Қазақстанның ДСҰ-ға ( Дүниежүзілік Сауда Ұйымы ) енуінің проблемалары мен перспкетивалары


Жоспар
Глоссарий
Кіріспе
I-тарау. ГААТ/ДСҰ-ның құрылуының теориялық алғышарттары және оның ұстанымдары.
1. 1. ГААТ-тың құрылу тарихы мен оның негізгі принциптері.
1. 2. ГААТ-тың іс-әрекетінің және ДСҰ-ны құрудың нәтижелері.
II-тарау . Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға ену процесі .
2. 1 ДСҰ-ға енудің мақсаты мен барысы.
2. 2. ДСҰ-ға енуден кейінгі ел экономикасына тигізетін зардаптарын бағалау.
2. 3. Қазақстанның ДСҰ-ға қатысуынан түсетін артықшылықтары.
III-тарау. Қазақстанның ДСҰ-ға енуінің проблемалары мен перспкетивалары.
3. 1. Қазақстанның ДСҰ-ға енуінің проблемалары.
3. 1. Қазақстанның ДСҰ-ға ену перспкетивалары.
3. 3. Келіссөздердің басты кезеңдері және ену процесінің ағымдағы күйі.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер мен мақалалар
Қосымша мәліметтер
Глоссарий
- ГААТ - Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім
- ДСҰ - Дүниежүзілік Сауда Ұйымы
- БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
- ХВҚ - Халықаралық Валюталық Қор
- ЕО -Европалық Одақ
- ВАК - Ведомствоаралық комиссия
- ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
- ТҰК - Трансұлттық корпорациялар
- СТТ - Саудадағы техникалық тосқауылдар
- ЕурАзЭҚ - Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық
- ЖІӨ - Жалпы Ішкі өнім
КІРІСПЕ
Қайта құрудың басталуымен Қазақстанда жарияланған ашық экономиканы құруға қатысты бағыт ең алдымен өзінен экспорттық тауарларға - дәстүрлі отын-шикізаттық ресурстарға ғана емес, сондай-ақ өңдеу өнәркәсібінің, соның ішінде ғылыми зерттеуді қажет ететін өнімдерді экономиканы жетілдіруге қажетті технологияларға, несиелерге, инвестициялара алмастырумен алу көзделіп отырған Батыспен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды ескеретін. Бұл мәселе Қазақстанның сыртқы экономикалық іс-әрекетінің стратегиясын қалыптастыру барысында, оны орталықсыздандыру мен ырықтандыру, саяси және институттық қамту барысында да басты мәселе болып табылатын. Сонымен қатар ең алдымен халықаралық сауданың елеулі түрде жаңартылған көп тараптық жүйесіне (Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас Келісімнің «уругвайлық» раундысының (ГАТТ) нәтижесінде) негізделген әлемдік шаруашылық қатынастардың жаңа ғаламшарлық құрылымын қалыптастыру процесі жалғасып, жеделдетілуде. Қазақстанның аталмыш процеске қатысудан алшақтауы оның онсыз да мүшкіл жағдайын одан әрі ауырлатып жіберуі мүмкін. Сондықтан елдегі жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформаның шеңберінде аса маңызды міндеттердің бірі болып Қазақстанның ДСҰ жүйесіне қосылуы табылады.
Бітіру жұмысының басты мақсаты - ГААТ ұстанымдары мен механизміне негізделген көп тараптық сауда жүйесін жалпы талдаудан өткізу, Қазақстанның ДСҰ-ға енуіне байланысты оның проблемалары мен келешектеріне сипаттама беру.
Қазіргі кезде Қазақстанның 1995 жылдың 1 қаңтарынан бері Тарифтер мен сауда-саттық жөніндегі басты келісімді алмастырған Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) енуі туралы мәселе қойылғанымен, біздің еліміз аяқ басқан келіссөздік процесі ГААТ-тың дәстүрлі проблемаларын қозғайды, себебі «уругвайлық» раундының Қорытынды Актісінің ережесіне сәйкес келіссөздерге қатысқан, алайда Қорытынды Актіге қол қою сәтінде (1994 жылдың 15 сәуірі) ГААТ мүшелігіне жатпаған елдер ГААТ-қа ену рәсімінен өтуі тиіс.
Берілген бітіру жұмысының құрылымы 3 тараудан және осы мәселеге байланысты қарастырылған қосымша мәліметтерден тұрады. Бірінші тараудың шеңберінде ең алдымен Тарифтер мен сауда-саттық жөніндегі басты келісім қарастырылады, яғни ГААТ-тың құрылу тарихына және оның дамуының басты беталыстарына арналған. Сондай-ақ өздеріне негізделумен халықаралық сауда-саттықтың көп тараптық жүйесі қалыптасатын басты ұстанымдар талдаудан өткізіледі. 1948 жылдың қаңтарында күшіне енуімен Басты Келісім өзінің өмір сүру барысында оның біріншіден, көптараптық саудалық келісімшарт ретінде және екіншіден, халықаралық саудалық қарым-қатынастарды реттеу механизмі ретінде серпінді дамуын көрсететін елеулі түрдегі өзгерістерге ұшыраған деген фактіні ескерсек, ГААТ-тың іс-әрекетінің нәтижелері туралы мәселе өзіне ерекше көңіл бөлуге тұрарлық болып табылады. Аталмыш нәтижелердің арасында аса маңыздысы болып жаңа халықаралық ұйым - ДСҰ-ның құрылуы табылады.
Еңбектің 2-тарауы Қазақстанның ДСҰ-ға ену процесімен байланысты. Осыған орай алғашқы бөлімдері Қазақстанның ДСҰ-ға енуінің процесі мен мақсаттарына арналған. Сондай-ақ ДСҰ-ға қосылу жағдайындағы оның ел экономикасына тигізетін зардаптарын бағалау осы бөлімнің мазмұнын құрайды.
Бітіру жұмысының 3-тарауы тікелей Қазақстанның ДСҰ жүйесіне қосылу проблемасымен байланысты болып келеді. Әрине, ДСҰ-ға ену туралы мәселені шешу кезінде аталмыш ұйымға өзге елдердің қатысуының сәтті тәжірибесін ғана басшылық ретінде пайдаланған жеткіліксіз болады. Сондықтан осы тараудың алғашқы бөлімі Қазақстанның ДСҰ-ға енуінің басты проблемасын ашады. Келесі бөлімдерің мазмұны Қазақстанның ДСҰ-ға енуінің келешектеріне арналған және келіссөздердің негізгі кезеңдері мен ДСҰ-ға ену процесінің ағымдағы жағдайы туралы параграфпен аяқталады.
Осы еңбекті жазу барысында ГААТ/ДСҰ жүйесінің қызмет ету проблемаларына, сондай-ақ Қазақстанның осы жүйеге қосылуына байланысты мәселелерге арналған түрлі әдебиеттер пайдаланылған болатын.
Ең алдымен, А. И. Магомедова мен Е. З. Хасановалардың 1992 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің баспасында басылып шыққан “ГАТТ: құқықтық табиғаты мен құрылымы” атты еңбегін атап кеткен дұрыс. Монографияның атауына енгізілген мәселелермен қатар, аталмыш еңбекте ГААТ-тың даму беталыстары мен оның халықаралық ұйым мәртебесіне ие болуының проблемасы толығымен қарастырылған.
Экономика ғылымдарының кандидаты С. В. Чернышевтың 1991 жылы РФ МВЭС Ғылыми-зерттеу жағдаяттық институтының баспасында басылып шыққан “Халықаралық сауданы реттеу механизмі: ГАТТ нормалары мен ережелері” атты еңбегінде ГААТ ережелерінің әрбір бабы талдаудан өткізілген, сондай-ақ батыс мамандарының түсініктемелері келтірілген.
Монографиялармен қатар осы дипломдық еңбекте мерзімдік баспалардың материалдары қолданылған болатын. Атап айтқанда, “Континент”, “МЭ и МО”, “Международная жизнь”, “АльПари”, “Саясат” журналдары мен “Известия”, “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған мақалалар, сондай-ақ Интернет-сайттардағы мақалалар қолданылған.
Пайдаланылған әдебиеттердің толық тізімі еңбектің соңында келтірілген.
1-тарау. ГААТ/ДСҰ -ның ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ.
1. 1. ГААТ-тың құрылу тарихы мен оның негізгі ұстанымдары.
Халықаралық саудалық қарым-қатынастар саласында қалыптасқан қазіргі жағдайды толығымен елестету үшін, сондай-ақ көп тараптық саудалық келіссөздер барысында қол жеткізген жетістіктерді бағалау үшін ГААТ көп тараптық сауда жүйесінің бастауларына ең болмағанда қысқаша тоқтала кетелік.
1929-1933 жылдардағы “Ұлы күйзеліс” макроэкономикалық саясат мәселелерін көп тараптық деңгейде үйлестірудің қажеттігін көрсетті. Мамандардың пікірінше соғысқа дейінгі жылдары халықаралық сауда мен валюталық-қаржылық саладағы «ойын ережелерін» белгілейтін халықаралық институттардың болмауы қиын уақыт келе салысымен жекелеген елдерді әлемдік экономикалық дағдарысты едәуір мөлшерде шиеленістіре түсумен жікшілдік әрекеттерге итермелеген болатын. Мысалы, АҚШ-та жақындап келе жатқан құлдырау жағдайында бәсекелес импорттан қорғану мен экономиканы тұрақтандыру үшін Холи-Смут заңы қабылданған болатын, аталмыш заңға сәйкес кедендік баждардың орташа деңгейі алдымен 44, 7%-ке дейін көтеріліп, ал 1932 жылы 59, 1%-ге дейін жеткен болатын. Осының соңынан көптеген батыс елдерінің тарифтерінің мөлшерлемелері едәуір мөлшерде артылған болатын, бұл жағдай әлемдік экономика үшін жағымсыз салдарға ие болатын: 1929-1932 жылдары әлемдік сауданың көлемі шамамен 60%-ке азайып кетті. [1] .
1944 ж. Бреттон-Вудстегі (АҚШ) БҰҰ-ның валюта-қаржылық конференциясында халықаралық валюта саласын тұрақтандыру, төлемдік баланстарды теңгермелеу және экономиканы дамытуға қаржылық ықпалын тигізу мәселелерін шешу үшін Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) мен Дүниежүзілік Банк құрылған болатын.
Саудалық қарым-қатынастарды халықаралық реттеудің талпыныстары екінші дүниежүзілік соғысқа дейін де жасалған болатын. Мысал ретінде Кедендік рәсімдерді жеңілдету туралы (Женева, 1923 жыл), Халықаралық Сауданың Төрелік Соты туралы (1924 жыл), өнеркәсіп меншігін қорғау және т. б. конвенцияларды атап кетуге болады. [2] . Алайда олар жүйелі болып табылмайтын және аяғына дейін орындалмайтын.
Соғыстан кейінгі кезең әмбебап Халықаралық Сауда Ұйымын (ХСҰ) құруға арналған әрекеттермен ерекшеленеді, аталмыш ұйым ХВҚ мен Дүниежүзілік Банкімен қатар қалыптасқан жүйедегі үшінші «бағанаға» айналуға тиіс болатын. ХСҰ-ның міндетіне сауда саясаты, экономикалық даму, жұмыспен қамтылу, шектеуші іскерлік тәжірибе, инвестициялар, халықаралық саудалық келісімдер мәселелерін қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды көптараптық деңгейде реттеу жататын. Бұл проблемалар 1946-1947 жылдары Лондон мен Женевадағы конференцияларда талқыланған болатын. Женевалық конференцияда (1947 жылдың тамыз-қазан айлары) ХСҰ Жарғысымен - былайша айтқанда - Гаваналық хартиямен жұмыс жүргізу барысында конференцияға қатысқан 23 ел - соның ішінде АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Индия, Бразилия, және олардан төмен дамыған елдер халықаралық экономикалық байланыстардың дамуын едәуір шамада тежеп отырған кедендік тарифтердің соғысқа дейінгі деңгейін өзара төмендету туралы келіссөздерді бастады. Келіссөздердің алғашқы бөлімінің нәтижелеріне әлемдік сауданың шамамен 20%-іне (10 млрд. долл) қатысты 45 мың тарифтік жеңілдіктер айналды. [3] . Аталмыш жеңілдіктердің әрекеттілігі Гавана хартиясының бірқатар саудалық-саяси баптарымен қамтамасыз етілген болатын және қатысқан елдер орындауға міндеттенетін. Осы ережелердің өзіне келісілген тарифтік жеңілдіктердің тізімі қосымшаланған жинағы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (ГАТТ) деген атауға ие болды және 1948 жылдың қаңтар айында уақытша негізбен (келешек мүше-елдердің ХСҰ Жарғысын бекіту процесі аяқталғанша) күшіне енді.
Бастапқыда Келісімнің мәтіні үш бөлімнен құралатын. I-бөлім екі баптан құралатын, онда аса жағымды ықпал ету режимі туралы негізгі ережелер мен өзара жеңілдіктер тізімідер берілген болатын. II-бөлім сауда саясатына арналған және халықаралық сауда ережелерінің өзіндік кодексі болып табылатын. III-бөлімде кедендік одақтар, еркін сауда-саттық өңірі мен соларға қатысты Келісімді қолдану туралы ережелерден құралған болатын. 1965 жылы ГАТТ мәтіні “Сауда және даму” атты IV-бөліммен толықтырылған, ол дамушы елдердің талап етуімен Келісімге енгізілген болатын.
ГААТ ХСҰ Жарғысын талқылау шеңберінде жүргізіліп жатқан тарифтік келіссөздердің алғашқы бөлімінің нәтижелері туралы хаттама мен Гавана Хартиясы күшіне енген сәтіне дейін қолданыста болатын ережелердің уақытша жинағы болып табылғандықтан, қандай да бір құрылтайшылық проблемалар мен мәртебесі туралы мәселе күн тәртібінде көтерілмейтін. Басты Келісімде ХСҰ Жарғысының сауда саясаты мәселелеріне арналған ережелеріне ұқсас болып келетін негізгі ережелердің болғанына қарамастан, ХСҰ тұрақты институтқа айналуға тиіс болатын. ХСҰ Жарғысында ХСҰ конференциялары, атқарушы органы, комиссиялары, Бас директор мен қызметкерлері туралы мұқият әзірленген ережелер берілген болатын. Сонымен қатар, Жарғыда дауларды шешудің ойластырылған рәсімі ескерілген. Басты Келісімге келетін болсақ, онда ол кезде не тұрақты органдарға қатысты, не келіспеушіліктерді реттеуге қатысты құрылтайшы ережелер берілмеген болатын.
Алайда ХСҰ-ны құру жөніндегі әрекеттер табысқа жетпейтіндігі анықталғаннан кейін (бұл 1950 жылы АҚШ-тың Гавана хартиясын бекітуден бас тартуымен расталды), ГАТТ шеңберінде Жарғыда ескерілген барлық органдар құрылып, дауларды шешудің механизмі әзірленген болатын.
ГАТТ-тың Жоғары Органы ретінде Келісуші Тараптардың Сессиясы белгіленген болатын.
Сессиялар, әдетте, жыл сайын жиналып отыратын, әрбір қатысушы-мемлекет оларда бір дауысқа ие болатын, алайда әдетте шешімдер дауыс беру жолымен емес, пәтуаға келу арқылы қабылданатын. Бірінші Сессия 1948 жылдың наурыз айында БҰҰ Бас Хатшысымен шақырылды; бұдан арғы уақытта, 1949 жылдан бастап Сессияларды шақыру, олардың жұмысын басқару құқығына өзін қатысушы-елдер сайлайтын Келісуші Тараптар Сессиясының Төрағасы (Жауапты Хатшы) ие болды. [4] .
Келісуші Тараптар Сессиясы норма шығару қызметтерін орындайды.
ГААТ-тың Жоғарғы органы Келісімнің ережелеріне қатысты беделді түсініктемелер берудің айрықша құзырлығына ие болады. Бұл органның құзырлығына сондай-ақ қатысушы-елдерге Бас Келісімге қатысты сол не өзге міндеттемені «уақытша және айрықша жағдайларда» тоқтата тұру құқығын ұсыну жатады. Келісуші Тараптар Сессиялары қатысушы-елдердің арасында туындайтын проблемалар, олардың сауда саясатының ГААТ нормаларына сәйкес келуі жайлы шешімдерді қабылдаудың айрықша құзырлықтарына ие болады. ГААТ жоғарғы органының құзырлық саласына сондай-ақ ГААТ-тың бюджетін бекіту де кірді.
1954 жылы 1948 жылдың наурыз айынан бастап әрекет еткен және ГААТ іс-әрекетін ұйымдық-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырған ХСҰ-ның Уақытша комиссиясы Хатшылық ретінде ресімделіп, қайта құрылған болатын. Алғашқы жылдары үш-төрт маманнан құралған Хатшылық уақыт өте келе құрылымдық бөлімшелері бар (заң, экономика бөлімдері, талдау жүргізу бөлімшелері және т. б. ) ірі органға айналды. Хатшылыққа әзірлеу жұмысы, қатысушы-елдердің арасында барлық қажетті ақпаратты тарату, қатысушы-елдердің экономикалық даму мен саудалық саясатын зерттеу мен болжамдау міндеті жүктелген болатын.
1951 жылы Сессияаралық комитет құрылған болатын, оның міндеттеріне Сессияның күн тәртібін талқылау мен құрастыру, шұғыл және аяқ асты мәселелерді қарастыру, төлемдік-баланстік проблемалар бойынша кеңес берулерді жүргізу кіретін. Артып бара жатқан жүктемеге байланысты 1958 жылы Сессияаралық комитетінің үшінші қызметі арнайы құрылған Төлемдік баланс жөніндегі комитетке өткізілген болатын. Алайда, Сессияаралық комитетінің болуына қарамастан, ГААТ-тағы сессияаралық «вакуум» сол кездері әлі сақтала берді. Сондықтан, Келісуші Тараптардың 1960 жылдың 4 маусымындағы шешімімен сәйкес Сессияаралық комитетінің орнына ГААТ Өкілдерінің Кеңесі құрылған болатын.
Аталмыш Кеңес жылына тоғыз рет Шұғыл мәселелерді шешу мен бүкіл ағымдағы жұмысты орындауға арналған сессиялардың арасында шақырылатын жедел-өкілдік органға айналды. Кеңес Келісімге қатысатын барлық елдердің өкілдерінен құралатын, ал оның төрағасы Келісуші Тараптардың Сессиясында 1 жылға арнап сайланатын. Кеңестің өкілеттіктерінің арасында келесілерін бөліп кетуге болады: Келісуші Тараптардың Сессиясына арналған күн тәртібін белгілеу, қосалқы органдарды бекіту және олардың іс-әрекетінің шарттарын белгілеу, түрлі комитеттердің, топтардың және өзге де қосалқы органдардың жұмысын бақылауға алу.
ГААТ-тың қызметі басталған сәтінен бастап нақты проблемаларды зерттеу мен тиісті баяндамаларды әзірлеу үшін құрамына бірнеше адам кіретін уақытша жұмыстық топтарды қалыптастыру тәжірибесі тарауға ие болды. Сонымен қатар, маңызды мәселелерді тереңдеп зерттеу үшін тұрақты негізде арнайы комитеттер құрылатын. Көптеген жағдайларда олардағы мүшелік барлық Келісуші Тараптар үшін ашық. Олардың тұрақты негізде әрекет ететін кейбіреулерін атап кеткен жөн: Саудалық шектеулер жөніндегі комитет, Саудалық жеңілдіктер жөніндегі комитет, Бюджеттік комитет. ГАТТ-қа IV-бөлімі енгізілген сәттен бастап сондай-ақ “Сауда және даму” комитеті құрылған болатын. Саудалық келіссөздер жөніндегі комитеттер көптараптық саудалық келіссөздердің барысын бақылап отыруға арнап уақытша түрде құрылатын.
Ерекше мәнге сарапшылар әділ-қазылары ие, ол да ГААТ-тың ұйымдық құрылымына кіреді, оның басты міндеті - ГААТ-тағы дауларды шешу процесін кәсіби тұрғыдан бақылау.
1965 жылы осы кезге дейін орын алған Жауапты Хатшы лауазымының орнына ГААТ Бас Директоры деген жаңа лауазымы енгізілген болатын.
Бас директор Хатшылықтың басында тұрады және осы органның қызметін басқарады. Ол Келісуші Тараптар тағайындайтын басты лауазымдық тұлға болып табылады, туындаған мәселелерді бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздер табыссыз аяқталған жағдайда тараптардың арасындағы дауларда өзіндік төреші қызметін атқарады.
Осылайша, Сауда мен тарифтер жөніндегі бас келісім көптараптық үкіметаралық келісімшарт бола отырып, халықаралық-құқықтық құрал ретінде Келісімнің қосымшалары мен тарифтік жеңілдіктердің тізімдері бар бастапқы мәтінін; Келісімнің бастапқы мәтінін өзгертетін, толықтыратын және нақтылайтын келісуші тараптардың көптеген хаттамалары мен шешімдерін; сонымен қатар 1979 жылы «токиолық» раундтың көптараптық саудалық келіссөздері нәтижесінде пайда болған бірқатар келісімдерін қамтиды; оның жекелеген баптарына түсініктеме береді, ГААТ-тың ережелерінің күшін жаңа салаларға таратады немесе оларды нақтылайды. ГААТ-тың құқықтық жүйесін дамытуда оқиғалардың іс-тәжірибесі үлкен мәнге ие болады.
Сонымен қатар тағы да айта кететін нәрсе, ГААТ-тың дамуының ең маңызды беталыстарының бірі - оның институттануын, тұрақты органдарының тармақталған желісін құруды атап кету, бұл ГААТ-тың бастапқы уақытша мәртебесіне қарамастан, халықаралық сауда-саттықты реттеудің тиімді көптараптық механизміне айналуына ықпалын тигізді.
ГААТ-тың келісімшарттық жүйесі өзіне негізделумен құрылатын бастапқы шарты болып мүше-елдердің халықаралық сауданы дамыту мен экономикалық дамуды рыноктарға жол ашуды өзара ырықтандыру арқылы, шетелдік рыноктардағы кәсіпкерлердің іс-әрекетінің жағдайларын болжау мен үкіметтердің сыртқы экономикалық саланы реттеу жөніндегі іс-әрекеттерін реттеу арқылы қамтамасыз етуге деген талпынысы табылады. [5] . Аталмыш мақсаттарға Басты келісімнің негізін құрайтын бірқатар ұстанымдар мен нормаларды орындау арқылы қол жеткізіледі, оны төменде атап кетеміз.
- саудада кемсітпеу, ол бір жағынан экспорттық, импорттық және транзиттік әрекеттер мен солармен байланысты кедендік баждар мен жиналымдарға қатысты аса жоғары дәрежеде жағымды ықпал ету режимінің өзара ұсынылуымен, екінші жағынан - ұлттық режимін, б. а. импорттық және отандық тауарларға ішкі салықтар мен алымдар тұрғысынан, сондай-ақ ішкі сауданы реттейтін ережелер тұрғысынан тең көзқараспен қараумен қамтамасыз етіледі;
- көбінесе сандық шектеулерді немесе соған ұқсас шараларды емес, ұлттық нарықты қорғаудың тарифтік құралдарын пайдалану;
- кедендік тарифтерді мерзімді түрде жүргізіліп отыратын көптараптық саудалық келіссөздер раундтары барысында прогрессивті түрде төмендетілуі және оларды келісілген деңгейде заңды түрде ресімдеумен бекіту;
- саудалық-саяси жеңілдіктерді ұсынудағы өзаралық;
- саудалық дауларды кеңес берулер мен келіссөздер жүргізу арқылы шешу, ал келісімге келу мүмкін болмаған жағдайда - дауларды арнайы құрылатын аралық соттарда қарастыру жолымен шешу, соңғыларының шешімдері ГААТ келісуші тараптары үшін міндетті болып табылады.
Жоғарыда келтірілген ұстанымдар, сондай-ақ өзге түрдегі негізін қалаушы ережелер бекітілген ГААТ-тың кейбір баптарына тоқталып кетейік.
Барынша ықпал ету режимі. Келісімде басты сипатқа ие болатын ГААТ-тың І-бабында былай деп жарияланған: қатысушы-елдер бір-біріне барынша ықпал ету режимін ұсынуы тиіс. Бұл ереженің күші экспорттық, импорттық және транзиттік саудалық әрекеттерге, сондай-ақ эспорттық және импорттық әрекеттерге қатысты халықаралық төлемдерге тарайды. Барынша ықпал ету режимі сондай-ақ кедендік баждар мен сыртқы саудалық әрекеттерге байланысты жиналатын кез келген алымдарға қатысты, сондай-ақ солармен байланысты барлы ережелер мен рәсімдерге қатысты күшін сақтайды. Сонымен қатар, барынша ықпал ету режимі туралы ереженің күші (ұлттық режиммен қатар) ішкі салықтар мен қатысушы-елдердің ішкі аймақтарында тауарларды сату мен сатып алуды реттейтін заңдарға да тарайды.
І-бапта түсініктемеленген барынша ықпал ету режимі шүбәсіз сипатқа ие, және ГАТТ-қа кірген елдер осы бапты толық көлемде қолдануға міндетті: “Кіргізуге немесе шығаруға, немесе импорт немесе экспорт үшін шетелге жіберілетін аударымға салынатын кедендік баждар мен түрлі алымдарға қатысты, сондай-ақ осындай баждар мен алымдарды жинау әдісіне қатысты, және кіргізу немесе шығарумен байланысты реттеу мен ресімдердің барлық ережелеріне қатысты, келісуші тараптың өзге елде жасалған кез келген тауарға және өзге кез келген елге арналған кез келген артықшылық, басымдылық немесе заңдардың күшінен босату жеңілдіктері басқа барлық қатысушы-елдерде шығарылған немесе басқа барлық қатысушы-елдерге арналған соған ұқсас тауарға қатысты дереу түрде және шүбәсіз түрде ұсынылуы тиіс”. [6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz