Дарынды оқушылармен жұмысты жаңаша ұйымдастыру арқылы субьектілік белсенділігін арттыру



1 Дарындылық
2 Дарынды оқушыны диагностикалау
3 Оқушы потенциалын ашу
Дарындылық—адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Дарындылық пен қабілеттіліктің не екенін,оқушы дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс істей алады. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн. [1;2 ]
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты—олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек ? Ол үшін :
•Дарынды оқушыны таңдаған кезде оқушының жеке құжаттарын, мінездемесін сынып журналын зерттеу;
•Оқушының сабақтағы , сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне бақылау жасап, талдау жүргізу;
•Әр түрлі әдістерді пайдаланып оқушы білімін тексеретін жұмыстарды ұйымдастырып, баланың білім деңгейін анықтау керек.
Кез-келген мұғалім осындай жұмыстарды жүйелі жасап және жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізе алса ғана, оқушылардың дарындылығын, қабілет мүмкіндіктерін айқындай алады. Дарындылықты,оқушының креативті белсенділігін айқындау процесі көпжақты.Дарындылық- табиғи және тәрбиелеу барысындағы дарындылық болуы мүмкін, сондықтан да оның қалай пайда болғанына қарамастан диагностикасы болу керек. [2;3] Осы тұрғыда мектеп психологының ролі артады, олар педагогтарға көмек көрсетуі қажет.
1. Қазақстан республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. - Алматы, 2002.

2. Выготский Л.С. Психология. – М., 2000.

3. Эльконин Д.Б. Избранные педагогические труды. – М, 1989.

4. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. - М., 1972.

5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. - М., 2000.

6. Границкая А.С. Научить думать и действовать. - М., 1991.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты—олардың шығармашылық жұмыста
өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Мұғалімнің де
дарынды оқушылармен жұмыс жасау бейімділігін де диагностикалау қажет,яғни
субъект-субъект парадигмасының орындалуы керек.

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ЖАҢАША ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ СУБЬЕКТІЛІК
БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ

Дарындылық—адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу
арқылы қалыптасатын қасиет. Дарындылық пен қабілеттіліктің не екенін,оқушы
дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін,
нәтижелілігін білетін мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс істей
алады. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір
қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл
пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда
қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз
ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал
қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне
түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар
ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық
дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз
емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін
есте ұстағаны жөн. [1;2 ]
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты—олардың шығармашылық жұмыста
өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету-
оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін
дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс
жасау қалай жүзеге асырылуы керек ? Ол үшін :
•Дарынды оқушыны таңдаған кезде оқушының жеке құжаттарын, мінездемесін
сынып журналын зерттеу;
•Оқушының сабақтағы , сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне бақылау жасап,
талдау жүргізу;
•Әр түрлі әдістерді пайдаланып оқушы білімін тексеретін жұмыстарды
ұйымдастырып, баланың білім деңгейін анықтау керек.
Кез-келген мұғалім осындай жұмыстарды жүйелі жасап және жан-жақты талдау
жұмыстарын жүргізе алса ғана, оқушылардың дарындылығын, қабілет
мүмкіндіктерін айқындай алады. Дарындылықты,оқушының креативті
белсенділігін айқындау процесі көпжақты.Дарындылық- табиғи және тәрбиелеу
барысындағы дарындылық болуы мүмкін, сондықтан да оның қалай пайда
болғанына қарамастан диагностикасы болу керек. [2;3] Осы тұрғыда мектеп
психологының ролі артады, олар педагогтарға көмек көрсетуі қажет. Дарынды
оқушыны диагностикалауды мына бағытта жүргіздім:
-Оқушының креативті ойлауына;
-Оқушының өзін-өзі бағалау деңгейіне ;
-Оқушының толеранттылығына;
-Оқушының интуициясына;
-Ол лидер ме ?
-Өзін оқымысты деп бағалай ма?
-Оқушының қызығушылығы;
-Оқушының көңілінен шығатын іс-әрекеті;
-Оқушының тұлғалық бейімділігі мен қабілеттілігін анықтадым. Дарынды
оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының
болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы
мұғалімге байланысты.
Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық
тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың
келешегі зор деп ойлаймын.
Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметеуге, оның
шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін
дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан
педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік
стратегиясымен сипатталады .[3;4 ]Өз тәжірибемде төмендегідей ережелерді
басшылыққа алдым.
· оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы
ретінде қабылдау.
· Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат
қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
· Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық
талдау);
· Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі
мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
· Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;
· Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
· Ата- аналармен ынтымақтастық құру;
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда
ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін
құрайды. Мұғалімнің де дарынды оқушылармен жұмыс жасау бейімділігін де
диагностикалау қажет,яғни субъект-субъект парадигмасының орындалуы, оқушы
мен мұғалім арасындағы синергетикалық педагогиканың басшылыққа алынуы
қажеттігін түсіндім. [4;4 ] Ол үшін өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік
стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу керектігіне көз жеткіздім.
· оқушы дарындылығының моделін білу;
· қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
· дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл
бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
· дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға
шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі қажет деп
ойлаймын.
Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби
“бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық
қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына
қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды
оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа,
жоғары талаптар қояды. Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:
· дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
· дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған
бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
· оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе
алуы;
· дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
· дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына
жетекшілік етуі;
· дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке
жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы. Қазіргі таңда дарынды оқушылармен
жұмыс жасаудың негізгі бағыттарын анықтадым.
Осы бағыттардың мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:
•Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен
ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін анықтадым;
•Жан-жақты ақпаратты қабылдауын
•Коммуникативті бейімділігін
•Дарынды оқушының шығармашылық деңгейін;
•Дарынды оқушының қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауы
Бұл мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін мынандай жұмыс түрлерін
жүргізуді жоспарладым:
1.Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр жоспарын құрдым;
2.Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасадым;
3.Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал
еттім;
4.Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрдым;
5.Оқушының мектептегі тьюторлық орталық пен тринитаризм академиясымен тығыз
байланыс жасауына ықпал ету;
6.Дистанциялық оқуды ұйымдастыру.
Осындай жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушы шығармашылығын дамытуда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздылыққа баулу
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҚ СИПАТЫ
Педагогикалық психология
Математиканы оқытудағы жаңа технология
Әдебиет сабақтарында дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен әдістемесі
Модульдік оқыту технологиясының негізі - жеке тұлғаға
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын тапсырмалар
МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН АНЫҚТАУ
12 жылдық оқытуға байланысты мұғалімнің құзырлығын дамытудың жаңашыл жағдайлары
Пәндер