Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының түсінігі



Кіріспе

1. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының түсінігі
2. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының мән.мағынасы
3. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Біздің елімізде жоғары заң күші бар және бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны - азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.
Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның қағидаларын сақтап ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары сотта тараптар арасындағы құқықтық дауды демократиялың жолымен дұрыс және жылдам шешуге үлкен үлес қосады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларының түсінігін беру үшін ең алдымен оны жалпы құқық қағидаларымен бастаған дұрыс. Қағида латын сөзінде (ргіпcipium - негіз, бастапқы) деген екі негізгі мағынаны білдіреді: объективтік (қандай болмасын ғылымның, теорияның негізгі ережелері) және субъективтік (болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі қасиеті - сендіру).
Әрбір құқық саласының ерекшелігі оның қағидаларында өз көрінісін табады. Құқық теориясында қағидаларды құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп қарастырған. Атақты ресейлік заңгер ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше, «қағидаларды» - бұл құқықтық мазмұнын тереңінен ашады. Қағидаларда жалпы құқықтық, сондай-ақ, оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық қағидалары нақты құқықтық нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не көбінесе құқықтық нормаларына енгізілген.
Құқықтық қағида - бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар.
Құқық қағидалары қоғамдағы құқықтық реттеуді және құқық жүйесін құрайтын объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы құқықтық әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық сипаттамасын біле аламыз, сондай-ақ жеке құқықсалалардың, институттардың және нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының түсінігі
2. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының мән-мағынасы
3. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Біздің елімізде жоғары заң күші бар және бүкіл аумақта тікелей
қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы
құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы
қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны - азаматтық
сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.
Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері
қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның қағидаларын сақтап
ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары сотта тараптар
арасындағы құқықтық дауды демократиялың жолымен дұрыс және жылдам шешуге
үлкен үлес қосады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларының түсінігін беру үшін ең
алдымен оны жалпы құқық қағидаларымен бастаған дұрыс. Қағида латын сөзінде
(ргіпcipium - негіз, бастапқы) деген екі негізгі мағынаны білдіреді:
объективтік (қандай болмасын ғылымның, теорияның негізгі ережелері) және
субъективтік (болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі қасиеті -
сендіру).
Әрбір құқық саласының ерекшелігі оның қағидаларында өз көрінісін
табады. Құқық теориясында қағидаларды құқықта көрсетілген нормативті
бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп қарастырған. Атақты ресейлік
заңгер ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше, қағидаларды - бұл құқықтық
мазмұнын тереңінен ашады. Қағидаларда жалпы құқықтық, сондай-ақ, оның нақты
салаларындағы сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық қағидалары нақты
құқықтық нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның
барлық не көбінесе құқықтық нормаларына енгізілген.
Құқықтық қағида - бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық
қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар.
Құқық қағидалары қоғамдағы құқықтық реттеуді және құқық жүйесін
құрайтын объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы
құқықтық әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық
сипаттамасын біле аламыз, сондай-ақ жеке құқықсалалардың, институттардың
және нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі.
Тиісті құқық саласына жататын нормалардың көбісі сол саланық
қағидаларының дамуымен және әсер етуімен қалыптасады. Салалық қағидаларды
білген, кәсіби заңгер нақты құқық саласының нормаларын да түсінетін болады.
Сондай-ақ, оның азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары жайлы білген,
жалпы соттағы азаматтық істерді қарап және шешу тәртібін белгілейтін
құқықтық іс жүргізу нормаларының құрамы жөнінде хабары болады. Азаматтық
сот ісін жүргізудің қағидалары құқықтық нормаларда бекітіліп, нақты құқық
туралы дауды сот отырысында шешуді, сот пен іске қатысушылардың іс жүргізу
құқықтарын және іс жүргізу міндеттерін, қатынастарын белгілейді. Кезінде
белгілі іс жүргізуші ғалым Н.А. Чечина былай деп айтқан: "Азаматтық іс
жүргізу құқығының қағидалары осы құқықтық саланық, субъектілер
қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды". Сонымен қатар, азаматтық іс
жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оны жетілдіру
шаралары әрқашан оның қағидаларын ескере жасалады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларының маңыздылығын соттың құқық
қолдану тәжірибесінен байқауға болады. Сотта азаматтық істерді қарайтын
және шешетін төрағалық етуші судьялар азаматтық сот ісін жүргізудің
қағидаларын басшылыққа алып қолданады. Оларды қолдану арқылы азаматтық
істер бойынша сот тәрелігі дұрыс және уақтылы атқарылады. Егер сот
қолданыстағы заң нормаларында белгілі қатынасты реттеу қарастылмаған болса,
онда мұндай жағдайда ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын
қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда оны реттеуге қағидаларды
қолданады.
Осылай, азаматтық сот ісін жүргізудің жеке өзіне тиесілі қағидаларын
белгілеуге болады. Қағидалар әрқашан құқықтың дамуына байланысты өзгеріп,
ал оның мазмұны үнемі толыға, жаңара береді. Сол арқылы дамып жатқан
қоғамдық қатынастарды реттеуге ат салысады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларын ғылыми зерттеулермен
айналысқан ғалымдар аз емес. Олардың қатарына еңбектерімен көпшілікке
белгілі ғалымдар М.Г. Авдюков, З.Х. Баймолдина, А.Т. Боннер, Р.Е. Гукасян,
М.А. Гурвич, П.Ф. Елисейкин, С.З. Зиманов, В.М. Семенов, А.К. Сулейменов
және т.б. жатқызуға болады.
Көптеген авторлардың ой-пікірі бойынша құқық қағидалары - бұл белгілі
жинақтау жұмыстарының нәтижесі, ғалымдардың творчестволық сана
тұжырымдамасы, олардың қалыптасқан қоғамдық өмірдегі болмыстарға
көзқарастары болып табылатын негізгі ережелер, бастапқы идеялар.
Құқық ғылымында идея ұғымы жалпы құқықтық, салалың және салааралық
қағидалармен тығыз байланыста. Сондықтан азаматтық сот ісін жүргізудің
қағидаларын азаматтық істер бойынша сот тәрелігін жүзеге асыру туралы
бастапқы идеялар деп түсінеміз.
Осылай азаматтық сот ісің жүргізудің қағидалары дегеніміз - азаматтық
іс жүргізудің демократиялық және қайырымдылық мәнін ашатын, оны құрайтын
процессуалдық нормалар, сатылар және институттарды анықтайтын, сондай-ақ,
азаматтық істер бойынша сот тәрелігін жүзеге асыруда мемлекет қойған мақсат
пен міндеттерді орындауға азаматтық іс жүргізу қызметін бағыттайтын,
азаматтық іс жүргізу құқығымен бекітілген бастапқы идеялар.

§2. Құқық қағидаларының мәнін дұрыс түсіну үшін олардың тек мазмұнын
ғана емес, сондай-ақ, құрылымын да білу қажет. Бұл құрылым үш компоненттен
тұра-ды: 1-құқықтық сана жөнінде нақты түсініктен, сонымен қатар, құқықтық
ғылымда судьялардың және басқа да заңгерлердің құқықтық санасынан; 2-
тиісті ережелерді қолданыстағы заңнамада бекіту; 3-құқық қағидаларының
нақты қоғамдық қатынастарда жүзеге асырылуы (біздің жағдайда, азаматтық
істерді қарап және шешу барысында сот қызметінде).
ҚР АІЖК-де сот пен іске қатысушылар арасындағы қатынасты реттеуге,
сондай-ақ нақты азаматтық істі шешуге бағытталған азаматтық сот ісін
жүргізудің қағидалары құқықтық нормаларда бекітілген. Олар азаматтық іс
жүргізу құқығының жеке зерттеу құқықтық институты болып танылады.
Азаматтық іс жүргізудің құқық саласында құқықтық нормалар қабылдау және
қолдану қызметінде азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының мәні зор екенін
байқауға болады. Азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерін орындаудың бастапқы
шарты ретінде азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларын сақтау және оларға
сәйкес іс жүргізу әрекеттерін сот және басқа да іске қатысушыларымен жасау
болып танылады.
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының мән-мағынасы туралы дұрыс
көрініс алу азаматтық іс жүргізу құқықтық саласының дамуына және азаматтық
істер бойынша сот тәрелігін жүзеге асыруына соттардың қызметін жетілдіру
үшін қажет.
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары соттар мен құқықтық нормаларды
дұрыс түсінуге және қолдануға септігін тигізеді, заң шығару тәжірибесі үшін
негіз қалаушы болып табылады. Сондықтан қағидалар азаматтық іс жүргізу
құқық саласында мазмұны бойынша жаңа құқық нормаларын әзірлеп қабылдауға
және қолданыстағыларын өзгертіп жаңартуға үлкен үлес қосады.
Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде азаматтық сот ісін жүргізу
қағидаларын бұзбай қолдану және олардың кеңінен таралуы оның демократиялық
және құқықтық мемлекет болуына кепілдік беретіні даусыз.
Құқық нормаларын қолдану сот қызметінде іс жүргізу нормаларын дұрыс
түсінуге және қолдануға азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының мәнін білу
қажет-ақ. Тек қана азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының мән-мағынасын
біліп түсінгенде ғана төрағалық етуші судья және басқа да қатысушылар
өздерінің іс жүргізу құқықтарын дұрыс пайдаланады және іс жүргізу
міндеттерін дұрыс орындай алады. Осылай, азаматтық істер бойынша сот
тәрелігін жүзеге асыруда сот, іске қатысушылар және тағы басқалары ҚР АІЖК-
де белгіленген мынандай нормаларды ескерулері тиіс:
* істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот
актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі судья заңда
белгіленгендей жауапты болады (6-баптың 3-бөлігі);
* азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларын бұзу оның сипаты мен маңыздылығына
қарай, шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады (23-бап). Басында
жазылғандай, бірқалыпты және өзгермейтін құқық қағидалары болмайды.
Сондықтан қолданыстағы заңнамамен бекітілген азаматтық сот ісін жүргізу
қағидалары жалпы жиынтығы бойынша зерттеуге жатқызылады.
§3. Азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген азаматтық сот
ісін жүргізудің бастапқы идеяларына, негіздеріне сүйене отырып құрылады.
Осы азаматтық сот ісін жүргізудің бастапқы идеялары (қағидалары) азаматтық
істер бойынша сот тәрелігінің тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Барлық азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары жиынтығы бойынша бір-
бірімен тығыз байланыс құрып және бір-бірін толықтыра отырып, біртұтас жүйе
(грек тілінен systema - бөлектерден құрылған тұтас байланыс) құрайды.
Жүйе дегеніміз - нақты тұтастықты құрайтын, бір-бірімен тиісті
қатынаста болатын көптеген элементтер. Осылайша, азаматтық сот ісін жүргізу
бір-бірімен байланыстағы қағидалардың жиынтығын құрайды. Тиісінше қағидалар
өзара байланыс пен қатынаста болып біртұтас жүйе құрайды.
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі объективті сипатта
болуына қарамастан, заң әдебиеттерінде оның құрамы және осы жүйеге кіретін
кейбір жеке қағидалардің атауы бойынша бірқатар ой-пікірлер бар.
Біртұтас жүйеде орналасқан азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының
әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының мазмұнын ашады. Азаматтық сот ісін
жүргізудің қағидалар жүйесі санына қарай құрылған жоқ, олардың әрқайсысы
өздерінің қызмет атқару, мағынасы және сипаты бойынша жинақталған.
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының атаулары мен көлемі өздігінен
өзгермейді. Әдетте, азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары
республикамыздың Конституциясында, ал басқалары ҚР АІЖК-де бекітілген.
Қағидалар мазмұндары - қолданыстағы заңнама баптарында және оның
тармақтары мен бөлшектерінде белгіленген ережелер. Мысалы, ҚР АІЖК-нің 65-
бабы айтысу қағидасының мазмұнын құрайды.
Негізінен қағидалар азаматтық сот ісін жүргізудің мәнін білдіре отырып,
азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды институты болып танылады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары жиынтық тәрізді біртұтас
жүйеде орналасқан. Жүйеде орналасқан азаматтық сот ісін жүргізу
қағидаларының біреуінің бұзылуы басқа онымен байланыстағы қағидалардың
бұзылғандығын білдіреді және нақты азаматтық істер бойынша қабылданған сот
шешімінің заңсыздығына әкеп соқтырады, тиісінше оның күшін жоюға әкеледі.
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларын әр түрлі үш негіздер бойынша
жіктеуге болады. Құқық ғылымында мұндай жіктеудің бірқатар жеке белгілері
аталған. Біріншіден, нақты қағида бекітілген нормативтік қайнар көзіне
қатысты жіктеледі. Тиісінше Қазақстан Республикасының Конституциясымен
немесе ҚР АІЖК-мен бекітілген азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларын
белгілеуге болады. Бірақ, Конституцияда бекітілмеген (конституциялық емес)
қағидалар өзге де қағидалардан басым бола алмайды, себебі, оларда құқық
қабылдау (заң шығару) және құқық қолдану (соттың тәжірибелік қызметі)
қажетті және міндетті деп танылған. Сонымен бірге, қағидаларды бұлай жіктеу
өзінің негізсіздігін білдіреді, яғни Конституцияның тиісті нормаларымен
бекітілген (конституциялық деген) қағидалар көрінісін Конституция негізінде
қабылданған басқа заң нормаларында көзделген. Бұл заң нормаларында
бекітілген қағидаларды конституциялық емес деп атау дұрыс емес, себебі олар
Конституцияға сәйкес қабылданған нормативтік-құқықтық актілер болып
табылады.
Екіншіден, нақты қағидалар бір немесе одан да көп құқық салаларында
қолдануына байланысты заңтануда:
1) жалпы құқықтық, 2) салааралық, 3) салалық, 4) құқықтық институттар
қағидаларына бөлінеді. Басқа ғалымдар институтаралық және салаға тәуелді
қағидаларды белгілейді. Қағидаларды осылайша жіктеу негіздері дауласуға
жатпайды және оларды орынды деуге болады. Бірақ, жалпы құқық теориясы
бойынша қағидаларды жіктеу негіздерін қолданғанмен, азаматтық сот ісін
жүргізудің қағидалар сипаты бойынша осылай жіктеу оның барлық мәнін
ашпайды.
Ескергеніміз жоқ, "іс жүргізу құқығының қағидаларын жіктеудің әрбір
шарты, себебі барлық қағидалар болуында және қолдануында бір-бірімен
байланысты және бір-бірін толықтыруда".
Үшіншіден, көптеген ғалым-процессуалистер пікірінше іс жүргізу
қағидалары реттеу объектісі бойынша екі топқа бөлініп жіктеледі:
ұйымдастырушылың және функционалдық.
Теория бойынша барлық азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларын құқықтық
реттелуге жататын объектісі бойынша екі топқа бөліп қарастыруға болады:
соттың және іс жүргізуге қатысушылардың іс жүргізу әрекеттерін анықтайтын
(функционалдың) және сот тәрелігін жүзеге асыруды ұйымдастыру қағидалары
(ұйымдастырушылың).
Осы негіздер бойынша ҚР АІЖК-нің нормаларымен белгіленген сот ісін
жүргізудің қағидаларын жіктеуге болады.
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі іс жүргізу құрылымын,
іс жүргізу әрекеттердің механизмін, оның мазмұнын, іс жүргізу әрекеттердің
нысанын, істер бойынша қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен әді-леттігіне
кепілдік етеді. Қазіргі кезеңде азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары
жүйе құрып, жетілдіру жолында екенін атау қажет.

§ Сот тәрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
(ҚР Конституциясы 75-бабының 1-бөлігі, ҚР сот жүйесі мен судьялар
мәртебесі туралы конституциялық заңы 1-бабының екінші бөлігінің 1)
тармақшасы, ҚР АІЖК-нің 7-бабы). ҚР Конс-титуциясы мен ҚР сот жүйесі мен
судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы республикамыздың бүкіл
аумағында сот билігін іске асырудың негізгі және маңызды нысаны сот
тәрелігін жүзеге асыру болып табылатынын бекітеді. Сот тәрелігі туралы
ұғымның көптеген анықтамаларын заң әдебиеттерінде оқып танысуға болады.
Бірқатар авторлардың пікірінше, сот тәрелігі сот отыр-ыстарында іс жүргізу
тәртібімен жасалатын арнайы мемлекеттік органдардың материалдық нормаларын
қолдана отырып, азаматтық, қылмыстық және өзге істерді қарау және шешу
бойынша қызметі болып табылады. Х.Ю. Ибрагимовтың пікірінше, сот тәрелігі -
адам мен азаматтық, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, лауазымды
адамдардың аса маңызды құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға
тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы. Ал белгілі ғалым-іс
жүргізуші З.Х.Баймолдинанық айтуынша, сот тәрелігі - азаматтық, қылмыстық
және заңмен белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысаны арқылы сот билігін
жүзеге асырудың нысаны.
Сот тәрелігі сот билігін жүзеге асырудың негізгі нысаны бола отырып,
сот отырыстарында судьямен (сотпен) азаматтық іс жүргізу, әкімшілік іс
жүргізу және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы белгілеген тәртіппен азаматтық,
әкімшілік және қылмыстық істерді сот ісін жүргізу нысанында қарауды және
шешуді түсіндіреді. Мұндай соттық биліктік өкілеттілігін кімнің де болса
иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады (ҚР АІЖК-нің 7-бабының 1-
бөлігі). Тиісінше заңнамада қандай да бір атаулармен арнайы және төтенше
соттар құруға жол берілмейтіндігі көрсетілген, сондай-ақ мұндай соттар
шешімінің заң күші болмайтыны және орындалуға тиісті еместігі көзделген.
Өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге
асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе азаматтық іс жүргізу
кодексінде көзделген азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларын өзгеше түрде
елеулі түрде бұзған соттың шешімдері заңсыз болады және олардың күші
жойылуы тиіс (ҚР АІЖК-і 7-бабының 3-бөлігі және 23-бабы).
Азаматтық істер бойынша сот тәрелігін атқару қорытындысы бойынша
қабылданатын, заң әдебиеттерінде сот тәрелігі актілері деп аталатын сот
шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары және бұйрықтары заңнамаға сәйкес ерекше
сипатта болады. Олардың барлығы - жалпыға міндетті. Азаматтық істер бойынша
қабылданған және заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік және
қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер, лауазымды адамдар мен
азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының барлық аумағында
орындалуға жататынын білдіреді. Сот актілерін орындамаған немесе
орындалуына кедергі жасаған кінәлі тұлға заңды жауаптылыдқа тартылады.
Азаматтық істер бойынша сот тәрелігі, мемлекеттік қызметтің бір түрі
ретінде, ҚР АІЖК-мен егжей-тегжейлі регламенттелетін қатаң рәсімделуді
сақтау арқылы жүзеге асырылады. Тек сот отырысында ғана сот жеке немесе
заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, мемлекеттің, қоғамның мүддесін
қорғау үшін талап бойынша шешім (қаулы, ұйғарым) қабылдауға құқылы. Бірінші
сатыдағы сотпен қабылданған шешімді апелляциялық не қадағалау тәртіптерімен
жоғары тұрған сот алқасы қайта қарап оның күшін жоя алады.
Республикамызда мамандандырылған ауданаралық экономикалық және
әкімшілік соттардың құрылғандығы белгілі.
Келесі кезекте алқалы соттар құру мәселелесі түр. Соттарда бүгінгі
заман талабына сай "мамандану" процесі жүріп жатыр. Осының бәрі,
түйіндегенде, сот тәрелігін жүзеге асырудың сапасын жоғарылатуға
бағытталған шаралар екенінің белгісі. Жоғарғы соттың судьялары да бұл
бағытта үлкен қызмет етіп жатқанын айтуға болады, яғни сот тәжірибесі
бойынша жалпы отырыстарда қаралып, баспасөзде жарияланатын нормативтік
қаулылар қабылдануда.
§ Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау
қағидасы
ҚР Конституциясы 13-бабының 2-бөлігінде "Әркімнің өз құқықтары мен
бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар", - деп көзделіп,
азаматтық сот ісін жүргізуде қолдануына маңызды екенін түсіндіреді. Өзінің
құқығы мен бостандығын қорғау үшін сотқа жүгіну әрбір тұлғаның құқығы.
Адамның және азаматтық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін
қорғау сот билігінің өкілеттігін жүзеге асырудың басты бағыты болып
табылады.
Сотқа арыз (талап арыз, шағым) беріліп және оны сот қабылдаған кезде
ғана сотқа жүгіну құқығы жүзеге асырылады. Әрбір азамат, заңды тұлға және
мемлекеттік органдар бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын,
бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін АІЖК-мен белгіленген
тәртіпте сотқа арызбен (талап арызбен, шағыммен) жүгіне алады. Барлық жеке
не заңды тұлғаның бұзылған немесе даулы құқықтарын, заңды мүдделерін сот
арқылы қорғауға тең мүмкіндігі бар.
Сотқа арызбен жүгіну арқылы азаматтық, отбасылық, еңбек, түрғын үй,
әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи
ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан
және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді,
сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді сот (жекедара немесе алқа құрамы)
қарайды және шешеді (ҚР АІЖК-і 2-бабының 3-бөлігі).
Кез келген сот арызды қабылдап, істі қарамайды және шешпейді. Себебі ҚР
АІЖК-де бекітілген нормаларға сәйкес әр азаматтық іс соттылығына байланысты
сотпен қаралады және шешіледі. Соттылық - соттар арасында белгілі азаматтық
істер қарастыру өкілеттіктерді бөлу. Тиісінше азаматтық істер соттылығы
азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен белгіленеді.
Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген соттылығын
өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзінен төменгі соттың жүргізетін
ісін тараптардың келісімінсіз алып қоюға және оны өзінің іс жүргізуіне
қабылдауға құқығы жоқ (ҚР АІЖК-і 8-бабының 3-бөлігі). ҚР АІЖК-нің кейбір
нормаларының өзгеруіне және оларды сот тәжірибесінде біркелкі қолдану
қажеттілігіне байланысты ҚР Жоғарғы сотының жалпы отырысы қаулы етті:
"Соттар арасында нақтылы істің соттылығы туралы дау туындаған жағдайда
жоғары тұрған соттың судьясы іске қатысушы адамдарды оның қаралатын орны
мен уақыты туралы хабардар етпестен және соттың істі басқа соттың
өндірісіне жіберу туралы ұйғарымын бұзбай, істің нақтылы қай соттың
қарауына жататыны туралы ұйғарым шығарады".
Кез келген жеке тұлға субъективтік құқықтарын, заңды мүдделерін сотта
тікелей өзі қатысуы арқылы немесе өкілдер қатысуы арқылы қорғауға құқылы.
Жеке тұлғаның өзінің сотқа қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан
айырмайды. Заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі
басқару органдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың органдары
және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері қорғауға құқылы (ҚР АІЖК-
нің 58-бабы).
ҚР АІЖК-сі 8-баптың 2-бөлігіне сәйкес прокурор өзіне жүктелген
міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың
құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып
(арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы.
Әрбір азамат, заңды тұлға, мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі
басқару органы, прокурор сотқа жүгіну құқығынан бас тарта алады, егер заңға
қайшы келмесе немесе әлдекімнің құқығын және заңды мүддесін бұзбаса (ҚР
АІЖК-і 8-бабының 4-бөлігі). Егер тараптар өзара сотқа жүгіну құқығынан бас
тарту туралы келісім-шартқа қол қойса - ол заңсыз деп есептеледі.
Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу заңнамасы әрбір
адамға сотқа жүгіну құқығын жүзеге асыруына барлық мүмкіндік жасап, оны
қамтамасыз етеді.
§ Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидасы
Қазақстан Республикасының үш нормативтік-құқықтық актілерінде: ҚР
Конституцияның 17-бабында, ҚР АК-сі (Жалпы бөлімі) 15-бабының 9-бөлігінде
және 143-бабында, АІЖК-нің 9-бабында бекітілген. Бұл нормативтік-құқықтық
актілер адамның қадір-қасиетін, ар-ожданын қорғау мүмкіндіктерін
белгілейді.
ҚР Конституциясының 17-бабына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол
сұғылмаушылық жөнінде міндет бекітілген. Адамды қинауға, оған күш
қолдануға, басқа да қатал не адамның қадір-қасиетін қорлайтын қатынас пен
жазаға тыйым салынады.
Заң әдебиеттері бетінде адамның қадір-қасиетіне дол сұғылмаушылыққа
қатысты мынандай пікір айтылады: "Ол әрбір адамның жеке басының бағасын,
оның адамгершілік қағидалары мен соған қатысты әрекеттеріне негізделген ой
жүйесін мойындауды аңғартады. Адам адамгершілік құндылықтар мен ойшылдық
қасиеттерінің иесі ретінде танылады. Адамның қадір-қасиеті оның қоғамдағы
орнына, атағына, түрмыс қалпына, кәсіпқойлығына және басқа жағдайларға
байланысты. Әрбір адам сыйқұрмет пен мойындауға және дербес ой мен әрекет
құқығына лайық".
ҚР АК-сі (Жалпы бөлімі) 15-баптың 9-бөлігіне сәйкес азаматтық есімі
оның абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқсан келтіретін
әдістермен немесе сондай нысанда бұрмаланған не пайдаланылған жағдайда осы
Кодекстің 143-бабында көзделген ережелер қолданылады.
Осылай, азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне
немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай
мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаса,
сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы (ҚР АК-сі (Жалпы бөлімі) 143-
баптың 1-бөлігі). Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-
намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін
мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен
бірге олардың таратылуымен өздеріне келтірілген залалдың немесе моральдық
зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы (ҚР АК-сі(Жалпы бөлімі) 143-
баптың 6-бөлігі). Егер азаматтық немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-
қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды таратушыны
анықтау мүмкін болмаса, өзі жөнінде осындай мағлұматтар тараған адам
таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейді деп тану туралы сотқа
жүгінуге құқылы (ҚР АК-сі (Жалпы бөлімі) 143-баптың 7-бөлігі).
ҚР АІЖК-нің 9-бабына сәйкес азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде
азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-
қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады. Адамның
қадір-қасиетін қорлау арқылы алынған іске қатысты нақты деректер сотпен
дәлелдемелер ретінде танылмайды. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен адамға
келтірілген моральдық зиян заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.
Республикамыздағы жергілікті соттармен азаматтық сот ісін жүргізу кезінде
азаматқа келтірген моральдық зиянның орнын толтыру заңнамасын дұрыс
қолданып игеру үшін "Моральдық зиянның орнын толтыру туралы заңнаманы
соттармен қолдану жөнінде" ҚР ЖС-ның № 3 нормативтік қаулысы 2001 жылы 21
маусымда қабылданған болатын.
Сондықтан азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен ар-намысты, қадір-
қасиетті және іскерлік беделді сот қарайды және шешеді, сонымен қатар
соттың өзі де іске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-
қасиетін кемсітетін шешім қабылдамауы тиіс.
§ Жеке өмірге қол сұғылмаушылық
Хат жазысудың, телефон арқылы сәйлесудің, почта, телеграф және өзге
де хабарлардың құпиясы. Бұл қағида әркімнің жеке өміріне еріксіз араласуға
жол берілмейтіндігі ата-аналарға, құрбы-жолдастарына, мемлекеттік
органдарына, қызмет басшыларына және басқа адамдарға құқық субъектілігі бар
жеке немесе заңды тұлғалардың өзіндік мүліктеріне билік етуіне, жеке
банктік салымдары мен жинаған ақша-қаражаттарын және өзге тапқан табыстарын
пайдалануына, жазысқан хаттарына, телефон, почта, телеграф арқылы және
басқа да жолдармен алысқан хабарларына ықпал етуге тыйым салуды
түсіндіреді. Бұл қағида ҚР Конституциясының 18-бабында бекітіліп,
қолданыстағы материалдық құқық пен іс жүргізу құқық нормаларында тиісінше
көрінісін тапқан.
Осылай, ҚР АК-нің (Жалпы бөлімі) 144-бабына сәйкес: "Азаматтық бас
құпиясын, оның ішінде хат алысу, телефон арқылы сәйлесу, күнделіктер,
естеліктер, жазбалар, ішкі жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясы,
дәрігерлік, адвокаттық құпияны, салымдар құпиясын сақтауға құқығы бар. Жеке
бас құпиясы заң құжаттарында белгіленген реттерде ғана ашылуы мүмкін.
Күнделіктерді, жазбаларды, естеліктерді және басқа құжаттарды жариялауға -
олардың авторының келісімімен, ал хаттарды олардың авторы мен алушысының
келісімімен ғана жариялауға жол беріледі. Олардың қайсыбірі қайтыс болған
жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында қалған жұбайының
және балаларының келісімімен жариялануы мүмкін".
Міне, осы азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары заңның
қорғауында болады. Бірақ ҚР АІЖК-нің 10-бабына сәйкес азаматтық процесс
барысында бұл құқықұтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайлар мен
тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Бұл дегеніміз, сотта істі қарау кезінде
құқықтық дауды шешу немесе заңды маңызы бар фактілерді анықтау үшін қажетті
азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке, отбасылық, коммерциялық немесе
өзге де заңмен қорғалатын қүпияларды олардың өтініштері бойынша жабық сот
отырысында жария ету.
Сот (судья) сотта азаматтық істерді қарап және шешкен кезде осы
қағидатың бұзылмауын бақылайды. Меншікке қол сұғылмаушылық қағидасы ҚР
Конституциясында, ҚР АК-де (Жалпы бөлімі), ҚР АІЖК-де көзделген. Меншік -
өндіріс құралдарын иелену және қоғамда жасалған материалдық және
материалдық емес игіліктерді бөлісу жөніндегі объективті қоғамдық қарым-
қатынастар болып табылады. Қазақстанның барлық аумағында мемлекеттік меншік
пен жеке меншік танылады бірдей қорғалады (ҚР Конституциясының 6-бабы).
ҚР Конституциясында "меншік" ең алдымен адам және азаматтық негізгі
құқықтарының бірі - заңды түрде алған қандай да болсын мүлкіне иелік ету,
пайдалану және меншігінде ұстай алу (ҚР Конституциясының 26-бабы) құқығын
айқындайды және бекітеді.
Еліміздің М.К. Сүлейменов, Ю.Г. Басин тәрізді заңгерлерінің пікірінше,
қараудағы қағидаттың маңыздылығы мынада - меншік елдің бүкіл экономикалық
жүйесінің іргетасы болып табылады. Бұл қағида мемлекетке мемлекеттік емес
меншікке қатысты барлық қатынастарға араласуға мүмкіндік берген бұрынғы
нұсқаулардан бас тартуды білдіреді.
Меншікке заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді өз
мүлкінен айыруға болмайды (ҚР АІЖК-і 11-бабының 1-бөлігі). Бұл дегеніміз -
белгілі тараптар арасындағы нақты меншікке қатысты материалдық құқықтық
дауды азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотпен қарап және шешу.
Нәтижесінде сотпен қабылданып заңды күшіне енген шешім меншікке құқық
орнатады.
Азаматтық сот ісін жүргізу барысында адамдардың банктегі салымдарын
және басқа мүлікті пайдалануға тыйым салу, сондай-ақ оны алып қою ҚР АІЖК-
де көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша жүргізілуі мүмкін. Мысалы,
азаматтық процесте талап қоюшының өтініші бойынша талап қоюды қамтамасыз
етуге сот жауапкерге тиісті және онда немесе басқа адамдарда болатын
мүлікке тыйым салуы (банктің корреспонденттік шотындағы ақшаға тыйым салуды
қоспағанда) мүмкін, егер мұндай шараны қабылдамау сот шешімін орындауды
қиындатса немесе оның орындалуын мүмкін етпесе (ҚР АІЖК-нің158-бабыжәне 159-
бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасы).
§ Судьялардың тәуелсіздігі
ҚР Конституциясының 77-бабының 1-2 бөлігіне және 79-бабына, ҚР АІЖК-
нің 12-бабына сәйкес судья сот тәрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады
және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.
Сондықтан, нақты істерді қарап және шешу барысында судьялар Қазақстан
Республикасының Конституциясы және оның негізінде қабылданған заңдарды
қолданып қаулылар, шешімдер мен ұйғарымдар қабылдайды. Егер қолданыстағы
заң немесе заңға тәуелді құқықтық актілер нормалары Қазақстан
Республикасының Конституциясында бекітілген адамның және азаматтық
құқықтары мен бостандықтарын шектейтін болса, онда сот (судья) ол іс
бойынша өндірісті тоқтата түрып, Қазақстан Республикасының Конституциялың
кеңесіне аталмыш құқықтық актіні (толығымен не жартылай оның бір тарауын,
жеке нормаларын) конституциялық еместігі жөнінде жүгінеді (ҚР
Конституциясының 78-бабы).
Судьялар мен соттар азаматтық істерді өздеріне сырттан ыңпал ету
болмайтын жағдайларда шешеді. Ешкімнің соттың сот тәрелігін атқару
жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң
бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судья қаралып жатқан не қаралған
азаматтық істерінің мәні бойынша қандай да бір түсінік беруге міндетті емес
(ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңның 25-
бабының 3-бөлігі). Нақты азаматтық істер бойынша судьялар есеп бермейді, ал
өз пікірін тек кеңесу бөлмесінде айтуға құқылы.
Судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі ретінде оларды қызметке, сот
қызметімен айналысуға тағайындау және орнынан босату, қаржыландыру мен
материалдық-техникалық қамтамасыз ету танылады.
Қазақстан аумағындағы Конституциямен және заңмен тәуелсіздігі
қорғалатын соттар тұрақты судьялардан тұрады. Сот өкілеттігі заңмен
белгіленген негіздер бойынша ғана тоқтатыла тұрады немесе қысқартылады.
Соңғы жылдардың көлемінде судьялардың тәуелсіздігін нығайтуға мүмкіндік
беретін көптеген заңдар қабылданды. Қазақстан Президентінің 2000 жылдың
қыркүйегіндегі "Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін
күшейту жөніндегі шаралар туралы" жарлығына сәйкес сот қызметін материалдық-
техникалық жағынан, кадрлармен және өзгедей қажеттіліктермен қамтамасыз
ететін уәкілетті органның құрылуы сот құқықтьщ реформанық одан әрі тереңдей
түскендігінің айғағы болды. Осылай, Жоғарғы сот жанындағы соттар әкімшілігі
жөніндегі комитетті құрудағы мақсат та судьялардың сотқа келіп түскен
істерді қараудағы тәуелсіздігін нығайту, жергілікті соттардың дербестігін
жоғарылату болды.
"Әрбір судья сот билігінің тәуелсіздігі мен абыройын құрметтеуге және
өзінің қызметінде лауазымына дақ түсіретін кез келген әрекеттерден аулақ
болуға тиіс. Судья сот билігін сыйлаудың және оның мәртебесін көтерудің
нышаны болуға тиіс", - деген Талғар аудандық сотының тәрағасы Ж.М.
Қадырхановтың сөзі орынды1.
Қазір сот жүйесі биліктің шын мәніндегі бір тармағына айналып, судьялар
болса өздеріне тиесілі мәртебеге ие болып отыр. Судьялардың тәуелсіздігіне
келетін болсақ, ол Конституциямен және заңмен қорғалады. Осының бәрі сайып
келгенде, ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық
заңда жан-жақты қамтылған. Осыған орай осы шақта тұлғалардың сотқа деген
сенімі артып, олардың қызметіне көбірек жүгінетін болды.
Демократиялық және құқықтық мемлекеттің басты белгісі ретінде сот
жүйесінің ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерін дамыту, кадрмен және
қаржымен қамтамасыз ету арқылы судьялардың тәуелсіздігін нығайтуға арналған
үлкен жұмыс жасалды. Реформанық қол жеткізген табыстарының бірі Жоғарғы сот
жанынан сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің құрылуымен байланысты. Сот
қызметін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті бұл органның жүйесіне аталған
комитет және оның облыс, Астана мен Алматы қалаларындағы әкімшілері кіреді.
Соттардың материалдық қамтылуы бұл да соттардың тәуелсіздігі мәселесіне
көлеңкесін түсіретін қосымша жайт. Жалпы айтар болсақ, судья ол сот
билігінің ғана емес, бүкіл қоғамның абыройы, әділет өлшемі болғандықтан, өз
бойына адамға тән ең биік, жақсы қасиеттерді дарытуы тиіс. Мұның өзі
соттардың тәуелсіздігін нығайту мен судьяларға деген сыйластықтың артуының
да кепілі. 1996 жылдан қолданыстағы сот әдебі кодексі судьялардың жүріс-
түрысының негізгі қағидаларын бекіткені мәлім. Осы кодекс бойынша әрбір
судья демокра-тиялық қоғамның ажырамас тетігі болып табылатын сот жүйесінің
тәуелсіздігі мен абыройын құрметтеуі қажет.

§ Барлық адамдардың және заңды тұлғалардың заң мен сот алдындағы
тендігі қағидасы

Құқық пен бостандықтық нақтылы жүзеге асырылуын, сондай-ақ әрбір
адамның және заңды тұлғаның жауапкершілігін қамтамасыз ететін құқықтық
түбегейлі қағидасы. Бұл қағида ҚР Конституциясының 14-бабында және ҚР АІЖК-
нің 13-бабында белгіленген. Осылай, конституциялық бапта: "Барлығы заң мен
сот алдында тең. Ешкім де шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдың және мүліктік
жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, түрғылықты
жері жөніндегі себептермен немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша
кемсітілмеуге тиіс" деп бекітілген. Тиісінше азаматтық іс жүргізу нормасына
сәйкес азаматтық істер бойынша сот тәрелігі заң мен сот алдындағы теңдік
негізінде жүзеге асырылады. Іске тараптар ретінде жеке тұлғалар (ҚР
азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар) және заңды тұлғалар
(мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар) қатысады. Сондықтан азаматтық сот ісін
жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және
олардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдың және мүліктік
жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, түрғылықты
жері жөніндегі себептермен немесе өзге де кез келген мәнжайлар бойынша
кемсітілмеуге тиіс. Ал заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді
және олардың ешқайсысы да орналасқан жеріне, ұйымдық-құқықтық нысанына,
бағыныстылығына, меншік нысанына және басқа да мән-жайлары себепті
кемсітілмеуге тиіс.
Алайда, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен иммунитеті бар адамдарға
қатысты азаматтық сот ісін жүргізу талаптары Қазақстан Республикасының
Конституциясында, азаматтық іс жүргізу кодексінде, заңдарда және Қазақстан
Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленеді (ҚР АІЖК-і 13-
бабының 3-бөлігі).
Осылайша, соттық иммунитет шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша іс
жүргізу де болады. Халықаралық ұйымдардың соттың иммунитеті Қазақстан
Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарда, сондай-ақ бұл ұйымдардың
Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органдармен келісімдерінде
белгіленеді. Шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында тіркелген
дипломатиялық өкілдері және Қазақстан Республикасының заңында немесе
халықаралық шартында аталған басқа да адамдар Қазақстан Респуб-ликасының
заңында, халықаралық құқық нормаларында немесе халықаралық шартында
белгіленген шекте Қазақстан Республикасы сотының азаматтық істер жөніндегі
юрисдикциясына жатады (ҚР АІЖК-і 422-бабының 2-3 тармақтары).
Барлық адамдардың және заңды тұлғалардың заң мен сот алдындағы теңдігі
қағидасы - сот пен істің мән-жайын объективті анықтап, заңды және негізді
сот шешімін шығару негізінде олардың субъективтік құқықтарын және заңды
мүдделерін қорғау кепілдігі болып табылады.

§ Азаматтық істер бойынша сот тәрелігін жеке-дара және алқа сот
құрамымен жүзеге асыру қағидасы

ҚР АІЖК-нің 37-бабымен белгіленген. Осы ҚР АІЖК-сі сот құрамын 2001
жылға дейін белгілеген құқықтық нормаларға сәйкес соттың бірінші және
апелляциялық сатысындағы азаматтық істерді соттың атынан судья жекедара
қарайтын. Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 11 шілдедегі № 238-11
Заңымен ҚР АІЖК-не енгізілген өзгерістер бойынша қазіргі уақытта соттың
бірінші сатыдағы азаматтық істерді соттың атынан әрекет ететін судъя
жекедара қарайды. Істерді апелляциялық сотта немесе қадағалау сатысындағы
соттарда қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге асырады. Іс алқалы түрде
қаралған кезде соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кіруге тиіс,
олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады (ҚР АІЖК-нің 37-бабы).
Сот отырысында іс жүргізу тәртібін сақтап, азаматтық істерді қарайтын
және шешетін судьяны төрағалық етуші деп атайды. Бірінші сатыдағы азаматтық
істерді сот отырысында қарайтын жекедара судьяның өзі төрағалық етуші
болады. Істерді апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы қарайтын алқалы
сот құрамына кіретін судьяларының біреуі ғана төрағалық етуші болып тағайын-
далады.
Төрағалық етуші істің барлық мән-жайының толық, жан-жақты және
объективті анықталуын, іс жүргізу әрекеттерінде дәйектіліктің және
тәртіптің сақталуын, процеске қатысушылардың өздерінің іс жүргізу
құқықтарын жүзеге асыруын және олардың өз міндеттерін орындауын, процестің
тәрбиелік ыңпалын қамтамасыз ете отырып, отырыстың барысына басшылық
жасайды, қаралатын іске қатысы жоқ мәселелердің барлығын сот қарауынан
шығарып тастайды. Процеске қатысушылардың қайсы бірі төрағалық етушінің іс-
әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдірулер сот
отырысының хаттамасына енгізіледі. Төрағалық етуші өзінің іс-әрекеттеріне
қатысты түсініктеме береді. Төрағалық етуші сот отырысында тиісті тәртіптің
қамтамасыз етілуіне қажетті шаралар қолданады. Оның өкімі процеске
қатысушылардың барлығы үшін, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған
азаматтар үшін міндетті (ҚР АІЖК-нің 176-бабы).

Істерді соттың алқалы құрамы қараған және шешкен кезде барлық судьялар
тең құқықтарды пайдаланады. Істі алқалы түрде қараған және шешкен кезде
туындаған барлық мәселелерді судьялар көпшілік дауыспен шешеді. Әрбір
мәселені шешкен кезде судьялардың ешқайсысы дауыс беруден қалыс қалуға
құқылы емес. Төрағалық етуші ұсыныстарды енгізеді, өз пікірін айтады және
соңынан дауыс береді. Көпшілік шешімімен келіспеген судья осы шешімге қол
қоюға міндетті және ерекше пікірін жазбаша түрде баяндай алады, ол
төрағалық етушіге тапсырылады және мәр басылған конверттегі іске қоса
тіркеледі. Ерекше пікірмен апелляциялық және қадағалау сатыларындағы сот
осы істі тиісті сатыда қарау кезінде танысуға құқылы. Судьяның ерекше
пікірінің бар екендігі туралы іске қатысушы адамдарға хабарланбайды және
ерекше пікір соттың отырыс залында жарияланбайды (ҚР АІЖК-нің 38-бабы).
Соттың бірініпі сатысындағы азаматтық істерді қарайтын Қазақстан
Республикасы соттары:
аудандық және оларга теңестірілген соттар (қалалық, ауданаралық,
мамандандырылған ауданаралық соттар - экономикалық, әкімшілік, әскери,
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа соттар);
облыстық жэне оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық
соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары - Алматы
қаласының қалалық соты);
- Жоғарғы Сот (ҚР АІЖК-нің 27-30-баптары).
Апелляциялық тәртіппен заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарайтын
соттар ҚР АІЖК-нің 333-бабында көрсетілген. Осылай:
аудандық және оларға теңестірілген соттар шешімдерін - облыстық және оған
теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы;
облыстық және оларға теңестірілген бірінші сатыдағы соттар шығарған
шешімдерді - Қазақстан Республикасы Жогаргы Сотының азаматтық істер
жөніндегі алқасы қарайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бірінші сатыда қаралған
азаматтық істер бойынша шығарылған сот актілері апелляциялық тәртіппен
қаралмайды, олар жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді (ҚР АІЖК-і
235-бабының 2-бөлігі, 332-бабының 1-бөлігі).
Қадағалау тәртібімен заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарайтын
соттар ҚР АІЖК-нің 386-бабында көрсетілген. Осылай:
1) Облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасы мына
соттардың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарайды:
* аудандық және оларға теңестірілген соттардың шешімдерін, қаулыларын,
ұйғарымдарын;
* облыстық және оларға теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі
алқасының апелляциялық қаулыларын қадағалау шағымдары, прокурордың
қадағалау наразылықтары бойынша.
2) Қазақстан Республикасы Жогаргы Сотының қадағалау алқасы мына
соттардың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарайды:
* бірінші сатыдағы соттардың шешімдерін, қаулыларын, ұйғарымдарын;
* облыстық және оларға теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі
алқасының апелляциялық қаулыларын;
* облыстық және оларға теңестірілген соттың қадағалау алқасының қаулыларын;
* Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі
алқасының істерді апелляциялық тәртібімен қарау кезінде шығарған қаулыларын
қадағалау шағымдары, ҚР Бас прокурордың қадағалау наразылықтары бойынша.
3) Қазақстан Республикасының Жоғарғы. Сотының жалпы отырысы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау алқасының ҚР АІЖК-тің 384-
бабының 2-бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қаулыларын ҚР Жоғарғы Соты
Тәрағасының ұсынымы немесе ҚР Бас прокурордың наразылығы бойынша қайта
қарайды.
§ Сот ісін жүргізу тілі қағидасы
(ҚР Конституциясының 7-бабы, ҚР АІЖК-нің 14-бабы). ҚР
Конституциясына сәйкес ҚР-ғы тілдер туралы 1997 жылғы 11 шілдедегі Заң
тілдердің республикада қызмет етуінің құқықтық негіздерін, мемлекеттің
оларды зерделеу мен дамытуға жағдай туғызудағы міндеттерін белгіледі,
республикада барлық тілдердің бірдей құрметпен қолданылуын қамтамасыз
етеді.
Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі - мемлекеттің барлық
аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын
мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі.
Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ
тілімен бірдей ресми орыс тілі қолданылады. Қазақстан Республикасында
соттардың барлығы мемлекеттік ұйымдарға жатады, сондықтан Қазақстан
Республикасында сот істері мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған
жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен орыс тілі немесе басқа
тілдер бірдей қолданылады (ҚР Тілдер туралы заңның 13-бабы). Тиісінше сотта
азаматтық істер мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот
ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей
қолданылады (ҚР АІЖК-і 14-бабының 1-бөлігі).
Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге қарай сот
ұйғарымымен белгіленеді. Белгілі бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу
бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. Егер іс
жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе қазақ білмейтін іске қатысушы
адамдарға сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме
жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс
материалдарымен танысу, сотта сөйлеу, азаматтық іс жүргізу заңнамасымен
белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы
түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі (ҚР АІЖК-і 14-бабының 2-3 бөліктері).
Себебі аудармашыларға төленуге тиесілі сомалар іс бойынша іс жүргізуге
байланысты шығындарға жатпайды (ҚР АІЖК-нің 107-бабы). Оларға тиесілі
сомаларды төлеу республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі (ҚР АІЖК-і 109-
бабының 2-бөлігі). Сондықтан азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы
адамдарға басқа тілде жазылған істің заң бойынша қажетті іс материалдарының
сот ісін жүргізу тіліне сот тегін аударып беруді қамтамасыз етеді. Сот
процесіне қатысушы адамдарға сотта сөйленген сөздің басқа тілде айтылған
бөлігін сот ісін жүргізу тіліне тегін аударып беру қамтамасыз етіледі. Сот
құжаттары іске қатысушы адамдарға олардың ана тіліне немесе олар білетін
басқа тілге аударылып беріледі (ҚР АІЖК-і 14-бабының 4-5 бөліктері).
Сотта төрағалық етуші және алқа құрамының судьялары аудармашының
қызметін атқаруға құқықтары жоқ. Сот (судья) аудармашының қызметін іске
қатысушы тұлғаларға жүктей алмайды, себебі олардың сотта құқықтық мәртебесі
өзгеше болады.
Іс бірінші сатыдағы соттан қай тілде келіп түссе, жоғары деңгейлі
(апелляциялық және қадағалау сатыдағы) соттарда да сол тілде қаралуы керек.
Сот ісін жүргізу тілі қағидасы тараптарға және басқа іске қатысушыларға
ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде заңмен көзделген барлық іс
жүргізу әрекеттерін жасау арқылы өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін
белсенді қорғау үшін мүмкіндік береді.
§ Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау қағидасы
ҚР АІЖК-нің 16-бабында былай деп бекітілген: "Судья істе бар
дәлелдемелерді олардың жиынтығымен әділ, жан-жақты және толық қарауға
негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда ол заң мен
арұятты басшылыққа алады. Сот үшін ешқандай дәлелдеменің күні бұрын
белгіленген күші болмайды".
Шешім шығарған кезде сот дәлелдемелерге баға береді, іс үшін маңызы бар
қандай мән-жайлардың анықталғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын,
тараптардың құқықтық қатынастарының қандай екенін, осы іс бойынша қандай
заң қолдануға тиісті екенін және қойылған талаптың қанағаттандырылуға
жататынын-жатпайтынын айқындайды (ҚР АІЖК-і 219-бабының 1-бөлігі).
Соттың актісі тек заңға сәйкес жиналған, ұсынылған, зерттелген
дәлелдемелер негізінде қабылданады.
Сотпен дәлелдемелерді бағалау - соттық дәлелдеудің ажырамас, соңғы
бөлігі.
Дәлелдемелерді бағалау азаматтық іс жүргізу нормаларын сақтау арқылы
істің барлық мән-жайларын жиынтығы бойынша жан-жақты және объективті қарау
негізінде сотпен жүргізіледі. ҚР АІЖК-і 77-бабының 1-бөлігіне сәйкес әрбір
дәлелдеме - қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиналған
дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктігі түрғысынан
бағалануға тиіс.
Дәлелдемелердің қатыстылығы - іс үшін маңызды мән-жайлардың бар
екендігі туралы тұжырымдарды растайын, теріске шығаратын не оларға күмән
келтіретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары
Азаматтық іс жүргізу құқығынын принциптері, оның мазмұны және сот тәжірибесінде жүзеге асырылуы
Қылмыстық іс жүргізу бойынша іс жүргізу
Азаматтық іс жүргізудің қағидалары
Қылмыстық іс жүргізу құқығы
Азаматтаық сот ісін жүргізу қағидалары
ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ
Қылмыстық процестiң қағидалары
Азаматтық іс жүргізу құқығы туралы ақпарат
Пәндер