Қазақстан Республикасының адам және азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері


Қазақстан Республикасының Білім Және Ғылым Министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Заң факультеті

Конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының адам және азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері

Орындаған: заң факультетінің сыртқы бөлімінің

4 курс студенті

Ғылыми жетекші: з. ғ. к., доцент Исабеков А. Қ.

Бақылау нормасы:

Кафедра меңгерушісінің рұқсатымен

қорғауға жіберілді з. ғ. д., профессор Кенжалиев З. Ж.

«__» 2010ж.

Алматы 2010 ж.

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы - « Қазақстан Республикасының адам және азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері » деп аталады. Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары - бұл оған туылған кезінен бастап немесе азаматтығына байланысты берілетін бөлінбес құқығы мен бостандығы болып табылады.

Адам құқығы - бұл азаматтың мемлекетке бағыныштылығына байланысты ғана берілетін құқығы мен бостандығы. Адам және азаматтың құқығының конституциялық принципі болып теңдік, тең құқықтылық принципі айтылады.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасының адам және азаматтарының табиғи құндылықтарына, оның ішінде адам және азаматтардың құқықтары мен жеке бостандығы, оларға берілетін кепілдіктер қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстан Республикасының адам және азаматтарының конституциялық құқықтық жағдайы, құқықтар мен бостандықтардың қорғалу механиздері туралы қарастырылады.

Дипломдық жұмысы қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмысында пайдалынған терминдер: адам құқығы, заңи кепілдіктер, саяси кепілдіктер, идеологиялық кепілдіктер, құқықтық теңдік және т. б

ГЛОССАРИЙ

Саяси кепілдіктер - адамдардың еркін дамуы мен лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған мемлекеттің саясаты- саяси тұрақтылық, саяси құрылымдардың тұрақтылығы мен олардың ааматтық келісімге қол жеткізу қабілеттігі, қоғамда тұрақсыздықты жою, азаматтардың саяси мәдениеттінің тиісті деңгейі, т. б.

Заңи кепілдіктер - адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру мен қорғауды қамтамасыз ететін барлық құқықтық амалдар. Нақты айтсақ, әрбір құқықтың нақты кепілдіктерінің конституциялық, заңи бекітілуі; құқықтар мен бостандықтарды мемлекеттің қорғау міндеті, құқықтары мен бостандықтарын азаматтардың өзінің қорғау механизмінің болуы, соттық қорғау, халықаралық қорғау, зиянды өтеу т. б.

Идеологиялық кепілдіктер - азаматтардың құқықтары, бостандықтары және міндеттері туралы білім деңгейін көтеру.

Азаматтығы жоқ адам - ҚР аумағында жүрген, оның азаматы болып табылмайтын әрі өзінің қандай да бір мемлекетке қатыстылығына дәлелі жоқ адам

Адам құқығы - бұл азаматтың мемлекетке бағыныштылығына байланысты ғана берілетін құқығы мен бостандығы.

Еңбек ету бостандығы - азаматтардың негізгі құқықтарына жатады. Бұл құқық еңбекке қабілетті адамның өз еңбегімен өз өмірін асырауға заңды мүмкіндігі бар екендігін білдіреді.

Құқықтық теңдік - құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік нысанда танылатын және бекітілетін жеке тұлғаның қоғамдық қатынастардағы еркіндігін білдіреді.

Ереуіл - жұмысшылар мен қызметкерлердің заңды талабын кәсіпорынның, мекемелердің әкімшіліктері қанағаттандырмаған кезде қолданылатын ең амалсыз шара.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Қазақстан Республикасының адам және азаматтарының табиғи құндылықтары

1. 1. Қазақстан Республикасының адам және азаматтарының құқықтары мен жеке бостандығы

1. 2. Қазақстан Республикасының адам және азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктер

1. 3. Қазақстан Республикасының адам және азаматтарының құқықтары, бостандықтары және міндеттері қағидаларының мазмұны

1. 4. Құқықтар, бостандықтар және міндеттердің жіктелуі

  1. Қазақстан Республикасының адам және азаматтарының конституциялық құқықтық жағдайы

2. 1. Қазақстан Республикасының адам және азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтары:

а . Саяси

б . Әлеуметтік

в . Экономикалық

2. 2. Қазақстан Республикасының адам және азаматтарының конституциялық міндеттері

2. 3. Құқықтар мен бостандықтардың қорғалу механиздері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт аралығында Қазақстан Республикасында болған саяси және экономикалық реформалар тұлға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне басты роль берген қоғам дамуының жаңа бағыттарын айқындады. Қазіргі біздің конституциялық жүйеміз бұрынғы кеңес дэуіріндегіден өзгеше адам және оның тұлғалылығына ерекше сыйластықпен қараудан тұрады. 20 қыркүйек 2002 жылғы ҚР Президентінің «ҚР-ның құқықтық саясаты Концепциясы туралы» жарлығында: «ҚР Конституциясында бекітілген адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жоғарлылығы, құқық үстемдігі, мемлекеттің билік тармақтарының бөлінуі және олардың өз қызметін жүзеге асыру барысында тепе-теңдік және тежемелік қағидасына сүйене отырып жүзеге асыратындығы негізінде демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құру жөніндегі бағытын біртіндеп және ретімен заңдастыру керек» деп көрсетілген.

Жеке адамның Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылған құқықтық мәртебесі адамдар мен азаматтардың құқықтары тұжырымдамасына негізделген және халықаралық құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан туындайды.

Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқығына қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқығын тікелей реттемейді. БҰҰ Жарғысы мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай да болмасын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша: «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы», «Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция», «Балалардың құқы туралы декларациясы», «Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы», «Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы» және басқа бірқатар құжаттар қабылданды. [1]

Қазақстан Республикасының 1995жылғы жаңа Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен принциптеріне сүйенеді. Аталған және басқа халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялайды: кез келген адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы, қадір-қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қорғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін алмастыруға және таңдауға құқылы; кез - келген адам өзінің, отбасының және басқаларының денсаулығын және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы. Халықаралық құқықтық құжаттар адам құқы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп таниды.

Тұлғаның құқықтық мәртебесі негізінен әрекет етуші барлық заң салаларындағы адам және азамат құқықтарының бірін-бірі толықтырып отыруынан көрінеді. Тұлғаның құқықтық мәртебесі өз бойына конституция арқылы бекітілетін құқықтар мен бостандықтарды қамтиды. Осы қамтылған бөлігі барлық құқықтар мен бостандықтардың шағын бір бөлігін өз бойына жинақтайды.

Зерттеу мақсаты мен міндеті мыналардан тұрады: халықаралық актілердің нормалары мен принциптеріне сүйене, аталған негізгі құқықтар мен бостандықтардың заңмен қорғалатындығын ашып көрсету.

Негізгі құқықтар мен бостандықтарға тән заңдық ерекшеліктер мыналар:

  1. Конституциялық құқық пен бостандық, тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізін қалайды және басқа құқық салаларында бекітілген құқықтардың барлығына негіз әрі бастау болады.
  2. Негізгі құқықтар мен бостандықтар әрбір азамат пен адамға беріледі.
  3. Негізгі құқықтар мен бостандықтардың өзіне тән бір сипаты - бұл олардың ортақтығымен бейнеленеді. Олар барлық адамдар үшін бірдей әрі тең болып есептеледі.
  4. Азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары өзінің пайда болуы және қалыптасуымен ерекшеленеді. Оған жалғыз ғана негіз ретінде оның Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығы бола алады.
  5. Қазақстан Республикасының азаматының негізгі құқықтары мен бостандықтары азаматтың еркі бойынша алынбайды немесе кері қайтарылмайды. Бұл құқықтар оған азаматтығына байланысты беріледі, бұл құқықтар азаматтығы жоғалтылған жағдайда бірге өз күшін жояды.
  6. Негізгі құқықтар мен бостандықтар оларды іске асыру механизміне байланысты ерекшеленеді. Барлық өзге құқықтары мен міндеттері нақты бір құқықтық қатынас барысында, құқықтық қабілеті арқылы өзінің жетістігі болып қалады.
  7. Негізгі құқық, бостандық және міндеттерге тән тағы бір ерекшелік, мұнда олардың заңды түрде бекітілуіне де байланысты. Олар мемлекеттің құқықтық актілерінде тіркеледі, бұл құжат әрине жоғарғы заңдық күші бар топтама - ел Конституциясы болып көрініс табады.

Жоғарыда аталған белгілер, адам мен азаматтықтың негізгі құқықтары мен бостандықтары ұғымының ерекшеліктерін сипаттайды. Бұл ерекшеліктер мынадай тәртіпте бейнеленеді:

Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары - бұл оған туылған кезінен бастап немесе азаматтығына байланысты берілетін бөлінбес құқығы мен бостандығы болып табылады.

Адам құқығы - бұл азаматтың мемлекетке бағыныштылығына байланысты ғана берілетін құқығы мен бостандығы. Адам және азаматтың құқығының конституциялық принципі болып теңдік, тең құқықтылық принципі айтылады. Оның мазмұны Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында айтылады. Келесі тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының іске асыруын сипаттайтын конституциялық принцип бұл олардың іске асуына кепілдік берілуімен ерекшеленеді. Әдетте, кепілдіктер әлеуметтік-экономикалық, саяси және заңдық кепілдіктер болып бөлінеді.

Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды жеке, саяси, әлеуметтік-экономикалық деп саралау дәстүрі қалыптасқан. Жеке бас құқығы мен бостандықтары іс жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтар әрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқық оған туылған кезінен бастап тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның табиғи құқығы жатады. Бұл құқық адамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді. Негізгі адам құқықтары болып: өмір сүру құқығы(15-бап), жеке басының бостандығы құқығы (16-бап), мемлекеттің оның жеке басының ар-намысы қорғауы құқығы(17-бап), жеке өмірі, телефон байланысы, хат жазу құпиясы құқықтары болып бөлінеді.

19-бапқа сәйкес, әрбір адам өзінің ұлтына, партияға немесе дінге қатыстылығын көрсетпеуге құқылы. Қазақстан Республикасы территориясында еркін жүріп-тұруға, тұрғылықты жерін таңдауға, республикадан тысқары жерге шығуына және ешбір кедергісіз қайта оралуына құқығы бар екендігі 21-бапта жазылған. Құқық пен бостандықтың маңызды саласы ретінде сөз және шығармашылық еркіндігі заңды түрде ақпарат алу және тарату құқығы, ар-ождан еркіндігі құқығы айтылады. Саяси құқықтар мен бостандықтар мемлекет азаматтығын алумен тығыз байланысты болады. Оған жататындар: бірлесу бостандығы (23-бап) мемлекеттік істерге қатысу мен басқару құқықтары (33-бап) бейбіт түрде жиналу, соның ішінде қарусыз жиналу құқығы, жиналыстар мен митингілер, шерулер ұйымдастыру құқығы (32-бап) .

Азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқығына қатысты салалар бұлар жеке меншік құқығы (26-бап) еңбек қатынастары, демалыс салалары (24-бап), денсаулық сақтау (29-бап), білім алу (30-бап), әлеуметтік қамтамасыз ету (28-бап) қоршаған ортаны қорғау саласы (31-бап) . Осы адамның және азаматтардың негізгі міндеттері Ата Заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясының 34-38-баптарында бекітілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлекеттің адамға және азаматқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды. «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады».

Бұл адамның табиғи құқын мемлекеттің тануы және бастау алар қайнар көзі болып табылады және Конституцияның «Адам және азамат» деген ІІ тарауының мазмұнын белгілейді. Мұнда адам құқымен бірге азаматтың да құқы мен міндеті туралы айтылады. «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады». Сөйтіп, аталған бөлімде Қазақстанның Конституциялық заң тарихында бірінші рет азаматтардың құқықтары және міндеттерімен бірге «адам құқы» ұғымы бірінші рет танылды. Сөз жоқ, «адам құқы» мен «азамат құқы» ұғымы бір-біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат деген - адам. Сондықтан адамға қатыстының бәрі азаматқа да қатысты. Адамға тумысынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкім айыра алмайтын құқық пен бостандық Қазақстан Республикасының азаматына да тән. Сонымен бірге табиғи құқықтар мен бостандықтар шетел азаматтарына және азаматтығы жоқтарға да берілген. [2]

Алайда «азаматтың құқығы» адам құқығынан ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа мейлінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына орай оған айрықша міндет жүктейді. Міне, осы негізде Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қалыптастырады. Егер құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты болса, онда «барлығы», «адам», «әркім», «ешкім де емес» деген терминдер қолданылады. Егер де құқықтар, бостандықтар мен міндеттер тек Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты болса, онда ол тура көрсетіледі. 13-бапта: «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға қақылы» делінген. 14-бапта: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» екендігі айтылады. 17-бапта былай жазылған: «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды». Сонымен бірге, егер әңгіме тек азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы болса, онда бұған айрықша мән беріледі. Өйткені, Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды (10-баптың 2-тармағы) . Конституцияда Республика азаматының әскери қызметті өтеудегі міндеті айрықша атап көрсетілді(30-бап) және т. б. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар - адамдардың арнаулы мәртебені иеленген ерекше тобы. Айталық, Конституцияның 12-бабында айтылғандай, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, міндеттер атқарады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның және азаматтың құқықтық мәртебесіне негіз боларлық принциптер орнықтырылды. Мұндай принциптердің қатарына мыналар жатады:

  1. Адам құқығы мен бостандығының айнымастығы. Табиғи танылған құқық мемлекеттің сыйы емес. Ол оны тек таниды, атайды және олардың жүзеге асырылуына, сақталуына кепілдік жасайды. [3]

Не мемлекеттің, не оның органдарының, не лауазымды адамдарының, заңмен көзделгеннен өзге жағдайда, одан айыруына, шектеуіне құқы жоқ. [4]

  1. Конституция құқықтар мен бостандықтарды теріс пайдалануға тыйым салады. Адамның және азаматтың бірінің құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы екіншісінің құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы, конституциялық құрылысқа және қоғамдық ізгілікке нұқсан келтірмеуі тиіс екендігі Конституцияда анық жазылған. Әр адам мен азаматтың құқы мен бостандығының теңдігі бұған олардың бәрінің де иелігін білдіреді. Әрине, адам құқығы мен бостандығын екінші біреу бұзған жағдайда заңды қорғау, басқа адамдардың құқын, бостандығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу жөніндегі міндеттеме бұзылғандықтан, заң кепілдігі күшіне енеді.
  2. Конституциялық құқық пен бостандықтың заңсыз шектелуіне тыйым салынады. Сонымен бірге Конституция шектеудің шегі мен негізін де көрсетеді. Біріншіден, адам мен азаматтың құқы мен бостандығын тек заң ғана шектеуі мүмкін. Бұл заңға сәйкес нормативтік құқықтық актілер арқылы (Президенттің нормативтік жарлықтарымен, Үкіметтің қаулысымен, министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, жергілікті өкілетті және атқару органдарының нормативтік актілерімен) адам және азаматтың құқы мен бостандығын шектеуге болмайтындығын білдіреді. Екіншіден, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты сақтау, қоғамдық тәртіпті, адам құқы мен бостандығын, халықтардың денсаулығы мен ізеттілігін қорғау үшін қажеттілік деңгейінде шектелуі мүмкін. Үшіншіден, азамат саяси құқықтар мен бостандықтарды шексіз пайдалана алады. Конституция саяси себептер бойынша адамдардың құқы мен бостандығын қандай да бір шектеуге жол бермейтіндігін анық көрсеткен. Конституция қағидасының тағы бір құндылығы осында. Демек, саяси тұрғыдағы себеппен азаматтың құқы мен бостандығын шектеуге болмайды.
  3. Адам мен азаматтың құқы мен бостандығының тікелей қолданылуы принцип ретінде онымен өзінің құқығы мен бостандығын пайдалану мүмкіндігі мен ақиқаттығын білдіреді. Мемлекеттік патернализм тұрғындардың қорғалуы төмен қабатымен қамқорлықты шектеген жағдайда қабілетті адамның өзі заңда көзделген ережелер мен кепілдікке сүйене отырып, өзінің құқы мен бостандығын жүзеге асыруға өзі қамқоршы болуы тиіс. Конституцияда әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар екендігі жазылған. Заңда көзделген жағдайларда, заң көмегі тегін көрсетіледі.
  4. Олардың тең құқылығы адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызды принципі болып табылады. Конституцияда осы принцип адам мен азаматтың қызмет өмірінің барлық салаларына орай орнықтырылды. Айталық, заң мен сот алдында бәрі де тең. Бұл заң талабының баршаға бірдей міндеттілік екенін, заң ережелерін бұзғаны үшін бәрінің де бір деңгейде жауапты екендігін білдіреді. Сот алдында бәрі де тең. Ол адам мен азаматтың жағдайының қандайлығына (лауазымына, мүліктік жағдайына, ұлтына, жынысына, т. б) қарамастан, сот бәріне де бір деңгейде қызмет етеді. Сонымен бірге сот істі қараған кезде адамдардың жағдайларын, ерекшеліктерін емес, тек Конституцияны және заңды ғана басшылыққа алуы тиіс. Адам мен азаматтың теңдігі конституциялық құқық пен бостандықтың ешқандай кемсітушілікке жол берместен, барлығына бір деңгейде қолданылуы тиістігін танудан да көрінеді. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез - келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды(ҚР Конституциясы 14-бабының 2-тармағы) .
  5. Заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының мазмұны мен қолданылуын қамтамасыз ету принципі. Конституцияда жарияланған адам құқығы мен бостандығы осы құқық пен бостандықты жүзеге асыру жағдайы мен тәртібін белгілейтін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау кезінде ең басты негізге алынатындығын білдіреді.
  6. Құқықтың, бостандықтың және міндеттіліктің бірлігі, бөлінбестігі адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің басты принципі болып табылады. Әркім де Конституцияны және Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауы тиіс. Әр адам мен азамат адамдардың қоғамдастығында өмір сүреді. Адамдар құқықтар мен бостандықтарды тең иеленіп қана қоймайды, бір-біріне, қоғамға, мемлекетке қатынастары бойынша оларға бірдей міндеттілік жүктеледі.

Зерттеу обьектісі , Адамдар құқықтар мен бостандықтары және айнымастығы мен заңмен қорғалуы. Құқықтың, бостандықтың және міндеттіліктің бірлігі, бөлінбестігі адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің басты принципі негізге алынады.

Негізгі бөлім

1. Қазақстан Республикасының адам және азаматтарының табиғи құндылықтары

1. 1. Қазақстан Республикасының адам және азаматтарының жеке бостандықтары

Жеке адамның қоғамдағы жағдайы мемлекет дамуының деңгейін сипаттайды. Адамның өміріне, жеке бостандығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға ешкімнің де құқығы жоқ. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясы, басқа да заңдары азаматтың жеке бостандығын қамтамасыз етуге айрықша назар аударады. Егер өміріне, денсаулығына, азаматтық қадір-қасиетіне қауіп төнсе әр адам мемлекеттік органдардан көмек сұрауға, заңмен қорғалуға құқылы. Жоғарыда айтылғандай, ол үшін арнаулы органдар жұмыс істейді. Адам өзінің құқы мен бостандығын бұзушылардан қорғанып Республика Президентіне жүгінуге құқылы. Бірде - бір мемлекеттік орган, лауазымды адам азаматтың құқығын шектей алмайды. Бұл, адам құқығы мен бостандығы шектелген жағдайда, оған қай заңды бұзғаны, қандай құқық бұзушылық жасағаны туралы хабарлануы тиіс екендігін білдіреді. Ең маңыздысы, адамның табиғи құқығы - өмір сүру құқығы ҚР Конституциясының 15-бабында орнықтырылған.

1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Сот жүйесінің адам құқын қорғау жүйесіндегі орны
ҚР адамдардың және азаматтардың конституция негіздері
Жеке құқықтар мен бостандықтар
Қазақстанда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамсыз ету жолдары
Конституциялық құқықтар мен бостандықтар ұғымы
Адам және азаматтардың конституциялық міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz