Жан Пиаженің өмір жолы


Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
- Жан Пиаженің өмір жолы
- Жан Пиаже іліміндегі бала ойлауы мен сөйлеуінің проблемасы
- Интеллект және биологиялық бейімделу
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жан пиаже -швецариялық атақты психолог, логик, философ әрі генетикалық психологияныңң негізін салушылардың бірі. Невшталя, Цюрих, Париж, Лозанна және Женева университеттерінде оқып, сонда сабақ беоген. Женева университетінің профессоры бола отырып, ұхақ жылдар бойы университет жанындағы генетикалық эпистемология орталығының директоры қызметін атқарған. Балаларға жасалған зерттеу процесінде клиникалық әңгімелесу әдісін ойлап тапқан. Содан соң бірнеше кезеңдерден тұратын балалардың баяу дамитын процесін, яғни когнитивтік тұжырымдамасын шығарады. Пиаже интелектінің дамуы психикалық дамудың ең негізгі діңгегі деп ойлайды. Ол бұл тұжырымдаманың принциптері әр түрлі тарихи дәуірлерде ойлайды. Ол бұл тұжырымдаманың принциптері әр түрлі тарихи дәуірлерде ойлау эволюцияын және әрқилы білім салаларын түсінудің кілті деп санады. Осы жағдайды ескере отырып, өзі кейіннен атағандай, генетикалық эпистемологияны зерттеудің жаңаша бағытын ойлап тапты. Автордың өткен ғасырдың екінші жартысында ұсынған идеялары мен теориялары қазірге дейін өз құнын жойған жоқ және бүгінгі күннің мамандары тарапынан тәжірбиелік-зертханалық және өндірістік зерттеулердің ең өнімдісі болып бағаланады.
Ж. Пиаженің зерттеулері баланың сөйлеуі мен ойлауы туралы және оның логикасы мен дүниетануы туралы ілімінің дамуында тұтас дәуірді құрайды.
Ж. Пиаженің өңдеп ғылымға енгізген баланың сөйлеуі мен ойлауын клиникалық зерттеу әдісінің көмегімен балалар логикасының ерекшеліктерін әдеттен тыс батылдықпен, тереңдікпен және кең тұрғыда жүйелі зерттеуді тұңғыш рет мүлдем жаңа сипатта жүргізді.
Ж. Пиаженің өзінің еңбегінің екінші томын аяқтай отырып, қарапайым салыстыру жолымен ескі мәселелерді зерттеудегі бетбұрыс туралы нақты және ашық көрсетеді. Біз қазір Ж. Пиаженің баланың сойлеуі мен ойлауын зерттеудегі жаңа жолдар ашқан бетбұрыстың неден тұратындығына толығымен тоқталмай-ақ қоялық. Бұл туралы Э. Клапаред кітабының французша басылымына жақсы жазылған. Басқа ғалымдар баланың ойлау мәселесінің сандық мәніне көңіл аударған кезде, -дейді ол, -Пиаже бұл мәселені сапалық тұрғыда қарастырады. Баланың ойлауының жетілуін белгілі санды қосып, азайту нәтижесінен көрген кезде, енді бізге бұл жетілу бала ақылының өз сипатын аздап болса да өзгертуінен деп көрсетеді.
Баланың ойлау міселесін сапалық тұрғыда қою Пиажені бұрын үстемдік еткен бала ақылының жағымды сипаттау тенденциясына қарама-қарсылыққа алып келді деп айтуға болады. Дәстүрлі психология үлкендердің ойлауынан ажыратып тұратын кемшіліктерден, ақаулардан құралатын бала ойлауын жағымсыз сипатта қарастырса, Пиаже бала ойлауының сапалық өзгешілігін оның жағымды жағынан ашуға тырысты. Бұрын үлкендермен салыстырғанда балада не жоқ, оған не жетіспейтіндігі туралы білгілері келді және бала ойлауының ерекшеліктері оның абстрактілі ойлауға, түсініктерді құруға, мағыналарды біріктіруге т. б өз ойын қорытуға қабілетсіздігімен анықталды.
Жаңа зерттеулерде негізігі көңіл балада не бар, баланың ойлауының негізгі белгілері қандай, өзінің ерекшеліктері мен қасиеттері тұрғысында бала ойлауы нені игерген деген мәселелерге аударылды. Ж. Пиаженің өз кітабында Ж. Ж. Руссоның : бала деген-бұл кішкентай ересек адамемес деген пікірін келтіреді, міне, осы пікір арқылы Пиаженің жасаған жаңа да ұлы, күнделікті де қарапайым көптеген жаңалықтарын, табыстарын сипаттауға болады. Бала ойлауына қосымша болып келетін осы бір шындықтың астарында мәні қарапайым көптеген жаңалықтарын, табыстарын сипаттауға болады. Бала ойлауына қосымша болып келетін осы бір шындықтың астарында мәні қарапайым даму идеясы жатыр. Осы қарапайым идея Пиаженің зерттеулеріне ұлы жарық сәуле таратады.
Қазіргі психологиялық ойлауға тән терең ізді дағдарыс бала логикасы мәселесін зерттеудің жаңа бағытында да байқалып қалды. Ол басқа да дағдарыс дәуірінің психологиялық шығармалары сияқты, бұл зерттеулерге де екі жақтылық мөрін басты. Осы орайжа Ж. Пиаженің кітаптары да толық негізде З. Фрейдтің, Ш. Блонднльдің, Л. Леви-Брюльдің еңбектерімен салыстыра алады. Олар сияқты, бұлар да ғалымның фактілі мәліметі мен оның әдіснамалық негізінің қарама-қайшылығынан шығатын, психологияның нақты ғылымға айналуын көрсететін және біздің ғылымның негізін қамтыған дағдарыстың туындылары.
Ж. Пиаже өз еңбектерінде «бұл зерттеулер, ең алдымен, фактілер мен мәліметтер жинау болып табылады. Біздің жұмысымыздың әр түрлі тарауларының бірлігін арнайы мазмұндау жүйесі емес, бірыңғай әдіс баяндайды». -дейді.
Бұл біздің жұмыстардағы ең құнды жері, Э. Клапредтің пікірінше, жаңа фактілерді табу, психологиялық фактілердің ғылыми мәдениеті, оның жан-жақты талдануы, материалдарды топтастыру, тыңдай білу -осыны барлығы Пиаженің зерттеулерінің бағалы жағы.
Балалар психологиясына бұрынғыны толықтырып, жаңа жолдар ашатын ірілі-уақты, бірінші және екінші көлемді фактілер Пиаженің еңбектерінен келді. Ж. Пиаже жаңа фактілерді табуда, ең алдымен, өзі енгізген жаңа клиникалық әдіске сүйенеді. Бұл әдіс, шынында да, Пиаженің әр түрлі фактілі зерттеулерін бір жүйеге келтіріп, баланың ойлауы туралыөмірлік мәні зор мәселелердің туындауына түрткі болады.
Жаңа фактілер мен оларды табу әдісі және оларды талдау әдісінің бір бөлігі ғылыми психология алдына алғаш рет қойылса, екінші бөліктері алғашқы болмаса да, жаңа түрде қойылды. Мысал ретінде жаңа түрде, баланың инторспекциясының даму мәселесін және оның логикалық әрекеттердің дамуындағы функционалдық мәні, балалардың вербальді ойлауды өзара түсінуі және тағы да көптеген мәселелерді айтуымызға ьолады.
Басқа да ғылымдар сияқты, пиаже де қазіргі психологиялық ғылымдағы дағдарысқа байланысты қатерлі екіжақтылықтан қашып құтыла алмады. Ол дағдарыстан фактілердің артына жасырынып қалу арқылы тығылғысы келді. Алайда фактілер оны алдады және сатып кетті. Олар проблемалар тудырды. Мәселе теорияғв ұласты.
«Біз, әрине, зерттеудің оны тудыратын болжамдар арқылы анықталатынын білеміз, бірақ қазір біз өзімізді фактілерді қарастырумен ған шектейміз», -дейді Пиаже. Алайда фактілерді қарастырушы адам, оларды міндетті түрде қандай да бір теория тұрғысында қарастырады.
Фактілер, әсіресе Пиаже ашқан және талдаған бала ойлауының дамуымен байланыстылары философиямен араласып жатыр және жаңа фактірелдің бай қоймасына кілт тапқысы келген адам, ең алдымен, фактінің философиясын ашып көоуі керек. әйтпесе, фактілер еш нәрсе айтпайтын жансыз күйде болады.
Әрбір психологиялық түсініктеме ерте ме, кеш пе биологияға немесе логикаға сүйенеді. Кейбір зерттеушілер үшін психика құбылыстары тек биологиялық организммен байланысты болғанда ғана түсінікті болады. Мұндай қатынас қарапайым психикалық құбылыстарды зерттеге кезде қолданылады және де интеллект оларға тәуелді. Бірақ нейрофизиология неге 2-ге 2-ні қосқанда 4 болатынын немесе дедукция заңдылықтары сана қызметіне неліктен жүктелетіні қашан тұсіндіре алатынын айту қиын. Бұл жержен біз логикалық және математикалық қатынастардың ешбір түсінікке жатпайтынын және оларды жоғары интеллектілік функцияларды талдау үшін қолдануға болатынын білеміз. Тек келесі мәселені шешу ғана қалады: эксперименттік-психологиялық түсініктен тыс қарастырылатын логика психологиялық тәжірбиені түсіндіруге негіз бола ала ма әлде жоқ па? Формалды логика немесе логистика ғылым болып саналады, бұл акссиоматикаға тек ойлау психологиясы сәйкес келеді. Мәселені осы тұрғыда құрған кезде, интеллект психологиясының логиканың барлық жетістіктерін есепке алуын жөн көруі керек. Алайда, соңғысында психолог шешімдерді күшпен таңуға емес: логика тек психолог алдында мәселені қоюмен ғана шектелу қажет. Біз интеллектінің екіжақты табиғатын, яғни биологиялық және логикалық түрлеріе негізге алуымыз керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz