Жаңа дәуірдегі Англия


ЖОСПАР
І. Кіріспе . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаңа дәуірдегі Англия . . . 5
2. XVII ғасырдағы Англия . . . 7
3. XIX ғасырдың басындағы Англия . . . 8
4. ХІХ- ғасырдың соңы - ХХ-ғасырдың басындағы саяси өзгерістер . . . 9
ІІІ. Қорытынды . . . 11
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 12
Кіріспе
XVII ғасырдың басында Англия Еуропаның басқа елдеріне карағанда әлдеқайда жақсы дамыды. Ауқымды колониалдық отарлау саясаты, дамыған мануфактуралық және жеңіл өнеркәсіп мемлекеттің әлемдік нарықтағы алғашқы орындардың бірін иеленуіне жағдай жасады. Елде екі шаруашылық нысаны сақталды: капиталистік және феодалдық. Капиталистік шаруашылықтың артықшылықтары көп болды, себебі, қауымдық жерлерді жинақтаудың нәтижесінде шаруаларды жаппай жерінен айыру процесі жүргізілді (феодалдардың шаруаларды жерлерінен күштеп қууы) . Абсолютизм жерінен айырылған мыңдаған шаруаларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ете алмады. Ол әлеуметтік тұрғыда былай көрініс тапты: мемлекет халқының оннан тоғыз бөлігі парламенттік сайлауларға қатысу құқығынан айырылған тұлғаларды құрады. Ер адамдардың тек оннан бір бөлігін ғана басқаруға қатыса алатын джентельмендер, бюргерлер және ауқатты шаруалар құраған. Дворяндар табы да өз құрамы бойынша біртектес болған жоқ: оларды ескі дворяндар және жаңа дворяндар немесе джентри құрады. Жаңа дворяндар өзінің шаруашылық нысанына байланысты буржуазия болып табылды. Халықтың әртүрлі таптары тартылған революцияның болуына жағдай туды.
Халықтың көпшілік бөлігінің және қалыптасып келе жатқан буржуазияның көңілі толмауының себептерінің бірі болып I Карл Стюарттың, (1600-1644 ж. ж. ) католик дініне сенетін француз ханшайымына үйленуі болды. Протестанттық Англия патшаның бұл әрекетін Рим Папасымен одақтасуға ұмтылысы деп түсінді.
Шиеліністің қатысушылары болып, бір жағынан, патша, екінші жағынан, патшаға буржуазиялық оппозицияны білдірген парламент табылды. 1628 жылы парламент патшаға Құқық туралы петицияны ұсынды. Құжатта I Эдуард пен III Эдуардтың заңдары бұзылғандығы аталып өтті, бұл заңдарға сәйкес парламенттің келісімінсіз ешқандай салықтарды енгізуге болмайтын. Сонымен қатар, петицияда жерге жеке меншікті патшаның шенеуніктерінің қол сұғуынан қорғалмау фактісі көрсетілді. Ұлы еркіндік хартиясына сілтеме жасай отырып, петицияда ешбір ағылшындық азаматтың сот үкімінсіз ұсталуына, түрмеге қамалуына, жерінен айырылуына және қудалануына жол берілмейтіндігі аталып өтті. Бесінші бапта, "Жұлдызды палата" мен "Жоғарғы комиссияның'' (саяси трибунаның) қызметтері де жалпы құқық соттарына бағынбастан, Хартияға қайшы келетіндігі көрсетілді. Сонымен қатар, петицияда солдаттар мен матростардың бейбіт халықтың жанында орналасуына және әскери жағдайды енгізуге қарсылық білдірілді. Мемлекеттің әдет-ғұрпына қайшы шығарылған көптеген өлім жазалары және жоғарғы шенеуніктердің жазасыздығы да Петицияда көрініс тауып, сынға алынды.
Оныншы бапта қорытындылай келе, төменгі палата парламенттің келісімінсіз ешбір салықтарды енгізбеуді және ешкімді сотсыз қамауға алмауды сұрады. Негізгі мазмұны бойынша Петицияда жаңа артықшылықтарды бекіту емес, бұрынға құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіру талап етілді.
I Карл петицияны бекітуге мәжбүр болды - ол заңға айналды. 1629 жылы патша мен парламенттің арасында жаңа қақтығыс орын алды. Осы кезде I Карл парламентті таратып. мемлекетті өзі жалғыз басқара бастады. Патшаның үстемдігінің күшеюі елде революциялық жағдайдың туындауына алып келді.
Жаңа дәуірдегі Англия
Революциялық қозғалыстың идеологиялық негізі болып пуританизм нысанындағы Реформация идеологиясы табылды. Пуританизм діни ағым ретінце елдегі революциялық жағдайдан әлдеқайда ертерек пайда болған, алайда, XVII ғасырдың 20-30 жылдарында абсолютизмге қарсы оппозицияның идеологиясына айналды. Революция барысында пуританизм біртіндеп жойылды
Пресвитерианство ірі буржуазия мен ақсүйектерді біріктірді. конституциялық монархия идеяларын уағыздады. Индепендентство орта және ұсақ буржуазия қатарынан жақтаушыларды тапты. Жалпы алғанда олар конституциялық монархия идеясына қарсы болмады, бірақ, парламенттегі ез жақтаушыларының санын көбейту және еркін адамның ар-ождан және сөз бостандығын тану үшін сайлау округтерін қайта бөлуді талап етті Левеллерлердің қозғалысы айрықша радикалдық сипатта болды, бұл қозғалыс қолөнершілер мен еркін шаруаларды біріктірді, олар республиканың орнауын және барлық азаматтардың теңдігін талап етті.
Қысқа парламент. 1629-1640 ж. ж. патша билігінің үстемдік кұруымен сипатталды, себебі, бұл кезде парламент таратылған болатын. Мұның нәтижелерінің бірі ретінде Шотландиядағы қарулы көтерілісі табылды, шотландықтардың Англияға басып кіру қауіпі туды.
Әскери сәтсіздіктер және қаржының жетіспеушілігі I Карлды парламентті шақыруға мәжбүр етті, бұл парламент 1640 жылдың 13-сәуірінен 5-мамырына дейін жұмыс істеді және ол тарихта Қысқа парламент деген атқа ие болды. Қауымдар палатасы патшаның шотландықтармен соғысын қаржыландырудан бас тартты және I Карлдың саясатын талдап қарастыруға көшті. Жалғызілікті басқару жылдарында I Карл парламентті таратып жіберді, осы әрекеті арқылы ол өз жағдайын одан әрі нашарлата түсті.
Ұзақ парламент. Бұл парламентті патша 1640 жылдың қараша айында шақырды, ол 1652 жылға дейін жұмыс істеді, сол себепті де, ол Ұзақ парламент деген атқа ие болды. Парламент Конституциялық деп аталған революцияның (1640ж. 3-қараша - 1642ж. 22-тамыз) бірінші кезеңінің басталуына әсер етті. Ұзақ парламент парламенттің патшаның еркіне карамастан әрбір үш жыл сайын шақырылуын көздеген үш жылдық акт және парламентті оның (парламенттің) келісімінсіз таратуға тыйым салған акт сияқты маңызды құжаттарды қабылдады. Арнайы актімен "Жұлдызды палата" мен ''Жоғарғы комиссия" таратылды.
1641 жылы 1-желтоқсанда Ұлы Ремонстрация қабылданды, мұнда Англиядағы дін мен мемлекеттік құрылымды өзгертуге талпыныс жаса5ан "жаман ниетті партиямен" байланысты қауіп аталып өтті. Бұл "партияның'" әрекеттері ретінде Шотландиядағы соғыс, Ирландиядағы көтеріліс және патша мен парламенттің арасындағы шиелініс түсіндірілді. Ремонстрацияда епископтарды лордтар палтасынан аластату және шіркеуге қатысты реформалар жүргізу, сонымен катар, қауымдық жерлерді жинауға және салық алудағы патша билігінің кемшіліктерін жоюға тыйым салу талап етілді.
Ұзақ парламент қабылдаған барлық актілер патша билігін шектеді, оларды патша бекіткенімен, шиелініс шешілмеді. Нәтижесінде патша мен парламенттің арасындағы азаматтық соғысқа алып келді. Патша Оксфордқа көшіп кетті, сөйтіп, мемлекетті іс жүзінде Лондон мен Оксфордтағы екі үкімет басқарды.
Азаматтық соғыс. Бұл соғыс екі кезеңге бөлінді: 1) парламенттік әскерді басқару пресвитериандардың қолында болған кезең және 2) индепенденттердің қолында болған кезең. Парламенттік әскердің патша әскерімен соғысындағы алғашқы сәтсіздіктер оны генерал О. Кромвельдың (1599-1658) "Жаңа үлгісі" бойынша қайта құрылуына әкеп соқты. Индепендент болғандықтан, О. Кромвель жоғарғы лауазым орындарын индепенденттік қауымға берді. Әскери басшылықтан ақсүйектерді аластату үшін парламент мүшелеріне әскерде басшылық қызмет атқаруға тыйым салатын "Өздігінен бас тарту туралы биль" қабылданды. 1645 жылы патша әскері соғыста жеңілді. I Карл Шотландияға қашып, ол жақтан парламентке берілді.
Парламент пен әскер арасындағы қақтығыс пресвитериандар мен индепенденттердің және басында көсемі Джон Лильберн тұрған олардың радикалды қанаты левеллерлердің революцияның мақсатына жету жолдарына қатысты әртүрлі көзқарастарының нәтижесінде өрши түсті. 1648 жылы көктемде патша мен пресвитериандық парламенттің арасындағы екінші азаматтық соғыс басталды. Индепенденттік әскер левеллерлердің (радикалық-революциялық қанат) арқасында жеңіске жетті. О. Кромвель парламенттен пресвитериандарды қуды, ал парламенттің қалған мүшелері толығымен оған бағынды.
Индепенденттік республика және Кромвелъдің протектораты. 1649 жылы патшаны өлтірілген соң парламент Англияны республика ретінде жариялады. Лордтар палатасы жойылды, ал қауымдар палатасы өздерін жоғарғы биліктің иесі ретінде жариялады. Атқарушы жоғарғы орган ретінде Мемлекеттік кеңес құрылды.
Индепенденттер мен левеллерлердің арасында бұл оқиғаларға дейін бекітілген "Халықтық келісімде'" келесі әрекеттер мақсаттар ретінде көзделді: Ұзақ парламентті тарату, барлық ер адамдардың қатысуымен жаңа сайлауларды ұйымдастыру, барлығының заң алдындағы теңдігі және т. б. Алайда, Кромвель үшін "Халықтық келісім" әрекеттердің шынайы бағдарламасы емес, айлалық мойын ұсыну болып табылды. Мұны білген левеллерлер бірнеше әскери бөлімдердің қолдауымен көтеріліс бастады. Бірақ, Кромвель көтерілісті басып тастады. 1653 жылы парламенттен қолдау таппаған Кромвель оны таратып жіберді.
1653 жылдың соңында О. Кромвельдің диктатурасын нығайта түскен "Басқару қаруы" атты конституция қабылданды. Бұл актіге сәйкес жоғарғы заң шығару билігі лорд-протектор мен бірпалаталы парламентке тиесілі болды. Атқарушы жоғарғы билік лорд-протектор мен құрамында 13-тен 21-ге дейін мүшесі бар Мемлекеттік кеңеске берілді. Кейінірек Кромвель парламентті шақыруды тоқтатты және Мемлекеттік кеңестің мүшелерін өз қалауы бойынша тағайындайтын болды. 1657 жылы парламенттің жоғарғы палатасы қалпына келтірілді. Осылай, Кромвельдің өзіндік диктатурасы революциялық көтерілістерді басып тастады - мемлекетте республиканың орнына монархияға ұқсас жалғызілікті билік орнады.
Стюарттар реставрациясы. 1658 жылы Кромвель қайтыс болған соң билік оның ұлы Ричард Кромвельге өтті. Оның қоғамда беделі жоқ болатын. 1659 жылы Ұзақ парламенттің "қалдығы" таққа өлтірілген патшаның ұлы - II Карлды (1630-1685) отырғызды. Алайда. II Карл сөз бергеніне қарамастан ескі тәртіптерді орната бастады. Бұл жылдары Англияда екі саяси партия пайда болды: торри - патшаны жақтаушыларды біріктірді, виги - патшаға оппозициялық қатынастағы буржуазия мен орта дворяндарды біріктірді.
1679 жылы вигилар парламентте көпшілік дауысқа ие болуының нәтижесінде "Хабеас корпус акт" немесе "Азаматтардың бостандығын жақсы қамтамасыз ету және теңіздің ар жағында қамауға алудың алдын алу актісін қабылдады. Бұл заңға сәйкес, қамауға алынған адам өзі немесе туыстары арқылы "Хабеас корпусты" туралы бұйрық беру талабымен Англияның жоғары соттарының біріне жолдану құқығын иеленді. Бұл бұйрыққа сәйкес, қамауға алған тұлға оны сотқа әкелуі тиіс болатын және, мүмкін болса, ол үшін ақшалай құн төленсе, оны босатуға тиіс болатын. "Хабеас корпусты" II Карл бекітті, алайда ол вигилердің II Яковтың таққа отыруына қарсы болмауын шарт етіп қойды.
"Революция және оның салдары. " Жаңа патша II Яков (1633-1701) буржуазияға қарсы саясатты жүргізді, сөйтіп, парламент вигилармот біріге тырып (парламенттің құрамында негізінен горилар болатын), "революцияны" жүзеге асырды. 1689 жылы таққа Нидерланды штатгальтері Вильгельм Оранский (1650-1702) отырды.
XVII ғасырдағы Англия
Парламент екіпалаталы болды: жоғарғы палата (лордтар палатасы), өз орнын мұрагерлік бойынша, немесе лауазымы бойынша немесе патшаның тағайындауы бойынша иеленген тұлғалардан құралды; төменгі палата (қауымдар палатасы), сайлау құқығының негізінде құрылды.
1710 жылы арнайы заң қабылданды, оған сәйкес, жылжымайтын мүліктен селолық жерлерде 500 фунт стерлинг, қалалық жерлерде 300 фунт стерлинг табыс табатын тұлғалар ғана парламентке сайлана алатын. 1707 жылы патшаның вето құқығы тоқтатылды, сөйтіп, заң шығару билігі толығымен парламентке тиесілі болды. 1716 жылы парламенттің төменгі палатасының өкілеттіктерінің мерзімін 3 жылдан 7 жылға ұзартқан заң қабылданды. Осы кезде министрлер кабинеті - мемлекеттік құрылымда ерекше орынды иеленген орган құрылды, себебі, бұл орган патшаның атқарушылық билігін шектейтін болды.
Патшаның министрлер кабинетіне әсер етуін әлсіреткен маңызды ереже болып патшаның жоғарғы мемлекеттік лауазымды тұлғаларды тағайындау және қызметінен босату құқығын шектеу табылды, бұл парламент пен саяси партиялардың күшеюіне алып келді. Патша парламенттік көпшіліктің көзқарасымен санасуға мәжбүр болды. Мысалы, 1727 жылы II Георг 1721-1742 ж. ж Премьер-министрді қызметінен босатты, алайда, бұл әрекетті парламент қолдамаған соң оны қайтадан билікке шақыруға мәжбүр болды.
Патшаның министрлер кабинетіне қатысты билігінің әлсіреуімен қатар парламент тарапынан бақылау күшейе түсті. XVIII ғасырдың ортасында мынадай маңызды қағида қалыптасты: министлер кабинеті парламенттен қолдау тапқанда ғана билік басында болатын. Құрамына парламенттік көпшіліктің (партияның) бетке ұстарлары кірген кабинетке парламент тарапынан қолдау қамтамасыз етілетін. Осылай, кабинет партиялық негізде құрылатын болған. Үкіметтің құрамына кірген парламенттегі партияның лидерлері қауымдар палатасының алдында ұжымдық түрде жауапкершілікте болатын. "Жауапкершілікті үкімет" - XVIII ғасырдың соңындағы Англияның парламенттік жүйесінің айрықша белгісі болған.
XIX ғасырдың басындағы Англия
Ірі өндірістердің күшеюімен бірге өнеркәсіптің жылдам өсуі жүзеге асты. Қалада өнеркәсіптік буржуазия мен пролетарийлер табы, ал ауылда үш тап - лэндлордтар ( жер иеленушілер), жалға алушылар (арендаторлар) және батырақтар қалыптасты.
XIX ғасырдың басында екі саяси партия үстемдік қуады: гори - консервативтік тарихи әдет-ғұрыптардың көрінісі ретіндегі помещиктер мен қаржылық буржуазия, виги - өнеркәсіптік буржуазия. XVIII ғасырдың ауқьімында аталған екі партия билік басында кезектесіп отырды. "Ұлы революциядан бастап XVIII ғасырдың ортасына дейін парламентте виги ерекше орынды иеленді. 1783 жылы гори қауымдар палатасының көп бөлігін құрады және 1830 жылға дейін билік кұрды. Саяси жүйенің ең маңызды элементі болып парламент табылды, феодалдық өкілдік - қауымдар палатасы ерекше рөлді иеленді. Сайлаудың ескі жүйесі аристократия мен буржуазияны орнықтырды, алайда коғамның жаңа күштерінің талаптарын қанағаттандыра алмады. Бұл сайлау реформасы үшін күреске алып келді. Ұсақ буржуазия мен жұмысшылар саяси құрылымды демократияландыруды және жалпы сайлау құқғын енгізуді талап етті. Саяси күрес 1830 жылы өрши түсті, оған белгілі бір дәрежеде Франциядағы Шілде революциясы әсер етті.
1832 жылгы сайлау реформасы 21 жасқа толған, салық
төлеуші және жылына 10 фунт стерлингтен кем емес табыс
беретін жылжымайтын мүлкі бар барлық ер адамдарға сайлау
құқығын берді. Реформаның нәтижесінде сайлаушылардың саны 652 мыңға өсті. Алайда, жұмысшылыр мен ұсақ буржуазияда сайлау құқығыы болмады. 1832 жылғы сайлау реформасының маңызды саласы болып саяси партиялардын өзгеруі табылды. Гори консерваторлар партиясына, виги либералдар партиясына айналды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz