Ислам діні туралы қысқаша түсініктеме



1 Ислам дінінің негізі
2 Исламның ең маңызды қағидалары
Барлық мадақ-мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән. Елшілердің имамы,пайғамбарымыз,оның үй-ішіне,барлық сахабаларына 1сәлем-салауаттар болсын2.
Ислам діні деп – Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты Тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне жүрекпен, тілмен және дене мүшелерімен куәлік беруді айтады.
Бұл дегеніміз иманның алты шартына иман келтіруді,исламның бес парызын орындауды және ондағы ихсан3 амалын өзіне қамтығын.Сонымен қатар, ислам діні пайғамбарлар мен елшілірдің ең ақырғысы Абдуллаһ ұлы Мұхаммедке (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түсірген Аллаһтың тарапынан соңғы пайғамбарлық жолдамасы.
Ислам – Аллаһ Тағаланың алдында қабыл қылынатын жалғызғана дін.Аллаһ Тағала Ислам дінін жеңіл әрі қолайлы қылды,онда ешбір қиыншылық немесе машақат4 жоқ.Ислам дінін ұстанушыларға шама жетпейтін, жағдай көтермейтін немесе мүмкіншіліктерден тыс бірде-бір амал, іс-әрекет міндеттелмеген.
Ислам дінінің негізі – таухид5 , ұраны – шыншылдық, айналасы - әділет , құндылығы – хақиқат,рухы – мейірімділік .Және де ол (Ислам діні) пенделерін дінінде және дүниесіндегі барлық пайдалы нәрселерге бағыттап, оларды дінінде және тіршілігіндегі барлық зиянды нәрселерден сақтандырады. Ислам – Аллаһ Тағала ол арқылы сенімдермен ахлақтарды және діндегі дүние тіршілігін жөндеп дұрыстаған, бөлініп кеткен жүректерді қосып, әртүрлі ойларды біріктірді. Және оларды жалғандық қараңғылықтарынан босатып, шындықпен тура жолға нұсқады.
Ислам – барлық хабарларымен, үкімдерімен берік және мықты болған тура дін. Хабарларының бәрі шындық әрі хақиқат, үкімдерінің барлығы игілікпен әділет!

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Аса қамқор, ерекше мейрмді Аллаһтың атымен бастаймын.

Ислам діні туралы қысқаша түсініктеме.

Барлық мадақ-мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән. Елшілердің
имамы,пайғамбарымыз,оның үй-ішіне,барлық сахабаларына 1сәлем-салауаттар
болсын2.
Ислам діні деп – Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты Тәңір жоқ
екендігіне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне жүрекпен, тілмен және
дене мүшелерімен куәлік беруді айтады.
Бұл дегеніміз иманның алты шартына иман келтіруді,исламның бес парызын
орындауды және ондағы ихсан3 амалын өзіне қамтығын.Сонымен қатар, ислам
діні пайғамбарлар мен елшілірдің ең ақырғысы Абдуллаһ ұлы Мұхаммедке (Ол
кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түсірген Аллаһтың тарапынан
соңғы пайғамбарлық жолдамасы.
Ислам – Аллаһ Тағаланың алдында қабыл қылынатын жалғызғана дін.Аллаһ
Тағала Ислам дінін жеңіл әрі қолайлы қылды,онда ешбір қиыншылық немесе
машақат4 жоқ.Ислам дінін ұстанушыларға шама жетпейтін, жағдай көтермейтін
немесе мүмкіншіліктерден тыс бірде-бір амал, іс-әрекет міндеттелмеген.
Ислам дінінің негізі – таухид5 , ұраны – шыншылдық, айналасы - әділет ,
құндылығы – хақиқат,рухы – мейірімділік .Және де ол (Ислам діні) пенделерін
дінінде және дүниесіндегі барлық пайдалы нәрселерге бағыттап, оларды
дінінде және тіршілігіндегі барлық зиянды нәрселерден сақтандырады. Ислам –
Аллаһ Тағала ол арқылы сенімдермен ахлақтарды және діндегі дүние тіршілігін
жөндеп дұрыстаған, бөлініп кеткен жүректерді қосып, әртүрлі ойларды
біріктірді. Және оларды жалғандық қараңғылықтарынан босатып, шындықпен тура
жолға нұсқады.
Ислам – барлық хабарларымен, үкімдерімен берік және мықты болған тура
дін. Хабарларының бәрі шындық әрі хақиқат, үкімдерінің барлығы игілікпен
әділет!
Ислам дінінің жіберілуі төмендегі мәселелердің жүзеге асырылуын мақсат
етеді:
Бірінші, адамдарға Раббысы әрі Жаратушысы болған Аллаһты,
есімдерінде теңдесі болмаған көркем есімдерімен, сипаттарында ұқсасы
болмаған жоғары сипаттарымен, істерінде серігі болмаған даналы істеріменен,
хақыларында ортағы болмаған Өзіне ғана тиісті хақтарыменен таныстыру.
Екінші, пенделерді ешбір серігі болмаған Аллаһқа ғана ғибадат
қылуға шақыру. Өз кітәбімен пайғамбарының сүннетінде бекіткен бойынша,
адамдарды дүниесіндегі және ақыретіндегі ізгілігі мен бақыты болған
бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан аулақ болу арқылы ғибадатына шақыру.
Яғни, адамдарды олардың дүние ақыретте ізгілікке жетіп бақытқа бөленуіне
себепкер болатын Аллаһтың кітабімен, Оның пайғамбарының сүннетінде келген
бұйрықтарды атқарумен тыйымдардан тыйылуға шақыру.
Үшінші, адамдарға өлгендерінен кейін болатын халдері, барар
жерлері, қабірлерінде және қайта тіріліп, есеп бергендерінде, сондай-ақ осы
дүниедегі жасаған амалдарына қарай жаннатқа немесе тозаққа барар кездегі
кездестіретін жағдайларды ескерту.

Исламның ең маңызды қағидаларын төмендегідей қысқаша атап өтсек болады;
Біріншіден: Иманның рүкіндері.
1 – рүкін: Аллаһқа иман келтіру.
Бұл рүкін иманның мына мәселелерін өзіне қамтиды:
а)Аллаһ Тағаланың раббылығына яғни, Оның Раббылығы – Жаратушы,
жаратылысындағы істердің Меңгерушісі әрі ондағы Өз әмірін жүргізуші
екендігіне сену.
ә)Аллаһ Тағаланың – Иляһи6 яғни, Оның шынайы Құдай екендігіне, ал Одан
өзге құлшылық қылынатындарды бекер екендігіне сену.
б)Аллаһтың есімдерімен сипаттарына иман келтіру. Бұл дегеніміз – Аллаһ
Тағаланың Өз кітәбімен Оның пайғамбары Мұхаммедтің (Ол кісіге Аллаһтың
игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінде келгені бойынша Аллаһтың көркем
есімдерімен жоғары сипаттарының бар екендігіне сену.
2 – рүкін: Періштелерге иман келтіру.
Періштелер – Аллаһтың құрметті құлдары. Аллаһ Тағала оларды жаратқанда,
олар Аллаһтың ғибадатына беріліп, тағатына7 бой ұсынған еді. Аллаһ Тағала
оларға әр түрлі қызметтерді тапсырды. Періштелердің ішінде Жебрейіл періште
бар, Аллаһ Тағала оған Өзі қалаған пайғамбарына уахиды8 жеткізуді
тапсырды. Ал, Микаил періште болса, жаңбырдың жаууымен өсімдіктердің
шығуына міндеттелген. Сол сияқты, олардың арасында Исрафил періште бар, ол
қиямет күні адамдар қайта тірілерде сүр9 үруге міндеттелген. Және
періштелерден малакул-Маут яғни, өлім періштесі бар. Ол адамдардың жанын
алуға міндетті.

3 – рүкін: Кітаптарға иман келтіру.
Аллаһ Тағала Өз елшілеріне тура жол, жақсылыққа және ізгілікке толы
кітәптарды түсірген еді. Түсірілген кітәптардың кейбірі бізге белгілі,
олар:
1)Таурат – Аллаһ Тағала оны Мұса пайғамбарымызға түсірді. Бұл Исраил
ұрпақтарына түсірілген кітәптардың ең ұлысы еді.
2)Инжил – Аллаһ Тағала оны Иса пайғамбарымызға түсірді.
3)Забур – Дәуіт пайғамбарымызға берілді.
4)Ибраһим пайғамбарымыздың нұсқалары.
5)Қасиетті Құран Кәрім. Аллаһ Тағала Құранды елшілердің ақырғысы,
пайғамбарымыз Мұхаммедке (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)
түсіріп, бұрынғы түскен кітәптардың барлығының үкімін жойды. Өйткені Құран
Кәрім барлық жаратылыстарға қиямет күніне дейін айғақ ретінде қалуы үшін
Аллаһ Тағала бұл кітәбінің сақталуын Өз міндетіне алды.
4 – рүкін: Пайғамбарларға иман келтіру.
Аллаһ Тағала Өз пенделеріне елшілерін жеберген еді. Олрдың алғашқысы
Нұх пайғамбар болса, ақырғысы Мұхаммед (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен
сәлемі болсын) пайғамбарымыз . Барлық пайғамбарлар, Мәриям ұлы Иса болсын,
Узейір болсын, барлығы Аллаһтың жаратқан пенделері. Және де оларда Раббыға
тән ерекшеліктердің біреуі де болмаған. Олар тек пайғамбарлық берілген
Аллаһтың құлдары.
Аллаһ Тағала Мұхаммед (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)
пайғамбарымызды барша адамзат баласына ақырғы пайғамбар қылып жіберіп, одан
кейін бірде-бір пайғамбар келмейтінін хабарлады.
5 – рүкін:Ақырет күніне иман келтіру.
Ақырет күні – Аллаһ Тағала адамдарды мәңгі рахат немесе мәңгі азапқа
қалулары үшін қабірлерінен қайта тірілтіп, барлық жаратылыстарды алдына
жинайтын қайта тірілту күні. Яғни, ақырет күніне иман келтіру дегеніміз -
өлімнен кейін болатын қабір сынағы, оның рахатымен азабына және қабірден
кейінгі қайта тірілу, махшарға10 жиналып есеп беру, одан кейін жаннат және
тозақтың бар екендігіне сену.

6 –рүкін:Тағдырға иман келтіру.
Тағдыр дегеніміз – Аллаһ Тағала білімінің озғаны мен даналығын жүргізуі
бойынша барлық болмыстарды өлшеп, мақлұқтарды жаратқанына иман келтіру.
Бұның барлығы Аллаһтың біліміне белгілі, Оның қасындағы лаухуль
махфузда11 жазылған. Сондықтан болмыстағы бар әрбір нәрсе Оның қалауы мен
ұйғаруы және жаратуы бойынша бар болады.

Екіншіден: Исламның рүкіндері.

Ислам діні бес рүкінге негізделген. Сол үшін адам баласы оның барлығына
иман келтіріп, орындамаса немесе тиісті амал істемесе шынайы мұсылман бола
алмайды.
1 – рүкін: Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және Мұхаммед Аллаһтың
елшісі екендігіне куәлік беру.
Бұл куәлік Ислам дінінің кілті, Ислам дінінің негізі осы болып
табылады: Ля иляһа иллаллаһ аудармасы Аллаһтан басқа тәңір жоқ ал,
мағынасы Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты тәңір жоқ. Яғни,
Аллаһ Тағала шынайы Құдай, ал Одан өзге құлшылық қылынатын құдайлардың
барлығыда бекер немесе жалған деп білу. Иляһ-деп араб тілінде құлшылық
қылынатынды айтады. Мұхаммадар-расулул-лаһ-куәлігінің аудармасы Мұхаммед
Аллаһтың елшісі ал, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Ортағасырдағы түркі мұсылмандық дүниетанымының қалыптасуы
Әбу Ханифаның ұстаздары
Хадис пәнінің оқу-әдістемелік нұсқаулары
Медицинаға қосқан үлесі
ӘЛ - ПАЗДАУИ ІЛІМІНДЕ ҚҰДАЙЛЫҚ СИПАТТАР
ИСЛАМДА ДІНИ ТӘЖІРИБЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Араб халифатының құрылуы
. Әл-Фараби жайлы
Фараби философияны үйрену шарттары туралы
Пәндер