Кеден одағының Қазақстанның экономикалық жағдайына ықпалы



1 Еуропа.Азия экономикалық қоғамдастық бірлестігі аясында еркін сауда режимін қалыптастыру
2 Интеграцияның ең өзекті мәселелері
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Белоруссия, Қазақстан және Ресей арасында құрылған Кедендік одақ өзінің іс жүзінде жұмысын атқару кезеңіне қадам басты.
Жаңа Одақ Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1994 жылдың наурыз айында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті қабырғасында айтқан тиісті институттық құрылымы бар Еуразиялық кеңістік құру туралы бастамасының жүзеге асуының нәтижесі деп айтуға толық негіз бар.
Бұл бастама Елбасының басқа да идеялары тәріздес, әлемдік тәжірибені зерттеу, тиісті жағдайды мұқият сараптау және экономикалық мақсаттар негізінде өмірге келді. Қазіргі таңда әлемнің Еуропа, Оңтүстік Америка, Оңтүстік және Орталық Африка аймақтарында бірнеше интеграциялық бірлестіктер бар екендігі баршаға мәлім.
Саяси жағдайларға байланысты олардың әрқайсысы алуан түрлі қағидалар негізінде қалыптасқан, алайда әрдайым тиімді де пайдалы болды. Көне ХІІІ ғасырдың өзінде Үлкен Ганзей сауда одағы құрылған болатын.Ал ХІХ ғасырда кедендік одақ арқылы канцлер Бисмарк Германия мемлекетін құрған. Еуропадағы кедендік одақтың қалыптасу үдерістері 1957 жылы Еуропалық Одақ туралы келісімге қол қою сәтінен, яғни кезеңдік тұрғыда бәріне бірдей тиімді болуы тиіс кедендік төлемдер мен алымдарды алып тастаудан басталғандығы бәрімізге мәлім.
1. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» қазақстан халқына Жолдауы. – Астана – 2010.
2. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. ҚР Президентінің 2010 ж. 1 ақпандағы №922 жарлығы// Егемен Қазақстан. – 2010. 12 ақпан.
3. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы// ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің актілер жинағы. – Астана. – 2009. - №53-54.
4. Әбіқаев Н. Кедендік одақтан – экономикалық одаққа //Егемен Қазақстан . – 2010. – 13 ақпан.
5. Бейісбеков Ө. Кедендік одақ қарым-қатынастарға кең жол ашады.// Егемен Қазақстан. – 2010. – 12 ақпан.
6. «Саясат», «Ақиқат», «Континент», «Альпери» әне т.б. саяси-эеономикалық журналдар топтамасы.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫНА ЫҚПАЛЫ.

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Белоруссия, Қазақстан және Ресей
арасында құрылған Кедендік одақ өзінің іс жүзінде жұмысын атқару кезеңіне
қадам басты.
Жаңа Одақ Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың 1994 жылдың наурыз айында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу
мемлекеттік университеті қабырғасында айтқан тиісті институттық құрылымы
бар Еуразиялық кеңістік құру туралы бастамасының жүзеге асуының нәтижесі
деп айтуға толық негіз бар.
Бұл бастама Елбасының басқа да идеялары тәріздес, әлемдік тәжірибені
зерттеу, тиісті жағдайды мұқият сараптау және экономикалық мақсаттар
негізінде өмірге келді. Қазіргі таңда әлемнің Еуропа, Оңтүстік Америка,
Оңтүстік және Орталық Африка аймақтарында бірнеше интеграциялық
бірлестіктер бар екендігі баршаға мәлім.
Саяси жағдайларға байланысты олардың әрқайсысы алуан түрлі қағидалар
негізінде қалыптасқан, алайда әрдайым тиімді де пайдалы болды. Көне ХІІІ
ғасырдың өзінде Үлкен Ганзей сауда одағы құрылған болатын.Ал ХІХ ғасырда
кедендік одақ арқылы канцлер Бисмарк Германия мемлекетін құрған. Еуропадағы
кедендік одақтың қалыптасу үдерістері 1957 жылы Еуропалық Одақ туралы
келісімге қол қою сәтінен, яғни кезеңдік тұрғыда бәріне бірдей тиімді болуы
тиіс кедендік төлемдер мен алымдарды алып тастаудан басталғандығы бәрімізге
мәлім. Ал 1968 жылдан бастап ЕО-ға мүше мемлекеттер арасындағы шекаралық
аймақтарда кедендік бақылаулар біртіндеп алынып тасталды. Бұл үдеріс 1993
жылдары аяқталып, бірыңғай төлем бірлігі ретнде бірыңғай валюта өмірге
келді. Жалпы алғанда, Еуропа аталмыш одақты құруға 40 жылға жуық уақытын
жұмсады.
Ал, бізде кедендік одақты құру аса қысылтаяң мерзім аралығында өтті.
Белоруссия, Қазақстан және Ресей кедендік одақ қалыптастырудағы жолы 15
жылдық мерзімді құрайды. Оның ішінде құқықтық базаны қалыптастыруға,
көптеген скептиктердің еуропалық тәжірибеге сілтеме жасай отырып,
еуразиялық үдерістер бірнеше онжылдықтарды алады деген ойларына қарамастан
2 жыл ғана уақыт жұмсалып отыр. Негізінен бұл жетістікке ел басшыларының
саяси жігері мен ел үкіметтерінің іскерлік қызметтерінің арқасында қол
жеткізіліп отыр.
Еуропа-Азия экономикалық қоғамдастық бірлестігі аясында еркін сауда
режимін қалыптастыру бағыты бойынша маңызды қадамдар жасалған. Бұл
қоғамдастыққа мүше мемлекеттер арасындағы өзара тауар айналымы ен өзара
инвестиция көлемдерін ұлғайтуға мүмкіндіктер берді. Еуразиялық даму банкі,
Дағдарысқа қарсы қор және Жоғары технологиялар орталығы сияқты қаржы
интеграциясының нақты механизмдері құрылды.
Интеграциялық мәселелрді шешуге өзіндік тұрғыдағы, тіпті экстремалдық
тұрғыда, жеделдетуші серпін ретінде әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы
да өз септігін тигзгенін де атап өткен жөн. Кедендік одақ жүзінде бірлестік
құру фактісінің өзін дағдарысқа ақрсы пәрменді шара деп тануға әбден
болады. Алдағы екі жыл оның ауқымды түрде алға басу кезеңі болатындығы
күмәнсіз.
Бұлай деп тұжырым жасауға толық негіз бар.Сарапшылар Кедендік одақтың
тигізетін оңды әсерін Ресей үшін 400 миллиардқа, ал Белоруссия мен
Қазақстан үшін 16-18 миллиард доллар көлемінде бағалап отыр. Түптеп
клгенде, бұл қадам арқылы , Н.Ә.Назарбаев өз еңбектерінің бірінде атап
өткендей, халқы 180 миллион адамды қамтитын , яғни ТМД халқының 60%-ін
құрайтын ортақ рынок қалыптастыруға жол ашылып отыр.
Екі елдің ортақ өндірістік әлеуеті бүгінгі күні 800 млрд. долларға
бағаланып, мұнай қоры 90 млрд. баррель, ауылшаруашылық өнімі ауқымы 112
млрд. долларды құрауда. Кедендік одақ аумағында бүкіл посткеңістіктің ішкі
жалпы өнімінің 85 пайызы өндіріледі. Үш елдік ортақ ішкі жалпы өнімі 2
триллион доллардан асып, 2015 жылға қарай 15-18 пайыз шамасында өседі деп
күтілуде.
Осының бәрі Кедендік одаққа әлемдік беделді интеграциялық ұйымдардың
бірі болуына, әлемдік экономикалық жүйеде маңызды орын алуға мүмкіндік
бермек. Алайда, ең бастысы, кез келген жоғары деңгейдегі экономикалық және
саяси мақсаттағы мұндай бірлестіктер не үшін орын алуда десеңіз, ол – ортақ
тарихы мен менталитеті эәне әлі де болса, достық әрі туысқандық
байланыстарын жоғалтпаған халықтарымыздың әл-ауқатын арттыру, тұрғындарға
жайлы өмір сүру жағдайларын жасау.
Интеграцияның бұл кезеңіне Алматыда 2009 жылы 19-20 желтоқсанда
өткен Белоруссия, Қазақстан және Ресей Президенттерінің бейресми
кездесуіндегі Бірлескен мәлімдемеде алға басылған қадам ретінде баға
берілген болатын. Онда Ең бастысы, біздің мақсат еткен нәрсеміз – біздің
халықтарымыздың жоғары өмір сүру сапасы, елдеріміздің экономикалық-
әлеуметтік тұрақты дамуы... Кедендік одақ өзара саудаға шығарылған өнімнің
бәсеге қабілеттілігінің артуына септігін тигізіп, инвестицияға жаңа
мүмкіндіктер ашатын болады делінген.
Бұл пікірлер қаңтардағы Елбасы Жолдауымен үндесуде. Қзақстан ТМД-дағы
интеграциялық процестердің белсенді қатысушысы болып табылады. 2010 жылдың
1 қаңтарынан бастап күшіне енген Ресей және Белорусьпен Кедендік одақтың
құрылуы барлық қазақстандық интеграциялық бастамалардың ішіндегі ең
қарқындысы. Үш ел интеграциясының келесі кезеңі 2012 жылдың 1 қаңтарына
бастап Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуы болмақ. Бұл қаржы мен
жұмыс күші еркін орын алмасуын қамтамасыз ететін интеграцияның жоғары
деңгейі - делінген Жолдауда.
Және де мұндай пікір әділ болып табылады. Себебі оның бірі екіншісімен
тікелей байланысты. Көптеген кедендік кедергілерді жою экономиканы
дамытуға, жңа өндірісер мен салалардың пайда болуына , сәйкесінше тауар мен
қызмет түрлерінің артуына септігін тигізіп, өз кезегінде бұл дегеніңіз
жұмыс орындарының едәуір өсуіне әкелмек. Бұл жұмыспен қамту, жалақы,
көптеген әлеуметік бағдарламалардың жүзеге асуы, шекарадағы артық төлемдер
мен алымдардың жойылуы есебінен өндірістік және тамақ өнімдері бағаларының
тұрақтануы, тіпті төмендеуі болып табылады. Сондай-ақ, бұл ортақ
экономикалық және гуманитарлық кеңістікте адамдардың еркін қозғалысы
болмақ .
Кедендік одақ әлемдегі ең тартымды рынокқа айнала отырып, өңірлік
рынокты кеңейтеді және үш елдің экспорты көлемін ұлғайтпақ. Мысалы,
Қазақстан ірі минералдар мен энергия көздері қорының иесі бола отырып,
дайын өнім шығару мен оны экспорттау арқылы эукономиканың шикізаттық
сипатынан арылуға тырысуда. Бұдан бөлек, Қазақстан теңізге шығар жолы жоқ
ең ірі мемлекет. Кедендік одаққа мүше болу бізге қолайлы транзиттік
тарифтерді белгілеу арқылы бұл мәселелрді шешуге жол ашады. Тауар ағыны еш
бұрмалаусыз жандана түсетін болады. Шекарадағы кедергілер жойылады – бұл
дегеніңіз іскерлік үдерістердң жылдамдауы, прогрессивті инновациялық өсу
деген сөз.
Әрине, алдымен Кедендік одақ, содан кейін Бірыңғай экономикалық
кеңістік құру – ауқымды әрі күрделі үдеріс. Ол үкіметтер арасындағы
ықпалдастық пен үйлестіруді күшейтуді, әсіресе мүше мемлекеттердің
кедендік, салықтық, көліктік және оған қатысушылардың басқа да
мекемелерінің өзара әрекеттесуі мен үйлесімділігін нығайтуын талап ететін,
қиын, көп жоспарлы үдеріс болып табылады.
Сол себепті де Кедендік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен қарым-қатынастарыныңың қалыптасу кезеңін талдау, екіжақты қарым-қатынастардың саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы дамуы
Оралхан Бөкей шығармаларындағы автор-кейіпкер мәселесі
ТМД-дағы экономикалық интеграция және Қазақстан
ТМД-ның ролі мен маңызы Қазақстан
Экономикалық интеграция
Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-тың атқарушы органы ретінде Кеден саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық. Кеден саласындағы халықаралық ұйымдар
Аймақтық интеграциялық үрдістері мен Қазақстан
Арнайы экономикалық аймағының кеден саясатының ұғымы мен жалпы сипаттамсы
Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру
Арнайы кедендік статистика
Пәндер