Ислам дінінің түркі философиясындағы атқаратын маңызы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Ислам дінін қалыптасуы
  2. Ислам дінінің түркі әлеміне енуі
  3. Ислам дінінің түркі философиясындағы атқаратын маңызы

ІІІ. Қорытынды

Ғылым және қоғам

Адамзат қоғамның қалыптасып, одан әрі өсіп-өркендеуінде, тарихи сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі айрықша екені белгілі. Екінші жағынан алғанда, ғылым - қоғамның өзі дүниеге келтірген, өркендеуіне жағдай құбылыс. Біз ғылымның, өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүниені танып, игерудің, данышпандық пен зерделіліктің қайнар көзі екенін жақсы білеміз. Сонда ғылым деген не? Ғылым және білім деген түсініктер бір мағынада ма?

Адамның айналадағы дүниені танып-білуі күрделі қайшылыққа толы, ұзаққа созылатын екені және де оның адамның жаңа әрі тың білімді игерумен байланысты екені алғашқы тараулардан мәлім. Білім дегеніміз - материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнеленуі. Жалпы білім қорын ғылымға дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған қарапайым білім және ғылыми білім деп екіге ажыратуға болады. Ғылымға дейінгі қарапайым білім тіршілік барысында, іс-әрекет үстінде, тәжірибе ауқымында жинақталады. Ол бар болғаны құбылысты сипаттайды, оқиғаның қалай өтіп жатқанын пайымдайды. Ал ғылыми білім терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен ғана шектелмейді. Құбылыс неге мұндай, оқиға неліктен дәл осылайша, басқаша емес өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп тұр деген сұрақтарға дәйекті жауап қайтарады. Басқаша айтқанда, ғылыми білім оқиғаларды, құбылыстар мен фактілерді бейнелету сырттай сипаттап қана қоймайды сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғатын, мәнді жақтары мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын айқындап түйіндейді. Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың, құбылыстардың бұдан былайғы даму бағдарларына болжам жасайды. Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен және теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтары мен қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-әрекеттің барысында туындап, жинақталып, жүйеленеді. Ол танып процесінің мақсаты әрі күрделі нәтижесі болып табылады.

Сөйтіп, ғылым дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен процестердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын даралап тұжырымдайтын шынайы, ақиқат білім жүйесі. Тарихи тұрғыда ғалым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір сатысында, өзі туғызатын қажеттіліктерге байланысты, ой еңбегі мен дене еңбегі бөлініп, қауымдық қоғам ыдырап, таптық қоғам қалыптаса бастаған кезеңде пайда болған. Алғашқы ғылыми жүйелі ой-пікірлер мен тұжырымдар ертедегі Шығыста, Египетте, Вавилонда, Грекияда т. б. дүниеге келген еді. Ең алғашқы тарихи жүйе философия болғаны белгілі. Одан әрі практиканың сұрамдарына, өндіріс қажеттерін қанағаттандыруға байланысты түрлі ғылымдар философия құрамынан жіктеліп шығып, өз алдына дербестік алды. Ең әуелі қозғалыстың бастапқы қарапайым түрлеріне байланысты ғылымдар - механика және оған қызмет етуші математика, физика мен астрономия, солардың негізінде химия, биология және медицина ғылымдары қалыптаса бастады, кейініректе қоғамтану ғылымдары дүниеге келді. Мәселен, геометрияны жерді өлшеу, астрономия және сағатты теңізде жүзу, медицинаны сырқатты емдеу қажеттілігі дүниеге келтірді. Ғылымның шынайы шарықтап дамуы қайта өрлеу дәуірімен және жаңа заман кезеңімен байланысты. Капиталистік өндіріс тәсілінің орнығу, өндіргіш күштердің құрт дамуы, техника саласындағы табыстар, орасан зор географиялық ашылымдар жаңа дәуір ғылымының өркендеуіне негізгі себеп болып табылады.

Ғылыми таным мен ғылымның пайда болуына әлеуметтік және логикалық факторлар да әсер етті. Практикалық қызмет, қоғамдық қатынастар, қоғамдық еңбек бөлісінің өндірістік, техникалық талаптары - әлеуметтік ғылымдардың өмірге келуіне түрткі болған факторға, ал ғылыми таным дамуының ішкі логикасының қажеттері - логикалық ғылымдарды талап ететін факторға жатады. Ғылымның әлеуметтік мәнін, негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын ашуда әлеуметтік және логикалық факторлардың бірлігі қажет. Осы тұрғыдан алғанда ғылым дегеніміз қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айрықша әлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мәдениетінің бір саласы.

Ғылымның негізгі ерекшеліктеріне тоқталайық. Табиғат пен қоғамның объективті, адам санасынан тәуелсіз заңдарын ашу - ғылымның негізгі мақсаты. Ғылым тарихи-заттық дүниенің объективті заңдарын ашу және қарастырылып отырған құбылыстарды солардың негізінде түсіндіріп, жаңа процестерді болжай білу құралы. Осыған орай мысалдарға жүгінейік.

Химия ғылымындағы тамаша мысал - 1869 жылы ұлы орыс ғалымы Д. И. Менделеев ашқан периодтық (қайталамалық) заң. 1869 жылға дейін химиктерге 63 элемент қана белгілі еді. Бірақ сол элементтер қалай болса солай алынып, жүйеленбеген болатын. Олай болса одан ғылыми қорытынды жасау мүмкін емес еді. Сондықтан, ғалым белгілі және белгісіз химиялық элементтерді қатал объективтік жүйеге келтіріп, олардын ғылыми кестесін
жасап, элементтердің әрқайсысының кестедеге орнын көрсетіп, нәтижесінде бірнеше (төрт) белгісіз элементтің орны бос тұрғаның аңғартты Сөйтіп, Д. И. Менделеев өзі ашқан заңға сүйене отырып, белгісіз элементтердің қасиеттерін теориялық атомдық салмағын біліп, реттеуден
туындады. Кейінгі зерттеулер элементтердің химиялық қасиеттері атомдар ядросы зарядының санымен (яғни ядродағы протондардың санымен) байланысты екенін анықтап, ол тәуелділіктің маңызы мен мазмұнын
тереңдете түсті. Осыған орай химия ғылымы көп нәрсені түсіндірді, яғни алға қарай дамыды. ,

Менделеев ашқан заңның ақиқаттығын кейінгі тәжірибе толық дәлелдеді. Мәселен, Менделеев айтқан болжамға сүйене отырып 1875 жылы француз ғалымы Лекок де Буабодран спектрлік талдау жолмен ғаллий деп аталатын жаңа элементті ашты. Бірақ француз ғалымы жаңа элемент атомының салмағын анықтауда қате жіберді. Мұны Менделеев кезінде атап көрсеткен болатын. Қайтадан есептеп қараған кезде Д. И. Менделеев пікірінің дұрыстығана француз ғалымының көзі жетті. 1879 жылы екінші элемент - скандий ашылды. Оны Менделеевтің пікіріне сүйене отырып ашқан Л. Ф. Нильсон болатын. Сонан кейін 1886 жылы неміс ғалымы К. Винклер үшінші элемент - германийді тапты. Д. И. Менделеев кестесінің бос көздері, әсіресе осы соңғы жылдары жедел карқынмен толтырыла бастады. Бұған көз жеткізу үшін 1935 жылғы элементтер кестесі мен қазіргі кестені салыстырудың өзі-ақ жеткілікті.

Ұлы орыс ғалымының тамаша ғылыми көрегендігі осылайша іске асты. Айта кететін бір жағдай мынадай: периодтық занды ашуда химиялық ойлаумен қатар, тәжірибе де зор рөл атқарады.

Сонымен табиғаттың жаңа заңын (мысалы, периодтық - қайталамалық заңын) ашу ғылымның шешуші ерекшелігі болды. Ол ғылымның белгілі бір құбылыстарды түсіндіру және іс жүзінде өзгерту міндеттерінің негізі.

Дүниені, қоғамды революциялық жолмен өзгертудің, қайта құрудың және оны танып-білудің жалпы әдісі - материалистік диалектика. Олай болса, сол диалектика ғана ғылымдар саласындағы нақты болжамның теориялық және методологиялық негізі бола алады.

Сонымен, қоғам мен табиғаттың даму зандарын тану негізінде ғана ғылыми болжам жасалуы мүмкін. Мысалы, В. И. Ленин 1908 жылдың өзінде-ақ электронның сарқылмайтындығы туралы тамаша болжам айтқан болатын. Оның ішкі құрылымы мен қасиеттері ол кезде әлі зерттелмеген белгісіз еді. Міне, осы болжам физика мен биология ғылымдарының дамуында зор бағыт сілтеушілік рөл атқарады, яғни ғылымдар одан басқа қарапайым бөлшектерді ашуға ұмтылды. Сол ізденістің нәтижесінде кейіннен қарапайым бөлшектердің үлкен тобы анықталды. Қазіргі астрономия ғылымы Күннің немесе Айдың тұтылуын бірнеше минуттық дәлдікпен жүздеген жыл бұрын есептеп шығарып отыр. Мысалы, 2126 жылғы қазан айының 16 күні ертеңгі сағат 11-де Мәскеу қаласында күннің толық тұтылуы байқалатыны қазірдің өзінде аян. 1999 жылғы 11 тамызда болған күннің тұтылуын дүние жүзі астрономдары алдын ала хабарлап зерттеуге дайындалды.

Ғылымды математикаландыру, ғылым мен техниканың дамуына есептеу техникасы мен информатиканы кеңінен қолдану, адам қызметінің көптеген саласына компьютерлік техниканың еркін енуі қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс философиясы тарихындағы сенімнің орын алуы және еркін ойлау мәселесі
РЕСЕЙДІҢ 18-19 ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ЖҮРГІЗГЕН ДІНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Теориялық дінтану
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық туралы
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Орта ғасырлар философиясы
Сопы аллаяр шығармашылығындағы сопылық таным мәселесі жайында
Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолын өз замандастарының еңбектерімен салыстыру арқылы байланыстырып, ойшылдың дүниетанымының әр түрлi қырларына философия тарихы тұрғысынан талдаулар жасауда оның әлемдік философиядағы орнына мән беру
Тасаууф ілімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz