Дұрыс тамақтануды қалыптастырудың ғылыми негіздемелері


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Дұрыс тамақтануды қалыптастырудың ғылыми негіздемелері. Қышқылды-сілтілік теңгерімді сақтаудың сегіз ережесі

Мақалалар

Қышқылдататын, сілтілететін және қышқыл азық-түліктерді дұрыс ара қатынаста қолдануға жағдай жасайтын ас мәзірін құрудың негізгі төрт ережесі бар. Ал зат айналымы бұзылған адамдар үшін бұған тағы төртеуін қосуға болады.

1 ереже

Ас ешқашан да тек қышқылдататын тағамдардан құрылмауы тиіс, онда міндетті түрде сілтілететін құрам бөлшектер болғаны абзал. Түскі ас мәзіріне тек ет пен макарон немесе балық пен күрішті қосып, артынан торт пен кофе тұтынуға кеңес берілмейді, өйткені бұл - қышқылдататын тағамдар. Міндетті түрде көкөністерді қосу керек (салат, шикі және пісірілген көкөністер) . Әрине, көкөністер тағамда кездеседі, бірақ олардың мөлшері тым аз болғандықтан жағымды әсері байқалмайды.

2 ереже

Ас қабылдағанда сілтіленетін азық-түліктер қышқылдататындарға қарағанда көбірек болуы тиіс. Негіздемелерден тұратын азықтар мен қышқылдататын тағамдардың арасындағы қатынас мөлшері сілтіленетін астың пайдасына қарай жасалуы керек. Сонда қышқыл ішек пен тіндерде зарарсызданады да, ағза өзінің ішкі қорларына жүгінбейді.

3 ереже

Ағза неғұрлым қышқыл болып, зат алмасу процесі бұзылса, сілтіленетін азықтардың саны соғұрлым көп болу керек.

4 ереже

Тек сілтіленетін көкөністерден құрылған диетаға отыруға болады, бірақ көп уақытқа емес (1-2 апта) .

Тек сілтіленетін астан (көкөністер, картошка, банан, шикі бадам және т. б. ) құрылған диетаны үнемі сақтауға болмайды, бұл жағдайда ағзаға ақуыз жетіспейтін болады. Мұндай тамақтану тәртібіне ағзада қышқылдану процесі күрделі болған кезекте және одан туындаған аурулар ушыққан жағдайда болса ғана ұстанған пайдалы.

5 ереже

Тек жемістерді жеу мен йогурттарды ішу - қажетсіз шара, өйткені ағзаға келіп түскен қышқылдардың көп бөлігі сілтілік өнімдермен бейтараптандырылмайды. Сонда ағза негіздемелерді тіндерден алады. Бұл жағдайда адам өзінде ауырсынуды сезінеді: кенеттен жігері кемиді, шаршау, қалтырау, қышыну, буындардағы ауырсыну сияқты белгілер пайда болады. Келесі азық-түліктерде жаңа піскен жемістермен бірге қолдануға мүмкіндік беретін негіздемелер бар: майсыз ірімшік, кілегей, бадам (шикі), банан, салат жапырағы, шикі және піскен көкөністер қоспасы.

6 ереже

Қышқылдататын және қышқыл өнімдерді қолдану ағзаның зат алмасу даралығына негізделеді. Қышқылдарға тым сезгіш келетін адамдар голден алмасының жартысы оларға жеткілікті, ал антоновка алмасының ширегі тым көп екендігін жақсы біледі.

7 ереже

Өте қышқыл тағамдарды жиі жеуге болмайды. Оларды белгілі бір мөлшерде әрі белгіленген уақыт аралығында тұтыну керек.

Уақытынан бұрын желінген жеміс өзімен бірге қосымша қышқылды әкеледі, сондықтан ағза өзінің жұмсалған негіздік қорларына күш сала бастайды. Егер олар жетіспейтін болса, қышқылды-сілтілік теңгерім бұзылады.

8 ереже

Қышқыл өнімдерді ағза оларды тұтынуға дайын болған кезде жеген абзал. Араб мақалы былай дейді: апельсиндер таңертең алтыннан, түсте күмістен, ал кешке қорғасыннан тұрады. Ал зат айналымы бұзылған адамдарға бұл мақалды керісінше оқуға болады: апельсин мен жемістер таңертең олар үшін қажетсіз, ал кешке қарай пайдалы болып табылады.

Көптеген адамдарға таңертең төсектен тұру оңай емес, қан қысымы төмен болады, жасушалық деңгейдегі айналым процесстері баяу жүреді, сәйкесінше қышқылдану процесі де бәсең болады. Бірнеше сағаттық белсенді жұмыстан кейін ғана және бір реттік немесе қосымша ас қабылдағаннан соң ғана ағза қалыпты жұмыс істей бастайды.

Сондықтан ағзаға қосымша негіздемелер қажет. Оларды тағам қоспаларынан алуға болады. Бұл ретте ағзада оңай қорытылатын әрі негізгі минералдық заттектерден тұратын препараттар туралы сөз болмақ. Олар: кальций, калий, магний және т. б.

Осы сегіз ережені қолдана отырып, денсаулық жағдайын жақсартуды әрі қышқылды-сілтілік теңгерімді сақтау мақсатында бұдан былай да дұрыс тамақтану арқылы салауатты өмір салтын сақтап қалуға әбден болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үш байлық
Ақсай қаласының мейрамхана нарығында орын табу
Валеологиялық білім беру
Денсаулығымызды ойласақ
Оқушылардың салауатты өмір сүру қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Сот сараптамасының жіктелуі
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Психикалық және психологиялық денсаулықтың арақатынасы. Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде
Спорттық - сауықтыру туризмі және салауатты өмір салтының қалыптасуы
Сүзбе өндіру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz