басқа ғалымдар еңбектері мен шет ел әдебиеттері және қажетті нормативтік актілер қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы Меншік құқығының адамзат қоғамында пайда болуынан бастап, Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығы. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығының ұғымы және негізгі түрлері, Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығына ие болу объектілері мен негіздері. Шаруашылық серіктестіктердің және акционерлік қоғамның меншік құқығын қарастыра келіп, негізгі бөлімде Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы және Меншік формалары және оларды өзгерту әдістері мен Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесіне сараптау және оның нәтижелері соңғы статистикалық деректер бойынша мәліметтер келтіріліп, көрсетіледі.
Жиі кездесетін түйінді сөздер: «меншік», «иелену», «пайдалану», «билік ету», «мемлекеттік меншік», «жекешелендіру», «национализация», «денационализация», «реприватизация».
Глоссарий
Меншік құқығы - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі.
Пайдалану құқығы - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда түсірудің заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Пайда табыс, өнім, төл өндіру түрінде жене басқа формада болуы мүмкін
Билік ету құқығы - мүліктің заң жүзінде тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі
Мемлекеттік меншік - бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесі
Жеке меншiк - жеке тұлғаның, жекелеген азаматтардың меншiгi.
Ортақ меншік - екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік
Ұлттандыру (национализация) - бұл шаруашылықтың негізгі нысандарына (жер, өнеркәсіп, көлік, банктер) жеке меншіктің мемлекет меншігіне көшірілуі
Жекешелендіру (лат, privates - жеке) - бұл мемлекеттік немесе муниципалды меншікті ақыға немесе тегін жеке меншікке беру.
Стратегиялық объектілер - Қазақстан қоғамының орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, оны иелену, пайдалану және билік ету Қазақстан Республикасының Ұлттық жай-күйіне әсер ететін мүлік
Шаруашылық жүргізу құқығы-
Оралымды басқару құқығы-
Реквизиция -
Тәркілеу -
Тақырыбы: Азаматтық құқықтағы меншік құқықтарын құқықтық реттеу
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика құру жөніндегі стратегиясында жекешелендіруді жедел жүргізу басты орын алған болатын. Бұл шараның түпкі мақсаты әрбір адам меншік иесі болатын немесе меншік иесі болуға мүмкіндігі бар мемлекет мемлекет құруды көздеген. Шынайы демократиялық қоғам құру үшін міндеттілік болып табылатын ойлау тәуелсіздігіне табыс тәуелсіздігі ғана жеткізе алады. Олай болса «өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар» дейтін атам қазақтың сөзінде үлкен астар бар болса керек. [1]
Жекешелендіру - нарықтық қатынасқа өтудің түбірлі мәселесі. Ол жеке меншік секторы мен акционерлік қоғамдардың және бірлескен кәсіпорындардың алдыңғы позицияларды алуын көрсететін қозғалысты анықтайды. Оның жүргізілуі нарықтық қатынастың пәрменділігіне байланысты болады. Жекешелендіру - меншіктің барлық түріне мемлекеттік, ұжымдық және жеке меншіктің теңдігі мен құқығына қалыпты жағдай жасайды. Адамдарға меншікті қайтарумен байланысты өндірушілерден бәсекелесуге жарамды - жарамды өнім түрлерін өндіруге деген ынтасының арта түсетініне сенім білдіруге болады. Жекешелендіру мақсатында мемлекет қандай мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға сатуға болатындығын анықтайды. Мемлекеттік мүлікті сатуды уәкілетті мемлекет органдары жүзеге асырады. Әдетте бұл Қаржы Министрлігінің департаментінің бірі. Сатып алушы - жекешелендіру процесінде мүлікті иемденетін жеке тұлға, мемлекеттік емес заңды тұлға немесе шетеллдік заңды тұлға. Жекешелендіруден түскен ақша мемлекеттік бюджетке түседі.
Жекешелендіру кейде дүниежүзілік жаулап алып бара жатқан бейбіт революция деп те бейнелеп айтады. Шынында да бұл процеске даму дәрежесі әр түрлі деңгейдегі 50-ден астам мемлекет қатысады. Бұл елдердегі мемлекеттік кәсіпорындар жекешелендіріп, ауыл шаруашылығы ұйымдары мен өндіріс орындары тікелей мемлекет иелігінен алынып, жалға берілуде. Бұл процестің ауқымы мен қарқыны, әсіресе 1991 жылдан бастап күшейді және қазір ол, нарыққа көшкен дамудың әр қилы деңгейдегі мемлекеттерде жүріп жатыр. Жекешелендіру ТМД елдерінде әр түрлі деңгейінде жүргізіліп келеді, бұл бағытта шет елдік тәжірибелер де ескерілуде, қателіктерге де жол берілуде, бірақ уақыт басқа таңдаудың жоқтығын көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік кәсіпорындар пайданы қорландырумен үнемді, тиімді жұмыс істей алмай, ұлттық байлықты ысырап етіп келеді деген көзқарас қалыптасты.
Республикамызда ұзақ жылдар бойы санамызға социалистік меншік сіңіріліп, жеке меншік қанаушы қоғамға тән деп ұғындырылып келді. Ол системадан қоғамдық меншік пен жеке меншік ұғымы сыйыспайтын еді. Өндірісті, шаруашылықты мемлекет меншігіне бағындырудың басымдылығына орай жеке меншіктің даму болашағы жоқ деген ой қалыптастырылды. Адамның жеке меншікке деген табиғи ұмтылысын басуға мемлекет машинасының барлық қуаты жұмсалды. Әйткенмен қоғамдық ойдың дамуы ел өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Әкімшілік жүйе көрер көзге меншік иесі бола отырып, қоғамдық меншіктің қожасы болғаны айдан анық. Осындай оралымпаздық, іштен іру меншік қатынастарын қиратып, әкімшілдік - әкімшілдік жүйенің күйреуін тездетті.
Мемлекеттік меншік құқығының басқару мазмұнын, нысандарын, түрлерін, оны жекешелендіруден туындайтын міндеттемелік құқық негіздерін қарастырамыз. Осыған орай, біздің Республикамызда қалыптасқан нарықтық қоғамға сәйкес, осы мемлекеттік меншікті басқару нысандарының, оның құқықтық жағдайының қаншалықты маңызды екендігіне көз жеткізуімізге болады.
Ендігі жерде біз осы еліміздегі қалыптасқан мемлекеттік меншікті басқару нысандарын бұрынғы Кеңес өкіметі кезіндегі мемлекеттік меншікті басқару нысанымен салыстыратын болсақ: ол кездегі мемлекеттік меншікті басқару нысаны қазіргі кездегіге қарағанда, әлдеқайда шектеулі түрде болғаны мәлім.
Ал, біздің Республикамыздағы қалыптасқан мемлекеттік меншікті басқару институты, қазіргі кездегі нарықтық қоғамға сәйкес, ілгері қарай өрбуде. Бұның өзі еліміздің экономикасының әрі қарай дамуына бірден-бір ықпалы тигендігіне кәміл сенуімізге мүмкіншілік береді. Осы жоғарыда көрсетілгендей мемлекеттік меншікті басқару нысандарының дамуына сәйкес, Қазақстан Республикасында жекешелендіру негізде өтуде. Меншікті басқару қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келеді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек. Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді - табиғаттың өнімдері мен еңбекті - меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Азаматтық құқық ғылымында меншік қатынастары үлкен маңызға ие. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша меншікке кепілдік беріледі. [2] Қазақстан Республикасының азаматтарының заңдарында да меншікке қол сұғылмайтындығы жөнінде қағида ретінде реттеледі. Кез-келген дамыған мемлекеттердің экономикасы меншік қатынастарының негізінде жүзеге асады.
Меншік дегеніміз - азаматтық құқық субъектісінің қандай да бір заттармен қатынасы болып табылады. Себебі меншік субъектілердің қажеттілігін қанағаттандыратын басты экономикалық категория болып табылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік негізінен міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен обьектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. [3] Бұл меншік мәселесі өте күрделі және көп мәселелердің бірі - өтпелі дәуірдегі меншік құрлымы мен шаруашылық жүйесінің тәуелді қатынастарын және жаппай жекешелендіру және оның әлеуметтік - экономикалық нәтижелерін реттеу - басқару шараларына тікелей қатысы бар ғалымдар Сүлейменов М. К., Басин Ю. Г., Ашимбаев Т. А, Нысанбаев Б. Н, Нәрібаев К. Н, Арынов Е, Әубәкіров Ж. А, Жатқанбаев Е. Б, Қалиев Г. А, т. б жұмыстарын атауға болады.
Республикалық бюджет қаражаты, алтын валюта қоры мен алмас қоры, тек қана мемлекеттік меншік обьектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды және мемлекеттік меншіктегі мүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі мүмкін. Ендігі жерде біз осы мемлекеттік меншікті басқару, жекешелендіру нысандарының құқықтық жағдайының реттелуін әрі қарай дамытуда, оның қорғалуын қамтамасыз етуге ат салысуымыз керек деп ойлаймын.
I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША
МЕНШІК ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ
1. 1 Меншік құқығының мазмұны, ұғымы
Адам қоғамдық өндіріске ұдайы қатысып, өзіне белгілі бір игіліктер жасайтыны белгілі. Сондықтан, меншік ең алдымен экономикалық категория ретінде қаралу керек. Бірақ, мүліктік игіліктерге және адамдардың көз-қарастары әр түрлі. Ұдай өндірістің мәні мүліктік игіліктер жасауда, олар жоғары айтылғандай біреулер иемденіп, немесе біреулер меншігіне айналып отырады.
Кез-келген мүліктік игілік одан оның иемдену мақсатына жасалады, сондықтан да өндіріс қатынастарының негізі болып, меншікті иемденудің өзі болып табылады.
К. Маркс көрсеткендей, меншік дегеніміз белгілі тұлғалардың мүліктік игіліктерге өзіне тиесілідей, өзінікіндей қатынастары, демек барлық басқа тұлғалардың көрсетілген игіліктерге бөтендікіндей, өзіне тиесілі еместей қатынастары. [4] Сондықтан, “Меншік” заттар себебінен адамдар арасындағы қатынастары болып табылады, бұл иемдену фактісі немесе бір тұлғаға (олардың ұжымдарына) мүліктік игіліктер тиісті болу фактісіне жатады, демек басқа барлық тұлғалардың бұл игіліктерден шектелуіне әкеледі.
Сонымен, меншік қатынастары былай көрсетіледі:
- өндіріс процесінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынас ретінде;
- экономикалық қатынастар ретінде, өндіріс қаражаты түрінде мүліктік иемденуінде. [4]
С. Н. Братусь және басқа ғалымдар азаматтық құқық пәнін зерттеп, мынадай қорытындыға келді, меншік, өндірістің керекті алғы шарты бола тұра сол арқылы жүзеге аса отырып, өндірілген мүліктік игіліктерді иемденудің негізі болып табылады. Меншікті олар екі жайда қарастырады. Статистикалық иемдену жағдайында болуы, өндіріс қаражаты және оның өнімі белгілі бір тұлғанікі, динамикалық-мүліктік игіліктердің пайдалануы және ауспалы жағдайында болуы. Меншік қатынастары - мүліктік қатынас болғандықтан онда статистикалық және динамикалық жағдайда тұруы ақырғысына тән. [5] Шындығында, бұнымен келіспеуге болмайды, себебі, меншік иесі мүліктік игілікті өндірумен қатар, оны пайдаланып және арғы тағдырын белгілей алады.
Бұған дейінгі сөз меншік ерекше экономикалық категория ретінде айтылған еді, ол меншіктің заңды мазмұнын ашылуының бастамасы қызметін атқаруы тиіс еді. Енді соған өтеміз.
Меншік құқығының мазмұны мен ұғымы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188-бабында толық ашылған. [3]
Меншік құқығы субъектінің заң арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы көрсетілген өкіліттіліктен толығымен субъективті меншік құқығындай меншік иесіне әрекеттерін заңды қамтамасыздандырылған мүмкіндіктерін көрсетеді, өкілеттіліктерге меншік иесі болуы уақытында ғана ие. Мүлікті иелену де заңды және заңсыз болады. Заңды деп қандай да бір құқықтың негізгі сүйенетін иеленуді айтамыз, яғни заңды иелену титулы.
Кейде заңды иеленуді титулды деп те айтады. Заңсыз иелену құқықтық негізге сүйенбейді, демек, титулсыз иелену.
Заңсыз иеленушілер өз ішінде екіге бөлінеді: адал ниеттілер және арам ниетті иеленушілер болады. Заңсыз иеленуші мүліктің заңсыз иеленгенін білмесе және білуі мүмкін болмаса адал ниетті заңсыз иеленуші. Ал егер де ол иеленушінің заңсыз екенін білсе немесе білуі тиіс болса, онда ол тұлға заңсыз арам ниетті иеленуші болып табылады. Заңсыз иеленушілердің бұл бөлінуі меншік иесі өз мүлкін виндикациялық талап қойғанда меншік иесімен иеленуші арасында кіріс және шығыс есептеуде, сондай-ақ иеленуші мерзімінің өтуіне байланысты меншік құқығының иеленуі туралы мәселе шешу кезінде керек. Заңсыз және заңды иеленушілер болып бөлінуі мерзімнің өтуіне байланысты иелену кезінде маңызды роль атқарады. Солай, меншік иесі жоқ қозғалмайтын мүлікті 15 жыл заңды иеленген иеленуші, ол мүліктің толық заңды меншік иесі бола алады.
Меншік құқығының ендігі элементі, пайдалану өкілеттілігі. Бұл Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 188-бабының 3-тармағына сай, мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табуды заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда, кіріс, өсім, жеміс, төл және өзге нысандарда болуы мүмкін. [3]
Пайдалану өкілеттілігі әдетте, иелену өкілеттілігіне сүйенеді. Бірақ кейде мүлікті иеленбей пайдалануға болмайды.
Меншік құқығының ең ақырғы негізгі элементі - билік ету өкіліттілігі - бұл, мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуін (ҚР АК 188-б, 2-т. ) осы мүлікке қатысты заң актілерін жасау жолымен белгілеу. [3]
Меншік иесі өз мүлкін сату, жалға беру, кепілне қою және т. б. ол мүлікке билік етуін іске асыруы күмән туғызбайды. Кедергі жол болған жоюы немесе оны лақтыруы, не болмаса мүліктің касиеттері өндіріс немесе тұтынудың бір ғана актісінің жарамдылығы көзделсе меншікке қатысты әрекеттерін заңды саралау анағұрлым қиындау.
Суханов билік ету құқығына анықтама бергенде, өте айқын “қуатты” өкіліттілік, оның барлығымен меншік иесін басқа титулды иеленушілерден ажыратуға болады (бірақ кей-кезде басқа иеленушілер де мөлшерімен сондай мүмкіндіктерге ие) деген. Меншік иесіне жоғарыда айтылған үш өкілеттік бір мерзімде жиылады (иеленеді) . [6]
Кейде бұл тізімді кемітуге тырысатындар да кездеседі, мысалы, меншік иесінің өз мүлкін бақылауда немесе бақыдаудағы ерекше өкілеттілік қосу жолымен. Бірақ, бізше бұл көз-қарас негіссіз, өйткені басқару - меншік иесіне мүлікті нақты иеленуі басқа тұлғада болған уақытта пайда болады. Бірақ, бірге кейде бөлек олар мүліктің меншік иесі немесе басқа мүлікті заңды иеленушісіне тиесілі бола алады (кейбір шектеулермен) . Солай, жалға алушы (арендатор) меншік иесімен келісім шарт бойынша мүлікті иеленуі және пайдалануымен қатар, оның келісуіменмүлікті үшінші тұлғаға жалға беруге, оның жайын немесе пайдалану мақсатын өзгертулер енгізуге, жақсартуға құқы болады, демек, белгілі шекте мүлікке билік етеді.
Сондықтан, көптеген ғалым-цивилисттер Венедиктов А. В., Генкин Д. М., Корнеев С. М., Е. А. Сухановтар белгілі “үштікті” атаумен шектемей, меншікті “өзінің билігімен, өз мүддесі үшін, өзінің қалауымен басқа тұлғалардан тәуелсіз” жүзеге асыруды нұсқайды. [7]
Бұл айтылғаннан мынадай қорытынды шығаруға болады: меншіктің субъективті құқығы- меншік иесіне бекітілген мүлікті пайдалану, иелену,
билік етуді заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік және оған қатысты өз еркінше өз мүддесі үшін, заңмен құқықтық актілерге қайшы келмейтін, басқа тұлғалардың құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайтын кез келген әрекет жасауға, сондай-ақ өз шаруашылық билеу саласына үшінші тұлғалардың араласуын жоюға мүмкіндік және оған қатысты өз еркінше өз мүддесі үшін, заң мен құқықтық актілерге қайшы келмейтін, басқа тұлғалардың құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайтын кез-келген әрекет жасауға, сондай-ақ шаруашылық билеу саласына үшінші тұлғалардың араласуын (вмешательство) жоюға мүмкіндік.
Сонымен, меншік құқығы дегеніміз - тұлғалардың затқа құқықтық тұрғыдан ықпал етуі болып табылады. Сол себепті Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде меншік құқығына мынадай анықтама берілген: [3]
Меншік құқығы дегеніміз - тұлғалардың заң құжаттары арқылы танылған өздеріне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және билік ету мүмкіндігі болып табылады.
Демек, меншік құқығы 3 құқықтың жиынтығынан тұрады:
- Иелену
- Пайдалану
- Билік ету құқықтары
Бұл құқықтарды меншік құқығының «Үштігі» деп атайды.
Иелену құқығы дегеніміз - тұлғаның өзіне тиесілі заттарға иелік етуін айтамыз. Иелену құқығы мүлікті нақты иелену мүмкіндігін заң жағынан толықтай қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік беріп, затты пайдалану үшін маңызды алғышарт жасайды. Заң иеленуді адал ниетті және арам ниетті, заңды және заңсыз иелену деп бөледі. Егер мүлікті иелену заңды негізде жасалса, онда ол заңды иелену болып табылады. Яғни құқық негізінде меншік құқығы жүзеге асырылуы тиіс. Затты мүлікті (заңсыз) иелену, егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасалса, немесе заңсыз иеленуші затты кездейсоқ иелнеіп, оны қайтару жөніндегі талапты құлағына ілмесе, бұл да құқық бұзу деп есптеледі.
Сондай - ақ иеленуші иеленген затының заңсыз екендігін білсе, білуге тиісті болса, онда ол арам ниеттті иеленуші болып табылады. Қарсы жақ өзінің талабын дәлелдемейінше, зат иеленуші адал алушы қатарына жатады. (Азаматтық Кодекстің 261 - бабы) . Ал, керісінше, егер де мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынып, алушы мұны білмесе және білуге тиіс болмаса (адал алушы), мүлікті меншік есі немесе меншік иесі мүлікті иеленуге берген адам жоғалтқан не мұның екуінен де ұрланған, не олардың иеленуінен бұрын бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап етіп алдыруға құқылы.
Азаматтық Кодекстің 188 - бабында иеленудің әр түрі туралы айтылмаған, тек аталған баптың 3 - тармағында ғана бөтеннің затына құқық ретінде иеленудің жасалу жолы мен тәуелділігі көрсетіледі. Сонымен бірге заңда ерекше негіз бар «Иелену мерзіміне» жол беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz