Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымы
1 Қоңыратбаев еңбектерінің салмақты жағы
2 Әуелбектің Қорқыттануға қосқан үлесі
3 Шығыс және қазақ әдеби байланыстары
4 Құнарлы ой, қисынды сөз иесі
5 Ә.Қоңыратбаев.әлем өркениетінің көрнекті тұлғасы

Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымын зәулім биік сарайға теңесек, оның қазығын қағып, іргетасын құйғандар Ш. Уалиханов, А,Байтұрсыновтар еді де, қабырғасын қалап, биікке көтерген М. Әуезов, Х. Досмұхамедов, С, Сейфулин, С. Мұқанов, Е. Ысмайлов, Б. Кенжебаев, Х. Жұмалиев сынды көрінді. Қазақ әдебиетінің барлық саласында дерлік қалам тартқан Ә. Қоңыратбаев қытымыр заманда өмір сүріп, қыспағына көп ұшырағанына қарамастан артына мол мұра қалдырды. Оның қаламынан шыққан поэзиялық, прозалық, аудармалық, сыни- зерттеушілік, ғылыми, ғылыми- әдістемелік еңбектер кеңестік кезеңде жазылғанымен де күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Керісінше, халқына адал еңбек еткен абзал азаматтың бүкіл шығармашылық қызметінен ұлттық мүддеге қызмет етудің асқан бір үлгісі көрінеді. Ұлттық мәдениет атаулыға қырындау қарайтын кездің өзінде де халқының рухани мұрасын игеруде ерен еңбек сіңірген ұлтжанды азаматтың, қайтпас қайсар тұлғасы көз алдыңызға келеді.
Қоңыратбаев 1905 жылы 10 қыркүйекте Қызылорда облысы Шиелі ауданының Керделі ауылында туып өскен. Ауыл мектебінде кейінірек Ташкент қаласындағы №5 балалар үйінде тәрбиеленген ол 1918 жылы қаладағы педучилищеге түсіп, оқиды. Осында жүргенде С. Қожанов, М. Жұмабаев, Ж, Аймауытов, Х. Досмұхаметов сияқты алаш азаматтары аралас -құралас болады. Училищені бітірген соң мектептерде мұғалім бола жүріп, « Шолпан», « Ақ жол» сияқты газет- журналдардың жұмыстарына араласады. 1922- 1924 жж. Ташкенттегі алғашқы жастар газеті «Жас қайратты» шығарысады.

Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымын зәулім биік сарайға теңесек,
оның қазығын қағып, іргетасын құйғандар Ш. Уалиханов, А,Байтұрсыновтар еді
де, қабырғасын қалап, биікке көтерген М. Әуезов, Х. Досмұхамедов, С,
Сейфулин, С. Мұқанов, Е. Ысмайлов, Б. Кенжебаев, Х. Жұмалиев сынды көрінді.
Қазақ әдебиетінің барлық саласында дерлік қалам тартқан Ә. Қоңыратбаев
қытымыр заманда өмір сүріп, қыспағына көп ұшырағанына қарамастан артына мол
мұра қалдырды. Оның қаламынан шыққан поэзиялық, прозалық, аудармалық, сыни-
зерттеушілік, ғылыми, ғылыми- әдістемелік еңбектер кеңестік кезеңде
жазылғанымен де күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Керісінше,
халқына адал еңбек еткен абзал азаматтың бүкіл шығармашылық қызметінен
ұлттық мүддеге қызмет етудің асқан бір үлгісі көрінеді. Ұлттық мәдениет
атаулыға қырындау қарайтын кездің өзінде де халқының рухани мұрасын игеруде
ерен еңбек сіңірген ұлтжанды азаматтың, қайтпас қайсар тұлғасы көз
алдыңызға келеді.
Қоңыратбаев 1905 жылы 10 қыркүйекте Қызылорда облысы Шиелі
ауданының Керделі ауылында туып өскен. Ауыл мектебінде кейінірек Ташкент
қаласындағы №5 балалар үйінде тәрбиеленген ол 1918 жылы қаладағы
педучилищеге түсіп, оқиды. Осында жүргенде С. Қожанов, М. Жұмабаев, Ж,
Аймауытов, Х. Досмұхаметов сияқты алаш азаматтары аралас -құралас болады.
Училищені бітірген соң мектептерде мұғалім бола жүріп, Шолпан, Ақ жол
сияқты газет- журналдардың жұмыстарына араласады. 1922- 1924 жж.
Ташкенттегі алғашқы жастар газеті Жас қайратты шығарысады.
Қызылорда округтық аудкомының жауапты хатшысы(1925), Сыр бойы
газетінде партия бөлімінің меңгерушісі (1929), Арал аудандық Екпінді
балықшы газетінің, республикалық Колхоз газетінің редакторы (1930)
болады. 1932- 1934 жж. Мәскеудегі Бүкілодақтық журналистика институтында
оқиды. 1938 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология
фокультетіне оқуға түсіп, бітіріп шығады.
Әуелбектің бүкіл саналы ғұмыры билік тарапынан саяси қуғын көрумен
өткен. 1934 жылы Ленинградта Киров атып өлтірілген соң Сталиннің тікелей
нұсқауымен ішкі жауларды әшкерелеу науқаны басталғанда осындағы
журналистика институтында оқып жүрген Ә. Қоңыратбаев та оппортунист
ретінде айыпталып. Партия қатарынан шығарылады. Осы кезден бастап, Ә.
Қоңыратбаев саяси жағынан сенімсіз адам ретінде ылғи да аңдуда, қуғын-
сүргінде жүрді.
Әуелбек ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыстар атқарып, болашақ филолг
ұстаздарды тәрбиеледі. Оның алдынан кейіннен елімізге танымал болған
филолог ғалымдар білім алып шықты. Ол бір жағынан шәкірттерге дәріс оқи
жүріп, екінші жағынан қазақ филологиясына елеулі үлес болып қосылған
әдебиеттану саласындағы ғылыми ізденістерін жалғастырды. Ғылым саласында
ұзақ жылдар бойы төгілген тер Ә. Қоңыратбаевта қазақ әдебиеттану ғылымының
аса көрнекті өкілдерінің қатарына қосты.
Қоңыратбаевтың Шолпанның ақындығы(1956), Жеті алып(1959) ,
Әдебиетті оқыту методикасының очерктері(1962),Сұр көжек(1963), Эпос
және оның айтушылары(1975), Шеберлік сырлары(1979) т.б еңбектері көзі
тірісінде жарық көрген. Ал Қазақ эпосы және туркология (1987), Керуен
(1989)т.б еңбектері кейіннен басылып шықты.
Ғалымның еңбектері негізінен қамтылып, Ә. Қоңыратбаевтың 100
жылдығына орай шыққан он томдық шығармалар жинағы қазақ әдебиеттану
ғылымында елеулі оқиға болды. Бірінші том ауыз әдебиеті, екінші түркітану
және шығыстану, үшінші әдебиеттің тарихы, төртінші әдеби сын бесінші
Шолпан, Абай, Мұхтар жайлы, алтыншы педогогика саласындағы еңбектерге,
жетінші көркем шығармаларға, сегізінші аудармаларға, тоғызыншы түрлі ғылыми
мақалаларға, оныншы эпистолярлық жанрларға арналған.Осыдан-ақ сан-салалы
ғалым шығармашылығының қазақ әдебиеттану ғылымында алатын биік орны мен мән-
маңызы анық көрінеді. Ә. Қоңыратбаев қалдырған мол мұра туған халқының
рухани игілігіне айналуда.
Қоңыратбаев еңбектерінің салмақты жағы қазақтың әдеби және
фольклорлық мұрасын зерттеуінде жатыр. Ол ғасырлар қойнауында шашылып
қалған рухани мұрағаттарды тірнектеп жинап, халқына қайта табыстыру
істерінде ұлан-ғайыр еңбек сіңірді. Шығармашылық жолын жиырмасыншы жылдары
әдеби сыннан бастаған ол қырқыншы жылдардан бастап әдебиет тарихын
зерттеуге қарай ойыса бастады. 1945 жылы Абайдың жүз жылдығына орай
бірнеше мақаласын жариялаған оны туған әдебиеттің түпсіз тарихы өзінің
тереңіне қарай тарта берді. Қазақтың ұлы кемеңгері Шоқанның өлгеніне 80
жыл. ( Сталиншіл, 30. X. 1945), Шәді төре- қазақтың үлкен ақыны
(Ленин жолы, 19. 09. 1945), Сүлеймен бақырғани ( Алтай большевигі,
25. 11. 1945) т.б көптеген мақалаларында қазақ әдебиеті тарихының өзекті
өңірлеріне батыл бара білді. Мақала тақырыптарының өзінен- ақ зерттеуші
көтерген мәселелердің сол кез үшін қаншалықты зәру болғандығы көрініп тұр.
Қоңыратбаев қазақ әдебиетінің тарихын ескі замандардан
бастайды. Ол көне түркі жазбаларын мына ізде ұсынады: 1. Ертедегі аңыздар.
2. Аңыздық- генеологиялық эпос. 3. Түрік қағанаты кезіндегі жазба
ескерткіштер. 4. Оғыз – қыпшақ дәуірінің жырлары. 5. Қарахандар мемлекеті
тұсындағы жазбалар. 6 . Сопылық әдебиет. 7. Қыпшақ тіліндегі әдебиет.
Ежелгі әдебиетті зерттеп жүрген басқа да ғалымдардың жүйелеуіне
қарағанда Әуелбекте мәселені кеңінен қамтығандығы, тарихтың тереңіне
барыңқырағандығы көрінеді. Ескі әдеби мұраны тек өзбектікі, не болмаса,
ұйғырдікі дей келген пікірге қосылмайтын ол бұлардың барлығын түркі
халықтарыны ортақ санайды; қазақ әдебиетінің де қайнар- бұлақтары деп
біледі. Ғалым түркі тілінің және көне жазбалардың тілі, түркі поэзиясындағы
аллитерация мен ұйқас, шөкли және түрік сөзінің тегі туралы қызғылықты
байқаулар жасай алған. Мысалы, ол түрік сөзінің төркіні төрдегі ел деген
А. Кононовтың пікірімен келіспей, түрік - төрдегі көшпелі ел емес,
отрак, отырықшы деген сөзден туған сияқты- деген өз ойын ұсынады.
Ол ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетін алғаш зерттеушілердің бірі болды.
Әбунасыр әл – Фарабидың есімі елге белгісіз кезде оны қазақ мідениетінің
аса ірі қайраткері ретінде мақала жазып, жұртшылыққа таныстырды.
Әуелбектің Қорқыттануға қосқан үлесі айтарлықтай. Қорқыт туралы
бірнеше мақала жазған ол кейіннен Қорқыт ата кітабын тұңғыш рет қазақша
сөйлетті. Сондай –ақ , Сүлеймен Бақырғани, Қожа Ахмет Иассауи, Мәшһүр Жүсіп
туралы зерттеулері де тың жерге түрен салғанда еді. Ол кезде Қожа Ахмет
пен Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығы жайында мақала жазбақ түгілі, аттарын
атаудың өзі қиын шаруа – тұғын. Дін- апиын саналып келген заманда діни
бағыттағы әдебиет өкілдерінің барлығы да реакцияшыл, зиянды деп жарияланып,
атеизмнің суық желі соғып тұрған ... Тіпті Мәшһүр Жүсіп Көпеев
шығармаларының зияндылығы жайлы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті
арнайы қаулы да шығарған болатын. Соған қарамастан діншіл бағыттағы
әдебиеттің аса ірі өкілінің шығармашылығы жайлы мақала жазуы Ә.
Қоңыратбаевтың ғалымдық тұлғасын айқындай түседі. Жалпы өткендегі әдеби
мұралар жайлы жазған еңбектері арқылы Әуелбек Б.Кенжебаев жазған
қазақ әдебиетінің тарихы тереңде жатыр, оны зерттеп, халықтың рухани
қажетіне жарату азаматтық парыз деп білген ғалымдар тобында көрінеді.
Қазақ әдебиетінің тарихын Бұқар жыраудан бастап жүргенде ғалым Көне
түркі дәуірінен саға тартып, Шығыстың классикалық дәстүрінен нәр алған
қазақ халқының төл әдеби мұрасы ХV- XVI ғасырларда қалыптаса бастаған еді
(Ә. Қоңыратбаев. Көп томдық шығармалар. III том. Алматы, 2005, 12- бет)-
деп жазды. Әуелбек қазақ әдебиетінің тарихына арналған оқулығын XV- XVI
ғасырлардағы қазақ, өзбек ұлысының тарихын білдіретін, Шайбанинамадан
бастаған. Алтын Орда ыдыраған соңғы XV- XVI ғасырлардағы әдебиетті Ноғайлы
дәуірі атап, оның өкілдері ретінде Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет,
Шалгез жырауларға тоқталған. XVII- XVIII ғасырлардағы жыраулық поэзиядан
Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей жыраулардың шығармаларына
сипаттама беріледі. Осы кездің аса көрнекті өкілі – Бұқар жыраудың
жырларында бір тарихи дәуірдің көрінісі берілген деп жоғары бағалайды.
Қоңыратбаевтың қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеуі ары қарай
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті, XIX ғасырдың екінші
жартысындағы қазақ әдебиеті, XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті болып
жалғасады. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиетке Махамбет Өтемісұлын.
Кенесары – Наурызбай қозғалысына қатысты туған жырларды жатқызған.
Кенесары туралы жырлардың үздік үлгісі ретінде Наурызбай - Қаншайым
Әуелбектің елуінші жылдарда қуғынға ұшырауына бірден- бір себепкер
болғандығын да айта кеткен жөн.
Қоңыратбаетың еңбектерінде Шортанбай, Мұрат, Дулат сияқты отаршылдыққа
қарсы ашық күрескен әдебиет арыстары сөз болмайды.Өйткені бұлар кеңестік
кезеңдегі қазақ әдебиеттануындағы жабық тақырырыптар еді.Ал діни бағыттағы
Нұржан Наушабаев,Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәді Жәңгірұлы сияқты ақындарды
ағартушылық бағыттағы әдебиетке жатқызып,олардың шығармашылықтарына талдау
берілуі сол кездегі қазақ әдебиетінің ғылымы үшін айтарлықтай табыс
болатын.
Әуелбек ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетін ағартушылық
бағыттағы (Нұржан,Мәшһүр Жүсіп,Шәді,Тұрмағамбет) және сыншыл реализм
әдебиеті (Спандияр,Мұхамеджан,Сұлтанмахмұт,С әбит Дөнентаев), 1916 жылғы
көтеріліске байланысты туған халық поэзиясы деп жіктеген.Мұның қазіргі діни
– ағартушылық, ағартушы-демократиялық және ұлт-азаттық бағыттарға бөліп
қарастырып жүргенімізден өзгешелігі көрініп тұр. Мұның басты себебі –
кеңестік кезеңдегі қоғамдық ғылымдарда үстемдік құрған таптық теорияда
жатқан болатын.
Ә.Қоңыратбаев негізінен ауыз әдебиетін зерттеуші ретінде
танылып,кандидаттық (“Қазақтың лиро-эпосы”,1945), докторлық (“Көне түркі
поэзиясы және қазақ фольклоры”,1971) диссертацияларын фольклортану
ғылымынан қорғаған.Ол қазақ фольклорынан орта мектепке арналған оқулық
жазған (1968). Оқулықтың қолжазбасы республикалық бәйгеде екінші орын
алғанына қарамастан , басылып шықпай, арада жиырма жылдан астам уақыт өткен
соң барып “Қазақ фольклорының тарихы”(1991) деген атпен жарық көрді.
“Қазақ фольклорының тарихы” негізінен бүгінгі қазақ фольклортануында
қолданылып жүрген жүйеге құрылған. Азын-аулақ өзгешеліктері де жоқ емес.
Мысалы,біздің қазіргі қиял-ғажайып ертегілері деп жүргенімізді автор
“мифтік ертегілер” дейді.Қазақ эпосына батырлық, лиро-эпостық жырлармен
бірге тарихи жырларды да жатқызған.
Ары қарай қазақ эпосын тегі мен жанры жағынан он салаға бөлген:
1) Ертегілік эпос (“Ер Төстік”,”Құламерген”)
2) Түрік қағанаты дәуірінде туған жылнамалық эпос (“Орхон ”
жазулары,”Күлтегін” жыры).
3) Оғыз эпосы(“Қорқыт ата кітабы”, ”Оғызнама”).
4) Тайпалық эпос (“Алпамыс”, ”Қобыланды”).
5) Лиро-эпос (“Қозы-Көрпеш”, ”Қыз Жібек”).
6) Ноғайлы эпосы (“Орақ-Мамай”, ”Қарасай Қази”).
7) Тарихи эпос (“Досан батыр”, ”Бекет ”, 1961 жыл поэзиясы).
8) Шығыс дастандары (“Рүстем-дастан”,т.б.).
9) Авторлық эпос (“Еспембет”, ”Өтеген батыр ” т.б.).
10) Кеңес дәуіріндегі эпос (Амангелді, Төлеген туралы жырлар).
Бұлайша жіктеудің өзіндік ерекшеліктері көрініп тұр.
Тұрмыс салт жырларын бақташылық, діни, үйлену, ұлыс, бөбек,
жаназалау жырларына жіктеген. Жаназа жырларының естірту, көңіл айту,
қоштасу, жоқтау сияқты түрлерін көрсеткен.Қорқытпен Асан қайғы,
Жиренше шешен мен Алдар көсе аңыз ретінде талданады.Батырлық жырының
бірі ретінде “Көрұғлына” талдаулар жасайды.Лиро-эпостық жырда ”Мақпал
қыз”, ”Құл мен қыз” сияқты дастандарға да тоқталады.
Ғалымның ауыз әдебиеті жайлы зерттеулерінің ішінде қазақ
фольклорының тарихи негіздері хақындағы еңбектерінің шоқтығы
биік.”Көне түркі поэзиясы және қазақ фольклоры” тақырыбынан докторлық
диссертация қорғаған Әуелбек тек әдебиет қана емес, ертедегі қазақ
тарихына келгенде де кең құлаш сермеп, еркін жүзеді. Жалпы , ғалым
еңбектерінің басты ерекшеліктерінің бірі ретінде әдеби үлгілердің
тарихи негіздерімен тығыз байланыста қарастырылуын атап айтар едік.
Кеңестік кезкңнің Қазақстан тарихын зерттеуге онша құлық таныта
қоймағаны аян.Зерттелінбегендіктенде қазақ тарихының қазан
төңкерісіне дейінгі жолдары алыстан ақтаңданып жататын. Ол
“ақтаңдақтарға ” баруға рұхсат та етілмейтін.Сондықтан да кез-келген
адам ол жаққа бара бермейтін.Барғанымен онша абырой ала бермейтін.
Міне, осындай жағдайларға қарамастан, Ә.Қоңыратбаев түрлі тарихи
деректерге, шетел ғалымдарының түркілер хақындағы зерттеулеріне
сүйене отырып, қазақ эпосының тарихи түп- тамырларына тереңдеп бара
білді. Сөйтіп, фольклорлық мұраны халық өмірімен, тарихи оқиғалармен
тығыз байланысты зерттеудің үлгісін көрсетті.
Сақ тайпаларының салт – санасы және оның қазақ фольклорына
тигізген әсері, Қазақ эпосының табиғаты, Қазақтың ертегілік
эпосы, Қобыланды жырының тегі, Фольклортану ғылымындағы
соллярность теориясы, Ежелгі аңыздар сабақтастығы, Қазақ
фольклорының тарихилығы деген тақырып атауларының өзінен- ақ
зерттеуші көтерген ғылыми мәселелердің қаншалықты кең ауқымдылығы,
салмақтылығы айқын көрінеді. Мұндай ғылыми проблемалар алпысыншы,
жетпісінші жылдардағы қазақ фольклортану ғылымында енді – енді ғана
қолға алына бастаған болатын.
Қоңыратбаев тек қазақ әдебиетінің білгірі ғана емес, шығыс-
батыс мәдениетінен мағлұматы мол энциклопедиялық білім иесі болды.
Шығармашылық ізденістерінің бастапқы кезеңінде ол орыс әдебиетіне
назарды көбірек аударса, кейіннен классикалық түркі, араб, парсы
әдебиеттеріне қарай ойысқаны байқалады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz