Емдеу алдын – алу және балабақша мекемелерінде жасалынатын дезинфекция


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Емдеу алдын - алу және балабақша мекемелерінде жасалынатын дезинфекция .

Эпидемиялық процестің үш бөлігіне сәйкес індетке қарсы қолданылатын негізгі шаралардың үш тобы бар. Олар мыналарға бағытталған: 1) инфекция қоздырғышының көзіне; 2) қоздырғыштың берілу механизміне; 3) қабылдағыш халыққа.

Инфекция қоздырғышына берілу механизміне бағытталған шаралар, берілу жолдарын тоқтатуды және қоздырғыштың берілу факторларының зияндылығын жоюды көздейді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - дезинфекия.

Дезинфекция. Ауру адамның заттарын өртеу, күлді пайдаланып жуындыру, жараны күйдіру, металл бұйымдарын қыздыру және т. б осы сияқты дезинфекцияға байланысты алғашқы тәжірибелер б. д. д іске асырыла бастады. Көптеген терминдердің қалыптасуы тек қана ХІХ ғасырдың аяғында басталады, бұған эпидемиология мен микробиологияның жетістіктерене сәйкес біраз жұқпалы аурулардың қоздырғышының ашылуы, инфекциялық, эпидемиялық процестердің мәнінің анықталуы себнп болды. Дезинфекцияның көптеген мәселелерін зерттеуге Н. Н. Доброславин ( ласты залалсыздандыру, бұйымдарды дезинфекциялау үшін жоғарғы қысымды буды пайдалану) В. К. Крупин (өз атымен аталған дезинфекция камерасын құрды), И. Ф. Гамалея, В. Г. Окуневский сияқты және басқа да көптеген ғалымдар ерекше үлес қосты.

Жұқпалы аурулармен күрес жолында эпидемия процесінің заңдылықтары туралы ілімінің тереңдеуіне сәйкес дезинфекцияның орны туралы көзқарастар да өзгеріп отырды.

Кең мағынада «дезинфекция» француздың «des» деген теріс қосымшасынан және латынның enfection (инфекция) деген сөзінен құралады, оны ауру көзі мен қабылдаушы организм арасындағы жұқпалы аурудың қозғыштарын беретін жолдарда обьектлердегі патогенді микроорганизмдерді (бактериялар, вирустар, риккетсиялар, токсиндер, саңырауқұлақтар-грибет) жою немесе аулақтау деп түсіну керек. Дәл осылайша қоздырғыштарды тасымалдаушы жәндіктер, кенелер жойылады (дезинсекция) және кеміргіштер де құртылады (дератизация) .

Дегенмен, қоздырғыштардың берілу механизміне тікелей қатысты жәндіктер мен кенелерді құртуға (дезинсекция) және кеміргіштерді жоюға байланысты жұмыстар (жәндіктердің екі жақты қауіптілігін ескерсек, олар қоздырғыштарды тасушы эктопаразиттердің көзі де және қоректендірушісі де бола алады) іс жүзінде тек қана дезинфекция жұмысының жеке тарауы емес, оның үстіне медициналық, биологиялық ғылыми жұмыстардың арнайы бағыты болып қалыптасты.

Сондықтан қазіргі уақытта іс жүзінде «дезинфекция» деген түсінік ықшам түрінде патогенді микробтарды жою немесе обьектілерден аластатуға арналған ұтымды әдістер мен тәсілдердің жиынтығы болып есептеледі.

Мақсатқа байланысты дезинфекцияны ошақтық және алдын алу түрлеріне бөледі. Ошақтық дезинфекцияны жұқпалы аурудың (немесе тасымалдаушылықтың) ошағы табылғанда жасалады. Эпидемия ошағында қоздырғыштың көзінің бар жоғына байланысты дезинфекцияның күнделікті және қорытынды түрі де болады.

Күнделікті дезинфекция қоздырғыш көзінің қатысуы арқылы қоздырғыш денеден шыққан бойда оны тез құрту мақсатында жасалады. Ол қоздырғыштар жұққан немесе жұғуы мүмкін науқас маңындағы нәжісті, құсықты, қақырықты, таңу заттарын және басқа да бұйымдарды үнемі зарарсыздандыруға бағытталған. Бұл жұмыс ауру немесе тасымалдаушы жұқпа қоздырғышының көзі болатын уақыттың ішінде үздіксіз жүргізіліп отырады.

Күнделікті дезинфекция жұқпалы аурулар ауруханасында, оңашалағандарда (изоляторлада) , емханаларда, егер ауру өз алдымен келіп емделетін болса, оның мекен-жайында өткізіледі. Бұл жұмыстың мақсаты - қоздырғышты ошақтан шығармау, аурудың маңындағы адамдарды инфекциядан қорғау. Аурудың қайда орналасуына байланысты күнделікті дезинфекцияны медицина қызметкерлері немесе күні бұрын дайындалған ауруды күтуші адамдар жасайды. Бұл жұмысты, ауру үйінде оңашаланған болса, көп жағдайда оның туыстары, қажет кезінде емхананың немесе санэпидстанцияның қызметкерлері атқармақ.

Қорытынды дезинфекция қоздырғыштың көзінің жоқ уақытында, яғни науқас ауруханаға түскеннен кейін, сосын ол үйге кеткеннен кейін аурухана бөлімшесінде жасалады. Сирек жағдайларда - емдеу - алдын алу мекемелерінде мамандық бағыты өзгергенде де қорытынды дезинфекция өткізіледі.

Бұл жағдайда дезинфекциялауға мыналар жатады: ғимарат, нәжістер, құсықтар және қоздырғыштармен ластануы мүмкін басқа да заттар. Қорытынды дезинфекцияның мақсаты - ошақтан қоздырғыш көзін аластағаннан кейін, ошақтағы әр түрлі заттарда қалып қойған патогендік микробтарды жою.

Әдетте, қорытынды дезинфекция «Ауру туралы жедел хабарлама қағаз . . . » түскесін, ауру ауруханаға орналасқанна кейін 3 сағаттан 12 сағат уақыт арасында санэпиқадағалау мекемелерінің арнайы мамандарының күшімен бір рет жасалады. Бұл мамандарды қалалық дезинфекциялық станциялар бөледі. Ошақты дезинфекция туралы шешім, оның көлемі мен орындалу уақыты, керекті заттарды таңдау және оларды пайдалану тәртібі, дезинфекциялауға жататын заттар мен ғимараттардың тізімі ошақтың санитарлық жағдайымен, жұқпалы аурудың нозологиялық түрімен тығыз байланысты және тиісті нормативтік құжаттармен ( ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №248 бұйрығы, 25. 05. 1992 ж. ) реттеледі. Дезинфекция төмендегі аталған аурулардың ошағында міндетті түрде жасалады : іш сүзегі, вирус гепатиттері, іріңдік - септикалық жұқпалар, алапес, жалған туберкулез, мал бруцеллезі, оба, тырысқақ, бөртпе және қайталама сүзектер, Брилль аурулары, Қу қызбасы (өкпе түрі ), түйнеме, геморрагиялық қызба, паратиф, сальмонеллез, тубуркулез, орнитоз, дифтерия, шаштың саңырауқұлақты ауруы, тері, тырнақ аурулары ( микроспорлылар, трихофиттер, рубофиттер, фавустар ) .

Алдын - алу дезинфекциясы деп, эпидемиологиялық маңызы бар заттардан орын алуып, жұқпалы аурудың қоздырғыштарын кетіруге немесе жоюға арналған шараларды айтады. Алдын - алу дезинфекциясы жұқпалы ауру пайда болмай тұрғанда, оның алдын - алу және таралып кетпеу мақсатында жасалады.

Бактерия тасымалдаушылык немесе жұқпалы ауру жеңіл клиникалық түрде өтетін жағдайларда осындай адамдар дәрігер қарауынан тыс қалады және қоздырғыштарды қоршаған ортаға таратып отырады.

Алдын - алу дезинфекциясы қоғамдық тамақ мекемелерінде, ветеренария, ауыл шаруашылық және агрономия саласында, тамақ өндірісінде және басқа салаларда қолданылады. Ол сумен қамтамасыз ету жүйелерінде, канализацияда, қоғамдық тамақтандыру, өсімдік және малдың шикізаттарынан тағам дайындап, тарататын мекемелерінде, асханаларда, т. б. үнемі қолданылады. Дезинфекциялық шаралар таза және лас ғимараттарды, құрал - жабдықтарды бөлек пайдалану және оларды жуу арқылы іске асырылады.

Аурухана ішіндегі жұқпалы аурулардың алдын - алуға және олармен күресуге бағытталған дезинфекция шараларының маңызы өте ерекше. Қоздырғыштардың биологиялық қасиеттерінің ерекшелігі ( физикалық - химиялық факторлардың әсеріне төзімділігі ), әсіресе, « резистенттік » штамдардың болуы және оларды таратуда медициналық бұйымдардың ( таңғыш заттар, катетрлер, қан құю жүйелері және т. б. ), оның үстіне медицина қызметкерлері өткізуге тиісті дезинфекция шараларының ерекшеліктерін анықтайды. Бұған қосымша жұмыс барысында аталған факторлармен қатар төмендегі жағдайларды ескеру керек: дезинфекция өткізілетін бөлімше мен ғимараттардың мамандық айырмашылықтары.

Дезинфекция шараларын ұйымдастыруда, өткізуде және әдістемелік көмекпен қамтамасыз етуде арнайы қалалық дезстанциялар, санэпидстанциялардың дезинфекция бөлімшелері басты рөл атқарады. Жұмысты дүрігер - дезинфекцияшылао, дезнұсқаушылар, дезинфекторлар ұйымдастырып өткізеді.

Алдын - алу дезинфекция бөлімдері өз жұмысын кәсіпорындар мен мекемелермен жасалған шартқа сәйкес, солардың есебінен өткізеді.

Ошақтық дезинфекция бөлімі дезинфекцияны эпидемия ошақтарында (пәтерлер, үйлер, балалар мекемелері, мектеп - интернаттар, жатақханалар, ауруханалар және т. б. ) жүргізеді.

Камералық дезинфекция бөлімінде, адамдарды санитарлық өңдейтін бөлме және туберкулез, бөртпе сүзегі, вирустық гепатиттер, жедел ішік жұқпалы аурулары ошағынан түскен заттарды, ауруханалардан келген төсек орындарды дезинфекция, дезинсекция жасайтын камералар бар.

Дезинфекция станциялары және бөлімдері дезинфекция шараларын жоспарлап, оларды іске асырады, балалар және емдеу алдын - алу мекемелерінде санитарлық - гигиеналық және індетке қарсы тәртіптің сақталуын қадағалайды, оның үстіне медицина бұйымдарын залалсыздандырумен қамтамасыз етеді.

Қолданылған заттардың ерекшеліктеріне байланысты дезинфекцияның физикалық, химиялық және биологиялық әдістері бар.

Объектілерді биологиялық әдіспен өңдегенде биологиялық сүзгілер, биотермиялық камералар және компостар пайдаланылады.

Дезинфекцияның физикалық әдістері әртүрлі жолмен іске асырылады, олардың ішінде кең тарағандары және жиі қолданылатындары - объектілерден микробтарды механикалық жолмен жою. Ол үшін, ылғалды түрде жинау, жуу, шаңсорғышты қолдану, желдету, ауаны және суды сүзу, сыпыру, заттарды шаю әдістерін қолданамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стоматологиялық құралдарды зарарсыздандыру алды өңдеу
Сумен, бумен емдеу әдістері жайлы
Жұқпалы аурулардың негізгі топтары мен бактериологиялық зақым ошағына сипаттама. Карантин және обсервация туралы түсінік
Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялық ауруларды бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
Жұқпалы аурулар
Ауруханаішілік инфекциялардың эпидемиологиясы
Жұқпалы аурулар туралы түсінік және олардын алдын алу шаралары. карантин және бақылау
Дезинфекциялық камералар.Дезинфекция жүргізетін камералар типтері .Камерлі дезинфекцияны бақылау
Дезинфекция. Дезинфекция жүргізілетін камералар, типтері. Камерлі дезинфекцияны бақылау
Дезинфекцияның химиялық заттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz